Enbekshi QazaQ

Қоғам

Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету сапасын арттыру үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруда 14.10.2025
            «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіруге және заманауи тәжірибелерді енгізуге бағытталған оқыту іс-шараларын тұрақты түрде өткізіп келеді. 2025 жылдың басынан бері корпорация мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне кәсіби дағдыларын дамытуға, сапалы әрі ашық мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін бірқатар оқытуларды іске асыруда. Аталған кезеңде корпорацияның фронт-офистерінде мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен 43 оқыту іс-шарасы өткізілді. Бұл семинарлар тәжірибе алмасуға, бірыңғай жұмыс стандарттарын қалыптастыруға және қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізуге ықпал етті. Сондай-ақ, 4-5 қыркүйек күндері Астанада «Таным» корпоративтік оқу орталығы екі күндік семинар өткізді. Бағдарлама kenes1414 және «е-Өтініш» білім базаларымен жұмыс, ішкі процестерді оңтайландыру және электрондық үкімет порталының сервистерін пайдалану мәселелерін қамтыды. Семинарға Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілдері қатысып, мемлекеттік органдардағы өтініштерді тіркеу мен есепке алу тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, Әділет министрлігінің мамандары Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қолданылуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Практикалық бөлімде қатысушылар «е-Өтініш» жүйесі арқылы азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуді үйренді. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға «е-Өтініш: азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу әдістемесі мен тәжірибесі» бағдарламасын аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды. Осылайша, білім беру бағдарламаларын дамыту Мемлекеттік корпорация жұмысының маңызды бағытына айналып отыр. Бұл мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, қызметкерлердің кәсіби дамуына және заманауи тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1071514?lang=kk
Түркістанда қақтығыс аймақтарынан оралған балаларды қолдауға арналған ЕО-БҰҰ бірлескен бағдарламасының қорытындылары шығарылды 14.10.2025
Түркістан, 2025 жылғы 19 қыркүйек – Қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды реинтеграциялау мәселелері бойынша Орталық Азия мемлекеттерін қолдауға бағытталған Еуропалық одақ пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бірлескен бағдарламасының екінші кезеңі бойынша Үйлестіру жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Қазақстандағы ЕО өкілдігі, халықаралық ұйымдар мен өңірлік әкімдіктердің өкілдері қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша әрі қарайғы ынтымақтастықтың басымдықтары және табысты практикаларды балаларды қорғау жөніндегі ұлттық саясаттар мен бағдарламаларға интеграциялау бекітілді.Отырыс барысында ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко бағдарламаның екінші кезеңінің сәтті аяқталуы Қазақстанның ЮНИСЕФ және Еуроодақпен серіктестігінің нәтижелілігін айқын көрсеткенін атап өтті. Ол балалар құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесінің дәйекті түрде нығайып келе жатқанын және Қазақстанның үздік тәжірибемен ел ішінде де, халықаралық серіктестермен де бөлісуге дайын екенін айтты. Елші сондай-ақ Қазақстан қақтығыс аймақтарынан 700-ден астам азаматты, оның ішінде 526 баланы қайтарғанын және олардың орнықты реинтеграциясы үшін кешенді қолдау көрсетілгенін еске салды. Бүгінде прогресс балалардың өз жетістіктерінен айқын көрінеді: Алматы облысында бір жасөспірім «Ақбота» зияткерлік марафонында 3-орын алды; Жетісу облысында бір оқушы халықаралық «Пони» байқауында 1-орын иеленді; Қарағанды облысында бір оқушы «English Vocabulary» халықаралық олимпиадасында 2-орын алды. Бұл жетістіктер ведомствоаралық қолдау мен оңалтудың нәтижелілігін дәлелдейді.Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі басшысының орынбасары Ааро Юлитало ЮНИСЕФ және Қазақстан Үкіметімен ынтымақтастық балалар үшін, оның ішінде психологиялық жарақат алғандар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, балалардың өміріндегі нақты оң өзгерістер қазірдің өзінде байқалады, бұл адам құқықтарын қорғау және балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жолындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын растайды.Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Рашед Мұстафа Сарвар Қазақстанда балалардың қажеттіліктеріне сезімтал әрі орнықты жүйе қалыптасып келе жатқанына тоқталып: «Біздің ортақ міндетіміз – әрбір бала, өзі бастан өткерген тәжірибесіне қарамастан, үздіксіз әрі сапалы көмек алып, өзінің әлеуетін жүзеге асыра алуы», – деп атап өтті.Түркістанда ұсынылған негізгі нәтижелер:Мониторинг және сапаны қамтамасыз ету жүйесі. Репатриант-балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын мониторинг жүргізудің бірыңғай қалыбы жаңартылып, іске асырылуда; деректер уәкілетті органға қолжетімді этикалық тұрғыдан қауіпсіз құралдар арқылы жиналады. Бұл дәлелді деректерге негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.Балаларды қорғау жүйесінің қызметтерінің минималды пакеті. Ұлттық стандарттауға негіз қаланды: жергілікті деңгейдегі міндетті қызметтер, ведомстволардың рөлдері, бірыңғай сапа стандарттары, ведомствоаралық хаттамалар және қайта бағыттау маршруттары айқындалды. Жүйенің жетілу деңгейіне жүргізілген бағалау интеграция мен үйлестірудің күшейгенін көрсетеді.Кадрларды даярлау және практикаларды ауқымдау. 20 өңірде травмаға сезімтал көзқарас бойынша тренерлер пулын қалыптастыру жүзеге асырылды; Психологиялық қолдау орталықтарының (ПҚО) және Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының мамандары оқытылды, супервизиялар мен онлайн-кеңестер өткізілді; қорғаншылық және қамқоршылық органдарының құзыреттері күшейтілді (500-ден астам қызметкер оқытылды). Кейс-менеджмент тәсілі ПҚО үшін ұлттық деңгейде бекітілді.Реинтеграцияның инновациялық тәсілдері. «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ бірлесіп «Буындар арасындағы әңгімелер» әдісі енгізілуде: 10 мастер-тренер дайындалды, 250 педагогқа арналған каскадты вебинарлар өткізілді, балалармен жұмыс істеуге арналған оқу материалдары мен мониторинг құралдары әзірленді.Кездесудің тәжірибелік бөлімінде қатысушылар Түркістан қаласындағы Психологиялық қолдау орталығы мен Отбасын қолдау орталығына барып, жергілікті деңгейде кейс жүргізу, зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасыларды қолдап-сүйемелдеу жұмысының барысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1071531?lang=kk
Астанада Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді 🌾 14.10.2025
📅 27–28 қыркүйек📍 «Қарқалы» ипподромыАлматы облысының тауар өндірушілері елорда тұрғындары мен қонақтарына 178 тонна өнімді ұсынады. Жәрмеңкеде ет пен сүттен бастап көкөніс пен жеміс-жидекке дейінгі түрлі өнімдер қолжетімді болады.🥩 Ет және құс еті — 13,3 т🥛 Сүт өнімдері — 1,6 т🥔 Картоп — 21,6 т🧅 Пияз — 25 т🥬 Көкөністер — 24,4 т🍎 Жеміс-жидек пен алма — 23 т🛒 Басқа да өнімдер — 47,7 тБарлық тауарлар елордалық базарлардағы орташа бағадан 15% төмен бағамен сатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1071547?lang=kk
Барлық бақылау-касса машиналарын 2.0.3 нұсқасындағы деректерді берудің хаттамасына көшіру 14.10.2025
емлекеттік кірістер Комитеті БКМ қолдану тәртібіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, Комитет деректерді тіркеу және (немесе) ФДО серверіне беру функциясы бар БКМ деректерді берудің жаңа хаттамасын, 2.0.3 нұсқасын (бұдан әрі-2.0.3 нұсқасының ХАТТАМАСЫ) әзірлегенді2025 жылғы 20 маусымда 2.0.3 нұсқасы Протоколы Комитеттің ресми интернет-ресурсында жарияланды: https://kgd.gov.kz/sites/default/files /KGD/UGU/protokolperedachidannyh_2_0_3_operator.docx.2.0.3 нұсқасы Протоколында БКМ-ді ұлттық тауарлар каталогына автоматты түрде қосу және БКМ-нің нақты орналасқан жерін анықтайтын ФДО тарапынан геолокацияны айқындау сервисі көзделген.Осыған байланысты, Комитет 2.0.3 нұсқасы Протоколына көшу мерзімін белгілейді:– аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ қолданатын салық төлеушілер БКМ функцияларын 2025 жылғы 15 қазанға дейін 2.0.3 нұсқасы Протоколына сәйкес қайта бағдарламалауы қажет;– деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы (темір касса) түріндегі БКМ қолданатын салық төлеушілерге 2025 жылғы 15 қарашаға дейін қайта бағдарламалау қажет.2025 жылғы 17 қарашадан бастап ФДО-ның 2.0.2 нұсқасы Протоколын ажырату жоспарлануда екенін қосымша хабарлаймыз.Бүгінгі күні ФДО тізімінде 10 заңды тұлға бар: «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ, «IT ANALYTICS» ЖШС, «Бухта.кз» ЖШС, «Smartcontract» ЖШС, «Jusan Mobile» АҚ, «Comrun» ЖШС, «Вайпоинг» ЖШС.Мемлекеттік тізілімге 174 БКМ енгізілген, оның ішінде 118 онлайн БКМ, тіркелген онлайн БКМ саны – 1 105 мың.Сонымен қатар, аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ-нің жаңартылуы техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгінбей-ақ автоматты түрде жүзеге асырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1071553?lang=kk
