Enbekshi QazaQ

Қоғам

Жаңа Салық кодексі: бизнеспен ашық диалог 14.10.2025
Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы азаматтар мен кәсіпкерлерді хабардар ету мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.Іс-шара 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіруге арналды.Кездесуге қатысушылар, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған жаңалықтар туралы толық ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1073121?lang=kk
Президенттің тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Араб-Ислам саммитіне қатысты 14.10.2025
 15 қыркүйек, Доха. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қатар астанасы Дохада өткен төтенше Араб-Ислам саммитіне қатысты. Алқалы жиында Палата төрағасы сөз сөйлеп, халықаралық қақтығыстарды реттеу бойынша мемлекетіміздің ұстанымдарын ортаға салды.Саммит барысында Ерлан Қошанов Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен жеке кездесіп,  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.Қатар Әмірі Израиль билігі жасаған әскери әрекетке қатысты Қазақстанның ұстанымын жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.Қазақстанның бұл әрекетті алғашқы болып айыптап, Қатарға қолдау білдіргенін жақсы білемін. Сол үшін алғысымыз зор. Қазақстан Президентімен ерекше бауырлық, достық қарым-қанытасымыз бар. Соны мен мақтан тұтамын. Бүгінгі саммитке қазақ делегациясының осындай жоғары деңгейде қатысқаны біз үшін өте маңызды, – деді Қатар Әмірі.Саммит отырысында сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы қазіргі таңда Таяу Шығыс аймағы үлкен геосаяси қиындықтарға тап болғанын айтып, бүгінгі саммит халықаралық ахуалдың күрт нашарлауымен байланысты екеніне назар аударды.– Қазақстан Израильдің Қатар Мемлекеті аумағындағы әскери іс-әрекетін қатаң айыптайды. Бұл ұстанымды Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алғашқы болып мәлімдеп, Қатар мемлекетіне табанды қолдауын білдірді. Жасалған шабуыл қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекеттерге жол берілмеуге тиіс. Бұл Қатар Мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді. Осындай шабуыл мемлекеттің қауіпсіздігіне ғана емес, халықаралық тәртіптің негізін басшылыққа алатын мемлекеттердің теңдігі мен егемендігіне де нұқсан келтіреді, – деді Ерлан Қошанов.Мәжіліс спикері Қатардың өз бітімгершілік саясаты арқасында жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге орасан үлес қосып келетінін атап өтіп,  халықаралық қақтығыстар мен жанжалдарды реттеу мәселесі бойынша Қазақстанның ұстанымдарын ортаға салды.– Кез-келген дағдарыс Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқық нормалары негізінде бейбіт диалог арқылы шешілуі керек. Қазақстан Президенті қақтығыстарды шешуде осы қағидаларды толыққанды қолдануға, олардың мызғымастығын қамтамасыз етуге шақырып келеді. Әскери күш қолдану тек зорлық-зомбылықтың жаңа толқынын туғызады, бейкүнә жандардың қазасына әкеп соқтырады, – деді Ерлан Қошанов.Осы орайда Мәжіліс төрағасы Газада болып жатқан қайғылы оқиғаларға да тоқталып өтті.Қазақстан Президенті әуел бастан Газа секторындағы әскери әрекеттерді дереу тоқтатуға және оның тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге тұрақты түрде шақырып келеді. Еліміз Газаға қаржылай және материалдық көмек көрсетуде.Бұл үрдіс биыл қаңтар айында штаб-пәтері Астанада орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арқылы да жалғасты. Осы тұрғыда Ерлан Қошанов Палестина халқына гуманитарлық көмекті арттыру үшін ислам елдерін аталған ұйымның әлеуетін пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.Сонымен бірге саммит алаңдарында Мәжіліс спикері Қатар Мемлекетінің Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен пікір аламасып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1073129?lang=kk
