Enbekshi QazaQ

Қоғам

2025 жылдың шілде айына арналған салық күнтізбесі 03.07.2025
2025 ЖЫЛҒЫ ШІЛДЕ АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕСАЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ БОЙЫНША 8 шілде701.00 нысаны – 2025 ж. заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлем.15 шілде400.00 және 421.00 нысандары – 2025 ж. мамыр айына акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.21 шілде328.00 нысаны – 2025 ж. маусым айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША 8 шілде2025 ж. заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлем.21 шілде2025 ж. маусым айына ЕАЭО-да ҚҚС;2025 ж. маусым айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.25 шілде2025 ж. шілде айына КТС бойынша аванстық төлемдер;2025 ж. маусымда төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;2025 ж. маусымда төленген табыстардан ЖТС;2025 ж. маусым айына арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асатын арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;Жер учаскелерін пайдалану үшін, радиожиілік спектрін пайдалану үшін, сыртқы (визуалды) жарнама орналастырғаны үшін ағымдағы төлемдер;2025 ж. маусым айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1029180?lang=kk
2025 жылдың 1 маусымынан 30 қарашасына дейін Halyk Bank-тың ай сайынғы ұтыс ойынына қатысып, Halyk картасына 100 000 бонус ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз 03.07.2025
2025 жылдың 1 маусымынан 30 қарашасына дейін Halyk Bank-тың ай сайынғы ұтыс ойынына қатысып, Halyk картасына 100 000 бонус ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз Ай сайын – Қазақстан бойынша 30 жеңімпаз!Олардың әрқайсысы өзінің бонустық шотына 100 000 бонус алады. Қалай қатысу керек:Сатып алуды Halyk-тың POS-терминалдары арқылы Halyk картасымен немесе QR-кодымен төлеңіз;Amian қосымшасына фискалдық чектерді қосыңыз Amian профилінде ЖСН көрсетілгеніне және сіз төлейтін картаның сіздің атыңызға тіркелгеніне көз жеткізіңіз — жеңімпаздар деректердің сәйкес келуі бойынша анықталады. Жеңімпаздар RANDOM.ORG сайтында кездейсоқ таңдалады және @halykbank.kz Instagram тікелей эфирінде жарияланады. Ұтыс ойынға:- Басқа банктер арқылы төлем жүргізілген чектер;- Бұғатталған бонустық шоты бар пайдаланушылар;- Банк қызметкерлері қатыспайды. Amian қосымшасына чектерді қосыңыз – Halyk-тан бонустарды ұтып алыңыз! Google Play мен App Store-дан бізді іздеңіз.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1029184?lang=kk
Сотталған азамат грант алып, кәсіпкер атанды 03.07.2025
Ақжар ауданының пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталған кәсіпкерлік негіздерін дамытуға бағытталған "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша оқуын сәтті аяқтады. Оқу қорытындысы бойынша ол өз ісін жүргізуге дайындығын растайтын тиісті сертификат алды.Пробация қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен қолдауымен оған 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін грант рәсімдеуде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді. Берілген грант сомасы 1,5 млн теңгеден асты.Бүгінгі күні аталған азамат «Даяна» атауымен жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеліп, инкубациялық технологияларды қолдана отырып үй құстарын өсіру және көбейту ісімен айналысуда.Бұл мысал мемлекеттің қолдау бағдарламалары мен тиісті органдардың көмегі арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың қоғамға бейімделіп, мамандық алып, өз ісін бастауға мүмкіндік алатынын көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1029189?lang=kk
