Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстанның Елшісі Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің Бас директорына сенім грамоталарын табыстады 13.10.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің (IRENA) Бас директоры Франческо Ла Камераға өзінің сенім грамоталарын тапсырды.Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, оның ішінде климаттың өзгеруімен бірлескен күресті және жаңартылатын энергетиканы адамзаттың орнықты болашағының аса маңызды факторы ретінде дамыту мәселелерін талқылады.Қазақ дипломаты IRENA жаңартылатын энергия көздерін ілгерілетуде мемлекеттерді біріктіретін беделді халықаралық алаң ретіндегі маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстанның Агенттік жұмысына белсенді қатысуға, сондай-ақ екіжақты және көпжақты әріптестік байланыстарды кеңейтуге дайындығын растады.Өз кезегінде Ф. Ла Камера ү.ж. 2–4 қазанда Астанада өтетін «KazEnergy Week – 2025» халықаралық форумының жұмысына қатысатынын растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделі екендерін білдірді.IRENA 2009 ж. 26 қаңтарда Бонн қаласында құрылған. Құрылтайшылар конференциясы барысында Агенттік Жарғысына әлемнің 75 мемлекетінің ресми өкілдері қол қойды. Бүгінде IRENA құрамына 169 мемлекет пен Еуропалық одақ мүше болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1069838?lang=kk
Поликлиникаға тіркелуді eGov.kz пен eGov Mobile арқылы онлайн рәсімдеуге боладыБаспаға шығару нұсқасы 13.10.2025
1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Қазақстанда медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны өтеді. Осы кезеңде азаматтар өз поликлиникасын ауыстыруға мүмкіндік алады. Бұл рәсімді толықтай онлайн режимде – eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы, медициналық ұйымға бармай-ақ орындауға болады.Қызмет поликлиникаға тіркеліп, учаскелік дәрігерді таңдауға мүмкіндік береді. Таңдалған дәрігерге сәйкес медициналық қызмет көрсету аумағы жүйеде автоматты түрде көрсетіледі. Науқан қорытындылары келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Алдыңғы ұйымнан тіркеуден шығару жаңа өтінім расталғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.Науқаннан тыс уақытта да поликлиниканы ауыстыруға болады. Бұл басқа елді мекенге қоныс аударғанда, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырғанда, сондай-ақ поликлиника қайта ұйымдастырылған немесе жабылған жағдайда мүмкін. Мұндай жағдайда қызметті жылына бір рет қолдануға болады.Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін:eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық сақтау» бөлімін ашу қажет;«Поликлиникаға тіркелу» қызметін таңдап, қажетті өрістерді толтыру қажет;өтінімге қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен қол қою қажет;«Көрсетілген қызметтер тарихы» бөлімінде белгіленген уақыт ішінде өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысуға болады.Қызметті eGov Mobile қосымшасында пайдалану үшін:eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, «eGov мемлекеттік қызметтері» – «Денсаулық сақтау» бөліміне өту қажет;«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» қызметін таңдап, қажетті деректерді енгізу қажет;қызметті қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен растау қажет;өтінімнің өңделу мәртебесін «Қызметтер тарихы» бөлімінен қадағалауға болады.Қызметтің жоғары сұранысқа ие екенін статистика да дәлелдейді. 2024 жылы тіркелу қызметін 3,6 млн-нан астам рет пайдаланды: олардың 2 905 013-і eGov.kz порталында, 722 198-і eGov Mobile қосымшасында рәсімделді. 2025 жылы (шілде айына дейін) портал арқылы 1 135 628, ал мобильді қосымша арқылы 1 046 354 өтінім қабылданды.Әдеттегідей ең жоғары белсенділік науқан кезеңінде байқалады. Мәселен, 2024 жылы қыркүйекте – 495 мың, қазанда – 502 мың, қарашада – 159 мың өтінім тіркелген.Еске саламыз, қызмет арқылы кәмелетке толмаған балаларды және 18 жастан асқан әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарды олардың қамқоршылары онлайн түрде поликлиникаға тіркей алады.Жаңарту ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өзара ынтымақтастығының аясында жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1069447?lang=kk