Исламабадта Қазақстан Президентінің Жолдауына арналған брифинг өтті 14.10.2025
Исламабад, 2025 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың саяси бағытына арналған баспасөз брифингі өтті.Іс-шара барысында Елші Е. Қыстафин Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тұстары мен басты қағидалары туралы баяндады.Елші брифинг қатысушыларының назарын Мемлекет басшысының Тургунди - Герат темір жолын салу және Пәкістан нарығына шығу жөніндегі тапсырмасына ерекше аударды.Дипломатиялық миссия басшысы бұл жобаның Пәкістан үшін тиімді артықшылықтарына айрықша мән бере отырып, жан-жақты таныстырылым жасады.Қазақстанның цифрлық күн тәртібі аясында Елші ІТ және телекоммуникациялар саласындағы бірлескен қазақстан-пәкістандық жұмыс тобы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.Сонымен қатар қатысушыларға 2025 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан астанасында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің қорытындылары жеткізілді. Аталған жиынға дәстүрлі түрде Пәкістанның діни істер және конфессияаралық үйлесім жөніндегі федералды министрі Сардар Мұхаммад Юсуф бастаған делегация қатысты.Осыған қоса Елші Қазақстан-пәкістандық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы атап өтті. Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың сәуір айында Исламабад қаласында өткен Қазақстан-Пәкістан бірлескен үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы мен Карачи қаласындағы бизнес-форум, сондай-ақ 8–9 қыркүйекте Исламабадта ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М. Нұртілеудің алғашқы ресми сапары туралы мәлімет берілді.Елші Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының сапары және оның барысында өткен келіссөздердің нәтижелері үстіміздегі жылы Исламабад қаласында өтетін ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың мемлекеттік сапарын табысты ұйымдастыруға берік негіз қалағанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1073130?lang=kk
Әдеп алдын алу ретінде: ҚР Қаржы министрлігінің уәкілі өңірлерде мемлекеттік қызметшілерге арналған бірқатар семинарлар өткізді 14.10.2025
Мемлекеттік қызметте кәсіби әдеп нормаларын сақтау жөніндегі профилактикалық іс-шаралар қоғамның қаржы жүйесіне деген сенімін нығайтуға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелдерін және азайтуға және мүдделер қақтығысын төмендетуге көмектеседі. Бұл бағыттағы жұмысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкіл Камшат Арыстанбекова өңірлерге барған кезде жүргізеді.Мәселен, ол 2025 жылғы қыркүйекте Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Абай облысында Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит комитеттерінің аумақтық департаменттері қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Бұдан басқа, аталған өңірлердің мемлекеттік кірістер және қазынашылық басқармаларының қызметкерлерімен: Ұлан, Жарма, Қызылжар, Тайынша, Зеренді, Бұланды, Ерейментау аудандарында, сондай-ақ Екібастұз қаласында көшпелі семинарлар ұйымдастырылды.Өңірлерде Камшат Арыстанбекова мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы                     іс-қимыл туралы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кеңес берді. Жұмыс кездесулері барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі, қызметтік тәртіп, кәсіптік әдеп нормалары, мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу, сондай-ақ азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынас мәдениетін арттыру сияқты тақырыптар талқыланды.Бұл кездесулер нормативтерді талқылау ғана емес, мемлекеттік қызметтің құндылықтары: адалдық, ашықтық, азаматтарға құрметтеу туралы ашық диалог болды. Шынында да, қателіктердің алдын алу және олардың күнделікті жұмысында мамандарды қолдау сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ кәсіби ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.«Біздің міндетіміз - мәселе туындамай тұрып қызметкерлерге кеңес беру. Біз мүдделер қақтығысы немесе қызметтік тәртіпті бұзу тәуекелі болуы мүмкін жағдайдан дұрыс шығуға көмектесеміз. Бұл тек мемлекеттік қызметшілердің өзі үшін ғана емес, азаматтардың сенімін нығайту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру үшін де маңызды», – екенін ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Арыстанбекова атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1073141?lang=kk
