Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстандық делегация БҰҰ 2025 Мемлекеттік қызмет форумына (UNPSF) қатысты 04.07.2025
2025 жылғы 23-25 маусымда Самарқандта Өзбекстан Республикасының Үкіметімен серіктестікте БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті (UN DESA) ұйымдастырған «2030 жылға дейінгі бес жыл: тұрақты болашақ үшін мемлекеттік қызметтер көрсетуді жеделдету» тақырыбында БҰҰ-ның мемлекеттік қызметінің 2025 форумы (UNPSF) өтті.Форум Еуропа, Азия, Африка және Латын Америкасынан келген 1000 – ға жуық қатысушыны, оның ішінде министрлерді, жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерді, халықаралық ұйымдардың, академиялардың, азаматтық қоғамның, жеке сектордың және цифрлық инноваторлардың өкілдерін біріктірді.Қазақстанды Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары С.Муксимов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры А.Жолманов, Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы  Бас консулы Т.Шәріпов таныстырды.Бағдарламаға пленарлық отырыстар, тақырыптық пікірталастар, стратегиялық келіссөздер және сын-қатерлер мен жеделдетілген өзгерістер жағдайында мемлекеттік қызметтің рөлін қайта қарастыруға бағытталған табысты тәжірибелердің презентациялары кірді.Іс-шара шеңберінде мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабы (ACSH) ӨР Президенті жанындағы мемлекеттік қызметті дамыту агенттігімен бірлесе отырып, «Үкіметтегі цифрлық өзгерістер: мемлекеттік қызметшілердің ынтасын қалай сақтау керек» тақырыбында семинар өткізді, оның барысында ACSH Басқарушы комитетінің төрағасы А.Байменов жедел өзгерістер дәуірінде жоғары ынталы және бейімделгіш мемлекеттік қызметті құру үшін қажетті бірқатар негізгі бағыттарды атап өтті.Форумның негізгі қорытындысы Самарқанд министрлік декларациясын қабылдау болды. Сондай-ақ цифрлық мемлекеттік басқару саласындағы шешімдерді экспорттауды қолдау жөніндегі жаңа халықаралық бастаманың (GovTech) іске қосылғаны жарияланды.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1029836?lang=kk
«Sergek Project Ltd» қазақстандық компаниялар тобы өкілдерінің Самарқанд қаласына сапары 04.07.2025
2025 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен «Sergek Project Ltd» қазақстандық компаниялар тобының өкілдері - Жаһандық нарықтар жөніндегі Вице-президенті Алена Ткаченко мен Орталық Азия нарықтары жөніндегі басшысы Дәурен Болатов Самарқанд қаласы хокимінің орынбасары Э. Раджабовпен және Самарқанд халықаралық технологиялық университетінің (SIUT)оқу жөніндегі проректоры А. Сайфуллаевпен кездесулері өтті.Кездесулер барысында Sergek Group компаниясының Самарқанд облысындағы технологиялық мүмкіндіктері мен стратегиялық көзқарасы, оның ішінде ақылды қалалар үшін AI-шешімдерді әзірлеу және енгізу (жол қозғалысын басқарудың, қоғамдық қауіпсіздіктің және экологиялық мониторингтің зияткерлік жүйелері) таныстырылды.Тараптар шешімдерді оқшаулау, техникалық трансфер және кадрлар даярлау әлеуетін зерделеуді, сондай-ақ бірлескен білім беру жобаларын іске асыру перспективаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және практикалық IT-бастамаларды енгізуді қоса алғанда, өңірді цифрлық дамыту саласындағы әріптестіктің ықтимал форматтарын талқылады.Нәтижелі және іскерлік ахуалда өткен кездесулердің қорытындысы бойынша цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дәйекті жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1029829?lang=kk
«Күмбірле, домбыра!» облыстық күйшілер байқауы 04.07.2025
       2 июля 2025 года в рамках празднования Национального Дня Домбры в г. Кокшетау в Музее литературы и искусства прошел областной конкурс кюйши «Күмбірле, домбыра!», посвященный 205-летию великого казахского композитора-кюйши Дәулеткерей Шығайұлы и 210-летию народного композитора-кюйши, домбриста Тәттімбет Қазанғапұлы. Его организатором выступил ГККП «Областной центр народного творчества и культурного досуга» при управлении культуры Акмолинской области.             Целью конкурса стало сохранение и популяризация искусства кюя, как жанра народного творчества, музыкального наследия Дәулеткерей Шығайұлы и Тәттімбет Қазанғапұлы, а также пропаганда домбры, как неотъемлемой части истории казахского народа, повышение профессионального мастерства исполнителей, обмен опытом и выявление новых талантов.