ҚР жаңа Салық кодексі ҚР резиденттері үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын ұстауды жояды БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар 14.10.2025
1. Қазіргі уақытта Қазақстанда зейнетақының қай бөлігіне салық салынады, ал қайсысына салық салынбайды?Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен берілетін зейнетақы төлемдеріне салық салынбайды, ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін төлемдерге салық салынады. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кіріске жатады.  Яғни, зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынғанға дейін аударылады. Ал ЖТС төлемдер жасалған кезде ұсталады. ЖТС міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен жиынтық түрде ұсталады. Бұл ретте түзету және салық шегерімдерінің сомалары ескеріледі.  Алайда, бұл норма тек 2025 жылдың соңына дейін күшінде болады. Естеріңізге сала кетейік, жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және оған сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінен ЖТС ұсталмайды.2. ҚР жаңа Салық кодексіне зейнетақы төлемдеріне салынатын жеке табыс салығына (ЖТС) қатысты қандай өзгерістер енгізілді? ҚР жаңа Салық кодексіне сәйкес, алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, 01.01.2026ж. бастап жеке табыс салығы (ЖТС) зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, сондай-ақ тұрғын үйге және/немесе емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінен (БЗТ) ұсталмайды. Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үйге/емделуге БЗТ алып, одан ЖТС төлеу міндеттемесін кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алғанға дейін кейінге қалдырғандар, ол міндеттемеден босатылады.3. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсталған ЖТС қайтарыла ма? Жаңа Салық кодексінің ережелерінде бұрын ұсталған ЖТС-ты қайтару көзделмеген. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану кезінде ЖТС ұстау көзделген. Бұл ретте алушының таңдауына ЖТС ұстап қалудың екі жолы ұсынылады: БЗТ алған кезде бірден немесе зейнеткерлікке шыққанға дейін кейінге қалдыру. 01.01.2026 ж. бастап жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты салымшы ЖТС-ты бұған дейін төлеп қойған болса, ол қайтарылмайды. Ал кейінге қалдырылған ЖТС бойынша міндеттемелердің күші жойылады.   Айта кетейік, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінен және біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС есептеу, ұстап қалу және төлеу қолданыстағы режимде жүзеге асырылатын болады.4. Егер алушы зейнеткерлік жасқа жеткен және ЖТС төлеп отырған жағдайда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖТС ұстап қалу жалғастырыла ма?           Жаңа Салық кодексінің ережелері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерін қоспағанда, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерді жеке табыс салығынан босатуды көздейді.5. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімдері туралы норма қалай өзгереді?Өзгерістер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз пайдасына жасалған ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімдерін жоюды қамтиды. Алайда, БЖЗҚ-дан берілетін төлемдердің басқа түрлері сияқты ЕЗЖ есебінен жасалатын төлемдер де ЖТС-тан босатылады. Бұл ретте салық агентінің БЖЗҚ-ға қызметкердің пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайтындықтан, оған ЖТС салынбайды, ал жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерілуге жатады деген норма сақталады. Яғни, бұл жағдайда қызметкер де, жұмыс беруші де салық жеңілдіктерін алады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1074903?lang=kk
Қаратал ауданында жаңа Салық кодексі бойынша "Ашық есік күні" өтті 14.10.2025