Қазақстан мен Катар ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 14.10.2025
Доха, 2025 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Қатардың мемлекеттік Hassad Food компаниясының бас атқарушы директоры Әли Хиләл Әл-Кауаримен кездесті.Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жолдарын талқылады. Осы ретте, Қатардың 2030 жылға дейінгі ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясы аясында Қазақстан өнімдерін жеткізуді кеңейту жолдарына ерекше назар аударылды.Елші Арман Исағалиев Қазақстан Қатардың сенімді серіктесі ретінде нарықта сұранысқа ие ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақты жеткізуді қамтамасыз ете отырып, өзара ұзақ мерзімді тиімді ынтымақтастықты құруға дайын екенін атап өтті.Сондай-ақ, Елші Қазақстан Президенті жуырдағы Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді стратегиялық басымдық ретінде анықтағанын, өңдеуге, цифрлық технологияларға және агрохабтарды дамытуға басты мән бергенін хабарлады. Қазақстандық дипломаттың айтуынша, бұл бағыттар Қатардың азық-түлік қауіпсіздігі мен инновациялық ауыл шаруашылығы саласындағы мақсаттарымен үйлесім тауып, бірлескен жобалар мен тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады.Тараптар Қазақстан Президентінің 2024 жылы Дохаға мемлекеттік сапары барысында және биыл Астанада өткен Бірлескен үкіметаралық комиссияның 7-ші отырысында сауда айналымын арттыру және ынтымақтастық бағыттарын кеңейту жөнінде қол жеткізілген уағдаластықтардың екіжақты байланыстарды дамытуға қосымша серпін бергенін атап өтті.  Сонымен қатар, кездесуде Қазақстандағы инвестициялық климаттың ауыл шаруашылығы саласында ірі жобаларды іске асыруға және инвестиция тартуға қолайлы екені айтылды.Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты дамыту жөнінде практикалық қадамдарды, соның ішінде жеткізу маршруттарын және логистикалық шешімдерді оңтайландыруды жалғастыруға келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1073153?lang=kk
Текелі қаласы салық реформасына дайындалуда 14.10.2025
Жаңа Салық кодексі бойынша ақпараттық науқан аясында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Текелі қаласының кәсіпкерлері мен тұрғындары үшін көшпелі семинар өткізді.2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді едәуір жеңілдетуге бағытталған. Семинарға қатысушылар – жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары және бухгалтерлер – алдағы өзгерістер туралы толық ақпарат алды.Семинарда негізгі жаңалықтар, соның ішінде:салық есептілігі нысандарын қысқарту;арнаулы салық режимдерін өзгерту;ҚҚС-ты реформалау;жалпыға ортақ декларациялау;салықтық әкімшілендіруді цифрландыру мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.Ашық диалогтың арқасында қатысушылар алдағы өзгерістер туралы біліп қана қоймай, салық реформасына дайындық бойынша практикалық ұсыныстар да алды. Бұл Текелі кәсібіне жаңа ережелерге сенімді бейімделуге көмектеседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1072778?lang=kk
Қарттар күні мерекесіне әлеуметтік көмек төлеу 14.10.2025
26-қыркүйекте Қарттар күні мерекесінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 75 жасқа толған және одан асқан адамдарға 20 мың теңгеден әлеуметтік көмек төленді. Барлық сұрақтар бойынша 79077 немесе 76804 телефонына жүгінуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1078687?lang=kk
