Қоғам
Балқаш ауылындағы кездесу: ұрпақтар диалогы және сайыс 04.07.2025
Үлкен Нарын ауданындағыБалғынауылындаэтномедиацияныдамытуғабағытталған «Елдесужәнетатуласу» республикалықжобасыаясында, сондай-ақҰлыОтансоғысындағыЖеңістің 80 жылдығынаорай «Ұрпақтаржалғастырады» жәнеАқсақалдаркеңесінің «Даналықкөпірі» жобаларыбойыншатұрғындарменмазмұндыкездесуөтті.Кездесугеқатысушылар:– Үлкен Нарын ауданыныңҚазақстанхалқыАссамблеясыныңөкілдері,– Ақсақалдаркеңесі,– ауылбелсенділері, жастар, ағабуынөкілдері, соғысқақатысушылардыңұрпақтары.ОженовБауыржанФайзуллинұлы - Үлкен Нарын аудандықақсақалдаркеңесініңтөрағасыжәнеаудандықмұрағат директорыҚалиахметовЕржанҚожахметұлы – аудандықақсақалдаркеңесініңөкілі, ардагерлеркеңесініңтөрағасы.РазияТасқайынова – ақсақалдаркеңесініңжәне «Дәстүр» қазақэтномәденибірлестігініңөкіліАсельҚарыбаева – «Дәстүр» қазақэтномәденибірлестігініңөкілі.Шараныңбастымақсаты – өзаратүсіністік пен ұлтаралықкелісімдінығайту, ағаұрпақтыңданалығынжастарғажеткізу, батырларерліктерінтарихтасақтау.«Елдесужәнетатуласу» жобасыаясындаауылдағыэтномедиацияныдамытумәселелері, жанжалдардыбейбітжолменшешудіңмаңыздылығы, қоғамдықкелісімдінығайтудағыақсақалдар мен қадірлітұлғалардыңрөлісөзболды. Жиынғақатысушыларқоғамдағытатулықтыңнегізісенім, дәстүрдіқұрметтеужәнеашық диалог екенінатапөтті. Жеңістің 80 жылдығынаорай «Ұрпақтаржалғастырады» жобасыаясындаардагерлердіңұрпақтары батыр бабалардыңерліктері мен жекеотбасымұрағаттарыменбөлісті. Ақсақалдаркеңесінің «Даналықкөпірі» жобасызаманбайланысыныңсимволынаайналды: ақсақалдаржастарға аманат еткенбейбітшілікқұндылығы, өзіс-әрекетіүшінжауапкершілікжәнеруханинұсқаулардыңөмірдегімаңыздылығытуралынұсқаулар. Жиынжерлестердіңерліктерітуралытарихиқұжаттар мен естеліктердісақтаудыңмаңыздылығынатоқталуменаяқталды. Осы бағыттаДостықүйіндебекітілгенкестебойыншаатқарылыпжатқанжұмыстарғатоқталды. ОсындайбасқосулардыоблыстыңбарлықауылдықокругтеріндеАқсақалдар мен Аналаркеңестерініңқатысуыменөткізужоспарлануда. Бастымақсат – қазақстандықтардыңжүрегіндеотаншылдық, өзарасыйластық пен бірлікрухыәрқашанөмірсүруіүшіната-бабаларымыздыңерлігінкөздіңқарашығындайсақтап, келешекұрпаққажеткізу. Балғынауылындағыкездесуашықсұхбат, құрмет пен қоғамдағыжадты, бейбітшілік пен келісімдісақтаудағыортақжауапкершілікрухындаөтті. Ағаұрпақтың дана сөздеріжиналғандардыңыстықықыласынабөленді. Іс-шара жылыжәнешынайыатмосферадаөтті. Ауылақсақалдарының, тұрғындары мен ҰлыОтансоғысынақатысушылардыңұрпақтары мен тыл еңбеккерлерініңбелсенеқатысуыжиынныңмаңыздынәтижесіболды. Көпшіліколардыңесімдерінхалықжадындасақтауүшінәкелері, аталары – соғысқақатысушылар мен тыл еңбеккерлерітуралықолдарында бар құжаттар мен материалдардыжинақтап, мұрағатқатапсыруғадайынекендіктерінбілдірді. Мұндайкездесулеразаматтықбірлікті, ұлтаралықкелісім мен ұрпақтарсабақтастығыннығайтудыңмаңыздыалаңынаайналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1029545?lang=kk
«Домбыра – қазақтыңжаны» аттымузыкалық микс өтті 04.07.2025
Ұлттық домбыра күніне орай Новополяковка ауылдық кітапханасында «Домбыра – қазақтыңжаны» аттымузыкалық микс өтті. Іс-шараны Новополяковка және Сенное ауылдық клубтары мен кітапханалары бірлесіпұйым дастырды. Кітапханашылар Оксана Саблукова мен Нина Курдюковадомбыраныңтарихы мен мерекенің мән-маңызы туралы айтыпберді. Кеш қонағы округ әкіміСержанБайбусуновдомбыраменкүйорындап, көрермендердітәнтіетті. Соныменқатар, Берікбол Жансұлтановтың орындауындаәншырқалды. Шара аясында «Ұлттық домбыра күні» аттыкітапкөрмесіұйымдастырылды.Үлкен Нарын ауданының мәдениет жәнетұрғындардың демалыс орталығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1029546?lang=kk
Ново-Хайрузовка ауылында 80-жылдар стиліндегі ретро-кеш өтті 04.07.2025
