Қоғам
«Желқанат – даланың серігі» 04.09.2025
Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қазақ халқының ежелден келе жатқан асыл қазынасының бірі – тазы мен төбетке арналған «Желқанат – даланың серігі» атты итбегілік шарасы ұйымдастырылды.Қырағы төбет пен жүйрік тазыны баптап, қансонарға қосқан нағыз итбегілер мен құсбегілер – Манай Мамырхан, Мамырхан Абудурашид, Қалымбек Нұрасыл, Қайрат Дюсимбинов, Хайтжанов Архат өздерінің тазы-төбеттерін, бүркіттерін баптау сырларымен және жарысқа дайындау әдістерімен оқырмандармен бөлісті.Ұлттық құндылықтарды дәріптеген бұл шарада арнайы кітап көрмесі қойылды. Онда тазы мен төбеттің әртүрлі тұқымдары, қазақтың аңшылық өнері жайлы әдебиеттер мен тарихи деректер таныстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1062003?lang=kk
Қажет бизнес үшін несие бірақ жетіспейді кепіл? 04.09.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1062008?lang=kk
Қазақстанның ХҚКО-лары #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджіне қатысты 04.09.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай өткен #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджінің аяқталғанын хабарлайды. Бұл бастама «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылды.Акция барысында аймақтық халыққа қызмет көрсету орталықтарында 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәліктер салтанатты түрде табысталды. Бұл қадам олардың ресми түрде елдің азаматтық өміріне қадам басқанын білдіріп, әрбір азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызын айқындады.Сонымен қатар, Астанада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы алаңында Конституциялық Сот пен Ішкі істер министрлігінің өкілдерінің қатысуымен жасөспірімдерге, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматтығын алғандарға құжаттарды табыстау рәсімі өтті.Аймақтарда челлендждің ХҚКО филиалдарының мемлекеттік органдар және қоғам өкілдерімен бірлесе ұйымдастырылуы оның ауқымын кеңейте түсті.Маңыздысы, челлендж өткен аралықта ел бойынша 229 азамат алғашқы жеке куәлікке ие болды, сондай-ақ, онлайн-өтініш арқылы 310 құжат табысталды.Осылайша, #ATAZAN_AZAMAT_KZ челленджі Конституцияның 30 жылдығына арналған іс-шаралар кешенінің бір бөлігіне айналды. Бастаманың жүзеге асырылуы азаматтық жауапкершілік пен патриотизм құндылықтарын нығайтуға ықпал етіп, құқықтық мәдениеттің дамуына және тұрақты мемлекеттің қалыптасуына жастардың қосар үлесін айқындады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1063264?lang=kk
Тяньцзиньде Қазақстан бизнесінің жаңа өкілдігі ашылды 04.09.2025
Тяньцзиньдегі Халықаралық сауда және кеме қатынасы сервис орталығында 100 шаршы метрлік Kazakhstan Hall кеңсесі ашылды. Мұнда азық-түлік өнімдері басты орынға шығарылып, кеңсе Қазақстан бизнесінің Қытайдағы ресми өкілдігіне айналмақ. Кеңсе 2025 жылғы маусымда Астанада QazExportPromotion қоры мен Қытайдың Silvery Dragon Group Technology and TradeCo., Ltd. компаниясы арасында қол қойылған меморандум нәтижесінде ашылды. Бүгінде Kazakhstan Hall әзірге пилоттық форматта жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта көрме залы жаңа тауарлармен толықтырылып, QazTrade өкілдігі мәртебесін алу үшін құжаттар рәсімделіп жатыр. Ресми ашылу салтанаты осы жылдың күзіне жоспарланған. QazTrade, сауда саясатын дамыту орталығының мәліметінше, Қазақстан мен Тяньцзинь арасындағы тауар айналымы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2023 жылы ол $347,9 млн құраса, 2024 жылы $474 млн-ға дейін ұлғайды. Тяньцзинь – Шанхай ынтымақтастық ұйымының басты сауда хабы. Қала порт арқылы жүк тасымалдау мен логистикалық қызмет ұсынады. Қазақстан бұл жобаға қосылу арқылы ШЫҰ елдері үшін арнайы «жасыл дәлізді» пайдалану, Азия мен Еуропаны байланыстыратын мультимодальды бағыттарға шығу мүмкіндігіне ие болды. «Тяньцзиньдегі QazTrade кеңсесінің ашылуы – біз үшін үлкен жаңалық. Тяньцзинь порты арқылы әлемнің кез-келген еліне тауар жеткізу оңай, әрі жылдам болмақ. Сонымен қатар өкілдігіміз арқылы Қытай нарығында цифрлық сауданы дамытуға және инвестиция тартуды жоспарлар отырмыз», – деді QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1061934?lang=kk
Пусан қаласының полициясы 04.09.2025
