Enbekshi QazaQ

Қоғам

Алматы облысында жастар саясаты қарқынды жүзеге асырылып жатыр 05.08.2025
Алматы облысында мемлекеттік жастар саясаты бірізді әрі белсенді түрде іске асырылуда. Тек өткен аптада өңірде 3000-ға жуық жасты қамтыған 40-тан астам іс-шара ұйымдастырылды.Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбекші жастарды қолдауЖұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбекші жастар арасында мини-футболдан аудандық іріктеу турнирлері аяқталды. Финалдық ойындар тамыз айының ортасында өтеді деп жоспарлануда.Экологиялық тәрбие – басты назарда«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында облыста 7000-ға жуық жастың қатысуымен 60-қа жуық экологиялық акция өткізілді. Бұл шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталған.«Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмысқа кірісті1 тамыздан бастап «Жасыл ел» бағдарламасы аясында облыстың барлық қала-аудандарында 1000 жас маусымдық еңбекке тартылды. Жоба жастардың еңбек дағдыларын дамытуға және қоғамдық өмірге белсене қатысуына септігін тигізуде.Әскери-патриоттық тәрбиеЖас буын арасында патриоттық сана қалыптастыру мақсатында шекара заставаларында және әскери бөлімдерде ашық есік күндері ұйымдастырылды. Жастар үшін экскурсиялар мен әскери қызметшілермен кездесулер өтті.Жастардың еңбек құқықтарын қорғауСауда орындары мен базарларда ресми емес түрде жұмыс істейтін жастармен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 112 жас ресми түрде еңбек келісімшарттарын жасап, заңды түрде жұмысқа орналастырылды.Құқық бұзушылықтың және тәуелділіктің алдын алуЖастар арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, құмар ойындарға тәуелділік пен суицидтік көңіл-күйдің алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Атап айтқанда:еріктілер мен Полиция департаментімен бірлесіп 500-ден астам заңсыз граффити жойылды;1000-нан астам ақпараттық парақша таратылды;1200 қатысушыны қамтыған 10 тақырыптық семинар өтті;шілде айында түнгі рейдтер ұйымдастырылып, 118 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды;жастармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Халықаралық жастар күніне дайындықБіріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1999 жылғы 17 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, жыл сайын 12 тамызда Халықаралық жастар күні атап өтіледі. Осыған орай, Алматы облысында бұл датаға арналған арнайы іс-шаралар өткізілетін болады.Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Ахметов атқарылған жұмыстарға тоқталып:«Жастар – елдің болашағы. Біздің басты міндетіміз – олардың әлеуетін ашу, еңбекқорлыққа, білімге құштарлық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Біз жастардың әр бастамасын қолдауға дайынбыз және бұл бағыттағы жүйелі жұмысымызды жалғастырамыз», – деп атап өтті.Мемлекеттік жастар саясаты – елдің стратегиялық дамуындағы басым бағыттардың бірі. Алматы облысында бұл саясат жастарды жан-жақты қолдау, олардың әлеуметтік-экономикалық үдерістерге белсенді араласуы мен жеке әрі кәсіби қабілеттерін дамытуға басымдық бере отырып жүзеге асырылып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1045742?lang=kk
Қалалық мәслихат депутаттары облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен көшпелі отырыс өткізді, оның барысында қаланың медициналық мекемелеріне барды 05.08.2025
Қалалық мәслихат депутаттары облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен көшпелі отырыс өткізді, оның барысында қаланың медициналық мекемелеріне барды, атап айтқанда:- Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы (1-ші қалалық аурухана), онда урология, травматология, инновациялық медицина бөлімшелерінде, сондай-ақ операциялық блокта жөндеу жұмыстары жүргізілуде;- №1 емхана;- Шығыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығы (балалар бөлімшесі);- Ана мен бала орталығы (балалар жұқпалы аурулар бөлімшесі).Сапар қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасына кестеге сәйкес жоғарыда аталған медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстарының аяқталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін медициналық мекемелерде жиһазды жаңарту мәселесін пысықтау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1045650?lang=kk
KazAID ЕЭС инфофорумында: цифрлық әлемдегі медиа сауаттылық 05.08.2025
KazAID ЕЭС инфофорумында: цифрлық әлемдегі медиа сауаттылықKazAID баспасөз хатшысы Арманай Қабдешова Минск қаласында өткен және Ресей Федерациясының А.М. Горчаков Қорының қолдауымен Беларусь Республикасының Еуразиялық коммуникациялар орталығы ұйымдастырған "Цифрлық әлемдегі медиа сауаттылық" ақпараттық форумына қатысты. Форум Беларусь, Ресей, Армения, Қазақстан және Қырғызстаннан келген 30-дан астам журналистер мен медиасалушыларды біріктірді.Бағдарлама шеңберінде ақпаратпен жұмыс істеу практикасы және факт-чекинг, коммуникациялардағы ақпараттық стиль, цифрлық дәуірде сенімді қалыптастыру тетіктері, сондай-ақ ЕЭС интеграциялық процестерін жариялау зерделенді. Қатысушылар алдында RT International (Ресей), Sputnik (Қырғызстан), МИР телерадиокомпаниясы (Беларусь), Marshall радиосы (Армения), Белтелерадиокомпания (Беларусь), Dara Consult (Қазақстан) және өңірдің басқа да жетекші медиа құрылымдарының өкілдері сөз сөйледі.Нәтижесінде Арманай Қабдешова қатысушы сертификатын алды. Форумға қатысу KazAID-тің медиалық және коммуникациялық құзыреттіліктерін дамытуға қосқан үлесі болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1045655?lang=kk