27 маусым күні Ново-Хайрузовка ауылдық клубында жаздың ең жарқын әрі әсерлі кештерінің бірі – 80-жылдар стиліндегі ретро-дискотека ұйымдастырылды. Іс-шара ауыл тұрғындары мен көршілес елді мекен қонақтарын біріктіріп, сол кезеңнің музыкасы мен жылы естеліктеріне толы көңіл-күй сыйлады. Танымал хиттер шырқалып, сахнада ауыл және аудан өнерпаздары өнер көрсетті. Кеш барысында викториналар, музыкалық сайыстар мен костюмдер байқауы өтті. Бұрынғы стильде безендірілген фотозона ерекше әсер қалдырды. Шара ауылдағы мәдени өмірдің маңызды бөлігіне айналды.Үлкен Нарын ауданының мәдениет жәнетұрғындардың демалыс орталығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1029547?lang=kk
Жалағаш ауылында жаңа спорт кешенінің құрылысы басталды! 04.07.2025
Жалағаш ауылында жаңа спорт кешенінің құрылысы басталды!Мердігер — ЖШҚ «ГунСтройСервис».Бұл жоба ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдануына жаңа мүмкіндік ашып, салауатты өмір салтын дамытуға серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1029558?lang=kk
✨ Жалағаш ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы 95% аяқталды! 04.07.2025
✨ Жалағаш ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы 95% аяқталды!Мердігер ұйым — «СемШоғы-ҚұрылысСервис» ЖШС.Ауыл тұрғындары көптен күткен жаңа мәдениет ошағы жақында есігін айқара ашады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1029561?lang=kk
Биыл Тоғызбұлақ және Жалағаш ауылдарынан «Балалар ойын алаңы» салынатын болады. 04.07.2025
Биыл Тоғызбұлақ және Жалағаш ауылдарынан «Балалар ойын алаңы» салынатын болады. Елді мекендердегі балалар ойын алаңының құрылысы басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1029568?lang=kk
Берлинде қазақстандық жас ғалымдармен кездесу өтті 04.07.2025
Берлин, 2025 жылғы 3 шілде - Берлиндегі ҚР Елшілігінде «Болашақ» бағдарламасы аясындағы «500 ғалымға тағылымдама» стипендиялық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге келген 27 жас қазақстандық ғалымдар топпен кездесу өтті. Бағдарлама «Жасыл технологиялар және тұрақты даму» тақырыбына арналған.Ғалымдар тобының құрамына Қазақстанның түрлі ғылыми-зерттеу институттарының, университеттерінің және салалық ұйымдарының өкілдері кірді. Қатысушылар Германиядағы жетекші зерттеу орталықтарында және «жасыл технологиялар» мен тұрақты даму саласына маманданған компанияларда өздерінің ғылыми жобаларын жүзеге асыруда.Кездесу барысында ҚР Елшісі Нұрлан Онжанов қазақстандық шетелдік дипломатиялық өкілдіктің қызметі мен негізгі міндеттері туралы кеңінен айтып, Қазақстан мен Германия арасындағы гуманитарлық, ғылыми және білім беру байланыстарын дамытудың маңыздылығына тоқталды. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты ұлттық экономиканы жаңғырту мен жаһандық ғылыми кеңістікке кірігу жолындағы маңызды элемент ретінде атап өтті.Елші Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы жанында құрылған Қазақстан-Германия ғылыми-зерттеу орталығының қызметі мен келешегі туралы айтып беріп, осы ғылыми орталық аясында алдағы уақытта бірлескен жұмыс үшін Германиядағы серіктестермен мақсатты байланыс орнатудың маңыздылығына назар аударды.Сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктің басшысы Қазақстан мен Германия арасындағы білім беру, ғылым және инновациялар саласындағы қазіргі бірлескен жобалар туралы ақпаратпен бөлісті. Ол шетелде қазақстандық мамандар мен зерттеушілерге деген сұраныс отандық ғылымның жоғары деңгейі мен әлеуетінің айқын дәлелі екенін атап өтті.Сонымен қатар, қонақтар Елшілік жанындағы музейдің Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне арналған тұрақты экспозициясымен танысып, дипломатиялық өкілдік аумағына орнатылған киіз үйіне кіріп, ұлттық қазақ символикасымен, тұрмыс элементтерімен және дәстүрлерімен танысты.