Enbekshi QazaQ

Қоғам

«Ән толқынында» — Қаратал жағажайында әсерлі кеш өтті 12.06.2025
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының III маусымының жабылуына арналған «Ән толқынында» атты эстрадалық ән мен би кеші Талдықорған қаласындағы Қаратал жағажайында жоғары деңгейде өтті.Музыка мен би өнері тоғысқан кеш көрерменге ерекше рухани демалыс сыйлады. Шара шымылдығын «Жетісу» би ансамблінің ұлттық нақыштағы «Гәкку» биі ашты. Кеш барысында әр жылдары халықтың сүйікті әндеріне айналған “Күндерай”, “Гүлдей нәзігім”, “Әдемі-ау”, “Жылдар-ай”, “Сен туралы”, “Айға қарап”, “Тыңда”, “Менімен биле” секілді әндер орындалды.Кеш соңын Гүлнұр Нұрасылованың “Қазақ елі” әнімен аяқтады.Концертке келген көпшілік әрбір ән мен биді ыстық ықыласпен қарсы алып, орындаушыларға зор қошемет көрсетті. Ауқымды кеш қала тұрғындарының көңілінен шығып, жазғы кешті әсерге толтырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1016488?lang=kk
Маңғыстау өңірі ирандық инвесторларды әріптестікке шақырды 12.06.2025
Маңғыстау өңірі ирандық инвесторларды әріптестікке шақырдыБүгін, 12 маусым күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республика арасындағы экономикалық ынтымақтастық және үкіметаралық бірлескен комиссияның жиырмасыншы отырысы өтті. Жиынға Қазақстан тарапынан ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Иран Ислам Республикасы тарапынан ИИР Ауыл шаруашылығы министрі Ғоламреза Нури Гезелже қатысты. Иран делегациясы құрамында жүзден аса кәсіпкер-инвестор, 35 мемлекеттік орган басшысы және Иран Парламентінің 4 депутаты бар. ҚР Сауда және интеграция министрі Иранмен Каспий теңізі арқылы шектесетін Маңғыстау облысының түрлі салада бірлескен кәсіпорын құру әлеуетін жоғары бағалады. Қазірдің өзінде Маңғыстау облысында Иран капиталының қатысуымен экономиканың түрлі салаларында 77 кәсіпорын тіркелген. 2024 жылғы 12 айда Ақтау және Иран теңіз порттары арасындағы жалпы жүк айналымы 349 мың тоннаны құрады. Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай өңір экономикасын әртараптандыру бағында жұмыс жасалып жатқанын айтып, «жұмыс істеймін», «инвестиция саламын» деген әрбір компанияны Маңғыстауға шақыратынын айтты. - Өткен дәуірден бері негізгі экономика көзі - мұнай-газ саласы болып келді. Бірақ енді экономиканы әртараптандыруды басты мақсат етіп отырмыз. Қазіргі таңда тұтынатын азық-түліктің 85 пайызы сырттан жеткізіледі. Бұл – ауыл шаруашылығын дамыту қажет екенін көрсетеді. Сол себепті осы кездесуге жиналған ауыл шаруашылығы бағытындағы бизнес өкілдері біз сіздерді Маңғыстауға шақырамыз. Заң аясында барлық жағынан қолдау көрсетіп, жағдай жасауға дайынбыз. Сонымен қатар, Маңғыстаудың логистика, өндіріс, туризм салаларында әсіресе ауыл шаруашылығы бағытында потенциалы өте жоғары- деді Нұрдәулет Қилыбай. Арман Шаққалиев Қазақстан мен Иран басшыларының басшыларының елдеріміз арасындағы өзара сауда көлемін 3 миллиард АҚШ долларға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын атап өтіп, ауыл шаруашылығы, машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары және өзге де салалардың жоғары сапалы өнімін ұсынуға дайын екенін жеткізді.Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін, әсіресе астық пен май-тоң май өнімдерін өзара жеткізуді арттыруға үлкен мән береді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 220 млн АҚШ долларын құрады. Соған қарамастан тараптар екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдері айналымын 1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту мүмкіндігін растады.- Біз Парсы шығанағы, Араб және Африка елдерінде қазақстандық ауылшаруашылық, тау-кен өнімдеріне жоғары сұраныстың барын білеміз. Сондықтан Қазақстан өнімдерін осы елдердің нарығына шығаруға көпір бола аламыз. Сондай-ақ біз Қазақстанда ауылшаруашылық техникаларын құрау саласын дамытуға ниеттіміз. Біз бұл комиссия отырыса аса мән беріп отырмыз, - деді ИИР Ауыл шаруашылығы министрі Ғоламреза Нури Гезелже.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1016498?lang=kk
