Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан мен Грекия арасындағы экономикалық серіктестікті тереңдету Афинада талқыланды 12.06.2025
Афина, 2025 жылғы 11 маусым – Грек Республикасының инвестицияларды және экспортты қолдау жөніндегі ұлттық агенттігі «Enterprise Greece» штаб-пәтерінде Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Агенттіктің Бас атқарушы директоры Маринос Яннопулоспен кездесті.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған кең ауқымды мәселелерді талқылады. Алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлар аясында бизнес-форум ұйымдастыру және грек компаниялары делегациясының Қазақстанға сапарын өткізуге ерекше назар аударылды.Сондай-ақ энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісі, биотехнология, электроника, жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар және инновациялар тәрізді перспективалы салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.Келіссөздердің қорытындысында тараптар практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге өзара мүдделілігін растап, қазақ-грек экономикалық байланыстарын әртараптандыруға және кеңейтуге бағытталған нақты жобаларды іске асыруға даяр екендіктерін білдірді. Анықтама: «Enterprise Greece» – Грекия Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қарасты ұлттық агенттік, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту және грек экспортының халықаралық нарықтарға жылжытылуы үшін жауап береді.2022 жылы «Enterprise Greece» пен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, бұл Қазақстан мен Грекия арасындағы серіктестікті кеңейтуге қосымша институционалдық негіз қалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1016135?lang=kk
Еліміздегі ірі логистикалық жобалардың бірі Талғар ауданында жүзеге асырылуда 12.06.2025
Талғар ауданының шығыс бөлігінде, Панфилов ауылдық округінің аумағында халықаралық деңгейдегі ірі көліктік-логистикалық хабқа айналуы тиіс маңызды инвестициялық жоба – Еуразиялық логистикалық парктің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба жалпы ауданы 13 гектардан астам аумақты қамтып, 50 мың шаршы метрден астам «А» класындағы заманауи қойма алаңдарын біріктіреді. Бұл – он футбол алаңына тең жабық кеңістік.Аталған кешеннің негізгі мақсаты – Алматы қаласының логистикалық жүктемесін азайту, тауар жеткізу жылдамдығын арттыру және Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жаңа сапалық деңгейге шығару.Нысанның орналасуы кездейсоқ таңдалмаған – ол еліміздегі ең ірі мегаполис Алматыдан небәрі 30 шақырым жерде орналасқан және Батыс айналма автомобиль жолына (БАКАД) жақын, бұл жол еліміздің оңтүстік астанасын басқа өңірлермен және халықаралық дәліздермен байланыстыратын маңызды көлік артерияларының бірі болып табылады. Жаңа логистикалық парк Еуропа, Азия және Каспий өңірі арасындағы халықаралық маршрутқа үйлесімді түрде кіріктіріліп, логистика нарығының қатысушыларына кептеліссіз әрі тиімді көлік инфрақұрылымына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.«Еуразиялық логистикалық парк» ЖШС-нің атқарушы директоры Роман Жужлевтің айтуынша, бұл жоба Алматы қаласында 700 мың шаршы метрден асып кеткен қойма орындарының тапшылығын азайтып қана қоймай, 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары аясындағы міндеттердің орындалуына да өз үлесін қосады. Оның пікірінше, мұндай инфрақұрылымдық жобалар ел экономикасының тұрақтылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта мұнда әкімшілік және өндірістік корпустарда, кеңселерде, медициналық пункт пен қызмет көрсету нысандарында 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, 30 жүк көлігі мен 50-ден астам жеңіл автокөлікке арналған тұрақ орындары да қарастырылған.Кешеннің басты ерекшелігі – халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы құрылыс пен қызмет көрсету деңгейінде болмақ. Құрылыс барысында Ресей Федерациясында жүзеге асырылған логистикалық хабтар тәжірибесі ескеріліп, заманауи сақтау жүйелері, автоматтандырылған процестер және түрлі бизнес форматына бейімделген икемді жалдау шарттары енгізіледі. Құрылыс әлі аяқталмаса да, отандық және шетелдік компаниялар тарапынан жобаның жүзеге асуына үлкен қызығушылық бар. Басшылықтың айтуынша, қазіргі кезде сұраныс ұсыныстан асып түсіп отыр.Бекітілген жоспарға сәйкес, логистикалық парктің алғашқы кезеңі ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Кейін жоба әрі қарай кеңейтіліп, қосымша инвестициялар тартылатын болады. Алғашқы он жылда кешеннің жалпы кірісі 50 миллиард теңгеге жуықтайды деп күтілуде, ал бюджетке түсетін салық көлемі 18 миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін.Айта кету керек, Роман Жужлев Ресей кәсіпорындарында жинақтаған бай басқарушылық тәжірибеге ие. 2019 жылдан бері ол Қазақстанда жұмыс істеп келеді және логистиканы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы деп есептейді. Оның пікірінше, болашақта Қазақстан жаһандық сауда картасында лайықты орнын алады, ал Панфилов ауылдық округінде бой көтеріп жатқан логистикалық парк осы бағыттағы маңызды бастамалардың біріне айналмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1016143?lang=kk