🇰🇿🤝🇰🇷Пусан қ., 2025 жылғы 4 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Пусан қалалық полиция департаментінің жаңадан тағайындалған бастығы, мырза Квон Тхэк-Сонмен кездесу өткізді.🤝 Тараптар қауіпсіздік, азаматтардың құқықтарын қорғау және екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың болашағын талқылады.Бас консулдық қазақстандықтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Корея Республикасының құқық қорғау органдарымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдіреді.🇰🇿🤝🇰🇷Busan, September 4, 2025 - The Consul General of the Republic of Kazakhstan in Busan held a meeting with the newly appointed Chief of Busan Metropolitan Police, Mr. Kwon Taek-Son.🤝 The parties discussed prospects for cooperation in the areas of security, protection of citizens’ rights, and strengthening bilateral collaboration.The Consulate General expressed its readiness to continue active engagement with the law enforcement authorities of the Republic of Korea in order to safeguard the legitimate interests and rights of Kazakh citizens.🇰🇿🤝🇰🇷Пусан, 4 сентября 2025 года - Генеральный консул Республики Казахстан в городе Пусан провёл встречу с недавно назначенным начальником управления полиции г. Пусана, господином Квоном Тхэк-Соном.🤝 Стороны обсудили перспективы взаимодействия по вопросам безопасности, защиты прав граждан и укрепления двустороннего сотрудничества. Генеральное консульство выражает готовность продолжать активное взаимодействие с правоохранительными органами Республики Корея в целях обеспечения законных интересов и прав казахстанцев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1061913?lang=kk
Вьетнам Социалистік Республикасының Бас консулының ілтипат білдіру сапары 04.09.2025
🇰🇿🤝 🇻🇳Пусан қ., 2025 жылғы 4 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығында Вьетнам Социалистік Республикасының Бас консулы Доан Фыонг Ланның ілтипат білдіру сапары өтті.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және өзара іс-қимылдың болашағын талқылады.🇰🇿🤝 🇻🇳Busan, September 4, 2025 - At the Consulate General of the Republic of Kazakhstan in Busan, a courtesy visit was paid by the Consul General of the Socialist Republic of Vietnam, Ms. Doan Phuong Lan.During the meeting, the parties discussed issues of bilateral cooperation and prospects for further interaction.🇰🇿🤝 🇻🇳Пусан, 4 сентября 2025 года – В Генеральном консульстве Республики Казахстан в городе Пусан состоялся визит вежливости Генерального консула Социалистической Республики Вьетнам госпожи Доан Фыонг Лан.В ходе встречи стороны обсудили вопросы двустороннего сотрудничества и перспективы взаимодействия.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1061917?lang=kk
Алматыда қытай композиторы Сянь Синхайдың 120 жылдығына концерт өтті 04.09.2025
2025 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қытайдың аса көрнекті халық композиторы Сянь Синхайдың туғанына 120 жыл және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты концертке қатысып, сөз сөйледі.Концертті Қытай Халық Республикасының Алматы қ. Бас консулдығы ұйымдастырды.Өз сөзінде Елші қытай композиторы мен қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтың достығы екі халық арасындағы мәдени және рухани бірліктің символы екенін атап өтті.Екі елдің композиторларының шығармашылық мұрасы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі дамыту үшін берік негіз болып табылатынына ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1061884?lang=kk
2025 жылдың қыркүйек айына арналған салық күнтізбесі 04.09.2025
2025 Ж. ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕСАЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ БОЙЫНША 2025 ж. 15 қыркүйек:250.00 нысаны – 2024 жылғы 31 желтоқсандағыжағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларация;270.00 нысаны – 2024 жылға кірістер мен мүлік туралы декларация;400.00 және 421.00 нысандары – шілде айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.2025 ж. 22 қыркүйек:саны – тамыз айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША 2025 ж. 22 қыркүйек:Тамыз айына ЕАЭО-да ҚҚC;Тамыз айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.2025 ж. 25 қыркүйек:270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияға сәйкес жеке табыс салығы (ЖТС);Қыркүйек айына КТС бойынша аванстық төлемдер;Тамыз айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;Тамыз айында төленген табыстардан КТС, ЖТС;Тамыз айына арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК табыстарынан ЖТС;Радиожиілік спектрін пайдалану, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсыну, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдалану, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін ағымдағы төлемдер;Тамыз айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1061830?lang=kk