«Астық 2025» конференциясындағы басты жаңалықтар мен болжамдар 05.08.2025
2024/25 МЖ (маркетингтік жылдары) Қазақстан 580 мың тоннаға жуық қатты бидай (дурум) экспорттайды, бұл өткен маусымның көрсеткішінен 63% - ға артық (355 мың тонна). Мұндай болжамды Қазақстанның Астық одағының Талдау комитетінің басшысы Евгений Қарабанов Қостанай облысында өткен "Астық 2025" халықаралық конференциясында айтты.Бұл Қазақстан сыртқы нарықтарға 646 мың тонна қатты бидай жөнелткен 2022/23 МЖ рекордтық көрсеткіштен кейінгі екінші ең жоғары көрсеткіш,- деп нақтылады сарапшы.Қазақстандық дурумның басты сатып алушысы – Италия. Ағымдағы маусымның 10 айында бұл бағытта шамамен 400 мың тонна жөнелтіліп те қойған (өткен маусымда осы кезеңде – шамамен 317 мың тонна).2025 жылдың басынан бастап Азық-түлік корпорациясы ішкі нарықта және экспортқа 850 мың тоннадан астам астық сатты. Мұндай мәліметтерді компанияның басқарушы директоры Тобылбек Омаров айтты.«2025 жылдың бірінші жартыжылдығында корпорация 850 мың тоннадан астам астық сатты. Осы көлемнің 200 мың тоннадан астамы шетелдік нарықтарға жөнелтілді, бұл 2024 жылғы осыған ұқсас кезеңнің көрсеткіштерінен екі есе артық. Экспорттық жеткізілім географиясы стратегиялық маңызды бағыттарды қамтиды. Осылайша, компанияның негізгі серіктестері Қытай, Иран, Тәжікстан және Қырғызстанның мемлекеттік құрылымдары болып табылады», - деді Т. Омаров.Ағымдағы жылы Қазақстанда күнбағыс тұқымының рекордтық түсімі – 1,7 млн тонна деңгейінде күтілуде. Мұндай болдамды Майды дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының (МДҚҰҚ) стратегиялық даму жөніндегі атқарушы директоры Андрей Антонов айтты.Майлы дақылдардың жалпы жиналымының осындай көрсеткішімен Қазақстан күнбағыс тұқымын өндіруден әлемде 6-шы орынға ие болмақ, іс жүзінде 1,8 млн тонна өнім түсімін алу болжанып отырған Түркияны қуып жетпекші.Спикер атап өткендей, 2025/26 МЖ-да әлемдік күнбағыс өндірушілердің 4 үздік тобына дәстүрлі түрде Ресей Федерациясы (жалпы жиналым болжамы - 18 млн тонна), Украина (13,1 млн тонна), ЕО елдері (9,5 млн тонна) және Аргентина (4,3 млн тонна) кіреді.Қазақстанкүнбағыстұқымыныңэкспортынабаж салығын енгізгенненкейін,топ-импорттаушылардыңбірі - Өзбекстан-қазақстандық мұнай шикізатыныңимпортынкүртқысқартып,тазартылмағанкүнбағысмайынсатып алуды ұлғайтты. Соныменқатар,өзбекбизнесмендеріӨзбекстанғамайды одан әріэкспорттаумақсатындаҚазақстанаумағындамайлы майларды қайта өңдеукәсіпорындарынбелсенді түрде ашуда.БұлтуралыӨзбекстанның аграрлықнарықжәнелогистика жөніндегі сарапшысыӘлішерМахмудовайтып берді.«Біздің көптеген серіктестеріміз Қазақстанда – Петропавлда, Өскеменде, Шымкентте және басқа да қалаларда май зауыттарын салуда. Құрылтайшылары - біздің өзбек кәсіпкерлеріміз. Қазақстанда майлы лақылдарды өңдеп, дайын өнімді Өзбекстанға жөнелтетін болады», - деді сарапшы.Оның мәліметінше, бүгінгі таңда Өзбекстанда өсімдік майының жалпы тұтынылуы шамамен 491 мың тоннаны құрайды. Осы көлемнің 251 мың тоннасы жергілікті шикізаттан, 98 мың тоннасы импорттық май тұқымынан, тағы 142 мың тоннасы дайын өнім түрінде импортталады. Республикада 509 май және тоң май кәсіпорындары бар.Көлік субсидияларын енгізудің арқасында, қазақстандық астық экспорттаушыларға ағымдағы маусымда Әзербайжан, Ақтау-порт (Иранға), Балтық порттары (және одан әрі Еуропаға) сияқты бұрын нашар ұсынылған бағыттарға тиеуді ұлғайтудың сәті түсті. Бұл туралы «Астық Транс» АҚ коммерциялық жұмыс жөніндегі вице-президенті (Қазақстанның астық тасымалдаушыларының ірі операторы) Жандос Қуанышев айтты.Сондай-ақ, ол Орталық Азияға астық тасымалының ұлғаюына қарамастан, бұл бағыттың үлесі төмендегенін, бұл жаңа нарықтарды әртараптандыру жөніндегі сауатты мемлекеттік саясаттың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.«Жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігі ішкі нарықтағы бағаның өсуіне әкелді, бұл бастапқыда көлік шығындарын жабуға арналған көлік субсидияларының мөлшерін тиімді түрде теңестірді. Осылайша, алыс қашықтыққа тиеу кезінде көлік шығындарын жабуға арналған көлік субсидияларының сомасы іс жүзінде ішкі бағалардың өсуіне алып келді», - деп есептейді «Астық Транс» өкілі.Естеріңізге сала кетейік, өңірдегі ең ірі«Астық2025»халықаралықконференциясы«JańaDala/Qarqyn'2025» халықаралық ауыл шаруашылығыкөрсетім-көрмесіаясындаөтті.АстықнарығынақатысушыларфорумыҚостанайоблысыМеңдіқараауданындағы«Восток-1»ЖШС және «АгрофирмаҚарқын»ЖШС көрсетім алаңдарындаөтті.Жаңа астық маусымының басталуы қарсаңында ауқымды іс-шара алғаш рет бір алаңда 500-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, астықты сатып алумен, сатумен және халықаралық саудамен айналысатын компаниялардың өкілдерін, агротехнологиялардың, техника мен жабдықтардың өнім берушілерін жинады. «Астық 2025» жұмысына трейдерлер, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, фермерлік шаруашылықтар және агроқұрылымдар, элеваторлар, ұн тарту зауыттары және астықты тікелей өсіретін және өңдейтін басқа да компаниялар қатысты.Ауыл шаруашылығы өнімдері нарығының өзекті мәселелерін талқылау және байланыс орнату үшін, «Астық 2025» халықаралық конференциясына өзбекстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер – «Узёгмойсаноат» май және тоң май өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері қатысты.«Астық 2025» ұйымдастырушылары – «АӨК-Информ» ақпараттық-талдау агенттігі, ТМД елдеріндегі аграрлық тақырыпта көрсетілетін ақпараттық қызметтер нарығындағы көшбасшы және «EXPO TIME» компаниясы - Қазақстандағы АӨК саласындағы халықаралық көрмелердің жетекші ұйымдастырушыларының бірі._____________________________________________«Jańa Dala / Green Day ‘2025» ақпараттық орталығы,Ринат Тасбулатов, 8-701 460 91 82, e-mail: rinat_tas@mail.ruhttps://expotime.kz https://t.me/jana_dala https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1045659?lang=kk