Бүгін, 2025 жылғы 12 маусымда Приречное ауылында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырысы өтті 12.06.2025
Бүгін, 2025 жылғы 12 маусымда Приречное ауылында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көшпелі отырысы өтті, онда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және Өрнек ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері қаралды.Отырыс барысында Қарабалық ауданының білім бөлімінің басшысы Д.С. Сапанова, Өрнек ауылдық округінің әкімі У.М. Қалдаманов, Приречное негізгі мектебінің директоры Т.С. Наурызбаев, Приречное с. фельдшерлік-акушерлік пунктінің фельдшері Г.К. Конакбаева, ауылдық Мәдениет клубының мәдени ұйымдастырушысы Е.В. Свинарева, учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны М.Б. Кусаинов, ветеринарлық дәрігер Т.Ә. Бектас тыңдалды.Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі бойынша депутаттар лагерьдің іргелес және ішкі аумағы қойылатын барлық талаптарға сәйкес келетінін атап өтті.Өз сөзінде ауылдық округ әкімі округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін, кіріс көздерін қалыптастыру және округтің таяу келешегі туралы ақпаратты айтты.Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттары М.Б. Танылов, М.А. Кужарова сөз сөйледі.Отырыс соңында тиісті қаулылар қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/1016450?lang=kk
Өмір мен денсаулық – басты назарда: Қостанай облысында денсаулық сақтау жүйесі жаңғыртылуда 12.06.2025
Қостанай облысында халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған ауқымды реформалар қарқын ала бастады. Барлық бастамалар Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру және кадрлық әлеуетті күшейту сынды негізгі бағыттарды қамтиды.Жаңа медициналық нысандар – халыққа жақынБүгінде өңірде 450 мемлекеттік және 22 жекеменшік медициналық ұйым жұмыс істейді. Қостанай облысы медициналық жүйені тәжірибеге негізделген жаңа модельге көшірудің белсенді кезеңіне аяқ басты.Маңызды жобалардың бірі – Қостанай қаласындағы Юбилейный шағын ауданында жаңа №6 емхананың ашылуы. Құны 5 млрд теңгені құрайтын жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылып, 30 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетуге бағытталған. Бұл қадам қазіргі емханаларға түсетін жүктемені азайтып, бастапқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады.Сондай-ақ, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Арқалық өңірлік ауруханасының босану бөлімшесінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жобаның құны – 1,2 млрд теңге. Бұдан бөлек, Жітіқара қаласындағы жалпы ауданы 5300 шаршы метрден асатын емхананың қайта жаңғыртылуына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.Жабдық – сапалы ем мен диагностика кепіліЖыл соңына дейін облыстағы медициналық мекемелерге 7,2 млрд теңгеге жаңа жабдықтар жеткізіледі. Оның ішінде:• санитарлық автокөлік,• наркозды-тыныс алу аппараттары,• ӨЖЖ (ИВЛ) құрылғылары,• жоғары классты стационарлық УЗИ аппараттары,• бейнеэндоскопиялық және рентген жүйелері,• ангиографиялық кешендер мен басқа да заманауи құралдар бар.Бұл жабдықтар емдеу және диагностика мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге жол ашады.Маман – жүйенің жүрегіБүгінде өңірдің денсаулық сақтау саласында 14 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде:• 1855 дәрігер,• 5741 орта буын маманы,• 2641 кіші медициналық персонал,• 3560 өзге қызметкер бар.2025 жылдың өзінде облысқа 57 жас дәрігер мен 137 орта медицина қызметкері келді. Жас мамандарды тарту үшін көтерме төлемдер мен қолдау шаралары қарастырылған.Цифрландыру – болашаққа қадамМедициналық ұйымдар цифрлық форматқа көше бастады: электрондық амбулаториялық карталар, еңбекке жарамсыздық парақтары, автоматтандырылған есеп жүйелері, телемедицина қызметтері енгізілуде. Бұл әсіресе шалғай аудандар үшін өте маңызды.Сонымен қатар, eGov Mobile қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» жобасы арқылы науқастар дәрігер жазып берген тегін дәрілерді электронды рецептпен ала алады. Қазіргі таңда 330 мыңнан астам рецепт жазылса, оның 76 пайызы QR-код арқылы берілген.