Enbekshi QazaQ

Қоғам

«Заң мен тәртіп» апталығы аясында Алматы қаласындағы қайтарылған активтер бойынша баспасөз туры 27.06.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі міндеттерінің бірі – активтерді қайтару болып табылады.2022 жылдан бері Агенттік 1,152 трлн теңгеден астам мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты мемлекеттік меншікке қайтарды, оның ішінде 329,4 млрд тенге тікелей бюджетке өтелді. Қайтарылған активтердің қатарына бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық нысандар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс нысандары, жер телімдері, люкс санаттағы автокөліктер мен ақшалай қаражаттар кіреді. Шетелден 670,5 млн АҚШ доллары (297,5 млрд теңге) қайтарылды, оның ішінде: Австриядан – 82,1 млн доллар (36,8 млрд теңге), Лихтенштейннен – 260,5 млн доллар (116,7 млрд теңге), Біріккен Араб Әмірліктерінен – 14 млн доллар (6,3 млрд теңге), Түркиядан – 13,92 млн доллар (6,5 млрд теңге).Алматы қаласында 4 ірі нысан қайтарылып, ғылыми-зерттеу және оқу орындарына берілді.2025 жылғы 27 маусымда «Заң мен тәртіп» апталығы аясында Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз турын өткізді. Журналистер мемлекетке берілген нысандарды көзбен көріп, танысуға мүмкіндік алды.Сонымен қатар, Баспасөз қызметкерлері күні қарсаңында баспасөз турын жарықтандырған журналистер Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының атынан алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1026045?lang=kk
Петропавл қаласында қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық ұланның чемпионаты өтті 27.06.2025
Петропавл қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының қоян-қолтық ұрыстан чемпионаты мәресіне жетті. Жарыс халықаралық дәрежедегі спорт шебері, марқұм капитан Азамат Нұрпейісовтің рухына арналды. Турнир «Жеңіс» олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасында өтіп, еліміздің барлық өңірлік қолбасшылықтарынан, Ұлттық ұлан Академиясынан, сондай-ақ 6654 және 5573 әскери бөлімдерінен келген 100-ден астам спортшылардың басын қосты.Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша жеті салмақ дәрежесінде ұйымдастырылды. Жеңімпаздар төмендегідей анықталды:57 кг дейін — ефрейтор Шыңғыс Айтжанов (6556 әскери бөлімі, «Батыс»  ӨңҚ);62 кг дейін — сержант Жандос Өтегұлов (5517 әскери бөлімі, «Батыс» ӨңҚ);67 кг дейін — қатардағы жауынгер Руслан Қазыбай (5517 әскери бөлімі, «Батыс» ӨңҚ);73 кг дейін — қатардағы жауынгер Мансұр Мимбулатов (3502 әскери бөлімі, «Батыс» ӨңҚ);80 кг дейін — кіші сержант Курванжан Гуламдунов (3477 әскери бөлімі, «Шығыс» ӨңҚ);88 кг дейін — қатардағы жауынгер Әлихан Сафаров (6697 әскери бөлімі, «Орталық» ӨңҚ);97 кг дейін — курсант Искандер Жайықбаев (Ұлттық ұлан Академиясы).Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы, екінші орынды – Ұлттық ұлан Академиясы, үшінші орынды – «Орталық» өңірлік қолбасшылығы иеленді.Салтанатты ашылу рәсімінде қатысушыларға құттықтау сөзін Ұлттық ұлан Академиясы бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Александр Корнилов арнады. Ол жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және қатысушылардың дайындығы мен жауынгерлік рухын ерекше атап өтті:– Біз бұл турнирде тек спорттық жекпе-жектерді емес, мінездер шайқасын көрдік. Жеңіске жігері, төзімі, қайраты мен табандылығы барлар жетті. Бұл қасиеттер – әрбір әскери қызметші үшін маңызды. Әділ жекпе-жек пен тәртіп үшін барлық қатысушыларға, бапкерлерге және төрешілерге алғыс білдіремін, – деді полковник Корнилов.Сондай-ақ капитан Азамат Нұрпейісовтің әкесі Ерік Нұрпейісов жарысқа қатысушыларға жүрекжарды алғысын білдіріп, ұлын еске алуға арналған турнирдің маңыздылығын атап өтті:– Ұлымның есімін құрметтеп, осы жарысқа атсалысқан әрқайсыңызға алғысым шексіз. Азаматтың өмірі қысқа болса да, мәнді өтті. Ол елге адал қызмет етті. Оның есімін есте қалдыру – біздің отбасы үшін үлкен мәртебе. Турнирді жыл сайын өткізуге бастамашы болған Ұлттық ұлан мен Академия басшылығына ерекше ризашылығымды білдіремін, – деді ол.