Қазақстанның сауда және интеграция министрі Солтүстік Македония СІМ басшысымен кездесті 12.06.2025
Астана, 2025 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев Астанаға жұмыс сапарымен келген Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен кездесті.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Тауар айналымының тұрақты өсуі үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылды. Айта кетерлігі, екі тарап та өзара сауданы жандандыру және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бағытында дәйекті жұмыс атқаруда.А.Шаққалиев екіжақты саудаға оң серпін беру үшін бірлескен жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.Қазақстан Солтүстік Македонияға мұнай-химия, металлургия, тамақ, химия, фармацевтика және машина жасау салаларының өнімдерін қоса алғанда, 320 миллион АҚШ долларынан астам өңделген тауарлар экспортын ұсынуға дайын.Өз кезегінде Солтүстік Македония қазақстандық нарықтағы қатысуын кеңейтуге дайын екенін білдірді. Министр Т.Муцунски македониялық «Alkaloid» фармацевтикалық компаниясы қазір Алматыда кеңсе ашқанын, оның инвестиция көлемін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеп отырғанын атап өтті.Келіссөздер барысында сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, туризм, цифрландыру, көлік және логистика сияқты салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Орталық Азия мен Балқан аймағының инфрақұрылымдарын байланыстырудың жаңа көкжиектерін ашатын «Солтүстік-Оңтүстік» бастамасы аясында мультимодальды бағыттарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге және ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылысын растады. Тараптар бизнес-делегациялармен алмасуды жандандыруға және сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы байланыстарды жеңілдетуге келісті.Кездесуге Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Буришков қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1016117?lang=kk
Астанада Қазақстан мен Солтүстік Македония бизнес өкілдерінің қатысуымен «Дөңгелек үстел» өтті 12.06.2025
Астана, 2025 жылғы 9 маусым – Астанаға жұмыс сапары аясында Солтүстік Македонияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунски екі елдің бизнес-топтары өкілдерінің қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында өткен дөңгелек үстелге қатысты.Іс-шара барысында қатысушылар өзара сауданы, инвестицияларды және туризмді арттыру перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылады.Өз сөзінде Т.Муцунски бұл алаң болашақта өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдіріп, сауда және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеует бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, Солтүстік Македония делегациясы өндірістік-технологиялық секторға инвестициялар тарту және туризмді дамыту мүмкіндіктерін таныстырды.АХҚО әкімшілігінің қаржы директоры және әкімшілік мәселелер жөніндегі басшысы Б.Тілеубеков дөңгелек үстел өткізу тараптардың мағыналы диалог пен практикалық әріптестікті қолдауға деген ортақ ұмтылысын көрсеткенін атап өтті. Директор экономикалық ынтымақтастықтың негізгі секторларындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге үміт білдірді.Б.Тілеубеков АХҚО-ның бизнесті жүргізу, мәмілелер мен инвестицияларды құрылымдау мүмкіндіктерін таныстырды. Ол Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағында жетекші қаржы орталығында АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Түркия, Сингапур және басқаларын қоса алғанда, әлемнің 80 елінен 3 900-ден астам компания тіркелгенін хабарлады. 2018 жылы құрылған сәттен бастап АХҚО алаңы арқылы Қазақстан экономикасына 14,8 млрд доллардан астам инвестиция тартылды.Инвестициялық ынтымақтастық, туризм және бизнесті жүргізу мүмкіндіктері туралы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары А.Қожанов, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қ.Сәдуақасов және «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының кеңесшісі Қ. Алин айтып берді.Дөңгелек үстелге Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов пен Куманово қаласындағы ҚР Құрметті консулы Эюп Абдулахи қатысты.Анықтама: «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1016121?lang=kk
«Орталық Азия – Қытай» Саммиті аясында алғаш рет Power Central Asia – China атты өңірлік энергетикалық форумы өтеді 12.06.2025