Кездесу Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал ететін ашық әрі мазмұнды диалог рухында өтті.2021 жылы іске қосылған «500 ғалымға тағылымдама» бағдарламасы - «Болашақ» стипендиялық бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба. Ол қазақстандық зерттеушілерге, оқытушыларға және мамандарға әлемнің жетекші ғылым және білім беру орталықтарында қысқа және орта мерзімді ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның негізгі мақсаты - біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу және Қазақстан үшін басым салаларда: «жасыл» технологиялар, медицина, инженерия, цифрландыру және тұрақты даму бағыттарында озық ғылыми әдістерді енгізу. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1029531?lang=kk
Елшінің Орталық Азия және Моңғолия бойынша Еуропарламент делегациясының басшысымен кездесуі 04.07.2025
Брюссель, 2025 жылғы 3 шілде – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінде Елші Марғұлан Баймұханның Орталық Азия және Моңғолия бойынша Еуропалық Парламенттің байланыстар жөніндегі делегациясының (DCAS) төрайымы Джузеппина Принчи ханыммен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың дамуының нәтижелерін талқылады. Парламенттік ынтымақтастық комитеттері форматтары арқылы және биыл өткен бірлескен іс-шаралар, соның ішінде «ЕО–Қазақстан: білім беру және мәдениет – ынтымақтастықтың тұрақты көпірлері» атты дөңгелек үстел аясында жоғары деңгейдегі өзара іс-қимылға қол жеткізілгені атап өтілді.Қазақ дипломаты парламентаралық дипломатияның саяси және экономикалық диалогты ғана емес, мәдени-гуманитарлық және академиялық байланыстарды нығайтудағы маңызды құрал ретіндегі рөлін атап өтті. Мұны қазақстандық және еуропалық университеттер арасындағы өзара ынтымақтастықтың кеңеюі дәлелдейді.Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы парламентарлық бағыттағы қазіргі ынтымақтастықтың жоғары деңгейге жеткенін атап өтіп, Еуропалық Парламент депутаты DCAS атынан М.Баймұханға ресми алғыс хатын табыстады.Өз тарапынан Дж. Принчи Орталық Азиямен өңіраралық ынтымақтастықты күшейту жөніндегі бастамаларды, оның ішінде биыл Еуропарламентте өңір елдерінің елшілерінің және ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі Эдуард Стипрайстың қатысуымен дөңгелек үстел өткізу бастамасын қолдайтынын білдірді.Орталық Азия және Моңғолия бойынша байланыстар жөніндегі делегацияның басшысы тараптар арасында қалыптасқан сындарлы диалогты ескере отырып, Еуропалық Парламент мүшелері биыл 4 сәуірде өткен «ОА–ЕО» саммитінде жарияланған жаңа стратегиялық әріптестік форматы аясында Астанамен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1029534?lang=kk
Қазақстан Елшілігі диплом тапсыру рәсіміне және Халықаралық Vision университетінің 11 жылдығына орай мерекелеуге қатысты 03.07.2025
Гостивар, 2025 жылғы 21 маусым – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшілігі Халықаралық Vision университетінің диплом тапсыру рәсіміне және оның құрылғанына 11 жыл толуына орай мерекелеуге қатысты. Гостивар қаласының Мәдениет үйінде өткен салтанатты іс-шарада ректор, профессор Ахмет Веджи Джан, Солтүстік Македония, Түркия саяси қайраткерлері, басқа да шетелдік қонақтар, шетелдік дипломаттар университет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына құттықтау сөз сөйледі.Университет түлектерін құттықтаған Қазақстан Елшілігінің кеңесшісі Қайрат Ахметалим жерлесіміз Аружан Байтелиге магистр дипломын табыс етті.Анықтама: Халықаралық Vision университеті 2014 жылы құрылды және македон, түрік және ағылшын тілдерінде сабақ беру құқығын алған алғашқы университет болды. Университет экономика, информатика, әлеуметтік ғылымдар, құқықтану және инженерлік-сәулет ісі саласында мамандар даярлауды жүзеге асырадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1029491?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Латвия Елшісін қошеметпен шығарып салды 03.07.2025
