Enbekshi QazaQ

Қоғам

«Киіз үй — ұлттың рухани өзегі» фестивалінде аудан киіз үйі бас жүлдені жеңіп алды 30.06.2025
Белгілі кәсіпкер Талғат Сақанның ұйымдастыруымен Үржар ауданы, Таскескен ауылында өткен «Ауыл - ел бесігі» атты спорт және өнер фестивалінде ауданымыздың қазақ үйі бас жүлдені жеңіп алды.Марапаттау сәтін ерекше әсерлі сәтпен — киіз үй байқауынан бастады. Бұл сайыс тек сыртқы сән-салтанатпен өлшенген жоқ, әр киіз үйдің ішкі ұлттық нақышы, көркемдігі мен мазмұны әділ бағаланды. Қазақтың рухын, дәстүрін, қолөнерін дәріптеген киіз үйлер нағыз көз қуантты.Бас жүлдеге 500 мың теңге тігілген бұл бәйгеде ұлттық стильді сақтай отырып, шығармашылықпен ерекшеленген ауданымыздың киіз үйі үздік деп танылды. Көздің жауын алатын көркем безендіру, тарихи мәні бар бұйымдар, шынайы қонақжайлылық — барлығы да әділқазылар мен жұрттың ыстық ықыласына бөленді.Бұл — тек бәйге емес, ұлттың өткенін ұлықтап, бүгінге жеткізген, ертеңге аманаттайтын құндылықтың көрінісі. Киіз үй — қазақ болмысының символы, ал оны дәріптеу — әр азаматтың парызыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1026458?lang=kk
«Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында азаматтарды қабылдау шарасы өткізілді 30.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында 2025 жылдың 23-27 маусым аралығында қаланың орталығында облыстық прокуратура, Әділет департаменті және заң қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау шарасы өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелерін жедел әрі тиімді шешуге ықпал ету.Қабылдау барысында барлық келген азаматтарға тиісті құқықтық көмек көрсетілді.Азаматтар көбінесе жер қатынастары, мұрагерлік даулар, алимент өндіру, еңбек даулары, әлеуметтік төлемдер мен тұрғын үй мәселелері бойынша сауалдармен жүгінді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1026399?lang=kk
200-ден астам жас лейтенант ел Қарулы күштерінің қатарын толықтырды 30.06.2025
Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының 210 жас лейтенантын шығаруға арналған салтанатты рәсім өтті. Жас офицерлерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов, Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев, жоғары оқу орнының басшылығы мен ҚР ҚК ардагерлері құттықтады.– Биыл құрылғанына 55 жыл толатын жоғары оқу орнының қабырғасында жан-жақты білім алып, кәсіби дайындықтан өттіңіздер. Отан игілігі үшін алдағы қызметте тек табыс тілеймін. Құрлық әскерлері әскери институтының түлегі атағын мақтанышпен алып жүріңіздер, – деді Бас штаб бастығы.Институт басшылығы биылғы шығарылымның әскери дайындықтың жоғары деңгейімен ғана емес, сонымен қатар ғылыми, спорттық және қоғамдық қызметтегі жетістіктерімен де ерекшеленетінін атап өтті.Мерекелік шараға түлектердің туыстары, жақындары мен достары қатысты. Салтанатты жағдайда түлектерге дипломдар табыс етілді. Содан кейін институттың Жауынгерлік туымен қоштасу рәсімі өтті.Жас лейтенанттарға әскери жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломдар салтанатты жағдайда табысталды. Институттың Жауынгерлік туымен қоштасу рәсімімен аяқталған мерекелік шара ұрпақтар сабақтастығының жарқын дәлелі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1026439?lang=kk
Нью-Йорк қаласында қазақ-америкалық сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа перспективалары талқыланды 30.06.2025
Нью-Йорк, АҚШ, 2025 жылғы 27 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.С. Қуантыров Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында Уолл-Стриттің іскерлік және сараптамалық топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.Негізгі кездесулердің бірі «Citigroup» компаниясының басқарушы директоры, егемендік консалтинг департаментінің жаһандық теңтөрағасы Х. Амин-Салеммен өтті. Келіссөздер барысында стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, Қазақстанның қаржы қызметтерін жаңғырту, финтех саласындағы ынтымақтастық және капитал нарықтарын дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, 2024 жылғы қазан айында өткен алғашқы Kazakhstan Finance Day форумын ұйымдастыруға Citigroup тарапынан көрсетілген қолдау ерекше атап өтілді. Аталған форум Қазақстанға инвестициялар тартуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудегі әлемдік көшбасшылардың бірі "Archer Daniels Midland" өкілдерімен кездесу агроазық-түлік өнімдерінің орнықты жеткізу тізбектерін дамыту мәселелері қарастырылды."Pfizer" компаниясының дамушы нарықтар жөніндегі президенті С.