Қоғам
«Абай мұрасы – халық даналығы» 04.08.2025
Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музей-қорығында ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік аясында «Абай мұрасы–халық даналығы» атты іс-шара өтті. Кездесуге ШҚО Шекара қызметі департаментінің жас қызметкерлері мен қаланың әскери бөлімдерінің сарбаздары, сондай-ақ, Солжағалық кешен қонақтары қатысты. Шығармашылық диалог алаңы – ашық микрофон түрінде өткен іс-шарада Абайдың қара сөздерінен дәйексөздер және өлеңдер оқып, барлығы бірге халық арасында кеңінен танымал «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Мерекенің сәні ақын шығармаларына негізделген картиналардың көркемсурет көрмесі болды. Абай үйіне экскурсия жасау мен халық ойындары кездесудің қызықты өтуіне әсерін тигізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1045229?lang=kk
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту орталығы» АҚ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару субъектілерінің ұлттық ашық тізілімін құру бойынша жұмысқа кірісті 04.08.2025
Аталған тізілімде тіркелген әрбір басқару субъектісі бойынша өзекті ақпарат пен деректер қамтылады, соның ішінде олардың қызметінің заңнамаға және оған сәйкес актілер талаптарына сәйкестігі көрсетіледі. Анықтама үшін: басқару субъектілеріне заңды тұлғалар – ЖШС (басқарушы компаниялар), ПИК жатады. Сонымен қатар, тізілімге басқарушылар жеке енгізіліп, басқару нысаны нақты объект бойынша белгіленеді. Осылайша, кондоминиум объектілері бойынша мәліметтердің жабықтығы мәселесі шешілетін болады. Бірыңғай тізілімнің құрылуы: тұрғын үй инспекцияларының жұмысын жеңілдетеді, басқарушылар мен төрағалар жиі ауысқан жағдайдағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, меншік иелерінің өтініштері мен шағымдарын қарау сапасын арттырады жылдық тарифтерді бекіту негізі болып табылатын шығындар сметасының негізділігі жөніндегі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді. Ақпаратты жинау және тізілімді жүргізу тұрғын үй инспекцияларына жүктеледі. Өз кезегінде, МИБ төрағалары, ПИК басшылары мен басқарушы ұйымдардың жетекшілері басқаруындағы объектілер туралы мәліметтерді ұсынуға, есептерді, жиналыс хаттамаларын, сметаларды тапсыруға және басқа да заңға тәуелді актілер талаптарын орындауға міндетті болады. Тізілімде сондай-ақ мыналар көрініс табады; тұрғын үй инспекторлары жүргізген тексерулердің нәтижелері, үйлерді жылыту маусымына дайындау мерзімі мен сапасы, әр объект бойынша күрделі жөндеуге арналған жинақ шоттарының ашылуына қатысты жұмыстардың үйлестірілуі, жөндеу жұмыстарының уақытылы жүргізілуінің қамтамасыз етілуі, апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында. Бөлек назар мына мәселелерге аударылған: кондоминиум объектілерінің тіркелуі және оларға қызмет көрсету аумақтарының иесіз қалмауы және меншік иелерінің құқықтарының бұзылмауы үшін жер телімдерінің объект құрамына енгізілуі. Тізілімді құру – бұл тұрғын үйді өркениетті және жауапты басқаруға жасалған маңызды қадам, онда әрбір меншік иесі өз үйі мен қаражатының қайда және қалай жұмсалып жатқанын білуге және бақылауға құқылы. Ағымдағы жылдың соңына дейін барлық басқару субъектілері объектіде нақты бар екендігін тіркеуі, мәліметтерді жаңартуы және егер ұйымдық-құқықтық нысаны ПИК болып табылса – қайта тіркеуден өтуі тиіс. Әйтпесе, Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңына сәйкес оларға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1045233?lang=kk
Қазақстанда тұрғын үй инспекцияларының өкілеттіктері кеңейтілді 04.08.2025
Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын тұрақты дамыту, энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлерді (КТҮ) басқарудың жаңа тетігі қабылданып, іске асырылуда.Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару субъектілері маңызды функция атқарады, сол себепті олардың мүлік иелері алдындағы жауапкершілігін арттыру қажеттігі туындады.Бүгінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кондоминиум нысандарын басқару субъектілері мыналар болып табылады:Басқарушы компания (БК)Пәтер иелері кооперативі (ПИК)Бұл екі басқару түрі де заңды және тең құқықты механизмдер болып саналады. Олар тұрғындарға өз үйінің ерекшелігіне, қаржылық мүмкіндіктеріне және тұрғындардың басқару процесіне қатысу дайындығына қарай басқару үлгісін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ұйымдар техникалық пайдалану ережелері мен қаржылық тәртіпті сақтау іс-шараларын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.Егер мүлік иелері бірлестігі (МИБ) түріндегі басқару формасы бар болса, ол басқарушы компания немесе ПИК жиналысы хаттамасының негізінде бекітіледі.МИБ басқару қызметін шарт негізінде жүзеге асырады. ПИК жағдайында — типтік жарғы мен шарттың талаптарын сақтау міндетті. Жиналыс хаттамасы мен шартта жылдық шығындар мен жұмсалатын қаражаттың сметасы бекітілуі тиіс, өйткені тариф осы сметаға сәйкес айқындалады. Сондай-ақ тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктері нақты белгіленуі қажет.Егер меншік иелері тікелей басқару нысанын (ТБН) таңдаса, онда басқару меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде жүзеге асырылады. Бұл хаттамада басқару функцияларын орындайтын нақты тұлға немесе ұйым уәкілеттендіріледі. Сонымен қатар, бұл хаттама дауларды қарау кезінде ресми құжат ретінде пайдаланылады және әрбір басқару нысанына жеке қабылдануы тиіс. Бұл жағдайда қызметтерге жұмсалатын жеке сметалар мен олардың мерзімділігі сақталады. Сондай-ақ әрбір үйден бастамашыл топ құру міндеті де сақталады — егер тұрғындар ПИК құрамына ену туралы шешім қабылдаса, қайта тіркеу кезінде бұл талап орындалуы тиіс.