Мемлекеттік қызметтер 14.10.2025
Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары халыққа, сондай-ақ бизнес субъектілеріне мемлекеттік қызметтердің 42 түрін көрсетеді.Оның 39-ы электрондық форматқа ауыстырылды. Мемлекеттік қызметтердің 37-і егов порталы арқылы көрсетіледі Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде ұсыну, салық төлеушіге мемлекеттік қызметті сапалы және қысқа мерзімде айтарлықтай артықшылықтарды пайдалана отырып, мүмкіндік алуға береді: қызметті кеңседен және үйден шықпай-ақ тәуліктің кез келген уақытында онлайн режимде алу мүмкіндігі. Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтерді одан әрі электрондық форматқа көшіру бойынша жұмысты жалғастыруда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1072819?lang=kk
«Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен тәжірибесі» тақырыбындағы каскадтық оқыту 14.10.2025
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ғимаратында үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінде Астана қаласында 2025 жылдың                     11-12 қыркүйек күндері өткізілген «Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен тәжірибесі» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысқан Жылыой, Индер, Исатай, Мақат аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары З.Калмуханова, Б.Сапаров, Қ.Губашев Р.Мақсотов Атырау облысы бойынша аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын мүшелерін каскадтық оқыту бағытында семинар өткізілді.  Семинарды Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясыныңның төрағасы Әсия Баянқызы Қыстаубаева ашып, одан әрі Қазақстанның сайлау заңнамасындағы өзекті өзгерістер мен новеллалар, Сайлау процесі кезінде ақпараттандыру, үгіттеу, байқаудың кейбір мәселелері, Ұлттық жасанды интеллект платформасымен жұмыс істеу негіздері, Сайлау науқанын қаржыландыруды ұйымдастыру, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сайлау процесіндегі сот дауларына шолу және тағы басқа тақырыптарында спикерлер дәріс беріп, семинарға қатысушылар арасында кеңінен талқылады.Кәсіби дағдыларды арттыру мақсатында дайындалған тәжірибелік кейстер қаралып, семинар қорытындысымен қатысушылар тестілеуден өтті. Тестілеудің нәтижесімен қатысушылардың 39%  қойылған сұрақтардың барлығына дұрыс жауап берсе, 56% «жақсы» деп бағаланды, ал тек бір тыңдаушы «қанағаттанарлық» көрсеткішке қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1072822?lang=kk
Алматыда қала күніне арналған «Alma Fest» фестивалі өтті 14.10.2025
2025 жылғы 21 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында жыл сайынғы қала күніне арналған «Alma Fest» фестивалі өтті. «Біріккен Ұлттар» аллеясында Алматы қ. Бас консулдықтар өкілдерінің 7 шатыры орналасқан, олар өздерінің ұлттық бұйымдарын, тағамдары мен кәдесыйларын көрмеге қойды. Қатысушы елдер Германия, Иран, Қытай, Корея, Польша, Түркия және Өзбекстанның Бас консулдықтары болды. Сондай-ақ, фестивальге Алматы қ. Әкімі Дархан Сатыбалды мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1072837?lang=kk
Сапалы өнім мен қолжетімді  баға: елордалықтарды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі несімен таңгалдырды 14.10.2025
