Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан СІМ басшысы ШЫҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 26 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен кездесу өткізді.Сұхбат барысында М.Нұртілеу Н.Ермекбаевты ШЫҰ Бас хатшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, Ұйым аясындағы көпсалалы ынтымақтастықты қолдау жөніндегі Қазақстанның тұрақты және белсенді ұстанымын тағы растады.Тараптар Шанхай ұйымының ағымдағы қызметі, сондай-ақ Қытайда өтетін мемлекет басшыларының саммитіне дайындықты қоса алғанда, биыл жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты.2024 жылғы 4 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, ШЫҰ қызметін жетілдіру және Ұйымның тиімділігін арттыру жөніндегі нақты шаралар талқыланды.Өз кезегінде Бас хатшы Ұйымның қызметіндегі Қазақстанның белсенді рөлін атап өтіп, алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттары туралы хабардар етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1004774?lang=kk
2025 жылғы 23 мамырда 1-11 сынып оқушылары арасында «Білімім – Отанымa!» эссе байқауының аудандық кезеңі өтті. 29.05.2025
⚜️ Байқау нәтижелері бойынша жүлдегерлер анықталды (1-4 сыныптар арасында):🥇 орын – Цепневская Полина, «Қара-Мырза негізгі мектебі», 3 сынып;🥈 орын – Клец Таисия, «Канонерка орта мектебі», 3 сынып;🥉 орын – Қалиасқарова Сезім, «Сосновска орта мектебі», 3 сынып;⚜️ 5-9 сыныптар арасында жүлдегерлер:🥇 орын – Еменова Еркеназ, «Башкөл негізгі мектебі», 9 сынып;🥈 орын – Оразалинова Адия, «К. Рысқұлбеков атындағы орта мектеп», 7 сынып;🥉 орын – Мусралимова Марзия, «Белокаменка негізгі мектебі», 7 сынып;⚜️ 10-11 сыныптар арасында жүлдегерлер:🥇 орын – Сидельникова Варвара, «Канонерска орта мектебі», 11 сынып;🥈 орын – Жанарбек Ділнара, «Семияр орта мектебі», 11 сынып;🥉 орын – Қалымжанова Аянат, «Беген орта мектебі», 10 сынып.Оқушыларға белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз және шығармашылық табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1004595?lang=kk
Іңкәрдария және Ақжарма ауылдарында есепті кездесулер өтті 29.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев есепті кездесулер аясында Іңкәрдария және Ақжарма ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау қызметкерлері, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.Аудан басшысы кездесу барысында аймақ бойынша атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді атап көрсетті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен Сыр өңірінде мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда.Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес 11 мың орындық Орталық стадион салынуда. Сәуір айының басында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен көп салалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Қызылорда қаласында 20 млрд. теңгеге «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталды. Келесі жылы І жартыжылдықта ел игілігіне пайдалануға беріледі. «Самұрық қазына траст» қорымен бірге құны 3 млрд 400 млн теңге болатын Үстел теннисі орталығы салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Биылғы Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласында құны 3 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын жаңадан «Достық үйі» салынуда. Облыс орталығында құны 11 млрд теңгені құрайтын «Шығармашылық академиясы» ел игілігіне пайдалануға берілді. 14 млрд 700 млн теңгеге Тұңғыш Президенті паркі және 7 млрд 300 млн теңгеге қалалық демалыс паркі қайта жаңғыртудан өтуде, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Кездесулер барысында ауданда атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті. Мұнан соң тұрғындар өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты. Аудан әкімі барлық мәселе назарда болатынын жеткізіп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1004494?lang=kk
«Қайта Бастау» жобасы 29.05.2025
     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1004530?lang=kk
Маусым айының 1-нен бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады. 29.05.2025