Техникалық байқау операторы қызметін жүзеге асыруға рұқсатты енді elicense.kz алуға боладыБаспаға шығару нұсқасы 13.10.2025
Техникалық байқау жүргізуге рұқсат алу әлдеқайда жеңілдеді: операторларға рұқсат беру құжатын рәсімдеу қызметі енді толықтай автоматтандырылған және elicense.kz порталында қолжетімді. Онлайн өтінім беру жеткілікті.Техникалық байқау – Қазақстан аумағында тіркелген және жол қозғалысына қатысатын барлық көлік құралдары үшін міндетті талап. Бұл ереже шетелдік автокөліктер мен тіркемелерге де қолданылады, себебі ол жалпы пайдаланымдағы жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.Бұрын техникалық байқау операторлары қызметті бастау үшін немесе тоқтату үшін тек хабарлама берсе жеткілікті еді. Алайда жақында заңнамада өзгерістер енгізіліп, енді ресми рұқсат құжатын алу талап етіледі. Мұндай құжатты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көлік бақылау комитетінің аумақтық органдары береді.Қызметті пайдалану үшін пайдаланушыға:elicense.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіп, «Көлік» – «Рұқсаттар» бөліміне өту қажет;«Техникалық байқау операторының қызметіне рұқсат беру» қызметін таңдап, қажетті деректерді толтыру керек;қажетті қызмет түрлерін белгілеу қажет;деректерді толтыру керек;өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растау қажет.Рұқсат алу үшін оператор білім туралы құжатты немесе техникалық байқау маманының сертификатын, жеке куәлігін, жабдық туралы мәліметтерді және ғимараттың ішкі-сыртқы көрінісінен 10 фотосуретті қоса тіркеуі тиіс. Сонымен қатар, таңдалған қызмет түріне байланысты қосымша құжаттар талап етіледі: егер жылжымалы техникалық байқау желісі ашылса – көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер; егер стационарлық техникалық байқау желісі ашылса – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер және жылжымайтын мүлікке қатысты құқық белгілейтін құжаттар.Дайын рұқсат құжаты 8 жұмыс күні ішінде қалыптастырылып, жеке кабинетте рұқсат құжаты түрінде қолжетімді болады.Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1069450?lang=kk
Әзірбайжан Республикасында шекаралық сақтандыру шарттарын онлайн рәсімдеу тәртібінің енгізілуі туралы 13.10.2025
Әзірбайжан Республикасында шекаралық сақтандыру шарттарын онлайн рәсімдеу тәртібінің енгізілуі туралы 2025 жылғы 3 шілдеде Әзірбайжан Республикасында (ӘР) басқа елдерде тіркелген, «Жасыл карта» жүйесі қолданылмайтын көлік құралдарының иелері үшін шекаралық сақтандыру шарттарын рәсімдеуді жеңілдету мақсатында tpl.az онлайн-платформасы іске қосылды.Аталған платформа көлік иелеріне сақтандыру шартын елге кірмей тұрып, онлайн режимде жасауға мүмкіндік береді. Бұл уақытты үнемдеуге, кезекте тұрмауға және төлемді электрондық түрде жүзеге асыруға жағдай жасайды.Қазіргі уақытта шекаралық сақтандыру шарттары мемлекеттік шекараның бақылау-өткізу пункттерінде (БӨП) сақтандыру компанияларының қызметкерлері арқылы рәсімделуде.Алайда, 2025 жылғы 1 қазаннан бастапБӨП-те сақтандыру шартын рәсімдеу тоқтатылады.Енді шарттар тек алдын ала — tpl.az онлайн-платформасы немесе Әзірбайжан Республикасының аумағында қызмет ететін сақтандыру компаниялары арқылы ғана жасалатын болады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасынан Әзірбайжанға немесе транзит арқылы жүк тасымалын жүзеге асыратын көлік және логистика компаниялары жаңа талаптарды алдын ала ескеріп, жүргізушілер мен экспедиторларды ақпараттандыруы қажет.Бұл күтпеген жағдайлардың алдын алып, тасымалдау процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1070772?lang=kk