Атлигпен Қазақстан аумағында дәрілік заттарды, вакциналарды және компанияның басқа да өнімдерін өндіру перспективалары қаралды."Think Equity" компаниясының халықаралық ынтымақтастық басшысы К.Рамал Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан қаржы нарығына және Қазақстан қор биржасымен (KASE) өзара іс-қимыл әлеуетіне қызығушылық білдірді."Global New York Chamber of Commerce" Президенті С.Өмірзақовпен кездесу барысында Қазақстанның тамақ өнеркәсібі өнімдерінің АҚШ-қа тікелей экспортын кеңейту, сондай-ақ американдық нарықта қазақстандық бизнесті қолдауды жүйелеу мәселелері талқыланды.The Henry Jackson Society талдаушысы Д. Шпинкпен өткізілген келіссөздерде Орта дәліздің әлеуетін ілгерілету және Қазақстанның Шығыс пен Батысты байланыстыратын негізгі логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталған мультимодальды көлік байланыстарын дамыту мәселелері көтерілді.Сондай-ақ Dakia U-Ventures өкілі Э. Чау және Grammy Philadelphia атқарушы директоры Р. Джоунспен кездесу барысында креативті және музыкалық индустрия саласындағы жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.Жалпы алғанда, бұл сапар қаржы, өнеркәсіп, логистика және денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен жобаларға жоғары қызығушылықты растай отырып, Қазақстанның АҚШ-тың жетекші компанияларымен және сараптамалық топтарымен іскерлік байланыстарын нығайтуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-newyork/press/news/details/1026368?lang=kk
Бизнес тұрғызған қала: Қонаев экономикалық хабқа айналуда 30.06.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары барысында Қонаев қаласында жалпы құны 245 миллиард теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқаны белгілі болды. Бұл жобалар аясында 1000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.Қапшағай жағалауында қонақүйі, аквапаркі, СПА-аймақтары мен жағажайы бар курорттық кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жоба отбасылық демалысқа бағытталған және өңірдің туристік инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың біріне айналмақ.Сондай-ақ, жағалауда пайдалануға берілген жобалардың қатарында жағажай ойындарына арналған жаңа спорт кешенін атап өтуге болады. Мұнда құм төселген футбол және волейбол алаңдары, үстел ойындарына арналған аймақтар мен демалыс орындары қарастырылған. Бұл – жағалау аймағын абаттандыруға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі әрі ашық аспан астында белсенді демалысқа жағдай жасайтын заманауи инфрақұрылым.Өндіріс саласы – Қонаев қаласының жаңа экономикасындағы негізгі бағыттардың бірі. Мұнда ұн тарту, мал азығы және май өңдеу зауыттарын қамтитын агроөнеркәсіптік кластер құрылып жатыр. Бұған қоса, ірімшік пен қуырылған картоп өндіретін кәсіпорынның құрылысы да қолға алынған. Жоба ішкі нарықпен қатар экспортқа да бағытталған. Сауда желілерімен тиісті келісімшарттар жасалған.Бұл қала тұрғындары үшін екі маңызды мәселені білдіреді: тұрақты жұмыс орындарының пайда болуы және экономикалық өсімнің тек маусымдық туризммен немесе құрылыс саласымен шектелмейтініне деген сенімділік. Мұнда тек жұмыс күші ғана емес, біліктілік пен кәсіби білімді қажет ететін – технолог, оператор, логист және инженер сынды мамандықтар сұранысқа ие бола бастады.Қалада жүзеге асып жатқан барлық құрылыс пен өндіріс жобаларын біріктіргенде, 1000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Сарапшылардың бағалауынша, бұл кәсіпорындар жыл сайын түрлі деңгейдегі бюджеттерге 6 миллиард теңгеден астам салық түсірмек. Бұл көрсеткішке ірі жобалардың айналасында қалыптасатын шағын және орта бизнес кірмейді.Бүгінде кейбіреулер Қонаевты әлі де саяжай мен демалыс аймағы ретінде қабылдаса, шын мәнінде қала инфрақұрылымы, денсаулық сақтау, бизнес және жаңа мүмкіндіктері бар өмір сүруге қолайлы орталыққа айналып келедіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1026373?lang=kk
Таза Қазақстан: тазалық пен тәртіпке жауапкершілік 30.06.2025
«Таза Қазақстан» акциясын қолдау аясында №27 мекемесінің қызметкерлері сенбілікке қатысты. Іс-шара еңбекке деген жігер мен ұйымшылдық рухында өтті.Жеке құрам әкімшілік ғимараттың айналасын қоқыстан тазартып, ағаштарды әктеу және құрғақ бұтақтарды кесу жұмыстарын жүргізді.Мұндай іс-шаралар ұжымдық рухты нығайтып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін тәрбиелейді және өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1026379?lang=kk
Қарулы күштер қатары әскери колледждің 90 түлегімен толығады 29.06.2025
Елордадағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде кіші сержанттардың салтанатты оқуды аяқтау рәсімі өтті.Іс-шараға оқу орнының басшылығы мен жеке құрамы, Қарулы күштердің ардагерлері, қоғам өкілдері, түлектердің туыстары мен жақындары қатысты.Мереке Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың бюстіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Қатысушылар Халық қаһарманының рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.Салтанатты сәтпен түлектерді Халық қаһарманы отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев құттықтады.– Кіші командирлерге сарбаздарды оқыту, бөлімшелердегі әскери тәртіпті сақтау және жеке құрамның моральдық-жауынгерлік рухын нығайту жауапкершілігі жүктеледі. Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің түлегі деген атақты абыроймен алып жүретініңізге сенемін, – деді ол.Дипломдар табысталғаннан кейін түлектерді сержанттар корпусына қабылдау рәсімі өтті. Айта кету керек, колледждің алты үздік түлегі ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарының екінші курсына қабылданады.Іс-шара әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. Саптық шеру кезінде әскери қызметшілер өздерінің нақты қозғалыстары мен қаруды шебер меңгергендерін көрсетті. Сондай-ақ, қоян-қолтық ұрыс элементтері де көрсетілді.Салтанатты сәтті Қазақ ұлттық өнер университетінің “Шабыт” колледжі студенттерімен бірге орындалған түлектер вальсі айшықтай түсті.Мереке Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымының концертімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1026314?lang=kk
Алматылық әскери қызметшілер соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады 29.06.2025
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері мен курсанттары Алматы қаласы Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдерімен бірлесіп, Ұлы Отан соғысының ардагері Екатерина Александровна Баранованы ғасыр тойымен құттықтады.Әскери қызметшілер қарияға гүлдер мен естелік сыйлықтар табыс етті."Әскери дирижерлік" мамандығының курсанттары Екатерина Александровнаға соғыс жылдарындағы әндерді орындап берді.Екатерина Александровна Курск облысында дүниеге келген. 7 сыныпты бітіргеннен кейін ол Старооскольск медициналық техникумына түсіп, онда фельдшер болып оқыды. 1943 жылы аудан неміс-венгер әскерлерінен босатылғаннан кейін бірден әскер қатарына шақырылып, 1-ші Украина майданының әскери госпиталіне жіберілді. 1945 жылдың соңына дейін ол жараланған жауынгерлерге көмек көрсетті.Екатерина Баранова жеңісті Карловы Вары қаласында (Чехословакия) қарсы алды. Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Праганы азат еткені үшін" медальдарымен, сондай-ақ көптеген мерейтойлық наградалармен марапатталған.Соғыстан кейінгі жылдары Екатерина Александровна ауруханада, содан кейін Министрлер Кеңесінің ауруханасында жұмыс істеді. Ол өзін құттықтай келген Отан қорғаушыларға  алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1026300?lang=kk
Бразилиядағы дипломатиялық корпустың қайырымдылық жұмысы бағаланды 28.06.2025
2025 жылғы 27 маусым, Бразилиа – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде «Bacuri de Ouro» ақпараттық агентігінің Бразилияда аккредиттелген дипломатиялық миссиялар басшыларының жұбайлары қауымдастығының (GCCM) Президенті, Қазақстанның Бразилиядағы Елшісінің жұбайы Гүлназия Нүсіповаға «Әлемді жақсарту» санатындағы «Bacuri de Ouro» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.«Bacuri Brasil» бас редакторы Клаудия Годой, елдегі дипломатиялық қоғамдастықты нығайтуға, мәдени байланыстарды тереңдетуге, қайырымдылық пен әлеуметтік бастамаларға, соның ішінде Бразилияда дипломатиялық корпустың қатысуымен өтетін GCCM-нің жыл сайынғы жәрмеңкелерін ұйымдастыруға белсенді атсалысқан елшілер жұбайларының еңбегін қоғам тарапынан мойындау ретінде бұл атақты тағайындаған.Осы тұрғыда бразилиялық БАҚ GCCM басшысы мен оның командасының белсенді қызметін ерекше атап өтті. Аталған дипломатиялық клуб құрамына шет мемлекеттердің елшіліктері мен ұйымдарының 72 өкілі кіреді.Анықтамалық: «Bacuri de Ouro» – бұл Бразилияның ақпарат агенттігі тағайындайтын сыйлық және Бразилия құндылықтары мен мәдениетін ілгерілетуге, әлеуметтік жобаларға, халықаралық даму мен қоғамдық қызметке үлес қосқан қоғам қайраткерлеріне, шетелдік елшілерге, журналистерге, сондай-ақ саяси және іскер орта өкілдеріне табысталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1026246?lang=kk
Прошел конкурс эссе среди госслужащих «Елімізде сыбайлас жемқорлықты азайтуға қосқан үлесім» 28.06.2025