Астана, 2025 жылғы 3 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Латвияның Елшісі Ирина Мангулені Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан мен Латвия арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы қарым-қатынастардың оң динамикасын атап өтіп, бірлесіп атқарылған жұмысты қорытындылады. Мемлекетаралық диалогты нығайтуға, іскерлік және білім беру байланыстарын кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.Министрдің орынбасары И.Мангулеге ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің атынан Латвия елшісінің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге қосқан елеулі үлесі үшін құрмет грамотасын табыстады.Астанада бес жыл бойы жұмыс атқарған Латвия Елшісі қазақ тарапына жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға үміт артты.Р.Василенко И.Мангулеге алдағы қызметінде табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1029493?lang=kk
Абай облысындағы атмосфералық ауаны қорғаудың жай-күйі туралы 03.07.2025
2024 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары 36,8 мың тоннаны құрады және олардың деңгейі алдынғы жыл мен салыстырғанда 4,5%-ға төмендеді.Облыс кәсіпорындары ластаудың барлық стационарлық көздерінен шығатын ластаушы заттардың жалпы санынан ластаушы заттардың 83,4%ұстап алып, залалсыздандырды.Ластаушы заттар шығарындыларының ең көп көлемдері Семей қалалық әкімшілігі (19,8 мың тонна), Аягөз ауданы (4,6 мың тонна), Жарма ауданы (4,2 мың тонна), Бородулиха ауданы (3,1 мың тонна) және Жаңасемей ауданы (1,5 мың тонна) аумақтарында шоғырланған.Есепті жылда облыстың ауа бассейіне көміртегі тотығы – 12,9 мың тонна, бейорганикалық шаң – 12,1 мың тонна, күкіртті ангидрид – 5,4 мың тонна, азот диоксиді – 3,3 мың тонна, тағы басқа ерекше ластаушы заттар түсті._________________________________________________________________________________________________Әдіснамалық түсіндірмелерАтмосфераға ластайтын заттардың шығарындылары – шығарындылардың тұрақты (ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған) көздерінен (халықтың денсаулығы немесе қызметіне, қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсер ететін) ластайтын заттардың атмосфераға түсуі.Ұйымдастырылған тұрақты көздерге зиянды заттар газ қалдықтары және ауа айдаушы жүйелер арқылы шығарылатын жылжымайтын көздер (мұржалар, аэрациялық фонарлар, вентиляциялық шахталар және т.б.) жатады.www.stat.gov.kz/Ресми статистика/Салалар бойынша/ Қоршаған орта статистикасы Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлім басшысы Ш.А. ИсахановаТел. +7 7222 52-49-18Орындаушы: Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің бас маманыА.Т.МайкибаеваТел. +7 7222 52-49-18Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1029404?lang=kk
Самар ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен келді. 03.07.2025
Самар ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Буктугутов жұмыс сапарымен келді.Сапар барысында парламентшілер кәсіпкерлермен кездесіп, өңірдегі туризмді дамыту мәселелерін талқылады, сондай-ақ орман қорының қарамағындағы Қайыңды ауылының аумағына елді мекен мәртебесін беру мәселесін қарады. Самар ауданының әкімі Серік Жеңісовтің айтуынша, Қайыңды ауылына мәртебе беру мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады және ол кезең-кезеңімен шешілуде.Делегаттар Самар ауылындағы бастауыш мектеп құрылысының барысымен де танысты.Сапар қорытындысы бойынша депутаттар қажетті ұсыныстарын беріп, көтерілген мәселелердің бақылауда болатынын баса айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1029411?lang=kk