АСТАНА — 2025 жылғы 16–17 маусымда Астанада «Орталық Азия – Қытай» Саммиті аясында «Power Central – Asia China» алғашқы өңірлік энергетикалық форумы өтеді.Форумды ҚР Энергетика министрлігі мен «Инфрақұрылым және инновациялық дамуға жәрдемдесу қауымдастығы» ЗТБ (АСИИР) ұйымдастыруда. Ауқымды шараға жетекші энергетикалық корпорациялар мен институттар, оның ішінде China Southern Power Grid, PowerChina, Huawei, Energy China, China Datang, LONGi, KEGOC, Samruk-Energy, KazMunayGaz, QazaqGaz және Kazakh Invest компаниялары қолдау көрсетуде. Іс-шара Hilton Astana қонақүйінде өтеді.Қазақстан – өңірлік энергетикалық хаб ретіндеФорумның негізгі мақсаты – инвестициялық, индустриялық және ғылыми-білім беру саласындағы бірлескен жобаларды саралау. Сондай-ақ еліміздің жасыл энергетика, цифрлық технологиялар мен өнеркәсіптік кооперациясын дамыту бойынша жетекші өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған.Басқосуда экономиканың негізгі салаларына, яғни жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК), сутегі энергетикасы мен отын-энергетика кешенін (ОЭК) ESG талаптарына (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) сәйкес жаңғыртуға инвестиция тарту мәселелері талқыланады.Мазмұнды бағдарламалар мен негізгі тақырыптарФорум бағдарламасы келесі өзекті тақырыптарды қамтиды:ҚР Энергетика министрі мен қатысушы елдердің жоғары деңгейлі ресми делегациялары қатысатын пленарлық отырыс;Энергетикалық ауысым, BESS, HVDC, Smart Grid, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект (AI) технологияларын дамыту, ЖЭК интеграциясы, сутегі энергетикасы мен СЖЭС болашағы, ESG стандарттарын енгізу және индустрияландыру мәселелеріне арналған 22 тақырыптық панельдік сессия.Заңнамалық бастамаларды талқылауға арналған дөңгелек үстелдер, сондай-ақ тікелей байланыс орнатуға арналған B2B, G2B және G2G форматындағы кездесулер;Технологиялар көрмесі. Жетекші компаниялар өздерінің инновациялық шешімдері мен үздік жабдықтарын ұсынады.Қатысушылар:Форумға энергетикалық нарықтың негізгі өкілдері мен мемлекеттік құрылымдардың мамандары қатысады:Қытай, Қазақстан және Орталық Азия елдерінің үкіметтік делегациялары;KEGOC, Samruk-Energy, QazaqGaz, KazMunayGas, PowerChina, Huawei, LONGi секілді ірі энергетикалық және өнеркәсіптік корпорациялардың басшылары;Азиялық даму банкі (АДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) секілді халықаралық қаржы институттарының өкілдері;Академиялық және ғылыми қауымдастықтың өкілдері.Күтілетін нәтижелер мен бастамаларФорум жұмысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:Ынтымақтастық туралы 20-дан астам стратегиялық келісім мен меморандумға қол қою;Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды таныстыру;Форумның тұрақты жұмыс істейтін Хатшылығын құру және бірлескен жобаларды бақылауға арналған цифрлық платформаны іске қосу;Энергетика саласындағы жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған бірлескен білім беру және кадрлық бастамаларды іске асыру.Аккредитациядан өту және қосымша ақпарат алу үшін іс-шараның ресми сайтында тіркеліңіз: www.pca2025.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-energy/press/news/details/1017556?lang=kk
Егер басқа елге көшуді жоспарласаңыз - зейнетақы жинақтарын алуды ұмытпаңыз! 12.06.2025
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕСЖ) арқылы зейнетақы жинақтары бар Қазақстаннан өзге елге түпкілікті көшкен көшкен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Бұл үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.📑 Төлемді рәсімдеу жолдары:1️⃣ Жеке куәлік пен банктік шотыңыздың реквизиттері арқылы БЖЗҚ кеңсесіне келіп өтініш беру.2️⃣ Тұрақты көшкен адамның өкілі (сенімхат алған тұлға) БЖЗҚ кеңсесіне құжаттарды тапсыра алады.3️⃣ Құжаттарды БЖЗҚ филиалдарының біріне пошта арқылы жіберу мүмкіндігі қарастырылған.🔍 БЖЗҚ сайтында құжаттардың тізімі, олардың ресімделу талаптары, өтініш бланкілері мен сенімхат үлгілері орналастырылған. Сондай-ақ «Зейнетақы төлемдерін алдын ала тексеру» электронды қызметі арқылы құжаттарды тексеруге болады.⚠️ Маңызды: Зейнетақы жинақтары тек өтініш берушінің банктік шотына аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1016083?lang=kk
Атырау-Тбилиси бағыты бойынша жаңа рейс ашылды 12.06.2025
https://caspianlife.kz/30211/Caspianlife, 27 мамыр. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы 27 мамырдан бастап Атырау – Тбилиси бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашты. Рейстер аптасына үш рет орындалады.Бүгін таңертең CaspianLife оқырмандары редакцияға Грузия астанасы Тбилисидің халықаралық әуежайында Атыраудан келген алғашқы әуе рейсінің салтанатты түрде қарсы алынғаны жөнінде хабарлама жолдады. Қонақтарды ресми делегация мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қарсы алған. Бұл рейстің маңыздылығын көрсету үшін ұшақтың жанынан өрт сөндіру көліктері су бүркіп, трап жанында салтанатты түрде қызыл лента қиылған. Әуежай ғимаратында қонақтар үшін фуршет пен концерттік бағдарлама ұйымдастырылған.Еске салсақ, биылғы ақпанда «Air Astana» әуе компаниясы 27 мамырдан бастап Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстер ашылатынын хабарлаған болатын. Ұшулар аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері жайлы Airbus ұшақтарымен жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1016068?lang=kk
