Қоғам
Географиялық көрсеткіштерді тіркеу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі 29.05.2025
Аймақтық брендтерді дамытудағы географиялық көрсеткіштердің құқықтық қорғалуы және оның маңыздылығы туралы бизнес-қоғамдастықты ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралар аясында, ағымдағы жылдың 23 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Динара Хусаинова мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшісі Наталья Руднева Бейімбет Майлин ауданының кәсіпкерлерімен географиялық көрсеткіштерді тіркеу мәселелері бойынша кездесу өткізді.Кездесу барысында географиялық көрсеткіштердің құқықтық қорғалуының артықшылықтары мен оны тіркемеген жағдайда туындайтын теріс салдарлар түсіндірілді. Қатысушыларға географиялық көрсеткішті Qazpatent-ке тіркеу тәртібі таныстырылды. Наталья Руднева кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен бизнесті дамытуға жасалған жағдайлар туралы айтты.Кездесу нәтижесінде сыңдарлы диалог орнап, алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1004067?lang=kk
DUALЭST КОМПАНИЯСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ 29.05.2025
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Асылов Қуаныш Жұмабекұлының қатысуымен «DUALЭST» компаниясы өкілдерімен Шымкент қаласында туристік бизнесті дамыту мақсатында кездесу өтті. Кездесу барысында қонақ үй бизнесі мен франшиза бағытындағы жаңа «Смородина» жобасы таныстырылды.Іс-шарада франшизаның негізгі талаптары, қонақ үй желісін дамыту стратегиясы және серіктестерге арналған қолдау тетіктері ұсынылды. Аталған жоба Шымкент қаласындағы туристік бизнесті дамытуға серпін беріп, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашпақ.🔷Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1004093?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА «CYBER QURYLTAI: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ОАЗИСІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ 29.05.2025
Түркістан қаласындағы «Rixos Turkistan» қонақ үйінде «CYBER QURYLTAI: Түркістандағы қауіпсіздік оазисі» атты ақпараттық қауіпсіздік және кибермәдениетті дамытуға арналған форум өтті. Форумға еліміздің өңірлерінен 80-ге жуық сала мамандары қатысып, тәжірибе алмасты.Түркістан облысының əкімдігі, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты – цифрлық трансформация жағдайында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, заманауи киберқауіптерге қарсы әрекет ету тетіктерін қарастыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы өзара байланысты нығайту.CYBER QURYLTAI – жаһандық цифрлық сын-қатерлер жағдайында еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіз цифрлық экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды іс-шара.Басқосуда «Лаборатория Касперского» компаниясының Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры В.Зубанов модераторлық етті.Форумды Түркістан облысы əкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев ашып, қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Үмітжан Арықбекова да сөз сөйлеп, халықаралық стандарттарды елімізге енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.Облыстағы Turkistan Hub – өңірлік ІТ стартаптарды қолдайтын және цифрлық кәсіпкерлікті дамытатын орталық ретінде жұмыс істеп тұр. Мұнда жастар мен стартаперлерге арналған акселерациялық бағдарламалар, IT мамандарын оқыту курстары жүргізіледі. Оған қоса, аудандарда «Smart Hub» орталықтары ашылып, ауылдық жерлердегі жастарға да цифрлық мүмкіндіктер мен білімге қолжетімділік қамтамасыз етілуде. Бұл орталықтар тек оқыту емес, жергілікті IT жобалар мен сервистердің тірек нүктесіне айналады деп күтілуде.