Шұғыл жиналыста балалардың жол қауіпсіздігі мәселесі қаралды 13.10.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев балалардың жол қауіпсіздігі бойынша шұғыл жиналыс өткізді. Оған құқық қорғау органдарының, облыстық басқармалармен департамент басшылары, қала және аудан әкімдері қатысты.Аймақ басшысы жеке балабақшаның тасымал көлігінің жол-көлік оқиғасына ұшырауы жауапты сала басшыларының жұмысты дұрыс үйлестірмеуінен болғанын қатаң сынға алып, тиісті шара қабылдауды тапсырды.«Бұған дейін жеке және мемлекеттік балабақшалардағы, мектептердегі тасымал мәселесі, балалардың жол қауіпсіздігі бойынша қала және аудан әкімдеріне, полиция департаментіне, білім басқармасына бірнеше рет тапсырмалар берген болатынмын.Дегенмен, жұмыс әлі күнге дейін өз деңгейінде дұрыс ұйымдастырылмады.Жеке балабақшалардың тасымал көліктерінде орын алып жатқан заңбұзушылықтар полиция органдары тарапынан бақылаудың жоқтығын көрсетеді.Қызылорда қаласы мен барлық ауданда ашылған Жедел басқару орталықтарының, әсіресе патрульдік полицияның жұмысын күшейту қажет. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты жағдайды қатаң бақылауда ұстаңыздар!Өңіріміздегі барлық білім беру ұйымындағы тасымал мәселесін шұғыл түрде жан-жақты тексеріп, талаптарға сай келмейтіндерді анықтап, тиісті шаралар қабылдаңыздар.Жол қауіпсіздігін, оның ішінде білім беру ұйымдары аумағындағы қауіпсіздікті қатаң бақылауға алып, тұрақты түрде рейд ұйымдастырыңыздар», – деді Н. Нәлібаев.Жиналыста облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов баяндама жасады.ІІМ бекіткен бұйрыққа сәйкес, балалар тасымалымен айналасатын көліктер екі есікті, ұстау құрылғысы және «Балалар тасымалы» деген жазуы бар, сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталған болуы тиіс.Осы бұйрықтың орындалуын тексеру барысында 29 заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 474-бабымен әкімшілік хаттама рәсімделіп, 75 көлік айып алаңына қойылса, 58 көліктің мемлекеттік белгісі тәркіленді.Жыл басынан тасымалдау ережесін бұзған жүргізушілерге қатысты 800-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Рейд жыл аяғына дейін жалғады.Сондай-ақ, жиналыста білім, мәдениет, спорт басқармаларына, Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне балалардың қауіпсіздігін тек білім беру ұйымдарында ғана емес, спорттық, мәдени-көпшілік шараларға қатысқан кезде де қатаң бақылауға алу міндеттелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1069466?lang=kk
📢 «Адал азамат»: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі – жаңартылған тәрбие бағдарламасы 13.10.2025
Бүгін «Адал азамат» тақырыбында Zoom-платформасында республикалық деңгейде маңызды брифинг өтті. Кездесуде отбасы, мектеп және қоғам арасындағы үйлесімділікті нығайтуға бағытталған жаңа тәрбие моделінің негізгі бағыттары талқыланды.Спикерлер:▫️ ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Қалмақов Ерлан Болатұлы;▫️ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы.Жаңа бағдарлама – жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік сынды қасиеттерді қалыптастыруға, ата-ана, мектеп пен қоғамның бірлесе жұмыс істеуіне бағытталған маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1069482?lang=kk
Салық саласындағы цифрлық қызметтерді түсіндіру 13.10.2025
2025 жылғы 16 қыркүйек Ұлан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерге арналған семинар өткізді e-salyq azamat, e-Salyq Business қосымшалары бойынша декларацияны тапсыру тәртібі мен мерзімдері мен тәсілдері.Іс-шараның мақсаты-салық саласындағы цифрлық қызметтерді түсіндіру, кәсіпкерлерді қолдау және көлеңкелі экономиканы қысқарту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1069531?lang=kk
Қазақстанда әмбебап банктерде «исламдық терезелерді» ашу жоспарлануда 13.10.2025
Банктер туралы жаңа заң исламдық қаржыландыруды дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған.Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын Парламент Мәжілісінде таныстыру барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова хабарлады. Заң жобалары Мемлекет басшысының 2024 және 2025 жылдардағы  Жолдауларын іске асыру мақсатында әзірленді.Бүгінгі күні Қазақстанда исламдық банк қызметін жүзеге асыруға жеке ислам банкін құру арқылы ғана жол беріледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда екі ислам банкі жұмыс істейді – шетелдік «Абу-Даби коммерциялық банкі» және қазақстандық Заман Банкі. Олардың банк жүйесінің активтері мен кредиттік портфеліндегі жиынтық үлесі 0,5%-дан аз.