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы елордаға Абай және Атырау облыстарының шаруалары келіп, жалпы көлемі 400 тоннаға жуық өнім ұсынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Сауда сөрелерінде 140 тонна ет және ет өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 70 тонна бал, 50 тонна бақша өнімдері, 25 тонна балық, 15 тонна сүт өнімдері және тағы 20 тоннадай түрлі дәмді тағамдар сатылымға шығарылды.«Жыл сайын келеміз, алдағы уақытта да келеміз. Әртүрлі бал түрін алып келдік. Сұраныс жақсы, жұртшылық алады, көңілдерінен шығып жатыр. Біз өте ризамыз», – деді Абай облысының бал өндірушісі Руслан Рыбакин.Жәрмеңке тауарлары тікелей өндірушілерден жеткізілгендіктен, бағалар да қолжетімді болды. Іс-шараға Абай мен Атырау облыстарынан келген шығармашылық ұжымдар ұйымдастырған концерттік бағдарлама мерекелік көңіл-күй сыйлады.Іс-шара «Қазанат» ипподромы аумағында өтті. Қонақтардың ыңғайлығы үшін №18, 37 және 303 автобустар арнайы қатынады.Келесі жәрмеңке 27-28 қыркүйекте өтеді. Дереккөз: https://www.instagram.com/p/DO5fi1yDWi6/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1072842?lang=kk
Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастықты жан-жақты нығайту мәселесін талқылады 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Салли Аксуорсимен кездесу өткізді.Тараптар қазақ-британ қатынастарының қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ сауда-экономикалық салада жоспарланған іс-шараларды талқылады.Сұхбат барысында білім, энергетика, көлік, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар, орнықты даму және климат күн тәртібі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын қолдауға өзара мүдделілік білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1072856?lang=kk
Афинада Қазақстан мен Грекияның екіжақты күн тәртібі талқыланды 14.10.2025
Афина қаласы, 2025 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстан мен Грек Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуына орай Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Иоаннис Ловердоспен кездесті.Кездесу барысында тараптар қазақ-грек ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және саяси диалогты тереңдетуге өзара мүдделілігін растады. Сауда-экономикалық, энергетикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.Диаспоралар қызметіне қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда шамамен 8,8 мың этникалық грек тұрады, олар елдегі мәдени көптүрлілік пен этносаралық келісімді сақтауға маңызды үлес қосуда. Сонымен қатар, Грекияда қазіргі уақытта шамамен 60 мың понтийлік грек тұрады, олар Қазақстан мен Орталық Азияның басқа елдерінен шыққан. Олардың қоғамдық, мәдени және гуманитарлық өмірге белсенді қатысуы халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, Қазақстан мен Грекия арасында сенім мен достықтың берік көпірін қалыптастыруда.Тараптар диаспоралармен ынтымақтастықты жалғастырудың және «халықтық дипломатия» аясында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, екі ел арасында тікелей әуе қатынасын кеңейту, тұрақты рейстерді қайта бастау және жаңа бағыттарды ашу мүмкіндіктері қарастырылды. Тараптар мәдени шараларды, соның ішінде Мәдениет күндерін, шығармашылық ұжымдардың гастрольдерін, көрмелер мен фестивальдерді бірлесіп өткізуде, сондай-ақ оқу орындары арасындағы академиялық алмасуды дамытуда қызығушылық танытты.Қазақстан Елшісі грек тарапына 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі ережелері туралы ақпарат беріп, экономикалық жаңғырту, адами капиталды дамыту және саяси реформаларды тереңдету саласындағы басымдықтарға назар аударды.Кездесу соңында Елші Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Иоаннис Ловердосты Қазақстан Республикасына грек тарапына ыңғайлы уақытта сапармен келуге шақырды.Тараптар сыртқы саяси ведомстволар мен салалық мемлекеттік органдар деңгейінде тұрақты байланыстарды қолдауға, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстар мен диаспоралармен ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1072863?lang=kk
Еуропалық логистикалық көшбасшы Қазақстан инфрақұрылымына инвестицияларын арттыруда 14.10.2025