Өзін пошта қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтарды қалай тануға болады? 03.07.2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазпошта» АҚ-тың атын пайдалана отырып жасалатын алаяқтық жағдайлары туралы ескертеді.   Алаяқтық схемасына мынадай әрекеттер кіреді:Азамат «Қазпошта»-дан хат немесе сәлемдеме жеткізу туралы ақпараты бар SMS-хабарлама алады.Осыдан кейін абоненттің WhatsApp мессенджеріне «Қазпошта»-дан қоңырау шалынады.Мекенжайды нақтылау немесе жеткізуді растау керек деген сылтаумен азаматтардан SMS-ке келген кодты айтуды сұрайды.Кодқа қол жеткізген соң шабуылдаушылар оны жеке деректерді алу немесе жәбірленушінің атына онлайн кредит ресімдеу мақсатында қосымшаларға немесе қызметтерге кіру үшін пайдаланады.Өзіңізді қалай қорғауға болады: Қоңырау шалушы ресми ұйымның қызметкері болып көрінсе де, SMS-пен келген растау кодтарын ешқашан бермеңіз. Белгісіз адамдар жіберген хабарламалар бойынша сілтемелерге өтпеңіз. Телефон арқылы дербес деректерді, банк картасының нөмірін және CVV-кодты бермеңіз. Сонымен қатар, мессенджерлер арқылы бейтаныс нөмірлерден келген қоңырауларға сақ болыңыз.Барлық ақпаратты ресми арналар – сайт немесе мобильдік қосымша арқылы екі рет тексеру қажет. Алаяқтық белгілері анықталған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну керек. Алаяқтық кредиттерді ресімдеуден қорғану үшін eGov.kz порталында немесе eGov mobile мобильдік қосымшасында банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу ұсынылады. Бас тартуды азамат кез келген уақытта сол ресми ресурстар арқылы алып тастай алады.Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz. сайтынан таныса аласыздар. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1029204?lang=kk
Алматы облысында экотуризмді дамыту – болашаққа бағытталған стратегия 03.07.2025
Экотуризмді дамыту – Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық өсу стратегиясындағы басым бағыттардың бірі. Өңірдің табиғи ландшафттарының алуан түрлілігі, экологиялық таза аймақтары мен бай мәдени мұрасы туристер үшін тартымды орта қалыптастырып отыр.Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Капшагай су қоймасы, Түрген, Ой-Қарағай, Ақбұлақ курорттары, Арасан шипажай аймағы, «Іле-Алатау» және «Шарын» ұлттық парктері секілді нысандар Алматы облысын экотуризмнің орталығына айналдырып келеді. Жақында ғана пайдалануға берілген «Sokol» автодромы мен ASP Arena спорт кешені де өңірдің туризм әлеуетін арттыра түсті.Туристер ағыны мен инфрақұрылымның өсуіАлматы облысы ішкі және шетелдік туристер арасында Қазақстандағы ең көп баратын үш өңірдің қатарына кіреді. Мұны соңғы жылдардағы көрсеткіштер дәлелдейді:2022 жылы өңірге 145 486 турист келген, 234 орналастыру нысаны қызмет көрсеткен;2023 жылы туристер саны 177 418 адамға дейін өсіп, 251 нысан жұмыс істеген;2024 жылы бұл көрсеткіш 215 826 адамға жетіп, орналастыру нысандары 270-ке дейін артқан;2025 жылдың алғашқы тоқсанында 161 548 турист қабылданып, 15 451 төсек-орын ұсынылған.Қазіргі таңда облыста 10-нан астам бірегей туристік орын мен табиғи және мәдени ерекшеліктер ескерілген 38 бағыт жұмыс істейді.Маркетинг және халықаралық деңгейде танылуЭкотуризмді дамытуда өңірлік маркетингтің рөлі зор. Алматы облысының Туризм басқармасы шетелдік блогерлермен, БАҚ-пен және халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатқан. 2025 жылы өңірге атақты фотограф Джимми Нельсон келіп, ал танымал тревел-блогер Toataima үшін арнайы тур ұйымдастырылды.Сонымен қатар, Travel+Leisure журналының Орталық Азияға арналған алғашқы санында Алматы облысы табиғаты туралы мақала жарияланды. Облыс Tripadvisor платформасында ұсынылған, Қытай мен Оңтүстік Кореяда жарнамалық науқандар жүргізілуде. Сонымен қатар, өңір ITB Shanghai (Қытай) және IFTM Top Resa (Франция) сияқты беделді халықаралық туристік көрмелерге қатысуда.