2026 жылғы 19 қыркүйекте Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру болды. Кездесу барысында МКБ өкілдері Кодекс нормаларын түсіндіріп, ҚҚС, КТС және ЖТС сияқты маңызды салықтарды есептеу мен төлеуге қатысты өзгерістерге ерекше назар аударды.Қатысушылар маңызды жаңалықтар мен өзгерістер туралы, соның ішінде:    шағын және орта бизнес үшін салық салу ерекшеліктері;    салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған шаралар;    бизнес үшін бюрократиялық кедергілерді азайту туралы толық ақпарат алды.Өткізілген "Ашық есік күні" салық төлеушілерге алдағы салық реформасына уақытында дайындалуға көмектесуге бағытталған ақпараттық науқанның бір бөлігі болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1071607?lang=kk
Жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру жөніндегі семинар 14.10.2025
2025 жылғы 18 қыркүйекте Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚОФ «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында семинар өткізді. Іс-шараға салық төлеушілер, соның ішінде консалтингтік компаниялардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Семинар офлайн және онлайн форматында ZOOM платформасы арқылы өткізілді.Семинарды ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Қазбек Қойшинов ашып, жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерге қысқаша тоқталды. Оның айтуынша, елеулі өзгерістер барлық негізгі бағыттарды қамтиды.Одан әрі семинар барысында Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гульмира Сабралимова 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығы, мөлшерлемелер мен шегерімдер, әлеуметтік салық және арнайы салық режимдеріне қатысты енгізілетін өзгерістерді түсіндірді.Корпоративтік табыс салығына қатысты жаңалықтармен Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Гульмира Карибаева таныстырды.ҚҚС бойынша өзгерістер, оның ішінде мөлшерлемелер, ҚҚС бойынша есепке қою және артық төленген ҚҚС сомасын қайтару мәселелерін Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Асхат Жибитаев баяндады.Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, салықтарды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу шаралары жөнінде Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Азамат Жакиянов сөз сөйледі.Семинардың қорытынды бөлімінде Департамент басшысының орынбасары халықтың салықтық мәдениетін арттыруға, кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге және көлеңкелі экономиканы төмендетуге бағытталған «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал», «Бәйге», пилоттық «Salyq кэшбэк» жобасы, сондай-ақ Halyk Bank-пен бірлескен акциялар туралы еске салды.Іс-шара соңында Департамент өкілдері салық төлеушілерден түскен барлық сұрақтарға жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1071610?lang=kk
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі А.Сейтақынов пен Моңғолия Сыртқы қатынастар министрлігі Консулдық департаментінің директоры Б.Болдпен кездесуі туралы 14.10.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 18 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолия Сыртқы қатынастар министрлігі Консулдық департаментінің директоры Бат-Очир Болдпен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар азаматтардың құқықтарын қорғау және көмек көрсету, өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жолдары, сондай-ақ консулдық саладағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар консулдық саладағы мәселелер бойынша тұрақты байланыстар мен консультациялар өткізуді жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1071620?lang=kk
Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы туралы ақпарат 14.10.2025
2025 жылғы 18 қыркүйекте Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысты мәслихат хатшысы Арман Исмаилов жүргізді. Шараға Қостанай қаласы әкімінің орынбасары және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты.Отырыста төмендегі мәселелер қаралып, депутаттардың бірауыздан қолдауымен шешімдер қабылданды:«Қостанай қаласының 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №147 шешіміне өзгерістер енгізу.Мәслихаттың 2022 жылғы 15 наурыздағы №95 және 2023 жылғы 21 қыркүйектегі №53 шешімдеріне өзгерістер енгізу (қылмыстық жазаларды орындайтын мекемелерге жәрдемдесу жөніндегі консультативтік органның дербес құрамы).«Қостанай қалалық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1071624?lang=kk
Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында "Ашық есік күні" өтті 14.10.2025
