Enbekshi QazaQ

Қоғам

Бельгияда Семей ядролық полигоны жабылуының 35 жылдығы қарсаңында ядролық сынақ құрбандарын еске алды 28.08.2026
Ипр, Бельгия, 2026 жылғы 28 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн және Семей ядролық полигоны жабылуының 35 жылдығы қарсаңында Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко мен Ипр қаласының мэрі Катрин Десомер ядролық сынақтар мен техногендік апаттар құрбандарын еске алды.Елші мен мэр 2010 жылы Қазақстан тарапынан Ипр қаласына сыйға тартылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.«Семей мен Ипрдің бастан кешкен тарихы бізге қарапайым, бірақ аса маңызды ақиқатты еске салады: бейбітшілікті қалыпты жағдай ретінде қабылдауға болмайды. Оны ортақ күш-жігермен сақтап, келер ұрпаққа аманат етуіміз қажет», – деді Роман Василенко.1991 жылғы 29 тамызда қырық жылдан астам уақыт ішінде 456 ядролық сынақ өткізілген Семей ядролық полигоны жабылды. Кейін Қазақстан әлемдегі ең ірі ядролық арсеналдардың бірінен өз еркімен бас тартып, бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы тарихи таңдауын жасады.Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялады. Бұл күн жыл сайын әлемдік қоғамдастыққа ядролық сынақтардың зардаптарын және оларды толық тоқтатудың маңыздылығын еске салады.«Ипр мен Семейді ерекше байланыс және тарихи жадты сақтауға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Өткеннің сабақтарын келер ұрпаққа жеткізіп, оларды бейбітшілікті нығайтуға қызмет еткізу маңызды», – деді Ипр қаласының мэрі Катрин Десомер.Кездесу барысында Ипр мен Семей арасындағы бауырлас қалалар қатынастарына ерекше назар аударылды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қасіретті зардаптарының символдарының біріне айналған Ипр мен ядролық сынақтардың зардабын тартқан Семейді бүгінде ортақ мақсат – тарихи жадты сақтау және бейбітшілік мәдениетін ілгерілету біріктіреді.Роман Василенко мен Катрин Десомер екі қала арасындағы байланыстарды, оның ішінде мәдени, білім беру және жастар жобалары арқылы одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1282280?lang=ru
ҮЕҰ кездесу 28.08.2026
        Бүгін, ағымдағы жылғы 28 тамызда, «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар     басқармасы» ММ ғимаратында «Мир нашими глазами» көру бойынша мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша   «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ, «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.          Іс-шара мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының жұмысы, әлеуметтік көмек көрсету, құқықтарын қорғау және қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау форматында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1282281?lang=ru
«Жаңа Халық Конституциясының құндылықтары негізінде «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру» 28.08.2026
2026 жылғы 28 тамызда педагог қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында «Жаңа Халық Конституциясының құндылықтары негізінде «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру» тақырыбында секциялық отырыс өтті.Секциялық отырыстың мақсаты-Жаңа Халық Конституциясының нормалары мен құндылықтары негізінде 2026-2027 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындау, сондай-ақ білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін, құқықтық мәдениетін, адамгершілік құндылықтарын және экологиялық санасын қалыптастырудың тиімді тетіктерін талқылау болды.Секция барысында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру, «Заң және тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесіне енгізу, сондай-ақ білім беруді цифрландыру жағдайындағы тәрбие жұмысының заманауи тәсілдері қарастырылды.Секция жұмысы аясында келесі баяндамалар ұсынылды:* Алмабаева Айгерим Нурлановна – «2026-2027 оқу жылында тәрбие жұмысынұйымдастырудың негізгі бағыттары»;* Иманғалиева Анар Болатханқызы - «Жаңа Халық Конституциясының құндылықтары негізінде «Адал азамат», «Заң және тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру-тәрбие жұмысының басым бағыты»;* Құйқалақова Құралай Әділбекқызы-«Келешек мектептері» мектептерінде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру: өзгерістер мен толықтырулар»;* Мейірбаев Мади Қанатұлы-«Жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтары және тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері»;* Тыштыбаева Эльвира Мұратқызы-«Білім беруді цифрландыру жағдайындағы тәрбие жұмысындағы жаңа бағыттар» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.Баяндамашылар тәрбие жұмысын жетілдіру, заманауи тәрбиелік тәжірибелерді енгізу, білім алушылардың азаматтық жауапкершілігі мен құқықтық мәдениетін дамыту, сондай-ақ тәрбиелік үдерісте цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселелеріне тоқталды.Секциялық отырыс қорытындысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, 2026-2027 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жетілдіруге және мемлекеттік тәрбие саясатын тиімді іске асыруға бағытталған практикалық ұсынымдар қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1282274?lang=ru
Қазақстан мен Германия жаңа бірлескен инвестициялық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға ниетті 28.08.2026
