Қоғам
«БЖЗҚ» АҚ-ның жыл басынан бері ұсынған қызметтерінің 98%-ы цифрлық режимде көрсетілді 29.05.2025
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшыларын қолдау мен ақпараттандыруға бағытталған қызметтердің кең ауқымын ұсынуды белсенді түрде жалғастыруда. 01.01.2025ж. мен 01.05.2025ж. аралығында халыққа шамамен 19,4 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің жалпы санының 9,1 млн-нан астамы электрондық форматта, 9,6 млн-нан астамы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,2%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға жүзбе-жүз шамамен 343,0 мың қызмет көрсетті, оның ішінде 334,9 мыңнан астамы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 718,1 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 10,1 млн үзінді көшірме берілді. Оның 8,3 млн астамы – электрондық, ал 1,4 млн астамы автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарыңызды қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты тек БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында деректемелерді өзгертуге 50,1 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 46,8 мыңнан астамы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 15,8 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 332,5 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 15,3 мыңнан астам материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 205,4 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1007797?lang=kk
Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 11,59 трлн теңгеге жетті 29.05.2025
2025 жылғы 1 мамырдағы көрсеткіш бойынша 2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) таза инвестициялық табыс 11,59 трлн теңгеге тең. Жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 39,8% жетті. Осылайша, азаматтардың зейнетақы жинақтарының елеулі бөлігі инвестициялық табыс есебінен құралды. Соңғы 10 жылда зейнетақы қаражатын инвестициялау тиімділігінің айтарлықтай өсуі байқалады, бұл салымшылардың (алушылардың) жинақ сомасын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді.Қазақстандағы зейнетақы жинақтары — азаматтардың зейнетке шығу кезеңіндегі қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді инвестициялаудың стратегиялық құралы. Икемді инвестициялық саясат пен активтерді әртараптандырудың арқасында еліміздің зейнетақы жүйесі ұзақ мерзімді тұрақты өсім көрсетіп, инфляциялық тәуекелдерден қорғана алатынын паш етті.Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн. Үнемі өзгеріп отыратын экономикалық орта жағдайында міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылып, ҚРҰБ басқаратын, соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің табыстылығы 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 13,35% құрады. Бұл кезеңдегі инфляция мөлшері – 10,70%. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен сол кезеңдегі зейнетақы активтерінің кірістілігі 9,03% көрсетті.Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 мамырға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 968,60% болды, ал бүкіл кезеңдегі инфляция 875,10%. Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1015154?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 мамырдағы инвестициялық портфельдері 29.05.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 23 065,95 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 630,73 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 372,84 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,38 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 мамырға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,14%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,09%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,21%, ҚРҰБ депозиттері – 2,22%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,49%, МҚҰ - 1,37%.2025 жылғы 1 мамырға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,63%, АҚШ долларымен – 40,37%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 590,71 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 4,32 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы мамырдан бастап 2025 жылғы сәуірді қоса алғандағы соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,63 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 13,35%, инфляция мөлшері - 10,70%. 2025 жылғы 1 мамырдағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 77,98%, РЕПО операциялары – 15,94%, ҚРҰБ депозиттері – 6,08%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 9,03% көрсетті. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,38 млрд теңгеден асады.01.05.