ПИК-ке заң қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде қайта тіркеуден өтіп, әрбір нысан бойынша жиналыстар өткізу міндеті жүктеледі. Бұл жиналыстарда басқару мен үйді күтіп ұстау шарттары туралы шешімдер қабылдануы тиіс.Барлық басқару субъектілері КТҮ басқару және күтіп ұстау бойынша қызмет көрсетуге құқылы.Әрбір үйге жеке банк шотын ашу міндетті талап ретінде белгіленді. Бұл қаржылық ашықтықты қамтамасыз етеді, мақсатсыз шығындарды болдырмайды және тұрғындарға өз қаржысын бақылауға мүмкіндік береді.Заңда сондай-ақ уақытша басқарушы компаниялардың жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған — бұл жаңа үйлер үшін де, басқару нысанын немесе қызмет көрсету тарифін әлі таңдамаған үйлер үшін де қолданылады.Уақытша басқарушы компанияны құрылыс салушы тұрғындар қоныстана бастаған сәттен бастап, меншік иелері шешім қабылдағанға дейінгі аралықта 2 жылға дейінгі мерзімге тағайындай алады. Бұл кезеңде үйдің үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілуі тиіс.Егер басқару нысаны таңдалмаған болса, тұрғын үй инспекциясы МИБ немесе ТБН құрылғанға дейін мерзімсіз уақытша басқарушы компания тағайындауға құқылы. Мұндай тәсіл жыл сайын конкурс өткізу қажеттілігін жояды, тұрғын үй қорын тұрақты күтіп ұстауды қамтамасыз етеді және үйлерді жылыту маусымына уақытылы дайындау, төтенше жағдайлардың алдын алу процесін жеңілдетеді.Заң аясында басқару субъектілеріне қолданылатын айыппұлдардың жаңа мөлшері белгіленді. Қосымша бақылау тетігі ретінде объектіде басқару субъектісі ретінде қатысу немесе шарттың аяқталғаны туралы мемлекеттік органдарға тіркеуден өту міндеті енгізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1045218?lang=kk
Кондоминиум объектілерін басқарудағы жаңа тәртіп: Заңда қандай өзегістер енгізілді? 04.08.2025
Қазақстанда кондоминиумдар ішіндегі тәртіпті орнатуға және жергілікті атқарушы органдардың бақылауын күшейтуге бағытталған Тұрғын үй қатынастары туралы Заңға маңызды өзгерістер енгізілді.Бұл неге маңызды?Соңғы 5 жылдағы реформа жүргізілгеніне қарамастан, МИБ/ТББ нысандарындағы мүлік иелері мен басқарушы және сервис субъектілері арасындағы қызмет көрсету туралы ақпараттың жабықтығы әлі де сақталып отыр. Бұл нысандар көппәтерлі тұрғын үй ішіндегі қызметтерді көрсету үшін шағын бизнесті тартуда.Мемлекеттік органдарға келіп түсіп жатқан сұрақтар мен шағымдарға сүйене отырып, жұмыс тобының мүшелері де меншік иелеріне ай сайынғы және жылдық есептерді уақтылы бермеу деректерінің жиі кездесетінін атап өтті.Жағдайды күрделендіріп тұрған тағы бір мәселе – үйлерді МИБ-ке немесе басқарушы компанияларға беру кезінде ережелердің сақталмауы және жүйелі түрде бұзылуы болып табылады. Нәтижесінде объектілердің техникалық пайдаланылуы мен күтімі бойынша сабақтастық жоғалып, басқару мен қаржы құжаттамалары сақталмайды. МИБ төрағасының немесе басқарушы компанияның ауысуына байланысты үй берілмеген жағдайда, меншік иелері бастапқы бухгалтерлік құжаттарға, бухгалтерия жүргізу бағдарламаларына және екінші деңгейдегі банктердегі қаржылық қозғалыс бойынша шот көшірмелеріне қол жеткізе алмайды.Енді жаңа өзгерістерге сәйкес барлық заңды тұлғалар (МИБ, ПИК, ЖШС, басқарушылар) үшін міндетті түрде:әр үй бойынша бөлек есеп жүргізу – ағымдағы және жинақ шоттарын жеке ашу;қаржылық тәртіпті сақтау;Заңда ай сайынғы тарифтерді бекіту және әр үй бойынша ТКШ ақпараттандыру объектілеріне мәліметтерді беру кезінде жылдық шығындар сметасын жиналыспен бекітудің міндеттілігіне үлкен назар аударылған;• уәкілетті органдар мен әкімдіктерге бақылау тетіктері күшейтілді: көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімдерін жүргізу, кондоминиум объектілерінің тіркелуін және жер учаскелерінің объектіге қосылуын, жинақ және ағымдағы шоттардың ашылуын және банктерде ашу қағидаларына сәйкестігін, сондай-ақ күрделі жөндеу мақсаттарына жинақтарды алу тәртібінің сақталуын міндеттеу енгізілді;• Заң кондоминиум объектілерінің техникалық жай-күйін бақылау, жыл сайынғы тексеру актілерінің және әр объект бойынша инвентарлық тізімнің болуына ерекше көңіл бөлді. Бұл деректер болашақта біртұтас жүйеде жинақталып, күрделі жөндеу жұмыстарының уақтылы жүргізілуін және ортақ мүлік құрамы бойынша есеп жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етеді.Объектілер туралы толық ақпараттың қалыптастырылуы, оны уәкілетті органдар мен басқару және күтіп-ұстау үшін жауапты тұлғалардың өзектендіруі – халықты артық төлемдерден қорғайды, ортақ мүлікке бақылау орнатады және ғимаратты пайдалану кезеңінде жұмыстардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1045214?lang=kk
Кондоминиум нысандарын басқару мәселелері бойынша бақылау күшейтілуде 04.08.2025
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға енгізілген маңызды өзгерістер жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған. 1997 жылдан бастап тұрғын үйді басқарудың нысандары бірнеше рет өзгертілді. Бастапқыда келесі нұсқалар көзделген болатын: меншік иелерінің кооперативтері, тұрғындар тарапынан тікелей басқару және үшінші тарап басқарушы субъектілері. 1) егер меншік иелерінің саны төртеуден аспаса, олардың барлығы арқылы тікелей бірлесіп басқару; 2) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі; 3) кондоминиум нысанын үшінші (сыртқы) жеке (тұрғын үйді басқарушы) немесе заңды тұлғалар (тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсететін мекеме) арқылы басқару; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандар. Уақыт өте келе меншік иелерінің құқықтары нақты әрі кеңейтіле түсті. 