«Заң жобасында әмбебап банктерге қолда бар лицензиясы шеңберінде исламдық банк операцияларын «исламдық терезелер» арқылы жүзеге асыру құқығын беру көзделеді. Ол үшін Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Пәкістан, Бахрейн, Кувейт, Катар және Индонезияда кеңінен қолданылатын «исламдық терезелер» моделін пайдалану ұсынылады», – деп хабарлады Мәдина Әбілқасымова. «Исламдық терезелер» моделі банктерге жеке банкті құрмай, өз құрылымында арнайы бөлімшелер құру арқылы   исламдық өнімдерді ұсынуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.«Исламдық қаржының ерекшелігін ескере отырып, исламдық қызметті  ұйымдастырушылық тұрғыдан оқшаулау, активтер мен міндеттемелерді бөлек есепке алу және басқару, жеке қызметкерлерді бөлу, сондай-ақ қаржы өнімдерін бекітетін және аудит жүргізетін шариғатқа сәйкестік жөніндегі кеңестің болуы көзделген», – деп атап өтті Агенттік Төрағасы.Банктер туралы жаңа заң жобасында технологиялық өзгерістер, экономиканы қаржыландырудағы банк секторының рөлін арттыру, бәсекелестікті күшейту және нарыққа жаңа қатысушыларды тарту, сондай-ақ қаржылық-технологияларды ілгерілету және цифрлық активтердің айналымын ырықтандыру мәселелері ескеріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1069543?lang=kk
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі 13.10.2025
17-18 қыркүйекте Қазақстан Астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтуде.Бұл ауқымды халықаралық іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етеді.Форум жұмысына әлемнің 60 елінен 100-ден астам өкіл қатысады. Олардың ішінде әлемдік діндердің рухани көшбасшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, саясаттанушылар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері бар.Вьетнамды Вьетнамдық буддисттік Сангха басқарма кеңесінің Бас хатшысы, Төраға орынбасары Аса Құрметті Тхить Дык Тхиен ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1069546?lang=kk
Литва Парламентінде фотокөрме өтті 13.10.2025
2025 жылғы 17 қыркүйек, Вильнюс – Литва Республикасының Сеймінде «Ядролық қарусыздану және таратпау: Қазақстан жолы» атты фотокөрменің ашылуы өтті. Көрме Қазақстанның антиядролық тарихына және Семей ядролық сынақ полигонының қайғылы мұрасына арналған.Іс-шараны Қазақстанның Литвадағы Елшілігі Литва Сеймі жанындағы Қазақстанмен достық тобының қолдауымен ұйымдастырды. Ашылу салтанатына парламент депутаттары, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Сөз алған Литва Сеймінің депутаты, Қазақстанмен достық тобының төрағасы Юлиюс Сабатаускас: «Қазақстанның антиядролық қозғалыстағы көшбасшылығы халықаралық қауымдастықтың ерекше назарын аударуға лайық. Біз Астананың «қырғи-қабақ соғыс» пен сталиндік қуғын-сүргін мұрасын еңсеруге, сондай-ақ ядролық сынақтардан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге қосқан үлесін жоғары бағалаймыз», – деді.Қазақстанның Литвадағы Елшісі Тимур Оразаев Қазақстан бастамаларына қолдау білдіргені үшін литвалық тарапқа алғысын білдіріп, тарихи жадты сақтау және бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол бұл көрменің – Қазақстан халқы мен табиғаты төлеген зор құрбандықты еске салып, ядролық қарудан азат әлем құру жолындағы еліміздің адалдығының символы екенін айтты.Көрмеде Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардың гуманитарлық және экологиялық салдарын бейнелейтін 20-дан астам фотосурет қойылған. Экспозиция Литва Сеймінің Орталық холлында 22 қыркүйекке дейін ашық болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1069549?lang=kk
«Адал азамат: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі — Қазақстандағы тәрбиенің жаңа моделі» 13.10.2025
Бүгін, 2025 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де «Адал азамат: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі — Қазақстандағы тәрбиенің жаңа моделі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.Іс-шара аясында адал, жауапты және белсенді азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған жаңартылған тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды. Бұл азаматтар жоғары моральдық және патриоттық қасиеттерге ие болуы көзделген.Іс-шара спикерлері:• ҚР Білім және ғылым министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры — Қалмақов Ерлан Болатұлы;• Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті — Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы.Баспасөз конференциясы барысында спикерлер тәрбиенің жаңартылған моделі үш негізгі институт — отбасы, мектеп және қоғам бірлігінің қағидаларына негізделетінін, бұл өскелең ұрпақ үшін кешенді тәрбие ортасын құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға, ата-аналарға деген құрметті қалыптастыруға, мәдениетті мінез-құлыққа, азаматтық жауапкершілік пен еңбекқорлыққа ерекше назар аударылады. Бағдарламада педагогтар, ата-аналар және қоғамдық өкілдердің тәрбие міндеттерін жүзеге асырудағы белсенді рөлі де қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1069553?lang=kk
