Қоғам
Дубай қ. Қазақ мәдени орталығы ашылды 29.05.2025
Дубай қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығының және қазақстандық кәсіпкерлердің тікелей қолдауымен Дубай қ. Қазақ мәдени орталығы ашылды.Аталған орталық шетелдегі отандастарды біріктіру, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау, қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау мен дамыту мақсатында құрылды. Мәдени орталық аясында ұлттық мерекелер, көрмелер, мәдени шаралар, балалар мен жастарға арналған оқу курстары мен кездесулер тұрақты түрде өткізіледі деп жоспарлануда.Қазақ мәдени орталығы — отандастар арасындағы рухани байланысты нығайтып, мәдени мұраны сақтауға арналған орта болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1005865?lang=kk
KazAID Орталық Азиядан келген дипломаттар үшін оқыту өткізді 29.05.2025
KazAID Орталық Азиядан келген дипломаттар үшін оқыту өткізді"Достық: Дипломатия" бағдарламасы аясында Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері үшін "Трансшекаралық сулар — орнықты даму драйвері" семинары өтті.Семинарды ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының алаңында ұйымдастырды. Бағдарлама өз елдерінің трансшекаралық суларды басқару саласындағы саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысатын сыртқы істер министрліктерінің және басқа да салалық министрліктердің мемлекеттік қызметшілеріне арналған. Бұл бағдарламаны KazAID 2024 жылы іске қосты.2025 жылғы 27-28 мамыр аралығында Орталық Азиядан 10 өкіл ТДМ және су дипломатиясын іске асыру мәселелері бойынша өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған оқытуға қатысты.Бағдарлама шеңберінде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі су ресурстарының рөлі, су ресурстарын басқару жөніндегі жобаларды іске асыру тәжірибесімен алмасу, Арал теңізі бассейнін дамыту мәселелері бойынша мемлекетаралық ынтымақтастық, МҚҰ тарапынан ОА су шаруашылығын қаржыландыру мәселелері қаралды.Спикерлер ретінде KOICA, Еуразиялық Даму Қоры және су ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық институттың өкілдері сөз сөйледі.Семинар KazAID грантының арқасында қатысушылар үшін өтеусіз негізде іске асырылды және Астана бойынша мәдени бағдарламамен сүйемелденді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1005976?lang=kk
Мемлекет басшысы Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады 29.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тайе Ацке-Селассиеге Эфиопияның Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.Қазақстан Президенті жеделхатында екі ел арасындағы қарым-қатынас зор әлеуетке ие екенін атап өтіп, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін күш-жігер жұмылдыруға әзірлігін растады.Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Эфиопия халқына құт-береке тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1006000?lang=kk
Бас консул "Самарқанд-ислам әлемінің мәдени астанасы 2025"жылының ашылу салтанатына қатысты 29.05.2025
2025 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасының Самарқан қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов «Рухани мұра және ислам әлемінің мәдени өрнектері» атты халықаралық форумға және 2025 жылғы «Самарқанд – Ислам әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанатына қатысты.Іс-шараны Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ұйымы (ICESCO) ұйымдастырды. Форумға 20-дан астам елдің мәдениет министрлері, дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар, ғалымдар мен өнер қайраткерлері қатысты.Талғат Шәріпов өз сөзінде бұл алаң мәдени байланыстарды нығайтуға және ортақ рухани әрі тарихи мұраны сақтау мен насихаттау мәселелерін талқылауға ерекше мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты халықтар арасындағы диалог пен өзара түсіністіктің маңызды құралы ретінде бағалады.Самарқандтың 2025 жылы ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесін алуымен қаланың мәдени, ғылыми және туристік әлеуеті кеңінен танылады деп сенім білдірді.ICESCO-ның діни бірлік пен диалогты дамытуға бағытталған күш-жігерін атап өтіп, Талғат Шәріпов 2025 жылдың қыркүйегінде Астанада өтетін VIII Дүниежүзілік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезіне ислам әлемінің елдерін белсенді қатысуға шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1006006?lang=kk