 Іріктеуге 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.📑 Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша Резервке үздік 50 кандидат іріктелетін болады. Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпестен мемлекеттік қызметтегі түрлі жоғары басшылық лауазымдарға тікелей тағайындалуға мүмкіндік алады.📝 Үміткер азамат ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz сайтына ЖСН және электрондық поштаны енгізу арқылы тіркеуден өтуі қажет. Кандидаттың жасы тексерілгеннен кейін оған жеке кабинетте анкетаны толтыруға және қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік беріледі.📊 Тіркеу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек:- Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;- Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;- Сыртқы саясат және инвестициялар;- Экономикалық және қаржылық саясат;- Цифрландыру;- Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.☎ Тіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда кандидат https://pkrezerv.gov.kz/ сайтындағы Jivo чат немесе ‪+7 700 096 70 74‬ нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ, info@pkrezerv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.🇰🇿 Жалынды жастарды елге қызмет етудің озық үлгісін көрсету үшін «Президенттік жастар кадр резерві» жобасына белсене қатысуға шақырамыз. Еліміздің дамуына өз үлесінді қос!🖋 Аталған жұмыс бағыты ҚР Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» №141 Жарлығы аясында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының тапсырмасымен жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1004577?lang=kk
Қостанай облысында орман қорын қорғау және қалпына келтіру мәселелері талқыланды 29.05.2025
Қостанай облысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға Комитет төрағасы Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев, Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов, сондай-ақ ғылыми мекемелердің, табиғат қорғау ұйымдарының және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Басқосудағы басты тақырып – өңірдегі орман қорын қорғау, сақтау және қалпына келтіру жүйесін дамыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру мәселелері болды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өз сөзінде 2022 жылы Әулиекөл ауданында орын алған, шамамен 40 мың гектарды қамтыған ірі орман өрті баршамыз үшін үлкен сабақ болғанын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде орман шаруашылығын күшейту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда:•орман шаруашылығы қызметкерлерінің саны 1,5 есеге артып, 1230 адамға жетті (орман орналастыру нормаларына сай);•саланың жылдық қаржыландырылуы 1,5 млрд теңгеден 7 млрд теңгеге дейін өсті;•соңғы екі жылда материалдық-техникалық базаны нығайтуға 4,4 млрд теңге бөлінді (бұл республика бойынша жаңартуға кеткен шығынның 43%-ын құрайды);•орман шаруашылығы мекемелері 27 өрт сөндіру көлігімен, 59 трактормен және 39 патрульдік автокөлікпен толықтырылды;•2025 жылы тағы 26 өрт сөндіру көлігі, 28 трактор және 36 шағын өрт сөндіру кешенін 3,5 млрд теңгеге сатып алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, орман өрт сөндіру станцияларының жұмыс кестесі жыл бойы жұмыс істеу тәртібіне ауыстырылды, төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара іс-қимыл жолға қойылды. Қазіргі таңда көшет өсіру, өртенген алқаптарды тазарту және жаңа орман дақылдарын отырғызу жұмыстары жалғасуда. Отырыста бірқатар заңнамалық ұсыныстар да айтылды. Атап айтқанда:•орман қорымен шектесетін ауыл шаруашылығы жерлерінде 20 метрлік қорғаныс жолағын міндетті түрде енгізу үшін Орман және Жер кодекстеріне өзгерістер енгізу;•егістік алқаптарда сабан мен өсімдік қалдықтарын жағуға тыйым салу арқылы орман және дала өрттерінің алдын алу;•шалғай ауылдардағы орманшылықтарда жаңа ғимарат салмай-ақ, жеке тұрғын үйлерді орман өрт сөндіру станцияларына бейімдеу мүмкіндігін қарастыру;•2022 жылғы өрттен кейін айтарлықтай өзгеріске ұшыраған орман қорына байланысты Семио́зер және Басаман орман шаруашылықтарының орман орналастыру материалдарын өзектендіру. Құмар Ақсақалов аталған мәселелерді шешу үшін орталық мемлекеттік органдардың белсенді қатысуы қажет екенін атап өтті. Көшпелі отырыс барысында орман саласын тұрақты дамыту және өрт қауіпсіздігін арттыру бағытында нақты ұсыныстар әзірленді. «Біз диалог пен бірлескен жұмысқа ашықпыз. Орман – бұл тек табиғи ресурс емес, бұл – келер ұрпаққа қалатын ортақ мұрамыз», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1004296?lang=kk
«Дарбаза» полигонында әскерге шақырылғандар жауынгерлік сынақтан өтті 29.05.2025
