Enbekshi QazaQ

Қоғам

2026-2027 оқу жылына қабылдау 28.04.2026
Қабылдау Хэндбук  ереже  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1210254?lang=kk
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты 28.04.2026
🏦 ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтаттыШымкент қаласының тұрғыны мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген жасырын интернет-казиноны ұйымдастырып, оның жұмысын үйлестірген.➡️ Қылмыстық схеманы іске асыру үшін покер ойнауға арналған («Техас холдем») мобильді қосымша пайдаланылған. Онда «Vendetta» және «AMG600L» атты ойын клубтары құрылып, олар «Nomad» желісіне біріктірілген.Аталған клубтар тәулік бойы жұмыс істеп, Қазақстаннан бөлек Өзбекстан мен Қырғызстан сияқты елдердің ойыншыларын да тартқан.Клиенттер санын көбейту үшін мессенджерлер арқылы мақсатты хабарламалар жіберіліп, түрлі бонустар мен ынталандыру жүйесі қолданылған.Ойыншылар өз есепшоттарын банк шоттарына ақша аудару арқылы толтырып, соның негізінде ойынға қатысуға мүмкіндік беретін «фишкалар» алған. Ұтқан жағдайда қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, пайдаланушылардың карталарына аударылып отырған.Ұйымдастырушылардың табысы әр ойын үстелінен алынатын 3–5% көлеміндегі комиссия («рейк») есебінен қалыптасып, тұрақты кіріс әкеліп отырған. Сонымен қатар ойыншыларды ұстап қалу үшін оларға виртуалды қаражатты қарызға беру тәжірибесі де қолданылған.Қаржы ағымдарын жасыру мақсатында «дропперлердің» банк шоттары, оның ішінде шетел азаматтарының шоттары пайдаланылған. Шот бергені үшін оларға әрбір есепшотқа 100–200 мың теңге көлемінде сыйақы төленген.Аталған шоттар бойынша жалпы ақша айналымы 557 млн теңгеден асқан.🚨 Сондай-ақ тінту барысында ұйымдастырушының тұрғылықты жерінен есірткі заты табылып, тәркіленді.👨‍⚖️ Екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Қылмыстық іс сотқа жолданды.Айта кету керек, құмар ойындарға қатысушылар кей жағдайларда 30 млн теңгеге дейін елеулі қаржылық шығынға ұшыраған.Онлайн-казинолардың қолжетімділігі мен тексерудің болмауы оларды аса қауіпті етеді.Жастар мұндай ойындарға оңай тартылып, бұл ойынқұмарлыққа тәуелділіктің қалыптасуына, сондай-ақ алкоголизм мен нашақорлық сияқты қосымша мәселелердің туындауына себеп болады.❗️ Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз құмар ойындарға қатысу жоғары қаржылық тәуекелдерге әкелетінін ескертеді.Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/TSadeLnK29uK1Q📞 Call-center: 1458_______________@afm_rk#заңментәртіп
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің «Қазақстан Республикасындағы экспорттық-импорттық операцияларды валюталық бақылау мәселелері» тақырыбына тікелей эфирі 28.04.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 28 сәүірде сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Қазақстан Республикасындағы экспорттық-импорттық операцияларды валюталық бақылау мәселелері» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: тарифтік реттеу басқармасының басшысы Гульмира Қанақбайқызы Қасенова сөз сөйлейді.Модератор – түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Білялұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1210184?lang=kk
Бизнеске арналған “таза парақ”: жабу рәсімі қалай жеңілдетілді 28.04.2026
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасыңа сәйкес, Қазақстанда микро және шағын бизнес субъектілері үшін қызметін тоқтату тәртібі жеңілдетіліп, «таза парақ» тетігі бойынша жүзеге асырыла отырып, бірқатар шарттар сақталған жағдайда камералдық бақылаусыз бизнесті жабуға мүмкіндік береді.Аталған тәртіпті келесі талаптар бойынша жүргізіледі:-ҚҚС бойынша тіркеу есебінде болмау;-салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;-жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркелмеген.Көрсетілген шарттар сақталған жағдайда қызметті тоқтату кезінде камералдық бақылау жүргізілмейді. Бұл ереже есептілік 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін тапсырылған және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдеріне қатысты болған жағдайда қолданылады.Рәсімді аяқтау үшін салық органына келесі құжаттарды ұсыну қажет:-қызметті тоқтату туралы өтініш;-таратуға байланысты салық есептілігі;-бақылау-кассалық машинаны (БКМ) есептен шығару туралы өтініш.Ведомствода жеңілдетілген тәртіп тек белгіленген талаптар толық сақталған жағдайда ғана қолданылатыны атап өтілді. Шарттар сақталмаған жағдайда қызметті тоқтату камералдық бақылау жүргізу арқылы жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1210095?lang=kk