24.12.2025 жылғы  Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру болды.Кездесуге қатысушылар, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған жаңалықтар туралы толық ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1131648?lang=kk
2025 жылдың 24 қыркүйегінде 10:00, 14:00, 16:00 «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. 13.10.2025
2025 жылдың 24 қыркүйегінде 10:00, 14:00, 16:00 «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Іс-шара тақырыбы: "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін".Алдағы іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға ҚР жаңа Салық кодексінің зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі ережелерін түсіндіреді. Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсетілетін қызметтері туралы баяндайды. Негізгі күн тәртібінен бөлек, қатысушылар білікті мамандардан жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сауалдарына ақыл-кеңес ала алады. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/«Ашық есік күнінің»Event-совещание/Event- жиналыс:https://enpf.webex.com/weblink/register/r4dc57cf52a4db8b4346cbd99527912ca https://enpf.webex.com/weblink/register/rfb7f37c3e629f8479cd2b9b92c334ff7 https://enpf.webex.com/weblink/register/rf70e33e2498937d0798ed588b34ac2d2 Дата и время/Күні мен уақыты:10:00 среда,24 сентября 2025 г. (UTC+05:00) Астана14:00  сәрсенбі,  24 қыркүйек 2025ж. (UTC+05:00) Астана16:00  среда,24 сентября 2025 г. (UTC+05:00) АстанаНомер event-совещания/Event- жиналыс нөмірі:2513 885 0005 2515 829 4091 2515 489 9107 Пароль event-совещания/Event- жиналыс паролі:15465476 33874311 43986651  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1074457?lang=kk
Арнайы операциялар күштерінің 26 әскери қызметшісі күрең қызыл берет иеленді 13.10.2025
Шымкент гарнизонындағы «Орда» полигонында Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштері арасында жыл сайынғы біліктілік сынақтары өтті. Нәтижесінде 26 әскери қызметші күрең қызыл берет кию құрметіне ие болды. Бұл ерлік пен кәсіби шеберліктің символы саналады.Сынаққа қатысу үшін үміткерлер алдын ала іріктеуден өтеді. Олардың дене дайындығы, моральдық-психологиялық тұрақтылығы және жауынгерлік қабілеті мұқият бағаланады. Сынақтың өзіне тек үздік жауынгерлер ғана жіберіледі.Біліктілік екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылардың күш-қуат дайындығы, теориялық білімі және әртүрлі әскери бағыттар бойынша, оның ішінде тау, атыс, медициналық, парашюттік және инженерлік дайындықтар, сондай-ақ әскери топография мен мина-жарылыс ісі дағдылары тексерілді.Екінші кезеңде жауынгерлер 30 шақырымдық марш жасады. Жол бойында олар табиғи және тактикалық кедергілерден өтіп, жаралыларды эвакуациялау, жасырын жүру, оқ-дәрі жеткізу және атыс жаттығуларын орындады. Қорытынды кезең қоян-қолтық ұрыстағы жекпе-жек болды.Сынаққа қатысқан 72 үміткердің ішінен тек 26 жауынгер ғана барлық тапсырмаларды сәтті орындап, Арнайы операциялар күштері элитасының қатарына қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1071054?lang=kk
Қазақстанда тәуелсіз директорлар институтын күшейту жоспарлануда 13.10.2025
Банктер туралы жаңа заң жобасы шеңберінде корпоративтік басқару сапасын және қадағалау тетіктерінің тиімділігін арттыру мақсатында банктерді реттеуді жетілдіру жөніндегі шаралар көзделді.Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын Парламент Мәжілісінде таныстыру барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова хабарлады. Заң жобалары Мемлекет басшысының 2024 және 2025 жылдардағы Жолдауларын іске асыру мақсатында әзірленді.Өзгерістер үш бағыт бойынша топтастырылған: корпоративтік басқаруды дамыту, реттеу құралдарын жетілдіру және қолданыстағы нормаларды оңтайландыру.«Заң жобасында тәуелсіз директорлар шешімдерінің  объективтілігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың институтын күшейту көзделеді. Тәуелсіз директорлардың тәуелсіздігіне қосымша талаптар енгізіледі, сондай-ақ директорлар кеңесінде болудың ең көп мерзімін 9 жыл деп белгілеу көзделеді», – деп атап өтті Агенттік Төрағасы.Сонымен бірге халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізбесі кеңейтіледі.Активтерді экономикалық айналымға жедел қайтару мақсатында, банк тобының балансындағы өндіріп алынған мүліктің болуына үш жылдан аспайтын мерзімге шектеу енгізіледі.