Алматы қаласында «Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау - әділетті қоғамның негізі Мемлекеттік қызметшілер арасында «Елімізде сыбайлас жемқорлықты азайтуға қосқан үлесім» тақырыбында эссе байқауы өтті.Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен қалалық прокуратурасы «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында мемлекеттік қызметшілер арасында «Елімізде сыбайлас жемқорлықты азайтуға қосқан үлесім» тақырыбында эссе байқауын өткізді.Байқаудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, осы саладағы заңнамалық талаптар жөнінде құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ шығармашылық белсенділікті, креативті және тың ойлау қабілетін ынталандыру болды.Байқау шеңберінде 40-тан астам жұмыс ұсынылды. Қатысушылар заңдылықтың, этикалық қағидалардың және халыққа қызмет ету ұстанымдарының маңыздылығын терең түсінетіндерін көрсетті.Олар өз жұмыстарында қызметтік міндеттерін адал атқарудың нақты мысалдарын, құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша бастамаларын және халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған идеяларын ортаға салды.Аталған байқау тек тәжірибе алмасу алаңына ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жетілдіру мен құқықтық сауаттылықты арттыруға ынталандыратын маңызды құралға айналды.  «Заң және тәртіп»  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1026247?lang=kk
Алматы қаласында «Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау - әділетті қоғамның негізі 28.06.2025
Қоғамда заңдылық пен тәртіпті нығайту мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүргізуде.Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке деген сенімді арттыруда, азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы сall-орталыққа 1424 хабарламалары ерекше рөл атқарады.Сall-орталықтың операторлары сыбайлас жемқорлық және бизнеске қысым туралы хабарламаларға тәулік бойы жауап береді, шағымдарды, жауаптарды қабылдайды, консультациялық көмек көрсетеді.              Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу туралы хабарлағаны үшін көтермелейді. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау шаралары күшейтілді. Мұндай адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тартуға, қызметінен босатуға немесе басқа лауазымға ауыстыруға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі тәртіптік комиссия құрамында қатыспайынша жол берілмейді.Мұндай ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу арқылы осы адамдар туралы құпия ақпаратты қорғау шаралары күшейтілетін болады.                          2024 жылғы тамыз айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің Автокөлік бақылау басқармасының сарапшысы «М» бизнес субъектісінен комплимент ретінде ақша беру фактісі туралы хабарлағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Бизнес субъектісі кінәлі деп танылып, ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік айыппұл салынды.2025 жылғы мамырда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметтерінің сапасын бақылау бөлімінің басшысы тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы, атап айтқанда оны мемлекеттік сатып алуда жеңімпаз деп танығаны үшін пара талап ету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шарт жасасу туралы хабарлаған "К" азаматы көтермеленді. Лауазымды тұлға сотталды, соңғысы 275 240 теңге сомасында сыйақы алды.Көтермелеу заңды күшіне енген сот үкімі болған кезде ғана жүзеге асырылатынын атап өту қажет.Сыйақы сомасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты. Пара немесе келтірілген залал сомасы 1 мың АЕК-тен (3 млн.450 мың теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама сыйақы 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды.Көрсетілген сомадан жоғары – сыйақы 10% құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды (15 млн 728 мың теңге).   «Заң және тәртіп»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1026243?lang=kk
Жастар, бизнес және қоғам – өңірдегі құқықтық назардың басты нысанында 28.06.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Қостанай облысында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғам мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіліп келеді.«Жастар — әділетті қоғамның іргетасы» форумыЖастардың әділетті әрі қауіпсіз қоғам құрудағы рөлін айқындауға арналған бұл форум өңірдің маңызды оқиғаларының бірі болды. Форумның басты мақсаты — жастардың құқықтық санасын қалыптастыру, олардың заңгерлік сауаттылығын арттыру және құқыққа қайшы әрекеттерге тартылу тәуекелін төмендету.