Айта кетейік, Азамат Нұрпейісов спортпен мектеп кезінен бастап айналысқан. Бокс пен кикбоксингке деген қызығушылығы мен еңбекқорлығының арқасында қысқа мерзім ішінде жоғары жетістіктерге жетті. Ол – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, Кубок иегері, сондай-ақ Италияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2009), Ирландиядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2011), Үндістанда өткен Азия чемпионы (2012), Түркияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2013). Сонымен қатар  ол әскери институтты тәмамдап, ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінде офицерлік қызмет атқарған.Турнир ұрпақтар сабақтастығының нышанына айналды және Отанға қызмет етуге өмірін арнаған офицерді еске салды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1026002?lang=kk
Үндістандық «MSN Group» компаниясы Алматы облысында фармацевтикалық зауыт салады 27.06.2025
Астана, 2025 жылғы 26 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Үндістанға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы ретінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ алаңында Үндістанның жетекші фармацевтикалық компанияларының бірі – «MSN Group» басшылығымен кездесу өтті.Келіссөздер аясында ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанкулов «MSN Group» атқарушы директоры Манда Нихил Теджа Реддимен ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Бұл кездесу Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісін жергіліктендіру бойынша келісілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам болды.Компания басшылығы Алматы облысында толық циклді фармацевтикалық зауыт салу бойынша бірлескен инвестициялық жоба жоспарын таныстырды. Жоба Қазақстанда тіркелген «MSN Pharmalab» компаниясы мен «КФК Медсервис Плюс» ЖШС-пен бірлесіп жүзеге асырылады. Инвестиция көлемі шамамен 60 млн АҚШ долларын құрайды.Ғ.Оспанкулов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мұндай жобалардың отандық өнім үлесін арттыру үшін маңызды екенін атап өтті: «Қазақстан толық өндірістік циклді жергіліктендіруге, технологиялар енгізуге және экспортқа бағдарланған фармацевтикалық кластерлер құруға ниетті стратегиялық инвесторларды тартуға мүдделі. «MSN жобасы» – жоғары экспорттық және әлеуметтік әлеуеті бар жаңа индустриялық негізді бірлесіп құрудың айқын үлгісі».Тараптар мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы механизмдері аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, соның ішінде инвестициялар туралы келісім жасасу, локализацияны ынталандыру шаралары және мемлекеттік бағдарламалар аясында ұзақ мерзімді жеткізілім мүмкіндіктерін талқылады.«КФК Медсервис Плюс» ЖШС басқарма төрағасы Жанат Ұмаров бұл жобаның фармацевтика саласы үшін маңыздылығын атап өтті: «Қазақстандық компанияның қатысуымен фармацевтикалық зауыт құру – Қазақстандағы фармацевтикалық нарықтың дамуына, оның тәуелсіздігіне, озық технологияларды тартуға және қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыруға қосылған үлес».Кездесу соңында «MSN Group» өкілдері жылы қабылдау мен Қазақстан тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіріп, жобалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын жеделдетуге және оны іске асырудың практикалық кезеңіне алдағы айларда көшуге дайын екенін растады.«MSN Group» – Үндістаннан тыс жерлердегі ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан фармацевтикалық компаниялардың бірі. Топ 25 өндірістік алаңды басқарады, 500-ден астам фармацевтикалық субстанцияны (АФИ), 350-ден астам дайын дәрілік препаратты және 900-ден астам патентті қамтитын портфелге ие. Компания өнімдері әлемнің 100-ден астам еліне экспортталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1026016?lang=kk
