Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қызылордада Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің капсуласы салынды 28.08.2026
Бүгін Қызылордада Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің капсуласын салу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Шарада аймақ басшысы Сыр елінің бас шаһарының дамуына серпін беретін жобаларға тоқталды. Соның бірі – Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы. «Астана» шағын ауданы мен Президент саябағын жалғайтын, қаламыздың жаңа сәулеттік келбетін айшықтайтын маңызды инфрақұрылымдық жоба Нұрлыбек Машбекұлының бастамасы болатын.«Жаңа көпір құрылысын тәжірибесі мол «Әлем Құрылыс» компаниясы жүргізеді. Ұзындығы – 319,4 метр, ені – 12 метр, жалпы құны 13 млрд теңгеге жуықтайды. Ені 3 метр жаяу жүргіншілер жолы және көпір бойында әрқайсысының ені бір жарым метр болатын екі веложолақ салынады.Биыл Қызылорда қаласының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 38 млрд. теңгенің 23 жобасы іске асырылуда, 71 көше күрделі жөндеуден, қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Мәселен, «Бәйтерек» тұрғын ауданындағы оңтүстік магистралды канал арқылы өтетін жаңа көпір құрылысы толық біткенде, көлік қатынасы реттеледі. Торайғыров көшесінен «Қызылорда-Құмкөл» автожолына дейінгі Сағымбаев көшесіндегі қайта жаңғырту жұмыстары да аяқталуға жақын. Осылайша, жаңа көпір мен жаңартылған Сағымбаев көшесі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі мен Астана қаласынан келетін жолды түйістіретін үлкен әрі заманауи қақпаға айналады.Бұдан бөлек, Назарбаев даңғылы мен негізгі көшелер қайта жаңғыртылды. Тасбөгет кентіндегі Иманов, Бозғұл-1, Наурыз, Есенов көшелері кеңейді. Бұл игіліктер Президентіміз бен Үкіметтің қолдауының арқасында жүзеге асуда. Баршаңыздың ел дамуы, тұрғындарымыздың жайлы тұрмысы мен өскелең ұрпақтың жарқын болашағы жолындағы өрелі жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйлеп, құрылыстың капсуласы салынды.Бүгінде өңірді дамытудағы ілкімді істер жүйелі жүзеге асырылуда.Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Президент саябағы жаңа кейіпке енді. Осы аумаққа келушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін автожол және автотұрақ салынды.Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары да қарқын алды. Дария жағалауына екі жолақты жаяу жүргінші және велосипед жолдары түсуде.Бұдан бөлек, жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін «Aй-Керім» оқу-сауықтыру орталығы ашылып, жерлестеріміздің қуанышы еселенді. Лагерь жанынан Ботаникалық бақ пайдалануға берілді. Бақ жасыл желектің бірегей түрлері өсетін, экологиялық мәдениеттің, білім берудің және ішкі туризмнің дамуына қызмет ететін, аймақ тұрғындары мен қонақтары жиі бас қосатын орынға айналды.Саябақты жалғайтын тоғыз қабатты 15 тұрғын үй кешені жақын арада пайдалануға беріледі. Тұрғын үй кешенінің жанынан бес жұлдызды және «Ибис» қонақ үйлері, 200 орындық перинаталдық орталық бой көтеріп келеді.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Президенттік кітапхана мен драма театрдың іргетасы қаланып, құрылысы жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1281980?lang=ru
Үндістан сарапшылары Құрылтай сайлауының қорытындыларын құптады 28.08.2026
Нью-Дели, 2026 жылғы 27 тамыз - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігі «MERI Centre for International Studies» орталығымен бірлесіп, 2026 жылғы 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өткізді.Іс-шараға Қазақстан мен Үндістанның дипломатиялық, академиялық және сарапшылық қоғамдастықтарының өкілдері қатысты. Талқылау барысында сайлау қорытындылары, олардың Қазақстанның саяси жаңғыруы тұрғысындағы маңызы, сондай-ақ елдің саяси жүйесін одан әрі дамыту перспективалары бойынша пікір алмасу өтті.Дөңгелек үстелді «MERI Centre for International Studies» басшысы және «India Central Asia Foundation» директоры, профессор Рамакант Двиведи жүргізді. Қатысушыларға «MERI Group of Institutions» вице-президенті, профессор Лалит Аггарвал құттықтау сөзін арнады.Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Дархан Сейтенов Құрылтай сайлауының негізгі қорытындыларын таныстырып, олардың Қазақстанның саяси институттарын одан әрі дамытудағы маңызын атап өтті.