Қоғам
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру 13.06.2025
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің ұсынымдары барлық қызмет көрсететін органдарға жолданып, аудан әкімі аппараты басшысының қатысуымен ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте қаралды. Қарау нәтижелері бойынша келесі мәселелер бойынша шешімдер қабылданды:1) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге;2) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыруға арнайы бағытталған «Ең алдымен адамдар» семинарлары шеңберiнде мемлекеттiк қызметтер көрсететiн мамандарды даярлау мүмкiндiгiн қарастыру;3) көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге;4) қоғамдық бақылауға үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестердің өкілдерін тартуға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1016914?lang=kk
Қазақстанның Орталық Азиядағы климаттың өзгеруінің әсеріне бейімделу жөніндегі күш-жігері ЕҚЫҰ-ның климат пен қауіпсіздік жөніндегі конференциясында ұсынылды 13.06.2025
Эспоо, 2025 жылғы 11 маусым – Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Финляндияның Іс басындағы төрағалығы ұйымдастырған Климат және қауіпсіздік жөніндегі конференциясына қатысты.Іс-шараның ашылу сессиясында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрайымы – Финляндияның Сыртқы істер министрі Элина Валтонен, сондай-ақ Финляндияның Климат және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі министрі Сари Мултала және ЕҚЫҰ-ның Экономикалық және қоршаған орта мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Елші Бақыт Жүсіпов сөз сөйледі.З.Сүлейменова өз сөзінде іс-шараға қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау және климат саласындағы ЕҚЫҰ өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың, тұрақты дамуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге жәрдемдесудің ең маңызды тақырыптарына назар аударуға мүмкіндік беретін бұл Конференцияны ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстанның Арнайы өкілі Орталық Азияның климаттық өзгерістерге ең осал екенін, яғни өңірдегі температура деңгейі орташа әлемдік деңгейден екі есе жылдам көтерілетініне назар аударды. Бұл тұрғыда өңір мұздықтардың еруі, шөлейттену және су тапшылығы секілді төтенше ауа райы қауіптерінен зардап шегуде.Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық климаттық күн тәртібіне және оның климаттың өзгеруіне алдын алу әрекеттеріне 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің нақты жол картасына назар аударылды. ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерге еліміздің осы сын-қатермен күресу бойынша нақты іс-әрекеттерді анықтау мақсатында 2026 жылы Қазақстанда климаттық конференцияны өткізу ниеті туралы хабардар етілді.Конференция аясында Арнайы өкіл Зүлфия Сүлейменова Финляндияның Климат пен қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі министрі Сари Мулталамен, ЕҚЫҰ Іс басындағы төрайымының Арнайы өкілі Тери Хакаламен, ЕҚЫҰ Іс басындағы төрайымының климат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Арнайы өкілі Керстин Стендалмен және Финляндия Парламентінің депутаты Вилле Скиннаримен екіжақты кездесулер өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1016915?lang=kk
Қазақстанның әскери теңізшілері Бахрейнде су асты миналарын тазарту курстарында біліктілігін арттырды 13.06.2025
ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бес әскери қызметшісі Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында су асты миналарын тазарту бойынша халықаралық курстарға қатысты.Парсы шығанағы акваториясында практикалық сүңгу барысында әскери қызметшілер су астындағы жарылғыш заттарды анықтау және бейтараптандыру тактикасын пысықтады.– Мұндай іс-шараларға қатысу озық әдістемелер мен технологияларды қабылдауға мүмкіндік береді. Жағалау аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі операцияларға дайындықты арттыруға және серіктес елдердің әріптестерімен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, – деп түсіндірді капитан-лейтенант Жәнібек Салықбаев.Сондай-ақ, су асты миналарын тазарту бойынша курстар халықаралық әскери ынтымақтастық аясында өткізілгенін атап өтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1016916?lang=kk
Ақпараттық-түсіндіру семинары 13.06.2025