Оқиғалық және спорттық туризмАлматы облысы оқиғалық туризмнің орталығына айналуда. Бұған дәлел ретінде Tengri Ultra, Oceanman, Ұлы Дала Жорығы сияқты халықаралық жарыстарды, сондай-ақ Орталық Азиядағы ең ірі мотошеруді айтуға болады. Тамыз айында 30 мыңнан астам адамды тартатын ірі рок-фестиваль өтеді деп күтілуде. Биыл алғаш рет Ұйғыр ауданында абрикос фестивалі ұйымдастырылды. Бұл шара алдағы уақытта агротуризмнің жарқын брендіне айналады деп жоспарлануда.Ірі жобалар мен инвестицияларОблыс халықаралық инвесторлармен және шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен тығыз жұмыс жүргізуде. Негізгі жобалар қатарында:Oi-Qaragai курортын 105 гектардан 1000 гектарға дейін кеңейту (2028 жылға дейін 1200 жұмыс орны);«Шарын» және «Іле-Алатау» ұлттық парктерінде визит-орталықтардың ашылуы;ASP Arena спорт кешені (300 жұмыс орны);«Sokol» автодромы (500 жұмыс орны);Ұлттық парктерде инфрақұрылымды дамытуға 170 млн теңге бөлінді;«Алатау аманаты» экспедициялық жобасы аясында 1000 шақырым туристік бағыттар, этноауылдар, демалыс аймақтары, жабдықтар жалға беру пункттері және визит-орталықтар іске қосылады.Болашаққа көзқарас: тұрақты туризм мен тау кластері2028 жылға дейін өңірде бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда:Ой-Қарағай курортын кеңейту;Қара шатқалда шыны көпір салу;Қонаев қаласында аквапарк пен қонақүйлер салу;Есік көліндегі бөгетті қайта жаңғырту;Көлсай көлдерін байланыстыратын аспалы жолдарды іске қосу (Bartholet компаниясымен бірлесіп).Сонымен қатар, Алатау тау кластерін дамыту қолға алынған. Бұл жоба аясында экокемпингтер, автокараванинг аймақтары, тау және су бағыттары құрылмақ. Барлық жұмыс экологиялық тепе-теңдікті сақтай отырып жүргізіледі.ҚорытындыЭкотуризм – бұл экономикаға серпін беретін, өңірдің халықаралық беделін арттыратын әрі болашақ ұрпаққа табиғи мұраны сақтауға бағытталған маңызды сала. 2024 жылы Алматы облысына келген туристер саны 2 миллион адамнан асты – бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,3 есе көп.Жүйелі жұмыс пен халықаралық әріптестіктің нәтижесінде Алматы облысы жаһандық туристік картада өз орнын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуда және өңірдің әлеуетін барынша тиімді пайдалануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1029120?lang=kk
🔰ЖТС есептеу кезіндегі салықтық шегерімдер бойынша 03.07.2025
🔰ЖТС есептеу кезіндегі салықтық шегерімдер бойынша💠Салық кодексінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда жеке тұлғаның салықтық шегерімдердің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар екені көзделген:1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім;2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерім;3) стандартты салықтық шегерімдер – барлық жеке тұлғалар үшін күнтізбелік айға АЕК-тің 14 еселенген мөлшері немесе күнтізбелік жылға АЕК-тің 168 еселенген мөлшері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары (мүгедектігі бар, мүгедек балалары бар адамдар және т.б.) үшін күнтізбелік жылға АЕК-тің 882 еселенген мөлшері;4) көпбалалы отбасылар үшін салықтық шегерім – күнтізбелік жылға айқындалған АЕК-тің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде;5)өзге де салықтық шегерімдер (бұдан әрі – өзге де шегерімдер), олар мыналарды қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1029134?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Астана күніне орай музыкалық тарту әзірлеуде 03.07.2025
Астана күні қарсаңында елордада дәстүрлі «Әскери керней» атты XI әскери-музыкалық фестивалі өтеді. Іс-шара 2025 жылғы 5–6 шілде күндері қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, еліміздің күштік құрылымдарының үздік шығармашылық ұжымдарын біріктірмек. Мерекелік бағдарлама 5 шілдеде басталады:сағат 17:00-де «Ғашықтар» саябағында;сағат 18:00-де Есілдің өзен трамвайында өтетін музыкалық қойылыммен (фестивальдің ерекшелігі ретінде);сағат 18:00-де «Жерұйық» және «Жетісу» саябақтарында жалғасады.