Пациент – жүйенің орталығындаРеформалардың басты мақсаты – пациентке бағытталған тәсілді қалыптастыру: кезектерді қысқарту, дәрігер мен пациент арасындағы байланысты нығайту, сенімді арттыру. Азаматтардың пікірін білу үшін тұрақты сауалнамалар жүргізіліп, олардың негізінде нақты шешімдер қабылданады. Сонымен бірге, арнайы қолдау қызметі арқылы кері байланыс арнасы жұмыс істейді.Қостанай облысы денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерге жүйелі әрі жауапкершілікпен қарап отыр. Бұл ретте басты тіректер — инвестиция, технология және адами капитал. Мақсат — өңір тұрғындарына медициналық көмекті қолжетімді, сапалы және заманауи ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1016464?lang=kk
«Берег» демалыс базасының аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді 12.06.2025
           Жазғы лагерь маусымының ашылуына орай, «Курчатов Водоканал» ШЖҚ КМК қызметкерлері «Берег» демалыс базасының аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Оның негізгі мақсаты – балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру, өйткені олар жақын арада жазғы демалысқа келеді.Іс-шара барысында құрғақ ағаштарды санитарлық кесу, шөп шабу, жиектер мен іргелес аумақты тазарту жұмыстары атқарылды. Жұмысқа 28 адам қатысып, 3 арнайы техника жұмылдырылды. Жалпы аумақтан 34 текше метр қоқыс шығарылды.— «Водоканал қызметкерлеріне көрсеткен бастамалары үшін үлкен алғыс білдіреміз. Бұл – ересектердің балалардың амандығына қаншалықты көңіл бөлетінінің айқын үлгісі. Жүргізілген жұмыстардың арқасында аумақ таза, қауіпсіз әрі жайлы болды», — деді Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің директоры міндетін атқарушы Меруерт Нуржановна Азимханова.Осындай игі істер балалардың бақытты әрі қауіпсіз балалық шақтың кепілі болып табылады, өйткені айналамызда бейжай қарамайтын, ортақ игілікке үлес қосуға дайын адамдар мен ұйымдар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1016476?lang=kk
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! 12.06.2025
2026 жылғы 17–18 сәуір аралығында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қала аумағында «Таза аула» акциясы өтеді.ПКСК, ПТ және ОСИ ұйымдарын акция шеңберінде жұмысты ұйымдастыруға шақырамыз, сондай-ақ қала тұрғындарын аулаларды тазалау жұмыстарына белсенді қатысуға үндейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1202511?lang=kk
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік қауіпсіздік үшін күрес 12.06.2025
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік қауіпсіздік үшін күрес Сыбайлас жемқорлық мағынасы - лауазымды адамдар өз міндеттерін әдейі елемейтін немесе белгілі бір материалдық сыйақы үшін осы міндеттерге қарамастан әрекет ететін құбылыс. Осыған қарсы іс-шараларды өткізу шеңберінде қоғамдағы құбылыс Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттің қауіпсіздігі үшін күрес» дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Федоров ұлтаралық мәдени орталығының төрағасы Юрий Петрович Краснорылов және қазақ диаспорасының өкілдері Жоламанов Оңғар Әжібайұлы, Әлібекова Сапура Қажыбалелқызы, молдавиялық орталығының өкілі Запоражан Елена Александровна және ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері қатысты. Талқылау барысында «сыбайлас жемқорлық» ұғымы және оның түрлері; осы проблеманың қазіргі Қазақстанда бар екенін дәлелдейтін фактілер; сыбайлас жемқорлықтың зиянды салдары және басқалары. Дөңгелек үстел тақырыптық бейнематериалдармен толықтырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1016423?lang=kk
Қонысбай – махаббат мекені 12.06.2025