2025 жылдың 12 маусымында Қостанай облысы Әділет департаментінің сот орындаушылары қызметін реттеу және бақылау бөлімінің қызметкерлері Қостанай ауданына қарасты «Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.Іс-шараның негізгі мақсаты - қоғам санасында «Жемқорлық - індет, онымен күресу - міндет» қағидасын қалыптастыру және осы жағымсыз құбылысқа қарсы бүкіл қоғамды жұмылдыру.Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілері мен әділетті және ашық қоғам құрудағы әрбір азаматтың рөлі талқыланды. Мемлекеттік орган қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1016825?lang=kk
Қазақстан-АҚШ сауда-инвестициялық ынтымақтастығының перспективалары Вашингтонда талқыланды 13.06.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 12 маусым – Америка Құрама Штаттарына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ Сауда өкілі Джеймисон Грирмен келіссөздер өткізді.Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Сұхбаттастар Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыстардың, соның ішінде энергетика, сирек жер металдары, көлік және жоғары технологиялар салаларындағы дәйекті дамуын атап өтті.АҚШ-тың қазіргі сауда саясаты, сондай-ақ тарифтік және тарифтік емес кедергілер бойынша бірлескен жұмыс мәселелеріне ерекше назар аударылды.Экономикалық күн тәртібін жалғастыра отырып, тараптар көлік-логистика бағыттарын кеңейту, экспорт бағыттарын әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдері нарығына өзара қол жеткізу мәселелерін қарастырды.Қазақ тарапы шетелдік инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейілділігін растап, жетекші америкалық компаниялармен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларға назар аударды.Өз кезегінде АҚШ тарапы қайта өңдеу мен тереңдетілген өндірісті қамтитын толыққанды экожүйені құру арқылы аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайындық білдірілді.Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында тұрақты диалогты жалғастыруға ортақ мүдделілік бар екенін қуаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1017466?lang=kk
Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту талқыланды 13.06.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 12 маусым – Америка Құрама Штаттарына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Джеймс Ришпен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылап, экономикалық байланыстарды нығайтуға және АҚШ Әкімшілігінің басым бағыттарына сәйкес саяси диалогты дамытуға ерекше назар аударды.ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық маңызын атап өтіп, парламентаралық байланыстарды жандандыру қажеттілігін айқындады.Сенатор Дж.Риш Қазақстанның салмақты әрі сындарлы сыртқы саяси бағытын жоғары бағалап, АҚШ Конгресінің іскерлік байланыстарды кеңейтуге қолайлы заңнамалық негіз қалыптастырудағы, оның ішінде Қазақстанмен тұрақты қалыпты сауда қатынастарын орнату арқылы қолдау көрсетуінің маңыздылығын атап өтті.Сұхбаттастар елдер арасындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқан серпінін оң бағалап, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастыруға келісті.Кездесу соңында ҚР СІМ басшысы АҚШ сенаторын Қазақстанға ресми сапармен келіп, екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын нақты талқылауға шақырды.Сонымен қатар М.Нұртілеу ҚР-АҚШ кокусының тең төрағасы, конгрессмен Роберт Адерхольтпен және АҚШ Өкілдер палатасының Кіріс және салық комитетінің Сауда жөніндегі кіші комитетінің мүшесі Кэрол Миллермен кездесті. Келіссөздер барысында америкалық заң шығарушылар Джексон-Вэник түзетуінің Қазақстанға қатысты күшін жоюға жәрдемдесуге ниетті екеніне сендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1017467?lang=kk
Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру-енді BCC қосымшасында 13.06.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беру мүмкіндіктерінің кеңейтілгені туралы хабарлайды.2025 жылғы 10 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары өтінішті «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның (bcc.kz) мобильді қосымшасы арқылы беру мүмкіндігін пайдалана алады. Бұған дейін рәсім тек ХҚКО-ға жеке жүгіну немесе eGov.kz порталы арқылы ғана қолжетімді болатын.Bcc.kz мобильді қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметі іске қосылды.Маңызды: сервисті пайдалану тегін, өтініш беру үшін комиссия өндіріп алынбайды. Өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулық: bcc.kz қосымшасын ашып, «Мемлекеттік қызметтер» → «Қызметтер» бөліміне өтіңіз.«Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметін таңдаңыз.