Мерекелік шаралар 6 шілдеде де жалғасады. Фестивальдің басты оқиғасы – сағат 16:30-да «Қазақ елі» алаңында өтетін Гала-концерт болмақ.Биыл елорданың сахналық және ашық алаңдарында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК Шекара қызметі және ІІМ Ұлттық ұланының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.Фестивальдің басты қатысушыларының бірі – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Үлгілі-көрсетімді оркестрі. Оркестр кәсіби шеберлігімен және мазмұнды музыкалық бағдарламасымен көрерменнің ықыласына бөленіп келеді. Тек биылдың өзінде Ұлттық ұлан оркестрлері ел бойынша 5000-нан астам алаңда өнер көрсетті.Айта кетейік, «Әскери керней» фестивалі әскери-музыкалық өнерді насихаттауға, әскер мен қоғам арасындағы мәдени байланысты нығайтуға және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған.Барша елорда тұрғындары мен қонақтарын әскери оркестрлердің сүйемелдеуімен өтетін мерекелік концерттерге шақырамыз. Еліміздің басты мерекелерінің бірін бірге атап өтейік! ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1029148?lang=kk
Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары талқыланды 03.07.2025
Варшава, 2025 жылғы 2 шілде - Польшаның сыртқы саясат ведомствосында Қазақстан Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Роберт Көпецкиймен кездесуі өтті.  Әңгімелесу барысында қазақстан-поляк ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағы туралы жан-жақты пікір алмасу өтті. Үстіміздегі жылдың мамыр айында Варшавада өткен Қазақстан мен Польша Сыртқы істер министрлерінің кездесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша басым салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге өзара дайындық расталды.Кездесуде көпжақты алаңдарда өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.  Поляк дипломаты Президент Қ.Тоқаевтың халықаралық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы сыртқы саяси бастамалары, сондай-ақ еліміздің ЕО-мен сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі аспектілері туралы егжей-тегжейлі хабардар болды.  Өз тарапынан Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстанның аймақтағы Польшаның ең маңызды серіктесі болып табылатынын мәлімдеді және Астанамен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға зор мүдделілігін растады. Кездесу қорытындысы бойынша әңгімелесушілер екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз байланыста болуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1029076?lang=kk
Орталық Азиядағы электроника саласындағы басты көрмеге қатысыңыз: Electronica Expo Kazakhstan 2025! 03.07.2025
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қолдауымен 2025 жылдың 9–11 шілдесі аралығында Астанадағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында Electronica Expo Kazakhstan 2025 өтеді — бұл Орталық Азиядағы электроника, электротехника және цифрлық технологиялар саласындағы ең ірі іс-шара.Мұнда тұрмыстық және өнеркәсіптік техниканың ең жаңа үлгілері мен заманауи шешімдері ұсынылады — электрондық компоненттер мен модульдерден бастап, интерактивті жүйелер, бейнебақылау және дайын цифрлық шешімдерге дейін ақпаратқа толы секциялар.Көрмеде 10 елден келген 150-ден астам компания, 35-тен астам спикер және көптеген мастер-класстар күтілуде. Сонымен қатар, бағдарламада: бизнес-конференциялар, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігі бойынша дөңгелек үстелдер, AI тақырыбындағы панельдік сессиялар, дрон-футбол турнирі, робототехника бойынша жарыстар және тағы басқа іс-шаралар.Electronica Expo Kazakhstan көрмеcі — электроника саласындағы әзірлеушілерді, өндірушілерді, дистрибьюторларды, түпкі пайдаланушыларды, қызмет көрсетуші ұйымдарды және өнімді ілгерілету мен сатып алумен айналысатын басқа да салалық өкілдерді бір алаңда біріктіретін маңызды іс-шара.Көрмеге кіру алдын ала тіркеу арқылы тегінҚосымша ақпарат алу үшін бізге WhatsApp арқылы хабарласыңыз: +905368106898немесе электрондық поштамызға жазыңыз: info@electronica-expo.com Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1029039?lang=kk