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,70 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,55%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 18,88%, ҚР ҚМ МБҚ – 17,78%, РЕПО – 10,35%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,91%, МҚҰ - 6,22%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,03%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,75%. Атап кетейік, портфельдің 67,00% теңгемен, 31,58% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,42% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,46 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 22,90%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,26%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 12,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,45%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 10,94%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 8,96%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,50%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,61%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 2,54%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,72%, АҚШ долларымен 30,28% тең.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,74% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 6,17 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 26,20%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 19,17%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 16,62%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 11,01%, РЕПО – 9,19%, ҚР ҚМ МБҚ – 8,45%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,77%, АҚШ долларымен 24,23%. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 17,45% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,31 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 21,17% инвестицияланды, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 19,94%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 18,34%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,23%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,58%, РЕПО – 5,54%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,31%.Ұлттық валютада портфельдің 69,82%, АҚШ долларында – 30,18% инвестицияланды.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,66% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 36,74 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,23%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 14,12%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,78%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 10,04%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 7,30%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,48%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,77%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 60,20%, АҚШ долларында – 39,80% инвестицияланды.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,49% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1007908?lang=kk
Туризмдегі заң мен тәртіп: Катон-Қарағай ұлттық паркінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды 29.05.2025
Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Талдау осы салада заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, ашықтықты арттыру мақсатында жүргізілді.Талдау қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жүргізілген талдау нәтижелерімен, оның ішінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен таныстырып, оларды жою бойынша нақты ұсыныстар берілді.Талдау қорытындысы бойынша міндеттерді жосықсыз орындау, ашық емес рәсімдер және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану үшін алғышарттар жасайтын факторлар анықталды. Кадрлармен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, туристерге рұқсат беру саласындағы бұзушылықтар, цифрландырудың әлсіздігі және ресурстарды тиімсіз пайдалану жағдайлары атап өтілді. Сондай-ақ туристік инфрақұрылымды қалпына келтіру және мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығын арттыру қажеттігіне назар аударылды.Берілген ұсынымдар анықталған бұзушылықтарды жоюға, бақылауды күшейтуге және саябақты басқарудағы ашықтықты арттыруға бағытталған. Ұсынылған шараларды іске асыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейін едәуір төмендетуге және туристік саланың тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1007226?lang=kk
Көмектесу үшін бірігеміз! 29.05.2025
🕘 30 мамыр күні сағат 17:00 – де Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!❓ Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты консультация алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.💼Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.📍 Мекен - жайы:Алматы қ., Достық даңғылы 85А "Caspian University".Алматы қ., Құрманғазы көшесі 107 «Қонаев университеті».Толығырақ ақпарат алу үшін: 👉 https://lp.prg.kz/kk/narod-jur-2025/🛡️ Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1007242?lang=kk
Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры 28-інші маусымын Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» драмасымен салтанатты түрде жабылу рәсімі өтті. 29.05.2025