В состав жюри вошли дирижер оркестра казахских народных инструментов имени К. Кумисбекова Акмолинской областной филармонии имени Укили Ибрая, обладатель нагрудного знака «Мәдениет саласының үздігі» Руслан Койшыбаев, преподаватели музыкального колледжа имени Биржан сал, победители республиканских конкурсов Саят Бабаев и Бауыржан Балтин.       Конкурс состоял из двух этапов: отборочного и заключительного.   Участниками конкурса стали 7 кюйши  из районов Биржан сал, Атбасар, Жаксы, Шортанды, Қорғалжын и  города Кокшетау Акмолинской области. Конкурсанты исполнили произведения Дәулеткерея Шығайұлы и Тәттімбета Қазанғапұлы — выдающихся композиторов казахского народа.         По итогам конкурса первое призовое место занял Нұрболат Сахы из Коргалжынского района. Второе место досталось Омирбек Мадина из города Кокшетау. Третье призовое место заняли Қолғанат Рахметуллин из Жаксынского района и Әнес Иманғазы из района Биржан сал.        Победители и участники конкурса награждены дипломамы и денежными сертификатами.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1029792?lang=kk
Қоқыс полигонында бұрын-соңды болмаған су жинақтағыш резервуар салынуда 04.07.2025
Қонаев қаласының шетінде орналасқан, аумағы 30 гектарды құрайтын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жұмыс барысымен қала әкімі Асхат Бердіханов танысты.«Қонаев Көркейту» ШЖҚ МКК директоры Қанат Азаматовтың айтуынша, полигонда көлемі 30 текше метрді құрайтын су жинақтаушы резервуар салынып жатыр. Бұл құрылым өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған — өрт болған жағдайда су жеткізуге уақыт жоғалтпай, дереу сөндіру шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Бұған дейін мұндай инфрақұрылым полигонда болмаған. Сонымен қатар, өрт ошақтарын жылдам жою үшін арнайы техника тәуліктік кезекшілікке қойылады.Санитарлық талаптарға сәйкес, полигонның айналасына қоқыстардың ұшуын және малдың кіруін болдырмау үшін ор қазылып, темір тормен қоршалуда. Белгілі бір бөліктерге бетон қоршаулар орнатылуда.Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында полигонның алдыңғы жағы көгалдандырылады. Арнайы техникалар үшін таразы қойылып, көлік жуу аймағы жабдықталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029793?lang=kk
Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары және қонақтары! 04.07.2025
Сіздерді Қазақстан Республикасының Астанасы күнімен құттықтаймын!Астана күні - жасампаздық, шабыт және жаңа жетістіктер мерекесі.Өзінің даму жылдарында Астана бірегей сәулетімен, дамыған инфрақұрылымымен және бай мәдени өмірімен заманауи мегаполиске айналды. Бұл тарих пен болашақ кездесетін, батыл идеялар туатын және ауқымды жобалар жүзеге асырылатын орын.Баршаңызға денсаулық, амандық, тұрақтылық және ертеңгі күнге сенімділік тілеймін. Елордамыз өсіп, дами берсін, өз тұрғындарын сұлулығымен, жайлылығымен және әркім үшін мүмкіндіктерімен қуанта берсін!Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы                                  А. Светаш Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1029800?lang=kk
МКК салық қызметтері бойынша мәселелерге жедел әрекет ету үшін «қызыл түйме» жүйесі енгізілді 04.07.2025
Биылғы жылдың сәуір айынан бастап кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарында енгізілген «қызыл түйме» механизмі кері байланысты қамтамасыз ету мен жергілікті жерлердегі проблемалық мәселелерді жедел шешу тұрғысынан жоғары тиімділігін көрсетті.Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті адамға бағдарланған тәсілді кеңейтіп, салық салу саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.Аталған мақсатта барлық мемлекеттік кірістер органдарында «қызыл түйме» - QR-код орналастырылған. Оны сканерлеу арқылы салық төлеушілер нақты проблемалық жағдайды көрсете отырып, Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасына тікелей жүгіну мүмкіндігіне ие болады.Маңызды ескерту: «қызыл түйме» тек салықтық және кедендік қызметтерді алу барысында туындайтын қиындықтар жөніндегі хабарламалар үшін арналған. Бұл механизм қызметкерлер тарапынан жіберілген теріс қылықтарды, құқықбұзушылықтарды немесе адал емес әрекеттерді анықтауға және алдын алуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір бөлігі болып табылады.