Алматы облысында Шамалған өзенінің жағалауы тазартылды 03.07.2025
Экологиялық акция аясында 2 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 1,5 тонна қалдық арнайы полигонға жөнелтілді.«AMANAT» партиясының мүшелері Қарасай ауданындағы Шамалған өзенінің маңындағы аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Экологиялық іс-шараға барлық деңгейлі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.Акцияға 30-ға жуық адам белсенділік танытып, туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. 2 гектар жерден жиналған 1,5 тонна қоқыс арнайы полигонға жіберілді.«Жазғы уақытта азаматтардың көп демалатын жері өзен-көлдің жағасы болса, осы Шамалған жағасын таза ұстау негізгі мақсатымыз. Тазалау барысында бұрыннан қалып қалған тұрмыстық қалдықтар, полиэтилен пакет, пластик бөтелкелер сияқты күл-қоқыстар шығарылып, полигонға жөнелтілді. «Таза бейсенбі» экоакциясы елді мекендерде де жақсы жолға қойылған. Алдағы уақытта да бұл экологиялық акция жалғасын табатын болады. Әрбір азамат өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін өзінің ортасын таза ұстауды көрсете білу керек деп ойлаймын», – деді «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы Қаныбек Айтжанов.Ал аудандық мәслихат депутаты Бекжан Сүнбековтың айтуынша, экологиялық мәселелерді шешу – AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған маңызды басымдықтың бірі.«Аманаттықтар табиғатты аялау ісін әрі қарай жалғастыруға ниетті. Партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін барлық аудан орталықтарындағы және Қонаев қаласында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою міндеті тұр. Онымен қоса, өңірде полигон және кешенді қоқыс тиеу мен сұрыптау төрт алаңы салынбақ. Сондай-ақ барлық ауылдарда қоқысты бөлек сұрыптауға және құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға арналған кемінде 1 мың контейнер орнатылады», – дейді депутат.Айта кету керек, «Таза Қазақстан» жобасы аясында өңірде «Таза бейсенбі» экоакциясы жүйелі түрде өткізіліп келеді. Мыңдаған тұрғын табиғатты тазартуға белсенді атсалысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1029317?lang=kk
2025 ЖЫЛҒЫ ШІЛДЕ АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ 03.07.2025
Құрметті салық төлеушілер! Естеріңізге сала кетейік, салық есептілігін тапсыру және салық төлемдерін төлеу мерзімі жақындап келеді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар, бұзушылықтарды болдырмау үшін қажетті құжаттарды алдын-ала дайындап, тапсыруды ұсынамыз. САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ БОЙЫНША8 шілде701.00 нысаны – 2025 ж. заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлем. 15 шілде400.00 және 421.00 нысандары – 2025 ж. мамыр айына акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп. 21 шілде328.00 нысаны – 2025 ж. маусым айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША8 шілде2025 ж. заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлем. 21 шілде2025 ж. маусым айына ЕАЭО-да ҚҚС;2025 ж. маусым айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда. 25 шілде2025 ж. шілде айына КТС бойынша аванстық төлемдер;2025 ж. маусымда төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;2025 ж. маусымда төленген табыстардан ЖТС;2025 ж. маусым айына арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асатын арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;Жер учаскелерін пайдалану үшін, радиожиілік спектрін пайдалану үшін, сыртқы (визуалды) жарнама орналастырғаны үшін ағымдағы төлемдер;2025 ж. маусым айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1029337?lang=kk