2025 жылдың 27 мамыр күні Бөрлі ауданының Қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті 29.05.2025
2025 жылдың 27 мамыр күні Бөрлі ауданының Қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті. Отырысқа Бөрлі аудандық мәслихатының төрағасы К.Ермекбаев Бөрлі ауданы әкімінің орынбасарлары Д.Имашев,М.Нурмаков, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырыста аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова " 2024 жылға арналған Бөрлі аудандық бюджеттің орындалуы туралы", " 2025-2027 жылдарға арналған аудан, Ақсай қаласы мен ауылдық округтердің бюджеті туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" мәселесі бойынша баяндама жасады. Келесі аудандық білім беру бөлімінің "Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды ЖББОМ тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" аудан әкімінің қаулы жобасымен білім беру бөлімінің бас маманы Ж.Умирханова таныстырып, кеңес мүшелері К.Ермекбаев, А.Идгеева, Т.Казжанов баяндамашыға сұрақтарын қойып жауаптарын алды.Бөрлі ауданының ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің "Қарақұдық ауылына кіреберіс автомобиль жолын ағымдағы жөндеу" мәселесі бойынша бөлім басшысы Б.Карагойшиннің ақпараты тыңдалып, Қоғамдық кеңесінің келісімі берілді. Сонымен қатар Достық, Қарағанды ауылдық округі әкімі аппаратының атқарған жұмысы мен көрсететін мемлекеттік қызметтері туралы округ әкімдері баяндады. Күн тәртібіндегі соңғы сұрақ "Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы # 24-5 " Бөрлі ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" шешімін жою туралы мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Л.Букушева таныстырды.Отырыс соңында аудан әкімінің орынбасары Д.Имашев сөз алып, қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталып,кеңес мүшелері көтерген сұрақтар мен ұсыныстарын назарға алатындығын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1006021?lang=kk
Елшінің Литва Сеймі Сыртқы істер комитетінің төрағасымен кездесуі туралы 29.05.2025
Вильнюс, 2025 жылғы 27 мамыр - Елші Т.Оразаев Литва Сеймі Сыртқы істер комитетінің төрағасы Р. Мотузаспен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты парламентаралық және саяси ынтымақтастыққа қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Қазақстан мен Литва арасындағы халықаралық ұйымдар аясындағы тұрақты өзара іс-қимыл, соның ішінде Қазақстан бастамаларына қолдау көрсету, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестіктің дамып келе жатқаны атап өтілді.Әңгімелесушілер парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға, мәдени және гуманитарлық алмасуларды кеңейтуге мүдделілік білдіріп, өзара құрмет пен тарихи жадыға негізделген диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу ашықтық пен сындарлы әріптестік рухында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1005683?lang=kk
Жер қатынастары мен сыртқы жарнаманы реттеу мәселелері бойынша кеңес өтті 29.05.2025
Мемлекеттік меншікке жататын жер учаскелерінде өз бетінше орнатылған жылжымалы сауда нысандарын ретке келтіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.Соңғы уақытта облыс орталығында 450-ден астам дүңгіршек пен павильон бұзылып, олардың қатарында Победа көшесіндегі Орталық базар маңы мен Шевченко көшесінің бойындағы нысандар бар. Бұл шаралар жол жүру бөлігін және жаяу жүргіншілер жолын босату мақсатында қабылданды.2024 жылдың басынан бері уәкілетті органдарға мақсатсыз пайдаланылған немесе өз бетінше иеленіп алынған 122 жер учаскесі бойынша материалдар жолданды.Жарнамалық құрылымдарға мониторинг жалғасуда. Қала аумағында орнатылған 237 нысанның көпшілігі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді. Бүгінгі таңда 24 жарнама құралы алынып тасталды, тағы 15-і демонтаждау сатысында.Конструкциялар орнатылған жер учаскелеріне қатысты 19 іс сотта қаралды — олардың басым бөлігі бойынша шешім қала әкімдігінің пайдасына шығарылды, екі іс бойынша сот талқылауы жалғасуда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 13 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.Қазіргі заманғы көрнекі ақпарат құралдарын пайдалануға мүдделі жарнама агенттіктерімен ынтымақтастық жалғасатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1005696?lang=kk