Шара барысында цифрлық алаяқтық тақырыбына айрықша назар аударылды. Қатысушыларға алаяқтар ұрланған қаражатты шешіп алуға және қолма-қол ақшаға айналдыруға пайдаланатын «дропперлердің» кім екені түсіндірілді. Жастарды қырағы болуға, қылмыстық схемалардың құрбанына айналмауға шақырды.Форум аясында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жаңа профилактикалық жоба таныстырылды.«Мемлекет қорғауындағы бизнес» форумы24 маусым күні Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасында «Мемлекет қорғауындағы бизнес» тақырыбында диалогтық форум өтті. Оған прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, полиция, экономикалық тергеу, құқықтық статистика және арнайы есеп департаменттерінің өкілдері қатысты.Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және бизнес пен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Мұндай формат Палата мен қадағалау органдары арасында бұған дейін жасалған меморандумдар нәтижесінде мүмкін болды.Форумда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мәселесіне ерекше назар аударылды. Яғни, прокуратура тек ірі инфрақұрылымдық жобаларды ғана емес, сондай-ақ шағын және орта бизнестің де өзекті мәселелерін бақылауға алуы тиіс. Қатысушылар Бас прокуратурада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен алқа отырысында белгіленген жаңа бағыттарды талқылап, алдағы ынтымақтастық туралы уағдаласты.Осындай шаралар өңірде заңдылықты нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қоғам мен мемлекеттің тиімді диалогын жолға қоюға бағытталған жүйелі жұмысты айқын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1026244?lang=kk
Қазақстан Республикасы салық заңнамасын бұзған жағдайда кәсіпкерлерге тәуекелдер туралы ТҮСІНДІРУ 28.06.2025
Кәсіпкерлік қызмет саласында заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының салық органдары салық төлеушілерді салықтық және басқа да міндетті заңнамаларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Төменде бизнестің субъектілері жиі жіберетін негізгі заң бұзушылықтар мен олардың салдары көрсетілген:  Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысуҚазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабы 2-тармағына сәйкес, жеке табыс салығы бойынша жылдық табысы ең төменгі жалақының 12 есесінен (2025 жылға – 1 020 000 теңге) асатын жеке тұлғалар үшін жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу міндетті.Қауіптер мен жауапкершілік:Тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысу заңсыз кәсіпкерлік ретінде қарастырылады (ҚР ӘҚБтК 463-бабы).Айыппұл: құқық бұзушылықтың дәрежесіне және алынған кіріске байланысты — 10-дан 100 АЕК-ке дейін. Сондай-ақ, заңсыз қызметтен алынған кіріс (тауарлар, құрал-жабдықтар) тәркіленуі мүмкін.  БКМ (бақылау-кассалық машина) қолданбай қызмет көрсетуҚазақстан Республикасының Салық кодексінің 166-бабына сәйкес, қолма-қол немесе төлем карталары арқылы есеп айырысу кезінде деректерді тіркеп, жіберу функциясы бар онлайн-БКМ қолдану міндетті.Қауіптер мен жауапкершілік:БКМ-ды дұрыс қолданбау ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады:бірінші рет бұзушылық жасағанда – ескерту беріледі;бір жыл ішінде қайталанса – 15 АЕК (2025 жылы – 58 980 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.Сонымен қатар, бұзушылық жойылғанға дейін қызметті тоқтату шарасы қолданылуы мүмкін.  Алкоголь өнімін сату үшін лицензияның болмауыҚазақстан Республикасының аумағында алкоголь өнімін сату мен сақтау лицензияланған қызметке жатады. Заңды түрде сатылымды жүзеге асыру үшін лицензия алу қажет.Қауіптер мен жауапкершілік:Лицензиясыз лицензияланатын қызметпен айналысу ҚР ӘҚБтК-ның 463-бабы бойынша жауапкершілікке жатады.Айыппұл: 100-ден 200 АЕК-ке дейін. Сондай-ақ өнім тәркіленеді.  Салық декларациясында табысты төмен көрсетуСалық кодексінің 13-бабы бойынша салық төлеуші барлық табысын және мәліметтерді есептілікте толық көрсетуге міндетті.Қауіптер мен жауапкершілік:Табысты төмен көрсету салық, пеня және айыппұлдарды қайтадан есептеуге әкеледі.Айыппұл: қайта есептелген сомаға 20 %, қайталанған жағдайда – 50 %.Үлкен сомалар бойынша қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 245-бабы – салық төлеуден жалтару) қарастырылуы мүмкін.  Жалдамалы қызметкерлерді көрсетпеу немесе олардың санын азайтуБарлық жалдамалы қызметкерлер Enbek.kz жүйесінде тіркелуі және салық есептілігінде (910 және 200 нысандары) көрсетілуі тиіс.Қауіптер мен жауапкершілік:Қызметкерлерді көрсетпеу салықтар мен әлеуметтік аударымдарды (МЗЖ, МӘМС, ӘА, МӘМСЖ) қайта есептеуге әкеледі. ҚорытындыЖоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер салық, еңбек және әкімшілік заңнамаларды бұзады және қаржылық, құқықтық салдарға әкеледі.Салық органдары мыналарды ұсынады:Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде уақытылы тіркелу;БКМ-ды қолма-қол және карта төлемдерінде қолдану;Қажет болған жағдайда лицензия алу;Табыс пен қызметкерлерді есептілікте толық көрсету.Заңнаманы сақтау салықтық айыппұлдардан қорғап қана қоймай, тұтынушылар мен мемлекет алдындағы сенімділікті қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1026229?lang=kk