Биыл Түркістанда Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалын ашу жоспарланған. Университет ІТ білім беру жүйесін дамытып, өңірде инновациялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қытайлық «Sunwah Group» компаниясымен халықаралық IT park жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.Іс-шара «Қазақстандағы цифрландыру мен киберқауіпсіздікті дамытудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбындағы панельдік сессияға жалғасты. Онда ақпараттық қауіпсіздік саласының өкілдері құнды мағлұматтар берді.Сонымен қатар спикерлер мен сарапшылар «Қауіпсіз қала: Hikvision көмегімен қорғалған қалалық ортаны қалай құруға болады?», «Деректерді қалай қорғауға болады? Заң талаптарын сақтау ма, әлде пайдаланушылардың қолайлылығы ма – қайсысын таңдау керек?», «Checkpoint өнім портфеліндегі жаңа технологиялар», «Серверлік бөлмелердің стандарттары және цифрлық трансформациядағы микроЦОД-тың рөлі» тақырыптарында баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті.Форумның екінші бөлімі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің сессиясы мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша оқыту тренингіне жалғасты. Осы күні қатысушыларға Түркістан қаласында экскурсия ұйымдастырылып, облыс орталығының туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/1004095?lang=kk
«Орталық Азия – Италия» форматындағы алғашқы саммитке ақпараттық сүйемелдеу жасау үшін шетелдік журналистерді аккредиттеу туралы 29.05.2025
2025 жылғы 30 мамырда Астана қаласында «Орталық Азия – Италия» форматындағы алғашқы саммит өтеді.Саммит аясында Орталық Азия мемлекеттері мен Италия Республикасы арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.Іс-шара өтетін күні БАҚ өкілдері үшін Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 52 мекенжайындағы Тәуелсіздік сарайында баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады.Аккредитациядан өту үшін шетелдік журналистер 2025 жылғы 27 мамырда сағат 12:00-ге дейін тіркеу формасын толтырып, оны mfakzaccreditation@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет.Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР СІМ Баспасөз қызметіне хабарласуға болады:– Ерлан Өтегенов, ұялы тел.: +7 (777) 041 8865.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1004107?lang=kk
Республикалық «Halyq zañgerі» акциясы 29.05.2025
Республикалық «Halyq zañgerі» акциясы Ағымдағы жылдың 30 мамырында сағат 17:00-де республика бойынша бірыңғай «Halyq zañgerі» акциясы өтеді.Іс-шара аясында азаматтар мемлекеттік органдар өкілдерінен, нотариустан және адвокаттан тегін құқықтық көмек пен кеңес ала алады.Жақсы ауылында акция мына мекенжайда өтеді: Дружба көшесі, 14(Жақсы ауданының «ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТІ бөлімі» ММ ғимаратында, сервистік әкімдік базасында).Барлық қалаушыларды шақырамыз! Құқықтық сұрақтарыңызға білікті жауаптар алыңыз.📞 Анықтама телефоны: 21-5-06. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1004122?lang=kk
Мәжіліс депутаттары Щучинск қаласындағы әскери колледжде көшпелі отырыс өткізді 29.05.2025
Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары болды.Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев кіші командалық құрамның мамандарын даярлаудың қолданыстағы жүйесі, бейінді комитет мүшелерін кадеттерді іріктеу тәртібі жайынан хабардар етті.Заң шығарушы билік өкілдері оқу орнының инфрақұрылымымен, оның материалдық-техникалық базасымен, кадеттер мен мерзімді қызмет сарбаздарының тұратын жерімен, тамақтану және медициналық көмек көрсету шарттарымен танысты. Олар казармаға, асханаға, спортзалға барып, медициналық кабинеттің қалай жабдықталғанын көрді.Депутаттар әскери бейіндегі мамандардың беделін арттыру жөніндегі пікірлерін айтты, сонымен қатар кәсіптік бағдар беру жұмысын күшейтуді ұсынды. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым колледжге негізінен оңтүстік облыстардан келген жастар түсетініне назар аударды. Оның пікірінше, мотивациялық факторлардың бірі білім алушыға азаматтық өмірде де пайдалы болатын мамандық алу мүмкіндігі болуы керек. Ол барлық аймақтардағы мектептерде колледж түлектеріне арналған преференциялар туралы ақпараттандыру жұмыстарын өрбітуді ұсынды.Сапар барысында депутаттарға колледж тәрбиеленушілерінің мәдени бос уақытын, әскери-патриоттық тәрбиесін және спортпен шұғылдануын ұйымдастыру жайы да айтылды. Қонақтар мұражайға, оқу орнының кітапханасына және спортзалға барды.Іс-шара соңында депутаттар әскери колледждің жеке құрамымен кездесті. Мәжілісмендер әскери білім мен әскери қызметке қатысты заңнаманың ережелеріне түсініктеме беріп, оны жетілдіру жөніндегі көзқарасымен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1004135?lang=kk
Қазақстан мен Қытай шекарадағы өткізу қабілетін арттыруға келісті 29.05.2025
2025 жылғы 23 мамырда «Нұр Жолы» (ҚР) – «Қорғас» (ҚХР) өткізу пункттерінде Қазақстан мен Қытай делегацияларының бірлескен жұмыс сапары өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев, қытайлық делегацияны ҚХР Бас кеден басқармасының министрі Сунь Мэйцзюнь басқарды. Бұл сапар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру және Қытай бағыты бойынша үлкен кезектерді шешу қажеттілігі аясында ұйымдастырылды. Ортақ инспекция жүргізу туралы келісім 2025 жылғы 21–22 мамырда Орталық Азия және Қытай кеден қызметтері басшыларының кездесуінде жасалды. Сапар барысында делегация басшылары екі елдің өткізу пункттері – «Нұр Жолы» және «Қорғас» – орналасқан инфрақұрылыммен танысып, шекараның екі жағындағы нысандарды аралады. Инспекция қорытындысы бойынша келесі нақты шешімдер қабылданып, уағдаластықтар жасалды: ➢ «Нұр Жолы» – «Қорғас» өткізу пункттерінің тәулік бойы жұмыс істеу режимін 2026 жылғы 30 маусымға дейін ұзарту; ➢ Қытай тарапының Қазақстаннан келетін автокөлік құралдарын қабылдау көлемін ұлғайту: ➢ «Нұр Жолы» өткізу пункті арқылы – қазіргі таңда тәулігіне 650 АТС қабылдануда, 1 шілдеден бастап бұл көрсеткіш 750 АТС болады, ал қыркүйек айында – 1000 АТС дейін арттырылады; ➢ «Қалжат» өткізу пункті арқылы – тәулігіне 130 АТС-тен 250 АТС-ке дейін артты, маусым айында 300 АТС-ке дейін ұлғайтылады; ➢ 2025 жылғы мамыр айының соңына дейін Қытай тарапының «Дулаты» өткізу пунктінде қосымша мобильді инспекциялық-байқау кешенін (МИДК) іске қосу; ➢ 2025 жылғы қыркүйектің соңына дейін «Қорғас» өткізу пунктінде тұрақты инспекциялық-байқау кешенін орнату; ➢ Инспекциялық-байқау кешендерінің рентгендік кескіндерін өзара тану жөнінде келісімге қол жеткізілді, бұл қайталап тексеру уақытын қысқартып, шекарадан өту үдерісін жеделдетеді; ➢ «Қорғас» ХШСО арқылы тасымал ағындарын оңтайлы бөлу жоспарлануда, бұл «Нұр Жолы» өткізу пунктіндегі жүктемені азайтуға және тасымал қозғалысын теңгерімді бөлуге мүмкіндік береді; ➢ «Нұр Жолы» – «Қорғас» өткізу пункттерінде қозғалыс жолақтары мен шекаралық көпірді кеңейту мәселесі екі тараппен бірлесіп қаралуда; ➢ Шекара маңындағы кеден қызметтері деңгейінде ай сайынғы отырыстар және Қазақстан-Қытай кеден органдарының үйлестірушілерінің тоқсан сайынғы кездесулерін өткізу келісілді. Сапар қорытындысында делегация басшылары қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын атап өтіп, бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін растады. Министр Сунь Мэйцзюнь сондай-ақ «Нұр Жолы» өткізу пунктінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктері мен Қазақстанның электрондық кезек жүйесін жоғары бағалап, оның тасымал үдерісінің ыңғайлылығы мен тиімділігін арттырудағы рөлін атап өтті. Айта кету керек, Қазақстан мен Қытай үнемі өзара іс-қимыл жүргізіп келеді. Бірлескен шаралардың нәтижесінде Қытаймен шекарадағы өткізу қабілеті 2023 жылы 202 мыңнан 429 мың АТС-ке дейін (112%), 2024 жылы 429 мыңнан 734 мың АТС-ке дейін (71%) артты. 2025 жылдың алғашқы 4 айында 238,5 мың АТС қозғалысы тіркеліп, 41%-ға өсім көрсетілді. Жоғарыда көрсетілген барлық шаралар екі ел арасындағы тауар айналымын және транзиттік әлеуетті одан әрі ұлғайтуға, сондай-ақ екі бағыт бойынша кезектерді едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1004046?lang=kk