Ұландық Абай мұрасын насихаттауға арналған байқауда жүлдегер атанды 05.08.2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Ақтөбе облысында «Талап, еңбек, терең ой» атты мәдени-ағартушылық байқау өтті. Іс-шараға өңірдегі түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Байқау Ақтөбе қаласында ұйымдастырылды.Байқау қорытындысы бойынша ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Анатолий Галкин жүлделі екінші орынды иеленді. Ол Абайдың шығармаларын қазақ тілінде мәнерлеп оқып, терең мазмұны мен философиясын жете түсінетінін көрсетті.Қазылар алқасы ұландықтың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін және ақын мұрасына жасаған талдауын ерекше атап өтті. Ефрейтор Галкинің өнер көрсетуі – этносаралық татулықтың, азаматтық кемелдіктің және Қазақстанның рухани құндылықтарына деген құрметтің айқын көрінісі болды.— Абай мұрасы — барлық буынға арналған сарқылмас рухани қазына. Оның идеялары – тәртіпке, адамгершілікке және өзін-өзі дамытуға ұмтылған әрбір жанға жақын. Қазақ тілін үйренуім – азаматтық бірегейлікті нығайтуға қосқан жеке үлесім деп білемін, — деді Анатолий Галкин.Байқау Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы қоғамдық бірлестіктердің қолдауымен ұйымдастырылды.Мұндай бастамалар мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға, этносаралық диалог мәдениетін дамытуға және жалпыұлттық бірлікті нығайтуға өз септігін тигізеді. #АБАЙКҮНІ ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1045644?lang=kk
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Түркістан облысының аудандарына барды 05.08.2025
Түркістан облысына жұмыс сапары шеңберінде Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков тұрғындармен және кәсіпкерлермен кездесті. Инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік, бизнесті қолдау мәселелері талқыланды. Жұмыс сапары барысында вице-министр Түлкібас ауданының Састөбе, сондай-ақ Сайрам ауданының Қарасу және Ақсукент ауылдарында болды.Халықпен кездесулерде Бауыржан Омарбеков шағын және орта бизнесті қолдау үшін Үкіметтің жүзеге асырып жатқан шаралары туралы хабардар етті. Олардың ішінде-кредиттерді субсидиялау, кепілдік беру, ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыру, сондай-ақ инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен жұмыс орындарын құру бар.Түлкібас ауданында 2025 жылғы бірінші жартыжылдықта негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі 173,7% деңгейінде тіркелді. 1 шілдедегі жағдай бойынша кредиттердің жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге 7 жоба субсидияланды.Төленген субсидия көлемі 557,9 млн теңге. 65 млн теңге сомасына 3 жобаға кепілдік берілді. Кепілдік көлемі - 33,2 млн теңге.Сапар шеңберінде вице-министр бірқатар нысандармен, оның ішінде Дәубаба ауылында 29 млн теңгеге “Ауыл аманаты" жобасы бойынша іске асырылған сүт цехымен танысты. Сондай-ақ, салынып жатқан ет комбинаты мен қуаттылығы 5000 бас ірі қара мал және өнімділігі жылына 60 мың тоннаға дейін жететін "KAZ ECO MEAT" ЖШС бордақылау алаңын көрді.Түлкібас ауданы да "Ауыл – ел бесігі"бағдарламасын іске асыруға енгізілген. 2025 жылы Дәубаба ауылындағы мәдениет үйін қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына 278 млн теңге қарастырылған. Түлкібас және Сайрам аудандарындағы бағдарлама желісі бойынша жобалардың жалпы құны 844 млн теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1045606?lang=kk
Әлеуметтік осал санаттарға жататын салымшылардың салық салынатын табысын қайта есептеп, ЖТС қайтаруға құқығы бар 05.08.2025
Өтеуге құжат тапсыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды.Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сонымен қатар, қолданыстағы Салық кодексіне әлеуметтік осал санаттарға жататын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын  төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған БЖЗҚ алушылары мен салымшыларының мүдделерін қорғайтын өзгерістер енгізілді.Қандай өзгерістер енгізілді?Әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалар біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде салық салынатын табысқа стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы. Олардың көпшілігі тұрғын үйге және (немесе) емделуге БЗТ алған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) бірден төлеген.   Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мұндай тұлғалардың БЗТ түріндегі салық салынатын табысына стандартты салық шегерімдері (882 АЕК[1] шегінде) қолданылады. Бұл осы санатқа жататын алушылар БЗТ алған күннен бастап үш жыл ішінде ЖТС қайта есептеу мен өтеуді қолдану үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алатынын білдіреді. Алайда, БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған адамдар әртүрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Енді ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың қабылдануына байланысты 2025 жылғы 15 шілдеден бастап жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.