Өтініш нысаны қарапайым және интуитивті түрде түсінікті, оны бірнеше минут ішінде толтыруға болады. Қажет болған жағдайда өтінішті анонимді түрде де қалдыруға болады.Біз азаматтармен және бизнес-қоғамдастықпен ашық әрі адал диалог орнатуға ұмтыламыз. Әрбір келіп түскен өтініш қысқа мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданатын болады.Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кедергілерге немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болған азаматтарды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз.Сіздің дауысыңыз салықтық және кедендік әкімшілендіру жүйесінің тиімді, ашық және клиентке бағдарланған болуына ықпал ететін маңызды құрал. Мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері ғана қызмет көрсету сапасын арттырып, сенім деңгейін көтере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1100177?lang=kk
«Үздік ұйымдастырушы» облыстық байқауы өтті 04.07.2025
  Ақмола облысы мәдениет басқармасының қолдауымен «Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы» МКҚК мәдениет қызметкерлері арасында «Үздік ұйымдастырушы» облыстық байқауы 2025 жылдың 26-27 маусым аралығында өтті.   Байқаудың басты мақсаты клуб қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, мәдениет саласы мамандығының беделін арттыру, жастар арасында клуб қызметкері мамандығына деген қызығушылықты тудыру болып табылды.Шығармашылық сайысқа Ақмола облысының Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Зеренді, Сандықтау, Біржан Сал Бұланды аудандарынан және Қосшы, Степногорск  қаласы мәдениет ошақтарынан қызмет істеп жүрген мамандар қатысты.Бірінші күні байқаудың 3 кезеңі өтті: «Мен және менің кәсібім» әрбір қатысушы өзін таныстырып,  өзінің қызметі жайында айтса, «Үздік сценарий» кезеңде 11  түпнұсқа сценарийлардың қорғауы болды, ал «Тақырыптық кеш» атты кезеңде ұсынылған  жағдайларда, ұыймдастырушылар  қандай қабілетті екенін анық көрсетті. Байқаудың қорытынды  «Сегіз қырлы»  атты кезеңі екінші күні өтті, онда қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ашық аспан астында өткен байқауда клуб қызметкерлері түрлі әдістерді қолдана отырып, мәдени шараны ұйымдастырудың қызықты форматын көрсете алды. Бұл тәжірибе алмасу үшін тамаша мүмкіндік болғаны сөзсіз. Байқаудан өз ара бақ сынасып I дәрежелі диплом мен және 100,000 теңге сертификатымен Степногорск қаласынан Оспанова Әсемгүл марапатталды.II  дәрежелі дипломен және 75,000 теңге сертефикатымен Сандықтау ауданы Крикунова Карина марапатталды.III дәрежели диплом және 50,000 теңге сертефикатымен Біржан сал ауданынан Кузнецова Елена және Ерейментау ауданынан Қайратбек Ұлықпан марапатталды.Байқауда өз өнерлерін көрсетіп, ерекше сезімге бөлеп, әділ қазылар алқасымен барша қатысушылардың жүздеріне күлкі ұялата білген қатысушыларға облыстық байқауына белсен қатысқаны үшін дипломмен және де 20,000 теңге сертификатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1029767?lang=kk
Салық кодексінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда жеке тұлғаның салықтық шегерімдердің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар екені көзделген: 04.07.2025
Салық кодексінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда жеке тұлғаның салықтық шегерімдердің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар екені көзделген:1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім;2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерім;3) стандартты салықтық шегерімдер – барлық жеке тұлғалар үшін күнтізбелік айға АЕК-тің 14 еселенген мөлшері немесе күнтізбелік жылға АЕК-тің 168 еселенген мөлшері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары (мүгедектігі бар, мүгедек балалары бар адамдар және т.б.) үшін күнтізбелік жылға АЕК-тің 882 еселенген мөлшері;4) көпбалалы отбасылар үшін салықтық шегерім – күнтізбелік жылға айқындалған АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде;5)өзге де салықтық шегерімдер (бұдан әрі – өзге де шегерімдер), олар мыналарды қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1029776?lang=kk
Ұлттық Домбыра күніне арналған жалпыоблыстық флешмоб 04.07.2025