ҰЭМ: Нақты секторға салынған инвестиция қарқын алуда 29.05.2025
Нақты секторды қаржыландыру «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа 8 трлн теңге бағытталады. Қаражат елдің тұрақты экономикалық өсуіне бағытталған басым индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жұмсалмақ.Осы рете, Қазақстанның Даму Банкінде ең ірі инвестициялық жоба пулы шоғырланып отыр. 2025 жылғы төрт айдағы қорытынды бойынша Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің өсуі 6%. Көлік секторы 22,4%-бен өсімнің ең жоғары қарқынын көрсетті. Көлік инфрақұрылымын дамытуды алсақ, 2024 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ желісі бойынша 5 мың шақырым автомобиль жолын жөндеудің бірінші кезегін қаржыландыру басталды. Бүгінгі таңда ұзындығы 1,2 мың шақырым учаскеде жұмыс аяқталды. 2025 жылы ҚДБ жол инфрақұрылымын дамыту бойынша 500 млрд теңгеге жобаларды бекітуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, бүкіл еліміз бойынша 3 мың шақырым автожолды қайта жаңартудың ауқымды екінші кезегі қаржыландырылады. Осы арқылы өңірдегі 7 млн-нан астам тұрғын көлікке қол жеткізеді. Жобаларды іске асыру кезінде құрылыс пен қызмет көрсету саласында шамамен 28 мың жұмыс орны ашылады. Осы кезеңде халықаралық көлік бағыты да нығайтылуда. Бұл сыртқы сауданың кеңеюіне, Қазақстанның логистикалық әлеуетінің артуына ықпал етеді.Өндіріс индексінің 7,1% өсімін көрсететін ТМК секторын ҚДБ 420 млрд теңгеге қаржыландырған екен. Негізгі жобаның бірі – Екібастұз ферросилиций зауыты. Жоғары автоматтандырылған өндіріс іске қосылса, жобалық қуаты жылына 80 мың тонна. Экспортқа бағдарланған өнімі арқылы ол Қазақстанның әлемдегі ең ірі ферроқорытпа жеткізуші ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Зауыт 520-дан аса тұрақты жұмыс орны, бірнеше ондаған мердігер компаниясы, болат кешені мен темірді тікелей қалпына келтіру фабрикасы секілді іргелес кәсіпорындар арқылы өнеркәсіптік кластер құрмақ.ҚДБ жылына 2 млн тонна көлемінде ыстық брикетті темір өндіретін жаңа жобаны қаржыландыруды жоспарлауда. Жоба іске қосылар болса, шикізатты қайта өңдеу деңгейі артып, өнім сапасының жақсаруына, кәсіпорынның технологиялық деңгейі мен экспорттық әлеуетін арттыруға әкеледі. Сондай-ақ, 1000-ға жуық жұмыс орны құрылады. Металлургия саласының, ел экономикасының дамуына елеулі үлес болмақ.Тағы бір маңызды жоба – Павлодар облысындағы автоклавты тотығу технологиясы қолданылатын гидрометаллургиялық комбинат құрылысы. Бұл Қызыл мен Варвара кен орнында өндірілетін кен концентратын халықаралық стандарттар бойынша жоғары деңгейде өңдеуге мүмкіндік береді.Химия саласының өндіріс индексі 11,2%-ға өсіп, озық қарқынмен дамуда. 2025 жылы 262 млрд теңге қаржы салынған. Негізгі жобаның бірі – Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін зауыт салу. Жылына 25 мың тонна алтын өндіруге арналған стратегиялық маңызды реагент шығаратын кәсіпорын. Өндіріс ішкі сұранысты толығымен жауып, импортқа тәуелділікті азайтады. Орталық Азия елдеріне экспорттық әлеуетті қалыптастырады. Жобаны іске асыру кезеңінде 200-ге дейін жұмыс орны, өндіре бастаған кезде 100-ге жуық жұмыс орны ашылмақ.