27 тамызда Берлинде екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей диалогты дамыту және бірлескен инвестициялық әрі өнеркәсіптік жобаларды ілгерілетуге арналған негізгі алаңдардың бірі – Қазақстан-Германия стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңесінің (ҚГІК) 17-отырысы өтті.Отырысқа Қазақстанның салалық министрліктерінің, ұлттық компанияларының және отандық бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Герман тарапынан Siemens Energy, CLAAS KGaA, WILO, KNAUF, HMS Bergbau, Koch Solutions, Aurubis AG, Deutsche Bahn, KfW Bankengruppe, Deutsche Bank және басқа да жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындардың, технологиялық және қаржы институттарының басшылары мен өкілдері қатысты.Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров ҚГІК-тің экономикалық өзара іс-қимылды тереңдету, іскерлік байланыстарды кеңейту және жаңа инвестициялық бастамаларды қалыптастырудың тиімді тетігі ретіндегі стратегиялық маңызын атап өтті. Ол герман бизнесінің Қазақстан нарығына тұрақты қызығушылығын атап өтіп, іскерлік байланыстар орнатудан ұзақ мерзімді әріптестікке бағытталған нақты бірлескен жобаларды іске асыруға көшудің қажеттігін айтты.Өз кезегінде ҚГІК тең төрағасы, Герман экономикасының Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту үшін жоғары әлеует бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Орталық Азиядағы герман бизнесінің стратегиясында барған сайын маңызды орын алып келеді.М. Хармс германдық компаниялардың Қазақстандағы қатысуын кеңейтуге және өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика, машина жасау, шикізат пен сыни материалдарды өңдеу, сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында герман капиталының қатысуымен 1 100-ден астам компания жұмыс істейді.Отырыс барысында ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары бойынша пікір алмасып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірісті оқшаулау, технологиялар трансфері, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, энергетика, «жасыл» технологиялар, сыни шикізат материалдары, машина жасау және көлік инфрақұрылымы мәселелері талқыланды.Герман бизнесіне Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қолдауға бағытталған «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның қаржылық мүмкіндіктері мен құралдары таныстырылды. Қаржыландыру тетіктеріне, мемлекеттік қолдау шараларына, ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту мүмкіндіктеріне және герман инвесторларының қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.Тараптар көлік-логистикалық ынтымақтастықты, атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ), немесе Орта дәлізді дамыту мәселесіне де ерекше назар аударды. Сонымен қатар германдық тарапқа Alatau City-дің инвестициялық әлеуеті таныстырылды.Сапар аясында Ә. Қуантыров Германияның мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, ГФР Сыртқы істер министрлігінің Еуропа істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Гюнтер Крихбауммен, Федералдық канцлер ведомствосының халықаралық экономикалық саясат жөніндегі өкілі Бенжамен фон Энгельхардтпен, Германия Сауда-өнеркәсіп палатасының Басқарма мүшесі Фолькер Трайермен, Германия өнеркәсібі федералдық одағының Басқарма мүшесі Вольфганг Нидер маркпен, сондай-ақ Герман экономикасының Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармспен келіссөздер өтті. Тараптар ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін, бірлескен бастамаларды институционалдық қолдауды және екіжақты диалогты нығайтудың одан арғы қадамдарын талқылады.Сапар қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Германия іскерлік әріптестігін одан әрі нығайтуға, екі ел бизнес өкілдері арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге және нақты инвестициялық әрі технологиялық жобаларды ілгерілетуге өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1282276?lang=ru
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: ерте даму, ұлттық құндылықтар және сапалы білім беру ортасы 28.08.2026
ШҚО ББ «ÖRKEN» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 тамызы күні «Адам капиталы, білім, прогресс - халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» атты дәстүрлі ұстаздардың тамыз кеңесі аясында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған панельдік секция отырысы өткізілді. Шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, балабақша бүлдіршіндері мен педагогтерінің «Менің сүйікті тәрбиешім» би қойылымымен, ШҚО мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша педагогтерінің тыныс- тіршілігі туралы бейне-таспамен жалғастырылды. Секция жұмысын ШҚО ББ «ÖRKEN» өңірлік орталығының әдіскері А.К.Кырыкбаева кіріспе сөзбен бастап, шараның мақсаты мен міндеттерін айқындады.ШҚО Білім басқармасының бас маманы Б.С.Кажибекова жаңа оқу жылындағы мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың басты бағыттарына тоқтап, облысымыздың бірқатар педагогтері (А.М.Қасымова, Т.А.Гребенюк, Л.М.Алғазина, О.В.Михеева, А.К. Досаева, Е.В.Бородавкина) «Ерте даму және ұлттық құндылықтар», «Сапалы білім беру ортасын қалыптастыру», «Балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық», «Заманауи технологиялар мен ЖИ» тақырыптары бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылармен пікір алмасылды. Сондай ақ шараға Алматы қаласынан BOBEKTANYM.KZ платформасын дамыту және маркетинг бөлімінің басшысы К.