Антверпен, Бельгия, 2025 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко халықаралық логистика және интеграцияланған жеткізілім тізбегін басқару саласында Еуропаның жетекші провайдерлерінің бірі болып табылатын Ahlers Logistics компаниясының бас кеңсесіне барды.Ahlers компаниясының иесі Кристиан Лейсенмен және өзге де жетекші менеджерлерімен өткен кездесу барысында тараптар Ahlers пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын талқылады. Негізгі назар 2025 жылы Алматыда іске қосылған заманауи логистикалық орталыққа аударылды. Бұл нысан компанияның Орталық Азиядағы операциялары үшін маңызды тірек нүктесіне айналғанын атап өту керек.Ahlers өкілдерінің айтуынша, жаңа кешен өңірдің логистикалық тұрақтылығын арттырып қана қоймай, қызмет ауқымын кеңейтуге де мүмкіндік ашты. Қысқа мерзімді келешекте компания қойма қуаттарын ұлғайтып, келісімшарттық қызметтердің спектрін кеңейтуді және жеткізілімдерді икемдірек басқару үшін цифрлық платформаларды енгізуді көздейді. Басым бағыттардың қатарында энергетика, машина жасау және ірі құрылыс салалары бар.«Біз Ahlers компаниясымен серіктестікті жоғары бағалаймыз. Бұл ынтымақтастыққа шамамен отыз жылдай болды. Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі рөлі артып келе жатқан шақта мұндай бастамалар еліміздің бүкіл логистикалық экожүйесінің дамуына серпін беретініне сенімдімін», — деп атап өтті Роман Василенко.Өз кезегінде Кристиан Лейсен компанияның Қазақстан нарығына стратегиялық бағдарын растады: «Қазақстан біз үшін тек транзиттік нүкте ғана емес, тұрақты өсу әлеуеті жоғары өңір. Біз инфрақұрылымға, жергілікті командаларға және ең жоғары халықаралық стандарттарға сай алдыңғы қатарлы логистикалық шешімдерге инвестиция салуды жалғастырамыз».Анықтама үшін: Ahlers Logistics – 115 жылдан астам тарихы бар халықаралық логистикалық компания, 1909 жылы Бельгияның Антверпен қаласында құрылған. Отбасылық бизнес болып табылатын компания Еуропада, ТМД елдерінде және Азияда кеңселері бар. Ол қойма және келісімшарттық логистика, жобалық және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау, кедендік рәсімдеу, жеткізілім тізбегін басқару және сауда операцияларын қолдау қызметтерін көрсетеді. Қазақстанда компания 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, Алматыда кеңсесі бар. 2025 жылы Алматыда заманауи қойма кешені салынды, ол ел аумағындағы жаңа перспективалы жобалардың бастауы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1072869?lang=kk
Міржақып Дулатұлының ұрпақтары Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа алғысын білдірді 14.10.2025
Құрметті  Қостанай облысының әкімі Ақсақалов Құмар Іргебайұлы мырза!Ұлт тарихында ерекше орны бар, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын,  қазақ әдебиетінің классигі Міржақып Дулатовтың 140 жылдық мерейтойына орай Қостанай қаласында еңселі ескерткішінің бой көтеруі – тарихи  және ұлттық рухани маңызы зор оқиға болды.Біз, Міржақып Дулатовтың ұрпақтары, осындай игілікті іске бастамашы болып, қолдау білдіріп, Міржақып Дулатов есімін ұлықтауға зор үлес қосқаныңыз үшін Сізге  шынайы ризашылығымызды білдіреміз.Бұл ескерткіш – ұлт зиялысына құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі, ұлттық руханиятты дәріптеудің айқын үлгісі және жас ұрпаққа жол сілтер өнегелі іс деп білеміз.Сізге зор денсаулық, қызметіңізге өрлеу, ел игілігі жолындағы еңбегіңізге табыс тілейміз.Құрметпен, М.Дулатовтың ұрпақтары 22.09.2025 ж.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1072872?lang=kk
Қазақстан АЭХА-дағы ықпалын нығайтуда: егемендік теңдікті қалпына келтіру мәселесінде ілгерілеуге қол жеткізілді 14.10.2025