Сондай-ақ, Жамбыл облысында жиынтық қуаты жылына 1 млн тоннадан асатын минералды тыңайтқыш пен индустриялық өнім өндіретін өңірдегі ең ірі химиялық кешен салынады. Өнім АҚШ, Қытай, Түркия, ЕО мен Бразилияға экспортталады. 1200-ден астам адам жұмыспен қамтылады.Батыс Қазақстан облысында калий тұзын өндіру кешенінің құрылысы басталады. Мыңдаған жұмыс орнының сыртында өңірде мектеп, аурухана, тұрғын үй мен жол инфрақұрылымы салынып, мультипликативтік әсері мол болады.Түркістан облысында қуаты жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы зауыты салынып жатыр. Ол еліміздегі уран саласындағы стратегиялық жеткізуші болады. Оның қызметінен түсетін салық жыл сайын 12 млрд теңгеге жетпек. Сондай-ақ, өңірде поливинилхлорид пен каустикалық сода шығару бойынша бірегей жоба іске асырылуда. Ол – көлемі жылына 120 мың тонна, Қазақстандағы алғашқы ПВХ өндірісі. Ол ішкі сұранысты толығымен жауып, ЕАЭО, Қытай және ЕО елдеріне экспорттық арна ашады. 1300 адам жұмыспен қамтылады. Болжамды кіріс – шамамен 76,8 млрд теңге. Салық түсімі – жылына 3,7 млрд теңге.Жамбыл облысында кальциленген сода шығару жобасы ерекше маңызды. Қуаттылығы жылына 500 мың тонна. Шыны, металлургия және мұнай-химия саласының қажеттілігін қамтамасыз ететін еліміздегі алғашқы өндіріс. Жобаны іске асырудың арқасында импортқа тәуелділік толығымен жойылады. 355 жұмыс орны мен саланың одан әрі өсуі үшін технологиялық база құрылады.Қазақстанның Даму Банкінің 2025 жылға арналған инвестициялық жоспары – көлік қатынасын дамыту, өндірісті автоматтандыру, ең озық қарапайым технологияны кеңінен қолдану арқылы қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған жаңа өндіріс құру жолымен экономикалық өсуге тұрақты негіз қалыптастыру. Жобаларды іске асырудың өн бойында жүзеге асатын жиынтық жалпы қосылған құн 37,8 трлн теңге. Оның ішінде 2025 жылдан бастап іске асырыла бастайтын жобалар бойынша 13,5 трлн теңге. Жобалардың беретін жалпы әсері – көлік саласын дамыту, автоматтандыру мен цифрландыру арқылы өндірістік қуатты жаңарту, жұмыс орнын құру, шикізатты қайта өңдеудің жаңа тізбегін іске қосу, импортқа тәуелділікті төмендету, салық түсімі есебінен өңір бюджетінің өсуі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1004721?lang=kk
2025 жылғы 23 мамырда Новотроицкое ауылында аудандық мәслихат депутаты С.К. Алдабергенов азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. 29.05.2025
2025 жылғы 23 мамырда Новотроицкое ауылында аудандық мәслихат депутаты С.К. Алдабергенов азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Тұрғындар Мағнай станциясындағы жолды жөндеу және Аққұдық ауылындағы жолды тегістеу мәселелері бойынша жүгінді.Аталған мәселелер бойынша "Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-не депутаттық сауалдар жолданатын болады.Азаматтарды қабылдау туралы ауыл тұрғындары алдын ала хабардар етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/1004190?lang=kk
Жеке кәсіпкерлер Қостанай облысында 2025 жылғы 21 мамырда тіркелді 29.05.2025
ҚР жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібіҚазақстан Республикасында жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелу онлайн жүргізіледі және тегін. Тіркеу процесі әдетте 1 жұмыс күнінен аспайды.Тіркелу қадамдарыЭлектрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуЭЦҚ — онлайн құжаттарға қол қою үшін қажет. Оны egov.kz порталынан немесе Kaspi.kz мобильді қосымшасынан алуға болады.Тіркелу тәсілін таңдауЖК тіркеу үшін келесі платформалардың бірін пайдалануға болады:e-license.kz порталыegov.kz порталыKaspi.kz мобильді қосымшасыE-Salyq Business мобильді қосымшасыЭлектрондық өтініш формасын толтыруКелесі мәліметтерді көрсету қажет:Аты-жөні және ЖСНТұратын мекенжайҚызмет түрі (ОКЭД бойынша)Салық режимі (мысалы, жеңілдетілген режим)ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қоюҚол қойған соң, мәлімет автоматты түрде салық органына жіберіледі.