2009 жылдан бастап:егер меншік иелерінің саны жиырмадан аспаса, олардың барлығы арқылы тікелей бірлесіп басқару;үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі;кондоминиум нысанын үшінші тұлғалар: сайланатын немесе жалдамалы тұрғын үй басқарушы (менеджер) немесе заңды тұлғалар арқылы басқару;Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандар. Азаматтар тарапынан шағымдардың санының артуы мен кондоминиум нысандарындағы жағдайға ықпал ету тетіктерінің болмауына байланысты өзгерістер енгізіліп, 2025 жылдан бастап үй иелеріне өз меншігін басқаруға мүмкіндік беретін неғұрлым икемді жүйе енгізілді. Жауапсыз басқарушыны ауыстыру рәсімі жеңілдетілді, бұл өз кезегінде басқарушы субъектілер арасында бәсекелестікті арттырып, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қандай басқару нысандары қолжетімді? Тікелей бірлесіп басқару (ТББ):Заңды тұлға құрмай-ақ басқаруға болады – пәтер санына шектеу жоқ. Меншік иелері жиналыс хаттамасының негізінде басқарушы компанияны бекітіп, қаржы-шаруашылық қызметпен айналыспай-ақ қойса болады.Егер пәтер саны 36-дан асса, нысанды басқаруға беру міндеті болып табылады.Басқарушы субъектілер жиналысқа: көрсетілетін қызметтердің саны мен мерзімділігін көрсететін сметаны, тарифтің негіздемесін, әрбір үйге жеке ашылған ағымдағы және жинақ шоттардың болуын ұсынуға міндетті.Бұл талаптар салалық заңнаманы сақтау мен басқарушы субъектілердің жұмысын реттеуге мүмкіндік береді. Мысалы, бірыңғай есеп айырысу орталықтарымен (БЕАО) шарт жасау кезінде әрбір үй үшін ашылған шоттар туралы анықтамалар қажет болады. Сондай-ақ, бұл тұрғын үй инспекцияларының функцияларын кеңейтуге мүмкіндік береді: кондоминиум объектісінің тіркелгенін, ПИК секілді субъектілердің тек Типтік жарғы негізінде жұмыс істейтінін, шоттардың ашылғанын тексеру. Бұл талаптар мен өзгерістер ТКШ саласының барлық қатысушылары үшін оң жағынан әсер етеді. Мүлік иелері бірлестігі (МИБ):Заңды тұлға – егер меншік иелері өз үйлерін қаржылық-шаруашылық жағынан өздері басқаруға дайын болса және жауапты адамдар болса, МИБ тіркеледі.Негізгі айырмашылығы – ағымдағы және жинақ шоттарға және барлық түсімдерге (тариф, жалға беру, жарнама т.с.с.) меншік иелерінің өздері толық бақылау жасайды.МИБ кезінде меншік иелері – толық құқықты тапсырыс беруші болып табылады. Басқару субъектілерін жалдауға немесе еңбек шарты бойынша МИБ ретінде жұмысын қарастыра алады, әкімшілік құжат айналымын және есепті даярлау, материалдарды сатып алу және басқа да ұйымдастырушылық сұрақтарды шешуге.Төрағаның өкілеттік мерзімі 3 жыл болып белгіленді, алайда ерте қайта сайлау шектелмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1045216?lang=kk
Қарағандылықтар тоғызқұмалақтан Чехияда өткен Әлем біріншілігінің жүлдегерлері атанды 04.08.2025
Пардубице қаласындағы турнирге Қазақстан, Чехия, Румыния, Түркия, Қырғызстан, Венгрия, Польша, Австрия, Словакия, Молдова, Болгария, Сербия, Оңтүстік Корея, АҚШ және Украина спортшылары қатысты.Біздің облыс өкілдері тоғызқұмалақтан екі ірі жарыста жүлдегер атанды: блицте ересектер арасындағы Әлем кубогында карағандылық Ернұр Қарығұл күміс медаль жеңіп алды, ал Бұқар жырау ауданынан қатысқан Әділхан Төлегенов жастар арасындағы (21 жасқа дейін) Әлем чемпионатында «қола» алды. Құттықтаймыз!Айтпақшы, бүгін Моңғолияда осы өте танымал ұлттық ойыннан тірек-қимыл аппараты зақымданған мен көру қабілеті нашар спортшылар арасында әлем чемпионаты басталады. ҚР құрамасының құрамына бапкер Бүркіт Бекмағамбетұлы Бейсенаев пен оның шәкірті Дастан Үмітқалиев кірді. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1045191?lang=kk
БҰҰ Бас хатшысының Алматыға сапары 04.08.2025
2025 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Үкімет өкілдерімен және БҰҰ қызметкерлерімен бірқатар іс-шараларға қатысты. БҰҰ мен Қазақстан Үкіметі арасындағы Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттар жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою басты оқиға болды. Құжатқа қол қойған тараптар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі, Мұрат Нұртілеу, және БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Бас хатшысының орынбасары, Ли Цзюньхуа, болды. Бұл Орталық 2030 жылға дейінгі Орнықты даму күн тәртібін өңірлік деңгейде ілгерілетудің маңызды аланына айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1045175?lang=kk
Қарағанды облысындағы оқу-жаттығу жиынында 1300-ден аса әскери міндетті дайындықтан өтеді 04.08.2025
«Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында ауқымды әскери жиын басталды. Дайындыққа Астанадан, сонымен қатар Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарынан азаматтар келді. Жиынның басты мақсаты – Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыру, жұмылдыру резервін қалыптастыру және аса сұранысқа ие әскери кәсіптер бойынша мамандар даярлау.Жиынның барлық кезеңінде әскери міндеттілер қызмет етіп жүрген әскери қызметшілермен бірдей киім-кешекпен, толыққанды тамақпен және медициналық қызметпен қамтылады. Қатысушылардың жұмыс орындары мен лауазымдары сақталып, орташа жалақы төленеді. Жұмыссыздарға мемлекет есебінен ең төменгі жалақы беріледі.– Жиында мерзімді қызмет барысында жинақтаған машықты жетілдіріп, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерімен танысамыз, – деп атап өтті Ақмола облысы Бурабай ауданынан шақырылған Жомарт Жұмабек.Қатысушылар 30 күн ішінде, атап айтсақ: офицерлер әскери басқару желісі бойынша, ал мамандар артиллерия, мотоатқыштар, танк, зенит, жөндеу және тыл бөлімшелері, сондай-ақ байланыс саласында қарқынды қайта дайындықтан өтеді.Жиынның қорытынды кезеңі бөлімшелер, взводтар, роталар мен батальондар құрамындағы жауынгерлік үйлесімділікті көздейді. Оның барысында соңғы жылдары Қазақстан армиясындағы қару-жарақ пен техника айтарлықтай жаңарғаны, технологиясы және тиімділігі барынша ескерілді.Елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы маңызды кезең болып саналатын оқу-жаттығу жиыны биыл тамыз айының соңына дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1045186?lang=kk