Сараптамалық пікірталасқа Үндістанның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Ашок Кумар Шарма, Үндістан СІМ басшысының бұрынғы орынбасары Гитеш Шарма, ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары Аида Ермекқалиева, Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің докторы Радж Кумар Шарма, Джавахарлал Неру атындағы университеттің Халықаралық зерттеулер мектебінің докторы Прамод Кумар, сондай-ақ ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институтының аға сарапшысы С.Савельев қатысты.Талқылау барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және институционалдық өзгерістерге, партиялық жүйені дамытуға, өкілді институттарды нығайтуға және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылды.Қатысушылар сондай-ақ өткен сайлаудың Қазақстанның саяси институттарын одан әрі жетілдірудегі маңызы жөнінде пікір алмасып, қазіргі қоғамдық сұраныстарды ескере отырып, реформаларды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстан мен Үндістан арасындағы сараптамалық және академиялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды. Қатысушылар екі елдің талдау орталықтары, жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері арасындағы тұрақты диалогты қолдаудың өзара түсіністікті нығайту және қазақстандық-үндістандық қатынастарды одан әрі дамытудағы маңызды фактор екенін атап өтті.Дөңгелек үстел Қазақстанның саяси дамуының өзекті мәселелері мен оның Орталық Азиядағы рөлі жөніндегі сараптамалық пікір алмасу үшін мазмұнды алаңға айналды.Анықтама: «MERI Centre for International Studies» – Нью-Делиде орналасқан, халықаралық қатынастар, сыртқы саясат, геосаясат және өңірлік процестер мәселелері бойынша зерттеулер жүргізетін тәуелсіз зерттеу және талдау орталығы. Орталық Үндістан мен шет елдердің ғылыми қоғамдастықтары, дипломатиялық ортасы және талдау орталықтарының өкілдерін біріктіре отырып, сараптамалық және академиялық диалог үшін алаң болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1282000?lang=ru
Кеген ауданында жалпы құны 201,7 млрд теңге болатын 50 инвестициялық жоба іске асырылуда 28.08.2026
Алматы облысының Кеген ауданында 2025–2029 жылдары жалпы құны 201,7 млрд теңгені құрайтын 50 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл туралы Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Кеген ауданы тұрғындарына есеп беру жиынында айтылды. Халықпен кездесуде аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы есеп берді. Сондай-ақ алдағы жоспарлар баяндалып, ауданның өзекті мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Қазіргі таңда Кеген ауданында 16,5 млрд теңгеге 7 инвестициялық жоба іске асырылуда. Аталған жобалар аясында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.Мәселен, «Алматы – Кеген» тасжолының бойында заманауи кешен салынуда. Онда жолаушылар тынығатын қонақүй, тамақтану орны, электр көліктерін қуаттау бекеті, дүкен және жанар-жағармай құю станциясы болады. Жоба құны – 2,8 млрд теңге. Кешен толық іске қосылғанда 100 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі уақытта құрылыс 80 пайызға дайын, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Одан бөлек ауданда жеке инвестор өз қаражатына “Көлсай көлдеріне” келушілер үшін автотұрақ салып жатып. Бүгінде құрылыс алаңын тегістеу жұмыстары аяқталған. Бұдан бөлек ауданда бірнеше шағын су электр станциясының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта инженерлер дамба салынатын аумақты дайындап жатып. Инвестициялық жобаның жалпы құны – 5 млрд теңге.Кеген ауданы тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты. Осыған орай биыл облыстық бюджеттен ветеринария саласына 213,6 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға Жалаулы және Саты ауылдарында мал қорымы, сондай-ақ Шырғанақ, Бөлексаз, Жылысай және Тұйық ауылдарында модульдік ветеринариялық пункттер салынады.Ауыл шаруашылығы саласындағы өндірісті ілгерілету үшін де ілкімді істер қолға алынған. Мысалы, Кеген ауылында жылына 2 мың тоннаға дейін биязы жүнді терең өңдеп, дайын өнім шығаратын зауыт салынуда. Одан бөлек тәулігіне 30 тонна сүт өңдейтін кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр.Ауыл шаруашылығын дамыту үшін жер телімдеріе тиімді пайдалану керек. Осы ретте биыл ауданда 2 046 гектар жер конкурс негізінде 92 азаматқа үлестірілді.Бүгінде туризм саласы Кеген ауданы тұрғындарының тыныс-тіршілігіне жаңа леп беріп отыр. Аудан халқы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, елдің әл-ауқаты жақсарып келеді. Одан бөлек бұл бағытта жасалып жатқан ауқымды инвестициялық жобалар да бар. Мәселен, Қара шатқалда туристік аймақ құру жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінге дейін 200 млн теңге инвестиция салынып, тамақтану орны, фотоалаң, әткеншек және шатқалды тамашалауға арналған арнайы аймақтар ашылды. Жобаның жалпы құны – 1 млрд теңге.Инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бағыты бойынша Ереуіл ауылының ауызсу жүйесін жөндеу жұмысы аяқталды.Одан бөлек Тұйық, Қарабұлақ, А. Нүсіпбеков ауылдарындағы, Орта Меркі және Шет Меркі жайлауларына электр желілерін тартуға 300 млн теңге қарастырылды. Қазіргі уақытта электр бағаналарын орнату жұмысы жүргізілуде.Білім беру саласында Қарқара орта мектебінің күрделі жөндеуі аяқталуға жақын. Алғабас ауылында «Ұлағатты ұрпақ» қорының қолдауымен 50 балаға арналған бастауыш мектептің іргетасы қаланды.«Денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қарабұлақ, Жылысай, Жаңаталап, Талды, Жайдақбұлақ және Күрметі елдімекендерінде медициналық нысандардың құрылысы толық аяқталып, қолданысқа берілді.Алматы облысының әкімі жиында облыста атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды халыққа баяндады. Оның ішінде Кеген ауданындағы бастамалар мен алдағы міндеттерге ерекше тоқталды. Айтуынша, Кеген ауданына жыл басынан бері 8,1 млрд теңге инвестиция тартылған.Өз сөзінде аймақ басшысы аудандағы өнеркәсіп саласын дамытуға баса назар аудару керегін жеткізді. Себебі Кеген ауданының өнеркәсіп өнімінің көлемі облыстағы көрсеткіштің небәрі 0,7%-ын құрайды.«Аудан халқы негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Сонымен қатар өнеркәсіпті дамытуға да әлеуеті жеткілікті. Осыған байланысты аудан әкімдігіне жаңа инвестициялық жобаларды тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісін жолға қою маңызды.Сонымен қатар өндірістік инфрақұрылымды дамыту, қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз ету, кәсіби кадрлар даярлау және заманауи технологияларды енгізу арқылы ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттыру қажет», – деді аймақ басшысы.Марат Елеусізұлының сөзінше, соңғы төрт жылда облыста суару желілерін жаңартуға 16,3 млрд теңге бөлінсе, оның 5,2 млрд теңгесі Кеген ауданына тиесілі. Бұл жобалар ауданда 8,9 мың гектар суармалы жерді экономикалық айналымға қосуға мүмкіндік береді.«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында аудан халқына 17, «Кеңдала» бағдарламасы бойынша 3 несие берілген. Аймақ басшысы бұл жеткіліксіз көрсеткіш екенін айтты. Сондықтан аудан әкіміне түсіндіру жұмысын күшейтіп, жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктерін барынша пайдалануды тапсырды. Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 20 маманға бюджеттік несиені жыл соңына дейін беру жоспарланып отыр. Одан бөлек биыл 2,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сондай-ақ әлеуметтік осал топтар мен жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрған азаматтарына 150 пәтер қарастырылған.Биыл Қайыңды көліне апаратын жолдың 10 шақырымына асфальт төселіп, күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Сонымен қатар республикалық маңызы бар «Кеген-Нарынқол», «Көкпек – Кеген – Түп», «Жалағаш – Саты – Көлсай көлі» автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар биыл толық аяқталады.Кездесу барысында тұрғындар өз сауалдарын қойып, оларға тұщымды жауап берілді. Мысалы, жергілікті тұрғын Ақсай суармалы каналының 1986 жылдан бері жөндеу көрмегенін айтты. Аудан халқы бұл канал арқылы 30 мың гектар суармалы жерді игеріп отырғанын, сондай-ақ жем-шөп қорын ұлғайтуда аталған каналдың маңызы зор екенін жеткізді.Жауапты мамандардың сөзінше, бұл жоба бойынша мердігер анықталып, құрылыс жұмысы басталған. Ол үшін биыл 500 миллион теңге қаржы қарастырылған. Марат Елеусізұлы Ақсай каналын жөндеуге республикалық бюджеттен қолдау бар екенін, қаражат бөлінсе жұмыс та тез аяқталатынын айтты.Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны елдімекендегі ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілсе деген өтінішін айтты. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы күрделі жөндеу жобасы өте үлкен қаржыны қажет ететінін, ал жергілікті жерге тіркелген тұрғындар санының аз екенін ескерсек, бұл тиімсіз бастама болатынын түсіндірді. Оның орнына жаңа ғимарат салу дұрыс шешім болмақ. Марат Елеусізұлы күрделі жөндеудің бағасы мен тиімділігін қайта сараптап көруді тапсырды. Егер жоба тиімді болса, жөндеуге кірісетінін, болмаса блокты-модульді кешен салу мәселесі қарастырылатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1281878?lang=ru
Вильнюсте Семей ядролық полигонының жабылуының 35 жылдығына арналған фотокөрме ашылды 28.08.2026
Вильнюс, 2026 жылғы 28 тамыз – Қазақстан Елшілігі барша ниет білдірушілерді Вильнюстегі Адам Мицкевич атындағы кітапханада өтіп жатқан көрмені тамашалауға шақырады. Фотокөрме Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 35 жылдығына орай ұйымдастырылды.Көрмеге қойылған деректі фотосуреттер ядролық дәуір тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі – Семей полигонының тарихы, онда жүргізілген сынақтардың ауқымы және олардың адамдар мен қоршаған ортаға тигізген ұзақ мерзімді зардаптары туралы баяндайды. Көрме кітапхана келушілері үшін бір апта бойы ашық болады.29 тамыз Қазақстан үшін айрықша тарихи маңызға ие. Дәл осы күні, 1991 жылы, 1949 жылдан 1989 жылға дейін 456 ядролық сынақ жүргізілген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Он сегіз жылдан кейін, 2009 жылы, Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялады.Семей полигонының жабылуы Қазақстанның дәйекті антиядролық бағытының бастауына айналды. Ел Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін мұраға қалған әлемдегі ең ірі ядролық арсеналдардың бірінен өз еркімен бас тартып, кейінгі онжылдықтар бойы ядролық қарусыздануды, таратпауды және ядролық сынақтарды түпкілікті тоқтатуды дәйекті түрде жақтап келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1281858?lang=ru
Қазақстан ИЫҰ СІМК-нің 23-ші кезектен тыс сессиясының жұмысына қатысты 28.08.2026
Жидда, 2026 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 23-ші кезектен тыс сессиясына қатысты.Жабық жұмыс отырысының негізгі тақырыбы Палестинадағы қазіргі жағдайды талқылауға арналды. Қатысушылар палестиналық аумақтарда шиеленістің сақталып отырғанын, күрделі гуманитарлық ахуалды және тұрақсыздықтың өңірде одан әрі таралу тәуекелдерін атап өтті. Отырыста шиеленісті бәсеңдетуге, гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге және саяси реттеу жолдарын іздеуге бағытталған дипломатиялық күш-жігерді жалғастыру қажеттігі де атап өтілді.Өз сөзінде А. Исагалиев палестиналық қақтығысты мүмкіндігінше тез арада тек саяси-дипломатиялық әдістермен реттеу қажеттігін мәлімдеді. Қазақстан делегациясының басшысы Қазақстанның Палестина халқына қолдау көрсетуге практикалық үлес қосуға дайын екенін білдірді. Атап айтқанда, азық-түлік көмегін көрсету, Газадағы әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіруге қатысу және Палестина жастарына білім беру гранттарын бөлу ұсынылды. Қазақстан тарапы Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілікке тек «екі халыққа – екі мемлекет» қағидаты негізінде, астанасы Шығыс Иерусалим болатын 1967 жылғы шекаралар шегіндегі тәуелсіз Палестина мемлекетін құру арқылы қол жеткізуге болатынын растады.Сессия қорытындысы бойынша Палестина жөніндегі қарар қабылданып, сондай-ақ ИЫҰ-ның жаңа Бас хатшысы сайланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1283140?lang=ru
Қызылтөбе ауылдық округі аумағындағы ауыл ішілік автокөлік жолдарының жол белгілерін жаңарту, жаяу жүргінші жолақтарын сырлау, білім беру ұйымдарының алдына арнайы жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілуде. 28.08.2026
Қызылтөбе ауылдық округі аумағындағы ауыл ішілік автокөлік жолдарының жол белгілерін жаңарту, жаяу жүргінші жолақтарын сырлау, білім беру ұйымдарының алдына арнайы жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1281843?lang=ru