Түрік компаниясы Қазақстанда логистикалық инфрақұрылым құрылысына инвестиция салуды жоспарлауда 27.06.2025
Астана, 2025 жылғы 27 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Түркияның жетекші логистикалық компанияларының бірі – «S Sistem Lojistik» басқарма төрағасы Хүсейин Барлинмен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, оның ішінде жалпы құны шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайтын заманауи логистикалық және қойма терминалдары желісін салу мәселелері талқыланды. Нысандарды орналастыру үшін басым алаңдар ретінде Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау және басқа да ірі орталықтар қарастырылуда.Тараптар сондай-ақ инвестициялық келісімшарт пен арнайы инвестициялық келісім жасасу мүмкіндігін талқылады. Бұл құжаттар мемлекеттік қолдау шараларын, салықтық преференцияларды және инфрақұрылымдық сүйемелдеуді қарастырады.Ғ.Оспанқұлов жоспарланған жобалардың елдің көлік және логистикалық әлеуетін дамыту үшін маңыздылығын атап өтті: «Бүгінде Қазақстан логистикалық инфрақұрылымын белсенді дамыту кезеңінде тұр. «S Sistem Lojistik» компаниясының ұсынып отырған жобалары ішкі және транзиттік тасымалдарды тиімді ету үшін аса маңызды. Біз логистиканы инвестиция тартудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырамыз, әсіресе экономиканы әртараптандыру және Қазақстанның Еуразиядағы көлік хабы ретіндегі рөлін нығайту тұрғысынан. Өз тарапымыздан біз жобаны жан-жақты қолдауға, жер учаскелерін бөлу, мемлекеттік қолдау шараларына қосылу, сондай-ақ өңірлік әкімдіктермен және салалық органдармен өзара іс-қимылды үйлестіруге дайынбыз. Ынтымақтастық логистика мен өнеркәсіптік кооперация саласындағы Қазақстан мен Түркия арасындағы табысты серіктестіктің үлгісі болады деп сенемін».Өз кезегінде Х.Барлин Қазақстанға стратегиялық бағыт ретінде үлкен қызығушылық танытты. Оның айтуынша, ел бірегей транзиттік әлеуетке және логистикалық жобаларды дамытуға қолайлы инвестициялық ортаға ие. «S Sistem Lojistik» халықаралық стандарттарға сәйкес жобаларды іске асыруды және ел ішінде де, шет елдерде де жүктерді тиімді тасымалдауды қамтамасыз ететін заманауи инфрақұрылым құруды жоспарлап отыр.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жұмыс координациясын жалғастыруға және тиісті мемлекеттік институттармен, өңірлік әкімдіктермен өзара әрекеттесуге келісті. Қазақстан тарапы бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына мүдделілік танытып, оның логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ел экономикасына қосымша инвестициялар тартуға ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1026005?lang=kk
«Айбынның» көшбасшы командалары «Күшіміз бірлікте» әскери-далалық тактикалық ойындарына қатысты 27.06.2025
         «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында «Күшіміз бірлікте» әскери-далалық тактикалық ойыны өтті. Оған бұған дейінгі жиын кезеңдерінде үздік нәтиже көрсеткен командалар қатысты.Әскери-тактикалық сценарий мүмкіндігінше нақты жағдайларға жақындастырылды. Далалық лагерье таңертеңгі дабылмен көтерілді. Ойынға қатысушы командалардың дайындығы тексерілгеннен кейін нұсқаушылар марш жасау ережелері мен қауіпсіздік шараларын жеткізді.Жауынгерлік бұйрық алғаннан кейін қатысушылар іс-қимыл үйлесімділігін, жергілікті жерді бағдарлау, топтағы өзара іс-қимыл, шартты түрде жараланғандарды эвакуациялау, кедергілерді еңсеру және дағдарыстық жағдайларда тактикалық ойлай білу машықтарын көрсетті. – Мұндай сынақ күш-қуат тұрғысынан шыңдалуға, сондай-ақ командада бір-біріне дем беруге, тәртіп пен сенімнің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді. Болашақ Отан қорғаушы осылай қалыптасады, – деп атап өтті «Айбын-2025» лагерь жиыны штабының бастығы подполковник Дәулет Бейсеков. Төзімділік емтиханына айналған ойындар командалық үйлесімділік пен көшбасшылықты дәлелдей білді. Көптеген жасөспірімдер үшін бұл әскердегі ұжымдық іс-қимылдың алғашқы тәжірибесі болды. – «Айбын» әскери-патриоттық жиынына алғаш рет қатысып отырмын. Біздің команданың көшбасшы атанып, әскери-далалық ойындарда бақ сынасқанын мақтан тұтамын. Мұнда біз сарбаз ретінде командирдің бұйрығын бұлжытпай орындаудың қаншалықты маңызды екенін сезіндік, – деді семейлік жас патриот Жақан Абзал. «Айбын» әскери-патриоттық жиыны жыл сайын белсенді, әрі жауапты өз еліне барынша пайда әкелуге дайын жастардың жаңа буынын қалыптастырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1025926?lang=kk