Қазақстан делегациясы Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы жанындағы Тұрақты өкілдер комитетінің отырысына қатысты 13.10.2025
Найроби, 2025 жылғы 16 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов БҰҰ Қоршаған орта мәселелері жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) штаб-пәтерінде өткен Тұрақты Өкілдер комитетінің 171-ші отырысына қатысты.Отырыстың қорытындысы бойынша Тұрақты өкілдер комитетінің 170-ші отырысының Хаттамасы және Тұрақты өкілдер комитеті субкомитетінің 12-ші жыл сайынғы отырысы төрағасының баяндамасы қабылданып, бағалау және аудит жөніндегі ЮНЕП есебі қаралып, БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының 7-ші сессиясына (Юнеа-7) дайындық барысы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, ЮНЕП 2026-2029 жж. арналған Орта мерзімді стратегиясының жобасы және 2026-2027 жж. арналған ЮНЕП Жұмыс бағдарламасы мен бюджетін әзірлеу мәселесі талқыланды.Кездесу барысында ЮНЕП Атқарушы директоры И.Андерсен ЮНЕП Орта мерзімді стратегиясы (2022-2025 жж.) және 2024-2025 жж. арналған Жұмыс бағдарламасын іске асыру мақсатында 2025 ж. екінші тоқсанында өткізілген негізгі жаһандық, аймақтық және ұлттық іс-шаралар туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының 2024 ж. 6-сессиясының қорытындысы бойынша қабылданған бағдарламалар мен қарарларды іске асыру барысы туралы ақпарат берілді.ҚР ЮНЕП жанындағы Елшісі және Тұрақты Өкілі Б.Садықов кездесу барысындағы өз сөзінде Бағдарламаның жаһандық экологиялық күн тәртібін ілгерілету жөніндегі жұмысының маңыздылығын ескеріп, Қазақстанның көпжақты дипломатия қағидаттарына адалдығына назар аударды. Сонымен қатар, делегаттар ҚР Президенті Қ.Тоқаев ұсынған 2026 ж. Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммиті (ӨЭС) мен Қазақстанда ШЫҰ Су мәселелерін зерттеу орталығын құру сияқты ҚР экологиялық бастамаларымен таныстырылды.ӨЭС өткізу бастамасын жүзеге асыру мақсатында қазақстандық тарап ЮНЕП, БҰҰ Еуропалық Экономикалық комиссиясы және Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығымен бірлесіп «Теңіздер мен көлдердің құрғауы – 21-ші ғасырдың жаһандық апаты. Каспий және Арал теңіздерін, сондай-ақ Африка, Америка, Еуропа және Азия өңірлерін мысалға ала отырып, мәселелерді шешу бойынша өңірлік шараларды қабылдау» тақырыбында ү.ж. 8-12 желтоқсанда өтетін БҰҰ Юнеа-7 Ассамблеясының аясында сайд ивенттің  өткізілетініне назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша ЮНЕП мүше мемлекеттері Юнеа-7 Ассамблеясы барысында бекіту үшін 2026-2029 жж. арналған Орта мерзімді стратегияны және 2026-2027 жж. арналған Жұмыс және бюджет бағдарламасын әзірлеу бойынша белсенді қадамдар жасауға келісті.Ақпарат: Тұрақты өкілдер комитеті БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының шешімдерінің орындалуын жүйелі түрде қарайтын, Жұмыс бағдарламасы мен бюджетті әзірлеуге басшылық жасайтын және олардың орындалуын бақылайтын, ЮНЕП хатшылығының жұмысын қадағалайтын БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының сессияаралық қосалқы органы болып табылады. Тұрақты өкілдер комитеті Басқарушы кеңестің 19/32 шешіміне сәйкес, Найробиде немесе басқа жерде орналасқанына қарамастан, БҰҰ барлық мүше мемлекеттердің, БҰҰ және Еуропалық Одақтың мамандандырылған мекемелерінің аккредиттелген өкілдерінен тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1069560?lang=kk
Шал ақын ауданының Аютас ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өткізілді. 13.10.2025