Қысқаша ақпаратпен танысып, «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш» батырмасын басыңыз.Тіркелген мекенжайды растаңыз немесе қажет болса өзгертіңіз, содан кейін «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.Мемлекеттік кірістер органын көрсетіңіз, қажет болған жағдайда келесі бір немесе екі тармақты да белгілеңіз:6 ай бойы әлеуметтік көмек аламынМіндеттемелерімді 5 жылдан аса уақыт орындамадымӨтініш беру шарттарымен сілтеме арқылы танысыңыз.Өтінішті жіберу үшін «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз. Өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органның өтінішті қарау барысы туралы ақпарат шығады.Өтініштің мәртебесін «Тарих» бөлімінен қадағалауға болады.Өтініш сәтті өңделсе, пайдаланушы push-хабарлама алады, ал «Тарих» бөлімінде «Орындалды» мәртебесі және мемлекеттік органның сайтына сілтеме көрсетіледі.Назар аударыңыз: егер неке туралы куәлік болса, жұбайының/зайыбының келісуі қажет. Егер келісім ағымдағы күннің 23:59-ына дейін берілмесе, өтініш автоматты түрде жойылады.Бұл рәсімді тек «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімінің талаптарына сәйкес келетін жеке тұлғалар ғана қолдана алатынын атап өтеміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1016789?lang=kk
Құрметті медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау саласының ардагерлері! Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! 13.06.2025
Сіздердің еңбектеріңіз – адамдардың денсаулығы мен өміріне үнемі қамқор болу. Сіздер күн сайын көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, сабырлылық, назар мен жанашырлық танытып келесіздер. Медицина саласындағы жұмыс тек кәсібилікті ғана емес, үлкен жүректі қажет етеді. Ал сіздер бұл қасиеттерді өз істеріңізге деген адалдықтарыңызбен, жауапкершіліктеріңізбен және жанкешті еңбектеріңізбен дәлелдеп келесіздер.Бүгінде ауданымыздағы ауруханаларда, амбулаторияларда, фельдшерлік-акушерлік пункттерде білікті мамандар қызмет етіп, тұрғындарға сапалы әрі дер кезінде көмек көрсету үшін бар күш-жігерін салуда. Сіздердің еңбектеріңізді шынайы бағалаймыз және жерлестеріміздің саулығы үшін атқарған әрбір ісіңізге алғысымызды білдіреміз.Денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне – ерекше алғыс. Сіздер өмірлеріңіздің көптеген жылдарын адамдарға қызмет етуге арнадыңыздар және мамандыққа деген адалдықтың жарқын үлгісіне айналдыңыздар. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз жас мамандарды тәрбиелеуге, ұрпақ сабақтастығын сақтауға және шынайы медицина рухын нығайтуға септігін тигізуде.Құрметті медицина қызметкерлері! Осы айтулы күні сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, рухани тыныштық, кәсіби табыс пен елдің алғысын тілеймін. Жұмыстарыңыз қуаныш әкелсін, ал әр күндеріңіз көмек көрсеткен жандардың жылы сөзі мен шынайы күлкісіне толы болсын!Аудан әкімі Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1016742?lang=kk
Ақын және жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай құрылыстың үздік жұмыс жобаларына мүсіншілер арасында республикалық шығармашылық байқауы 13.06.2025
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы ақын және жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай құрылыстың үздік жұмыс жобаларына мүсіншілер арасында республикалық шығармашылық байқау жариялайды.Байқаудың мақсаты: кем дегенде үш жұмыстан тұратын құрылыстың үздік жұмыс жобаларын анықтау.Жұмыс жобалары хабарландыру жарияланған сәттен бастап бір ай ішінде қабылданады.Үздік жұмыс жобаларына республикалық шығармашылық байқау өткізудің егжей-тегжейлі шарттары https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet?lang=ru, https://murakst.kz. сайттарында орналастырылған. Байқау өткізудің егжей-тегжейл шарттары.Анықтама телефондары: 8 (7142) 54-10-29, 54-10-69Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1016739?lang=kk
Қазалы ауданында медицина қызметкерлері құрметке бөленді 13.06.2025