Түркістан облысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасына көктемде әскерге келген 200-ге жуық сарбаз алғашқы жауынгерлік атыстарды орындап, ұрысқа барынша жақын жағдайда іс-қимылдарды пысықтады. Жас жауынгерлер АК-74 қаруынан іс жүзінде алғаш рет оқ атып, қарсыластың шартты броньды көліктеріне жертөледе жатып қол гранаталарын лақтырды, оған қоса танк сынағынан өтті. Жас жауынгерлер 40 тонналық шынжыр табанды машина мен зуылдаған оқ астында қорқынышты жеңіп, шартты қарсыластың сауытты көлігін жоюды үйренді. Әскери қызметшілерге практикалық іс-қимылдар алдында Т-72 танкінің, атыс қаруы мен жарылғыш заттардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеу сабақтары өткізілді. Сынақтардың барлық кезеңдерін бірінші болып командирлер мен сержанттар өтті, жауынгерлік тапсырмаларды орындау техникасын бірінші өздері көрсетіп, содан кейін әскерге жаңа келгендер орындап шықты.  – Бүгін біз алғаш рет жауынгерлік қарудан оқ атып, граната лақтырып, жертөлелер мен түтін арасынан, сым қоршаулардан өттік. Мұның бәрі зуылдаған оқ пен танк гүрілінің астында болды. Ұмытылмайтын сәттер. Енді біз – нағыз сарбаздармыз, – деп бөлісті қатардағы жауынгер Кирилл Петров.Командирлердің пікірінше, дәл осындай жаттығуларда әскери қызметшілердің жауынгерлік және дене шынықтыру деңгейі артып, төзімділік, байсалдылық және жылдам ден қою қабілеті дамиды.Практикалық сабақтар аяқталғаннан кейін бөлімше командирлері қорытынды шығарды. Олар жеке құрамның жұмылу деңгейін жоғары деп атап өтіп, жауынгерлерді алғашқы әскери дайындық курсының маңызды кезеңдерінің бірін сәтті өтуімен құттықтады. Алда әлі әскери ант қабылдау және Отан игілігі жолында қызметті жалғастыру күтіп тұр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1004302?lang=kk
«Абай оқулары» XXVI республикалық (халықаралық) шығармашылық байқауын өткізу туралы 29.05.2025
1. Жалпы ақпаратҰлы ойшыл, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, 2025 жылы «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауы алғаш рет халықаралық форматта өткізіледі.Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Абай облысының білім басқармасы. Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласыӨткізу мерзімі: 18–21 маусым 2025 жылҚатысушылардың келу күні: 18 маусым Қайту күні: 21 маусым Байқаудың мақсаты – Абайдың әдеби әрі рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ шетелдегі қазақ жастарын тарихи, мәдени және тілдік негізде біріктіру. 2. ҚатысушыларБайқауға келесі санаттағы қатысушылар шақырылады:Қазақстан мен шет мемлекеттердегі 8–11(12) сынып оқушылары;Облыстық/аймақтық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары;Әр команда 5 оқушыдан (әр номинация бойынша 1) және    1 жетекшіден тұрады. 3. НоминацияларБайқау 5 негізгі номинация бойынша өткізіледі:«Абайдың асыл мұрасы» – Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.«Абайдың ақын шәкірттері» – Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия шығармаларын жатқа оқу.«Әнді сүйсең менше сүй» – Абай, Шәкәрім және олардың шәкірттерінің әндері мен күйлерін орындау.«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» – Қатысушының авторлық өлеңін оқу.«Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» – Абай бейнесін көркем шығармалар арқылы талдау. 4. Шығындар мен ұйымдастыру мәселелеріҚатысушылар мен жетекшілердің тұруы және тамақтануы (18–21 маусым аралығында) ұйымдастырушылар есебінен қамтамасыз етіледі.Жол шығындары – қатысушыларды жіберуші тарап есебінен.Визалық режим қолданылатын елдерден келетін қатысушылар үшін визалық қолдау көрсетіледі (шақыру хаттары, растау құжаттары), ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асады. 5. Танымдық-мәдени бағдарламаБайқау барысында қатысушыларға арналған арнайы экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылады, оның аясында:Сырт Қасқабұлаққа — Абайдың туған жеріне сапар;Абай мен Шәкәрім кесенелеріне зиярат;Абай мен Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайларына (Бөрлі ауылында) бару;Семей қаласы бойынша шолу экскурсиясы – қазақ зиялыларының рухани астанасы саналатын өңірді таныстыру. 6. Қосымша ақпаратБайқау туралы толық мәлімет, ресми ереже, өтінім беру тәртібі және жаңалықтар мына сайтта жарияланады: www.daryn.kzБайланыс мекенжайы:Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2,«Алтын Орда» бизнес орталығы, 307-кабинетТел.: +7 (7172) 57 65 63E-mail: info@daryn.kz Конкурстың ұйымдастыру комитеті«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығыҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1008910?lang=kk