28-інші театр маусымында «Ар.Рух.Муза», «Тақ.Кек.Қуыршақ» дара-толғаулар, Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай «Соңғы хат» спектакль-концерті, «Өтелмеген парыз» драмасы, «Алдар», «Ортеке туралы аңыз», «Бремен музыканттары» атты ертегілер мен театрландырылған концерттік бағдарламалар ұсынып, барлығы 9 премьераның тұсауы кесіліп, көрерменнің қошеметіне бөленді.Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарында «Ән аты–Нурикамал», «Алаш», «Алдаспан» драмалары мен балаларға арналған «Байқа балақай», «Бремен музыканттары» қойылымдарымен гастрольдік сапарда болды.28 театр маусымы сахна майталмандары үшін табысты жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мәдениет қайраткері» Қайрат Мырзаболатовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын табыстады. Халық әртісі Бағысова Жібек Есекеқызы «Ақмола еңбек озаты» төсбелгісімен, «Мәдениет қайраткері» Құсайынова Жанар Сатубайқызы «Дара» төсбелісімен, тігін цехының меңгерушісі Бекентаева Ботагөз Қабешқызы мен сахна технигі Кулмаганов Тұрғынбек Нәбиұлы «Еңбек даңқы» төсбелгісімен және талантты актриса Шайсұлтанова Әсем Берікқызы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.Құрметті театр майталмандары! Әрдайым барша көрермендер қошеметіне бөленіп, алғыстарын алып, биік белестерден көріне беріңіздер!«Театр ұжымына қажырлы еңбегі үшін зор алғысымды білдіремін. Баршаңызға керемет жазғы демалыс тілеймін», - деп театр маусымының жабылу салтанатында Айгүл Сәбитова құттықтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1007168?lang=kk
«Кітапханалардың есеп беру қызметі» облыстық семинар-практикумы өтті 29.05.2025
29 мамырда «Ақмола облысының кітапханаларын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасы» жобасын талдау және әдістемелік қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында «Кітапханалардың есеп беру қызметі» облыстық семинар-практикумы өтті.Іс-шара мамандардың қажетті біліктілік деңгейін қолдау және кітапханалардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталған.Қатысушыларға Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Б. Сәбитова және М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қ.Е.Оспанов құттықтау сөз сөйледі.Семинар бағдарламасы салтанатты және мазмұнды бөліктерді қамтыды. Іс-шараның салтанатты бөлімінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша үздік ОКЖ, «Рухани қазына-2025» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау, Ақмола облысы мемлекеттік желі кітапханашыларын АО мәдениет басқармасының және М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК алғыс хаттарымен марапаттау өтті.Семинар-практикумның мазмұндық бөлігінде аудитория екі секцияға бөлінді: біріншісі ОКЖ директорларын «Ақмола облысының кітапханаларын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасы» жобасын талқылау, екінші секцияда өңірдің әдістемелік қызметтері үшін цифрлық және мәтіндік есептерді құрастыру бойынша оқыту шеберлік сабақтары өтті.Іс-шараға қатысушылардың қатарында 17 аудандық және үш қалалық ОКЖ өкілдері, Ақмола облысы мемлекеттік желі кітапханаларының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері бар. Семинар-практикум бағдарламасының ұйымдастырушысы және әзірлеушісі Жұмабаев атындағы АОӘҒК болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1007172?lang=kk
Уважаемые участники ВЭД! 29.05.2025
Құрметті СЭҚ қатысушылар!Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті танысу үшін «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 13.05.2025ж. № 202 бұйрығын орналастырады.Бұйрықта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген бұйрықпен Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге автомобиль және темір жол көлігімен сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) әкетуге тыйым салынды. Бұйрық 2025 жылғы 14 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.Қосымша: 6 парақта. Кедендік бақылау басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1006965?lang=kk
“Бала деген бір бақыт” атты кітапханаға саяхат. 29.05.2025
28 мамыр күні Абай атындағы орта мектебінің балабақшасынан кішкене бүлдіршіндері “Бала деген бір бақыт” атты кітапханаға саяхат жасады. Саяхаттың мақсаты:балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. Болашақ ұрпағымыз білімді, ақылды болуына тілектеспіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1007163?lang=kk
Президенттік жастар кадрлық резервіне түсу үшін жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы 29.05.2025
2025 жылдың 29 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуді ақпараттық сүйемелдеу мақсатында қоғамдық орындарда, мемлекеттік мекемелерде, кітапханаларда, сауда орталықтарында буклеттер орналастырды, сондай-ақ жастарды іріктеуге қатысуға шақыру туралы халыққа ақпарат таратты.1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталады.Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады және келесі 6 бағытты қамтиды: әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам; инфрақұрылымды дамыту; өнеркәсіп және сауда саясаты; экономикалық және қаржы саясаты; цифрландыру; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар.Үміткер тіркеу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы керек.Резервке кіруге үміткерлер бірқатар талаптарға сай болуы керек, соның ішінде:- жасы 35 жастан аспайды,- Қазақстан Республикасының азаматтығы,- жоғары білімнің болуы,- белгілі бір жұмыс тәжірибесі,- мемлекеттік тілді білу В1 деңгейінен төмен емес.Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болу үшін 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өту қажет.Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында арнайы сайтта pkrezerv.gov.kz онлайн-режимде жүзеге асырылады. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1007164?lang=kk
«Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 8-отырысы Астанада өтті 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 27 мамыр — Қазақстан астанасында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 8-отырысы өтті. Іс-шара тараптар арасында жасалған Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (КӘЫК) шеңберінде ұйымдастырылды. Қазақстан тарапынан делегацияны ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Ануар Узакбаев басқарды. Еуропалық тараптан Еуропалық комиссияның Салық салу және кеден одағы жөніндегі Бас директораттың халықаралық қатынастар жөніндегі директоры Маттиас Петшке төрағалық етті. Отырыс барысында тараптар кеден саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылап, цифрландыру, құқық қолдану және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша келесі бірлескен жұмыс бағыттары келісілді: - Қазақстандағы экономикалық операторлармен ЕО кеден заңнамасындағы соңғы жаңартулар бойынша онлайн немесе офлайн форматта кездесулер өткізу; - Алдын ала ақпарат алмасу туралы келісім жасау; - Құқық қолдану саласында тәжірибе алмасу; - Кедендік әкімшілендіруде жасанды интеллект қолдану, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, «Бір терезе» жүйесін енгізу және шекарада мобильді кедендік топтар арқылы бақылау жүргізу сияқты тақырыптар бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және халықаралық сауданы жеңілдетуге, ашықтық пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған ортақ бастамаларды ілгерілетуге деген өзара мүдделілікті растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1007167?lang=kk
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілері ХҚКО-ға келді 29.05.2025
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» республикалық онкүндігі аясында Өскемен қаласындағы №3 Халыққа қызмет көрсету орталығына «Үміт» балалар үйі мен «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» тәрбиеленушілері қонаққа келді. Бұл сапар «Кибер Тұмар» күніне орай ұйымдастырылып, балаларды заманауи цифрлық технологиялармен және мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталды.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері жас қонақтар үшін ХҚКО-да таныстыру экскурсиясын ұйымдастырып, мекеменің негізгі жұмыс бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берді. Олар мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін қалайша заманауи цифрлық технологиялар арқылы ашық, ыңғайлы және қолжетімді етуге болатынын көрсетті.Экскурсия барысында балаларға Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірнеше аймаққа бөлінетіні түсіндірілді, мысалы: қызмет көрсету, жылдам қызмет көрсету, құжаттау, жайлылық аймақтары. Бұл клиенттерге қызмет көрсету процесін сұраныс түріне, мәселенің күрделілігіне және басқа да параметрлерге қарай тиімді әрі жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. Балалар әсіресе өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына ерекше қызығушылық танытты, бұл жерде кез келген тұрғын оператордың көмегінсіз өз бетінше қызмет ала алады. Сонымен қатар, оларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) деген не екені және кибергигиенаның негіздерін сақтау не үшін маңызды екені түсіндірілді.«Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар әр адамның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Балалар тек оны қолдана біліп қана қоймай, сонымен қатар цифрлық кеңістікте қауіпсіздік пен жауапкершіліктің маңызын түсінулері өте маңызды. Мұндай іс-шаралар цифрлық сауаттылықтың берік негізін қалауға көмектеседі деп есептеймін», — деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиал директоры Азамат Есембулов.Іс-шара соңында балаларға Мемлекеттік корпорация қызметі мен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық негіздеріне арналған шолу курсын өткендігі туралы сертификаттар табысталды. Айта кетейік, іс-шара ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1006976?lang=kk
«Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласы» 29.05.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 28 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Азамат Султанов «Алау» телеарнасы «Көкейтесті сұхбат» бағдарламасында «Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласы» тақырыбы төңірегінде сұхбат берді.Сілтеме: https://youtu.be/Hdjyka4MzEQ?si=uy2LrpkQr4ObgiV0 Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1006987?lang=kk
БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы делегациясының Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетіне сапары туралы 29.05.2025