Вена, 2025 жылғы 22 қыркүйек – Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) Бас конференциясының 69-сессиясы аясында Қазақстан делегациясы АЭХА мүше-мемлекеттерінің егемендік теңдігі қағидатын ілгерілету бағытында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.Қазақстан дипломатиясының көпжылдық күш-жігерінің нәтижесінде АЭХА Бас конференциясы Қытай, Жапония, Корея Республикасы, Вьетнам, Моңғолия, Филиппин және Камбоджа кіретін Агенттіктің Қиыр Шығыс өңірлік тобына Қазақстанның қосылуы бойынша келіссөздер үдерісінің басталуын құптады. Қазақстанның өңірлік топқа қосылуы жөніндегі келіссөздердің нәтижелері 2025 жылғы қарашада өтетін АЭХА Басқарушылар кеңесінің сессиясы аяқталғанға дейін жариялануы жоспарланған.Қазақстанның Қиыр Шығыс өңірлік тобына қосылуы елімізге АЭХА-ның 35 мемлекетінен құралатын Басқарушылар кеңесіне сайлану, сондай-ақ Бас конференция бюросы мен оның негізгі комитеттерінде жетекшілік ету мүмкіндігін ашады.Бұл перспективалар Қазақстанның үш атом электр станциясын салу, ұлттық ядролық кластерді дамыту және бейбіт атомды дамыту жөніндегі жаһандық күш-жігердегі елдің рөлін күшейту жоспарлары аясында ерекше өзекті болуда. Аталған кластер қолданыстағы АЭХА Төмен байытылған уран банкінің, зерттеу реакторлары мен Қазақстанның уран өндіру өнеркәсібінің қисынды жалғасы ретінде толықтыра түседі.Сонымен қатар, 2023 жылғы қыркүйекте Қазақстан бастамасымен АЭХА-ның 67-сессиясы барлық мүше-мемлекеттердің егемендік теңдігін қалпына келтіру туралы қарар қабылдаған болатын. Қарардың тең авторлары қатарына әлемнің барлық өңірінен 56 мемлекет, атап айтқанда АҚШ, Қытай, Жапония, Түркия, Сингапур және барлық Еуропа Одағы мемлекеттері қосылған.Қазақстан қарарын іске асыру нәтижесінде АЭХА өңірлік топтарына кірмейтін мемлекеттердің саны 17-ден 13-ке дейін азайды. Атап айтқанда, Бахрейн, Непал, Бруней-Даруссалам және Камбоджа Агенттіктің өңірлік топтарына қосылу мүмкіндігіне ие болды.Қазақстан делегациясы Агенттіктің Жарғысы және халықаралық құқық нормаларына сәйкес АЭХА-ның әрбір мүшесінің негізгі құқықтарын қалпына келтіру бағытында жүйелі жұмысты жалғастыра түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1072876?lang=kk
Инновациялар тұқымы: Rijk Zwaan компаниясының Қазақстандағы жаңа мүмкіндіктері 14.10.2025
Қазақстандағы тұқым шаруашылығының әрі қарай дамуы және инновациялық агротехнологияларды енгізу мәселелері Нидерландтағы Қазақстанның Елшісі Қайрат Әбдірахмановтың көкөніс дақылдарын селекциялау және тұқым өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Rijk Zwaan компаниясының басшылығымен кездесуінде талқыланды.Келіссөздер барысында тараптар қазақстандық аграрлық және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ғылыми ынтымақтастықты тереңдетуді қоса алғанда, бірлескен жобаларды кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.Елші Rijk Zwaan компаниясының еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті. 2023 жылдан бастап компания Қазақстанда көкөніс дақылдарының инновациялық сорттарын белсенді түрде енгізіп келеді. Түркістан облысында заманауи технологияларды бейімдеу мен сынақтан өткізуге арналған демонстрациялық ферма құрылуда.Компанияның Қазақстан Республикасы Ботаника институтымен ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Оның аясында төзімді дақыл сорттарын әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Бұл селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы халықаралық өзара іс-қимылдың тиімді үлгісі болып табылады.Елші Қазақстанның UPOV халықаралық ұйымына қосылуға белсенді дайындалып жатқанын атап өтті. Бұл жаңа өсімдік сорттарының құқықтық қорғалуын қамтамасыз етіп, инновацияларды енгізу мен жетекші әлемдік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту үшін қолайлы жағдай туғызады.Қазақстан тарапынан Rijk Zwaan бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігі білдірілді. Бұл серіктестіктің жаңа көкжиектерін ашып, елдің агроөнеркәсіптік секторының орнықты дамуына ықпал етпек.Нидерландта Rijk Zwaan енгізілген инновациялық шешімдердің көлемі бойынша 11-орында тұр. Бұл тек ұлттық емес, әлемдік деңгейде де зор жетістік саналады. 2024 жылы компанияға «Royal» (Корольдік) мәртебесі ресми түрде берілді. Бұл оның жүз жылдан астам табысты тарихын айғақтап, саладағы жетекші орнын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1072877?lang=kk