ЖТС қайтару құқығын кім пайдалана алады?ЖТС қайтаруға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген.Қайда жүгіну керек?БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына шұғыл түрде жүгінуі қажет.Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін, бұған дейін ЖТС ұсталған болса, ол алушының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер ЖТС төлеу кейінге қалдырылған болса, онда ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеуге қатысты міндеттеме алынып тасталады.Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданыста болады, өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді.Анықтама үшін. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері ҚР Салық кодексіне сәйкес 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кіріске жатады. ЖТС міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері бойынша жиынтық түрде ұсталады. Осы Ережелер тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЖТ) де қатысты.Біржолғы зейнетақы төлемі (БЖТ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшы (зейнетақы төлемдерін алушы) БЖЗҚ-дан алатын міндетті зейнетақы жарналары есебінен (ал 01.07.2023ж. дейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен де)  қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы.Естеріңізге сала кетейік, ЖТС-ны ұстаудың екі әдісі бар: ЖТС алған кезде бірден және зейнетақы алғанға дейін кейінге қалдырумен. Заңнамаға сәйкес ЖТС есептейтін салық агенті – БЖЗҚ, ол салықты жеке тұлғаның таңдауына қарай екі жолмен ұстай алады:o БЗТ сомасының 10% төлемді жүзеге асыру кезінде бірден ұсталады.o барлық пайдаланылатын зейнетақы жинақтарының 10%-ы алушы зейнеткерлікке шыққаннан кейін ұсталады. Бұл ретте салық сомасы тең бөліктерге бөлінеді және он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде алушының ай сайынғы зейнетақы төлемдерінен шегеріледі.ЖТС-ты қалай ұстау керектігін уәкілетті операторға өтініш берген кезде БЗТ алушы ғана шешеді.[1] Айлық есептік көрсеткішАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1047617?lang=kk
«Е-SALYQ AZAMAT» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ 05.08.2025
«е-salyq Azamat» – электронды салық әмиянының функцияларын орындайтын мобильді қосымша. Бұл қосымша азаматтарды бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы ақпараттандыру және оларды төлеу мүмкіндігін беру үшін әзірленген.Бұл мобильді қосымшасының арқасында, салық берешегі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына және салық берешектерін төлеу үшін екінші деңгейлі банктердің филиалдары барудың қажеті жоқ, өйткені қазір мұны онлайн режимде жүзеге асыруға болады.Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің алдыңғы төлемдер үшін қолданбалы функциясы, алдағы төлемдер туралы мәліметтерді көрсетеді және осылайша салық берешегінің алдын алады. Сондай-ақ, «е-салық Азамат» қосымшасында «Салық төлеушілерді іздеу» және «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу», тұлғаның салықтық тіркелуін тексеруге мүмкіндік береді.«е-salyq Azamat» қосымшасы арқылы келесі: активтер мен міндеттемелер бойынша (250,00), табыс пен мүлік бойынша (270,00), жеке табыс салығы бойынша (240,00), жер салығы және мүлік салығы бойынша (700,00) декларацияларын тапсыруға болады.Аталған мобильді қосымшасын App Store және Google Play дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады және оған ЭЦҚ, SMS пароль (егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз) арқылы кіруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1045587?lang=kk
Каспий теңізінде әскери теңізшілер кеме жүргізу машықтарын пысықтады 05.08.2025
Каспий теңізінің орталық бөлігінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері қатысқан оқу-жаттығу штурмандық жорығы өтті. Теңізшілер кемені басқару дағдыларын жетілдіріп, штурмандық қызметті ұйымдастыруды тәжірибе жүзінде меңгерді. Жаттығудың басты мақсаты –  штурмандық дайындық деңгейін арттыру және кәсіби құзыреттілікті дамыту. Жорық барысында жеке құрам штурмандық вахтаны атқаруға дайындықтан өтіп, вахталық офицерлер құрамындағы әрекеттерді пысықтап, теориялық білімдерін нақты жағдайда бекітті.– Мұндай жорықтарды өткізу кәсіби шеберлікті арттырып қана қоймай, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға және штурмандық қызметтің жауынгерлік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді, – деді штурмандық дайындық бойынша штабтың жетекші маманы капитан-лейтенант Қуанышбек Дүйсембаев.Сабақтар барысында теңіздегі әскери іс-қимылдар театрының ерекшеліктерін зерттеуге және түрлі кеме жүргізу әдістерін қолдану арқылы навигациялық міндеттерді шешуге ерекше көңіл бөлінді. Оқу жорығының қорытындысы бойынша штурмандық жауынгерлік бөлімшенің офицерлері сынақты сәтті тапсырды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1045582?lang=kk
Жоғалған тікұшақ экипажын іздеу күрделі гидрографиялық жағдайларда жалғасуда 04.08.2025