ЖТС есептеу кезіндегі салықтық шегерімдер 03.07.2025
Салық кодексінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда жеке тұлғаның салықтық шегерімдердің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар екені көзделген:1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім;2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерім;3) стандартты салықтық шегерімдер – барлық жеке тұлғалар үшін күнтізбелік айға АЕК-тің 14 еселенген мөлшері немесе күнтізбелік жылға АЕК-тің 168 еселенген мөлшері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары (мүгедектігі бар, мүгедек балалары бар адамдар және т.б.) үшін күнтізбелік жылға АЕК-тің 882 еселенген мөлшері;4) көпбалалы отбасылар үшін салықтық шегерім – күнтізбелік жылға айқындалған АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде;өзге де салықтық шегерімдер (бұдан әрі – өзге де шегерімдер), олар мыналарды қамтиды:ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерім;оқытуға салықтық шегерім – күнтізбелік жылға айқындалған АЕК-тің 118 еселенген мөлшерінен аспайды;медицинаға салықтық шегерім – күнтізбелік жылға айқындалған АЕК-тің 118 еселенген мөлшерінен аспайды;сыйақылар бойынша салықтық шегерім – күнтізбелік жылға айқындалған АЕК-тің 118 еселенген мөлшерінен аспайды.Бұл ретте өзге шегерімдерді жеке тұлға кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынған кезде ғана дербес қолдануға құқығы бар.Салық агенті өзге де шегерімдерді жеке тұлғаның растайтын құжаттарсыз өтініші негізінде күнтізбелік жылға өзге де шегерімдердің жоспарланатын сомасы ретінде айқындалатын, АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын өзге де шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде ғана қолдануға құқылы. Тиісінше бұл АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын салықтық шегерімдердің кез келген болжамды сомасы болуы мүмкін. Мысалы, егер жеке тұлғаның салықтық шегерімді қолдану құқығы тек ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақыға ғана қатысты болса, онда ол бұл жағдайда алдын ала салықтық шегерім ретінде 118 АЕК мөлшерін қолдана алады.ҚР Парламенті қабылдаған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының заңдарына оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында (бұдан әрі – Заң) мынадай өзгерістер көзделген.Заңда жеке тұлға салық агентінде басқа да шегерімдердің алдын ала сомасын әрбір күнтізбелік ай үшін АЕК-тің 23,5 еселенген мөлшерінде не күнтізбелік ай үшін АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінде қолдану сомасын күнтізбелік жыл шегінде салықтық шегерімдердің асып кету сомасын кейіннен келесі айларға ауыстыра отырып, дербес айқындауға құқылы екендігі көзделген. Осы орайда Заңның өтпелі ережелерінде салық агентінің жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші бойынша күнтізбелік жыл шегінде 2025 жылдың кез келген күнтізбелік айынан бастап өзге де шегерімдердің алдын ала сомасын қолдануға құқылы екендігі көзделген.Осыған байланысты салық агентіне өзге де шегерімдердің алдын ала сомасын қолдану туралы өтініш берген жеке тұлғалар 2025 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияны 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсыруға міндетті. Тиісінше жыл қорытындысы бойынша жеке тұлға ерікті зейнетақы жарналары, оқуға, медицинаға, ипотеканың сыйақылары бойынша салықтық шегерімдердің қолданылуын іс жүзінде растайтын барлық құжаттарды жинауға, оларды талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде сақтауға, кірістер мен мүлік туралы декларацияда тиісті құжаттармен расталған күнтізбелік жылға алынған барлық кірістерді және салықтық шегерімдердің іс жүзіндегі сомасын көрсетуге және бюджетке төлеуге не қайтаруға (есепке жатқызуға) жеке табыс салығының сомасын дербес есептеуге тиіс.