Ішкі істер министрлігі Egov Mobile қосымшасында жаңа цифрлық сервисті — «Заң және Қоғамдық тәртіп» қызметін іске қосты 27.06.2025
Egov Mobile мобильді қосымшасында жаңа функция — «Заң және Қоғамдық тәртіп» бөлімі пайда болды. Енді азаматтар полицияға құқықбұзушылықтар туралы жедел түрде хабарлай алады.Қоғамдық тәртіптің бұзылуы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы немесе балаға қатысты оқиға жөнінде полицияға тікелей қосымша арқылы хабар беруге болады. Енді бұл үшін қоңырау шалып немесе бөлімшеге барудың қажеті жоқ.«Заң және Қоғамдық тәртіп» иконкасын басқаннан кейін бірден өтініш жіберу формасы ашылады. Хабарлама кезекші бөлімге автоматты түрде түседі, содан кейін полиция қызметкерлері дереу әрекет етеді.Қызметті пайдалану бойынша нұсқаулық қосымша ішіндегі бейнероликте берілген.Бұл жаңа цифрлық сервис – азаматтар мен полиция арасындағы ашық, жылдам және қолжетімді байланысқа жасалған маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1025927?lang=kk
Дипломатия және спорт — бір толқында! 27.06.2025
Дипломатия және спорт — бір толқында!KazAID Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күніне арналған дәстүрлі футбол турниріне қатысты. Турнир 22 маусымда Астанада өтіп, Сыртқы істер министрлігі мен түрлі мемлекеттік құрылымдардың командаларын біріктірді.KazAID атынан Тулькибаев Тлек пен Сұлтан Керімсал қатысып, команданың намысын қорғады және KazAID турнирде құрметті 4-орын иеленуіне өз үлестерін қосты.Бұл турнир тек футбол туралы ғана емес. Бұл — ұйымшылдық, сенім және өзара қолдау туралы. Дәл осы қағидаттар дипломаттардың жұмысында да маңызды орын алады.ҚР СІМ-ге керемет ұйымдастыру үшін, жылы атмосфера мен осы шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1025897?lang=kk
Бүгін Курчатов қаласының әкімі Болат Тансыкбаевич Абдралиев халықпен есептік кездесу өткізді 27.06.2025
          Бүгін Курчатов қаласының әкімі Болат Тансыкбаевич Абдралиев халықпен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында өткен кезеңдегі жұмыс қорытындыланып, алдағы уақыттағы қаланың дамуының басым бағыттары айқындалды.Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Болат Тансыкбаевич әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды іске асыру сияқты негізгі бағыттар бойынша егжей-тегжейлі есеп ұсынды.Әкімнің баяндамасында қала тұрғындарын толғандыратын мәселелер: тұрғын үймен қамтамасыз ету, аулаларды абаттандыру, жолдарды жөндеу, инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.Кездесу барысында тұрғындар белсенді түрде сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтып, шешілуі қажет маңызды мәселелерді көтерді. Мұндай кездесулер билік пен халық арасындағы кері байланыстың маңызды құралы болып табылады және биліктің ашық, сындарлы диалогқа дайын екенін көрсетеді. Ең бастысы – тұрғындармен бірлесе отырып, өмір сүруге, жұмыс істеуге және дамуға қолайлы Курчатов қаласын құру болып табылады.Кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1025883?lang=kk