«Уәжді пайымдау тетігін қолдану кеңейтіледі. Тәуекелдер, ішкі аудит және комплаенс бөлімшелерінің  басшыларына қойылатын талаптар белгіленеді», – деп толықтырды Мәдина Әбілқасымова.Сонымен бірге, нормативтік базаны оңтайландыру шеңберінде ескірген және қайталанатын нормалар алып тасталады. Акционерлер мен басшылық құрамға қойылатын талаптар бір ретке келтіріліп,  «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Заңға көшіру көзделеді.Банктер туралы жаңа заң жобасында технологиялық өзгерістер, экономиканы қаржыландырудағы банк секторының рөлін арттыру, бәсекелестікті күшейту және нарыққа жаңа қатысушыларды тарту, сондай-ақ қаржылық-технологияларды ілгерілету және цифрлық активтердің айналымын ырықтандыру мәселелері ескеріледі. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1071056?lang=kk
Салық төлеушілерге арналған семинарлар: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңалықтар 13.10.2025
2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру, салық төлеушілердің салық сауаттылығын арттыру мақсатында Ақтоғай және Успен аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары ақпараттық-түсіндіру семинарларын өткізді.Іс-шараларбарысында мемлекеттіккірістероргандарыныңмамандарықатысушылардыСалықкодексініңнегізгіөзгерістеріменжәнежаңалықтарымен, олардықолданутәртібімен,сондай-ақ жекежәнезаңдытұлғаларғасалықсалудыңөзектімәселелеріменегжей-тегжейлітаныстырды.Мұндай семинарларды өткізу салық органдары мен салық төлеушілер арасында ашық және сенімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді.Семинарларға шағын және орта бизнес өкілдері, бухгалтерлер, жеке кәсіпкерлер қатысты. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық диалог форматында түсініктеме алуға мүмкіндік алды.Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1131710?lang=kk
Digital Bridge 2025 халықаралық IT форумы 2-4 қазан аралығында өтеді 13.10.2025
Биыл халықаралық Digital Bridge 2025 IT-форумы 2025 жылғы 2-4 қазан аралығында Астанада өтеді. Форумның тақырыбы «Generative Nation» - бұл Қазақстанның озық технологиялар мен жасанды интеллектке негізделген білім қоғамын құруға бағытталған стратегиялық бағытын бейнелейді.Digital Bridge 2025: Generative Nation – бұл жай ғана пікір алмасу алаңы емес, бұл – Қазақстанның жаһандық цифрлық экономикадағы жаңа болашағын құру жолында технология көшбасшыларын, кәсіпкерлерді және мемлекеттік институттарды біріктіретін өзгерістер катализаторы.Форум алаңы әлемдік IT-сарапшыларды, технологиялық алпауыттардың өкілдерін, табысты өнімдер мен стартаптардың авторлары мен негізін қалаушыларын, сондай-ақ осы саланың инвесторлары мен жаһандық көшбасшыларын жинайды.Форум аясында 2 қазан күні халықаралық alem.ai жасанды интеллект орталығында AI жобаларының тұсаукесері өтеді. Ең үздік жобалар өз жұмыстарын Мемлекет басшысының және жасанды интеллект саласындағы беделді тұлға – IT-кәсіпкер, информатика ғалымы, инвестор және жазушы Кай-Фу Лиге таныстыру мүмкіндігіне ие болады.AI Movement шарасының алдын ала іріктелген қатысушылары өз идеялары мен инновациялық әзірлемелерін ұсына алады. Бұл сессия тек технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған платформа ғана емес, сонымен қатар ұлттық және жаһандық деңгейде шешімдерді кеңейтуге қолдау алуға мүмкіндік болады.Alem.ai жасанды интеллект саласындағы зерттеулер, стартаптар мен халықаралық ынтымақтастық үшін басты платформаға айналады. Орталық қазақстандық AI шешімдерінің экспортын арттырып, технологиялық және экономикалық өсудің жаңа толқынын бастайды, Астананы Орталық Азиядағы зияткерлік орталыққа айналдырады.Digital Bridge форумы – бұл IT саласындағы ең ірі оқиғаға айналды. Оны Қазақстанның ғана емес, бүкіл өңірдің IT-қоғамдастығы асыға күтеді. 6 жыл ішінде Форумды 100 елден 67 мыңнан астам адам тамашалады, оның алаңында 550 қатысушы мен 1000-нан астам спикер сөз сөйледі.Форум жыл өткен сайын қаражатсыз коммерциялық тұрақтылыққа ие болуда. Биылдан бастап форумға қатысуға ниеттілер үшін билет сатылымы іске қосылады. Форум билеттері мына сайтта қолжетімді: https://digitalbridge.kz/kz/Форумның ұйымдастырушылары: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Astana Hub және Астана қаласының әкімдігі.Іс-шара «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1071170?lang=kk