Тіркеу туралы хабарлама алу1 жұмыс күні ішінде сіздің ЖК тіркелгені туралы растау келеді. Хабарламаны e-license.kz порталынан немесе қолданылған мобильді қосымшадан жүктеп алуға болады.Мобильді қосымшалар арқылы тіркелуKaspi.kz:«Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен «ЖК тіркеу» тармағын таңдаңыз, әрі қарай нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз.E-Salyq Business:Қосымшаның «ЖК тіркеу» бөлімінде қажетті ақпаратты толтырып, тіркеуге өтініш жіберіңіз.Қосымша ақпаратЖК ретінде тіркелу ҚР азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан және Армения азаматтарына қолжетімді.Қызмет түрлерін таңдағанда ОКЭД классификаторын пайдаланыңыз.Тіркеуден кейін банкте есепшот ашып, ресми кәсіпкерлік қызметті бастай аласыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1003924?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 29.05.2025
Қазіргі таңда Қазақстан сыбайлас жемқорлықтан бос қазіргі заманғы және құқықтық мемлекеттің үлгісін құрайды.«Қазақстан-2050» стратегиясы: құрылған елдің саяси бағыты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселе бойынша елдің бағытын белгілейді және алдағы жылға сыбайлас жемқорлықтың базалық векторларын, сонымен қатар оны құбылыс ретінде жоюды анықтайды.2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы сыбайлас жемқорлық саясатының нәтижелігін арттыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген «нөлдік» төзімділігін құру және оның деңгейін азайту.Осылайша, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департамент (будан әрі - Департамент) жоғарыда көрсетілген стратегия шеңберінде тұрақты негізде қызметкерлермен құқықтық мәдиниетті жоғарлату, қызметтер көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясатты іске асыру бойынша әнгімелесулер өткізеді.Егер сіз Департамент қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекеттеріне тап болсаныз, тез арада 53-65-80 Департаменттің сенім телефоны бойынша (қызметтік тергеу бөлімі) немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1003929?lang=kk
Отан қорғаушылар саны артты: Ұлттық ұланға Ақтау және Павлодар облыстарынан жас шақырылым келді 29.05.2025
2025 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының қатарын еліміздің түрлі өңірлерінен келген жас жауынгерлер толықтырдуда. 5571 және 5573 әскери бөлімдеріне Маңғыстау және Павлодар облыстарынан әскерге шақырылғандардың алғашқы легі келді.Ақтау қаласының жастары Отан қорғау үшін Алматыдағы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің табалдырығын аттады.Бөлім командирі полковник Мақсат Баймағұлов әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде қарсы алып, жасаған таңдауларының маңыздылығына тоқталды:— Бүгін ерекше күн. Еліміздің батысынан келген жас жігіттер құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлік құрамына еніп отыр. Әскери қызмет — батылдық пен жауапкершілік жолы. Осы жолдағы қадамдарыңыз өмір мектебінің бастамасы болсын, - деді ол.Көп жастар үшін бұл мегаполисқа және әскери тәртіпке деген алғашқы адым десек те, жас жауынгерлердің қызметке деген құштарлығы жоғары.Солардың бірі, кәмелет жасындағы Аманат Бегениш өз әсерімен бөлісті:— Ес білгелі Ұлттық ұланда қызмет етуді армандадым. Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының есімімен аталған әскери бөлімге түскеніме қуаныштымын. Бұл нағыз ер азамат, елжанды Отан қорғаушы болуға берілген мүмкіндік деп білемін.Астанада орналасқан 5573 әскери бөлімі Павлодар облысынан келген шақырылушыларды тобын қабылдады. Әскери өмірге жаңа келген жастар көңілдеріндегі толқынысқа қарамастан, қызметке дайын екендіктерін көрсетті.