Салық берешегі кезінде шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату тәртібі туралы 28.04.2026
Салық берешегі кезінде шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату тәртібі туралыҚазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары және (немесе) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқылы.Аталған шара салық органының тиісті өкім шығаруымен жүзеге асырылады және банк оны алған сәттен бастап міндетті түрде орындауға жатады.Шығыс операцияларын тоқтатудың негізгі себептері:— салық берешегінің белгіленген шектен асуы;— салық органының хабарламаларын орындамау;— камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктерді жоймау;— айналымдарды немесе дебиторлық берешекті растамау;— салықтық тексеруге жібермеу.Бұл ретте шектеу барлық шығыс операцияларына қолданылады, алайда заңнамада бірқатар ерекшеліктер қарастырылған.Атап айтқанда, келесі төлемдерге шектеу қолданылмайды:— бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер;— әлеуметтік төлемдер;— жалақы, алимент, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік маңызы бар төлемдер.Шектеуді алып тастау тәртібі:Шығыс операцияларын тоқтату себептері жойылған жағдайда, салық органы шектеуді келесі жұмыс күнінен кешіктірмей алып тастайды.Қосымша ақпарат алу үшін салық төлеушілер:— 1414 байланыс орталығына хабарласа алады;— орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына жүгіне алады;— салық төлеушінің кабинетінде хабарламаларды тексере алады;— КГД-ның Telegram чат-боты арқылы өтініш қалдыра алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1210114?lang=kk
Сыбайлас жемқорлықпен барлық деңгейде күресу мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. 28.04.2026
Ел Президенті Қ.К.Тоқаев Үкімет пен қоғамның назарын сыбайлас жемқорлық мәселелеріне бірнеше рет аударды. Осылайша, Президент Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүкіл қоғам болып жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырамыз. Бізге және ұрпағымызға ешкім сырттан келіп жарқын болашақты жасап бермейді».Түркістан газетіне берген қаңтар айындағы сұхбатында Президент тағы да: Сыбайлас жемқорлықпен барлық деңгейде күресу мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Бұған қатысты ешқандай күмән тумауға тиіс». 2026 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментімен және Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Ж. Сюндиковпен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құжатты әзірлеу тәсілдерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.Бұл кеңеске Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері қатысты. Ұйымдастырушылар - облыс әкімінің аппараты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті. Модератор: Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Сүйіндіков. 2026 жылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мерзімінің аяқталуына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Сарапшылардың идеяларын, ойлары мен бастамаларын талқылау, жинау мақсатында Агенттіктің аумақтық департаменті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында түрлі сарапшылар топтарымен бірқатар диалог алаңдарын өткізеді. Қатысушылар: ЖАО Әдеп жөніндегі уәкілдері, комплаенс-қызметтердің өкілдері (онлайн-форматта), ОМО аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдері, облыстық басқармалардың басшылары мен жауапты тұлғалары, азаматтық сектор өкілдері және мемлекеттік қызмет ардагерлері - тәлімгерлер. Диалог алаңының спикерлері: Абдрахманов Мэлс Бейбітұлы Қостанай облысы бойынша МҚІА департаменті басшысының орынбасары. Моргунов Максим Валерьевич - Қостанай қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі. Попова Элина Николаевна - облыс әкімі аппаратының кадр қызметі жүйесінде ұзақ уақыт жұмыс істеген мемлекеттік қызмет ардагері-тәлімгер. Донбаева Гүлнара Далибайқызы - "ҚЫЗМЕТ" мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы " ҚБ төрағасы. Какимов Талғат Базарбайұлы - "КТЭК" МКК комплаенс-қызметінің басшысы. Кистаубаева Карина Мирамовна - "Sweet City" ЖШС заң бөлімінің бастығы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1210124?lang=kk
Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Жаңаөзенде су басу салдарын жоюға қатысты 28.04.2026
Жаңаөзен қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5548 әскери бөлімінің әскери қызметшілері нөсер жауын салдарынан болған су басу зардаптарын жою жұмыстарына қатысты.50-ден астам мерзімді әскери қызметші мен 3 техника бірлігі ауа райының қолайсыздығы салдарын жоюға жедел кірісті. Су жиналған 25 учаскеде жұмыс жүргізіліп, әскери қызметшілер суды сорып шығару және қорғаныс бөгеттерін тұрғызу жұмыстарын атқарды.Үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылдың нәтижесінде жағдай тұрақтандырылып, қала тұрғындарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, сондай-ақ зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді.Жаңаөзен тұрғындары әскери қызметшілерге жеделдігі, батылдығы және жанашырлығы үшін шынайы алғыстарын білдірді.Айта кетейік, Ұлттық ұлан төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсенді қатысып, қиын сәттерде азаматтарға әрдайым көмек көрсетіп келеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1210034?lang=kk
Ұлттық ұландағы жаңа бастама: Үздік сарбаздар кіші сержант шенін иеленді 28.04.2026
Ұлттық ұланда енгізілген жаңа бастаманың басты ерекшелігі – үздік сарбаздардың әскери қызмет барысында-ақ кіші сержант шенін иелену мүмкіндігі.Кіші сержант Нұркелді Жайылхан – осы мүмкіндікті пайдаланған сарбаздардың бірі. Ол ҚР ІІМ Ұлттық ұланының оқу орталығында арнайы дайындықтан өтіп, әскери шенге ие болды. Қазіргі уақытта Астана қаласындағы 5573 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүр.Айта кетейік, оқу орталығында алғаш рет білімі мен біліктілігін дәлелдеген үздік сарбаздарға кіші сержант шені табысталды. Іріктелген жауынгерлер оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, тағылымдамадан кейін жас сарбаздарды үйретуге тартылды.Бүгінде олар дабыл кезінде бөлімшені ұйымдастырып, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға жетекшілік етеді. Сонымен қатар патрульдік топ бастығы ретінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысады.Жалпы, бұл мүмкіндік 30 сарбазға берілді. Бастаманың тиімділігі – сарбаздар әскери қызметтен кейін уақыт жоғалтпай, күштік құрылымдарда қызметті бірден кіші сержант шенінен бастай алады.Бұл жоба жас әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, олардың қызметке деген ынтасын едәуір күшейтіп отыр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1210035?lang=kk
Guard Next: Ұлттық ұланның заманауи жобасы жастарға жол тартты 28.04.2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында елімізде патриоттық рухты көтеретін, әскери қызметтің заманауи келбетін танытатын идеялар ерекше маңызға ие. Осындай тың бастамалардың бірі – ҚР ІІМ Ұлттық ұланы жүзеге асырып жатқан National Guard Next Generation жобасы. Ал Guard Next аталған ауқымды жобаның музыкалық бағыты.Guard Next аясында Ұлттық ұланның үлгілі-көрсетілімді оркестрі Астана қаласындағы жоғары оқу орындарында өнер көрсетіп, студенттерге ерекше музыкалық кеш сыйлауда. Бұл концерттер тек мәдени шара ғана емес, сонымен қатар жастарды Отан қорғау ісіне баулитын, олардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыратын маңызды алаңға айналып отыр.Әскерилерден құралған үрмелі аспаптар оркестрі әлемдік хиттер мен отандық әндерді жаңа форматта ұсынып, тыңдарманға ерекше әсер қалдыруда. Заманауи поп-попуррилер мен ретро әуендердің үйлесімі жастарға жақын атмосфера қалыптастырып, әскердің тек қатаң тәртіп қана емес, рухани-мәдени әлеуеті жоғары орта екенін көрсетеді.Сонымен қатар, концерттік бағдарламадағы әскери дефиле элементтері мен Құрмет қарауылы ротасының көрсетілімдері кештің әсерін күшейтіп, көрерменге ұмытылмас эмоция сыйлайды.Осы ретте мұндай бастамаларда «Заң мен тәртіпті» насихаттаудың маңызы ерекше, өйткені құқықтық мәдениеті жоғары қоғам ғана тұрақты дамып, қауіпсіз әрі әділетті орта қалыптастыра алады.Әскери қызметтің негізінде жатқан тәртіп, жауапкершілік және заңға құрмет секілді құндылықтар концерттік бағдарламалар арқылы көрініс тауып, жастарға нақты үлгі болады.Айта кетейік, жуырда дәл осы National Guard Next Generation мега жобасы аясында "BOOKGUARD" әдеби челленджі бастау алған болатын. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1210038?lang=kk