Көпбалалы отбасы үшін ай сайынғы салық шегерімінің шегін теңестіру мақсатында жылдық шегі 282 АЕК болатын көпбалалы отбасының әрбір немесе бір ата-анасы үшін заңда салық шегерімі көпбалалы отбасының бір ата-анасы үшін – әр ай үшін 23,5 еселенген АЕК мөлшерінде не көпбалалы отбасының әрбір ата-анасы үшін – әр ай үшін 11,75 еселенген АЕК мөлшерінде қолданылуы мүмкін деп көзделген.Сондай-ақ Заңда жеке тұлғалар үшін нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша оның кірістерінен ұсталатын әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған жеке тұлғалардың шығыстары түрінде қосымша салық шегерімі көзделген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1029296?lang=kk
Капшағай су қоймасында OCEANMAN-2025 – Орталық Азиядағы ең ірі ашық судағы жарыс өтеді 03.07.2025
5–6 шілде күндері Капшағай су қоймасында OCEANMAN-2025 халықаралық жүзу жарысы бастау алады. Бұл – Орталық Азия аумағындағы ең ірі ашық суда өтетін жарыс. Жарысқа 18 елден 2 050 спортшы қатысады. Олардың қатарында Үндістан, Франция, Италия, Ұлыбритания, БАӘ және Малайзия елдерінің өкілдері бар.Жарыс бес түрлі қашықтық бойынша өтеді — балалар санатынан бастап ересектерге дейін:• OCEANMAN (10 км) — 300 қатысушы• HALF OCEANMAN (5 км) — 400 қатысушы• SPRINT (2 км) — 800 қатысушы• OCEANKIDS (500 м) — 500 бала• OCEANTEAM (эстафета 3×500 м) — 90 адамБиыл ерекше назар INSPIRATION санатына аударылды. Ерекше күтімді қажет ететін 15 бала өз қамқоршыларымен бірге суға түсіп, жарысқа қатысады. Олардың арасында алғашқы OCEANMAN қатысушысы болған Қазақстандық заңгер Ержан Есимханов та бар. Бүгінде ол жас буынды қолдап келеді.– OCEANMAN – бұл тек спорт емес, бұл – бірлік, инклюзия және рухты жарыс. Осындай ауқымды, дайындық деңгейіне қарамастан баршаға ортақ шараны Алматы облысының қабылдағанына қуаныштымыз, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек.Іс-шара Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Алғаш рет шетелдік қонақтар үшін ұйымдастырушылар Алматыда Culture Day – Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрімен танысу күнін өткізеді.Жарыс Heaven Club демалыс аймағында болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029299?lang=kk
Ортақ меншіктегі мүліктің салығын қалай төлеуге болады? 03.07.2025
Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк, олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 33-бабы).Ортақ бірлескен меншікте өзара келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші болып табылады. Егер салық сомасы барлық меншік иелеріне келсе, онда меншік иелерінің біреуі ғана төлем жасайды. Ортақ үлестік меншікте осы мүліктегі үлесіне сәйкес мүліктің барлық меншік иелері салық төлеушілер болып табылады.Мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті орган («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ) жіберген мәліметтердің негізінде ерлі-зайыптылардың біріне мүлік салығын есептейді.Ағымдағы жылдың 1 қазанында 2024 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.Қате төлемдерді болдырмау үшін көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, төлемдерді бір уақытта жүзеге асыру мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында «Алдағы төлемдер» сервисінде және«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасынан, сондай-ақ банктердің «Kaspi.kz» және «Halyk bank» мобильді қосымшаларында көруге болады. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1029261?lang=kk
Астана күні қарсаңында Қарасай ауданында 37 отбасы баспаналы болды 03.07.2025