Литвада тоғызқұмалақтан Екінші халықаралық балалар турнирі өтті 29.05.2025
Вильнюс, 2025 жылғы 27–28 мамыр — Литвадағы Қазақстан Елшілігінің, Литва мен Латвияның тоғызқұмалақ федерацияларының және Вильнюстегі «Сантарос» гимназиясының қолдауымен Вильнюс қаласында қазақтың зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақ бойынша шеберлік сабағы мен Екінші халықаралық балалар турнирі өтті.2024 жылғы мамырда өткен алғашқы турнир Қазақстан мен Балтық елдері арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа дәстүрінің бастамасы болды.Литва мен Латвиядан келген 30-дан астам оқушы Вильнюске жиналып, стратегиялық шеберлікте жарысып қана қоймай, 2020 жылы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енген ұлттық ойынмен танысты.Турнирдің ашылуында тоғызқұмалақ – бұл жай ғана ойын емес, бұл – стратегия, сабыр мен қарсыласқа құрмет сынды қағидаттар тоғысқан халық философиясының бір бөлігі екені атап өтілді. «Бұл ойын – мәдениет пен интеллект тілінде сөйлейтін өзара түсіністік көпірі», – деп атап өтті Елші Т.Оразаев.Іс-шара аясында Қазақстан Елшілігінің бастамасымен қазақ жазушыларының литва тіліне аударылған кітаптарынан шағын көрме ұйымдастырылды. Оқушылар мен қонақтар қазақ халқының рухани негіздерін ашатын шығармалармен танысты — М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан бастап Е.Тұрсыновтың тарихи «Мәмлүк» романына дейін.Қазақстан мәдениеті мен тарихымен танысу биылғы жылдың маңызды мерейтойларымен де ерекше мәнге ие: А.Құнанбаевтың 180 жылдығы, Ә.Молдағұлованың 100 жылдығы, композитор Н.Тілендиевтің 100 жылдығы, акын И.Байзақовтың 125 жылдығы, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы. Бұл мерейтойлар еліміздің тарихының түрлі беттерін және қазақтың рухани мұрасының байлығын айқындайды.Тоғызқұмалақ турнирінің жеңімпаздарына Қазақстанның тоғызқұмалақ федерациясы атынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Қазақстан Елшілігі Латвия тоғызқұмалақ федерациясының президенті Л.Азимоваға, Литва тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Р.Жандариенеге, және «Сантарос» гимназиясы әкімшілігіне Балтық елдерінде қазақ зияткерлік мәдениетін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1005697?lang=kk
Алматыда «Өзгерістер көшбасшысы – жастар» форумы өтті 29.05.2025
Алматы, 2025 жылғы 26 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Өзгерістер көшбасшысы – жастар: ықпал үшін диалог» форумына қатысып, сөз сөйледі.Іс-шара БҰҰ Бас хатшысының Жастар ісі жөніндегі көмекшісі Фелипе Паульердің Алматы қаласына іс-сапары аясында ұйымдастырылды.Ж.Әбдрашов Қазақстанның БҰҰ-ның жаһандық жастар күн тәртібіне бейілділігін растап, цифрландыру, білім беру және психикалық денсаулық салаларында БҰҰ Жастар істері басқармасымен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Қазақ дипломаты сондай-ақ Алматы қаласында жаңадан құрылған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығының өңірлік жастар ынтымақтастығы үшін маңызды платформа ретіндегі әлеуетіне назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1005712?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Қатар Елшісімен кездесу өтті 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 27 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасындағы Қатар Мемлекетінің Елшісі Абдулла Хусейн Мухаммад Джабермен кездесу өткізді.Сұхбат барысында дипломаттар Қазақстан-Қатар қарым-қатынастарының оң динамикасын, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің дамуын атап өтті. Тараптар сондай-ақ БҰҰ аясындағы әлеуметтік даму мәселелеріне баса назар аударып өзара іс-қимылды талқылады.Кездесу соңында сұхбаттастар Қазақстан мен Қатар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1005719?lang=kk