Қазақстанның Тұрақты өкілдігі «Шыңғыс Айтматов және ЮНЕСКО» конференциясына қатысты 14.10.2025
Париж, 19 қыркүйек, 2025 жыл – ЮНЕСКО-ның Париждегі бас пәтерінде «Шыңғыс Айтматов және ЮНЕСКО: әлемді біріктіретін ортақ мұра» атты халықаралық конференция өтті.Қазақстан Республикасының атынан іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов құттықтау сөз сөйледі.Өз сөзінде отандық дипломат әлемнің 172 тіліне аударылғаны арқылы ұлы жазушының аса өміршең образдары мен идеялары төрткүл дүниедегі миллиондаған оқырмандарына барынша жақын екенін айтты. Ш. Айтматов қырғыз халқының перзенті және мақтанышы бола отырып, оның шығармашылық мұрасы бүкіл әлемнің, әсіресе оның ең жақын көршілері – қазақтардың, басқа түркі және Орта Азия халықтарының рухани мұрасының ажырамас бөлігіне айналғаны сөзсіз.Елші Ш. Айтматов және оның бірқатар шығармаларының қазақ халқымен және оның көптеген көрнекті қаламгерлерімен етене рухани жақындығын ерекше атап өтті. Осыған орай ол қатысушылардың назарын жақында Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың екі заңғар жазушы Мұхтар Әуезов пен Ш.Айтматовқа арналған ортақ ескерткішті ашқанына назар аударды. Көпшілікке мәлім, қазақтың ұлы жазушысы жас қырғыз әріптесін алғашқылардың бірі болып көпшілік алдында белсенді қолдаған, сондай-ақ Луи Арагонмен қарым-қатынасы арқылы «Жәмила» повестінің Франциядағы алғашқы жарық көруіне ықпал етуі мүмкін.Қырғызстанның Тұрақты өкілдігі ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен ұйымдастырған конференцияда Қырғызстан, Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Франция және басқа елдердің дипломаттары, ғалымдары мен қоғам қайраткерлері Ш.Айтматов прозасының бірегей ерекшеліктері мен оның гуманистік идеяларының оқырмандардың жаңа буыны үшін маңызы жайында өз пікірлерін ортаға салды.Конференцияға қатысушылар 2028 жылы ұлы қырғыз жазушысының 100-жылдық мерейтойын, соның ішінде ЮНЕСКО мен түркі әлемі ұйымдарының белсенді қатысуымен, алдағы жоғары халықаралық деңгейде атап өтуге алдын ала және сапалы бірлескен дайындықтың қажеттілігіне ортақ қолдау білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1072891?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясы іскерлік ынтымақтастықты нығайтуда 14.10.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының төрағасы Хасан Әл-Хувейзимен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың дамыту жолдарын, соның ішінде Сауд Арабиясы компанияларының Қазақстандағы инвестициялық жобаларға қатысуын, сондай-ақ өзара бизнес-делегациялар сапарларын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.Қазақстандық дипломат екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды жүйелі түрде дамыту мақсатында Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалану қажеттігін атап өтті.Өз кезегінде, Федерация басшысы бірлескен іс-қимылды кеңейтудің үлкен әлеуетін атап өтіп, өзара тиімді әріптестікті ілгерілетуге мүдделілігін растады.Кездесудің қорытындысы бойынша инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеу және әлеуетті әріптестермен келіссөздер жүргізу үшін 2025 жылғы қыркүйек айының соңында Корольдіктің Қазақстанға бизнес-миссиясын ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1072897?lang=kk
Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы 14.10.2025
Бүгін Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында Самар аудан әкімі С. Жеңісов  және мәслихатының төрағасы Г. Шаймарданова  Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын құттықтап, оларға ресми куәліктерін табыстады. Бұл кеңестің басты мақсаты – тұрғындар мен билік арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1072910?lang=kk