Ұзынағаш ауылынан шыққан Қонысбай әулеті – өмірлік құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа берілетін нағыз қазақи жанұяның жарқын үлгісі. Бұл отбасында сүйіспеншілік, өзара құрмет, адалдық пен еңбек басты құндылықтарға айналған.Отағасы мен отанасы бірге өмір сүріп келе жатқандарына биыл 10 жыл. Осы жылдар ішінде олар бір-бірін қолдап, өмірдің түрлі сәттерінде бірге бола білді. Үй ішін ерекше жылылық, сенім мен қуаныш атмосферасы қоршап тұр. Бұл шаңырақта бәрі бірлесе атқарылады: күнделікті тіршіліктен бастап, Жаңа жылды қарсы алу, балаларды тәрбиелеу мен үлкендерге қамқорлық көрсетуге дейін.Қонысбай отбасындағы дәстүрлер – жай ғана формалдылық емес, күнделікті өмір салтына айналған құндылықтар. Бір-біріне деген жылы сөз, көмектесу, кешкі астағы шынайы әңгімелер мен күн сайын жақсара түсуге деген ұмтылыс – міне, бақытты отбасының негізі осы.Тәрбие берудегі басты қағида – «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Сол себепті үлкендер өздері үлгі болуға тырысады: адал еңбек етіп, адамдарға құрметпен қарап, үлкендерді сыйлап, Отанды сүюге тәрбиелейді. Бұл – өсіп келе жатқан ұрпақ үшін өмірлік мектеп.Қонысбай – жүректе махаббат ұялаған отбасы. Демек, бұл үйде жылулық та, мейірім де, тәрбиенің дәні де, болашақ та бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1016346?lang=kk
Кожахметовтар отбасы – бірлік пен дәстүрдің күші. 12.06.2025
Молодёжное ауылында үлкен, тату және берік Кожахметовтар отбасы тұрады. Бұл шаңырақта 29 жылдан бері махаббат, құрмет пен даму жолындағы ұмтылыс салтанат құрып келеді. Бұл отбасы – ата-ана еңбегі, қамқорлық пен тәрбиенің келешек ұрпаққа берілетін берік іргетас бола алатынының жарқын үлгісі.Әке мен ана мектепте қызмет етеді. Бұл кездейсоқ емес — педагогика мен халыққа қызмет ету олар үшін өмірлік миссияға айналған. Олардың үйі – жай ғана отбасылық ошақ емес, бұл — нағыз өмір мектебі, мұнда балалар жастайынан еңбекке, спортқа, мәдениетке және ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіреді.Отбасында спорт ерекше орын алады. Ұлттық спорт түрлеріне деген махаббат ата-анадан балаларға беріліп келеді. Бүгінде олардың ұлдары мини-футбол, волейбол, баскетбол сынды түрлі спорт түрлерінен жарыстарға белсене қатысып, аудандық және облыстық деңгейде жүлделі орындарды иеленуде.Кожахметовтар отбасының еріктілік қызметі де ерекше атап өтуге лайық. Олар қоғамдық іс-шараларға, түрлі акцияларға, байқауларға жиі қатысып, ұйымшыл команда ретінде өз ауылын, мектебін абыроймен танытып келеді.Отбасының жетістіктері — бұл жай ғана марапаттар емес, бұл — күнделікті еңбектің, түсіністік пен мықты отбасылық дәстүрлердің жемісі. Бұл отбасында әрбір адам біледі: жеңіс — тек жеке жетістік емес, бұл бүкіл отбасының ортақ табысы.Ата-ана ұлдарын мықты, адал, еңбекқор әрі патриот етіп тәрбиелеуде. Бұл еңбек өз нәтижесін беріп келеді: үлкендері педагог мамандығын таңдаса, кішілері сол жолмен нық қадам басып, оқумен қатар қоғамдық өмірге де белсене араласуда.Кожахметовтар отбасы — бұл еңбек, спорт, бірлік пен тәрбиені басты байлық еткен, нағыз қазақстандық әулеттің жарқын үлгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1016356?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру 12.06.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні Федоров аудандық орталық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» тақырыбында Жиентай қажы мешітінің имамы Ерлан Серікболатұлы Тілегеновпен кездесу өтті.Шара барысында Исламда сыбайлас жемқорлыққа қалай қарайтыны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы діни бағыт, қоғамдағы діни ережелер мен құндылықтар туралы айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1016360?lang=kk
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру - Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан туындайтын аса маңызды міндет". 12.06.2025
Әртүрлі мақсатты топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмысты жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 2025 жылғы 14 сәуірде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру – туындайтын ең маңызды міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан».Бұл шарада сөз сөйлеген «АМАНАТ» қоғамдық бірлестігінің Федоров аудандық партия филиалының төрағасы Резник Артем Сергеевич.Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі азаматтық қоғамның рөлін талқылады, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан бастамалары ел дамуының жаңа кезеңін белгіледі. Жарияланған «Жаңа Қазақстан» құрылысының стратегиясы ел тәуелсіздігінің бүкіл кезеңінде дәйекті түрде жүзеге асырылған мемлекетті демократиялық жаңғыртуға қуатты серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1016368?lang=kk