«Айбын-2025»: Қорғаныс министрі әскери-патриоттық жиын жеңімпаздарын марапаттады 28.06.2025
Ақтөбе облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған жастардың XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өз мәресіне жетті.Жиын Әуе қорғанысы күштерінің екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы әскери институтының «Айбын» оқу-жаттығу орталығында өтті. Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен жиналған командалар бір апта бойы зияткерлік, шығармашылық және әскери-қолданбалы сайыстарда бақ сынады. Іс-шараға Қытай Халық Республикасының делегациясы бақылаушы ретінде қатысты.Жиынның ең маңызды оқиғаларының бірі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуы болды. Мемлекет басшысы жастар арасында азаматтық жауапкершілік пен рухани құндылықтарды қалыптастырудағы әскери-патриоттық тәрбиенің маңызын айтты.Шараның салтанатты жабылу рәсіміне Қорғаныс министрлігінің басшылығы, күштік құрылымдардың және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қарулы күштер ардагерлері мен қоғамдық ұйымдар қатысты.Жас патриоттарды жиынның аяқталуымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Косанов құттықтады.– Бүгінде бар назар сіздерге – жас ұрпаққа аударылып отыр. «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиыны әскери ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Әрбір жеңіс – бұл өзін-өзі дамытуға және жаңа жетістіктерге бастайтын қадам, – деді министр.Сондай-ақ, Қорғаныс министрі шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Ақтөбе облысының әкіміне және әділ бағалағаны үшін төрешілер алқасына алғысын білдірді.Сайыс нәтижесі бойынша өңірлік категорияда бірінші орынды Абай облысының «Абай қырандары» әскери-патриоттық клубы жеңіп алды. Екінші орынды Түркістан облысының «Жас қыран» клубы иеленді. Үшінші орынды Түркістан облысының «Арыстан» және Павлодар облысының «Қайсар» клубтары бөлісті.Барлық жеңімпаз командалар мен Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген қатысушыларға естелік сыйлықтар мен марапаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1026232?lang=kk
«Жас Бүркіт» «Айбын-2025» халықаралық жиынының қола жүлдегері атанды 28.06.2025
Ақтөбе облысында өткен XI халықаралық «Айбын» жастар жиынында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының намысын қорғаған «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық клубының командасы үшінші орынды иеленді.Бұл жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей және Өзбекстаннан келген 800-ге жуық қатысушы жиналды. Шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.Жиынның салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Ол жастар бойында патриоттық рухты қалыптастыру үшін мұндай шаралардың маңызды екенін атап өтті.Жарысқа барлығы 51 команда қатысып, олар төрт топқа бөлінді. 19 командадан тұратын әскерлердің патриоттық клубтары тобында «Жас Бүркіт» командасы үздік үштіктен көрінді.  Олар жоғары физикалық дайындық, тәртіп пен ұйымшылдық, нақты үйлесімділік және тактикалық сауаттылықтың арқасында ерекшеленді.Бұл жетістік — «Жас Бүркіт» клубының сапалы даярлығы мен құқықтық тәртіп әскерлеріндегі әскери-патриоттық тәрбиенің нәтижесі. Ол — табандылықтың, тәртіптің және үздіксіз даму талпынысының жемісі. Осылайша жас сарбаздар халықаралық деңгейде Ұлттық ұланның мәртебесін асқақтатты. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1026222?lang=kk
Елордада жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың үш жүзден астам түлегі Отанына адал болуға ант берді 28.06.2025