Венада Қазақстанның қарулы қақтығыс аймақтарындағы азаматтарды оңалту және реинтеграциялау тәжірибесі таныстырылды 29.05.2025
Вена, 2025 жылғы 21 мамыр – Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі БҰҰ Комиссиясының (CCPCJ) 34-ші сессиясы аясында қарулы қақтығыс аймақтарынан азаматтарды қайтару, сондай-ақ оларды оңалту және қоғамға реинтеграциялау мәселелеріне арналған іс-шара ұйымдастырылды.Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның қолдауымен БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (UNODC) ұйымдастырған іс-шара Орталық Азия елдерінің азаматтарды қайтару бойынша гуманитарлық операцияларды жүргізудегі, сондай-ақ оралмандарды қолдау мен сүйемелдеудің тиімді бағдарламаларын әзірлеудегі практикалық тәжірибесін көрсетуге мүмкіндік берді.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко қатысушыларға арнаған алғысөзінде көпжақты ынтымақтастық пен осы саладағы тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстандық «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының өкілі Ернар Маусымбеков оралмандармен жұмыс жасаудың нақты шараларына тоқталып, оралмандар арасында жүргізілген тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерімен де жан-жақты бөлісті.«Жусан» гуманитарлық операциясы кезеңдерінің бірі аясында туған жеріне оралған қазақстандық оралмандардың бірінің жеке тұрғыда қатысып, сөз сөйлеуі іс-шараға ерекшелік берді. Ол қақтығыс аймағында болу, Қазақстанға оралу процесі мен оралмандарды оңалту және әлеуметтік интеграциялау жолында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауы айшықталған өзінің жеке оқиғасымен бөлісті.Іс-шара тақырыбы мен мазмұны қатысушылардың айрықша қызығушылығын тудырып, тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мұндай бастамалардың маңыздылығы жоғары екендігі айрықша аталып өтті.Сонымен қатар Қазақстанның тәжірибесі ЕҚЫҰ-ның Трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі үйлестірушісі Елена Купчинамен, сондай-ақ Аустрия Сыртқы істер министрлігінде ұйымдастырылған дипломатиялық және құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесулер барысында да талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1004312?lang=kk
Қазақстан мен Руанда саяси консультациялардың бірінші раундын өткізді 29.05.2025
2025 ж. 23 мамыр, г. Аддис-Абеба-Астана –онлайн форматта Қазақстан Республикасы мен Руанда екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың бірінші раунды өтті.Тараптардың делегацияларын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Руанда Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің  орынбасары Джеймс Кабаребе басқарды.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, саяси диалогты жандандыруға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ цифрландыру, ауыл шаруашылығы, білім беру, қауіпсіздік және орнықты даму салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға өзара мүдделілікті атап өтті.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Руанданы достас ел және Африкадағы маңызды әріптес ретінде қарастырып, Руандамен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.Қазақстан-Руанда қатынастарының үдемелі дамуындағы парламенттік дипломатияның маңызды рөлі атап өтілді. Бұл тұрғыда дәстүрлі парламентаралық диалогты одан әрі жандандыруға қатысты ортақ пікірлер айтылды.Дипломаттар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға және халықаралық бастамалар бойынша өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1004319?lang=kk
Агенттік экономикалық капиталды есептеу бойынша Нұсқаулықты әзірледі 29.05.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тәуекелдерді басқару тәжірибесін жетілдіру аясында екінші деңгейдегі банктерге арналған «Экономикалық капиталды есептеу бойынша Нұсқаулықты» әзірледі.Нұсқаулық экономикалық капиталға қойылатын талаптарды дәлірек айқындауға ықпал етеді, бұл банктердің қаржылық тәуекелдерге төзімділігін арттырып, негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауды жеңілдетеді.Құжатта экономикалық капиталды есептеуге арналған әдістемелік ұсынымдар берілген, олар банктердің негізгі тәуекел түрлері – кредиттік, нарықтық, операциялық және банктік кітаптың пайыздық тәуекелдері (IRRBB) бойынша есептеледі.Нұсқаулық Базель банк қадағалау комитетінің және Еуропалық банк басқармасының халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген. Халықаралық стандарттарға сәйкестік банктерге үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге, олардың бәсекеге қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.Нұсқаулықтың мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады. Агенттіктің сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1004332?lang=kk