Р. Полтушева балабақшада жасанды интеллекті қолдану ерекшеліктеріне кеңінен тоқтады.Секция жұмысы барысында мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру бойынша өзекті мәселелер қорытындыланып, алдыға қойылған мақсаттар айқындалып, жаңа оқу жылына арналған әдістемелік ұсынымдар қабылданды. Шара соңында облыстағы бірқатар белсенді педагогтер, сондай ақ мектепке дейінгі тәрбие жұмысында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп келе жатқан кіші қамту қызметкерлер марапатталды. Секция отырысына аудандық/қалалық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен тәрбиешілері, жиыны 100 педагог қатысты.Жаңа 2026-2027 оқу жылына сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1282270?lang=ru
Жамбыл облысында салықтық әкімшілендіру нәтижелері, бизнесті көлеңкеден шығару, кассалық тәртіпті нығайту және тұтынушылардың фискалдық чекті талап етуі туралы пресс-конференция 28.08.2026
🔰 28.08.2026ж. Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің байланыс орталығында 📷«баспасөз-конференция» өтті.🎤Спикерлер: Шайдуев Кабылбек Бектұрғанұлы – Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары; Нурмаханбетов Ерлан Мирамбекович – Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің «Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы» басқармасының басшысы.🔷Тақырыптары:1) Жамбыл облысында бойынша мемлекеттік кірістер органдарының салықтық әкімшілендіру жұмыстарының нәтижелері;2) бизнесті көленкеден шығару бойынша серпінді жобаны іске асыру;3) тұтынушылармен фискалды чектерді талап ету;4) жеке тұлғалардың тауар импортын кәсіпкерлік мақсатта пайдалануды айқындау өлшемшарттары туралы. Эфирдің толық нұсқасын⬇️сілтеме арқылы көре аласыздар:Ютуб: https://www.youtube.com/live/DsoJEfOXclU Фейсбук: https://www.facebook.com/watch/live/?mibextid=wwXIfr&ref=watch_permalink&v=2149158889283410&rdid=YGa9QVpohK0W6VG7 Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1282271?lang=ru
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім берудегі сабақтастық, бастауыш білім беру мазмұнындағы өзгерістер» бастауыш сынып педагогтерінің облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы 28.08.2026
28 августа 2026 года на базе средней школы № 46 города Усть-Каменогорска в рамках традиционной августовской конференции работников образования ВКО состоялось секционное заседание педагогов начальных классов. Встреча была посвящена теме: «Преемственность между дошкольным воспитанием, обучением и начальным образованием, изменения в содержании начального образования».В мероприятии приняли участие специалисты и методисты районных и городских отделов образования, ответственные за начальное звено, а также учителя начальных классов и воспитатели предшкольной подготовки. Заседание открыла руководитель отдела Восточно-Казахстанского регионального научно-методического центра «Örken» С.К. Касенова, которая осветила ключевые изменения в начальном образовании и вопросы преемственности.В ходе секции ведущие педагоги и эксперты региона поделились опытом реализации обновленного содержания образования, рассказали об изменениях в учебных целях и программах, обновленных подходах к оцениванию, а также о моделях инклюзивного обучения детей с особыми образовательными потребностями.В завершение встречи участники подвели итоги работы секции, провели рефлексию и определили эффективные методические механизмы для успешного старта нового учебного года.Всего в заседании приняли участие 50 педагогов начальных классов и классов предшкольной подготовки.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1282263?lang=ru
Құмар Ақсақалов: «Қостанай облысының тағы бір ерекшелігі – саябақтар мен скверлерінің көптігінде» 28.08.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов өңірдің қайраткерлерімен, қоғам белсенділерімен, кәсіпкерлерімен бірге Қостанайдағы Триатлон-парк пен қала маңындағы экопарктегі атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.Мемлекет басшысы жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға, заманауи инфрақұрылымды дамытуға және азаматтардың сапалы демалысын қамтамасыз етуге үнемі назар аударып келеді.Қостанайда Орталық саябақ, «Жеңіс» саябағы, «Ұлы дала» паркі, Триатлон-парк және бұрынғы Ауыл шаруашылығы институтының аумағында саябақтар салынды. Былтыр теміржол вокзалы маңында, Дулатов және Арыстанбеков көшелерінде, Қасымханов пен Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Қонай шағын ауданында саябақтар ашылды.Аумағы 39 гектарды құрайтын Триатлон-парк қала тұрғындары арасында ең сұранысқа ие қоғамдық кеңістіктердің біріне айналды. Оның аумағында 16 спорттық және балалар алаңы жабдықталып, 38 кәсіби жаттығу құралы орнатылды. Қазіргі уақытта әкімшілік-тұрмыстық кешім ғимаратын, субұрқақты және кіреберіс тобын абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимаратында 8 бөлме қарастырылған. Мұнда кафе орналастыру, гүлдер, кәдесыйлар, спорттық киімдер мен құрал-жабдықтар сату, сондай-ақ спорттық құрал-жабдықтарды жалға беру және сату жоспарлануда. Сонымен қатар кофе, сусындар және балмұздақ сататын орындар жұмыс істейтін болады. Бұдан бөлек, ғимаратта учаскелік полиция пункті, оның ішінде жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға арналған қоғамдық дәретханалар қарастырылады. Аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, субұрқақ орнатылды, ғимараттың қасбетіне жарықтандыру жүйесі қойылды.