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев БҰҰДБ-мен орнықты даму саласындағы одан арғы ынтымақтастықты талқылады 04.08.2025
Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматовпен кездесті.Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен келешегін, оның ішінде орнықты даму саласындағы бастамаларды талқылады. Ағымдағы және жоспарланған бірлескен жобаларға, сондай-ақ әріптестікті нығайту мәселесіне ерекше назар аударылды.Кездесу барысында тараптар шілдеде Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткізілген Жоғары деңгейдегі саяси форумда Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асыру жөніндегі үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынуын қорытындылап, елдегі ОДМ ілгерілету жөніндегі одан арғы қадамды белгіледі.Асан Дарбаев БҰҰДБ-мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Бағдарлама тарапынан техникалық қолдау Шолуды дайындау мен ұсынуда маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Ол сондай-ақ БҰҰДБ-ның Қазақстанда ОДМ-ды ілгерілетуге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.Өз кезегінде Сухроб Ходжиматов халықаралық алаңда Шолудың сәтті тұсаукесері Қазақстанның 2030 жылғы Жаһандық күн тәртібін іске асыруға бейілділігінің айғағы болғанын атап өтті. Ол өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1045187?lang=kk
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ – 2025 04.08.2025
ДИҚАНШЫ – ЕҢБЕКТІҢ НАҚТЫ ИЕСІ!2025 жыл – елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғаны – ауыл еңбеккерлеріне деген құрметтің белгісі. Осыған орай, дала ерлері – диқаншылар туралы сөз қозғау – парызымыз.Диқаншы – бұл тек жер жыртып, егін еккен адам ғана емес. Ол – табиғатпен үндестік тапқан, әр дәннің қадірін білетін, егіннің жайқалып өсуіне маңдай терін төккен шын еңбек иесі.Бүгінде ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды саласы.Диқаншылар – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған ел қорғаны.Жаңашыл агротехнологияларды меңгеріп, заман талабына сай еңбек ету – қазіргі диқанның басты міндеті.Диқаншы болу – нағыз кәсіп, нағыз батырлық!#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025#ДиқаншыҚадірліМамандық#АуылЕңбеккері – ЕлАзығы
Астанада 125 сарбаз Отан алдында ант берді 04.08.2025
Елордадағы Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметке жаңадан шақырылған жас сарбаздардың салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл — олардың әскери өміріндегі алғашқы маңызды кезең ғана емес, сондай-ақ Отанды қорғау жолындағы жоғары жауапкершіліктің символына айналды.Биыл әскери бөлімге Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Қостанай және Павлодар облыстарынан 125 жас сарбаз келіп қосылды. Мемлекеттік Әнұран үнімен ата-аналарының, ардагерлер мен командирлердің алдында олар әскери борышын адал атқаруға салтанатты түрде ант берді.Әскери бөлім командирі, полковник Ерлан Буранбаев өз сөзінде әскери анттың Отан қорғаушы болуға бастайтын қасиетті жол екенін атап өтті:— Бүгіннен бастап сіздер — Ұлттық ұланның сарбаздарысыздар. Сіздер халық, ата-ана және ар-ұждан алдында адал болуға ант бердіңіздер. Тәртіп, адалдық пен ерлік — бұл жай ғана сөздер емес, бұл — сіздердің қызметтеріңіздің мәні.Қатардағы Расул Сапарбек шырқаған «Ана» әні ерекше әсерге бөледі. Әсіресе баласын әскерге шығарып салған аналардың жүрегін тербеді.— Құқықтық тәртіп әскеріндегі қызмет — бұл өмір мектебі. Әрқайсыңыздың өзін тек жақсы жағынан көрсетіп, нағыз жауынгер ретінде шыңдалып шығатыныңызға сенемін, — деді оқу пунктінің бастығы подполковник Бахтияр Әубәкіров.Салтанатты шарада 6636 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы подполковник Феликс Дульский мен запастағы майор Инсафитдин Гареев сөз сөйлеп, жас сарбаздарға рух биіктігін, төзімділік пен әскери антқа адал болуларын тіледі.Мемлекеттік күзет қызметінің полковнигі, таулы Қарабахтағы ұрыстардың қатысушысы Евгений Лавренюк жас сарбаздарға арнаған сөзінде әскердегі қызметтің маңызын атап өтіп, өз жауынгерлік тәжірибесімен бөлісті. Ол әскерде ең маңыздысы — бірлік, өзара қолдау мен өз күшіңе сену екенін айтты. Ұлттық ұландағы қызмет жас сарбаздар үшін ерлік пен өмір мектебі боларына сенім білдірді.Жас сарбаздардың бірінің әжесі — Зақыт Калямова ата-аналар мен туыстар атынан сөз сөйлеп, жасөспірімдердің азаматтық жолға аяқ басқанына мақтаныш білдіріп, сарбаздарға мықты денсаулық, табысты қызмет пен абыроймен елге оралуын тіледі.Шара соңында 2025 жылдың 1-шақырылымындағы сарбаздар қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен көрсетілім өткізді. Сонымен қатар, Ұлттық ұланның Құрмет қарауыл ротасының саптық дефилесі ерекше атап өтуге тұрарлық. Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін сарбаздар мен ата-аналар естелік суретке түсті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1044915?lang=kk
КӘСІПОДАҚТАР ҮЙІНДЕГІ КЕҢЕС: ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ҮШІН ДИАЛОГ 04.08.2025