Астана күніне орай Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Қарасай ауданында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бастама.Аудан әкімдігінде өткен салтанатты шара барысында 37 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды. Салтанатты рәсімге қатысқан Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов жиналғандарды елорда күнімен құттықтап, ауданда атқарылып жатқан әлеуметтік бастамаларға тоқталып, жаңа қоныс иелеріне тұрғын үй кілттерін табыс етті.Жаңа пәтерлер «Арнау» және «Сәукеле» ықшам аудандарынан берілді. Баспанаға қол жеткізгендер қатарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы және толық емес отбасылар бар.Соңғы он жылда халық саны 120 мыңнан астам адамға артқан Қарасай ауданына ерекше назар аударылып отыр. Ауданда инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, электрмен және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға бағытталған жобалар 16 елді мекенді қамтып отыр. Бұл мақсатта 5,7 млрд теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық бюджеттік комиссияға қаржыландыруға өтінім жолданды.Жалпы, Алматы облысында құрылыс саласы серпінді дамып келеді. 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі 28,7%-ға өсіп, 955 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 960 мың шаршы метр баспананы тапсыру жоспарланып отыр. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында 2023 жылы 442 отбасы тұрғын үймен қамтылды.Сонымен қатар, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесін шешу мақсатында «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» тарапынан 22,1 млрд теңгеге облигациялар шығарылып, 1331 пәтерді сатып алу жоспарланған. Бұдан бөлек, бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен спортшылар үшін арнайы «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Аталған бағдарлама аясында 3,1 млрд теңге бөлінген.Алдағы уақытта да тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029276?lang=kk
Төлеген Шаймарданов, Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы, облыстық "Ирбис" телеарнасының "Білу қызықты" бағдарламасында өзекті салық мәселелері туралы 03.07.2025
Төлеген Шаймарданов, Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы, облыстық "Ирбис" телеарнасының "Білу қызықты" бағдарламасында өзекті салық мәселелері туралы.Тасымалдау сілтемесі: https://youtu.be/sx9igStqjvs?si=-y3bEOQfZZtxYAHw Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1029171?lang=kk
Қазақстандықтар жыл басынан бері «БейнеХҚКО» сервисін 25 мыңнан астам рет қолданды 03.07.2025
«БейнеХҚКО» сервисі мемлекеттік қызметтерге қашықтан жүгінуге мүмкіндік беретін сұранысқа ие цифрлық арналардың бірі. Тек 2025 жылдың басынан бері сервис 25 676 рет қолданылды. Сервис шалғай елді мекендерде немесе елден тыс жерлерде тұратын азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ жұмысқа немесе отбасылық жағдайларға байланысты ХҚКО-ға бара алмайтын азаматтарға арналған.БейнеХҚКО арқылы сұранысқа ие қызметтер: бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, көп балалы отбасыларға және мүгедек адамдарға жәрдемақы тағайындау, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама алу, сондай-ақ мүгедек адамдарға әлеуметтік қызметтер мен түрлі көмек түрлерін рәсімдеу. «БейнеХҚКО» сервисін пайдалану қиын емес. Ең алдымен «ЦОН» мобильді қосымшасын (Google Play және App Store арқылы) орнатып, тіркелу қажет. Әрі қарай, қосымшада бейнебайланыс бөлімін таңдап, операторға қосылу керек. Сервис арқылы ХҚКО қызметкері кеңес береді, құжаттарды рәсімдеуге және өтініш беруге көмектеседі және қажет болса оператормен тілдесу терезесі арқылы жүктелген құжаттарды қабылдайды. Егер қызмет ақылы болса, төлем екінші деңгейлі банктың мобильді қосымшасы арқылы онлайн жүргізіледі. Қызметтің нәтижесін бейнеқоңырау барысында немесе кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1042591?lang=kk