Тобыл өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. «Шағала» жағажайын Триатлон-паркпен байланыстыратын бірыңғай жағалау аймағы құрылып, қала тұрғындары арасында ең танымал жағажай аумағы кеңейтіліп, жаңартылды. Ал жаяу жүргіншілерге арналған серуендеу аймағы 1 шақырымнан 2,5 шақырымға дейін ұлғайтылды.Қалаға жаңа инвесторлардың келуі және іскерлік белсенділіктің артуы заманауи қонақүй инфрақұрылымына деген қажеттілікті арттыруда. Қостанайда әлемге танымал екі қонақүй кешенінің құрылысы басталды. Олар – «Мэрриот» және «Новотель». Сондай-ақ, 150 нөмірге арналған «Холидей Инн» қонақүй кешенін салу жоспарланып отыр. Кешен құрамында конференц-зал және тамақтану аймағы болады. 140 жұмыс орны ашылады.Қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін тағы бір нысан – «Инвиктус» фитнес-клубы. Заманауи фитнес-клубтың құрылысы – спорт инфрақұрылымының жаңа нысанын ашумен ғана шектелмейді. Бұл – белсенді демалысқа, спортпен шұғылдануға және бос уақытты мазмұнды өткізуге арналған қосымша орын құру. 40 жұмыс орны ашылды. Мұнда премиум санаттағы заманауи жабдықтар орнатылады. Бір мезгілде 300 адамға дейін жаттығуға мүмкіндік болады.Қостанай облысының тағы бір ерекшелігі – саябақтар мен скверлерінің көптігінде екенін айтқан аймақ басшысы Ел Президентінің ірі қалалар мен облыс орталықтарының қала маңындағы аумақтарында экопарктер құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қостанай қаласының агломерациясында 43,8 гектар аумақта экопарк құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мұнда көлік тұрақтары, жүгіру және велосипед жолдары, футбол және волейбол алаңдары, орындықтар мен күркелер, балалар ойын алаңдары қарастырылған. Сондай-ақ автотұрақ және «Астана» тұрғын үй шағын ауданынан өтетін жерасты жаяу жүргіншілер өткелі салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1282256?lang=ru
Білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі облыстық тамыз конференциясының секция отырыстары 28.08.2026
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 28 тамызда білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі облыстық тамыз конференциясының секция отырыстары «АДАМ КАПИТАЛЫ, БІЛІМ, ПРОГРЕСС - ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» тақырыбында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 40 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында өткізді.«2026–2027 оқу жылындағы білім беру жүйесінің басым бағыттары: білім сапасын арттыру және оқу сауаттылығын дамыту» секция отырысына аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, қазақ және орыс тілі пәні мұғалімдері, кітапхана ісінің жауапты мамандары, кітапханашылар қатысты.Секция барысында:- қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің жетекшісі А.Ж. Билялова жаңа оқу жылындағы білім беру мазмұны мен жүйесіндегі негізгі өзгерістерді таныстырды;- Самар ауданы бойынша білім бөлімінің қосымша білім беру жөніндегі әдіскері К. М. Умирбаева «Оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру: мектеп кітапханалары қызметінің жаңа басымдықтары» тақырыбында мектеп кітапханаларының оқу мәдениетін қалыптастырудағы рөліне тоқталды;- Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 46 орта мектебі» КММ және «№ 47 жалпы білім беретін мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Д.Б. Сатенбаева мен Д.Б. Жиенбаева «Жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ тілі мен әдебиеті: «Адал азамат» құндылықтары мен «Заң мен тәртіп» қағидаттарын қалыптастыру» тақырыбында жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақ үдерісінде тиімді қолдану тәжірибелерімен бөлісті;- Қазақ-Американдық еркін университетінің магистрі, шетел тілдері кафедрасының оқытушысы П. А. Кулик «Развитие навыков критического чтения в эпоху искусственного интеллекта как условие формирования интеллектуальной нации» тақырыбында жасанды интеллект дәуірінде сыни оқу дағдыларын дамытудың маңызын атап өтті;- С. Аманжолов атындағы ШҚУ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Т.В. Галкина «Формирование читательской грамотности обучающихся посредством работы с учебным и медиатекстом в условиях развития культуры чтения» тақырыбында оқу және медиамәтінмен жұмыс арқылы оқырмандық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді тәсілдерін ұсынды.Секциялық алаң педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Қатысушылар білім сапасын арттыру, оқырмандық және сыни сауаттылықты дамыту, сондай-ақ жасанды интеллектіні білім беру мақсатында тиімді пайдалану бағыттары бойынша өзара пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1282239?lang=ru
Облыстық тамыз конференциясының секциялық отырысы 28.08.2026