Павлодарда этиканың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың маңыздылығы талқыланды 13.10.2025
Павлодарда Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Кәмшат Арыстанбекова мен Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Тасқын Ақбаевтың облыстық мемлекеттік кірістер, ішкі мемлекеттік аудит, қазынашылық, сондай-ақ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінің мамандарымен кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – бұзушылықтарды алдын алу және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру. Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелері талқыланды. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салуға ерекше назар аударылды. - Этикалық нормалар кез-келген кәсіби қызметті жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады, бірақ этикалық стандарттардың рөлі ерекше болатын мамандықтар бар. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс адамға белгілі бір міндеттемелер жүктейді, - деп атап өтті Кәмшат Арыстанбекова. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзуды алдын алу үшін қабылданатын шаралар туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі айтып берді. Сапар аясында Тасқын Ақбаев мамандардың жұмыс кабинеттеріне барып, өзекті мәселелермен, қызметте туындайтын қиындықтармен танысты, сондай-ақ байланыс-орталығының жұмысын бағалады. Іс-шара соңында Әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызметшілерге "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдардың, Әдеп кодексінің ережелерін қатаң сақтауды ұсынды. Олар әріптестеріне кәсіби қызметте табыс тіледі. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1071175?lang=kk
Салық салу объектілерін айқындауда жанама әдісті қолдану туралы бұйрық жобасы әзірленді 13.10.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірлегенін хабарлайды. Құжат жаңа Салық кодексінің (173-баптың 5-тармағы) ережелерін іске асыру мақсатында әзірленді және салық жүйесінің ашықтығы мен әділдігін арттыруға бағытталған.Жоба салық салу объектілерін айқындаудың жанама әдісін қолдану тетігін көздейді. Ол салық төлеуші есеп жүргізу тәртібін бұзған жағдайларда, сондай-ақ есеп құжаттамасы жоғалған немесе жойылған кезде мемлекеттік кірістер органдарымен қолданылатын болады. Бұдан бөлек, бұл әдіс жеке тұлғалардың кірісін неғұрлым объективті айқындауға мүмкіндік береді.Жанама әдістің мәні – бастапқы құжаттар болмаған немесе бұрмаланған жағдайда салық органдары баламалы ақпарат көздерін пайдаланатынында. Салық салу базасын есептеу үшін салық төлеушінің активтері мен мүлкі, міндеттемелері, айналымдары, кірістері, шығындары мен жұмсаулары жөніндегі деректер қолданылуы мүмкін. Мұндай әдіс ауытқушылықты анықтап, субъектінің нақты қаржылық жағдайы туралы шынайырақ көрініс алуға мүмкіндік береді.Жанама әдісті қолдану бірқатар міндеттерді шешеді:- салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттырады;- декларацияларда мәліметтердің толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді;- салықтық тәуекелдерді қашықтан мониторингілеуге мүмкіндік береді;- салық төлеуден жалтарудың алдын алуға ықпал етеді;- салық салудың әділдік қағидатын нығайтады.Ақырында, бұл көлеңкелі экономиканың көлемін азайтуға және бизнесті жүргізудің неғұрлым адал жағдайларын қалыптастыруға алып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1071182?lang=kk
Курсанттар су сынағынан сүрінбей өтті 13.10.2025
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу орталығында курсанттар жауынгерлік техникамен су бөгетінен өту жаттығуларын орындады.1 курс курсанттары практикалық сабақтарға арналған су полигонында  төрт жыл бойы меңгерген дағдыларын көрсетті. Болашақ офицерлер жауынгерлік машинаның су айдынына кіру, суда қозғалу және жағаға шығу элементтерін пысықтады. Барлық іс-қимыл белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай, нақты әрі үйлесімді орындалуы тиіс.Дөңгелекті және шынжыр табанды жауынгерлік машиналарды жүргізу кафедрасының бастығы полковник Нұрболат Негметов мұндай жаттығулардың офицердің кәсіби қасиеттерін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті:– Практикалық жаттығулар – оқу бағдарламасының маңызды бөлігі. Курсанттар тәжірибе жинап, сенімділігі мен кәсібилігінің негізін қалайды. Суда техника жердегідей әрекет етпейді, сондықтан курсант кез келген күтпеген жағдайға дайын болуы керек. Мұнда төзімділік, жауапкершілік және күйзеліске төтеп беріп, дұрыс әрекет ету қабілеті көрінеді. Біз курсанттардың тапсырманы лайықты орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсеткенін көріп отырмыз, – деді ол.