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қазалы ауданында салтанатты шара өткізіліп, аудандағы бірқатар дәрігерлер қауымы құрмет төрінен көрінді.Мерейлі мерекеге аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков, зиялы қауым өкілдері және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.Салтанатты шарада аудан әкімі сахна төріне көтеріліп, абзал жандарды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан аудандағы денсаулық сақтау саласындағы оң нәтижелі жұмыстар жайында айтып өтті. Аудан басшысынан кейін, шараға арнайы келіп қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.Мерекелік шарада аудан медицинасының дамуына сүбелі үлес қосып, салада табысты еңбек еткен бірқатар дәрігерлер мен сала ардагерлері түрлі марапатқа ие болды. Атап айтқанда - Қазалы ауданаралық ауруханасының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Медетбаева мен аудандық аурухананың бас мейіркеші Масаты Мұрат «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің Үздігі» құрметті төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар азаматтарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты», облыс әкімі мен аудан әкімінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Алғыс хаттары» табысталды.Мерекелік іс-шарада дәрігерлер әріптестеріне деген жүрекжарды тілегін әнмен жеткізсе, ал, аудан өнерпаздары медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап ән шырқап, мерекелік ерекше көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/1016694?lang=kk
Ақын және жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай құрылыстың үздік жұмыс жобаларына мүсіншілер арасында республикалық шығармашылық байқауы 13.06.2025
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы ақын және жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай құрылыстың үздік жұмыс жобаларына мүсіншілер арасында республикалық шығармашылық байқау жариялайды.Байқаудың мақсаты: кем дегенде үш жұмыстан тұратын құрылыстың үздік жұмыс жобаларын анықтау.Жұмыс жобалары хабарландыру жарияланған сәттен бастап бір ай ішінде қабылданады. Байқау өткізудің егжей-тегжейл шарттары.Анықтама телефондары: 8 (7142) 54-10-29, 54-10-69Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1016716?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі АҚШ-қа ресми сапармен келді 13.06.2025
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақ делегациясы ресми сапармен Вашингтон қаласына келді.Сапар аясында ҚР Сыртқы істер министрі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың мазмұнды кездесуі өтті. Тараптар саяси және экономикалық өзара іс-қимыл, энергетика, сауда, логистика сияқты екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылап, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке қатысты пікір алмасты.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара құрмет пен прагматикалық диалог қағидаттарына негізделген Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысын растады. Әңгіме барысында сауда және инвестицияны кеңейту, америкалық озық технологияларды тарту және іскерлік байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.«Қазақстан АҚШ-пен өзара тиімді серіктестікті ілгерілету үшін нақты нәтижелерге қол жеткізуге ниетті», – деді М.Нұртілеу. Сонымен қатар Министр Қазақстанның энергия ресурстары мен аса маңызды минералдардың жеткізу тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлін атап өтті.Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы бұл кездесу екіжақты қарым-қатынастарды ілгерілету мен өзара байланыстарды нығайтуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді. «АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту арқылы өзара қызығушылық тудыратын экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге үміт артады», – деді М.Рубио.Тараптар Орталық Азия өңірі мен АҚШ арасындағы диалогты қолдаудың тиімді құралы болып табылатын «С5+1» платформасы аясындағы өзара іс-қимылға ерекше мән берді.Сондай-ақ халықаралық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы аталып өтіп, заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастық жоғары бағаланды. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстанның Орта держава ретінде халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге конструктивті үлес қосуға дайын екенін растады.Кездесу соңында тараптар екіжақты өзара іс-қимылды қолданыстағы алаңдар шеңберінде және жаңа тетіктерді іске қосу арқылы нығайтуға уағдаласты.Америка Құрама Штаттарына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ Сауда өкілі Джеймисон Грирмен келіссөздер өткізді.Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Сұхбаттастар Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыстардың, соның ішінде энергетика, сирек жер металдары, көлік және жоғары технологиялар салаларындағы дәйекті дамуын атап өтті.