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы КММ 2026 жылғы 28 тамызда облыстық тамыз конференциясы аясында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№41 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында білім бөлімдерінің басшыларына, аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілеріне арналған және оған өңірдегі 120 жалпы білім беретін мектептің директорларына «Жаңа Халық Конституциясының құндылықтары мен қағидаттарын іске асыру: білім беру жүйесіндегі цифрлық көшбасшылық және жасанды интеллект» тақырыбында секциялық отырыс өткізді.Секциялық отырыстың модераторы – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Қозыбаева Бұлбұл Жомартқызы.Секциялық отырыс барысында негізгі баяндамалармен:Кенчимбаева Мархаббат Камелханқызы, көшбасшы-басшы, Глубокое ауданының білім бөліміне қарасты «Белоусовка жалпы білім беретін мектебі №2» КММ директоры, инновациялық білім беру кеңістігін құру және мектепті басқаруда заманауи тәсілдерді енгізу тәжірибесімен бөлісті;Сағандықова Жанна Төлегенқызы, Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің директоры, қазіргі мектептің білім беру және басқару үдерістеріне жасанды интеллектіні енгізудің практикалық тәжірибесін таныстырды;Насир Ануар, «Үздік педагог – 2025» облыстық байқауының жеңімпазы, физика пәнінің мұғалімі, Өскемен қаласындағы «№41 жалпы білім беретін мектеп» КММ директорының орынбасары, жасанды интеллект технологияларын қолданудың практикалық үлгісін көрсетті. Баяндама барысында EdooX цифрлық платформасын пайдалана отырып, физика пәнінен ашық сабақтың фрагменті ұсынылды.Секциялық отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған тәжірибелердің өзектілігін атап өтіп, оларды одан әрі тарату және өңірдегі білім беру ұйымдарының қызметіне енгізу қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1282207?lang=ru
Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде техникалық оқу өткізілді 28.08.2026
2026 жылғы 19 тамызда Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Департамент басшысы Оразбай М.А.-ның төрағалығымен техникалық оқу өткізілді.Іс-шараға Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.Шақырылған спикер ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Заң басқармасының басшысы Омаров А.Б. сөз сөйледі.Техникалық оқу барысында Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының 2023–2025 жылдар аралығындағы Департамент қызметіне жүргізген аудиторлық іс-шарасының нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, әкімшілік іс жүргізу және сот практикасы салаларындағы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері қаралды.Аудит материалдарын прокуратура және қылмыстық қудалау органдарына беру тәртібіне, жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізу негіздеріне, әкімшілік іс жүргізудің мерзімдері мен тәртібінің сақталуына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес тыңдау рәсімін өткізуге, сондай-ақ сот материалдарын дайындау және сүйемелдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Іс-шара қорытындысы бойынша жұмыстың сапасын арттыруға, заңнаманы біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге және Департамент қызметінде бұдан әрі бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол бермеуге бағытталған шаралар айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1282200?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында «Арнайы білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесіндегі балалардың адами капиталын дамыту: оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендірудің заманауи тәсілдері» облыстағы балалар үйлерінде, түзету ұйымдарында және арнайы мектеп-интернаттарында жұмыс істейтін педагогтердің секциялық отырысы 28.08.2026
​2026 жылғы 28 тамызда Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің «Адам капиталы, білім, прогресс – Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбындағы тамыз конференциясы аясында ШҚО білім басқармасының «№8 арнайы мектеп-интернат» КММ базасында облыстың балалар үйлерінде, түзету ұйымдарында және арнайы мектеп-интернаттарында жұмыс істейтін педагогтердің «Арнайы білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесіндегі балалардың адами капиталын дамыту: оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендірудің заманауи тәсілдері» тақырыбындағы секциялық отырысы өтті.Іс-шараға барлығы 40 педагог қатысты. Олар арнайы және түзету ұйымдарының (балалар үйлері, Жасөспірімдер үйі, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, ППТК, ПМПК, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары, арнайы мектеп-интернаттар) педагогтері.Секция барысында ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Кубентаева А.К. 2026–2027 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқаулық хат, сондай-ақ ҚР арнайы және инклюзивті білім беруге қатысты нормативтік-құқықтық актілер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы Атантаева Д.Б. Жаңа Конституция негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдаудың маңызы туралы баяндады, Ақ Ниет мектеп-интернатының директоры, сондай-ақ Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен Жасөспірімдер үйінің педагогтері балаларды сүйемелдеу, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру бағыттары бойынша практикалық жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Секциялық отырыстың қорытындысы бойынша 2026–2027 жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер айқындалды. Олар арнайы білім беру сапасын арттыруға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды жетілдіруге, ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытуға және тиімді педагогикалық тәжірибені таратуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1282148?lang=ru