11 тәуліктен бері жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 330-дан астам адамы, 59 бірлік автомобиль техникасы, 23 жүзу құралы, 12 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ эхолоттар, георадарлар, авиация және кинологиялық есептоптар тартылған. Қорғаныс министрлігінің мамандарынан бөлек, іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері қатысуда.Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылып, құрамына Мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі департаментінің жоғары білікті мамандары кірді. Комиссияның бір бөлігі іздестіруге жұмылдырылған, тағы бір бөлігі авиациялық инцидентті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.Көл түбінің терең шөгуі, су астындағы нөлдік көріну және ауа-райының құбылмалылығы сияқты қиын жағдайларға қарамастан, іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.– Өтуі қиын аудандарға әуеден шолулар жасалып, жағалау белдеуі мен көл акваториясы тексерілуде. Су асты және жер үсті іздеулеріне арнайы жабдықтарды пайдаланатын ғылыми және техникалық ұйымдар тартылған.  Сонымен бірге, техникалық тергеу жалғасуда. Комиссия әуе кемесін дайындау және пайдалану жөніндегі құжаттаманы, құқық қорғау органдары мен авиациялық қызметтердің материалдарын, тікұшақ бағытындағы метеорологиялық және орнитологиялық жағдайды және басқа да факторларды зерделеп жатыр, – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов.Іздеу жұмыстары жоғалған тікұшақтың экипаж мүшелерінің тағдыры анықталып, қайғылы жағдайға әкелген себептер анықталғанға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1045546?lang=kk
Қарағандыда ұландық офицер өртке оранған пәтерден егде жастағы әйелді құтқарып қалды 04.08.2025
Бейбіт күнде ерлік жасаған лейтенант Дастан Сайлаубеков – ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімінің ротасының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі командирінің орынбасары. Оның батыл әрі жедел әрекетінің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, зейнеткердің өмірі аман қалды.Оқиға кешкі уақытта орын алған. Демалыс күні дүкеннен қайтып келе жатқан офицер пәтерлердің бірінен түтін шығып жатқанын байқайды. Ол бірден құтқару қызметтеріне хабарласып, көмектесуге ұмтылады.— Дереу жедел қызметтерге қоңырау шалып, пәтерге қарай жүгірдім. Есікті шамамен 60 жастағы әйел ашты. Ішке кірсем, асүйде газ плита мен сорғыш жанып жатыр екен, — дейді лейтенант Сайлаубеков.Жағдайды бағамдаған ұландық кідірместен әрекетке көшеді. Ол ылғал сүлгімен жанып жатқан қазанды жауып, отты сөндіреді. Кейін абдырап қалған пәтер иесін сыртқа – баспалдақ алаңына шығарып, құтқару қызметтері келгенше жанында болып, моральдық қолдау көрсетеді.Өрт сөндірушілер, жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері жеткенде, лейтенант Дастан Сайлаубеков оларға болған оқиға жайлы толық мәлімет берді. Абырой болғанда, оның шұғыл іс-қимылының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ, өрт те басқа бөлмелерге тарамай тоқтатылды.Бұл оқиға – Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қызметтен тыс уақытта да азаматтарға көмек көрсетуге әрдайым дайын екенінің айғағы. Лейтенант Сайлаубековтің бұл ерлігі – нағыз офицерлік борыштың, азаматтық жауапкершілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісі. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1045547?lang=kk
Вьетнамдық ROX Group Қазақстанда ірі жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр 04.08.2025
Астана, 2025 жылғы 4 тамыз — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Вьетнамның ROX Group компаниясының жаһандық даму және инвестициялар жөніндегі директоры Ле Ан Дыкпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.Атап айтқанда, ROX Group жаңартылатын энергия көздері саласында, оның ішінде ірі энергетикалық нысандар салу жобаларын іске асыруға қызығушылық білдірді. Сонымен қатар, компания өнеркәсіптік және туристік инфрақұрылымды дамыту жобаларына қатысу мүмкіндігін қарастыруда, сондай-ақ банк және қаржы секторына да қызығушылық танытуда.Кездесу барысында Ә. Қуантыров Қазақстанның стратегиялық әріптестікке және елде ұзақ мерзімді қатысуға бағытталған инвесторларды тартуға мүдделі екенін атап өтті: «Біздің мақсатымыз — тек инвестициялық ағындарды арттыру емес, сапалы, технологиялық және орнықты жобаларды тарту. Біз ROX Group сияқты компаниялар өз бастамаларын Қазақстанда сенімді түрде жүзеге асыра алатындай жағдай жасауға ұмтыламыз. Бұл жобалар ел экономикасына нақты әсер етуі тиіс».Өз кезегінде, Ле Ан Дык Қазақстанның географиялық орналасуы, саяси тұрақтылығы және инвестициялық тартымдылығының ерекше үйлесіміне ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, ROX Group Қазақстандағы іскерлік ахуалды және Үкіметтің инвесторларды қолдауға бағытталған іс-шараларын жоғары бағалайды. Ол сондай-ақ Қазақстан энергетика, логистика және қаржылық қызметтер сияқты салаларда үлкен әлеуетке ие екенін және компанияның өңірлік стратегиясында негізгі буынға айнала алатынын атап өтті.Тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың нақты бағыттарын бірлесіп пысықтауға дайын екендерін білдірді. Қазақстан тарапынан инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеуге, жобаларды сүйемелдеуге және салалық мемлекеттік органдармен және даму институттарымен өзара іс-қимыл жасауға жан-жақты қолдау көрсетілетіні расталды.Анықтама:ROX Group — 1996 жылы негізі қаланған Вьетнамдағы ең ірі жекеменшік көпсалалы холдингтердің бірі. Компания энергетика, девелопмент, қаржы, инфрақұрылым және қонақүй бизнесі салаларына инвестиция салады. Топтың портфелінде 12 елде 100-ден астам инвестициялық нысан бар, ал шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 3 миллиард АҚШ долларынан асады. Халықаралық ауқымдағы флагмандық жобаларының қатарында — қуаттылығы 1900 МВт болатын күн электр станциясы және Бішкектегі ауқымды урбанистік кластерді қамтитын мегажоба бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1045652?lang=kk
Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды 04.08.2025
 1–14 тамыз аралығында Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шара өтуде. Шараның негізгі мақсаты – қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық және құқықтық мәдениетін арттыру.Рейдтік жұмыстар Шымкент қалалық полиция департаменті мен қала әкімдігі бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілуде. Нәтижесінде, бірқатар азаматтар мен кәсіпкерлік нысандардың иелері санитариялық талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда тыныштықты бұзған тұлғаларға да заң шеңберінде шара қолданылды.Шара аясында аулалар мен көшелерге, саябақтар мен скверлерге, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың тазалығына ерекше мән берілуде.Құзырлы органдар қала тұрғындарын тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тастауға, тазалық пен тәртіпті сақтауға және айналадағылардың тыныштығын құрметтеуге шақырады. 
Астанада Қазақстанда болат құбырлар шығаратын зауыттың құрылысы талқыланды 04.08.2025
Астана, 2025 жылғы 2 тамыз – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Tianjin Youfa Group» компаниясы бас директорының орынбасары Ли Сяндунмен және «Hong Kong Friend International Cooperation» компаниясы бас директорының орынбасары Сан Вэнксумен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстанда болат құбырлар өндірісін жергіліктендіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.Жоба Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тік тігісті болат құбырлар шығаратын зауыт салуды көздейді. Инвестиция көлемі 70 млн АҚШ долларынан асады, 283 жұмыс орны құрылмақ. Жобаның жоспарланған өндірістік қуаты – жылына 200 мың тонна. Зауыт мұнай-газ секторы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылымдық жобалар үшін сұранысқа ие құбырларды шығарады. Өндіріс импортты алмастыруға бағытталады: 2024 жылы Қазақстан 487 млн АҚШ долларына 428 мың тонна құбыр импорттаған.Кездесу барысында Ғ. Оспанқұлов инвесторларға Қазақстандағы мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде инвестициялық преференциялар, салықтық және кедендік жеңілдіктер, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардағы жобаларды орналастыру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.«Қазақстан үшін өңдеуші өнеркәсіпті дамыту мен негізгі өндірістерді жергіліктендіру аса маңызды. Құбыр зауытының құрылысы экономикамызды әртараптандыру, ішкі нарықты сапалы өніммен қамту және экспорттық әлеуетті арттыру бағыттарындағы басымдықтарымызға толық сай келеді. Біз жобаның барлық кезеңінде – әкімшілік сүйемелдеуден бастап мемлекеттік қолдау құралдарына қосылуға дейін – жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Инвестициялар комитетінің төрағасы.Өз кезегінде, Ли Сяндун компания Қазақстанды өңірдегі негізгі серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті: «Біз Қазақстанның инвестициялық әлеуетін, тұрақты іскерлік ортасын және шетелдік инвесторларға көрсетілетін жүйелі қолдауды жоғары бағалаймыз. Құбыр зауыты жобасы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың негізі болатынына сенімдіміз».Шымкенттегі зауыт құрылысының жобасы стратегиялық маңызды салада жергілікті өндірісті дамыту мен өнеркәсіптік кооперацияны нығайтудың маңызды элементі ретінде қарастырылады. Тараптар бастаманы іске асыру бойынша бірлескен жұмысқа дайын екендігін білдірді.«Hong Kong Friend International Cooperation Co., Limited» – Қытайдағы құбыр өндіруші ең ірі компаниялардың бірі «Youfa Group»-тың еншілес кәсіпорны. Компания дамыған өндірістік және логистикалық инфрақұрылымға ие, өнімін 100-ден астам елге экспорттайды және Азиядағы болат құбырлар нарығында жетекші орын алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1045649?lang=kk
Шымкентте тәртіп пен тазалықты бұзғандар жауапқа тартылды 04.08.2025
1-14 тамыз аралығында Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық-әлеуметтік акциясы аясында жүзеге асырылып жатқан «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсат – санитарлық тазалықты, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз ету, сонымен қатар қала тұрғындарының қоршаған ортаның жағдайына жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Рейдтерді Шымкент қалалық полиция басқармасы әкімдікпен бірлесіп жүргізуде. Тексеру нәтижесінде санитарлық нормаларды сақтамаған бірқатар азаматтар мен кәсіп иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орындарда тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзған тұлғаларға да шара қолданылды. Акция аясында аулаларды, көшелерді, саябақтарды, скверлерді және басқа да қоғамдық орындарды күтіп ұстауға ерекше көңіл бөлінеді. Құқық қорғау органдары мен жергілікті билік өкілдері тұрғындарды тазалықты сақтауға, өзгенің тыныштығын құрметтеуге, тұрмыстық қалдықтарды тек белгіленген жерге тастауға, қаланың қолайлы жағдайын жасау үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырады.