АҚШ-тың қазіргі сауда саясаты, сондай-ақ тарифтік және тарифтік емес кедергілер бойынша бірлескен жұмыс мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сапар шеңберінде СІМ басшысы АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Джеймс Ришпен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылап, экономикалық байланыстарды нығайтуға және АҚШ Әкімшілігінің басым бағыттарына сәйкес саяси диалогты дамытуға ерекше назар аударды.ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық маңызын атап өтіп, парламентаралық байланыстарды жандандыру қажеттілігін айқындады.Сенатор Дж.Риш Қазақстанның салмақты әрі сындарлы сыртқы саяси бағытын жоғары бағалап, АҚШ Конгресінің іскерлік байланыстарды кеңейтуге қолайлы заңнамалық негіз қалыптастырудағы, оның ішінде Қазақстанмен тұрақты қалыпты сауда қатынастарын орнату арқылы қолдау көрсетуінің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1020450?lang=kk
Қарулы күштерде Аумақтық әскерлердің құрылған күні атап өтілуде 13.06.2025
Қазақстан Қарулы күштерінің құрамдас бөлігі Аумақтық әскерлер 2017 жылғы 13 маусымда құрылды. Бүгінде олардың негізін «резервтегі әскери бөлімдер» ретінде ұсталатын әскери құралымдар құрайды. Әкімшілік-аумақтық бірліктер шекараларында қойылған міндеттерді орындауға арналған аумақтық әскерлердің қызметіне жалпы басшылықты генерал-майор Асқар Жоламанов басқаратын Аумақтық қорғаныс департаменті жүзеге асырады.Департамент өз қызметінде аумақтық қорғанысты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын басшылыққа алады. Оған құқықтық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық сипаттағы іс-шаралар кіреді.Биыл Парламент «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» заңды мақұлдады. Онда «ерікті», «өзін-өзі қорғауды қалыптастыру» және «аумақтық қорғаныс нысаны» сияқты ұғымдар пайда болды. Кешенді жоспарда азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке тарта отырып, аумақтық әскерлердің кадрлық құрамын жасақтау, басқару органдары мен тіркеу құрамын даярлау, инфрақұрылымдық нысандар салу және аумақтық қорғаныс құрамаларын материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету көзделген.Аумақтық әскерлер ауқымды республикалық оқу-жаттығуларға қатысып тұрады. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары мен аумақтық қорғаныс мамандары үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып, әскери міндеттілермен жиындар өткізіледі.Аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің негізгі миссиясы – елді мекендерді, маңызды нысандар мен коммуникацияларды күзету және қорғау. Қажет болған жағдайда аумақтық қорғаныс бригадаларының жауынгерлері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысады. Мәселен, 2022 жылы аумақтық әскерлердің жеке құрамы Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге жұмылдырылды. 2023 жылы Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны салдарын жоюға қатысты. Оған дейін еліміздің солтүстік-батысындағы су тасқынымен күреске көмектесті.Мемлекет аумақтық әскерлердің дағдарыс жағдайында халыққа жедел көмек көрсетуі үшін барлық шараларды қабылдауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1016649?lang=kk
Қазақстан мен Сербия мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастықты талқылады 13.06.2025
Белград, 2025 жылғы 11 маусым – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару министрі Снежана Пауновичпен екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және мемлекеттік қызмет пен басқару саласында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.Елші министрге 2025 жылғы 20 маусымда Астанада өтетін «GovHR Forum: жаңа жүйелер, заманауи қызметтер, инновациялық шешімдер» форумына қатысуға ресми шақыруды табыстады. Қазақ дипломаты басқарудың тиімділігін арттыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту үшін заманауи цифрлық шешімдерді пайдалануда әріптестікті дамытуға және тәжірибе алмасуға елдің қызығушылығын атап өтті.Сонымен қатар, кездесу барысында цифрландыру саласында, оның ішінде персоналды басқару және құжат айналымы саласында Қазақстанның технологияларын енгізу мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды.Сондай-ақ, М.Атамқұлов Астанада орналасқан мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабпен ынтымақтастық орнатуды қарастыруды ұсынды. Бұл мемлекетаралық тәжірибелер мен инновациялар алмасуды дамытуға ықпал етуі мүмкін. Министр С.Паунович ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдіріп, серб тарапының Астанадағы форумға қатысу ниетін растады. Ол екі елдің мемлекеттік институттары жұмысының тиімділігін арттыру үшін цифрландыру саласында тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1016615?lang=kk