2025 жылғы 1 тамызда Кәсіподақтар үйінде бірлескен кеңес өтті, оның жұмысына: Департамент басшысы Темірхан Еран Темірханұлы, Аронова Ирина Петровна "Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы" ТОП төрағасы, Сюндиков Қайрат Жанділдіұлы – "Қостанай облысы бойынша әкім аппараты" ММ Әдеп жөніндегі уәкілі, Ахметқали Арман Уәлиханұлы-Директор қатысты республикалық ғылыми-зерттеу филиалының еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының өкілдері; салалық және жергілікті кәсіподақтардың өкілдері.Кездесудің мақсаты-еңбек заңнамасын сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау, инспекция мен кәсіподақтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын бірлесіп қорғау тетіктерін әзірлеу.Кездесу соңында өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жалақыны уақтылы төлеу, еңбекті қорғау сапасын арттыру және цифрлық бақылау құралдарын енгізу мәселелері талқыланды. Қатысушылар әрбір қызметкер үшін лайықты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға және өзара іс-қимылды күшейтуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1044855?lang=kk
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді 04.08.2025
Алматы, 2025 жылғы 3 тамыз - Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапармен келген Бас хатшыға ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы қарсаңындағы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан мәртебелі мейманның Алматыға арнайы келгенін атап өтті. Бұл сапардың еліміз үшін мәні зор әрі Ұйымның орнықты даму күн тәртібіне бейілдігін көрсетеді.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азияда орнықты даму мақсаттарына арналған алғашқы орталықтың ашылуы – бүкіл аймақ үшін айтулы жетістік.– Осы бастаманы қолдағаныңыз үшін Сізге және Сіздің ұжымыңызға өзімнің, сондай-ақ Қазақстан халқының атынан алғыс айтамын. Сіздің дер кезінде қолға алған әрі келешекті ойлаған UN80 бастамаңызды жоғары бағалаймын. Қазақстан ұйымды реформалау жолындағы іс-әрекеттеріңізді толық қолдайды. Осы ретте еліміздің Ұйым қызметінің негізінде жатқан мультилатерализм, дипломатия және ынтымақтастық қағидаттарына әрдайым бейіл екенін тағы да растаймын, – деді Президент.Антониу Гутерриш қонақжайлық танытқаны үшін ілтипатын жеткізіп, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге қосқан үлесіне ерекше тоқталды.– Қазақстан – бейбітшілік пен диалог символы, халықтар арасындағы алтын көпір әрі көптеген жағдайда әділ мәмілегер екенін көрсетіп келеді. Бұған осыдан ондаған жыл бұрын ядролық қарудан бас тарту туралы тарихи шешім негіз қалады. Бұл шын мәнінде бүкіл әлем үшін өнегелі іс болды. Өркениеттердің қақтығысы туралы сөз қозғалғанда, Қазақстан өз тәжірибесі арқылы түрлі діндер және мәдениет өкілдері арасында диалог пен ынтымақтастық орнату мүмкін екенін дәлелдеді. Бұл Сіздің бастамаларыңыздан анық байқалады. Сіздер әрдайым әлемді ауызбіршілік пен бауырластыққа үндеп келесіздер, – деді Бас хатшы.Кездесуде БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығы қызметінің перспективасы, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесі, халықаралық және өңірлік күн тәртібі, сондай-ақ басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1044856?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас хатшы Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды 04.08.2025
Алматы, 2025 жылғы 3 тамыз - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Үкіметі мен Ұйым арасында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты.Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі осы айтулы іс-шараға қатысқаны үшін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке ризашылығын білдірді.Президент бүгінгі іс-шараның Қазақстан ғана емес, Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін де елеулі сипатқа ие екенін атап өтті. Бұл оқиға дүниежүзілік картада өте салмақты акторға айналып келе жатқан Орталық Азияның маңызы жөнінде халықаралық қоғамдастыққа айқын белгі бергенін жеткізді.Мемлекет басшысының айтуынша, қол қойылған келісім арқылы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталықтың құрылуы ресми түрде бекітілді. Бұл – Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықтың маңызды кезеңі.– Геосаяси дүрбелеңдер мен қақтығыстар белең алып, климаттық өзгерістер күрделенген және азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген шақта Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауда басты рөл атқаруға тиіс. Қазақстан үшін БҰҰ халықаралық тәртіптің баламасыз әрі басты тірегі болып қала береді. Еліміз Ұйымға кірген сәттен бастап, 33 жыл бойы халықаралық қоғамдастықтың жауапты, белсенді әрі бейбітсүйгіш мүшесі екенін жан-жақты танытып келеді, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Алматы қаласында БҰҰ өңірлік орталығының ашылуы аймақтың стратегиялық маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.– Бүгінде Орталық Азия бірлігі бекем және тату көршілік пен ортақ прогресс қағидаттарына бейіл өңір екенін паш етіп келеді. Аймақ елдері саяси және әлеуметтік реформалар жүргізіп, экономиканы әртараптандыру бойынша батыл шаралар қабылдап жатыр. Адам капиталын дамытуға күш салып, анағұрлым инклюзивті институттар құруды қолға алды. Біз халықаралық өзекті мәселелерді шешуге белсенді араласатын мәмілегер ретінде Орталық Азияның әлеуетін ашуға және жаһандық аренада конструктивті әрі келешекті көздеген күн тәртібін дәйекті түрде ілгерілетуге ұмтыламыз. Осы орайда Алматы қаласында БҰҰ өңірлік орталығын ашу уақтылы және стратегиялық тұрғыдан маңызды қадам болып отыр, – деді Мемлекет басшысы.Президент Орталық аймақтағы елдер экономикасының орнықтылығы мен қарқынын күшейтуге, өңірлік инновацияны дамытуға және ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған үйлесімді іс-қимылдар катализаторы болады деп пайымдайды.