📅Өтетін күні: 2025 жылғы 6 шілде📍Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Жаңа жағалау бойы🕙Басталуы: сағат 12:00-деДомбыра — ұлт рухының үні!6 шілде күні Ақмола облысының орталығында Ұлттық Домбыра күніне арналған кең ауқымды жалпыоблыстық флешмоб өтеді. Бұл игі шараның басты мақсаты – ұлттық мәдени мұраны насихаттау, жас ұрпақ бойында қазақтың киелі аспабы — домбыраға деген құрметті ояту және ұлттық бірегейлікті нығайту.Флешмобқа облыс орталығы мен аудандардан 3000-ға жуық домбырашы қатысады. Шараға кәсіби оркестрлер, фольклорлық ансамбльдер, дәстүрлі әншілер мен күй шеберлері тартылып отыр. Сонымен қатар, мәдениет ұйымдары мен домбыра үйірмелерінің қатысушылары да өнер көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1029779?lang=kk
🔰6 шілдеде елімізде Ұлттық домбыра және Астананың туған күні тойланады. 04.07.2025
🔰6 шілдеде елімізде Ұлттық домбыра және Астананың туған күні тойланады.Атаулы күндерге орай, Ақтөбеде жарқын мерекелік шаралар өтеді.Барша қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концерт, көрмелер мен көңілді ойын-сауық бағдарламаларының куәсі болуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/1029782?lang=kk
ҚР ҚМ МКК салық қызметтері бойынша мәселелерге жедел әрекет ету үшін «қызыл түйме» жүйесі енгізілді 04.07.2025
Биылғы жылдың сәуір айынан бастап кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарында енгізілген «қызыл түйме» механизмі кері байланысты қамтамасыз ету мен жергілікті жерлердегі проблемалық мәселелерді жедел шешу тұрғысынан жоғары тиімділігін көрсетті.Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті адамға бағдарланған тәсілді кеңейтіп, салық салу саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.Аталған мақсатта барлық мемлекеттік кірістер органдарында «қызыл түйме» - QR-код орналастырылған. Оны сканерлеу арқылы салық төлеушілер нақты проблемалық жағдайды көрсете отырып, Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасына тікелей жүгіну мүмкіндігіне ие болады.Маңызды ескерту: «қызыл түйме» тек салықтық және кедендік қызметтерді алу барысында туындайтын қиындықтар жөніндегі хабарламалар үшін арналған. Бұл механизм қызметкерлер тарапынан жіберілген теріс қылықтарды, құқықбұзушылықтарды немесе адал емес әрекеттерді анықтауға және алдын алуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір бөлігі болып табылады.Өтініш нысаны қарапайым және интуитивті түрде түсінікті, оны бірнеше минут ішінде толтыруға болады. Қажет болған жағдайда өтінішті анонимді түрде де қалдыруға болады.Біз азаматтармен және бизнес-қоғамдастықпен ашық әрі адал диалог орнатуға ұмтыламыз. Әрбір келіп түскен өтініш қысқа мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданатын болады.Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кедергілерге немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болған азаматтарды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз.Сіздің дауысыңыз салықтық және кедендік әкімшілендіру жүйесінің тиімді, ашық және клиентке бағдарланған болуына ықпал ететін маңызды құрал. Мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері ғана қызмет көрсету сапасын арттырып, сенім деңгейін көтере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1029734?lang=kk
«Keden» АЖ асыл тастар мен бағалы металдарға мемлекеттік бақылау актісін беру функционалын пайдалануға енгізуде 04.07.2025
«Keden» АЖ асыл тастар мен бағалы металдарға мемлекеттік бақылау актісін беру функционалын пайдалануға енгізуде«Keden» ақпараттық жүйесінде жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің Индустрия комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін асыл тастар, зергерлік және басқа да бұйымдар мен асыл металдардан және асыл тастардан жасалған бұйымдар бойынша мемлекеттік бақылау актісін, сондай-ақ Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін өңделмеген табиғи алмастар бойынша мемлекеттік бақылау актісін беру функционалын іске қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1031977?lang=kk
Лицензияларды қайта ресімдеу туралы 04.07.2025
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және дамыту Агенттігі Төрағасы Орынбасарының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № Б-324 бұйрығына сәйкес «Home Credit Bank» АҚ-ның («ForteBank» АҚ-ның еншілес банкі) (бұрынғы аты – «Home Credit Bank» АҚ) бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясы заңды тұлға-лицензиаттың атының өзгеруіне байланысты қайта ресімделді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1127614?lang=kk