Ұландық спортшы жүзуден жеңімпаз атанды 28.04.2026
Елордада ASTANA SWIM CHALLENGE халықаралық форматтағы жүзу додасы өтті. Open Water Pool (OPW) форматында ұйымдастырылған беделді жарыста ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі Нұртас Әлібеков үздік нәтиже көрсетті.Жарыс барысында қатысушылар бассейн периметрі бойынша арнайы белгіленген бағытпен жүзіп, өзара мықтыны анықтаған. Бұл формат ашық суда жүзу жағдайын имитациялаумен ерекшеленеді.Нәтижесінде қатардағы Нұртас Әлібеков 18 жастан жоғары санаттағы қарсыластарынан оқ бойы озып, І орынды иеленді.Сондай-ақ ұландық спортшы абсолюттік есепте үздіктер қатарынан табылып, ІІІ орынға тұрақтады.Әскери қызметшінің бұл жетістігі – Ұлттық ұлан жауынгерлерінің тек қызметте ғана емес, спортта да биік белестерді бағындыра алатынын дәлелдейді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1210041?lang=kk
Астанада ұландықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты 28.04.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының әскери қызметшілері, сондай-ақ 6636 және 5573 әскери бөлімдерінің жеке құрамы республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында елордада өткен ауқымды экологиялық акцияға қатысты.Іс-шара барысында ұландықтар аулалар мен қоғамдық жерлерді санитарлық тазалау, аула аумақтарын, балалар және спорт алаңдарын абаттандыру жұмыстарына атсалысты.Әскери қызметшілер қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, тазалыққа жауапкершілікті арттыруға бағытталған экологиялық айлықты қолдап, қала тазалығына өз үлестерін қосты.Акция Мемлекет басшысының бастамасын қолдау мақсатында өтіп, ұландықтардың қоғамдық маңызы бар істерге белсенді қатысатынын тағы бір мәрте көрсетті.Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы құқықтық тәртіп әскерлерінің барлық бөлімшелерінде өткізіліп, әскери қызметшілерді ортақ мақсат - тазалық пен қоршаған ортаны сақтауға жұмылдыруда. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1210045?lang=kk
КЕГЕННІҢ "ЖАСЫЛ ҚАҚПАСЫ " АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ 28.04.2026
КЕГЕННІҢ "ЖАСЫЛ ҚАҚПАСЫ " АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯhttps://www.instagram.com/p/DXoaLZFDS3_/?igsh=MTY1Mm5pZzd5NjJnaA==Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1210047?lang=kk
Бірлескен кəсіпкерлік кезінде салықтық міндеттемені орындаудың ерекшеліктері 28.04.2026
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, бірлескен кəсіпкерлік жүзеге асырылған жағдайда салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы бапта айқындалған тəртіппен есепке алынады жəне оларға салықтар салынады.Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік нысанында) негізінде бірлескен кəсіпкерлік жүзеге асырылған жағдайда салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодекстің 215-бабында айқындалған тəртіппен есепке алынады жəне оларға салықтар салынады.Осы Кодекстің ерекше бөлігінде салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алудың жəне оларға салықтар салудың өзгеше тəртібін көздейтін шаруа немесе фермер қожалықтарына қатысты арнаулы салық режимдері белгіленуі мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1210071?lang=kk
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ 28.04.2026
Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа бағдарламалық құжатын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары қатысты.Жиынның негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарламалық құжаттың мазмұнын жан-жақты талқылау, ұсыныс-пікірлерді жинақтау және тиімді шешімдер қабылдауға негіз қалыптастыру.Кездесу барысында 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылу барысы қорытындыланды. Қатысушылар қол жеткізілген нәтижелерді саралап, алдағы кезеңге арналған жаңа саясаттың басым бағыттарын айқындауға қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.Талқылау барысында бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тәсілдерін жаңғырту, қоғамда заң бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын орнықтыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды кеңінен пайдалану қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, «тұрмыстық жемқорлық» ұғымын заңнамалық деңгейде нақтылау, квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтердің тиімділігін арттыру, қолданыстағы заңнамадағы құқықтық нормаларға ревизия жүргізу мәселелері де күн тәртібінде болды.