Қарағандылықтар бокстан Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды 29.05.2025
Бокстан Азия чемпионатында қарағандылық спортшылар төрт алтын, екі күміс және бір қола медальға ие болды. Азия бокс конфедерациясы мен Халықаралық бокс қауымдастығының қолдауымен жарыс Шри-Ланкада, Коломбо қаласында өтті.Оған әлемнің 23 елінен спортшылар қатысты. Барлығы 50 медаль жиынтығы ойнатылды: жасөспірімдер арасында 26, қыздар арасында 24.Қатысушылар екі жас санатында бақ сынасты: U22 – 18 жастан 22 жасқа дейін және U19 – 18 жасқа дейін.U22 санатында қарағандылық Жасұрбек Анарбаев алтын медаль жеңіп алды. Осы жас санатында біздің жерлестеріміз Гүлнар Тұрапбай мен Томирис Мырзағұл күміс жүлдеге ие болды.U19 жас санатында қарағандылықтар үш алтын медаль жеңіп алды. Олар Алина Құдайгенова,Нығмет Нығман және Расул Асанхановқа бұйырды. Бұл санатта Нұрсұлтан Қыстаубай қола жүлдеге ие болды.– Биыл біздің спортшылар өте жақсы нәтижелер көрсетуде. Бұл чемпионатта да солай. Барғандардың бәрі медальдармен оралды. Біздің жауынгерлердің жетістіктерін республикалық деңгейде де атап өтті, – дейді Қарағанды облыстық бокс федерациясының персонал және жалпы мәселелер жөніндегі бас менеджері Айгүл Байманова.Қарағандылық боксшылар алдында халықаралық жарыстар мен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қырық бір алтын, төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық боксшылар жалпы медальдық есепте бірінші орынды иеленді – U22 арасында да, жасөспірімдер арасында да.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1004337?lang=kk
Қазақстан мен Қытай іскерлік байланыстарды нығайтуда: Цзинань қаласында өткен бизнес-форумды Марат Сұлтанғазиев ашты 29.05.2025
Қытайдың Цзинань қаласында Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды алаңына айналған ірі бизнес-форум өтті. Іс-шараны салтанатты түрде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ашты. – "Бүгінгі форум Алматы облысы мен Шаньдун провинциясы арасындағы серіктестікті нығайтып қана қоймай, Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады. Біздің өңір "Бір белдеу – бір жол" бастамасын іске асыруда стратегиялық маңызға ие. Біз шетелдік инвесторларға дамыған инфрақұрылым, қолайлы логистикалық жағдай және жан-жақты мемлекеттік қолдау ұсынамыз. Форум тікелей іскерлік байланыстар орнатуға және бірлескен бастамаларды табысты іске асыруға тиімді алаң болады деп сенемін", - деді Марат Сұлтанғазиев.Форум аясында ауыл шаруашылығы техникасы мен құрылыс материалдарынан бастап жаңа материалдар, электр көліктері, косметика және химиялық өнімдерге дейінгі әртүрлі салаларды қамтитын 124 компанияның өкілдері және 300-ден астам қатысушы бас қосты. Іс-шараның ерекшелігі – қатысушылардың деңгейі: олардың қатарында жылдық кірісі 1 миллиард юаньнан асатын оннан астам ірі компания бар.Форумды Шаньдун провинциясының 16 қаласының өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар департаменттері, шағын және орта бизнесті дамыту орталықтары мен жетекші салалық қауымдастықтар ұйымдастырды. Бұл шара Қытай тарапының Қазақстанмен экономикалық байланыстарды нығайтуға деген өсіп келе жатқан қызығушылығын айқын көрсетеді.Облыс әкімінің айтуынша, соңғы екі жылда Алматы облысы жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша елімізде 10-орыннан 5-орынға көтерілді. Бүгінде өңірде қытайлық капиталдың қатысуымен бірқатар ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Облыс аумағында Қытай және бірлескен инвесторлардың қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Қытай мен өңір арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде жылына 1 миллиард АҚШ долларынан асады.Цзинань қаласында өткен бизнес-форум Қазақстан мен Қытай арасындағы нақты ынтымақтастықты тереңдетуге және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1004348?lang=kk
Алматы облысы мен Шаньдун провинциясы: стратегиялық әріптестікті нығайту 29.05.2025