– Аталған Орталықтың құзыреті мен функциялары аймақтағы немесе одан тысқары жерлердегі басқа ұйымдардың қызметін қайталамайды. Керісінше, Орталық аймақ халқының нақты сұранысына назар аударудың арқасында қабылданып жатқан шараларды толықтырып, оның мән-мазмұнын арттыра түседі. Арал теңізіндегі экологиялық дағдарыс пен Каспий теңізінің тартылуы сияқты Орталық Азия проблемалары баршаға белгілі. Бұл түйткілдердің тиімді шешімін табу үшін өңірлік ықпалдастықты нығайтып, оған Біріккен Ұлттар Ұйымын белсенді түрде тарту қажет. Осы ретте Қазақстан келесі жылдың сәуір айында Астанада БҰҰ агенттіктерімен бірге Өңірлік экологиялық саммит өткізеді, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ауғанстанның бейбіт өмірі мен орнықты дамуы аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызға ие.– Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетуге, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға, сауда-саттықты жандандыруға және азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты бастамалар арқылы ауған халқына қолдау көрсетуді жалғастырады. Екі ел арасындағы сауда көлемі ұдайы өсіп келеді. Біз Ауғанстанның бейбіт тіршілігі мен дамуы қатар жүруі керек деп санаймыз. Адамның қадір-қасиеті мен халықаралық құқық бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды қамтамасыз етуге күш жұмылдырмайынша, тұрақтылыққа қол жеткізу мүмкін емес, – деді Президент.Мемлекет басшысы Қазақстан Орнықты даму мақсаттарын өзінің ұлттық стратегиясының басымдықтары ретінде қарастыратынын айтты.– Жетістіктеріміз көп. Алайда біз экономикалық дамуды жеделдетуге және азаматтарымыздың құқықтық қажеттіліктерін өтеуге қатысты жоспарларымызды қалайда іске асыруымыз керек. Мақсатымыз – жан-жақты экономикалық реформа жүргізу, заң мен тәртіп үстемдігіне негізделген қоғам құру ісінде Қазақстанның аймақтағы жетекші рөлін сақтап қалу. Біз адамның негізгі құқықтарын қамтамасыз ететін, жоғары экологиялық стандарттарды сақтайтын Әділетті мемлекет құрғымыз келеді. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні одан әрі дамытуға баса мән береміз. Сондай-ақ Қазақстанды халықаралық жүк тасымалы бойынша еуразиялық хабқа айналдыру үшін әртараптандырылған көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға күш саламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент ортақ игілікке қол жеткізу үшін үкіметті, азаматтық қоғамды және жеке секторды бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Тек соның арқасында Орталық Азия шын мәнінде тұрақтылықтың, мүмкіндіктер мен орнықты өсімнің мекені ретінде дами алады.Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, осындай қилы кезеңде жоғары дипломатия мен көшбасшылық үлгісін көрсетіп келе жатқан БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке алғыс айтты. Президент еліміздің Ұйым Бас хатшысының бастамаларына алдағы уақытта да қолдау білдіретінін жеткізді.Антониу Гутерриш барлық қатысушыға ықылас танытып, аталған Орталықты ашу арқылы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында өңір үшін жаңа кезеңнің басталғанын айтты.– Бұл ортақ басымдықтар мен бірлескен шешімдерге негізделген Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың жаңа дәуірін білдіреді. Аталған Орталық аймақ көшбасшылары арасындағы берік байланыстардың жан-жақты экономикалық интеграцияға қалай ұласатынын көрсететіндей әлеуетке ие. Мен Президент Тоқаевтың сарабдал саясаты мен көшбасшылығын жоғары бағалаймын. Оның бастамалары әлемдік тәртіпте рөлі артып келе жатқан Орталық Азияның жаңа келбетін қалыптастыруға ықпал етуде, – деді Бас хатшы.Сондай-ақ Антониу Гутерриш Түркіменстанда өтетін теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның үшінші конференциясы қарсаңында Алматыға келгеніне қуанышты екенін жеткізді.– Орталық осындай мемлекеттер үшін іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруда жаңашыл тәсіл ұсына алады. Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды. Біз мұны сенімді түрде айта аламыз. Автокөлік және темір жол дәліздері, талшықты-оптикалық желілері арқасында Қазақстан жаһандық сауда жүйесінің, әлемдік логистиканың, көлік және телекоммуникацияның орталығына айналды. Сіздердің елдеріңіз шын мәнінде Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы көпір болып отыр, – деді Антониу Гутерриш.Бас хатшы сөзінің соңында Қазақстанның ішкі саяси бағдары мен сыртқы саясатына жоғары баға берді.– Қазақстанға шын жүректен тәнтімін. Мен үшін Қазақстан –даналықтың символы, халықтар арасына дәнекер болып, бейбітшілікке үндейтін ел. Бұл – түрлі этнос пен дін өкілдері бас қосып, ортақ келешекке апаратын жолды бірге іздейтін мекен. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанын ешқашан ұмытпаймын. Осы шешімнің нәтижесінде Сіздердің елдеріңіз бейбітшілік пен қарусызданудың символына айналды. Бүгінгі таңда бұл өте өзекті. Қазақстан әрдайым парасаттылық танытқан әрі сол биігінде қалады. Өкінішке қарай, қазіргі әлемге осындай байыпты ұстаным жетпей тұр, – деді Антониу Гутерриш.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1044857?lang=kk
Ұлттық ұланның курсант қыздары әскери дәрігер мамандығын таңдады 03.08.2025