Әуе көлігімен жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары 04.09.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешіміне сәйкес кедендік баждар, жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын салықтар төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарлар санаттарының бірыңғай мөлшерлемелері белгіленген.Жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттары және оларды әкелу тәсілдері: көліктің әуе түрімен алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажбен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар.Әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары: құны 10 000 еуроға баламалы сомадан асады және (немесе) салмағы 50 кг-нан асады.Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелері: құн нормасынан асып кету бөлігінде құнның 30 пайызы, бірақ салмақ нормасынан асып кету бөлігінде 1 кг салмақ үшін кемінде 4 Еуро.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1061849?lang=kk
«Азаматтарға арналған үкімен» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының АХАТ бойынша Петропавл қаласы бөлімінің қызметкерлеріне «Мемлекеттік тіл: бірлік және даму құралы» тақырыбында дәріс өткізді. 04.09.2025
Дәріс нәтижесінде мемлекеттік тілдің өмірдің түрлі салаларындағы ұстанымдарын нығайту бойынша одан әрі жұмыс істеу қажеттігі туралы жалпы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1061798?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатының қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына мүшесін сайлау туралы ХАБАРЛАМАСЫ 04.09.2025
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10, 19-баптарына сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының мәслихаты қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына мүшесін сайлау туралы хабарлайды.Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.Мәслихатқа қағаз нысанында ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 14 қазанға дейін дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Өскемен қалалық мәслихатыАлександр Александрович Светаш – Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы.Мәслихаттың орналасқан жері: Өскемен қаласы, Пермитин к-сі, 17.Жауапты тұлғалар – Бражникова Надежда Андреевна, № 205 каб., қалааралық телефон коды (87232), тел. 26-29-00, электрондық пошта мекенжайы: na.brazhnikova@akimvko.gov.kz Өскемен қалалық мәслихаты қалалық сайлау комиссиясының мүшесін сайлайды: Р/с № Сайлау учаскесінің нөміріСайлау комиссиясының тұрған орны Сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына сайланатын мүшелерінің саныҚалалық сайлау комиссиясы 1 Өскемен қаласыҚ.Қайсенов көшесі,10а1 Өскемен қалалық мәслихатыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1072764?lang=kk
Жаңа салық кодексіндегі жалпы өзгерістер мен жаңашылдықтары 04.09.2025
03.09.2025 года Управлением государственных доходов по Зайсанскому району проведен семинар на тему «Общие изменения и новшества в новом налоговом кодексе». На все вопросы даны ответы , предложения приняты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1061756?lang=kk
Түркия Президенті Қазақстан Ресупбликасының ІІМ Ұлттық ұлан офицеріне диплом табыстады 04.09.2025