Курсанттар техниканы сенімді меңгеріп, экипаждардың үйлесімділігін және жылдам өзгеретін жағдайларда шешім қабылдау қабілетін көрсетті. Мұндай іс-шаралар «Әли» оқу-жаттығу орталығында үнемі өткізіліп тұрады және оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен бірге курсанттардың теориялық білімдерін бекітіп, тұрақты кәсіби дағдыларды қалыптастырып, өзіне деген сенімділікті арттыруға және болашақ командирлерді кез келген жағдайда тапсырмаларды орындауға дайындауға мүмкіндік береді.Суда жауынгерлік машиналарды жүргізу сабақтары болашақ офицерлердің жауынгерлік дайындығының басты элементтерінің бірі. Мұндай жаттығулардың негізгі мақсаты – курсанттардың жауынгерлік жағдайларға барынша жақын ортада, бөлімшелер тактикалық тапсырмаларды орындау барысында су бөгеттерінен өтуге мәжбүр болған кезде, қажетті машықтарды меңгеруін қамтамасыз ету. Техниканы құрлықта дұрыс жүргізу жеткіліксіз. Курсант суда да сенімді әрекет етіп, машинаны бақылауда ұстап, экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тапсырмаларды орындауы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1071201?lang=kk
ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін 13.10.2025
2025 жылдың 24 қыркүйегінде 10:00, 14:00, 16:00 «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Іс-шара тақырыбы: "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін".Алдағы іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға ҚР жаңа Салық кодексінің зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі ережелерін түсіндіреді. Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсетілетін қызметтері туралы баяндайды. Негізгі күн тәртібінен бөлек, қатысушылар білікті мамандардан жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сауалдарына ақыл-кеңес ала алады. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/«Ашық есік күнінің»Event-совещание/Event- жиналыс:https://enpf.webex.com/weblink/register/r4dc57cf52a4db8b4346cbd99527912ca https://enpf.webex.com/weblink/register/rfb7f37c3e629f8479cd2b9b92c334ff7 https://enpf.webex.com/weblink/register/rf70e33e2498937d0798ed588b34ac2d2 Дата и время/Күні мен уақыты:10:00 среда,24 сентября 2025 г. (UTC+05:00) Астана14:00  сәрсенбі,  24 қыркүйек 2025ж. (UTC+05:00) Астана16:00  среда,24 сентября 2025 г. (UTC+05:00) АстанаНомер event-совещания/Event- жиналыс нөмірі:2513 885 0005 2515 829 4091 2515 489 9107 Пароль event-совещания/Event- жиналыс паролі:15465476 33874311 43986651  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/1071211?lang=kk
Мәңгілік естелік: Сейітов Өтеген Сейітұлына арналған Аллеяның ашылуы 13.10.2025
Ақтөбе қаласында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Ұлы Отан Cоғысының ардагері, Қазақ КСР-ның Бас прокуроры, өмірін заң мен Отанға қызмет етуге арнаған Сейітов Өтеген Сейітұлының құрметіне арналған Аллеяның салтанатты ашылу рәсімі өтті.Аллеяда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, жас мамандарды даярлауға және ел прокуратурасының дамуына елеулі үлес қосқан, Өтеген Сейітұлының құрметіне арналған мемориалдық тақта орнатылды.Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды.Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев, облыс әкімі Асхат  Шахаров, прокуратураның басшылары мен ардагерлері, сондай-ақ қоғам өкілдері қатысты.Салтанатты шарада сөз сөйлеген Бас прокурордың орынбасары лайықты ізашарларды еске алу – прокуратураның маңызды дәстүрі және ұрпақтар сабақтастығының символы екенін атап өтті.Облыс әкімі Өтеген Сейітұлы өнегесінің өскелең ұрпақ үшін ерекше маңызын атап өтіп, оның Отанға адал қызметі жас ұрпақ үшін үлгі болып табылатынын жеткізді.Прокуратура ардагерлері еске алу құрметіне шын жүректен алғыстарын білдіріп, мұндай бастамалар тарихты сақтауға, отансүйгіштік пен өмірін заң мен әділеттілікке арнаған адамдарға деген құрметті нығайтуға септігін тигізетінін баса айтты.Іс-шара ұрпақтар арасындағы байланыстың және прокуратураның көрнекті тұлғаларының тарихи жадының сақталуының айқын дәлелі бола отырып, мақтаныш пен құрмет атмосферасында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1071213?lang=kk