"№3 жалпы білім беретін мектеп" КММ Инклюзивті білім беруді дамыту ресурстық орталығының ауданның балабақшаларымен және мектептерімен өзара іс-қимылы 12.06.2025
2025 жылғы 11 маусымда инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық жобаның бірінші кезеңінің қорытындысын өткізу шеңберінде "А. Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ базасында "№3 жалпы білім беретін мектеп" КММ инклюзивті білім беруді дамыту ресурстық орталығының ауданның балабақшаларымен және мектептерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі ұсынылды. Іс-шараны өткізу барысында бүгінгі күннің өзекті мәселелері қаралды, атап айтқанда: оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша педагогтердің құзыреттілігін арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру. Семинар соңында қонақтар ұйымдастырушылар мен қатысушыларға мазмұнды іс-шара үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1016021?lang=kk
Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген ағаш материалдарын 6 ай мерзімге экспорттауға тыйым салу туралы 12.06.2025
Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына және көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес:Қазақстан Республикасының аумағынан ТН ВЭД ЕАЭС кодтары: 4401, 4403, 4404, 4406, 4407 болып табылатын жекелеген ағаш материалдарын, шыққан еліне қарамастан, алты ай мерзімге экспорттауға тыйым салынды, ЕАЭО ТН ВЭД 4406910000 «Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты ағаш шпалдар, басқа» және ЕАЭО ТН ВЭД 4401310000 «Шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ағаш түйіршіктері» кодтарынан басқа.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1015985?lang=kk
БҚО Ақжайық ауданы, Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) өз жұмысын бастады! 12.06.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысында 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарын салу жоспарланды (11 - дәрігерлік амбулатория, 21 - фельдшерлік-акушерлік пункт, 18 - медициналық пункт).50 медициналық нысанның ішінде салтанатты түрде ашылған 39-ыншы Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт.Қалған 11 медициналық нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары бүгін аяқталу сатысында.БҚО Ақжайық ауданы, Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) өз жұмысын бастады! Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі, медициналық қызметкерлер және ауыл тұрғындары қатысты.Бұл – ауыл тұрғындары үшін сапалы, уақытылы және қолжетімді медициналық көмектің жаңа деңгейі! Нысан келесідей қызмет түрлерін жоғары деңгейде ұсынатын болады:Алғашқы медициналық көмек;Ана мен бала денсаулығы;Вакцинация, тексерулер;Заманауи құрал-жабдықтар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1015988?lang=kk
Эстония Қазақстанмен логистикалық байланыстарды нығайтуды қолдайды 12.06.2025
Таллинн, 2025 жылғы 11 маусым – Қазақстан Республикасының Эстониядағы елшісі А. Көлгінов Эстония инфрақұрылым министрі К. Лейспен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар көлік-логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ эстондық порт пен теміржол инфрақұрылымдарын пайдалану перспективаларын талқылады.Әңгімелесу барысында қазақстандық жүктерді жеткізу үшін, әсіресе Транскаспий халықаралық бағытын дамыту шеңберінде Эстония көлік тораптарының маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ өңірлік бастамаларды іске асыруда тәжірибе алмасуға, екі ел өкілдері арасындағы бизнес-байланыстарды күшейтуге назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономикалық өзара іс-қимылды белсенді дамыту, кәсіпкерлік қызметті қолдау және қолайлы инвестициялық климат құру қажеттілігі туралы бірыңғай ұстанымдарын білдірді. Өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту үшін бұдан әрі болатын қадамдар белгіленді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1015971?lang=kk
Конституциялық Сот: мұраны қабылдаудың алты айлық мерзімі туралы ереже конституциялық құқықтарды шектемейді 12.06.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Конституциялық Сотқа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 1072-2-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтініші келіп түсті.Өтініш беруші сотқа мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы, сондай-ақ мұраға құқық туралы куәлік пен сыйға тарту шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді. Ол әкесі қайтыс болғаннан кейін қалған мүліктің бар екенін білмейтінін және сәйкесінше заңмен белгіленген мерзімде мұраны қабылдай алмайтынын атап өтті.Азамат жалпы юрисдикция соттарына жүгінді, олардың нәтижелері бойынша талапты қанағаттандырудан біржола бас тартылды.Өтініш беруші Азаматтық кодекстің 1072-2-бабы 1-тармағының соттар қолданған нормасы оның конституциялық құқықтарын бұзады деп санайды.