Түркия Республикасының астанасы — Анкарада Жандармерия және жағалау күзеті Академиясы түлектерінің салтанатты шығарылымы өтті. Түлектер қатарында – Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланынының тоғыз жас офицері де бар.Іс-шараның мәртебелі қонағы ретінде Түркия Республикасының Президенті қатысты. Режеп Тайып Ердоған Ұлттық ұланның лейтенанты Асхат Сұлтанахметке Академия дипломын өз қолымен табыстады. Бұл оқиға Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі болды.Түркия тарапының ресми шақыруы бойынша салтанатты рәсімге еліміздің құқықтық тәртіп әскерінен арнайы делегация қатысты. Делегацияны Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков бастап барды.Сапар барысында қазақстандық өкілдер Жандармерия және жағалау күзеті Академиясының жеке құрамды даярлау жүйесімен және заманауи әскери білім беру әдістемелерімен танысты. Сонымен қатар делегация Жандармерияның Логистика қолбасшылығында, арнайы мақсаттағы JÖAK бөлімшесінің оқу орталығында, сондай-ақ байланыс электрондық жүйелері мен ақпараттық жүйелерді басқару орталығын көрді.Сапар барысында Аңсаған Скендірұлы Жандармерияның Бас қолбасшысы армия генералы Али Чардакчымен кездесті.Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының Түркияға сапары әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам.Бұл сапар тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мен Түркия Жандармериясы арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға жол ашты. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1061772?lang=kk
Әскери қызметшілердің 300-ден астам баласы «Балдәурен» орталығының жазғы лагерлерінде демалды 04.09.2025
Жазғы демалыс – тек тынығу емес, тәрбиенің бастауы. Отан алдында абыроймен қызмет етіп жүрген әскери қызметшілердің балалары биылғы жазда ерекше қуанышқа кенелді.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің қолдауымен және Қарулы күштер әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен 300-ден астам бала «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының лагерлерінде демалып қайтты.Өткен жазғы маусымда Конаев қаласындағы орталықта, сондай-ақ Түркістан, Щучинск және Балқаш қалаларындағы филиалдарда барлығы 317 бала тынығып, білім мен тәрбиеге толы қызықты күндерді өткерді.– Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум өз жемісін беруде. Мұнда балалар тек денсаулықтарын нығайтып қана қоймай, бойларына ұлттық құндылықтар мен патриоттық рухты сіңіреді. Жаңа достар тауып, таным көкжиегін кеңейтеді, өмірлік маңызды қарым-қатынас машықтарын меңгереді. Мұның бәрі олардың болашағына мол серпін беретін тәжірибе, – деп атап өтті Қарулы күштердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі Тәттігүл Смағұлова.Жаңа оқу жылында да «Балдәуреннің» есігі балаларға айқара ашық болмақ. Филиалдарға жаңа топтар келіп, олар үшін тек сауықтыру мен танымдық шаралар ғана емес, әскери-патриоттық бағыттағы тәрбие жұмыстары мен мектеп бағдарламасына сай оқу курстары да ұйымдастырылады. Бұл мақсатта орталықта барлық жағдай жасалған.Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері арасындағы келісім аясында жыл сайын әскери қызметшілердің мыңнан астам баласы «Балдәурен» орталығы мен оның филиалдарында демалуға мүмкіндік алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1061715?lang=kk
2025 жылы декларация тапсыру: кіріс пен мүлік туралы декларацияны кімдер ұсынуға міндетті 04.09.2025
Кіріс пен мүлік туралы декларация: 2025 жылғы талаптарМаңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылы жалпыға бірдей декларациялауды енгізу шеңберінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті есепті салық кезеңінде туындайды.2025 жылы жалпыға бірдей декларациялауды енгізу шеңберінде есепті салық кезеңіндегі кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті.Декларация ұсынуға міндетті тұлғалар:Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;Банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталдағы үлесінің (Акционерлік қоғамдар акцияларының) 10%-дан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары;Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);Дара кәсіпкерліктен түсетін кірістерді қоспағанда, дербес салық салуға жататын кірістер (мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен жасалатын операциялардан түсетін кірістер; төлем көзінен салық ұсталмаған өзге де кірістер) алған адамдар;Шетелдік банктердегі шоттарында 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын қаражаты бар тұлғалар;Шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын);Меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;2024 жылы 20 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада (2025 жылы - 78 640 000 теңге) мүлік сатып алған тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде.Декларация тапсыру мерзімі: 2024 жылғы есепті кезең бойынша декларация 2025 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей, тұлғаның тұрғылықты жері бойынша ұсынылуы тиіс. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру тәсілдері:Жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны электрондық форматта: мемлекеттік кірістер комитетінің порталы, Электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ e-Salyq Azamat, eGov Mobile, HALYK, Kaspi.kz. BCC.KZ немесе қағаз жүзінде тапсырады.Маңызды ескерту: декларацияны уақтылы тапсырмау немесе толық емес мәліметтерді ұсыну заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1063885?lang=kk