2025 жылғы 28 мамырда Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Сәбит Нұрлыбай Ауғанстандағы, Орталық Азиядағы, Ирандағы және Пәкістандағы БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) өңірлік өкілі Оливер Штолпемен, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ ЕҚБ Бағдарламалар офисінің басшысы Мөлдір Сариевамен кездесті.Кездесу барысында делегацияға Комитеттің енгізілген бірегей ақпараттық және талдау жүйелері ұсынылды, соның арқасында қылмыстық процестің өтінішті тіркеуден бастап жазаны орындауға дейінгі барлық кезеңдері цифрландырылған.Тараптар БҰҰ ЕҚБ тарапынан ықтимал ынтымақтастық және бағдарламалық қолдау шеңберінде Комитеттің басым бағыттары мен өзекті қажеттіліктерін талқылады.Қонақтарға Комитет базасында іске қосылған синтетикалық есірткі өндірісінде әлеуетті пайдаланылатын прекурсорлардың, химиялық заттар мен жабдықтардың айналымын мониторингтеу жөніндегі Ұлттық ведомствоаралық орталығы — «Таргетинг» пилоттық жобаның жұмысымен танысуға ерекше көңіл бөлінді. Сапар соңында Оливер Штолпе Комитет іске асыратын қадағалау және құқық қорғау қызметі процестерін цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтті.БҰҰ ЕҚБ делегациясы өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ұйымдастырылған қабылдау және ұсынылған толық ақпарат үшін ризашылығын, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1007026?lang=kk
Қазақстан Республикасының Елшісі IPRI конференциясына қатысты 29.05.2025
Исламабад, 2025 жылғы 27 мамыр – Исламабад саяси зерттеулер институты (IPRI) Оңтүстік және Орталық Азия үшін «Шығыс – Батыс» дәлізінің жүзеге асырылу мүмкіндігін бағалауға арналған кітаптың тұсаукесеріне арналған конференция ұйымдастырды. Аталған кітап IPRI мен RAND корпорациясы (АҚШ) арасындағы бірлескен ғылыми зерттеудің нәтижесі болып табылады.Конференцияның құрметті қонақтары ретінде Пәкістанның Жоспарлау, даму және арнайы бастамалар жөніндегі федералдық министрі Ахсан Икбал және Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин шақырылды.Іс-шара барысында аймақтық инфрақұрылым, өзара байланыстылық, сондай-ақ сауда-экономикалық салада өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған көлік-логистикалық дәліздерді дамыту мәселелері талқыланды.Өз сөзінде Елші Е. Қыстафин бұл бағытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, еліміздің көлік-логистикалық бағыттарды дамытуға басымдық беріп отырғанын атап өтті. Бұл бағыттар Қазақстанды әлемдегі теңізге шыға алмайтын ең ірі елден өңір елдерін, соның ішінде Пәкістан арқылы да байланыстыратын маңызды транзиттік хабқа айналдыруды көздейді.Елші Исламабадта өткен Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық бірлескен комиссиясының 13-отырысының қорытындылары туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, Қазақстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Пәкістан арқылы өтетін Транс-Ауған теміржолын салу жөніндегі бастама туралы айтты. Бұл бастама Пәкістанның теңіз порттарына шығуды қамтамасыз етіп, Парсы шығанағы, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастықты дамытуға жол ашады.Сондай-ақ, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Бұл Оңтүстік және Орталық Азия арасындағы өңірлік сауданы жандандыруға және құрлықтар арасындағы байланысты нығайтуға, екіжақты серіктестікті жаңа сапалы деңгейге шығаруға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1007040?lang=kk
Алматы облысы Қытаймен әріптестікті нығайтуда 29.05.2025
Алматы облысы Қытай Халық Республикасымен стратегиялық әріптестікті нығайтып келеді. 2025 жылғы 21–26 мамыр аралығында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің басшылығымен өңір делегациясы Пекин, Шанхай, Ханчжоу және Цзинань қалаларында болды. Сапар бағдарламасына халықаралық көрмеге қатысу, бизнес-форум өткізу, мәдени шаралар ұйымдастыру және Қытайдың мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдерімен екіжақты кездесулер кіреді.Пекинде өткен халықаралық көрмеде Алматы облысының 12 компаниясы 150-ден астам өнім түрін – азық-түліктен бастап биологиялық белсенді қоспалар мен сусындарға дейін – ұсынды. Қазақстандық өнімдер жоғары сапасы мен табиғи құрамының арқасында қытайлық дистрибьюторлардың қызығушылығын тудырды. Бұл көрме өңір брендтерін Қытай нарығына шығару мен тікелей экспорттық байланыстар орнатудың тиімді алаңына айналды.Пекинде Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық мәдени кеш өтті. Шарада «Сазген», «Құлансаз» халық музыка ансамбльдері, Алматы облысының танымал орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Композитордың шығармашылығы әлем сахнасында қазақстандық мәдениеттің бай мұрасы ретінде таныстырылды.Сапар аясында инвестициялық және өндірістік ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Облыс әкімі қытайлық бизнес пен мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен бірқатар келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Пекин қалалық ХҚКК төрағасының орынбасары Ван Хонгпен кездесіп, ауыл шаруашылығы, логистика, жасыл энергетика және жоғары технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. «Бір белдеу — бір жол» бастамасы аясында Алматы облысының транзиттік және өндірістік торап ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.2025 жылғы 22 мамырда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Шанхай қаласының мэрі Гун Чжэнмен ресми кездесу өткізді. Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуына орай екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды. Әкім Алматы облысының қазақ-қытай серіктестігін дамытудағы стратегиялық рөлін атап өтіп, Шанхаймен тұрақты даму мен цифрлық трансформация үлгісі ретінде ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізді.Маңызды кездесулердің бірі – логистикалық алпауыт YTO Express компаниясының басшылығымен өткен келіссөздер болды. Кездесу барысында облыс аумағы арқылы өтетін көлік бағыттарын дамыту мәселелері қаралды. Сонымен қатар делегация күн энергетикасы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Astronergy компаниясының өндірістік қуаттарымен танысып, Қазақстанда өндірісті локализациялау және жаңартылатын энергия көздері бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.Келіссөздер нәтижесінде Zhuhai Shixi Technology, Wanjia Hotel Group, AT Partner, Jinxiang Investment Group және басқа да қытайлық компаниялармен меморандумдарға қол қойылды.Келісілген жобалар қатарында — Көлсай көлінде аспалы жол салу, сондай-ақ туризм, тамақ өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері мен ақпараттық технологиялар салаларындағы бірлескен бастамалар бар.2025 жылғы 23 мамырда Цзинань қаласында өткен ірі бизнес-форумға 300-ден астам қатысушы мен 124 компания жиналды. Форумда экспорт-импорт қатынастары, технологияларды дамыту, құрылыс материалдарын өндіру, көлік инфрақұрылымы және энергетика мәселелері талқыланды. Іс-шараға жылдық айналымы 1 миллиард юаньнан асатын оннан астам корпорация қатысты. Форум Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланысты кеңейтуге маңызды алаң болды.Сапардың қорытындысында делегация Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсянмен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қозғалды. Қазіргі таңда Алматы облысында қытайлық капиталдың қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Қытаймен тауар айналымы 2023 жылы 1,082 млрд долларды, 2024 жылы 1,023 млрд долларды құрады. Шаньдун провинциясы сауда, инвестиция және мәдениет салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруда өңірдің басты серіктестерінің бірі ретінде қарастырылады.Сапар қорытындысы бойынша Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытаймен өзара іс-қимыл жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті:«Алматы облысы жасыл энергетика мен туризмнен бастап логистика және агроөнеркәсіп кешеніне дейінгі барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге дайын. Қол қойылған келісімдер мен жасалған уағдаластықтар қытайлық әріптестер тарапынан жоғары сенім деңгейін көрсетеді. Біз бірлескен жұмысқа ашықпыз және нақты нәтижеге бағытталғанбыз».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1007063?lang=kk
Аудан әкімі Қалжан ахун және Сәкен Сейфуллин ауылдарының тұрғындарымен кездесті 29.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың есепті кездесулер аясында Қалжан Ахун және Сәкен Сейфуллин ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесулерге облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.Аудан басшысы кездесу барысында облыс көлемінде жүзеге асып жатқан жобалар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін атап көрсетті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Өңіріміз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындарда. Облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асты. Биыл облыс аумағындағы барлық елді мекендер орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында құны 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Президентіміздің Катар еліндегі іс-сапарда үкіметаралық келісім шеңберінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағында салынатын болады. «ҚазМұнайГаз» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Бүгінде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Аудан орталығында құны 1,5 млрд. теңге болатын «Руханият» орталығының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Аудан халқы 100 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Соңғы 3 жылда 670 млн. теңгеге Тереңөзек кенті, Шаған, Қоғалыкөл, Аманкелді елді мекендерінде ауыз су желілері жаңартылды. Өткен жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында құны 241,1 млн. теңгеге Тереңөзек кенті және Аманкелді елді мекеніндегі медициналық нысандар күрделі жөндеуден өтті. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 475 млн. теңгеге Қалжан ахун елді мекенінде ескірген электр желілері қайта жаңғыртудан өтуде.Есепті кездесулерде тұрғындар елді мекеннің өзекті мәселелерін жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан әкімі барлық мәселе назарда болатынын айтып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1007072?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕН МЮНХЕНГЕ АЛҒАШҚЫ ТІКЕЛЕЙ РЕЙС СӘТТІ ОРЫНДАЛДЫ 29.05.2025