Шығыс Қазақстан мен Могилев облысы өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда 28.08.2026
26 тамызда Беларусь Республикасының Могилев облыстық атқару комитетінің төрағасы Анатолий Исаченко бастаған Беларусь Республикасының делегациясымен жұмыс кездесуі және дөңгелек үстел өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан және Могилев облыстары арасындағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындайтын өңіраралық өзара іс-қимылдың жол картасына қол қойылды.Басым бағыттар қатарында:Агроөнеркәсіптік кешен — ет және сүт өнімдерін терең өңдеу, балық және бал шаруашылығын дамыту;Өнеркәсіп — ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, лифтілерді, қосалқы бөлшектерді және білім беру мекемелеріне арналған жиһаздарды бірлесіп өндіру перспективалары;Туризм — туроператорлар арасында жүйелі алмасу, Шығыс Қазақстанның туристік және инвестициялық әлеуетін Беларусь бизнесіне таныстыру, экологиялық, таулы және сауықтыру туризмін дамыту.Кездесу барысында туристік ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Шығыс Қазақстан облысының экологиялық, таулы және сауықтыру туризмін дамыту үшін айтарлықтай әлеуеті бар. Бұдан әрі өзара іс-қимыл аясында екі өңірдің туроператорлары арасындағы байланыстарды кеңейту, тәжірибе алмасу және ШҚО-ның туристік өнімдері мен инвестициялық мүмкіндіктерін Беларусь бизнесінің өкілдеріне таныстыру көзделеді.Сауда-экономикалық қатынастарда да оң динамика байқалады. Ағымдағы жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында Шығыс Қазақстан облысының Беларусь Республикасымен тауар айналымы 5%-ға өсіп, 4,13 млн АҚШ долларын құрады. Бұл ретте экспорт 65%-ға артты.Қол қойылған жол картасы қол жеткізілген уағдаластықтардан бірлескен бастамаларды іс жүзінде іске асыруға, бизнес-миссиялар өткізуге және екі өңір кәсіпорындары арасында тікелей байланыстар орнатуға көшу үшін негіз болады.Шығыс Қазақстан үшін Могилев облысымен ынтымақтастықты дамыту инвестициялар тартуға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және өңірдің туристік әлеуетін Беларусь нарығында ілгерілетуге қосымша мүмкіндіктер ашады.Фотосуреттерді Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1282156?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысы білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінің қорытындысы 28.08.2026
2026 жылдың 28 тамызында Шығыс Қазақстан облысы білім саласы қызметкерлерінің «Адам капиталы, білім, прогресс - халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбында облыстық тамыз кеңесі өтті. Кеңестің пленарлық бөліміне облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Мухтарханова Гульшат Токтасыновна, әлеуметтік серіктестер, ЖОО ректорлары, колледж директорлары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, педагогикалық қауымдастық өкілдері мен ардагер ұстаздар қатысты.Шара аясында инновациялық цифрлық технологиялар көрмесі ұйымдастырылып, пленарлық отырыста Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Окасов Қуат Барысұлы «2025–2026 оқу жылының қорытындылары және алдағы оқу жылына қойылатын жаңа міндеттер» баяндап, білім беру саласының даму бағыттары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, конференция аясында 9 бағыттағы секциялық алаңдар өткізіледі олар: мектепке дейінгі білім беру, бастауыш сынып, тәрбие жұмысы, инклюзивті, арнайы білім беру, жасанды интеллект, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағыттары, кітапхана ісі, психологиялық қызмет, менеджмент, техникалық және кәсіптік білім беру.Конференция барысында бірқатар педагогтар мемлекеттік және өңірлік наградалармен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің төсбелгілерімен марапатталды: «Құрмет» ордені-1 педагог, «Ерен еңбегі үшін»-1, «Еңбек ардагері»-2, «Шығыс Қазақстан облысының еңбек сіңірген ұстазы»-1, «Шығыс Қазақстан облысының білім беру ісіне қосқан үлесі үшін»-1, ШҚО әкімінің Құрмет грамотасы-5, ШҚО әкімінің Алғыс хаты- 5, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі -2, «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісі- 4, ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғысы-10 педагог марапатталды. «Үздік орта білім беру ұйымы – 2026» атағы мен гранттарына сертификаттар табысталды:Гран при: Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ – 20 млн.теңге; І-орын: Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының № 9 орта мектебі» КММ – 18 млн.теңге; ІІ-орын: Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 5 Күршім орта мектебі» КММ – 16 млн.теңге;ІІІ-орын: Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ – 14 млн.теңге.Тамыз кеңесінің соңында педагогикалық қауымдастық алдында жаңа 2026–2027 оқу жылында жүзеге асырылатын негізгі міндеттер қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1282089?lang=ru
Бақылау-касса машиналарының чектеріне қойылатын жаңа талаптар 28.08.2026