Волосюктар отбасы — махаббат, құрмет пен жылылық тоғысқан шаңырақ. 12.06.2025
Тенизовское ауылынан шыққан Волосюктар отбасы — бұл берік махаббаттың, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы дәстүрлерінің және өзара құрметтің шынайы тарихы. Сергей Николаевич пен Анжела Николаевна осыдан 24 жыл бұрын тағдырларын бір арнаға тоғыстырып, сенімге, қамқорлық пен шынайылыққа негізделген отбасының мызғымас іргетасын қалаған. 2026 жылдың сәуірінде олар күміс тойларын атап өтпек.Олардың махаббат хикаясы қарапайым, бірақ тағдырлы кездесуден басталған. Жастық шағында ортақ дастархан басында танысып, бір-бірінің жүрегінен орын тапқан қос ғашық содан бері айырылмас жұпқа айналды. Бүгінде олар — екеу ғана емес, үлкен, ұйымшыл отбасы. Екі баласы — қыздары Олеся мен ұлдары Никита — ер жетіп, қоғам өміріне өз үлестерін қосып жүр.Волосюктар отбасы тату-тәтті өмір сүріп, ауыл мен ауданның қоғамдық өміріне белсене араласады. Олардың үйі — әрдайым жылы шырай, күлкі мен сүйіспеншілікке толы орын. Бұл шаңырақта отбасылық дәстүрлер – жай ғана сөз емес, нақты өмір салты: бірге той тойлау, әже жанында кешкі дастархан басында отырып сырласу, табиғат аясындағы демалыстар, жұлдызды аспан астында билеу, отбасылық ойындар — осының бәрі шынайы бірлікті қалыптастырады.Отбасында тәрбиеге ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда әрбір адамның жеке пікірі құрметке ие, әр бала мейірім мен жауапкершілікке тәрбиеленеді. Балаларға жастайынан үлкендерді сыйлау, еңбекқор болу, шыншылдық пен бір-біріне демеу болу секілді маңызды құндылықтар сіңіріледі. Олардың ұраны — «Әр дауыс маңызды, әр пікір бағалы».Волосюктар үшін отбасы — тек қан байланысы емес, шабыт пен күштің қайнар көзі. Бұл шаңырақта нағыз сезімдер өмірге келіп, жүрегі мейірім мен ашықтыққа толы ұрпақ өсіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1016372?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы ынтымақтастықты жүйелеуде 12.06.2025
Исламабад, 2025 ж. 11 маусым - Қазақстан Елшісі Е.Қыстафин Пәкістанның Мемлекеттік білім және кәсіптік даярлық министрі У.Қамар ханыммен кездесті.Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.Елші Е.Қыстафин Министрді осы жылы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының сапарлары туралы хабарлап, оның барысында Пәкістанның жоғары білім беру комиссиясының, сондай-ақ еліміздің жоғарғы университеттерінің басшылығымен келіссөздер жүргізілгенін мәлімдеді.Ақпаратпен алмасу, жүйелі тәсілдерді әзірлеу және екі елдің жастары үшін қолайлы орта құру мақсатында Қазақстан мен Пәкістанның уәкілетті мемлекеттік органдары мен жоғары оқу орындары арасындағы тікелей өзара іс-қимылды дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, У.Қамар Қазақстанның мектептегі білім беру саласындағы тәжірибесін, қолданыстағы стандарттар мен жүйелерді зерттеуге қызығушылық танытты.Келіссөздер қорытындысы бойынша биылғы жылы білім беру мәселелері жөніндегі Бірлескен жұмыс тобының 1-ші отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1016379?lang=kk
«Федоровский ауданының халықаралық мәдени орталығы» 12.06.2025
Әртүрлі мақсатты топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Федоровский ауданының халықаралық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Краснорылов Юрий Петровичпен кездесу өтті.Жиынға ауылдық округ әкімдері мен Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.Кездесу барысында Ю.П. Краснорылов мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі элементтерінің бірі үкіметтік емес ұйымдар екенін атап өтті. Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуде үкіметтік емес ұйымдардың рөлі өте үлкен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қуатты ресурс болып табылады.Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар құқықтық сананы және халықтың жергілікті атқарушы органдарға деген сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша пікір алмасып, ұсыныстар әзірледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1016381?lang=kk