"Отан қорғаушылар" алаңында елордадағы жетекші жоғары оқу орындары студенттерінің әскери ант беру рәсімі өтті.Іс-шара "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Құрметті қонақтар, жоғары оқу орындарының басшылары мен оқытушылары, студенттер, Қарулы күштердің ардагерлері қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.Құрметті қонақтар Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев пен генерал-лейтенант Абай Тасболатов кафедра түлектеріне мамандық игеруде және өз мансабын құруда табыс тіледі.Рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеруден және Мемлекеттік әнұран орындаудан басталды.- Қорытынды емтихандарды тапсыру кезінде сіздер жоғары білім мен оқытылатын пәндер бойынша жақсы нәтиже көрсеттіңіздер. Бүгін әскери борышқа адал болуға ант беріп, нағыз Отан қорғаушы атандыңыздар. Осы атаққа лайық болыңыздар және Қазақстанның дамуы мен өркендеуі үшін бәрін жасаңыздар, – деді Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев.Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің, Назарбаев Университетінің, Maqsut Narikbayev University, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, "Тұран", "Есіл" университеттерінің, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенттері Отан қорғауға кез келген сәтте дайын болуға ант берді. Жоғары оқу орындары әскери кафедраларының түлектерін Қазақ технология және бизнес университетінің президенті Ернұр Құлажанов құттықтады. Ата-аналар атынан Рахила Унышева сөз сөйледі.Іс-шара құрмет қарауылы ротасының қатысуымен өтті. 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қару-жарақпен қоян-қолтық ұрыс тәсілдері мен саптық дефиле элементтерін көрсетті.      Ант берген запастағы сержанттар алаңда салтанатты шерумен жүріп өтті. Іс-шара Орталық әскери оркестрдің музыканттары мен Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблі солистерінің өнер көрсетуімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1026185?lang=kk
Алматы облысының полициясына 40 жаңа автокөлік табысталды 28.06.2025
Қазақстан полициясы күніне орай Қонаев қаласында өткен салтанатты іс-шара аясында Алматы облыстық Полиция департаментіне 40 жаңа қызметтік автокөлік берілді. Бұл — өңірде құқықтық тәртіпті нығайту мен құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын күшейту бағытындағы маңызды қадам.Салтанатты рәсім Қонаев қаласының Орталық алаңында өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, полиция бөлімшелерінің басшыларына көлік кілттерін салтанатты түрде табыстады.Облыс әкімінің айтуынша, автопарктің жаңартылуы полиция қызметінің тиімділігін арттырып, құқық қорғау органдарының мобильділігін, қылмыстарға жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтеді.«Бұл – жай ғана техника емес. Бұл – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді құралдар. Халықтың тыныштығы мен тәртібі осы көліктердің арқасында жаңа деңгейге көтеріледі», – деді Марат Сұлтанғазиев.Аталған көліктер Қонаев қаласы мен Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Қарасай, Алатау, Жамбыл, Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарының полиция бөлімдеріне бөлінді.Мерекелік шара одан әрі Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Облыс әкімі өз сөзінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.«Полиция қызметкері – бұл тек мамандық емес, бұл – ел алдындағы жауапкершілік пен халық сенімінің символы. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау – олардың күнделікті жұмысы», – деді әкім.Сұлтанғазиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 23 маусымда Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында айтқан сөзін еске салды:«Заң үстемдігін қамтамасыз ету, қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – мемлекеттің басым бағыттары. Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі керек».Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, соңғы үш жылда Алматы облысында ішкі істер саласын дамытуға 51 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталып, 167 автокөлік, заманауи техникалар, планшеттер мен серверлік құрылғылар сатып алынған. Сондай-ақ, бейнебақылау жүйелері орнатылып, 20 шұғыл шақыру түймесін (SOS) іске қосу жоспарлануда.Бүгінде облыс аумағында 51 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Бұл қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді.Салтанатты жиын барысында қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Тәуелсіздік жылдары Алматы облысында 40 полицей қызметтік міндетін атқару барысында өмірімен қош айтысқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1026164?lang=kk
Алматы облысында «Самғау» шығармашылық байқауының жаңа маусымы басталды 28.06.2025