Қазақстан Елшісі бельгиялықтар Королі Филиппке сенім грамоталарын тапсырды 04.09.2025
Брюссель, 2025 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко Бельгия Королі Филиппке сенім грамоталарын табыс етті.Лакен сарайында – Бельгия корольдік әулетінің ресми резиденциясында өткен аудиенция барысында Король Филипп Қазақстан халқы мен Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа амандық, береке-бірлік пен өркендеу тілектерін жеткізіп, 2021 жылғы оның Брюссельге сапарын және қазақстандық көшбасшымен өткен мазмұнды келіссөздерін жылы лебізбен еске алды. Монарх тақ мұрагері ретінде Қазақстанға жасаған үш сапарын атап өтіп, еліміздің бай мәдениеті мен тарихынан, даму әлеуетінен алған ең жарқын әсерлерімен бөлісті.Сұхбаттастар Қазақстан-Бельгия қарым-қатынастарының қазіргі жағдай мен перспективаларын талқылады. Бүгінде бұл қатынастар тұрақты даму серпінін көрсетіп отыр.Елші Бельгияның Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктесі екенін растап, ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде жасыл технологияларды, цифрландыруды, көлік логистикасын, ғылым мен білім салаларын атап өтті. Мәдени-гуманитарлық алмасу, оның ішінде спорт екіжақты күн тәртібінде ерекше орын алады. Осы тұрғыда Елші 7 қыркүйекте Брюссельде өтетін Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы футбол матчының екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға септігін тигізетін спорттық дипломатияның айқын көрінісі ретіндегі символдық мәнін атап өтті.Король Филипп Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға беріп, орнықты даму, инновациялар және аэроғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін зор әлеует бар екеніне аса мән берді.Тараптар, сондай-ақ қазіргі халықаралық күн тәртібін талқылап, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көпжақты өзара іс-қимылды ілгерілету және БҰҰ Жарғысына негізделген халықаралық қатынастар жүйесін нығайту жолындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын жеткізді.Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өзара құрмет пен ашықтық ахуалында өтіп, саяси диалогты тереңдету, экономикалық байланыстарды нығайту және халықаралық аренада ортақ құндылықтарды ілгерілетуге екі тараптың ұмтылысын айқындады.1) Король Филипп тақ мұрагері ретінде Қазақстанға 2002, 2009, 2010 жылдары барған; 2) 2025 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 299,2 млн АҚШ долларын құрады. 2024 жылы тауар айналымы 456 млн АҚШ долларын (экспорт – 210 млн, импорт – 246 млн) құрады. 2024 жылы Бельгиядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар жалпы ағыны 1,206 млрд АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан 2024 жылға дейін инвестициялар көлемі 13,95 млрд АҚШ долларына жетті. Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысуымен 76 кәсіпорын жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1061691?lang=kk
30 жылдық тұрақтылық пен даму: Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекеттіліктің негізі 04.09.2025
Биыл Қазақстан Республикасы мемлекеттіліктің, тұрақтылықтың және дамудың негізіне айналған Конституцияның – Ата Заңның қабылданғанына 30 жыл толуын атап өтуде. Осы 30 жыл ішінде Конституция еліміздің тұрақты ілгерілеуін және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етіп, өзінің өзектілігін дәлелдеді.Тәуелсіздік алған және Конституция қабылданған сәттен бастап мемлекетті нығайтуда мемлекеттік кірістер органдары ерекше рөл атқарады. Олар 30 жыл ішінде жеке салық және кеден қызметтерінен еліміздің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қуатты және заманауи құрылымға айналды.Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдары – салықтарды және кедендік рәсімдерді әкімшілендіруді жетілдіру үшін озық технологияларды қолданатын заманауи әрі тиімді құрылым. Олардың қызметі экономикалық тұрақтылықтың кепілі болып табылады және бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді, ал мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті бюджетті қалыптастыра отырып, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды.Мемлекеттік кірістер органдары елімізге одан әрі өркендеу, ал әрбір азаматқа бейбітшілік, бақыт және ертеңгі күнге деген сенім тілейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1061671?lang=kk