Қызылтөбе ауылдық округі бойынша санитарлық тазалық және ауылішілік жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары аясында жаяу жүргіншілер жолдарының жиектерін қураған шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілуде. 28.08.2026
Қызылтөбе ауылдық округі бойынша санитарлық тазалық және ауылішілік жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары аясында жаяу жүргіншілер жолдарының жиектерін қураған шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1281838?lang=ru
📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары ауылдық округ бойынша жер, көлік және мүлік (үй) салығы бойынша салықтық берешегі бар тұрғындарға ескертулер таратып, төлемдерді уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған шараның мақсаты — тұрғындарды салық міндеттемелерін орындауға ынталандыру және берешектердің өсіп кетуіне жол бермеу. Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес, жер, көлік және мүлік (үй) салығын белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда: әр кешіктірілген ай үшін 0,1% мөлшерінде өсімпұл есептеледі; берешек төленбесе, сот органдарына жолдануы мүмкін; банктік шоттар бұғатталып, мүлікке түйім салынуы ықтимал. 28.08.2026
📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары ауылдық округ бойынша жер, көлік және мүлік (үй) салығы бойынша салықтық берешегі бар тұрғындарға ескертулер таратып, төлемдерді уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Аталған шараның мақсаты — тұрғындарды салық міндеттемелерін орындауға ынталандыру және берешектердің өсіп кетуіне жол бермеу.Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес, жер, көлік және мүлік (үй) салығын белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда:әр кешіктірілген ай үшін 0,1% мөлшерінде өсімпұл есептеледі;берешек төленбесе, сот органдарына жолдануы мүмкін;банктік шоттар бұғатталып, мүлікке түйім салынуы ықтимал.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1281826?lang=ru
🌿 “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Қызылтөбе ауылдық округі бойынша “Таза Мұнайлы” МКК тарапынан жүргізілудегі күнделікті санитарлық тазалық жұмыстары. 📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі. 28.08.2026
🌿 “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Қызылтөбе ауылдық округі бойынша “Таза Мұнайлы” МКК тарапынан жүргізілудегі күнделікті санитарлық тазалық жұмыстары.📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1285097?lang=ru
Азық-түлік тауарларына мониторинг ✅ 2026 жылдың 26 тамыз күні Қызылтөбе ауылдық округі аумағында орналасқан шағын дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг барысында кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының “Сауда қызметін реттеу туралы” Заңының 9-бабына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның үстеме ақысы 15%-дан аспауы тиіс екені және тауар бағаларының көрнекі түрде көрсетіліп тұруы қажет екені жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 28.08.2026
Азық-түлік тауарларына мониторинг ✅2026 жылдың 26 тамыз күні Қызылтөбе ауылдық округі аумағында орналасқан шағын дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг барысында кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының “Сауда қызметін реттеу туралы” Заңының 9-бабына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның үстеме ақысы 15%-дан аспауы тиіс екені және тауар бағаларының көрнекі түрде көрсетіліп тұруы қажет екені жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1281796?lang=ru
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауға және сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы жиналыс өткізілді. 📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі! 28.08.2026
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауға және сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы жиналыс өткізілді.📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1281810?lang=ru
Қазақстан ИЫҰ СІМК-нің 23-ші кезектен тыс сессиясының жұмысына қатысты 28.08.2026