Алматы облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара аясында дәстүрлі «Самғау» шығармашылық байқауының жаңа маусымы ресми түрде басталды. Бұл маңызды оқиға өңір журналистері үшін басты сәттердің біріне айналып, түрлі аудандар мен қалалардан келген қаламгерлердің басын қосты.«Самғау» – аймақтық журналистиканы дамытуға, кәсіби шеберлікті арттыруға және қоғам өмірінің маңызды тақырыптарын көтеріп жүрген авторларды қолдауға бағытталған жыл сайынғы шығармашылық байқау. 2025 жылғы маусымда байқау тақырыптық аясын кеңейтіп, дәстүрлі номинациялармен қатар ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, инвестиция, білім, әлеуметтік сала және өзге де өзекті бағыттарды қамтиды.Кәсіби мерекемен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтады. Өз сөзінде ол журналистердің өңір дамуына қосып отырған үлесіне ерекше тоқталды:«Ақпарат саласында жұмыс істеу – үлкен жауапкершілік. Дәл сіздер ел ішіндегі маңызды оқиғаларды халыққа жеткізіп, қоғамдағы ойды қалыптастырасыздар. „Самғау“ байқауы – сіздердің еңбектеріңізге берілген жоғары баға әрі алдағы шығармашылық табыстарға жол ашатын мотивация», – деді өңір басшысы.Салтанатты жиын аясында 30-ға жуық журналист түрлі марапаттарға ие болды. Мемлекеттік, ведомстволық және өңірлік деңгейдегі ордендер, медальдар, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.Іс-шара соңында қатысушылар назарына жақын арада өз жұмысын бастайтын жаңа өңірлік телестудия – «Qonaev Media» туралы бейнеролик ұсынылды. Бұл телестудия алдағы уақытта жергілікті журналистер үшін тағы бір маңызды шығармашылық алаңға айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1026165?lang=kk
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының жұмыс сапары 28.06.2025
2025 жылғы 27 маусымда Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сүлейменов Ержан Әбілхасымұлы күрделі жөндеуден өтуі тиіс ғимаратты аралау мақсатында жұмыс сапарымен аймақты аралады. Бұл нысан Алматы облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын «ЖИТС-нің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» балансына берілген болатын. Ол «Каусар» оңалту орталығының әкімшілік ғимаратының бір бөлігі болып табылады.Сапар барысында нысанның техникалық жағдайына баға беріліп, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бойынша ұсыныстар қаралды, сондай-ақ жобаны қаржыландыру көздері мен мерзімдері талқыланды. Медициналық қызметтердің сапалы әрі қауіпсіз көрсетілуін қамтамасыз ету үшін үй-жайлардың санитариялық талаптарға сәйкестігіне ерекше көңіл бөлінді.Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының басшысы жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды жеделдету және жөндеу жұмыстарының кезеңдерін келісу бойынша нақты тапсырмалар берді.Жұмыс сапары қорытындыланып, өңірдегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту бойынша алдағы іс-қимылдар айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1026162?lang=kk
Қазақстан мен Моңғолия стратегиялық серіктестікті дамытуда 27.06.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 27 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияға ресми сапары аясында осы елдің Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың қабылдауында болды.Кездесу барысында М.Нұртілеу Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы тілектері мен ыстық сәлемін жеткізді.Моңғолия Президенті Астананың Ұлан-Батыр үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін атап өтіп, саяси диалогты одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді.М.Нұртілеу Моңғолия Қазақстанмен ортақ тарихи тамырлармен, сондай-ақ рухани және мәдени жақындықпен байланысты сенімді әрі жақын көрші екенін мәлімдеді.Тараптар биік және жоғары деңгейдегі, соның ішінде үкіметтік және парламентаралық сапарлармен алмасу жөнінде уағдаласты.Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы бірлескен жұмыс талқыланды.Сол күні Қазақстан СІМ басшысы Моңғолия Премьер-министрі Гомбожавын Занданшатармен де жеке кездесу өткізді.Тараптар қазақ-моңғол ынтымақтастығын нығайтуға бейілділігін растады және көлік пен логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және басқа да салалардағы өзара іс-қимылдың нақты жолдарын талқылады.Қазақстан мен Моңғолия екіжақты тауар айналымын 500 млн АҚШ долларына дейін жеткізуді көздеп отыр, бұл мақсатқа қазақстандық астық пен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайту арқылы қол жеткізілмек.Сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі мен машина жасау салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қозғалды. Қазақстан бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге және жоғары технологиялық өнім жеткізуге қызығушылық білдірді.Мәдени-гуманитарлық салада Министр бірлескен жобаларды одан әрі ұлғайтуға қазақ тарапының әзір екенін білдірді.Кездесулер соңында тараптар өзара мүдделі барлық бағыттар бойынша белсенді және өзара тиімді диалогқа дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1030626?lang=kk