Салық төлеушілердің дебиторлық берешегі есебінен салық берешегін өтеу 04.09.2025
Қолданыстағы заңнамада салық төлеушілердің дебиторлық берешегі есебінен салық берешегін өтеу механизмі көзделген. Аталған құрал бюджет алдындағы берешекті азайтуға және салық міндеттемелерінің неғұрлым тиімді орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Егер борышкерде мерзімі өткен дебиторлық берешек анықталса, салық органдары оны өндіріп алу рәсімін бастауға және алынған қаражатты салықтық міндеттемелерді өтеуге бағыттауға құқылы. Сонымен қатар, бұл механизмді қолдану белгілі бір тәуекелдермен байланысты: қарсы тараптармен даулар, сот талқылаулары және компаниялар қызметіндегі қаржылық қиындықтар. Аталған рәсімдерді реттеу Қазақстан Республикасының Салық кодексі мен азаматтық заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылады. Тәуекелдерді төмендету мақсатында бизнеске дебиторлық берешекті уақтылы есепке алып, оны құжатпен растау ұсынылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1061644?lang=kk
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР жаңартылған Салық кодексі күшіне енеді және ең негізгі білу қажеті. 2026 жылдан бастап Қазақстанда салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері өзгереді 04.09.2025
Салық төлеушінің жаңа құқықтары:Ұсынылған құжаттар негізінде өз міндеттемелері бойынша түсініктеме алу құқығы қамтамасыз етіледі. Деңгейлес мониторингке қатысушылар үшін жоспарланған мәмілелер бойынша алдын ала түсініктемелер алу мүмкіндігі пайда болады. Белгіленген тәртіп бойынша салық төлеу мерзімін ұзартуға өтініш беру құқығы қарастырылған. Белгілі бір жағдайларға биометриялық сәйкестендіру енгізілді. Билік ету шектелген мүліктің (табиғи тозуды қоспағанда) өзгеріссіз күйде сақталуын қамтамасыз ету. Қоғамдық тамақтану және сауда объектілері үшін:Кассаныңжанындажәнекөрінетінжерде салық төлеушініңтөлқұжатын(бизнестуралымәліметтерібарақпараттықкарта)орналастыру міндеті енгізілді. БұлтөлқұжатМемлекеттіккірістеркомитетініңсайтындаорналастырылады. Құқықтардан не алынып тасталды:Қағаз бланкілерін және салық есептілігінің бағдарламалық қаматамасыз етуді тегін алу.Деңгейлес мониторинг нәтижелеріне шағымдану құқығы.Ақпараттық жүйеден контрагенттің сенімділігі мен адалдығы туралы ақпарат алу.Салық органына хабарламалар үшін телефондары мен e-mail-ды хабарлау мүмкіндігі.Салық агенттері интернет-платформа операторы атынан осыдан былай арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтарды ұстамайды. Өзгерістердің мақсаты: ашықтықты арттыру, көлеңкелі экономиканы төмендету, дербес деректерді қорғау, мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылды оңайлату. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1061650?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясының өнеркәсіп саласы өкілдерінің кездесуі: ұзақ мерзімді әріптестікке қадам 04.09.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС мен «National Industrialization Company (Tasnee)» басшылығының кездесуі өтті.«KPI Inc.» ЖШС Бас директоры Дамир Әшімовтің «Tasnee» компаниясының Бас атқарушы директоры Фауаз Әл-Фауазбен ресми келіссөздері барысында тараптар өнеркәсіптік өндіріс саласындағы ынтымақтастықты ілгерілетудің нақты қадамдарын белгілеп, тәжірибе мен технология алмасу мәселелерін талқылады.Іскерлік байланыстарды нығайтуға, заманауи шешімдерді енгізуге және ұзақ мерзімді әріптестік үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылды.Сұхбаттасушылар қол жеткізілген уағдаластықтардың екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі болатынына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға практикалық үлес қосатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1061607?lang=kk