Жидда, 2026 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 23-ші кезектен тыс сессиясына қатысты.Жабық жұмыс отырысының негізгі тақырыбы Палестинадағы қазіргі жағдайды талқылауға арналды. Қатысушылар палестиналық аумақтарда шиеленістің сақталып отырғанын, күрделі гуманитарлық ахуалды және тұрақсыздықтың өңірде одан әрі таралу тәуекелдерін атап өтті. Отырыста шиеленісті бәсеңдетуге, гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге және саяси реттеу жолдарын іздеуге бағытталған дипломатиялық күш-жігерді жалғастыру қажеттігі де атап өтілді.Өз сөзінде А. Исагалиев палестиналық қақтығысты мүмкіндігінше тез арада тек саяси-дипломатиялық әдістермен реттеу қажеттігін мәлімдеді. Қазақстан делегациясының басшысы Қазақстанның Палестина халқына қолдау көрсетуге практикалық үлес қосуға дайын екенін білдірді. Атап айтқанда, азық-түлік көмегін көрсету, Газадағы әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіруге қатысу және Палестина жастарына білім беру гранттарын бөлу ұсынылды. Қазақстан тарапы Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілікке тек «екі халыққа – екі мемлекет» қағидаты негізінде, астанасы Шығыс Иерусалим болатын 1967 жылғы шекаралар шегіндегі тәуелсіз Палестина мемлекетін құру арқылы қол жеткізуге болатынын растады.Сессия қорытындысы бойынша Палестина жөніндегі қарар қабылданып, сондай-ақ ИЫҰ-ның жаңа Бас хатшысы сайланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1281768?lang=ru
«Ақпараттық сағат» бағдарламасы 28.08.2026
Бүгін «Ақтөбе» телеарнасының «Ақпараттық сағат» бағдарламасына қатысып, басқарманың жыл басынан бергі 6 айда атқарған жұмыстары туралы айтып өтті.Эфир барысында жастар саясаты саласында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижелері, негізгі көрсеткіштер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде ой бөлісті.Жастармен жүйелі жұмыс жүргізу, олардың бастамаларына қолдау көрсету және жастардың әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1281731?lang=ru
26–28 тамыз аралығында Темір ауданында өңір жастарын біріктірген «Ауыл LIFE» облыстық жобасы өтуде. 28.08.2026
Үш күнге жоспарланған жоба барысында жастар ауыл өмірінің тыныс-тіршілігімен танысып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, еңбек пен өнердің түрлі бағыттарында өзара бақ сынауда.📍 Бірінші күн – «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ: ТЕМІР ӨЛКЕСІ» Шұбарқұдық кентінде басталған алғашқы күн Досжан Хазірет мемориалдық кешені мен аудандық музейге саяхаттан басталды. Жастар ақын Ершат Қайболдинмен кездесіп, қамшы өру, тері өңдеу, кесте тігу, ұршық иіру және құрақ құрау бойынша шеберлік-сыныптарға қатысты. Күн соңында Quiz ойыны мен ашық аспан астындағы кино көрсетілімі ұйымдастырылды.🌾 Екінші күн – «ДӘСТҮР МЕН ЕҢБЕК – ҰЛТТЫҢ ӨЗЕГІ» Жоба Қопа ауылында жалғасын тапты. Қатысушылар ауылдың күнделікті еңбек тіршілігіне белсенді араласып, мал қарау, қора тазалау, сиыр сауу, сепаратор тарту, айран ұйыту, қой қырқу, шөп жинау, ағаш жару, құрт жасау, тары түю және май шайқау сынды еңбек түрлерінен сайыстарға қатысты.🐎 Сонымен қатар ат ерттеу, бие сауу, табаға нан жабу және ұлттық ойындар бойынша жарыстар өтті. Күн соңында жастар үшін тимбилдинг пен гитара сүйемелдеуіндегі шығармашылық кеш ұйымдастырылды.🥩 Үшінші күн – «АУЫЛ ЕҢБЕГІ – ШЫДАМ МЕН ШЕБЕРЛІКТІҢ МЕКТЕБІ» Бүгін, 28 тамызда, жобаның қорытынды күні Қопа ауылында өтуде. Қатысушылар мал сою, ішек-қарын аршу, жіліктеу және бауырсақ пісіру бойынша өз шеберліктерін сынауда.🏆 Жоба соңында салтанатты жабылу рәсімі өтіп, белсенді қатысушылар марапатталады.✨ «Ауыл LIFE» – ауыл өмірінің шынайы тынысын сезінуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, еңбек мәдениетін танып-білуге және жастар арасындағы бірлікті нығайтуға мүмкіндік беретін тағылымды жоба.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1281739?lang=ru
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларды сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыс өткізу туралы. 28.08.2026
2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілімен мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларды сақтау мәселелері бойынша түсіңдірме жұмыс өткізілді.Түсіндірме жұмыс мақсаты: сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларды сақтау, бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық және басқа да бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларының бұзушылығын болдырмау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1281721?lang=ru
Алматы облысының әкімі Кеген ауданының тұрғындарымен кездесті 28.08.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1281673?lang=ru