Бүгін, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайдың Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсян мырзамен бауырлас қалалармен ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференция аясында кездесу өткізді.Өз сөзінде өңір басшысы қытайлық тарапқа жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдіріп, Шаньдунды Қытайдың жетекші экономикалық әрі мәдени өңірлерінің бірі ретінде атап өтті. «Біз Қытай мен Қазақстан арасындағы серіктестікті дамытудағы провинцияның рөлін жоғары бағалаймыз», — деді Марат Сұлтанғазиев.Алматы облысы — агроөнеркәсіп, логистика және туризм салалары дамыған оңтүстік-шығыс Қазақстанның экономикалық тірек аймағы. Өңір «Бір белдеу — бір жол» бастамасын жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді. Кездесуде екіжақты сауда қарым-қатынасының серпініне айрықша назар аударылды. 2023 жылы Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1,082 млрд АҚШ долларын, ал 2024 жылы 1,023 млрд АҚШ долларын құрады. Бүгінде өңірде қытайлық және бірлескен капиталмен жұмыс істейтін 143 кәсіпорын бар.«Біз Шаньдунды тек экономикалық әріптес ретінде емес, орнықты әрі өзара тиімді дамуды ілгерілетудегі сенімді одақтас ретінде қарастырамыз», — деді өңір басшысы. Ол ынтымақтастықтың негізі сенім, тәжірибе алмасу және ортақ болашаққа ұмтылыс болуға тиіс екенін атап өтті.Кездесу соңында Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы мен Шаньдун провинциясы арасындағы байланысты нығайтуда бұл кездесудің жаңа кезеңнің бастауы болатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1004358?lang=kk
«Өнеріміз саған, Қазақстан!» 29.05.2025
17 сәуір күні Федоров ауданында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXXVIII облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығының байқау-фестивалі өтті.Фёдоров ауданының үздік көркемөнерпаздар ұжымдары құзыретті қазылар алқасына жарқын әрі өзіндік ерекшелігі бар концерттік бағдарламаларын ұсынды. Көрермендер әрбір нөмірді жылы ықыласпен, үлкен сүйсініспен қарсы алды.Мереке жоғары деңгейде өтті!Барлық қатысушы өнерпаздарға, қолдау көрсеткен көрермендерге алғыс білдіремізАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1218174?lang=kk
Шымкентте әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны өтті 29.05.2025
«Ақтас» полигонында өткен әскери міндеттілердің жиыны аумақтық қорғаныс бригадасының тактикалық-арнайы оқу-жаттығуымен аяқталды. Он күн ішінде жүзден астам әскери міндетті мемлекеттік-құқықтық, тактикалық, арнайы және атыс даярлығы бойынша сабақтардан өтті. Жалпы, оқыту 18 пән бойынша өтіп, оның ішінде тосқауыл бекеттеріндегі іс-қимыл, күзет міндеттерін орындау және шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс беру де қамтылды. Аталғаннан бөлек республикалық маңызы бар әскери және стратегиялық объектілерді қорғау кезіндегі күзет, қорғаныс және жауынгерлік үйлесімділік мәселелері де пысықталды.– Оқу-жаттығу жиыны әскери міндеттілердің кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, аумақтық қорғаныс жүйесін нығайтады. Әр сабақтың мазмұны мен тиімділігіне ерекше назар аударылды, – деп атап өтті Шымкент қаласының аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Бақытжан Әшімов.Жиын қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен әскери міндеттілер марапатталып, бірқатар қатысушыларға кезекті әскери атақтар берілді.Айта кетер болсақ, әскери міндеттілер үшін жиын кезеңінде жұмыс орнының орташа жалақысы сақталады. Бұдан басқа, оларға қосымша төлемдер, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз ету көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1004383?lang=kk
Мұнара кранды қауіпсіз пайдалану 29.05.2025
ҚР ТЖМ Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы құрылыс жерлерде мұнара крандарды пайдалану кезінде апат және оқыс оқиғаларды алдын алу мақсатында мұнара кранды пайдаланатын ұйымдар мен адамдарды 30.12.2014 жылғы №359 Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы ескертеді.Бүгінгі күні құрлыс алаңдарда мұнара крандарды пайдалану кезінде келесі жиі ақаулар кездеседі:Крандардың металл конструкцияларында жарықтардың болуы;Құрылғы жүк көтергіштігі бойынша шектеулер жұмыс істемейді (орнатылмаған)Есеп құрылғысының ақаулары (орнатылмаған);Секция немесе жебе металл құрылымының деформациялары;Контроллердің жерге тұйықталуының болмауы;Торлы құрылым элементтерінің деформациясы;Бос монтаждық болттар;Көзді жаншып, топсалардағы тесіктер тоздыруы;Мұнара кранының бұрылу тірегінің рұқсат етілмейтін еңісі;Жоғарыда аталған ақаулардың кем дегенде біреуі болса, барлық ақаулар жойылмай мұнара кранының жұмысына тыйым салынады. Жүк көтергіш құрал – жабдықтарды пайдалана отырып, биіктікте жұмыс істегенде құрылыс алаңында негізгі қауіпсіздік ережелерін елемеу қайғылы жағдайларға, соның ішінде өлімге әкеледі.Физикалық ақаулардан басқа, тексеру кезінде пайдалану құжаттамасын, мұнара кранын басқаратын адамдарды (және жауапты тұлғаларды) оқыту туралы ақпаратты мұқият тексеру қажет.Ең қарапайым қауіпсіздік талаптары осылай көрінеді. Егер сіз оларды мұқият және дәл орындасаңыз, адам мен техниканы апаттан сақтайсыз.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1004434?lang=kk