6 шілдеде Қазақстанда мемлекеттік мереке – Астана күні атап өтіледі 04.07.2025
6 шілде Қазақстанда "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 маусымдағы № 47-IV Заңына толықтыру енгізу туралы" ҚР заңымен белгіленген мемлекеттік мереке -Астана күні (Астана күні) атап өтіледі.Астананы Алматыдан Қазақстанның орталығына көшіру ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 6 шілдедегі № 106-XIII "Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы" қаулысымен анықталған (сондықтан 6 шілде Астана күні болып саналады). Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы соңғы шешімді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы қабылдады және ҚР Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы № 3700 Жарлығымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы болып жарияланды.1998 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы № 3941 "Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласын Астана – астана деп қайта атау туралы" Жарлығымен Астана атауы өзгертілді.1998 жылдың 10 маусымында жаңа Астананың ресми тұсаукесері өтті. Астана мәртебесін алған сәттен бастап Астана күні 10 маусымда атап өтілді. 2006 жылы Астана күні 6 шілдеге ауыстырылды.Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған елордамыз – Астана қаласы күн санап көркейе берсін! Астана күні құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1029649?lang=kk
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ұландықтармен кездесті 04.07.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Қарағанды қаласында орналасқан 6505 әскери бөліміне бокстан Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, танымал спортшы Серік  Сәпиев арнайы келіп, жеке құраммен кездесу өткізді.Атақты спортшының бөлімге келуі – әскери қызметшілер үшін зор мәртебе әрі үлкен мотивация көзі болды. Кездесу барысында Серік Жұманұлы өзінің спорттағы жолы мен жетістіктері туралы әңгімелеп, әскери қызметтің маңызын ерекше атап өтті. Ол адал еңбек пен Отанға қызмет етудің – әр азаматтың қасиетті парызы екенін айтты.Әскери қызметшілер Олимпиада чемпионына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оның өмірлік ұстанымдары мен табысқа жету жолдары туралы пікір алмасты. Кейін мәртебелі мейман бөлімнің спорт залын аралап, жас жауынгерлердің дене дайындығына жоғары баға берді.Сарбаздар чемпионмен естелікке суретке түсу мүмкіндігін жіберіп алмады. Олимпиада чемпионымен бірге түскен фотосуреттер – олар үшін ұмытылмас сәтке айналды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1029641?lang=kk
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік азаматтар! 04.07.2025
Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі 2025 жылдың 7 шілдесінде мемлекеттік мереке – Астана күнін мерекесіне байланысты жұмыс істемейтінін хабарлайды.Азаматтарды қабылдау және Елшіліктің жұмысы 2025 жылдың 8 шілдесінен бастап әдеттегі режимде қайта басталады.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1029642?lang=kk
Экономикалық әлеует пен кіріс базасының тұрақты өсуі 04.07.2025
Алматы облысы құрылған сәттен бастап өңірлердің экономикалық әлеуеті мен кіріс базасының тұрақты өсімі байқалуда. Мұның айқын дәлелі – облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюларды қамтамасыз ететін донор аумақтар санының екіден беске дейін артуы. Бұған дейін донорлар қатарына тек Іле және Қарасай аудандары кірсе, қазіргі уақытта оларға Қонаев қаласы, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары қосылды.2025 жылға жоспарланған бюджеттік алып қоюлардың жалпы көлемі шамамен 298 млрд теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш аталған аумақтардың салықтық әлеуетінің жоғары екендігін және облыстық бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы рөлінің арта түскенін көрсетеді.Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік саясатты жоспарлау аясында Жамбыл ауданын донорлар қатарына қосу көзделген. Сондай-ақ, өнеркәсіптік орталық ретінде дамып келе жатқан Алатау қаласын да болашақта осы қатарға енгізу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Осылайша, қазіргі қарқын сақталған жағдайда, облыстағы дотациялық төрт ауданнан өзге өңірлердің барлығы дерлік өзін-өзі қамтамасыз ететін және аймақ дамуына үлес қосатын донорға айналмақ.