Қазақстан – Сауд Арабиясының туристтері үшін жаңа бағыт 13.06.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 12 маусым – Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында Қазақстан Республикасының Елшілігі «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның қолдауымен Қазақстанның туристік мүмкіндіктеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.Іс-шараға Сауд Арабиясы Туризм министрлігінің өкілдері, Орталық Азия елдері және Түркияның елшілері мен дипломаттары, сондай-ақ жергілікті туристік компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысты.Қазақстандық делегацияны жетекші туроператорлар мен Таяу Шығыс бойынша Air Astana әуе компаниясының өңірлік өкілі Ғалымжан Бәзілбаев таныстырды.Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков өзінің алғы сөзінде туристік байланыстарды нығайтудың маңыздылығын және Корольдік азаматтарының Қазақстанға деген өсіп келе жатқан қызығушылығын атап өтті.Дөңгелек үстел барысында елдің туристік бағыттары таныстырылып, белсенді, сауықтыру және мәдени туризмге ерекше көңіл бөлінді. Әуе қатынасын кеңейту, турпакеттерді дамыту және компаниялар арасындағы ынтымақтастықтың келешегі де талқыланды. Air Astana және Kite Travel компанияларының өкілдері Таяу Шығыстан келетін туристерге арналған бағыттар мен сервистерді дамыту жоспарлары туралы баяндады. Сондай-ақ Қазақстанның туристік мүмкіндіктері жайлы бейнероликтер көрсетілді.Іс-шара B2B форматындағы іскерлік сессиямен аяқталды, онда тараптар әріптестікті дамыту бойынша нақты қадамдарды талқылады. Қатысушылар қазақ мәдениетінің элементтерімен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Қонақтар жылы қабылдау мен екіжақты байланыстарды нығайтудағы іс-шараның жоғары маңыздылығы үшін ұйымдастырушыларға зор алғыстарын білдірді.Сауд Арабиясынан Қазақстанға келетін туристер саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл – тараптар арасындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқанын және оң динамикасын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1016580?lang=kk
Recycle БІРGE экоакциясы 22 маусымда өтеді 13.06.2025
Сәлем, құрметті алматылықтар! 🌿Көптен бері: «Келесі эконауқан қашан болады?» деген сұрақты жиі естіп жүрміз. Сондықтан қуана хабарлаймыз!Recycle БІРGE эконауқаны 22 маусым күні №120 гимназиясының аумағында өтеді 💚Іс-шара Алмалы ауданы әкімінің аппараты @akimat_almaly және Алматы даму орталығының @almatydc.kz қолдауымен өтеді.📌 Сізді не күтіп тұр?● 🌍 Recycle аймағы – қалдықтарды қайта өңдеуге жинау● 👚 Reuse аймағы – заттарды қайта қолдануға тапсыру● 🎁 Дармарка – бұл жолы тек "ЗАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ" форматында● 📚 Кітап алмасу – оқы, бөліс, ауыстыр, қайтала● 🌱 Өсімдіктер алмасу – әр үйге жасыл өсімдік● 🛍 Экожәрмеңке – ең пайдалы әрі экологиялық өнімдер🗓 Қашан: 22 маусым (жексенбі)⌚ Уақыты: 12:00–16:00📍 Қайда: №120 гимназия, Құрманғазы көшесі, 76, АлматыОтбасыңызбен келіңіздер, достарыңызды шақырыңыздар және осы жазбамен міндетті түрде бөлісіңіздер!Алдағы күндері әр аймақ туралы толығырақ ақпаратпен бөлісеміз — жаңалықтарды бақылап отырыңыздар.🇰🇿 Іс-шара республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып отыр.Сұрақтарыңыз болса — пікірге жазыңыз, қуана жауап береміз!👥 Ұйымдастырушылар: @recycle.birge @recycle.birge.qaz @aliyasalmenova @ecocity_kz @darmarka.almaty @kamila_akimbekovaМузыка: Point BlankМузыкант: Not The KingАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1016608?lang=kk
Женева Қазақстандағы мүмкіндіктерге арналған инвестициялық форумды қабылдады 12.06.2025
Женева, 2025 жылғы 11 маусым – Женевада Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен және Женева сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен «Market focus on Kazakhstan» инвестициялық форумы өтті. Іс-шара Қазақстан мен Швейцария арасындағы, атап айтқанда франкофондық бизнес өкілдерімен, экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтудегі маңызды алаңға айналды.Форум ашылуында, Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов Қазақстан өзін дәйекті реформалар жүргізетін және оң экономикалық даму нәтижелерін көрсететін тұрақты және сенімді серіктес ретінде танытқанын атап өтті. 2024 жылы Швейцариямен тауар айналымының 1,7 млрд. долларға жеткеніне және швейцариялық компаниялардың инвестициялық жобаларға белсенді қатысатынына арнайы тоқтады. Елші әлеуетті салаларға – ауыл шаруашылық, фармацевтика, атом энергетикасы, көлік және цифрландыруға ерекше назар аударып, Қазақстанға швейцариялық инвестициялар көлемі 35 млрд. доллардан асқанын жариялады.