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан Академиясында салтанатты түрде 30-дан астам курсант әскери ант берді. Олар Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасының әскери оқу орындарына оқуға қабылданған. Барлығы халықаралық келісімдер аясында конкурс арқылы іріктелді.Биылғы шарада ерекше назарға іліккен қос ару да қатардағы курсанттармен бірге ант қабылдады. Олар – құқықтық тәртіп әскері қатарынан әскери-медициналық бағыт бойынша оқуға жіберілген төртінші лектің өкілдері. Алда оларды Санкт-Петербургте бірнеше жылдық оқу күтіп тұр. Бұл – әскери дәрігер болуды таңдаған олардың кәсіби бағыты. Бұл таңдау Қазақстан қыздарының да ер азаматтармен тең дәрежеде абыроймен қызмет атқаруға, маңызды да патриоттық мамандықтарды таңдауға дайын екендігін дәлелдейді.Салтанатты жиында Академия бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Ерден Балғымбаев бірінші курс курсанттарына құттықтау сөз арнады. Ол өз сөзінде бұл сәттің маңыздылығын атап өтті.– Ант қабылдау арқылы сіздер Ұлттық ұланның толыққанды жеке құрамы қатарына қосылдыңыздар. Сіздерге шет мемлекеттерде Қазақстан атынан білім алу мәртебесі бұйырды. Сіздердің оқудағы белсенділіктеріңіз бен күнделікті тәртіптеріңіз арқылы өзге елдер біздің мемлекетіміз туралы пікір қалыптастырады, – деді Ерден Балғымбаев.Сондай-ақ, Петропавл қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Тәтваев та жас сарбаздарға ақ жол тіледі.– Әскери ант – әрқайсыңыз үшін өмір бойы моральдық және адамгершілік бағдар болуы тиіс. Оны курсанттық кезеңде де, кейін офицер болғанда да адал ұстану қажет. Әскери антқа адал болыңыздар, Қазақстан халқының бейбіт еңбегін қорғау жолындағы борыштарыңызды абыроймен орындаңыздар. Офицер болу – арман ғана емес, ол – мәртебелі әрі абзал міндет. Бұл – нағыз отаншыл, ержүрек адамдардың кәсібі, – деді И. Тәтваев.Жас курсанттар атынан Азамат Тұрсынханов сөз сөйлеп, көрсетілген сенім үшін алғыс білдірді. Ол шетелдік оқу орындарында Қазақстанның абыройын лайықты қорғауға уәде берді.Осылайша, бұл күн болашақ офицерлер үшін маңызды жолдың бастамасы болды. Ант олар үшін тек ресми рәсім ғана емес, нақты әрекетке итермелейтін бағыт, моральдық бағдар және Отанға адалдықтың белгісі болмақ. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1044807?lang=kk
Ұландық сарбаздар ҚР ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды 03.08.2025
2025 жылғы 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің XII Спартакиадасы аясында спорттық самбодан жарыстар өтті. Шараны ФСО «Динамо» орталық спорт қоғамы ұйымдастырды. Бүкіл ел бойынша 150-ден астам спортшыдан құралған 25 команда қатысты.Ұлттық ұлан құрамасы алғаш рет тарихта айқын басымдықпен жеңіске жетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орын алды. Олар ІІМ командасын (2-орын) және ФСО «Динамо» командасын (3-орын) артта қалдырды.Ұлттық ұлан сарбаздарының жекелей нәтижелері:58 келі – 1 орын📍қатардағы жауынгер Әділет Елемесов (5451 әскери бөлім);64 келі – 1 орын📍қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Нүрсейітов (6654 әскери бөлім);71 келі – 3 орын📍қатардағы жауынгер Махамбет Қонысбаев (3660 әскери бөлім);79 келі – 1 орын📍 қатардағы жауынгер Тілек Тоқтасынов (5573 әскери бөлім);88 келі – 2 орын📍 қатардағы жауынгер Азат Қуанов (6655 әскери бөлім);98 келі – 1 орын📍 қатардағы жауынгер Еламан Қойшыбаев (6636 әскери бөлім);+98 келі – 1 орын📍қатардағы жауынгер Санжар Жабборов (5573 әскери бөлім). Бұл жеңіс – Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары физикалық дайындығының, жауынгерлік рухы мен кәсіби шеберлігінің жарқын дәлелі. Олар беделді жарыстарда Ішкі істер министрлігін абыройын асқақтатып жүр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1044808?lang=kk
Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты 03.08.2025
Шолпан-Ата, 2025 жылғы 2 тамыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтті, ол саяси диалогтың тұрақты нығаюымен және жан-жақты өзара іс-қимылдың кеңеюімен сипатталады.ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында қазақ-қырғыз қатынастары өзара іс-қимылдың жаңа сапалы деңгейіне көтерілгенін атап өтті.«Қазақстан бауырлас Қырғызстанмен өзара құрмет, сенім және мүдделерді ескеру қағидаттарына негізделген одақтастық қатынастарды тереңдетуге берік бейілді. Біз ұзақ мерзімді серіктестікті құруда осы мақсаттарды басшылыққа аламыз», – деді М.Нұртілеу.Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары соңғы жылдары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын жан-жақты талқылады, сондай-ақ парламентаралық, үкіметаралық және өңіраралық байланыстарды нығайтуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапарына және Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің жетінші отырысын өткізуге дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің перспективалары жеке қаралды. Қазақстан Қырғызстанның ең ірі үш сауда серіктесінің қатарына тұрақты түрде кіреді.Мемлекет басшыларының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында министрлер экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге, өзара сауда көлемін 3 млрд АҚШ долларына дейін арттыруға жан-жақты жәрдемдесуге уағдаласты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд АҚШ долларын құрады.2026 жылы қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасында Индустриялық сауда-логистикалық кешен жобасының іске қосылуы, бірлескен инвестициялық жобаларды пысықтау маңызды екені аталып өтті.Министрлер ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап, энергетика, көлік, логистика, су қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларында өзара тиімді іс-қимылды дамытуға дайын екенін білдірді.Екі мемлекет арасындағы берік және ұзақ мерзімді қатынастардың негізі – мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері жеке қаралды. Өткен жылы Қазақстанда Қырғызстан мәдениетінің күндері және ауқымды іс-шаралар сәтті өтті.Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының Қырғызстанға ресми сапары қарсаңында Қазақстан киносы күндерін, үшінші қазақ-қырғыз жастар форумын өткізу, сондай-ақ Бішкекте «Алтын достық көпірі» ескерткішін салтанатты ашу жоспарланып отыр.Кездесу барысында министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді». БҰҰ аясындағы тығыз өзара іс-қимылға, сондай-ақ екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілетуде өзара қолдау көрсетуге бейілділік расталды.Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары Жоғары мемлекетаралық кеңестің жетінші отырысының «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастықтың кешенді жоспарын бекіту туралы» шешімін және Ынтымақтастықтың кешенді жоспарын дәйектеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1044812?lang=kk