2025 жылдың 16 қыркүйекте Әділет органдарының қызметіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары К.А. Пилалов Шал ақын ауданының Аютас ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өткізілді.Кездесу соңында азаматтардың жеке қабылдауы өткізілді. Жеке қабылдауда азаматтар әділет органдарының қызметіне байланысты сұрақтарға толық жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1069568?lang=kk
Мәжбүрлеп орындату комитеті 4,4 млрд. теңгені құрайтын бұзушылықтарды анықтады. 13.10.2025
ҚР Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті жүргізген мониторинг нәтижесінде 42 мың атқарушылық іс жүргізу бойынша 4,4 млрд. теңге мөлшерінде өндіріп алушыларға ақшалай қаражаттарды аудармау фактісі бойынша заң бұзушылықтар анықталды.Комитеттің араласуынан кейін 34 мың. атқарушылық іс жүргізу бойынша 2,4 млрд. теңгеге азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Оның ішінде мемлекет кірісіне шамамен 279 млн. теңге өндіріп алынуы қамтамасыз етілді, бұл анықталған заң бұзушылықтардың жалпы санының 81%-ын құрайды.Жіберілген заң бұзушылықтар аясында 699 ЖСО қатысты әр түрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.Талдау көрсеткендей, көптеген жағдайларда заң бұзушылықтар заңнаманы қате қолданудан туындаған, яғни сот орындаушылары өндірілген қаражаттан өз қызмет ақыларын ұстап қалған. Аталған тәжірбие заңнама талаптарына қайшы келеді, себебі инкассалық өкімді қоюға тек бір рет және берешек шегінде ғана жол беріледі.Бұдан былай осындай заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Комитет өндіріп алушыларға ақшалай қаражаттарды аудару процесін автоматтандыру жұмыстары жүргізіледі. АІЖ ААЖ жүйесінде жаңа функционал (интернет-банкингке ұқсас) әзірленуде, ол қаражаттарды «Қазпошта» АҚ инфрақұрылымы арқылы аударуды көздейді.Бұл өндіріп алушыларға қаражатты уақытылы және нысанды түрде тікелей аударуды, сондай-ақ қаражат қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етеді, осылайша адами факторды және кідірістерді болдырмауды көздейді.Бұдан бөлек, қазіргі таңда Парламент Мәжілісінің қарауындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында өндіріп алушыларға ақшалай қаражатты аудару мерзімдерін заңнамалық тұрғыдан бекіту жұмыстары жүргізілуде.Өз кезегінде, Комитет тарапынан атқарушылық іс жүргізу тараптарының заңды мүдделерін негізсіз шектеу тәуекелдеріне жол бермеу бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1069573?lang=kk
«Кітап оқу көшбасшысы-2025» облыстық байқауы өтті 13.10.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ балалар әдебиетін кеңінен насихаттау,  оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Жетісу облысы кітапханалары арасында «Кітап оқу көшбасшысы-2025» облыстық байқауы өтті.Байқауға көркем сөз оқу шеберлігін игерген 12-13 жас аралығындағы аудан, қала мектептерінің 13 оқушысы қатысып бақ сынасты.Байқау үш кезеңнен тұрды.І кезеңде қазылар алқасы Жетісу табиғатына байланысты 10 сөз кездесетін қысқаша шығарма немесе эссе жазу.ІІ кезеңде шығармалардан екі үзіндіден беріледі, сол үзінді қай шығармадан екенін табады.ІІІ кезеңде «Сұрақтар керуені» тапсырмасында 10 автордың шығармаларынан жасырын ұяшықты таңдау арқылы 5 сұрақтан қойылды.Байқауға жетісулық ақын-жазушылар, журналистер Есболат Айдабосын, Мәди Алжанбай, Айдын Кәлімхан,  Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анар Доспайқызы және Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы директорының орынбасары Мадина Баймендинова әділ қазылық етті.Байқау қорытындысы бойынша Қаратал ауданы, Алмалы ауылы, Абай атындағы орта мектептің оқушысы Айша Алтынбек І дәрежелі, Сарқан ауданы, Нмколай Островский атындғы орта мектептің оқушысы Еңлік Сәулебай ІІ дәрежелі, Ескелді ауданы, Қайнарлы ауылы, Қаблиса жырау атындағы орта мектеп оқушысы Ұлжан Жанарқызы ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.Байқауға қатысқан барлық үміткерлер мен жетекшілеріне алғыс хаттар мен арнайы марапаттар берілді.             Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1069595?lang=kk
Халықаралық инвестициялық форумы 13.10.2025