Конституциялық Сот келесіні атап өтті. Дауланып отырған норма Конституцияның 6-бабы 1-тармағында көзделген меншіктің әртүрлі нысандарын тану немесе оларды қорғау мәселелерімен байланысты емес. Бұл норма барлық мұрагерлерге бірдей қолданылады және қандай да бір жағдайларға қарамастан, барлығына тең дәрежеде қолданылатындықтан, Конституцияның 14-бабындағы теңдік пен кемсітушілікке жол бермеу талаптарын бұзбайды. Сондай-ақ, дауланып отырған норма Конституцияның 26-бабы 3-тармағында белгіленгендей, сот шешімінсіз ешкімді мүлкінен айыру мәселесіне де қатысты емес.Мұрагерлік құқық заңда белгіленген шарттарды, соның ішінде мұраны қабылдау мерзімдерін сақтауды көздейді. Бұл мерзімдер басқа мұрагерлердің құқықтарын қорғауға, мүліктің сақталуына және азаматтық айналымның тұрақтылығына бағытталған. Конституциялық Сот заңда елеулі себептер болған жағдайда мұрагерлікті қабылдау мерзімін қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті. Бұл жағдайда мұрагер мұрагерлікке қабылдау мерзімін өткізіп алу себептері жойылғаннан кейін алты ай ішінде сотқа жүгінуі тиіс (Азаматтық кодекстің 1072-3-бабы). Осылайша, дауланып отырған норма мұрагерлік құқығын жүзеге асыруға кедергі болып табылмайды.Конституциялық Сот Азаматтық кодекстің 1072-2-бабы 1-тармағы өтініште көрсетілген конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қозғамайды деген қорытындыға келді. Сот шешімдерін және мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру негіздерін бағалау Конституциялық Соттың құзыретіне кірмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1015978?lang=kk
Ақжайық шағынауданында құрылыс қарқынды жүргізілуде 12.06.2025
Орал қаласының жаңа Ақжайық шағынауданында ауқымды құрылыс жұмыстары жүзеге асуда. Бюджет қаражаты есебінен 25 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес 56 әлеуметтік нысан, 2 мектеп (әрқайсысы 1500 оқушыға арналған), 4 спорт кешені, 9 балабақша, 2 емхана, сондай-ақ 4 алаң мен бульвар саябақтарының құрылысы көзделген.Сондай-ақ, шағынауданда 550 орынға арналған облыстық көпбейінді ауруханасында кардиологиялық орталығымен бірге және 200 орынға арналған перинаталдық орталық құрылысы жоспарлануда.Қазіргі таңда 8 көппәтерлі тұрғын үй мен 150 орындық оңалту орталығы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жаңа кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталып, іске қосылды. 2024 жылы 390 тұрғын үйге мұқтаж отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта 370 пәтерді қамтитын 3 көпқабатты тұрғын үй бойынша «Отбасы банк» АҚ-ға құжаттарды өткізу жұмыстары жүргізілуде.Бүгінгі күні тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамту бойынша екі нысанның құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар шағынауданымзда су қысымын тұрақтандыратын насос станциясы және жалпы ұзындығы 26 шақырым болатын ішкі асфальт жолдарының құрылысы жалғасуда.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, бюджет қаражаты есебінен тағы 2 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұған қосымша, жеке инвестициялар есебінен 10 коммерциялық көпқабатты тұрғын үй салынуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1015952?lang=kk
Алматы облысында алғашқы Apricot Fest өтті 12.06.2025
Алматы облысының Ұйғыр ауданында алғашқы өңірлік Apricot Fest — өрік фестивалі өтті. Аталған шара агроэкотуризмді дамыту стратегиясының бір бөлігіне айналып, фермерлерді, қайта өңдеушілерді, қолөнершілер мен туристерді бір алаңда тоғыстырды.Ұйғыр ауданы — еліміздегі өрік өсіру бойынша жетекші өңірлердің бірі. Аудан әкімдігінің мәліметінше, жалпы 4 095 гектар бақтың 3 193 гектарын өрік ағаштары құрайды. Жыл сайын шамамен 2 500 тонна өнім Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанға экспортталады.Ауданда 350-ден астам ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істейді. Олардың қатарында «Шонжы Агро», «Шабдалы», «Тиірмен Агро», «Eco Park Garden» сияқты ірі кәсіпорындар бар.Фестивальдің ашылуында Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова сөз сөйлеп, бұл шараның өңірдің экономикалық және мәдени әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті: — Өрік — жай ғана маусымдық жеміс емес. Бұл — біздің экономикамыздың, жеріміздің және мәдениетіміздің бір бөлшегі. Біз «Apricot Fest»-ті жыл сайын өтетін дәстүрлі алаңға айналдырып, жергілікті өнімді насихаттауды және туристерді тартуды мақсат етіп отырмыз, — деді аудан әкімі.Фестиваль аясында жәрмеңке, гастрозоналар, фермерлік және қайта өңделген өнімдер көрмесі, концерттік және этномәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Бұл шараның нәтижесінде өрік бағы алғаш рет оқиғалық туризмнің жаңа тартымды нүктесіне айналды.Ауыл тұрғыны Равиль Анадуллаев: — Ауданымызда алғаш рет ұйымдастырылған өрік фестивалі біз үшін үлкен қуаныш болды. Өрік — өңіріміздің басты жемістерінің бірі, тіпті брендіне айналды. Осындай шаралар жиі өтіп тұрса, ауылдың да, жастың да, үлкеннің де еңсесі көтеріледі, — деді ол.