Қатысушылар Kazakh Invest-тің Еуропадағы өкілі Сәкен Олжабаевтың шетелдік инвесторлар үшін мемлекеттік қолдау құралдары – салық және кедендік преференциялар, капиталды қорғау тетіктері, сондай-ақ жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде әкімшілік сүйемелдеу туралы егжей-тегжейлі таныстырылымын қызығушылықпен қабылдады. Ол Швейцария Қазақстанның соңғы онжылдық кезеңіндегі үшінші ірі шетелдік инвесторы екенін атап өтті.Швейцария тарапынан Қазақстандағы инвестициялық ахуалға оң баға берілді. Switzerland Global Enterprise консультанты Ксавьер Корнат жергілікті бизнестің қазақстандық нарыққа деген қызығушылығының артып келе жатқанын мәлімдеп, Қазақстанды Швейцарияның өңірдегі негізгі серіктесі ретінде атады. Серіктестіктің кеңеюіне ықпал ететін негізгі факторлар ретінде ол еліміздің саяси тұрақтылығын, сыртқы саяси бағытымыздың прагматизмін, экономиканы әртараптандыруды, жекешелендіруге және жаңартылатын энергия көздеріне дәйекті көшуді, сондай-ақ транзиттік әлеуеттің дамуын белгіледі.Swiss Choice Holding және INOKS Capital компанияларының басшылары Қазақстанда бизон өсіру, балық фермасын салу, ауыл шаруашылығын қолдау жөніндегі интеграцияланған жобаларды іске асыру бойынша табысты тәжірибелерімен бөлісті және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың жоғары тиімділігін және әкімшілік рәсімдердің ашықтығын атап өтті.Біріккен сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті, Қазақстанның Женевадағы Құрметті консулы Жан-Поль Периа екіжақты экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге қолдау білдіріп, Астана халықаралық форумының өзекті экономикалық мәселелердің кең ауқымын талқылауға арналған беделді алаң ретіндегі өкілдігін мәлімдеді.Форум қазақстандық нарыққа шығу бойынша практикалық қадамдарды талқылау мен ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын іздестірудегі бірқатар іскерлік кездесулермен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1016566?lang=kk
«Отбасы банк» АҚ-қа лицензия берілді 12.06.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы орынбасарының 2025 жылғы 11 маусымдағы № Б-160 бұйрығына сәйкес «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына қосымша: тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша білім беру жинақтау салымынан немесе сақтандыру төлемдерінен жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашу және жүргізу операциялары қосыла отырып, лицензия берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1016554?lang=kk
Қазақстан мен Беларусь сыртқы саяси жоспарлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 12.06.2025
Астана, 2025 жылғы 11 маусым – Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық жоспарын іске асыру шеңберінде сыртқы саяси жоспарлау мәселелері бойынша департамент директорлары деңгейінде консультациялар өтті.Қазақ тарапын ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Әлім Қирабаев, белорус тарапын БР СІМ Бас ақпараттық-талдау басқармасының басшысы Вячеслав Качанов басқарды.Консультациялар барысында тараптар сыртқы саяси жоспарлау саласындағы тәжірибемен алмасты, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша «сағаттарды теңестірді» және елдер арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1016550?lang=kk
Мемлекеттік қызметкерлеріне арналған семинар 12.06.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент және Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма қызметкерлері үшін Әдеп жөніндегі уәкіл МКД басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкеновтың төрағалығымен, Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ маман-теологы Ергелді Айтқожа және «Сенімен Болашақ» АҚҰ Ақмола филиалының басшысы Айгүл Нұрмағанбетова, Ш.Уәлиханов атындағы Университетінің «Құқық» кафедрасының жоғары санаттағы құқық ғылымдарының магистрі Ерлан Наурызбаевтың қатысуымен семинар өтті.Аталған іс-шарада «ҚР Мемлекеттік рәміздердің сипаттамасы мен пайдалану тәртібі», сондай-ақ «Түрлі діни топтар мен секталар туралы және олардың ықпал ету әдістері» және «Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсіту мен жыныстық қудалауды алдын алу» мәселелері қаралды.Қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1016486?lang=kk