SCAT әуе компаниясы Шымкент пен Мюнхен қалалары арасында тікелей рейстерді бастады. Рейстер апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Ұшақтар Boeing 737 үлгісіндегі әуе кемесімен жүзеге асырылады және шамамен алты сағатқа созылады.Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1007073?lang=kk
5,6 мың тонна ақмолалық астық Италияға экспортталды 29.05.2025
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелерін шешу мақсатында Ақмола облысының әкімдігі өз құзыреті аясында астықты жақын және алыс шетелге экспорттауға қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Биылғы жылы ақпанда облыс әкімінің Эстония Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Ақмола облысы мен «Muuga Grain Terminal» астық терминалы арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін ашып, өңір диқандары үшін Еуропа елдеріне астық экспорттауға жол ашты. Ағымдағы жылы екі кәсіпорын жалпы көлемі 5,6 мың тонна астықты Италияға экспорттады. Оның ішінде «Содружество Трейд Восток» ЖШС Эстония аумағы арқылы 1,6 мың тонна өнім жөнелткен. Астық және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бағытында экспорттаушылармен бірлескен жұмыс қарқынды жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007116?lang=kk
Қонаев қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті 29.05.2025
Қаладағы Б. Соқпақбаев атындағы саябақта өткен мерекелік іс-шараға мәдениет және өнер саласының өкілдері, шығармашылық зиялы қауым, сондай-ақ облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары қатысты.Жиынға қатысушыларға құттықтау сөзін Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев арнады. Ол өз сөзінде мәдениеттің қоғам дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтіп, әрбір мәдени көрініс — халықтың тарихы, тілі мен рухани мұрасының айнасы екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол мәдениет саласы қызметкерлеріне өңірдің мәдени құндылықтарын сақтап, дамыту жолындағы жанқиярлық еңбектері үшін алғысын білдірді.Бүгінде Алматы облысында 293 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, онда екі мыңнан астам маман қызмет етеді. 2025 жылы өңірде 2154 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, жастардың қатысу деңгейі 77 пайызды құрады.Салтанатты бөлім барысында мәдениет саласындағы үздік қызметкерлерге мемлекеттік және салалық марапаттар табыс етілді. Оларға алғыс хаттар, құрмет грамоталары, «Мәдениет саласының үздігі», «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгілері, сондай-ақ «Еңбек ардагері» және «Еңбек даңқы» медальдары тапсырылды.Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған республикалық шаралар аясында мемлекеттік деңгейде де ерекше марапаттар табысталды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Алматы облысының өкілдері жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейдің директоры Салтанат Жамбылова — «Парасат» орденімен, ал «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблінің негізін қалаушы, мәдениет саласының ардагері Газиза Әбдиева — «Құрмет» орденімен марапатталды.Кәсіби байқау қорытындысы бойынша өңірдегі үздік мәдениет мекемелері анықталды. Жеңімпаздар қатарында:«Үздік кітапхана» номинациясы — Талғар аудандық кітапханасы;«Үздік музей» — Қарасай ауданындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы;«Үздік театр ұжымы» — «Қарадала» театры;«Үздік мәдениет үйі» — Еңбекшіқазақ аудандық Мәдениет үйі.Әрбір жеңімпаз мекемеге 500 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат табыс етілді.Жеке номинациялар бойынша да сала мамандары марапатталды. «Үздік мәдениет үйі қызметкері» аталымында Қонаев қалалық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі – Айнұр Бекбосынова үздік деп танылды. Ол өз сұхбатында ата-анасының мәдениетке арнаған өмір жолын жалғастырып келе жатқанын айтып, әріптестеріне алғыс білдіріп, барша әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.Салтанатты жиынның шарықтау шегі — жаңа JAC S3 Pro автокөлігінің кілтін табыстау болды. Бұл марапат облыстағы ең үздік мәдениет мекемесі ретінде танылған «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамбліне берілді. Қарасай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлжан Дүйсенова бұл марапат ұжымның 2015 жылдан бері елімізде ғана емес, шетелде де өңір өнерін танытып келе жатқан он жылдық еңбегінің жемісі екенін атап өтті. Жақында ансамбль Қытайда болып, көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концертке қатысып қайтқан.Іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен жарқын концерттік бағдарламамен аяқталды. Көрермендерге ұсынылған жанды орындаулар, халық және заманауи әндер шынайы мерекелік көңіл-күй сыйлап, шараның көркем қорытындысы болды.Мәдениет және өнер қызметкерлері күні — ұлттық мұраны ұрпаққа жеткізетін, қоғамға рухани азық беретін сала мамандарының еңбегі әрдайым жоғары бағалануға лайық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1007123?lang=kk