Мемлекеттік органдардың өкілдерінен халыққа тегін кеңестер берділеді 29.05.2025
30 мамырда Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтеді.Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат келіп еліміздің заң қоғамының үздік өкілдерінен тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың қатарында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар бар.Осы акция шеңберінде барлық ниет білдірушілер өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ЖО құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан кеңес ала алады.Бейімбет Майлин ауданында осы акция 30 мамыр сағат 17:00, Әйет а., Тәуелсіздік к-сі, 60 (Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимараты), 1 қабаты мекенжайы бойынша өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1005732?lang=kk
Жетібай ауылында аудан әкімінің есептік кездесуі өтті 29.05.2025
⚜️ Жетібай ауылында аудан әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Кездесу барысында ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.⚜️ Атап айтқанда:Астана және Мұнайшы-2 шағын аудандарында әрқайсысы 2 пәтерден тұратын 8 тұрғын үй сатып алынып, тұрғын үйге мұқтаж, осал әлеуметтік топтағы 16 азаматқа пәтер кілттері табысталды.7 шағын аудан аумағында (Ж.Мыңбаев, Астана, Мұнайшы-1, Мұнайшы-2, Т.Әубәкіров, Төлендиев, №2 ауыл) көп жылдан бері жиналып қалған тарихи қалдықтар толықтай тазартылып, санитарлық жағдай жақсартылды.С.Жаңғабылұлы және №2 ауыл шағын аудандарында воркаут үлгісіндегі ашық спорт алаңдары орнатылып, тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалды.Өндірістік мекемелердің демеушілігімен тозығы жеткен, апатты жағдайдағы үйлер сүріліп, аумақтар ретке келтірілді.Зердебай Бекарыстанұлы атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп жанынан жастарға арналған заманауи спорт залы салынып, пайдалануға берілді.⚜️ Сонымен қатар, ауылды көркейтуге бағытталған жаңа жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, «Мұнайшы-1», «Аэропорт» және №2 ауыл шағын аудандарында балалар ойын алаңдарын салу, орталық көшеде арбат үлгісіндегі қоғамдық кеңістік қалыптастыру, ауыл кіреберісіндегі жарықтандыруды жаңғырту және қоғамдық базар маңында автотұрақ орнату жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.⚜️ Аудан әкімінің айтуынша, Жетібай ауылын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше назар аударылатын болады.⚜️ Кездесу барысында тұрғындар тарапынан 15-ке жуық жеке мәселе көтеріліп, барлығына заң аясында түсініктемелер берілді.ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1005734?lang=kk
«Өмір бәйтерегі» романы түрік оқырманымен қауышты 29.05.2025
Анкара, 2025 жылғы 27 мамыр – Түркия Республикасының Президенттік кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері және «Mecenat.kz» романдар байқауының жеңімпазы Сәуле Мағазбекқызы Досжанның «Өмір бәйтерегі» атты шығармасының түрік тіліне аударылған нұсқасының ресми тұсаукесері өтті.Аталған іс-шараны Түркі тарихы және мәдениеті қоры “TURKTAV” ұйымдастырып, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі қолдау көрсетті.Жиынға Түркияның зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, сондай-ақ Анкарадағы дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты. Бұл кеш тек әдеби шара ғана емес, қазақ-түрік мәдени байланыстарының тағы бір айқын көрінісіне айналды.«Өмір бәйтерегі» романы – адам тағдыры арқылы ұлттық болмысты, тарихи жады мен рухани құндылықтарды көркемдік шеберлікпен бейнелеген шығарма. Сәуле Досжан бұл туындыда жеті аталық ұғым, қан тазалығы, ата-аналық жауапкершілік сияқты ұлттың терең танымын жаңа заманның әлеуметтік шындығымен шебер ұштастырады. Бұл – қазақ әдебиетінде сирек кездесетін өткір әлеуметтік тақырыпқа арналған, бірақ терең философиялық астары бар шығарма.