Қазақстандықтар жыл басынан бері «БейнеХҚКО» сервисін 25 мыңнан астам  рет қолданды 03.07.2025
«БейнеХҚКО» сервисі мемлекеттік қызметтерге қашықтан жүгінуге мүмкіндік беретін  сұранысқа ие цифрлық арналардың бірі. Тек 2025 жылдың басынан бері сервис  25 676 рет қолданылды. Сервис шалғай елді мекендерде немесе елден тыс жерлерде тұратын азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ жұмысқа немесе отбасылық жағдайларға байланысты ХҚКО-ға бара алмайтын азаматтарға арналған.БейнеХҚКО арқылы сұранысқа ие қызметтер: бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, көп балалы отбасыларға және мүгедек адамдарға жәрдемақы тағайындау, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама алу, сондай-ақ мүгедек адамдарға әлеуметтік қызметтер мен түрлі көмек түрлерін рәсімдеу.«БейнеХҚКО» сервисін пайдалану  қиын емес. Ең алдымен «ЦОН» мобильді қосымшасын (Google Play және App Store арқылы) орнатып, тіркелу қажет. Әрі қарай, қосымшада бейнебайланыс бөлімін таңдап, операторға қосылу керек. Сервис арқылы ХҚКО қызметкері кеңес береді, құжаттарды рәсімдеуге және өтініш беруге көмектеседі және қажет болса оператормен тілдесу терезесі арқылы жүктелген құжаттарды қабылдайды. Егер қызмет ақылы болса, төлем екінші деңгейлі банктың мобильді қосымшасы арқылы онлайн жүргізіледі. Қызметтің нәтижесін бейнеқоңырау барысында немесе кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында алуға болады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1029015?lang=kk
ЖАЗДА ТАМАҚТАН УЛАНУДЫ ҚАЛАЙ БОЛДЫРМАУҒА БОЛАДЫ? 03.07.2025
  ЖАЗДА ТАМАҚТАН УЛАНУДЫ ҚАЛАЙ БОЛДЫРМАУҒА БОЛАДЫ?Жаз-тамашауақыт,демалысуақыты,ата-әжелергебару, көкөністерменжемістерденләззат алу, жарқынкүнастындаДвитаминіменқанықтыру уақыты.Мұндайуақыттаешкімуланудантуындағантемпературамен жүрек айнуыменқұлағысыкелмейді.Ауаның жоғарытемпературасы, азық — түліктісақтауережелерінбұзужәнегигиенанысақтамауасқазан-ішек жолдарының ауруларыныңнегізгісебептері болып табылады.Тамақтанулану-бұл ас қорыту жүйесінің бұзылуымен бірге жүретін өткірауру.Оныңсебебіағзағаәртүрлімикроорганизмдердің,көбінесебактериялардыңтамақөнімдерімен енуі болуымүмкін.Уланужағдайларыныңкөпшілігі Staphylococcus aureusжәне E. coliтағамдарындатезкөбеюдентуындайды.Уланукөбінесежарамдылықмерзімі өткен немесеқолайсызжағдайлардасақталғаннемесесанитарлықнормалардыбұзаотырыпдайындалғансапасызөнімдердітудырады.Аурулардыңнегізгісебептері-бактерия тасымалдау,технологиялықпроцесс,өнімдердідұрыссақтамаужәне т. б.Уланукөбінеседайынтағамдардытудырады-майонезжәнеқаймақ қосылған көп компоненттісалаттардыңбарлық түрлері, кілегей қосылған кондитерлікөнімдер, туралғанеттағамдары,жележәнебасқалар.Дайынтағамдарданбасқа, нашаржуылғанжидектер,жемістермен жаңа піскенкөкөністеруланудыңсебебіболуымүмкін,өйткеніолардыңбетіндеішекинфекцияларыныңқоздырғыштарықалуымүмкін.Егер сіз белгілі үш ережені ұстанатын болсаңыз, өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды жазда тамақтан уланудан қорғауға болады:ЖАҚСЫ ГИГИЕНАНЫ САҚТАҢЫЗ:- көшеден үйге келгеннен кейін, тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз;- көкөністерді, жемістерді, жидектер мен шөптерді ағын су астында, ал кішкентай балалар үшін қайнаған сумен жуыңыз;- ыстық және суық тағамдарды дайындаған кезде үйдегі гигиена ережелерін, жарамдылық мерзімдерін және азық-түлікті, әсіресе тез бұзылатын тағамдарды сақтау шарттарын сақтаңыз; шикі тағамдар мен дайын тағамдарды бөлек сақтау керек;- шикі өнімдерді өңдеу үшін жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жеке пышақтар мен кесу тақталарын пайдалану қажет.                                          «Федоров аудандық санитарлық-                                         эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1028984?lang=kk