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек «Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.Форумның мақсаты:Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.Форумның міндеттері:Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік  және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-karzhy/press/news/details/1069603?lang=kk
Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару 13.10.2025
Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:төлем құжатында:салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;орналасқан жері бойынша салық және бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомасы төленуге тиіс салық органының сәйкестендіру нөмірінің орнына басқа салық органының сәйкестендіру нөмірі көрсетілген;төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;ақша жөнелтуші - салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;ақша жөнелтуші - салық төлеуші салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын кездегі сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1069605?lang=kk
Қарағандыда әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өткен жарыстардың қорытындысы шығарылды 13.10.2025
ҚР Қарулы күштерінің XXII спартакиадасы аясында «Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу орталығы базасында әскери-спорттық кешенінің үшсайыс және көпсайыс бойынша чемпионаттары өтті.Көпсайысқа автоматтан ату, граната лақтыру (қашықтыққа), белтемірге тартылу, 100 және 3000 метрге жүгіру жатса, үшсайыс бағдарламасына автоматтан ату, граната лақтыру және 400 метрлік кедергілер жолағын еңсеру кірді.«Спасск» оқу орталығында өткен бұл чемпионаттарға Қарулы күштер түрлері мен әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, сондай-ақ жоғары әскери оқу орындарының командалары қатысты.– Мұндай жарыстар – тек күш пен төзімділікті, бірлік пен командалық рухты сынау ғана емес. Олар әскери қызметшілердің кәсіби және жеке дамуына жол ашып, үлкен серпін береді. Қарсыласпен әділ бәсекелестік мінезді шыңдап, жауынгерлік бауырластықты қалыптастырады. Сонымен қатар, әрбір қатысушының өзіне деген сенімін арттырады. Бұл – жай спорт қана емес, бұл – Отан қорғаушының жолында кез келген сын-қатерге дайын болуға бағытталған маңызды дайындық, – деп атап өтті жарыстың бас төрешісі, ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары подполковник Мирхат Химеденов.Бәсекелестік жағдайында өткен көпсайыста жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері иеленді. Екінші орын 32039 әскери бөлімінің өкілдеріне бұйырса, үшінші орынды Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамасы еншіледі.Жеке есепте алтын медальді «Оңтүстік» ӨңҚ өкілі 3-сыныпты сержант Евгений Нам жеңіп алды. Күміс медаль 32039 бөлімінің жауынгері сержант Ақпейіл Күтуевке бұйырса, қола жүлдені Десанттық-шабуылдау әскерлерінен аға лейтенант Шыңғыс Құдайбергенов иеленді.Белтемірге тартылу жаттығуларында 3-сыныпты сержант Евгений Нам («Оңтүстік» ӨңҚ) үздік шықса, атыста 3-сыныпты сержант Марат Ибраимов («Шығыс» ӨңҚ) жеңімпаз атанды. 32039 әскери бөлімінің өклдері сержант Нұржан Іскендір қашықтыққа граната лақтыруда ең жоғары нәтиже көрсетсе, үш шақырымға жүгіруде сержант Ақпейіл Кутуев мәреге алғашқы болып жетті. Ал жүз метрге жүгіруде сержант Қозыбай Амантаев алдына жан салмады.Үшсайысқа 14 команда қатысты. Оның қорытындысы бойынша бірінші орынды Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері иеленді. Екінші орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командасы, ал үшінші орынды «Оңтүстік» ӨҚ өкілдері еншіледі.Жеңімпаздарға кубоктар, құрмет грамоталары, жалаулар мен медальдар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1069610?lang=kk
Мемлекеттік сатып алудың өмірлік циклі 13.10.2025