Қостанай қаласының әкімі құраманы Спартакиададағы жеңісімен құттықтады 04.08.2025
Қостанай қаласының әкімі XXXVIII облыстық Спартакиадада жеңіске жеткен қалалық құраманы құттықтады.«Барша қостанайлықтар атынан Қостанай қаласының құрамасын облыстық Спартакиададағы айқын жеңісімен құттықтаймын! Соңғы он үш жыл бойы біздің команда өңірдегі басты спорттық жарыстардың чемпионы атағын сенімді түрде сақтап келеді», – делінген құттықтауда.Биылғы жарыста Қостанай қаласының намысын 118 спортшы қорғап, бағдарламадағы 21 спорт түрінің бәріне қатысты. Қорытындысында команда 352 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.Қала әкімі барлық спортшыларға табандылығы мен жеңіске деген жігері үшін алғыс білдіріп, алдағы спорттық биіктерде де сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1045518?lang=kk
Салық кодексінде жекелеген мүлік түрлерін салық салу тәртібі нақтыланды 04.08.2025
2025 жылғы 18 шілдеде жеке «сән-салтанат салығын» енгізу көзделмеген Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне қол қойылды. Дегенмен, жоғары құнды жекелеген мүлік санаттарын салық салу тәртібі заңнамалық деңгейде бекітілді.      Атап айтқанда, келесі мүлік түрлеріне арнайы салық және (немесе) акциз мөлшерлемелері белгіленген:    •    18 000 АЕК және одан жоғары бағамен сатып алынған көлік құралдарына – көлік құнының 10%-ы мөлшерінде акциз есептеледі;    •    24 000 АЕК және одан жоғары бағамен сатып алынған яхталар мен ұшақтарға – 10% мөлшерінде акциз салынады;    •    500 000 теңгеден асатын алкоголь өнімдеріне – литріне шаққандағы құнының 10%-ы мөлшерінде акциз есептеледі;    •    10 000 теңгеден асатын темекі өнімдеріне (сигараларға) – данасына шаққандағы құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады;    •    Жеке тұлғаның меншігінде тіркелген барлық жылжымайтын мүліктің жиынтық құны 450 миллион теңгеден асатын жағдайда – мүлік салығы 2% мөлшерінде есептеледі.       Жылжымайтын мүлік құнын айқындау тәртібіЖеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мақсатында жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі – МК) айқындайды. Бұл ретте, МК айқындаған құн нарықтық құннан едәуір төмен болуы мүмкін.Сонымен қатар, тұрғын және саяжай құрылыстарын бағалау кезінде сән-салтанат коэффициенті (мәні 1) қолданылады. Жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) бұл коэффициентті 50%-дан аспайтын мөлшерге дейін ұлғайта алады.       Жылжымайтын мүлікке салық салу тәртібі    •    Егер бір тұлғаның меншігіндегі барлық мүлік объектілерінің жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын болса, мүлік салығы 2% мөлшерінде есептеледі. Бұл ретте салықтың ең төменгі сомасы – 2 946 600 теңге, оған қоса 450 млн теңгеден асатын сомаға 2% мөлшерінде есептеледі.    •    Егер мүліктің жиынтық құны белгіленген шектен аспаса, онда мүлік салығы әрбір объектіге жеке есептеледі.       Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды салық заңнамасына енгізілген өзгерістермен алдын ала танысуға және қажет болған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына кеңес алуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1045508?lang=kk
Үздіктер үштігінде: Ақмола облысы аграрлық жетекшілік орнын қалай сақтап келеді 04.08.2025
Ақмола облысы еліміздің ауыл шаруашылығы саласында үздік үштікке кіреді. Өткен жылы өңір рекордтық көлемде өнім жинап, аграршыларға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілді – жеңілдетілген несие, арзандатылған жанар-жағармай, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу, сондай-ақ сүт-тауарлы фермалар салу қолға алынды. Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар жөнінде облыс әкімі Марат Ахметжанов брифинг барысында айтып берді.2024 жылы өңір диқандары соңғы жылдардағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 6,6 миллион тонна астық жиналды. Қазіргі таңда бұл қарқын бәсеңдеген жоқ: өңірдің жетістіктерін нығайту және рекордтық көрсеткіштерді сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.Марат Ахметжановтың айтуынша, облыс ауыл шаруашылығының барлық негізгі бағыттары бойынша тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Бүгінде өңір еліміздегі бидайдың төрттен бір бөлігін – шамамен 5,2 миллион тоннаны өндіреді. Сонымен қатар, құс етінің 30 пайызы (жылына 125 мың тонна) мен жұмыртқаның 16 пайызы (шамамен 690 миллион дана) Ақмола облысының үлесінде. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 149 миллиард теңгеден 161 миллиард теңгеге дейін артты.Мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Ірі қара мал басы 10 пайызға артып, 450 мың басқа жетті. Қой мен ешкі 15 пайызға көбейіп, 725 мың басты құрады. Жылқы саны 10 пайызға өсіп, 294 мыңнан асты. Құс саны 6 пайызға көбейіп, 10 миллион басқа жуықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1045506?lang=kk
Қостанай облысының әкімі «Астана» және «Бәйтерек» жаңа шағын аудандарында құрылыс барысымен танысты 04.08.2025