Минскіде өткен форумда Еуразиялық экономикалық одақта құқықтарды қорғаудың тетіктері талқыланды 03.07.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   2025 жылғы 26-27 маусымда Минск қаласында IV Еуразиялық экономикалық форум өтті. Форумның негізгі алаңдарының бірі ЕАЭО құқықтық жүйесінің жай-күйі мен даму перспективаларының өзекті мәселелеріне арналған «ЕАЭО құқығы – жай-күйі және перспективалары» сессиясы болды.Талқылауға қатысушылар еуразиялық интеграцияның құқықтық негіздерін нығайтудағы және Одақ құқығының нормаларын тиімді қолдануды қамтамасыз етудегі Одақ Соты рөлінің негізгі аспектілерін атап өтті.Конституциялық Соттың судьясы Айжан Жатқанбаева өз сөзінде ЕАЭО құқығының сақталуын қамтамасыз етудегі конституциялық бақылау органдарының рөлін атап өтті, сондай-ақ ұлттық және ұлттықтан жоғары құқықтық тәртіп шеңберінде құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау жүйесіне қатысты өзінің сараптамалық көзқарасымен бөлісті.Ол сондай-ақ аудиторияның назарын Қазақстан Конституциялық Сотының 2023 жылғы 22 мамырдағы №17-НҚ шешіміне аударды. Оған сәйкес халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының Қазақстан мүдделерін ескерусіз қабылдаған шешімдері ратификацияланған халықаралық шарт сипаттарына ие болмайды және, тиісінше, Қазақстан заңдарынан басым болмайды.Талқылауға Беларусь Республикасы мен Қырғыз Республикасы Әділет министрліктерінің, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы мен Экономикалық даму министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің жетекші заңгерлері мен сарапшылары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1028931?lang=kk
Мәслихат төрағасы А. Нұғманның Тұйық ауылының тұрғындарымен кездесуі 03.07.2025
1 шілде 2025 жылы сағат 14-30-да Кеген аудандық мәслихатының төрағасы А. Н. Нұғман бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес Тұйық ауылының тұрғындарымен кездесті.Кездесу барысында Тұйық ауылында  жұмыс істеп жатқан «Слава Мұнай Сервис» ЖШС-ында жұмыс істейтін жергілікті жігіттердің еңбек ақысын, сол жерде істеп жатқан қытай азаматтарының жалақысымен бірдей көтеруі жайлы ұсыныс жасалды.Ауылдың ішкі жұмыстарына техникалар керек (кран, погрузчик), жергілікті әкімшілікте ондай техникалар жоқ. Мүмкіндік болса жұмыс жасауға техникалармен көмектесу жайында ұсыныс айтылды.Ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтарға нақты жауаптар алынып, Кеген аудандық мәслихатының алдағы уақытта қолға алатын жұмыстары жайында айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1028911?lang=kk
ЕКЖ дегеніміз не және ол не үшін қажет? 03.07.2025
ЕКЖ дегеніміз не және ол не үшін қажет?Ақмола облысында мемлекеттік мекемелерде кадрлық есеп жүргізуге арналған заманауи цифрлық платформа — Бірыңғай кадрлық жүйені (ЕКЖ) енгізу басталды.Қарапайым тілмен айтқанда, бұл — барлық қызметкер туралы мәліметтер бір жерде сақталатын “онлайн-кадр маманы”: жұмыс орны, еңбек өтілі, демалыс күндері, еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек шартының мерзімі және басқа да деректер.Бұл жүйе ашықтықты қамтамасыз етіп, қағазбастылықты азайтады, қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату рәсімдерін жеңілдетеді, қателіктерді азайтады және кадрлық ахуалды жедел бақылауға мүмкіндік береді.Жүйе кезең-кезеңімен енгізілуде: 2025 жылдың соңына дейін өңірдегі 95 ұйым қамтылады. Лицензияларды орталықтандырып сатып алу арқылы бюджеттен 3,5 миллион теңге үнемделді.Жоба облыстың цифрландыру басқармасы тарапынан еліміздің цифрлық трансформацияға көшу саясаты аясында жүзеге асырылып отыр.ЕКЖ — кадрлық үдерістерді ыңғайлы әрі тиімді басқаруға бағытталған маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1028878?lang=kk