Жаңаөзенде қала әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті 03.08.2025
Бүгін, 1 тамыз күні Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өткізілді.Кеңес барысында қала мен облыс әкімінің әртүрлі жиналыстарында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы мен 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен депутаттық сауалдардың қаралу жайы қаралды.Кеңесте Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Молдабеков пен құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Жақсылық Орынбеков баяндама жасап, өз салалары бойынша есеп берді.Аппараттық кеңес барысында қала басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Taza Qazaqstan» телеграм-ботын тұрғындар арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, халық арасындағы тазалық мәдениетін арттыру – тек тұрғындардың емес, барлық мекемелер мен ұйымдардың ортақ міндеті екенін атап өтті. Осы бағыттағы жұмыстардың мардымсыз жүргізілуіне байланысты тиісті мекеме басшыларына қатаң ескерту жасалды.Қала әкімі Рахат ауылындағы санитарлық жағдайдың төмендігін атап өтіп, тазалық жұмыстарының жүйесіз жүргізілуіне байланысты Рахат ауылының әкімі Райымбек Сырымовқа сөгіс жариялады. Ауыл аумағындағы тазалықты күшейтіп, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.Жансейіт Қайнарбаев бақылауда тұрған тапсырмалардың орындалу барысына назар аударып, барлық жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне хаттамалық тапсырмаларды сапалы әрі мерзімінде орындауды, көтерілген мәселелерге ерекше мән беруді және тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1044813?lang=kk
«Абай мұрасы – халық ұлағаты: сөз өнері мен рухтың үндестігі» 03.08.2025
Қостанай облыстық Л. Н. Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты ашық микрофон кеші өтті.Бұл іс-шара ұлы ойшылдың мерейтойына арналған онкүндік аясында ұйымдастырылып, ақын шығармашылығына бейжай қарамайтын қостанайлықтар мен қонақтарды бір арнаға тоғыстырды. Кеш барысында «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты кең көлемді кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Онда Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған сирек кездесетін және заманауи басылымдар қойылды.Әдеби кештің әсерлі сәттерінің бірі — «Қазына» және «Өркен» клубтарының мүшелері дайындаған «Оқудан қайтқан Абай» атты әдеби-музыкалық композиция болды. Көрермендер Абайдың терең ойға толы өлеңдерін, «Қара сөздерінен» үзінділерді тыңдап, сонымен қатар «Желсіз түнде жарық ай» мен «Көзімнің қарасы» сынды жүректерге жол тапқан әндерін тамашалады.Ашық микрофон алаңында Абай мұрасына құрметпен қарайтын кез келген қатысушы өз өнерін ортаға салды. Ақынға арналған өлеңдер оқылып, Абай дүниетанымының бүгінгі күнмен үндестігі жайлы ойлар айтылды. Жеке естеліктер мен шабытты сөздер кештің шынайы әрі жылы атмосферасын қалыптастырды.Бұл кеш тек Абайдың рухына тағзым ғана емес, сонымен қатар оның адамгершілік, білімге құштарлық және рухани кемелдік жайлы ойларының қазіргі қоғамда да өзектілігін айқындап берді. Абай мұрасы — ұлттың ұлағаты, өшпес өнегесі екені тағы бір мәрте дәлелденді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1044821?lang=kk
Тарихта таңбаланған ерлік: Бітімгерлік операциялар орталығында капитан Құдабаевқа арналған ескерткіш ашылды 03.08.2025
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында бейбітшілік пен қауіпсіздік жолында өмірін қиған офицер капитан Қайрат Құдабаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.Монумент Алматы облысындағы Нұрғиса Тілендиев ауылы маңында орналасқан «Бітімгер» оқу орталығының аумағына орнатылды. Капитан Құдабаев – Ирактағы бітімгерлік миссияны орындау кезінде қаза тапқан қазақстандық жалғыз әскери қызметші.2005 жылғы 9 қаңтарда Васит провинциясында оқ-дәрілерді эвакуациялау операциясы барысында жарылыс болды. Ол өз өмірін құрбан етіп, қарулас достарын аман алып қалды. Көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін оған I дәрежелі «Айбын» ордені (қайтыс болғаннан кейін) және бірқатар халықаралық марапаттар берілді.Салтанатты рәсімге Бітімгерлік операциялар орталығының басшылығы, Қазақстан Республикасы жауынгерлік іс-қимылдар ардагерлері одағының өкілдері, әріптестері мен Қайраттың туыстары қатысты. Қатысушылар батырдың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.Салтанатты бөлімнен кейін қонақтар Бітімгер музейіне барды. Онда капитан Қайрат Құдабаевқа арналған арнайы экспозициялық бұрыш жасалған. Мұнда оның жеке заттары, фотосуреттері, марапаттары, қызметі мен ерлігі жайлы баяндайтын мұрағаттық материалдар жинақталған.– Бүгін Қайрат арамыздан кеткеніне тура 20 жыл толып отыр. Біз оның күлімсіреген жүзін, мейірімділігін, айналасына сыйлаған жылулығын ұмытпаймыз. Оның бұл дүниеден кетуі – отбасымыз үшін, әсіресе анамыз үшін ауыр соққы болды. Қаһарманды құрметтеп, оның ерлігін ұмыт қалдырмағаны үшін Жауынгерлік іс-қимылдар ардагерлері одағы мен Орталық басшылығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз, – деді батырдың ағасы Бауыржан Құдабаев.Салтанатты шара барысында ескерткіштің орнатылуына белсенді атсалысқан Орталықтың әскери қызметшілеріне Ардагерлер одағы атынан естелік медальдар табысталды.Капитан Қайрат Құдабаевтың есімі – ерлік, ар-намыс пен антына адалдықтың символы ретінде қазақстандық бітімгерлік тарихына мәңгілікке жазылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1044822?lang=kk