Ел Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай қаласының «Астана» және «Бәйтерек» жаңа шағын аудандарында салынып жатқан тұрғын үйлер және инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысымен танысты.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы: «Қолжетімді баспана — арман емес, азаматтар алдындағы біздің міндетіміз», - деген болатын. Осы тапсырманы басшылыққа ала отырып, аймақта соңғы екі жылда 1 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді.«Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандары облыс орталығындағы ең ірі тұрғын алаптардың бірі болмақ. Мұнда барлығы 154 көпқабатты үй салу жоспарланып отыр, ал бұл -14 мыңнан астам жаңа пәтер.Бүгінгі таңда бес қабатты 10 үйдің құрылысы аяқталуға жақын – яғни жұмыс 95% орындалды. Сонымен қатар, тағы 13 осындай ғимараттың құрылысы басталды.Жобада тұрғын үйлерден бөлек, заманауи инфрақұрылымды құру қарастырылған. Мұнда «ақылды» аялдамалар, бейнебақылау жүйелері, балалар және спорт алаңдары орнатылатын болады. Тұрғын үйлерден жаяу қашықтықта мектептер, балабақша, көпсалалы аурухана, демалыс орталықтары мен спорт сарайы орналасады.Жаңа тұрғын алабын үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін қуаттылығы 49,5 Гкал газ қазандығы салынып жатыр. Нысанда құрылыс-монтаждау және іске қосу жұмыстары жалғасып, жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.«Осындай ауқымды жобаны жүзеге асыру – тұрғын үй жағдайын жақсарту ғана емес, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беру. Халықты баспанамен, толыққанды өмір сүруге қолайлы ортамен қамтамасыз ету маңызды», - деді Құмар Ақсақалов.Осы ретте, жастарды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Өңірде «Қостанай жастары» бағдарламасы жалғасуда, оның аясында үш жылда 340-тан астам жас тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бағдарлама 2025 жылы жалғасатын болады. Ағымдағы жылы оны қаржыландыру «Отбасы Банк» АҚ қаражатын қоса алғанда, 938 млн теңгені құрап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1045397?lang=kk
Әлеуметтік осал санаттарға жататын салымшылардың салық салынатын табысын қайта есептеп, ЖТС қайтаруға құқығы бар 04.08.2025
Өтеуге құжат тапсыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды.  Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сонымен қатар, қолданыстағы Салық кодексіне әлеуметтік осал санаттарға жататын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын  төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған БЖЗҚ алушылары мен салымшыларының мүдделерін қорғайтын өзгерістер енгізілді. Қандай өзгерістер енгізілді? Әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалар біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде салық салынатын табысқа стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы. Олардың көпшілігі тұрғын үйге және (немесе) емделуге БЗТ алған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) бірден төлеген.   Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мұндай тұлғалардың БЗТ түріндегі салық салынатын табысына стандартты салық шегерімдері (882 АЕК[1] шегінде) қолданылады. Бұл осы санатқа жататын алушылар БЗТ алған күннен бастап үш жыл ішінде ЖТС қайта есептеу мен өтеуді қолдану үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алатынын білдіреді. Алайда, БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған адамдар әртүрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Енді ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың қабылдануына байланысты 2025 жылғы 15 шілдеден бастап жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды. ЖТС қайтару құқығын кім пайдалана алады?         ЖТС қайтаруға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген. Қайда жүгіну керек? БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына шұғыл түрде жүгінуі қажет.Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін, бұған дейін ЖТС ұсталған болса, ол алушының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер ЖТС төлеу кейінге қалдырылған болса, онда ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеуге қатысты міндеттеме алынып тасталады.Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданыста болады, өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Анықтама үшін. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері ҚР Салық кодексіне сәйкес 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кіріске жатады. ЖТС міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері бойынша жиынтық түрде ұсталады. Осы Ережелер тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЖТ) де қатысты.  Біржолғы зейнетақы төлемі (БЖТ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшы (зейнетақы төлемдерін алушы) БЖЗҚ-дан алатын міндетті зейнетақы жарналары есебінен (ал 01.07.2023ж. дейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен де)  қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы. Естеріңізге сала кетейік, ЖТС-ны ұстаудың екі әдісі бар: ЖТС алған кезде бірден және зейнетақы алғанға дейін кейінге қалдырумен. Заңнамаға сәйкес ЖТС есептейтін салық агенті – БЖЗҚ, ол салықты жеке тұлғаның таңдауына қарай екі жолмен ұстай алады:o БЗТ сомасының 10% төлемді жүзеге асыру кезінде бірден ұсталады. o барлық пайдаланылатын зейнетақы жинақтарының 10%-ы алушы зейнеткерлікке шыққаннан кейін ұсталады. Бұл ретте салық сомасы тең бөліктерге бөлінеді және он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде алушының ай сайынғы зейнетақы төлемдерінен шегеріледі. ЖТС-ты қалай ұстау керектігін уәкілетті операторға өтініш берген кезде БЗТ алушы ғана шешеді.  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).    [1] Айлық есептік көрсеткішАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1054157?lang=kk