Іс-шара барысында сөз алған Түркия Президенттік кітапханасының директоры Айхан Туғлу «өмір ағашы» ұғымының түрік мәдениетінде де кең таралғанын атап өтті. Ол бұл ұғымның қос халықтың ортақ дүниетанымынан туындайтынын айта келіп, романның түрік оқырмандары үшін мәні терең болатынына сенім білдірді.Өз кезегінде, жазушы Сәуле Досжан романның жазылу тарихына тоқталып, шығарманы түрік тіліне аударуға атсалысқан барша қолдаушыларына және өз оқырмандарына шынайы алғысын білдірді. Ол бұл кітаптың адамзаттық мәселелерді көтеру арқылы қазақ әдебиетін халықаралық деңгейде насихаттауға сеп болатынын атап өтті.Салтанатты кеш аясында UNESCO қамқорлығындағы Қазақстанның «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» Түркияның Ұлттық кітапханасына қазақ әдебиетінің таңдаулы кітаптарын тарту етті. Тартылған туындылар қатарында биыл 50 жылдығы атап өтілетін көрнекті ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің әйгілі «АЗ и Я» кітабы да бар.Қазақ әдебиетінің рухани жанашырларын бір ортаға жинаған бұл әдеби кездесу автордың оқырмандарына өз қолтаңбасымен кітап табыстауымен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1005736?lang=kk
«Заң мен тәртіп» өнер арқылы: ШҚО-да мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы спектакль көрсетілді 29.05.2025
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде, сондай-ақ әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті өңірдің мемлекеттік қызметшілері үшін «Чеховтың әңгімелері» театрлық қойылымын көрсетуді ұйымдастырды.Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, мемлекеттік қызметте адалдық, парасаттылық және әділдік құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Орыс әдебиетінің классигінің шығармалары арқылы көрермендерге моральдық нұсқаулар беріліп, жеке жауапкершіліктің маңыздылығын еске түсірді.Іс-шараның театр формасын таңдау кездейсоқ емес. Өнер сана мен құндылық көзқарастарына әсер ету құралы ретінде адамгершілік бағдар беріп, кәсіби этиканы тереңірек түсінуге ықпал етеді. Спектакль мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті нығайту жөніндегі мақсатты ақпараттық науқанның бір бөлігі болды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және халық арасында, әсіресе мемлекеттік қызметшілер арасында ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды жалғастыруда.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1005737?lang=kk
Қазақстанның әскери оқу орнының курсанттары Пензадағы халықаралық олимпиадада жеңіске жетті 29.05.2025
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының командасы әскери-кәсіптік даярлық бойынша жоғары білім ордаларының курсанттары арасында өткен IX халықаралық олимпиададан зор жеңіспен оралды.Жарыс Әскери материалдық-техникалық қамтамасыз ету академиясының оқу-жаттығу орталығында өтті. Сайысқа алты мемлекеттен 34 команда қатысты.Олимпиада бағдарламасына «жалпы тактика», «Қарулы күштер түрінің тактикасы», «радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс», «әскери топография», «атыс қаруынан оқ атуға дайындық», «медициналық дайындық» және «дене шынықтыру» пәндері кірді.Қазақстанның әскери білім ордаларының 2-ші және 3-ші курс курсанттары осы байқаулардың әрқайсында көш бастап, кәсіби шеберлік деңгейін көрсетіп, жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді.Үлкен жеңістен кейін курсанттарды Әскери материалдық-техникалық қамтамасыз ету академиясының басшылығы мен батальон қолбасшылығы қабылдады. Елге оралған курсанттарды ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев жеңісімен құттықтады.Қазақстандық курсанттардың бұл жетістігі дайындық деңгейінің жоғары екенін және әскери-кәсіптік оқыту саласындағы оқыту стандарттарын ұстанатынын айғақтайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1005740?lang=kk
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, Сіздерді «Алтай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/4-VIII «Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»» Алтай аудандық мәслихатының шешімінің жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. 29.05.2025
Көрсетілген жобамен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15532710Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1005780?lang=kk