Жиында сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбековтің айтуынша, биыл 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асырудың қорытынды кезеңі болып табылады. Осыған байланысты алдағы кезеңге арналған жаңа стратегиялық құжат әзірленіп жатыр.Оның сөзінше, жаңа құжатта бес негізгі бағыт айқын. Біріншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті трансформациялау арқылы қоғамда заң бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қалыптастыру көзделуде. Бұл бағыт тәрбиеден, қоғамдық сана мен құндылықтар жүйесінен бастау алады. Екіншіден, салаға жасанды интеллект пен цифрландыру мүмкіндіктерін кеңінен енгізу жоспарланып отыр. Үшіншіден, комплаенс институтын дамыту, комплаенс-офицерлердің қызметін жетілдіру және олардың құқықтық негіздерін нығайту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Төртіншіден, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында құқықтық актілерге кешенді талдау жасап, қажет болған жағдайда қайта қарау көзделген. Бесіншіден, алдын алу шараларын күшейту арқылы жүйелі әрі тиімді тетіктер қалыптастыру ұсынылды.— Биыл қолданыстағы тұжырымдаманы іске асырудың қорытынды жылы. Сондықтан келесі кезеңге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа бағытын айқындау мақсатында осындай кездесу ұйымдастырып отырмыз. Қоғам белсенділері, депутаттар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бизнес өкілдері мен заңгер ғалымдардың ұсыныстары жаңа құжатты әзірлеуде маңызды рөл атқарады, — деді Қанат Қадырбеков.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлер жинақталып, жаңа бағдарламалық құжатты жетілдіру барысында ескерілетін болды.Жалпы, мұндай ашық форматтағы талқылаулар мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға, қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нақты қадамдарды айқындауға мүмкіндік береді.
Қазақстан мен БАӘ екіжақты қатынастарды дамытуда 28.04.2026
Абу Даби, 2026 жылғы 27 сәуір – Қазақстан Респубикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің аға өкілі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті.Сұхбат барысында министр Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан үшін ислам әлеміндегі сенімді әрі басты стратегиялық серіктес ел екенін атап өтті.Келіссөздер барысында тараптар екі ел халықтарының игілігі үшін қолға алынған уағдаластықтар мен жобаларды табысты жүзеге асыру, сауда-экономика, инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.Өз кезегінде шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Наһаян Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы берік бауырластық қатынастардың қарқынды дамуына назар аударды.Кездесу соңында Қазақстан СІМ басшысы шейх Сурурдың екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, Әмірліктер халқына тыныштық пен бақ-береке тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1209965?lang=kk
Майндағы Франкфуртта Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті 28.04.2026
Майндағы Франкфурт, 2026 жылғы 25 сәуір – Көктемнің жаңаруымен қатар жүретін Көрісу дәстүрінің жылылығы Майндағы Франкфурт төрінде ерекше сезілді. Шетелде жүрген отандастар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, Наурыз мерекесін бірге қарсы алды. Осы рухани үндестік аясында Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы мен «Отандас» қауымдастығының ұйымдастыруымен Франкфурттің көркем табиғатты Lohr паркінде көктемнің жаңаруын бейнелейтін ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Табиғатпен үйлескен қазақы думан қонақтарға ерекше әсер сыйлап, мерекенің мәнін тереңдетіп, көңілдерін көтере түсті.Іс-шараға Германия Федеративтік Республикасында тұратын қазақстандық диаспора өкілдері, отандастар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары қатысты (шамамен 250 адам).Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Тауболды Умбетбаев құттықтау сөз сөйлеп, Наурыз мерекесінің ұлттар арасындағы татулық пен келісімді, сондай-ақ дәстүр сабақтастығын айқындайтын маңыздылығын атап өтіп, елімізде жүзеге асырылып жатқан жаңа реформалар, жаңа Конституция және «Таза Қазақстан»науқаны  туралы ақпарат берді.Мәдени бағдарлама аясында вокалдық және хореографиялық қойылымдар ұсынылды. Іс-шараның негізгі көрнекі бөліктерінің бірі әртүрлі жас санатындағы қатысушыларды біріктірген «Қара жорға» жаппай флешмобы болды.