Бажировтар отбасы – бірлік, дәстүр мен махаббат берік шаңырақтың негізі 12.06.2025
Боровское ауылынан шыққан Бажировтар отбасы — бұл ата-бабаға деген құрмет, ұлттық дәстүрлер мен өз ісіне деген махаббат үйлесім тапқан заманауи қазақстандық отбасының жарқын үлгісі. Жеті жыл ғана бірге өмір сүріп келе жатса да, бұл отбасы бүгінде ұйымшылдықтың, өзара түсіністік пен мемлекеттік қызметке адалдықтың символына айналды.Бауржан Омарханович пен Сауле Сансызбаевна — екеуі де мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Олар күн сайын туған өлкесінің өркендеуіне, қоғамдық құндылықтарды нығайтуға өз үлестерін қосып келеді. Қызметтегі жауапкершілік пен тәртіп, адалдық пен еңбекқорлық олардың отбасылық өміріне де сіңіп, үй ішіне жылулық, тәртіп пен қамқорлық орнатқан.Отбасының рухани құндылықтары ата-бабадан дарыған: өзара көмек, қонақжайлық, үлкенге құрмет пен балаға қамқорлық. Бұл қағидалар күнделікті өмірде, дастархан басындағы әңгімелерде, мерекелер мен бірлескен саяхаттар арқылы келер ұрпаққа дарытылады. Бұл отбасында жастайынан үйретілетін ең басты ұстаным — отбасы — баға жетпес байлық, ал жақындардың қолдауы — өмірлік тірек.Бажировтар үшін отбасылық дәстүрлер ерекше маңызға ие. Әсіресе, Жаңа жыл ерекше әсермен тойланады — бүкіл отбасы бір дастархан басына жиналып, шырша безендіріп, бір-біріне сыйлықтар жасап, 12-де қол ұстасып, бір-біріне амандық, денсаулық пен сәттілік тілейді. Сондай-ақ туған күндер, Наурыз мерекесі, табиғат аясындағы демалыстар мен балалармен бірге өткізілетін ойын-сауықтар отбасы байланысын нығайтып, ұмытылмас естеліктер сыйлайды.Үлкен қыздары — Алматыдағы беделді жоғары оқу орнының студенті, ал кіші қыздары — балабақша жасында. Бірақ олар да мейірім мен қамқорлыққа толы ортада өсіп, ұлттық сана, үлкенге құрмет, ізгілік пен Отанға деген сүйіспеншілік секілді асыл қасиеттерді бойларына сіңіріп келеді.Бажировтар отбасы — бұл рухани құндылықтарды, мәдениет пен дәстүрді сақтап, ұрпаққа жеткізіп отырған отбасы. Бұл отбасыда мемлекеттік қызмет тек жұмыс емес, үйде де жалғасатын миссия — адалдыққа, мейірімге, жауапкершілікке қызмет ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1016386?lang=kk
"Заңның орындалуы-амулет. Заңдар оларды бұзбайтындар үшін адамгершілікке жатады". 12.06.2025
2025 жылғы 17 ақпанда Мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі З. А. Шашкованың қатысуымен дәріс-әңгіме өткізілді.Дәріс барысында З. А. Шашкова өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті, ар-намысы мен қадір-қасиетін сақтай отырып, қалай өмір сүруге және жұмыс істеуге болатынын, өз елін құрметтейтін азамат қандай болу керектігін айтты. "Заңның орындалуы-амулет. Заңдар оларды бұзбайтындар үшін адамгершілікке жатады". Бағдарлама әр адамды жоғары моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге, материалдық пайда алуға азғырылмауға, жас кезінен бастап балаларды дұрыс тәрбиелеуге шақырады. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның мемлекеттік саясатының аса маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың да, жалпы қоғамның да құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қылмыстық көріністерден қорғау дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді.Қорытындылай келе, Федоров аудандық мәслихатының депутаты С. А. Баймурзина қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін және білім беру мен тәрбиенің барлық деңгейлеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыруда күш-жігерді біріктіруге шақырды, мұнда сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге емес, оның себептері мен жағдайларын жоюға баса назар аудару маңызды тәсіл болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1016393?lang=kk
«Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды 12.06.2025