Тікелей сайлау басталғаннан бері 3 мыңға жуық ауыл әкімі сайланған – ҰЭМ жанындағы Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы 27.06.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы Кеңес басшысы Эльдар Шамсутдинов пен ҰЭМ аппарат басшысы Олжас Сыздықовтың төрағалығымен өткізілді. Кездесу шеңберінде Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асырудың аралық қорытындысы шығарылып, сондай-ақ «Дипломмен ауылға» жобасының орындалу барысы ұсынылды. Талқылау барысында аталғандай, 2021 жылдан тікелей сайлау тетігі енгізілген кезден бері 2 969 ауыл әкімі сайланған. Ағымдағы жылы бұл тетік аудан мен облыстық маңызы бар қалаларға да қолданыла бастады. Енді сайлау жұмыс атқарып жатқан әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталған кезде өткізіліп тұрады.Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі дамытуға арналған бірқатар бастамамен танысты. Атап айтқанда, сайлау заңнамасын жетілдіру жалғасуда. Сонымен қатар, ауылдық округтердің қаржылық базасы нығайтылды: IV деңгейдегі бюджеттердің кірісі 3,5 есеге өсіп, қосымша салық пен алымдарды табыстау жоспарлануда. Сонымен қатар, бюджет қаражатын қайта бөлу тәртібін оңайлату қарастырылып жатыр. Бұл шешім қабылдау мерзімін едәуір қысқартпақ.Қатысушылар атап өткендей, қабылданып жатқан шаралар жергілікті өзін-өзі басқарудың неғұрлым дербес және ашық моделін қалыптастыруға ықпал етеді.Ауылға мамандарды тартуға бағытталған «Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылу барысы қаралды. 2009 жылдан бері 114 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдау шараларын алған. Оның ішінде 52 мыңнан астамы тұрғын үйге жеңілдікті кредиттерді пайдаланды. 2023 жылдан бастап өтініш беру процесін цифрлық платформада автоматтандырылған түрде беру жүзеге асырылуда.Отырыс соңында, Экономикалық зерттеулер институты (ERI) макроэкономика, инвестиция мен фискалдық саясат бойынша талдау материалын таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1025880?lang=kk
KazAID Красный Кордон ауылындағы экологиялық акцияға қатысты 27.06.2025
KazAID Красный Кордон ауылындағы экологиялық акцияға қатысты!KazAID өкілі Арманай Кабдешова Ұлттық волонтёрлер желісі ұйымдастырған экологиялық акцияға қатысты. Акция Красный Кордон ауылының мектебі аумағында өтті. Мектепте 1-9 сыныптарда шамамен 100 оқушы оқиды, әр сыныпта 10 оқушыдан аспайды.Мектеп аумағында мини-көшетхана мен 5 оқу учаскесі жұмыс істейді. Онда оқушылар сирек кездесетін ағаштар мен өсімдіктерді өсіру арқылы табиғатты қорғауды және экологиялық тәжірибелерді меңгереді.Экологиялық акция барысында келесі жұмыстар атқарылды:🔹 учаскелерден қоқыс пен құрғақ бұтақтар тазартылды;🔹 мини-көшетхана абаттандырылды;🔹 ауылдың биік жарында орналасқан өрт сөндіру мұнарасының айналасы тазартылды.KazAID үшін мұндай шараларға қатысу — бұл тек қоршаған ортаны қорғау ғана емес, сонымен қатар маңызды білім беру миссиясына қолдау көрсету, жастар арасында экологиялық мәдениетті дамыту және жергілікті қауымдастықтарды қолдау.Белсенділік танытқан барлық волонтёрлерге алғысымызды білдіреміз. Бірге әлемді таза әрі жақсы ете аламыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1025868?lang=kk
Ұландықтар өзенге батып бара жатқан адамды құтқарды 27.06.2025
Қызылорда қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері батылдық танытып, өзенге батып бара жатқан адамды құтқарды. Оқиға Сырдария өзенінің жағасында кешкі уақытта орын алған. Ер адам жағада келе жатып аяғы тайып, суға құлап түсті. Алайда ағыстың күші оның жағаға шығуына жол бермейді.. Осы уақытта 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері — сержант Мұрат Түсекеев пен кіші сержант Жамбыл Таңсықбай сол маңда болған. Олар ер адамның көмек сұрап айқайлағанын естіп, дереу көмекке келеді.  — Біз жағада келе жатқанда "Құтқарыңдар!" деген дауысты естіп, оқиға орнына жүгіріп бардық. Өзен ағынымен кетіп бара жатқан ер адамды көрдік. Тұншығып, тырмысып жатыр екен. Мұрат дереу арқанға жүгірді, соның көмегімен әлгі ер адамды судан шығардық, — дейді кіші сержант Жамбыл Таңсықбай.. Құтқарылған азамат ұландықтарға ризашылығын білдіріп, кәсіби дайындықтарын ерекше атап өтті. Бұл жағдай Ұлттық ұлан жауынгерлерінің кез келген төтенше жағдайда көмекке келуге әрқашан дайын екендігінің айқын дәлелі болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1025811?lang=kk