Ақтауда авиаторлар бөлімнің құрылған күнін салтанатты түрде атап өтті 29.05.2025
Әскери-әуе күштерінде авиация базасының құрылғанына 14 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.Оған әскери бөлімнің жеке құрамы мен құрметті қонақтары – Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері, Қарулы күштердің ардагерлері және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қатысты.Іс-шара Жауынгерлік туды шығарудан және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Командирдің бірінші орынбасары – 30153 әскери бөлімі штабының бастығы полковник Руслан Смағұлов құттықтау сөз сөйледі.Ол жеке құрамды атаулы күнмен құттықтап, отбасыларына амандық пен қызметте табыс тіледі. Ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.– Біздің авиациялық базамыз 2011 жылғы 25 мамырда Қорғаныс министрінің директивасы негізінде құрылды. 14 жыл бойы біз батыс аймақтың әуе шебін қорғауда тұрмыз және көптеген жауапты міндеттерді орындаймыз. Бөлімнің жеке құрамы оқу-жаттығулар мен құтқару операцияларына белсенді қатысады. Биыл біз әскери шеруде бөлімді абыроймен көрсеттік, – деді командирдің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Роллан Бәкіров.Іс-шараны ұйымдастырушылар қонақтарға қару-жарақ құрамындағы авиациялық техниканы – жойғыштар, тікұшақтар және ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды көрсетті. Дәстүрге сай спорттық жарыстар мен көркемөнерпаздар концерті өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1005784?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылау бойынша ұсыныстар қабылдау туралы хабарлама 29.05.2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау бойынша ұсыныстар мен ескертулерді жазбаша kurulus.shymkent@gmail.com электрондық поштасына хабарлама қалдыруды ұсынамыз немесе 24-75-59 телефонына хабарласуға болатындығын хабарлаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kurylys/press/news/details/1005831?lang=kk
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті 29.05.2025
Бүгін Г.С. Балбаеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, онда ауданның және ауылдық округтердің бюджеттеріне; Қарабалық ауданы әкімдігі жанындағы аудандық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу; жайылымдарды басқару және оларды пайдаланудың 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту; кейбір учаскелік сайлау комиссияларын тарату; шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау мәселелері қаралды.Ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне және аудандық бюджетке өзгерістер енгізу мәселелері бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Б. Кусайынованы тыңдады.Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы А.М. Алимбаев сөз сөйледі.Кейбір учаскелік сайлау комиссияларының таратылуына байланысты олардың қызметі тоқтатылды.Кезектен тыс сессияға шығарылған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/1005609?lang=kk
Қазақстанда Президенттік Жастар Кадрлық Резервіне кезекті іріктеу бастама алды 29.05.2025
Қазақстанда Президенттік Жастар Кадрлық Резервіне кезекті іріктеу бастама алды.Мемлекеттік қызмет жүйесіне талантты жастарды тарту мен анықтау мақсатында Меңдіқара аудандық мәслихатының аппаратымен Меңдіқара аудандың әкімінің аппаратының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Меңдіқара аудандық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өткізген болатын. Сөз сөйлеушілер ағымдағы жылдың маусым айында ПЖКР - не кезекті іріктеу өтетіндігі туралы ақпарат берілді. Қатысып отырғандар қызығушылық танытты және құжаттарды беру мен түсу бойынша сұрақтар қойды. Бізбен құжаттарды қабылдау 30 маусымға дейін созылатындығы түсіндірілген болатын: жасы 35 жасқа дейін талап етіледі, жоғары білімі, еңбек өтілі шамамен 5 жыл және (Қазақ Ресми тест/ Қазтест) В1 деңгейінде мемлекеттік тілді білуі. Толық ақпарат үшін және қатысуға өтінім беру үшін pkrezerv.gov.kz сілтемесі бойынша өту қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1005641?lang=kk