Бейімбет Майлин ауданына жұмыс сапары 29.05.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 23 мамырында Бейімбет Майлин ауданында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аудан тұрғындары, мәслихат депутаттары, заң қауымдастығы өкілдері, аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов және Әділет департаментінің басшысы Әлия Аманжолованың қатысуымен кездесу өтті.Кездесу барысында Әлия Аманжолова 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әділет органдарының қызметі туралы баяндады. Департамент басшысы қатысушыларды әділет органдары жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды. Атап айтқанда, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету, атқарушылық іс жүргізу, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу, географиялық көрсеткіштерді қоса алғанда зияткерлік меншік нысандарын тіркеу, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру шаралары жайында айтылды.Баяндамасында әділет саласындағы цифрлық сервистерді дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, электрондық сенімхаттарды енгізу, онлайн кеңестер беру және «Цифрлық әділет» жүйесінің басқа да элементтері сөз болды.Құқықтық көмектің қолжетімділігін, соның ішінде шалғай өңірлерде қамтамасыз ету мақсатында іс-шара аясында Бейімбет Майлин ауданы тұрғындары үшін азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауды Әділет департаментінің басшысы нотариус және сот орындаушылармен бірлесіп өткізді. Қабылдау барысында сот актілерінің орындалуы, географиялық көрсеткіштерді тіркеу, мұра рәсімдеу және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініштер қаралды.Сонымен қатар, осы күні мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланған Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1004045?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, діни экстремизм және интернет-алаяқтықтың алдын алудың өзекті мәселелерін талқылады 29.05.2025
 Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, діни экстремизм және интернет-алаяқтықтың алдын алудың өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шараның бастамашысы Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар облысы Дін істері басқармасы мен полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен болды. Іс-шара семинар форматында өтті, онда қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, діни наным түріндегі радикалды идеялардың таралуына, сондай-ақ цифрлық кеңістіктегі қылмыстар санының өсуіне байланысты қазіргі заманның өткір сын-қатерлерін қарастырды. Талқылаудың негізгі тақырыптары: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: алдын алу шаралары, Діни экстремизмнің алдын алу, интернет-алаяқтық: схемалар, қорғау, жауапкершілік. Іс-шара қорытындысы бойынша профилактикалық және ағартушылық жұмыстарды күшейту, сондай-ақ құқық қорғау құрылымдарымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша ұсынымдар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1004055?lang=kk
Республикалық «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» акциясы 29.05.2025
2025 жылдың 23 мамырында Қостанай облысы Әділет департаменті «Бейімбет Майлин ауданының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы жеке сот орындаушыларымен және Қостанай облысы бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Бейімбет Майлин ауданы бойынша «Мансаптық орталық» филиалымен бірлесіп, республикалық «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» акциясын өткізді.Іс-шараның мақсаты - атқарушылық іс жүргізуде тұрған жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болды. Жәрмеңке барысында барлық жүгінген азаматтарға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңестер беріліп, әрі қарай жұмысқа орналасуға жолдамалар ұсынылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1004059?lang=kk