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттау рәсімі өтті! 27.06.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіби мереке қарсаңында Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін елеулі үлес қосқан еңбектері үшін марапаттады.Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін белсенді және объективті жариялағаны үшін «Көкшетау-Бүгін - Сегодня» газетінің бас редакторы Олеся Жағпарова мен РТ РК «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының журналисті Эльмира Оспанова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы  Жандос  Дүйсембиевтің алғыс хаттармен марапатталды.Сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының алғыс хаттарымен  РТ РК «Қазақстан» облыстық филиалының шеф-редакторы Гүлнәр Бекенова, «Nayza Kokshe» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Сәуле Құсайынова және  716.KZ  ақпараттық порталының  редакторы Айя Калягина марапатталды.Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын жан-жақты жариялаудағы еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.Журналистика үлкен  жауапкершілік талап ететін кәсіп.Сізге және жақындарыңызға денсаулық, береке-бірлік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1025797?lang=kk
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ 27.06.2025
Мәслихат депутаттары Ақсай қаласының 10 шағынауданында орналасқан жылыту қазандықтың жұмысымен танысып, нысанның техникалық жағдайын және алдағы жылыту маусымына дайындығы бойынша жүріп жатқан жұмыстарды қарап шықты. Жұмыс барысында халық қалаулылары жылу жүйесінің ахуалына, жабдықтардың тозу деңгейіне және қауіпсіздік талаптарының орындалуына ерекше назар аударды. Қазіргі таңда екі қазандық жөндеуден өтуде. Жөндеу жұмыстары шілде айының соңында аяқталады деп күтілуде. Қазандыққа су сапасын жақсарту мақсатында су жұмсартқыш құрылғы мен арнайы сүзгілер орнатылды. Бұл жүйе жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартуға және тұрғындарға жеткізілетін жылу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.        Депутаттар тұрғындарды сапалы жылумен қамтамасыз ету - басты міндет екенін атап өтіп, жауапты мамандарға тиісті ұсынымдар берді. Сонымен қатар, депутаттар 10 шағынауданында салынып жатқан 9-қабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1025777?lang=kk
10 ШАҒЫНАУДАНЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ЖАҢА СКВЕР 27.06.2025
10 ШАҒЫНАУДАНЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ЖАҢА СКВЕРОблыстық және аудандық мәслихат депутаттары нысан басына барып, жаңа сквердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл қоғамдық орын тұрғындар үшін маңызды жоба.Сапар барысында депутаттар абаттандыру жұмыстарының барысына, жұмыс сапасына және жарықтандыру мәселесіне басты назар аударды. Депутаттар жобаның қала тұрғындарының сұранысына сай болуы керектігін атап өтіп, көгалдандыру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.Мұндай демалыс аймақтары қаланың әлеуметтік және экологиялық ортасын жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1025764?lang=kk
«Заң мен тәртіп»: ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті 27.06.2025
Шығыс Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында облыс әкімі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылды.Жиын облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен, сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакеновтің, құқық қорғау органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен өтті.Күн тәртібінде өңірдің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енген агроөнеркәсіптік кешен, әлеуметтік сала, құрылыс, жол инфрақұрылымы, кәсіпкерлікті қорғау және бағалы металдар сияқты бірқатар маңызды салалардағы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, өңірдің квазимемлекеттік секторындағы комплаенс-қызметтердің жұмысына баға беріліп, ұзаққа созылған құрылыс нысандарының аяқталуына қатысты мәселелер талқыланды.