2026 жылдан бастап фискалдық есепке алуды автоматтандыру үшін бақылау-касса машиналарының чектеріне қойылатын міндетті талаптар жаңартылды. Бұдан былай чекте: тауар кодтарының номенклатурасына сай тауар атауы; тауардың сәйкестендіру коды; міндетті таңбаланатын тауарлар үшін сандықсәйкестендіру құралдары көрсетілуі тиіс.Кәсіпкерлерге атауларды қолмен енгізудің қажеті жоқ - штрихкодты сканерлеу жеткілікті. Барлық мәліметтер мемлекеттік дерекқорға енгізілген және фискалдық деректер операторларының сервистері арқылы автоматты түрде жүктеледі.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кассалық жабдықты тексеруді және қажет болған жағдайда бақылау-касса машиналарының жеткізушілерінен немесе фискалдық деректер операторынан бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартуды ұсынады.Бекітілген ережелерге сәйкес келмейтін чекті беру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1282104?lang=ru
МСУ кодтары бойынша жергілікті салықтар бойынша төленуге жататын міндеттемелер туындаған кезде салық есептілігін дұрыс толтыру 28.08.2026
МСУ кодтары бойынша жергілікті салықтар бойынша төленуге жататын міндеттемелер туындаған кезде салық есептілігін дұрыс толтыруҚазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VIII Бюджет кодексінің 27-бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент немесе ауылдық округ бюджеттеріне салықтық түсімдер мен төлемдердің жекелеген түрлері есепке жатқызылады.Оларға мыналар жатады: жеке тұлғалардың өздері салық салуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығы; жеке тұлғалардың мүлік салығы; елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы; көлік құралдарына салынатын салық; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы; кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды өндіруге салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы.Салық есептілігін дұрыс толтырудың маңыздылығы Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес, салық есептілігінің нысандарында ауылдық округ әкімінің аппаратының БСН-ін көрсету көзделген.Салық есептілігін толтыру кезінде салық міндеттемесінің туындаған жерін және тиісті жергілікті өзін-өзі басқару кодын (бұдан әрі – МСУ), сондай-ақ әкім аппаратының БСН-ін – бенефициарды дұрыс көрсету қажет.Салық есептілігінің нақты салық салу объектілері және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік туралы мәліметтер көрсетілетін қосымшаларына ерекше назар аудару қажет.МСУ кодын, әкім аппаратының БСН-ін немесе объектінің орналасқан жерін қате көрсету есептелген соманың тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке емес, басқа аумаққа көрсетілуіне әкелуі мүмкін. Бұл өз кезегінде жергілікті бюджеттер арасында түсімдердің дұрыс бөлінбеу тәуекелін туындатады.Осылайша, салық есептілігін толтыру кезінде салық немесе төлем сомасының дұрыс есептелуін ғана емес, салық салу объектісіне қатысты аумақтық деректемелердің дұрыстығын да тексеру қажет.Бұл ретте Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №695 бұйрығымен бекітілген қолданыстағы салық есептілігінің нысандарын басшылыққа алу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1282121?lang=ru
На Бухтарминском водохранилище открылась новая спасательная станция 28.08.2026
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Голубой залив кентінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы жаңа құтқару станциясы ашылды.Бұқтырма су қоймасы — Шығыс Қазақстанның ең танымал туристік бағыттарының бірі. Жыл сайын оның жағалауына 70 мыңнан астам демалушы келеді. Шығанақтарды қоса есептегенде демалыс аймағы шамамен 40 км-ге созылып жатыр, онда ондаған ірі және шағын демалыс базалары мен туристік инфрақұрылымның жүздеген нысандары орналасқан.Жаңа модульдік құтқару станциясы тәулік бойы кезекшілік атқаруға арналған. Нысанда бақылау пункті, құтқару мұнарасы, жұмыс және тұрмыстық бөлмелер, жарықтандыру және электрмен жабдықтау жүйелері жабдықталған.Құтқарушылардың жұмыс тиімділігін арттыру үшін сондай-ақ заманауи катерлер, байланыс құралдары, арнайы жабдықтар және қажетті құрал-саймандар қарастырылған.Заманауи құтқару инфрақұрылымын құру оқиғаларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, су айдынына жаппай келу кезеңінде туристер мен демалушылардың қауіпсіздігін қосымша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Инфрақұрылымды дамыту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету Бұқтырма су қоймасының жағалауында туристік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.Жаңа құтқару станциясының ашылуы демалушылардың қауіпсіздігін тұрақты бақылауды күшейтіп, ықтимал оқиғаларға жедел әрекет етуге төтенше жағдайлар қызметтерінің дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.Фотосуреттерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1282130?lang=ru
Қазақстан Ұлан-Батыр қаласында өткен СОР-17 іс-шараларына белсене атсалысты 28.08.2026