«Салықтық әкімшілендірудегі өзара іс – қимыл  тәсілдері» тақырыбында семинар өткізілді 28.08.2026
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының  тапсырмасына сәйкес (бұдан әрі - Комитет) және Назарбаев Университеті базасындағы қолданбалы зерттеулер мен стратегиялық талдауға маманданған «Ұлттық талдау орталығы- think tank» корпоративтік қорының өтінішіне байланысты, Комитеттің Оқу-әдістемелік орталығы мен Мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп, 2026 жылғы 27 тамызында Комитет базасында «Салықтық әкімшілендірудегі өзара іс – қимыл  тәсілдері»  тақырыбында офлайн/онлайн форматта аралас семинар өткізді.      Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды мінез-құлық ғылымының негіздерімен және оны мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруда қолданудың пратикалық құралдарымен, нақты айтқанда, салықтық әкімшілендірүді тиімді жүзеге асыру тәсілдерімен таныстыру, сондай-ақ мінез-құлықтық тәсілдердің адамдардың мінез-құлқын неғұрлым жақсы түсінуге және тиімді, қарапайым әрі азаматтарға бағдарланған мемлекеттік шешімдер қабылдауға қалай ықпал ететінін көрсету.      Семинарға тындаушылар ретінде Комитеттің орталық аппаратының және Ұлттық талдау орталығының өкілдері қатысты.     Тыңдаушылардың саны 36 адамды құрады.     Дәріскерлер ретінде Назарбаев Университеті базасындағы қолданбалы зерттеулер мен стратегиялық талдауға маманданған «Ұлттық талдау орталығы- think tank» өкілдері сөз сөйледі:      - Джаненова Салтанат Амангельдиевна (онлайн) – Орталық Азия бойынша мінез-құлықтық мемлекеттік саясат орталығының директоры. «Мінез-құлық ғылымын пилоттық жобасы», «ОТӨ қоладауымен ҰТБ-ның пилоттық жобасы», «Мінез-құлықтық тәсілдерді іске асырудағы сын-қатерлер» тақырыптарында баяндама жасады;     -  Газизова Сауле Сериковна – «Салықтық әкімшілендірудегі мінез-құлықтық тәсілдердің халықаралық практикасы» тақырыбында зерттеулер орталығының директоры;     -  Донбаева Айгерим Турлыбековна – «Салықтық әкімшілендірудегі мінез-құлықтық тәсілдердің халықаралық практикасы» тақырыбында жетекші экономист;    -  Тлеухан Роза – Орталық Азия бойынша мінез-құлықтық мемлекеттік саясат орталығының аға зерттеуші-талдаушысы «Топтардағы жұмыс» тақырыбында жұмыс жүргізді.    Осындай семинарларды өткізу қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және салықтық әкімшілендіру саласында әлемдік тәжірибені енгізуге ұмтылысын арттыруға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1281670?lang=ru
Сарбаздың сергектігі – сапалы астан 28.08.2026
Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлері кіші мамандар даярлау орталығының 30212 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілерді әскери мамандықтарға даярлау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Соның бірі – әскери аспаздарды даярлау.Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Қарсыбай Данабек қазіргі таңда аспаздар даярлау ротасында әскери аспаз мамандығын меңгеріп жатыр. Әскери қызметші үшін бұл – жауапкершілігі жоғары әрі маңызды мамандықтардың бірі.Оқу-жаттығу барысында жас сарбаз тағам әзірлеудің қыр-сырын үйреніп, күнделікті ас мәзірін дайындау, азық-түлікті тиімді пайдалану және санитарлық талаптарды сақтау бойынша теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып келеді.Әскери аспаздың жұмысы тек ас әзірлеумен шектелмейді. Ол жауынгерлердің сапалы әрі құнарлы тамақтануын қамтамасыз етіп, олардың күнделікті қызмет атқаруына қажетті күш-қуатты қалыптастыруға өз үлесін қосады.– Әскери аспаз болу – үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Әр тағамның сапасы мен дайындалу тәртібіне мұқият қарау керек. Оқу барысында көп нәрсе үйреніп жатырмын. Алдағы уақытта осы мамандықты жақсы меңгеріп, әскери қызметте алған білімімді тиімді пайдаланғым келеді, – дейді қатардағы жауынгер Қарсыбай Данабек.Жауынгер әскери қызметтегі күндері мен таңдаған мамандығы туралы ойын айтып, ас дайындау барысын көрсетті.Әскердің күнделікті тыныс-тіршілігінде әр мамандықтың өз орны бар. Ал әскери аспаздың еңбегі – жауынгерлердің дұрыс тамақтануын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың жауынгерлік даярлығы мен қызметтік міндеттерін сапалы орындауына қажетті жағдай жасаудың маңызды бөлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1281641?lang=ru