Кіріспе сөзінде облыс әкімі барлық мүдделі органдардың өзара келісілген, жүйелі жұмыс жүргізуінің маңыздылығын атап өтті. Ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар кешенін күшейтудің қажеттілігіне ерекше тоқталды. Бұл ұстанымды өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы да қолдап, табысты нәтижеге тек ашық диалог пен мүдделі органдардың жауапкершілігі арқылы қол жеткізуге болатынын жеткізді.Негізгі баяндаманы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков жасап, бірқатар жүйелі мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару кезінде орын алатын манипуляциялар, жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік міндеттемелерін орындауда бірыңғай тәсілдің болмауы, құрылыс нысандарының уақытылы аяқталмауы, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде әкімшілік кедергілердің кездесуі, сондай-ақ комплаенс-қызметтердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жұмысына жеткіліксіз тартылуы сияқты түйткілдерді  қозғады.Бұдан бөлек, әлеуметтік салада бұлтты бухгалтерияны енгізудің оң нәтижелері ерекше атап өтілді. Бұл жүйе шамамен 140 миллион теңгені құрайтын 500-ден астам күмәнді операцияны анықтауға мүмкіндік берді.Отырыс қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды жоюға және сыбайлас жемқорлықтың жүйелі алдын алуға бағытталған нақты іс-шаралар ұсынылды.Облыс әкімі бейінді ведомстволардың басшыларына қойылған міндеттердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді тапсырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру өңірлік биліктің басымдығы болып қала беретінін атап өтті. #заң&тәртіп #заңментәртіп#законипорядокАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1025741?lang=kk
Жастар жасыл елде 27.06.2025
Бастаушы ауылдық округі бойынша жастар "Жасыл ел "бағдарламасына қатысып, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына қатысудаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1025719?lang=kk
Салтанатты жағдайда мәслихат төрайымы Л.А. Гречушникова Никольск қаласындағы мектептің ұжымын, оқушыларын және түлектерін мерейтойымен құттықтады 27.06.2025
Құттықтау сөзінде ол ұстаздардың білім беру ісіне қосқан елеулі үлесін, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі және мектептің ең үздік дәстүрлерін сақтаудағы еңбегін атап өтті. Шын жүректен айтылған жылы лебіздер, табыс пен гүлдену тілектері мерекелік шараның маңызды бөлігіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1025729?lang=kk
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Онлайн-кеңес 27.06.2025
2025 жылғы 20 шілдеде Қарағанды облысы білім басқармасының "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әдіскері Бекмурзина А.М. Zoom платформасында мектеп басшыларымен және мемлекеттік қызметтерге жауапты мамандармен онлайн кеңес өткізді. Кеңесте "Балаларды 1-сыныпқа қабылдауды ұйымдастыру" және "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің жекелеген санаттағы тәрбиеленушілері мен білім алушылары үшін қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамалар беру үшін құжаттарды рәсімдеу" мәселелері қаралды. Қатысушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің толық алгоритмі мен өзекті ақпарат түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1025694?lang=kk
Индонезия мен Қазақстан туроператорларының кездесуі: туризмді дамытуға жаңа бағыт 27.06.2025