Мемлекеттік сатып алу — бұл бір реттік әрекет емес, бірнеше кезеңнен тұратын тұтас процесс. Бюджет қаражаты ашық әрі тиімді жұмсалуы үшін әрбір сатып алу бірдей өмірлік циклден өтеді — жоспарлаудан бастап шартты орындауға дейін. ЖоспарлауБарлығы қажеттіліктен басталады. Ұйым (мектеп, аурухана, әкімдік) өзіне не қажет екенін анықтайды: азық-түлік, дәрі-дәрмек, техника, жөндеу қызметтері немесе құрылыс. Бұл қажеттіліктер жылдық сатып алу жоспарына енгізіліп, жүйеге жарияланады. Сатып алуды жариялауУақыты келгенде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу порталында хабарландыру орналастырады. Онда сатып алу нысаны, қатысу шарттары, өтінім беру мерзімдері көрсетіледі. Осы сәттен бастап кез келген компания немесе ЖК құжаттармен танысып, қатысуға дайындала алады. Өтінімдерді қабылдау және қарастыруЖеткізушілер өз ұсыныстарын электрондық түрде береді. Өтінімдерді комиссия немесе жүйе автоматты түрде (сатып алу тәсіліне байланысты) қарайды. Бұл кезеңде қатысушының талаптарға сәйкестігі, құжаттардың дұрыстығы, ұсыныстың тапсырыс берушінің қажеттілігіне сай болуы тексеріледі. Жеңімпазды анықтауСатып алу тәсіліне байланысты:аукционда ең төмен баға ұсынған жеңімпаз болады;конкурста баға ғана емес, сонымен қатар сапа, тәжірибе, орындау шарттары бағаланады;баға ұсыныстарын сұратуда қарапайымдылық пен талаптарға сәйкестік маңызды.Шешім хаттамаларда бекітіліп, жүйеде жарияланады және барлығына қолжетімді болады. Шарт жасасуЖеңімпазбен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы электрондық шарт жасалады. Онда мерзімдер, баға және тараптардың міндеттемелері көрсетіледі. Шарт ЭЦҚ-мен қол қойылған сәттен бастап заңды күшіне енеді. Шартты орындауБұл кезеңде жеткізуші өз міндеттемелерін орындайды: тауар жеткізеді, қызмет көрсетеді немесе жұмыс атқарады. Тапсырыс беруші өз кезегінде нәтижені қабылдап, оны бюджет есебінен төлейді. Бақылау және аяқтауШарт орындалғаннан кейін жабылады. Егер бұзушылықтар (мысалы, сапасыз тауар немесе мерзімдердің сақталмауы) анықталса, санкциялар қолданылады. Сондай-ақ уәкілетті органдар тарапынан шағымдар мен тексерулер болуы мүмкін.Қорытынды:Мемлекеттік сатып алудың өмірлік циклі — бұл ашық тізбек: қажеттілік → хабарландыру → өтінімдер → жеңімпаз → шарт → орындау → бақылау. Осы арқылы мемлекет қажетті тауарлар мен қызметтерге қол жеткізеді, ал бизнес ашық жағдайда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sp/press/news/details/1069637?lang=kk
Қарулы күштерде ең үздік сержантты анықтайтын XV бүкілармиялық байқау өтіп жатыр 13.10.2025
«Мен сияқты істе, менен де жақсы істе» ұранымен өтетін кіші командирлер арасындағы жалпыармиялық турнир Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің «Амандық» оқу орталығында ұйымдастырылуда.Бұл – Қарулы күштер аясындағы сержанттар құрамының рейтингін анықтауға бағытталған жыл сайынғы сайыстың үшінші кезеңі. Алғашқы екі кезең әскери бөлімдер мен өңірлік қолбасшылықтар, әскер тектері, ҚР ҚК бас басқармалары мен  басқармалары деңгейінде өткізілді.Сержанттар – әскери бөлімдердің тірегі. Себебі кіші командирлер жауынгерлердің күнделікті қызметіне басшылық жасап, олардың тәрбиесі мен тәртібін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сарбаздар мен офицерлер арасындағы дәнекер буын болып саналады. Сондықтан мұндай спорттық және әскери-қолданбалы жарыстардың басты мақсаты – жеке құрамды даярлаудың заманауи әдістерін қалыптастыру.– Сержант – командирдің бірінші көмекшісі. Байқаудың Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде өткізіліп жатқаны да кездейсоқтық емес. Өйткені дәл осы оқу ордасы болашақ кіші командирлерді даярлайды, – дейді Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов. – Жеңімпаздар арнайы сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ең бастысы, олар жоғары лауазымға көтерілетін артықшылыққа ие болады.Байқаудың басты міндеті – Қарулы күштер арасынан ең үздік сержанттар мен старшиналарды анықтау, олардың жауынгерлік даярлықты қамтамасыз етудегі білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге бағытталған тиімді әдістерді әскери оқу жүйесіне енгізу. Мұндай жарыстар кіші командирлер арасында үздіктердің жетістіктерін насихаттап, алдыңғы қатарлы тәжірибені әскерге кеңінен таратуға жол ашады.Бүкілармиялық деңгейде өтіп жатқан үшінші кезең аясында «Айбын» әскери-спорттық сайысы, «Бағдар» әскери топографиядан бәсеке, «Жәрдем» тактикалық медицинадан жарыс, «Қайсар» әскери-кәсіби тапсырмасы өтеді. Сонымен қатар, сержанттар «Білімпаз» тестін тапсырып, атыс шебінде мергендігін көрсетеді, тактикалық дайындық бойынша білімдерін дәлелдейді және қоян-қолтық ұрыстан шеберліктерін сынайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1069639?lang=kk