Сонымен қатар, өңір кірістерінің тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өту қажет. 2024 жылы облыс кірістері 130%-ға, яғни 120 млрд теңгеге артты. Биылғы жылы да оң динамика жалғасуда – 2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша жоспардан тыс 44 млрд теңге қосымша түсім тарту жоспарлануда.Егер салық түсімдерінің қазіргі өсім қарқыны сақталса, 2029 жылдан бастап, яғни келесі үшжылдық кезеңнің соңына қарай, Алматы облысы тарихта алғаш рет республикалық бюджетке алып қою жүргізетін донор өңір мәртебесіне ие болуы мүмкін. Бұл өңірдің қаржылық дербестікке қадам басуы мен экономикалық тұрақтылығын нығайтудың маңызды кезеңі болмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029647?lang=kk
АЖ ҚР ҚМ МКК Құрметті пайдаланушылары! 04.07.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылғы 06 шілдеде Астана қаласы уақытымен сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізетінін назарыңызға жеткізеді.Жұмыстарды жүргізу кезінде «Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің кіріктірілген кедендік компоненті» (АСТАНА-1), «Бірыңғай терезе» (Е-терезе), «Орталықтандырылған бірыңғай дербес шот» (ОБДШ), «Салық төлеуші кабинеті» (СТК), «Кеден» ақпараттық жүйелері қолжетімсіз болады.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1029614?lang=kk
1000-нан астам әлеуметтік кәсіпкер экономикаға, әлеуметтік мәселені шешуге үлес қосуда 04.07.2025
Бүгінде Қазақстанда 1000-нан астам әлеуметтік кәсіпкер жұмыс істейді. Олар жұмыс орнын құру мен салық түсімін қамтамасыз ету арқылы бизнесті дамытып қана қоймай, әлеуметтік міндеттерді шешуге белсенді қатысады. Халықтың осал тобына көмектесіп, өңірлерде өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді. Тақырыптың өзектілігі мен әлеуметтік бизнестің өсудегі үлесі Астанада "Әлеуметтік кәсіпкерлік: проблемалар мен перспективалар"атты дөңгелек үстелде талқыланды. Оған мемлекеттік органдардың, әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ іс жүзінде әлеуметке бағдарланған жобаларды іске асыратын кәсіпкерлердің өздері қатысты.Қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетігі туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев айтып берді. Ол әлеуметтік кәсіпкерлер портфельдік субсидиялау құралын пайдалана алатынын атап өтті: кредиттер бойынша жеңілдікті мөлшерлеме 11,3%, ал қарыздың ең жоғары сомасы 200 млн теңгеге дейін беріледі.Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап мемлекеттік грант беру жүйесі әлеуметтік кәсіпкерліктің пайдасына қайта бағдарланды. Енді 5 млн теңгеге дейінгі көлемде қаржыландыруды қызмет секторына қарамастан, тек әлеуметтік кәсіпорындар мен "Бір ауыл – бір өнім" жобасының жеңімпаздары алады. 30 маусымдағы жағдай бойынша, жалпы сомасы 91 млн теңгеге осындай 19 грант берілді. 2024 жылы барлығы 1,3 млрд теңгеге 290 грант берілген.Мемлекеттік қолдауға сонымен қатар бұрын берілген кредитті субсидиялау да жатады. Бағдарлама іске қосылған кезден бері 61 жобаға субсидия беріліп, кредиттеудің жалпы көлемі 8,3 млрд теңгеге жеткен. Оның 617,1 млн теңгесі субсидия түрінде жабылған.Кездесу соңында Асан Дарбаев қатысушыларға сындарлы диалог үшін алғыс білдіріп, Министрліктің одан әрі өзара іс-қимылға дайын екенін жеткізді. Ол әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту басымдықтың бірі болып қала беретінін, өйткені бұл сектор елдің тұрақты және инклюзивті экономикасын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1029584?lang=kk
Осындай кезекті мәдени шара «Баян» емдеу-сауықтыру орталығында өтті. 04.07.2025
✅Катонқарағай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес демалыс базаларын аралап, демалушыларға концерттік бағдарламалар ұсынып келеді. Осындай кезекті мәдени шара «Баян» емдеу-сауықтыру орталығында өтті.Концерт барысында әртістер халық әндері мен заманауи шығармаларды орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Шара соңында емделушілер мен орталық қызметкерлері ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай мәдени кештердің емдеу процесіне оң әсер ететінін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1029539?lang=kk