Өңіраралық онлайн-семинар өткізілді 03.07.2025
2025 жылдың 2 шілдесінде ҚР Әділет министрлігінің өкілі Гүлнәр Кәкеннің төрағалығымен Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының Әділет департаменттері бірлесіп, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар (ҰҚБҰ) өкілдерінің қатысуымен өңіраралық онлайн-семинар өткізді.Семинардың тақырыбы: «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметіндегі негізгі мәселелер» болды.Семинар жұмысына Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі «Аманат» коммерциялық емес ұйымы, Еуразиялық құқық иеленушілер одағы және Қазақ авторлар қоғамының өкілдері қатысты.Іс-шара аясында музыкалық туындыларды коммерциялық мақсатта пайдалану кезінде авторлық құқық нормаларын сақтау, жекелеген көшіру үшін сыйақы жинау саласындағы ұжымдық құқық басқару мәселелері және «ҚазАҚ» әзірлеген музыкалық туындыларды тануға арналған жаңа қосымшаларға ерекше назар аударылды.Семинар қорытындысы бойынша ҰҚБҰ, аумақтық Әділет органдары және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арасында зияткерлік меншік саласында, соның ішінде музыкалық шығармаларды көпшілік алдында орындаумен айналысатын пайдаланушылар үшін құқықтарды ұжымдық басқару мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын бірлесіп жүргізу туралы шешім қабылданды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1028761?lang=kk
Қазақстан мен Испания аграрлық саладағы ынтымақтастықты арттырады 03.07.2025
Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Испанияның Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және азық-түлік министрі Луис Планаспен келіссөз жүргізді. Тараптар агроөнеркәсіптік саладағы өзара іс-қимылдың қазіргі ахуалы мен келешектегі дамуын талқылады. Орнықты ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, технологиямен алмасу, сондай-ақ ирригация, органикалық егіншілік пен кадр даярлау саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі басты назарда.Серік Жұманғарин аграрлық сектор Қазақстан экономикасының негізгі драйверінің бірі екенін атап көрсетіп, аграрлық салада озық технологиясы мен мол экспорттық тәжірибесі бар Испаниямен әріптестікті нығайтуға қызығушылық білдірді.Министр Луис Планас, әсіресе, инновациялық шешім енгізуде және суды тұрақты пайдалануға қатысты мәселеде ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді. Ол сондай-ақ Испанияның 2026 жылы Астанада өткізілетін «KazAgro» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысатынын мәлімдеді.Кездесу қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік көрмелерге қатысып тұрумен қатар, екі елдің бейінді ведомстволары мен бизнес-қоғамдастығы арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластық айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1028754?lang=kk
Қатты желден кейін Миролюбовка ауылдық округіндегі көше жарығын жөндеу және аумақты тазалау 03.07.2025
Миролюбовка ауылдық округінде дауылды желден кейін көше жарығы жөнделді. Сондай-ақ, жолдан ағаш бұтақтары мен құлаған ағаштар алынып тасталды. Жұмысқа "Красногорск орманшылығы" КММ МТЗ-82 техникасы мен жұмысшылар жұмылдырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1028735?lang=kk
Контрафакт өнімдерді жою 03.07.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 2 шілдесінде Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалымен бірлесіп, «FAIRY», «APPLE», «iPhone» тауар белгілерімен таңбаланған, жалпы саны 189 бірлікті құрайтын, 315 960 теңге сомасындағы контрафакт өнімдерді жою бойынша шара өткізді.Аталған контрафакт өнімдер The Procter & Gamble Company және Apple Inc. компанияларының өкілдерінің өтініштері негізінде жүргізілген тексеру іс-шаралары нәтижесінде тәркіленді. Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулыларына сәйкес, екі кәсіпкерге ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша басқа тұлғаның тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеліп, әрқайсысына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.Контрафакт өнімдер құқық иеленушілердің рұқсатынсыз өндірілген, жалған болып табылады және сапа стандарттарына сәйкес келмейтіндіктен жойылуға жатады. Қостанай облысы Әділет департаментінің Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1028743?lang=kk