Фестивальге жергілікті тұрғындармен қатар, түрлі өңірлерден келген қонақтар да қатысты. Солардың бірі Гүлжан Тоқтарханова өз әсерімен бөлісті: — Фестиваль туралы әлеуметтік желіден көріп, отбасыммен бірге арнайы келдік. Табиғатпен үндескен, ауыл өмірін сезіндіретін шынайы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Өріктің түр-түрі, дәмі — керемет! Жергілікті халықтың қонақжайлығы ерекше әсер қалдырды. Балаларға арналған ойын-сауық, тағамдар жәрмеңкесі, ұлттық көріністер — бәрі үйлесімді ұйымдастырылған. Мұндай фестивальдер бүкіл өңірдің мәдени брендіне айналуы керек. Келесі жылы да міндетті түрде келеміз.2025 жыл Алматы облысы үшін туризмді дамытудағы маңызды кезеңге айналды. 2024 жылы туристік ағын 20%-ға артып, шетелдік туристер саны бойынша өңір республикада үшінші орынға шықты. Туризм саласына 45,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Биылдың өзінде 488 млн теңге көлемінде 20 жекеменшік жоба іске асырылуда.Өңір аумағында 40-тан астам бірегей табиғи нысан және 57 туристік маршрут бар. Олардың қатарында Шарын каньоны, Көлсай көлдері, ұлттық парктер сияқты танымал бағыттар бар. Жақында «Шарын» және «Іле-Алатау» ұлттық парктеріндегі визит-орталықтар ашылды, Oi-Qaragai курорты кеңейтілді, ASP Arena спорт кешені пайдалануға берілді.Сонымен қатар, «Көлсай көлдері» және «Іле-Алатау» ұлттық парктерінде 170 млн теңгеге инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. «Алатау аманаты» атты жаңа экспедициялық бағыт іске қосылды. Жоба аясында 1000 шақырымнан астам жаяу жүргінші жолдары, этноауылдар, кемпингтер және жабдықтарды жалға беру пунктері қамтылған.Алматы облысы өз туристік әлеуетін халықаралық деңгейде де белсенді ілгерілетуде. Өңір туралы материалдар BBC, TripAdvisor платформаларында, сондай-ақ Қытай мен Оңтүстік Кореядағы жарнамалық кампанияларда жарияланды.Соңғы жылдары өңірде бірқатар халықаралық іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, Tengri Ultra, Oceanman Kazakhstan, Qonaev Balloon Fest, «Ұлы дала жорығы» экспедициясы өңірдің туристік тартымдылығын едәуір арттырды.Фестиваль болашағы — жаңа брендке айналуы мүмкінАлматы облыстық туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы:— Келесі жылдан бастап өріктің гүлдеу кезеңінде арнайы фестиваль ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл шараны «Өріктің гүлдеуі» фестивалі деп атау ойда бар. Ол сәуір айында өтеді. Мұның бәрі — шетелдік және отандық туристердің қызығушылығын арттыруға бағытталған, — деді ол.Тілші дерегінше, Ұйғыр ауданы шаруалары жыл сайын 20–22 мың тонна сары өрік жинайды. Оның 4 мың тоннасы Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанға экспортталады. Қалған бөлігі ішкі нарыққа жөнелтіледі. Сары өріктің келісі шамамен 250–300 теңге аралығында саудалануда.Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғожаев: — Экотуризм — болашақтың бағыты. Біз табиғатты, жергілікті өнімдерді және мәдени ерекшелікті біріктіретін бағыттарды дамытуымыз қажет. «Apricot Fest» — осындай синергияның жарқын мысалы. Бұл — елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған бірегей іс-шара. Себебі өрік өсетін ең үлкен аумақ дәл осы өңірде орналасқан. Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген кәсіпкерлер біздің өнімге қызығушылық танытып, оны сатып алып жатқаны – соның дәлелі, — деп атап өтті.Apricot Fest – сәтті бастама. Ол алдағы жылдары өңірдің жаңа туристік брендіне айналуы әбден мүмкін. Өрік бағы енді тек экспортқа бағытталған өнім көзі емес, сонымен қатар оқиғалық туризмнің жаңа, тартымды бағыты ретінде дами түсуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1015922?lang=kk
Жылқыларды жуады 12.06.2025
Мыт – жылқының жіті жұқпалы ауруы, мұрын қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабатының катаральды-іріңді қабынуымен, сонымен қатар жақ асты лимфа түйіндерінің іріңді қабынуымен сипатталады.Эпизоотологиялық  мәліметтерЖас жылқылар жиі 6 айдан 5 жасқа дейін ауырады.  Егде жастағы жылқыларда ауру жағдайлары сирек кездеседі.  Инфекция қоздырғышының көзі ауру және сауығып кеткен жануарлар, сондай-ақ сау бактерия тасымалдаушылары болып табылады.  Инфекция көбінесе алиментарлы жолмен, азырақ  аэрогенді  жолмен жүреді. Алдын ала факторлар суық тию, тасымалдау, нашар өмір сүру жағдайлары және т.б.  Ол сподикалық немесе эпизоотиялық ошақтар түрінде көрінеді.  Әдетте, өлім деңгейі 5% аспайды, бірақ қолайсыз факторлардың әсерінен ол таралуы мүмкін, дегенмен, қолайсыз факторлардың әсерінен ол таралуы мүмкін.Курс  және  симптомдарИнкубациялық кезең 1-15 күнге созылады.  Ауру өткір немесе субакуталық болуы мүмкін.  Типтік және атипті формалары бар, кейде миттің жыныс формасы кездеседі.Типтік формасы жоғары дене қызуымен (40-41°С), тәбеттің төмендеуімен, депрессиямен, ринитпен, мұрыннан шырышты-іріңді бөліністермен, жөтелмен, төменгі жақ асты лимфа түйіндерінің кейіннен іріңдеумен және олардың ашылуымен қабынуымен сипатталады.  Тынысы жылдам, сырылдар.  Процесске көптеген лимфа тамырлары қатысады.