Сонымен қатар, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды. Жүлдегерлерге Қазақстан туралы кітаптар, сыйлықтар, кубоктар мен медальдар табысталды. Іс-шара барысында Қазақстанның мәдениеті, дәстүрлері және ұлттық тағамдары таныстырылған тақырыптық алаңдар жұмыс істеді.Көктемнің шаттығы мен ұлттық рухы тоғысқан бұл мереке Франкфурт қаласында ұмытылмас жылы әсер қалдырды. Бас консулдық «Отандас» қауымдастығына іс-шараны ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ барлық қатысушылар мен қонақтарға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-frankfurt/press/news/details/1209973?lang=kk
Қазақстан мен Швейцария өнеркәсіптік және технологиялық әріптестікті нығайтуда 28.04.2026
22 сәуір, Романсхорн, Хербругг – Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Саржанов екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында инженерлік шешімдер мен геокеңістіктік технологиялар саласындағы жетекші швейцариялық ұйымдар  - «Brugg Group» холдингінің кәсіпорындарына және «Hexagon AB» құрамына кіретін «Leica Geosystems» компаниясына барды. Сапар аясында Geobrugg бас директоры Андреа Ротпен кездесу өтті. Тараптар компания қызметін Қазақстанда кеңейту перспективаларын, сондай-ақ инженерлік қорғаныс шешімдері саласында өндірісті жергіліктендіру мүмкіндіктерін талқылады. Табиғи-геологиялық жағдайлар мен заманауи инженерлік шешімдерге өсіп келе жатқан сұранысты ескере отырып, Қазақстан аталған бағытты дамыту үшін перспективалы алаң ретінде қарастырылуда.«Leica Geosystems» компаниясында елші Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалармен, соның ішінде картография және цифрландыру салаларындағы мемлекеттік органдармен ынтымақтастықпен танысты. «Hexagon AB» компаниясының «Scanning & Mapping» бөлімшесінің президенті Таня Бирнермен қазақ тарапымен өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, елші «Leica Geosystems» компаниясына Астана қаласында өткен Өңірлік экологиялық саммитіндегі Швейцария павильонын ұйымдастыруға және форумның іскерлік бағдарламасына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1209978?lang=kk
«Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі 28.04.2026
Өтетін күні: 2 мамыр, 2026 жылӨтетін орны: Сарқан ауданы, Тополевка ауылы,«Жоңғар-Алатау» Мемлекеттік ұлттық табиғи парк2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысында көктемнің ең әсерлі табиғи оқиғаларының бірі – «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді. Бұл – сирек кездесетін ерекше табиғи құбылысқа арналған маңызды шара.Іс-шара «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, Сарқан ауданы Тополевка ауылының көркем маңында ұйымдастырылады. Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ: дәл осы жерде жер шарындағы Сиверс жабайы алмасының ең ірі тоғайлары орналасқан. Ол – жер бетіндегі барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі. Ғалымдардың бағалауынша, осы бірегей алманың әлемдік табиғи қорының шамамен 48%-ы Жетісу өңірінде шоғырланған.Жылына бір-ақ рет, көктемнің бірнеше аптасы ішінде тау беткейлері нәзік ақ және қызғылт гүлге оранып, алқаптарды нағыз көркем табиғи көрініске айналдырады. Осы кезеңде мыңдаған туристер, фотографтар мен саяхатшылар өңірге келіп, сирек табиғи құбылысты тамашалап, оның тарихымен танысып, фестиваль атмосферасын сезінеді.Фестиваль туризм саласының өкілдерін, экологтарды, ғалымдарды, БАҚ өкілдерін, тревел-блогерлерді, қолөнершілерді, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ студенттер мен табиғат сүйер қауымды біріктіреді. Бұл шара экотуризмді дамытуға, табиғи мұраны сақтауға және өңірді халықаралық деңгейде танытуға арналған алаң болмақ.Іс-шара Қазақстанның республикалық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген, бұл оның маңыздылығы мен туристік тартымдылығын айқындайды.Биылғы фестиваль қонақтары үшін ерекше атмосфера ұсынылады. Хедлайнерлер «Bayansulu» және «Қуандық Рахым» сахнаға шығып, гүлдеген таулар аясында жарқын концерттік бағдарлама ұсынады.Фестиваль бағдарламасы:Сиверс алмасының гүлдеген бау-бақшаларының панорамалық көріністері;«Plein air» форматындағы суретшілер байқауы;Мәдени іс-шаралар;Ұлттық спорт ойындары;Қолөнер көрмелері және шеберлік сабақтары;Концерттік және ойын-сауық бағдарламалар.«Сиверс алмасының гүлденуі» фестивалі – Қазақстанның ең әсем табиғи құбылыстарының бірін тамашалап, таулар мен таза ауа аясында өткізуге, ұлттық мәдениетпен жақынырақ танысуға және ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік береді.Жетісу сіздерді табиғаттың аңызына шақырады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1210018?lang=kk