Сеулде Қазақстандағы саяси жаңғырулар мен Кореямен ынтымақтастық перспективалары талқыланды 28.08.2026
Сеул, 2026 жылғы 27 тамыз - Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали алғашқы «Орталық Азия - Корея Республикасы» саммиті қарсаңында Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясында өткен Орталық Азия саяси форумына қатысты.Іс-шараға Корея Республикасының Ұлттық Ассамблея депутаттары, сарапшылық және академиялық топтардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Орталық Азия мемлекеттері мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ алдағы Мемлекет басшысының Сеулге сапарынан күтілетін нәтижелер қарастырылды.Өз сөзінде Елші қатысушыларға Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырулар туралы айтып өтіп, 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлау қорытындыларына және жаңа бір палаталы Парламенттің қалыптасуына ерекше назар аударылды.Өткен сайлау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені жаңғыртуға, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және заң үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайтуға бағытталған дәйекті бағытының жалғасы болғаны атап өтілді.Саяси реформалармен қатар қатысушыларға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары, экономиканы әртараптандыру, цифрлық трансформация, инвестициялық ахуалды жақсарту және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде ақпарат ұсынылды.Кореялық депутаттар мен сарапшылар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістерге оң баға беріп, сайлаудың табысты өтуімен құттықтады және елдегі реформалардың дәйекті сипатын атап өтті.Алдағы алғашқы «Орталық Азия - Корея Республикасы» саммиті аясында тараптар саяси диалогты, сауда-инвестициялық байланыстарды, технологиялық ынтымақтастықты және халықтар арасындағы байланыстарды кеңейтудің жаңа мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.Алдағы сапар Корея Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді әріптестікті дамытудағы маңызды кезең болатыны атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1281543?lang=ru
Қазақстанның Вьетнамдағы мәдениет күндері екі елдің өнер шеберлерін біріктірді 28.08.2026
Вьетнамдағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Ханой қаласында екі елдің өнер шеберлері қатысқан гала-концерт өтті.Ho Guom Opera театрында өткен іс-шарада Аида Балаева құттықтау сөз сөйледі. Үкімет басшысының орынбасары Қазақстан мен Вьетнамды сыйластыққа, достық пен сенімге негізделген берік қарым-қатынас байланыстыратынын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласындағы көшелердің біріне Вьетнамның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері Хо Ши Миннің есімі берілді. Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары ұлттық бірегейлікті нығайту мен рухани мұраны сақтауда мәдениеттің айрықша рөл атқаратынына тоқталды.«Өйткені мәдениет – тек өткеннің мұрасы емес, бүгінгі қоғамның рухани тірегі және келешек ұрпаққа қалдыратын ең қымбат құндылығымыз. Қазақстан өнері Ұлы даланың терең тарихынан, халқымыздың салт-дәстүрі мен рухани болмысынан бастау алады. Қазақтың қоңыр күйі мен әсем әні, дәстүрлі өнері мен заманауи шығармашылығы арқылы вьетнамдық көрерменге еліміздің мәдени келбетін таныстыруды зор мәртебе санаймыз», – деді Аида Балаева.Вьетнам Социалистік Республикасының вице-президенті Во Тхи Ань Суан Вьетнамның мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі ретінде зор мән беретінін атап өтті.Гала-концертке Қазақстан мен Вьетнамның көрнекті өнер шеберлері қатысты. Бағдарламада қазақ күйлері мен халық әндері, сондай-ақ вьетнамдықтардың кеңінен танымал «Nguoi Ha Noi» және «Hà Nội mười hai mùa hoa» шығармалары орындалды. Қазақстандық және вьетнамдық өнерпаздар бірлесіп орындаған «Достық әуендері» композициясы мәдени диалогтың ерекше нышанына айналды. Бұл туындыда вьетнамның «Trống Cơm» халық әні мен Құрманғазының «Жима» және «Балбырауын» күйлерінің әуендері үйлесім тапты. https://www.facebook.com/share/p/1Yht96uSdm/?mibextid=wwXIfrАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1281526?lang=ru