Қырылдаудың  атипті  түрінде өкпеде және басқа да ішкі мүшелерде және лимфа түйіндерінде абсцесс пайда болады, температура үнемі жоғары болады, мал шаршайды.Абортивті  түрі  дене температурасының жоғарылауымен, ринитпен және субмандибулярлы лимфа түйіндерінің іріңсіз аздап ұлғаюымен сипатталады.  Қалпына келтіру 5-7 күнде болады.Мититтің жыныстық түрі қынаптың шырышты қабатының катаральды-іріңді қабынуымен, аймақтық лимфа түйіндерімен, кейде іріңді маститпен көрінеді.  Айғырларда жыныс мүшесі мен несепағардың жедел катаральды-іріңді қабынуы түрінде кездеседі.Мыт диагностикасы эпизоотиялық мәліметтер (жас жылқылардағы аурудың жаппай жағдайлары), клиникалық белгілері (қызба, ринит), патологиялық аутопсия және зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша қойылады.ЕмдеуАуырған малдарды дереу сызбасыз, құрғақ, жылы бөлек бөлмеде оқшаулайды.  Абсцесстер ашылып, жаралар емделеді.  Антибиотиктер мен сульфа препараттары қолданылады.Алдын  алу  және  күресу шараларыЖууға жол бермеу үшін жас малды жеткілікті азықпен қамтамасыз ету, құрғақ, жақсы желдетілетін қораларда ұстау, күнделікті жаттығуды қамтамасыз ету қажет.Құлындарды суық факторлардың әсерінен үнемі қорғаңыз (шығармалар, суық су көздерінен ішу, суық жаңбырдың әсері).Қоздырғыштың ықтимал таралуын болдырмау үшін жылқылар әкелініп, жем-шөп тек осы аурудан таза емес шаруашылықтардан сатып алынады.Жаңадан келген жылқылардың барлығы 30 күн бойы профилактикалық карантинде бөлек ұсталады.Үй-жайларды және серуендеу орындарын дезинфекциялау қалыпты концентрациядағы химиялық дезинфекциялаушы заттар патогенге зиянды әсер етеді. «ҚР АШМ ВБжҚК Меңдіқара  ААИ»ММ Боровское  ауылы,  Алтынсарин  көшесі  83,  тел.: 2-40-94 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1015913?lang=kk
Ресей күніне орай қабылдау 12.06.2025
2025 жылы 11 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Ресей күнін мерекелеуге арналған қабылдауға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Ресей арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Ресей арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1015901?lang=kk
Серіктестікке бастар «Алтын көпір»: Алматы облысы Қытайда инвестициялық әлеуетін таныстырды 12.06.2025
Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында Алматы облысы делегациясының қытайлық бизнес қауымдастығымен іскерлік кездесуі өтті. Бұл сапар – Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестікті дамытудың маңызды кезеңі болып, Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі саналатын Алматы облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.Инин және Хочэн қалаларында өткен таныстырылымдар аясында қытайлық әріптестерге өңірдің өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешені, логистика және туризм салаларында өзара іс-қимыл жасауға арналған стратегиялық бағыттар таныстырылды. Делегация шетелдік инвесторларға ұсынылатын мемлекеттік қолдау тетіктері, салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық жобаларды іске асыруда ашылатын мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берді.Қытайлық бизнес өкілдері тұрғын үй және коммерциялық құрылыс салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға айрықша қызығушылық танытты. Олар өңірдегі қолайлы іскерлік ахуалды, экономиканың тұрақты өсімін, ашық нормативтік ортаны және инвестициялық бастамаларға кешенді сүйемелдеу көрсетілетінін жоғары бағалады.Сапар аясында туризм саласына да ерекше назар аударылды. Қазақстандық делегация Хочэн аймағындағы туристік инфрақұрылым нысандарымен танысты. Олардың қатарында көркем аспалы көпір, абаттандырылған тау соқпақтары мен органикалық косметика өндірілетін лаванда алқабы бар. Бұл нысандар Алматы облысындағы – Қонаев, Жаланаш және Шарын өңірлерінде ұқсас жобаларды іске асыру үшін шабыт көзіне айналды.Тараптар Қазақстандағы туристік кластерлерді дамытуға қытайлық инвесторларды тарту мүмкіндіктерін талқылады. Қытайлық серіктестердің Алматы облысына алғашқы танысу сапары биылғы шілде айына жоспарланып отыр.Аталған кездесу тікелей іскерлік байланыстар орнатуға және басым салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге арналған маңызды алаңға айналды. Бұл – Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тиімді серіктестіктің жаңа көкжиектерін ашатын маңызды бастама. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1015902?lang=kk
Хабардар қаруланған 12.06.2025