Джакарта, 2025 жылғы 26 маусым – Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігінің бастамасымен және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының қолдауымен еліміздің туристік әлеуетін таныстыруға арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Индонезияның жетекші туристік агенттіктері мен қазақстандық туроператорлардан құралған туризм индустриясының 50-ден астам өкілі қатысты.Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы әлеуетті туристік бағыт ретінде ілгерілету, сондай-ақ екі елдің туризм саласындағы ұйымдары арасындағы тікелей байланыстарды орнату болды. Кездесу аясында Қазақстан мен Индонезия туроператорларының Форумын өткізуге дайындық бойынша нақты қадамдар талқыланды.Іс-шара барысында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының өкілдері Қазақстанның туристік мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Атап айтқанда, 83 елдің азаматтары үшін визасыз режим, 28 елге қатынайтын 121 халықаралық әуе бағыты, The New York Times, Condé Nast Traveler және Lonely Planet сияқты беделді халықаралық басылымдарда жарияланған оң пікірлер, ЮНЕСКО-ның мәдени мұра нысандарын қамтитын бай табиғи және тарихи ресурстар, сондай-ақ сегіз тілде жұмыс істейтін kazakhstan.travel ақпараттық порталы көрсетілді.Қазақстандық Kompas, Skyway және Turan Asia компаниялары өздерінің туристік өнімдерін таныстырды, оның ішінде қалалық, экологиялық, этникалық, гастрономиялық, жеке және іскерлік (MICE) туризм түрлері, сондай-ақ ғарыштық турлар ұсынылды.Кездесу аясындағы интерактивті сессия барысында тараптар туризм саласындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде орналастыру, көлік инфрақұрылымы және Қазақстан мен Индонезия арасындағы әуе қатынасының қазіргі жай-күйін талқылады. Индонезиялық азаматтар үшін бағыттардың қолжетімділігін арттыру және саяхаттаудың жайлылығын қамтамасыз ету мәселелері ерекше қызығушылық тудырды.Талқылау қорытындысы бойынша тараптар екі елдің туроператорлары арасында тұрақты және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін растады. Бұл бағытта тараптар индонезиялық туристердің мәдени ерекшеліктері мен туристік сұраныстарын ескеретін бейімделген турпакеттерді әзірлеу жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1025656?lang=kk
Қазақстан мен ДКҰ цифрлық трансформация және Орта дәлізді дамыту басымдықтарын талқылады 27.06.2025
       Брюссель, 2025 жылғы 26 маусым — Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) Кеңесінің 145/146-сессиялары аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев пен ДКҰ Бас хатшысы Ян Сондерс арасында екіжақты кездесу өтті.      Тараптар ДКҰ-ның цифрландыру, жаһандық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұйымды басқару тетіктерін жетілдіру және мүше елдердің рөлін күшейтуге бағытталған реформалары бойынша басым бағыттарды талқылады. Қазақстан ДКҰ-ның практикалық бағыттылық пен инклюзивтілікке негізделген стратегиялық бағытын қолдайтынын білдірді.     Кездесу барысында Азия мен Еуропа арасындағы балама транзиттік бағыт ретінде Орта дәлізді дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Комитет Төрағасы Қазақстанның шекара өткізу пункттерін жаңғырту, цифрлық шешімдерді енгізу және көршілес елдермен ынтымақтастықты кеңейту арқылы аталған бағыттың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге белсенді күш салып жатқанын атап өтті.     Кедендік әкімшілендіруде жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселесі де талқыланды. Қазақстан ДКҰ тарапынан деректерді үлкен көлемде талдау, тәуекелдерді автоматты түрде анықтау және оқыту бағдарламалары бойынша үздік тәжірибе алмасуға және сараптамалық қолдауға мүдделілік танытты.     Қазақстан тарапы уәкілетті экономикалық операторлар институтын дамыту, рәсімдерді оңайлату, кадрлар біліктілігін арттыру және тәуекелдерді басқару жүйелерін енгізу сияқты бағыттар бойынша ДСҰ-мен ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.      Кездесу соңында Комитет Төрағасы ДКҰ Бас хатшысын Қазақстанға өзіне ыңғайлы уақытта келіп, шекара өткізу пункттерін жаңғырту және кеденнің цифрландырылуы бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысуға шақырды.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1025650?lang=kk