Катонқарағай ауданы туристік әлеуетін арттыруда: жаңа бағыттар, нысандар және халықаралық ынтымақтастық 03.07.2025
Шығыс Қазақстанда еліміздің ең туристік әлеуеті жоғары кластерлерінің бірі – Катонқарағай ауданы қарқынды дамып келеді. Тек 2025 жылы мұнда 200 мыңнан астам турист қабылдау жоспарлануда (өсім – 25%). Бұл туралы Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дюсембаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.Бүгінде ауданда 97 туристік нысан жұмыс істейді. Олардың қатарында санаторийлер, қонақ үйлер, демалыс базалары, пантолечебницалар, кемпингтер, этноаулдар және Ұлттық табиғи парк аумағындағы туристік үйлер бар. Жалпы бір мезгілде қабылдау сыйымдылығы – 2062 орын.Сонымен қатар, ұзындығы шамамен 674 шақырымды құрайтын 10 туристік маршрут пен 4 экскурсиялық соқпақ белсенді түрде дамып келеді.Логистика саласындағы маңызды жетістік – жаңа әуежайдың құрылысының басталуы болды. Аудан әкімінің айтуынша, Астана, Алматы, Өскемен, Семей қалаларына ішкі рейстер, сондай-ақ Қытай (Канас) мен Моңғолияның (Баян-Өлгий) аймағына халықаралық бағыттар ашу жоспарланып отыр.2025 жылы Катонқарағай ауданында 5 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда:• Топқайың ауылында халықаралық деңгейдегі «Wellness Resort» қонақүй кешенінің құрылысы (8,8 млрд теңге),• Ақшарбақ ауылындағы «Верх-Катунь» пантолечебницасын кеңейту (400 млн теңге),• Аршаты ауылында «Altay Resort» курорттық кешенінің құрылысы (2 млрд теңге),• Урыль ауылындағы «MuzTau» эко-отелі аумағында мейрамхана салу (200 млн теңге),• Катонқарағай ауылында «ALTAY TERRA RESORT» туристік кешенінің құрылысы (500 млн теңге).Катонқарағай ауданы халықаралық ынтымақтастыққа да белсенді қатысуда. Мамыр айында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданына іссапармен барып, Канас – Марқакөл – Катонқарағай туристік бағытын іске қосу және екі елдің туристік инфрақұрылымын интеграциялау мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, ауданның брендін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде – ғимараттар мен туристік нысандар бірыңғай дизайн-кодпен безендіріліп, халықаралық сарапшылардың (PKF Hospitality, Kazakh Tourism) қатысуымен мастер-план әзірленуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1028725?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда 02.07.2025
Исламабад, 2025 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин «Hiranis Pharmaceuticals» фармацевтикалық компаниясының Бас атқарушы директоры Аднан Хирани қабылдады.Кездесу барысында тараптар Қазақстанда бизнесті дамытудың перспективалары жөнінде мазмұнды пікір алмасып, фармацевтика және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.Елші Е.Қыстафин инвестициялар мен экспорттық қызметті қолдаудың қолданыстағы мемлекеттік шаралары, сондай-ақ еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуал туралы жан-жақты ақпарат берді.Өз кезегінде А.Хирани Орталық Азия өңірінде, соның ішінде Қазақстандағы тәжірибесімен бөлісіп, іскерлік байланыстар орнату және ынтымақтастықты дамыту үшін жақын арада Қазақстанға бару ниетін растады.Кездесу қорытындысы бойынша А.Хиранидың Пәкістанның фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының (PPMA) мүшелерімен бірге Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1074142?lang=kk