Меңдіқара ауданында тұрғындарға діни сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері бірқатар мекемелерде болып, ауданның еңбек ұжымдарымен, студенттермен және жастармен кездесті.Іс-шара барысында келесі тақырыптар қозғалды: «Жастарды қалаусыз онлайн қызметке алудан қалай қорғауға болады», «Діни ағымдардың белгілері қандай?», «Рухани құндылықтар мен дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы» және т.б.– «Қазіргі таңда жұмысқа алудың түрлі әдістері өте кең тараған, олар әртүрлі интернет-ресурстар, форумдар, әлеуметтік желілер арқылы немесе бетпе-бет сөйлесу кезінде жүзеге асырылуы мүмкін. Қалайша радикалды ұйымның нысанасына айналғаныңызды байқамай қалуыңыз мүмкін», - деп баса айтты спикерлер өз сөзінде.Кездесулер барысында спикерлер тыңдаушыларды діни сауаттылығын арттыруға және қажетсіз ұйымдарға қосылудан қорғауға көмектесетін мәселелерді көтерді.Сондай-ақ, мұндай кездесулер радикалды идеяларды тудыратын қатерлердің алдын алуға және жергілікті тұрғындардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған.Меңдіқара ауданында сан алуан этнос өкілдері тұрады, сол себепті ауданда түсіндірме кездесулері жиі өткізіліп тұрады. Олар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, сондай-ақ ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған. «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіМеңдіқара ауданыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1015904?lang=kk
«Даму» қоры жылдық 12,6% жеңілдікпен несиелендірілетін жаңа «Өрлеу» бағдарламасын іске қосты 12.06.2025
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды.Бұл құрал микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Жеңілдетілген несиелеу үшін басымдық берілетін экономиканың салалары – өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау.Жеңілдікті кредиттеудің жаңа бағдарламасы бойынша түпкі қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,6% -дан аспайды.Бағдарлама бойынша жалпы қаражат көлемі 750 млрд теңге болады, оның 300 млрд теңгесін Қор бөледі, ал 450 млрд теңге екінші деңгейлі банктер тарапынан бірлесіп қаржыландыру аясында тартылады.«Өрлеу» бағдарламасы инвестициялық мақсаттарға жеңілдікті қарыз беруді, айналым қаражатын толықтыруды және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыруды көздейді.Негізгі шарттар:• қарыздың ең жоғары сомасы - инвестицияға 7 млрд теңгеге дейін, айналым қаражатына 3,5 млрд теңгеге дейін;• сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 12,6% -дан аспайды;• қаржыландыру мерзімі: - инвестициялық мақсаттарға 10 жылға дейін, - айналым қаражатын толықтыруға - 3 жылдан аспайды, - кредиттерді қайта қаржыландыруға - қаржыландырылатын берешек мерзімінің қалдығынан артық емес.«Өрлеу» бағдарламасы жеңілдікті кредит беру арқылы кәсіпкерлік қызметті келесі экономиканың басым секторларында:- өңдеу өнеркәсібі (оның ішінде тамақ өнімдерін, тоқыма бұйымдарын, киімдерді, химия өнеркәсібі өнімдерін, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттарды, резеңке және пластмасса бұйымдарын, электр жабдықтарын, жиһаздарды және т.б. өндіру),- көлік және қоймалау (жүк және жолаушылар тасымалы, жүктерді қоймалау қызметтері және т.б.), - туризм (қонақ үйлер, кемпингтер және т.б. қызмет көрсету),- білім беру (мектеп және мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру тапсырысы бар),- денсаулық сақтау (медициналық орталықтар, көп бейінді клиникалар) ынталандыруға бағытталған.«Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер тікелей несие берушілерге жүгінуі қажет. Қазіргі кезеңде Freedom Bank, ЦентрКредит Банкі және Halyk bank-пен тиісті келісімдерге қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1015883?lang=kk
Салық есептілігін ұсыну мерзімдерін ұзарту 12.06.2025
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің белгіленген шарттары сақталған жағдайда салық есептілігін ұсыну мерзімдерін ұзартуға құқығы бар екенін хабарлайды.Ұзарту рәсімінің шарттарыҰзартуды алу үшін салық төлеуші заңнамада белгіленген салық есептілігін табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін тіркеу есебінің орны бойынша салық органына хабарлама жіберуі қажет. Салық есептілігін тек электронды түрде берген кезде мерзімдерді ұзартуға болады.Хабарлама беру тәсілдері:- электрондық нысан арқылы (eGov порталы немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы);- қағаз жүзінде.Есептілікті ұсыну мерзімі келесі мерзімдерге ұзартылуы мүмкін:-корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын;-салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын;-тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.МаңыздыҰзарту құқығы келесі санаттарға берілмейді:-тәуекел денгейі жоғары салық төлеушілерге арнайы салық режимдеріндегі дара кәсіпкерлерді қоспағанда, тәуекел деңгейі;-тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш берген кезде.Мерзімді ұзарту тек есеп беру мерзіміне қатысты. Салықтар мен төлемдердің төлеу мерзімі өзгеріссіз қалады.Әскери қызметшілер үшін ерекше тәртіп қарастырылғанЖеке тұлғалардың декларациялары бойынша мерзімді ұзарту құқығы салық органына мерзімді ұзарту туралы хабарлама жіберілместен, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге беріледі. Жеке тұлғалардың декларацияларын әскери қызметшілердің ұсыну мерзімі жергілікті әскери басқару органынан әскери қызметті өткеру орнына кетуі туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызметті өткеру уақыты кезеңіне ұзартылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1015834?lang=kk