 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бәйтерек» холдингі мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бағдарлама микро-, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған. Несиелеудің басым бағыттары: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтауы. Бағдарламаның негізгі шарттары: ▫️ сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,6%-дан аспайды; ▫️ несие сомасы – инвестициялық мақсаттар үшін 7 млрд теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға – 3,5 млрд теңгеге дейін; ▫️ қаржыландыру мерзімі: — инвестициялық мақсаттар үшін – 10 жылға дейін; — айналым қаражатын толықтыру үшін – 3 жылға дейін; — қайта қаржыландыру үшін – қаржыландырылып жатқан қарыздың қалған мерзіміне дейін (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген несиелерге қатысты). «Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер тікелей несие берушілерге жүгінуі қажет. Қазіргі кезеңде Freedom Bank, ЦентрКредит Банкі, Forte bank және Halyk bank-пен тиісті келісімдерге қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1016406?lang=kk
Қазақстан мен Израиль ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 12.06.2025
Тель-Авив, 2025 жылғы 12 маусым – Қазақстан Елшісі Дәулет Ембердиев Израильдің Ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі министрі Ави Дихтермен кездесті.Д. Ембердиев екіжақты ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтіп, өсімдік және мал шаруашылығы, ветеринария, аграрлық ғылым, су ресурстарын ұтымды пайдалану технологиялары, сондай-ақ мамандар даярлау сияқты салаларды қамтитын бірқатар мәселелерді көтерді.Кездесу барысында тамшылатып суару жүйесін енгізу, су ресурстарын тиімді пайдалану және заманауи агротехнологияларды қолдану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру және Қазақстан ауыл шаруашылығына израильдік тәжірибені енгізу перспективалары талқыланды.Ғылыми алмасу аясында тараптар қазақстандық министрліктер мен ғылыми мекемелердің қатысуымен онлайн-кездесулер өткізу мүмкіндігін қоса алғанда, «Волкани» аграрлық зерттеулер орталығымен ынтымақтастықты қарастырды.Израиль тарапы қазақстандық бидай мен кебекті импорттауға қызығушылық танытып, нақты қадамдарды талқылау және бастамалар әлеуетін бағалау үшін қазақстандық делегацияны қабылдауға дайын екенін растады.Тараптар аграрлық әріптестікті дамытуға белсенді ықпал етуге ортақ бейілділіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1016412?lang=kk
"Троица" мерекесі 12.06.2025
Сенное ауылындағы "Троица" күнінде Ново-Хайрузовка ауылдық клубының ұжымы және «Қыздар» вокалдық тобымен бірлесе отырып, көрермендерге шынайы мереке сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1016289?lang=kk
Жетісуда деструктивті діни ағымдардың алдын алуға арналған семинар өтті 12.06.2025
Жетісу облысының азаматтық қорғау органдарында радикалды діни ағымдар мен экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу мақсатында семинар-кеңес ұйымдастырылды. Іс-шараға Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты, ал шақырылған сарапшы — облыстық Дін істері басқармасының теолог маманы болды.Семинардың негізгі мақсаты – жеке құрам арасында діни радикализмге қарсы құқықтық және рухани иммунитетті қалыптастыру, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықты арттыру болды.Кездесу барысында маман қызметкерлерге деструктивті ағымдардың ықпалына кімдер жиі түсетінін, олардың психологиялық және әлеуметтік бейімделу белгілерін түсіндіріп өтті. Қатысушылар нақты мысалдар арқылы қазіргі заманғы қауіптерді, діни экстремизмнің ерекшеліктерін және одан қорғану жолдарын талқылады.Спикер атап өткендей, радикализм – бұл дін емес, ол көбіне зорлық пен күйретуді көздейтін идеологиялық құрал. Сондықтан, сыни ойлау қабілетін дамыту, құқықтық нормаларды білу және ашық пікір алмасу – азаматтық қорғау қызметкерлері үшін де, қоғам үшін де маңызды.Семинар соңында мамандар қойылған сұрақтарға жауап беріп, келешекте мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.Жетісу облысы ТЖДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1016174?lang=kk