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 28 тамыз – 2026 ж. 17-28 тамыз аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында БҰҰ Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясына қатысушы тараптардың 17 конференциясы (СОР-17) өтті.190-нан астам елдің өкілдері жиналған алқалы жиынға Қазақстан  тарапы белсенді қатысып, табиғатты қорғау, жердің тозуының алдын алу, су ресурстарын тиімді пайдалану үшін көпжақты ынтымақтастықты дамыту және осы бағытта тиімді диалог орнату жолында көптеген іс-шараларға атсалысты.«СОР-17» алаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ жанынан Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасын ілгерілету мақсатында «Шөлейттену, жердің тозуы және құрғақшылық мәселелерін шешу жолында су саласындағы жаһандық басқару ісін нығайту» тақырыбында сайд-ивент өтті. Іс-шараға 14 спикер және 100-ден астам делегат қатысты.Моңғолия Үкіметінің атқарушы агенттігі – Су басқармасының басшысы З.Батбаяр мен су саласындағы беделді сарапшы, доктор Д.Баасандорж Қазақстан басшысының ұсынысы өте уақытылы әрі маңызды идея екенін ерекше атап өтіп, бастамаға толық қолдау білдірді. Басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері су саласындағы көпжақты ынтымақтастықты жандандыру қажеттігіне тоқталды.Сондай-ақ, «СОР-17» аясында Қазақстанның ұйымдастыруымен «Аймақтық Экологиялық Саммиттен UNFCCC COP-31-ге дейін: Рио конвенциясы аясында жерді қалпына келтіру, биологиялық әртүрлілікті және климатқа төзімділікті ілгерілету» тақырыбына арналған сайд-ивент өтті.«СОР-17-ге» еліміздің құзырлы органдарының лауазымды тұлғалары арнайы келіп қатысты. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Н.Хатепова жоғары деңгейдегі «СОР-17» ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі.ҚР Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Сейтақынов көптеген іс-шараларға қатысып, шөлейттенуге, жердің тозуына қарсы күреске және су ресурстарын тиімді пайдалануға қатысты Қазақстанның ұстанымдарын әлем қауымдастығына жеткізді.Қазақстан табиғатты қорғауға бағытталған жаһандық қозғалыстың әрдайым алғы шебінде болады. Еліміз осы бағытта халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін біріктіру және көпжақты ынтымақтастықты дамыту жолында табанды әрі жүйелі жұмысты жалғастыра береді.      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1282083?lang=ru
ҚҚС бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтитын ұйымдарға қатысты 28.08.2026
Салық кодексінің 474-бабының 7) тармақшасына сәйкес, егер өткізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ оның алдындағы төрт салықтық кезең ішінде бір мезгілде мынадай талаптар сақталса, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылады:- мүгедектігі бар адамдардың орташа саны жұмыскерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құрауы;- мүгедектігі бар адамдарға еңбекақы төлеу шығыстары еңбекақы төлеуге арналған жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын құрауы.Бұл ретте аталған тармақшаның ережелері мүгедектігі бар жұмыскерлердің саны кемінде 10 адам болған және тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтерді ұсыну осындай жұмыскерлердің қатысуымен жүзеге асырылған жағдайда қолданылады.Осылайша, Салық кодексінің 474-бабының 7) тармақшасында көзделген талаптар бір мезгілде толық сақталған жағдайда ғана, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады және ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін айналым мөлшерін айқындау кезінде есепке алынбайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1282063?lang=ru
Шығыс Қазақстан Германияның туристік бизнесімен ынтымақтастықты нығайтуда 28.08.2026
Шығыс Қазақстан облысы өңірдің туристік әлеуетін халықаралық нарықтарда ілгерілету және шетелдік туристік индустрия өкілдерімен ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.2026 жылы басым бағыттардың бірі Германияның туристік бизнесімен өзара іс-қимылды кеңейту болды.2026 жылғы наурызда Шығыс Қазақстан облысының делегациясы ITB Berlin халықаралық туристік көрмесіне қатысып, онда өңірдің туристік мүмкіндіктері таныстырылып, неміс туристік бизнесінің өкілдерімен іскерлік кездесулер өткізілді.Осы жұмыстың жалғасы ретінде 2026 жылғы 21-25 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысына неміс туроператорларының делегациясы келді. Таныстыру сапары аясында қонақтар Риддердің, Алтайдың, Катонқарағай ауданының, Бұқтырма су қоймасының және облыстың басқа да туристік аумақтарының туристік әлеуетімен танысты.Сапар барысында таулы, экологиялық, шытырман оқиғалы және қысқы туризмді дамыту мүмкіндіктеріне, сондай-ақ өңірлік туристік өнімдерді Германия нарығында ілгерілету перспективаларына ерекше назар аударылды.2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласында DRV Destination Forum 2026 форумы өтті — Германияның туристік индустриясындағы негізгі іс-шаралардың бірі. Қазақстан алғаш рет форумды қабылдаушы ел атанып, іс-шараға шамамен 130 қатысушы, оның ішінде 69 Германия өкілі — жетекші туроператорлардың, туристік агенттіктердің, салалық бірлестіктердің және мамандандырылған БАҚ-тың басшылары мен өкілдері қатысты.Форум аясында Шығыс Қазақстан делегациясы өңірдің туристік әлеуетін таныстырып, неміс туристік индустриясының өкілдерімен одан әрі ынтымақтастық орнату, тікелей іскерлік байланыстарды дамыту және облыстың туристік өнімдерін ілгерілету перспективаларын талқылады.ITB Berlin көрмесіне қатысуды, неміс туроператорларының Шығыс Қазақстанға таныстыру сапарын ұйымдастыруды және DRV Destination Forum 2026 форумына қатысуды қамтитын жүйелі жұмыс өңірді халықаралық деңгейде ілгерілетуге, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және келу туризмін арттыруға қосымша мүмкіндіктер береді.Шығыс Қазақстан шетелдік нарықтарда халықаралық ынтымақтастықты дамыту және өңірдің туристік мүмкіндіктерін ілгерілету бойынша жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1282056?lang=ru