«Astana AI Film Festival» халықаралық байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталады 28.04.2026
Қазақстанда жасанды интеллектті пайдалана отырып түсірілген фильмдерге арналған алғашқы халықаралық «Astana AI Film Festival» (AAIFF 2026) байқауыны өтеді. Елордада өткен баспасөз конференциясында жобаның тұжырымдамасы мен өтінім қабылдау тәртібі таныстырылды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің негізгі оқиғасы жасанды интеллектпен әзірленген қысқаметражды фильмдердің халықаралық байқауы болмақ. Оған әлем елдерінің креаторлары тәжірибесіне де, кәсіби студиясының бар-жоғына да қарамастан қатыса алады.«Astana AI Film Festival» креативті индустриядағы жыл сайынғы маңызды оқиғаға әрі жаңа форматтар мен жаңа есімдерге арналған тұрақты халықаралық алаңға айналады деп күтілуде. Бұл ретте қатысу барлық ниет білдірушілер үшін ашық: өтінімдер командалардан да, жеке креаторлардан да қабылданады», - деді фестиваль ұйымдастырушыларының бірі, «Ozen» компаниясының негізін қалаушы Айзатулла Хуссейн.Өтінім қабылдау 2026 жылдың мамыр айында басталады. Туындыны фестивальдің ресми сайты арқылы жолдауға болады.«Байқау шарттарына сәйкес, қатысушылар ұзақтығы 10 минутқа дейінгі қысқаметражды AI-фильм әзірлеп, оны жобаның сипаттамасымен бірге фестивальдің лендинг-платформасына жүктеуі тиіс. Өтінімдер мамыр айынан тамыз айының соңына дейін қабылданады», - деп атап өтті фестиваль ұйымдастырушысы, «Brave Talents» компаниясының жетекшісі Алмас Жали.Еске сала кетейік, «Astana AI Film Festival» 2026 жылдың күзінде өтеді. Фестиваль киноиндустрия мен AI-технологиялардың тоғысындағы жобаларға арналған алаңға айналып, авторлардың, digital-креаторлардың, технологиялық компания өкілдерінің, сарапшылар мен инвесторлардың басын қосады.Өз сегментіндегі ең ірі фестивальдердің біріне айналуды көздейтін жобаның жалпы жүлде қоры 1 млн. АҚШ долл. құрайды. Жоба демеушілік және серіктестік қаражат есебінен жүзеге асырылмақ.Фестиваль аясында көрсетілімдер, AI-контентке арналған конференция, сондай-ақ авторлар мен продюсерлерге арналған питч-сессиялар өткізу жоспарланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1210019?lang=kk
Қарағанды мен Гори бауырлас қалаларға айналады 27.04.2026
Қарағанды, 27 сәуір – Қазақстан Республикасының Қарағанды облысына Гори, Каспи, Карели және Хашури муниципалитеттеріндегі мемлекеттік өкілі (губернатор) Симон Гуледани бастаған грузин делегациясы жұмыс сапарымен келді.Сапар аясында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесу өтті. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қарағанды мен Гори қалалары арасында бауырлас байланыс орнату туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан мен Грузия арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы болды.Аймақ басшысы өңірдің өзара тиімді серіктестік үшін ашық екенін айтып, өнімі әлемнің 50-ден астам еліне, соның ішінде Грузияға жеткізілетін облыстың экспорттық әлеуетінің зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, тауар айналымын арттыру және іскерлік байланыстарды жандандыру қажеттігі айтылды. Туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ инвестициялар тартуға қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.Грузия тарапы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдірді. Симон Гуледанидің айтуынша, туризммен қатар ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру салаларында да ынтымақтастықтың әлеуеті зор.Гори қаласының мэрі Константин Бузаладзе Қарағандының Қазақстандағы Гори қаласының алғашқы бауырлас қаласы болатынын атап өтіп, жылы қабылдау үшін алғыс білдірді және экономикалық, туристік және басқа да бағыттардағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді.Меморандумға қол қою Қазақстан мен Грузия арасындағы өңіраралық байланыстарды кеңейтуге, экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және гуманитарлық қатынастарды тереңдетуге жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1209955?lang=kk