Әскери бөлім оларды белгіленген тәртіпке сай қарсы алды: болашақ Отан қорғаушыларға тиісті нұсқамалар берілді, медициналық тексеріс жүргізілді, киім-кешекпен қамтамасыз етілді және казармаға орналастырылды. Енді олар саптық, физикалық және атыс дайындығын шыңдайтын, жарғылар мен бөлім дәстүрлерін үйрететін 40 күндік жас жауынгер курсынан өтеді.Айта кету керек, елордалық бригада қолбасшылығы жас толықтырылым әскери бауырластықтың даңқты дәстүрлерін жалғастыра отырып, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті абыроймен қамтамасыз ететініне сенім білдірді.Ұлттық ұландағы қызмет — тек батылдық мектебі ғана емес, Қазақстандағы құқықтық тәртіп пен тұрақтылық күзетіндегі әр азамаи үшін абырой. Ақтау және Павлодар облысынан келген жас толықтырылым осы жауапты жолдағы алғашқы қадамдарын жасады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1003946?lang=kk
ҚР Елшілігінің Малайзиядағы қазақстандық студенттермен тұрақты жұмысы жалғасуда 29.05.2025
ҚР Елшілігінің Малайзияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен жүйелі түрде жұмыс жүргізу аясында 2025 жылғы 23 мамырда Қазақстан дипломаттарының «INTI International University & College» университетінің студенттерімен кездесуі өтті. Кездесуге Малайзиядағы қазақ диаспорасының басшылығы мен университет әкімшілігінің өкілдері қатысты.Кездесу барысында студенттердің оқу және тұру жағдайларына, денсаулық сақтауға, жергілікті заңнаманы сақтауға, сондай-ақ жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Елдегі медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысына, сондай-ақ консулдық және құқықтық қызметтерді алу тәртібіне ерекше назар аударылды.Елшілік Қазақстаннан келген студенттермен жергілікті жоғары оқу орындарда, сондай-ақ Малайзияда өткізілетін әртүрлі мәдени іс-шаралар аясында кездесулерді тұрақты түрде өткізеді. Бұл кездесулер студенттердің жеке қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге, патриотизмді сақтауға, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді ілгерлетуге, сондай-ақ шетелде болғанда олардың құқықтары мен қолжетімді мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1003973?lang=kk
Union COOP компаниясының Атқарушы директоры Мохамед Аль Хашимимен кездесу 29.05.2025
Дубайда Қазақстан өнімдерін Біріккен Араб Әмірліктері нарығына ілгерілету аясында Union COOP компаниясының Атқарушы директоры Мохамед Аль Хашимимен кездесу өтті.Анықтама:Union COOP — 1982 жылы құрылған, БАӘ-дегі ең ірі сауда желілерінің бірі. Компания супермаркеттер мен гипермаркеттер желісін басқарып, азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын сатуға маманданған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1003984?lang=kk
Қазақстан мен Польша инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде 29.05.2025
Варшава, 2025 жылғы 23 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Польша Республикасының ғылыми және бизнес өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.Атап айтқанда, Станислав Сташица атындағы Краков тау-металлургия академиясының (AGH) делегациясымен кездесу өтті. Польша тарапы «CompLithium» жобасын таныстырды. Жоба құрамында литий бар қабат суларынан металлды тиімді бөлуді қамтамасыз ететін инновациялық сүзгі технологиясын пайдалануға бағытталған. Тараптар қазақстандық жоғары оқу орындарымен бірлескен зерттеулер жүргізу және технология сәтті сынақтан өткен жағдайда оны коммерцияландыру мүмкіндігін талқылады.Сондай-ақ азық-түлік және балық шаруашылығы салаларында жұмыс істейтін Польша кәсіпорындарының жетекшілерімен келіссөздер өтті.«Polryb sp. z o.o.» компаниясының президенті Лукаш Парфиановичпен келіссөздер барысында балық шаруашылығы саласындағы қазақ-поляк ынтымақтастығының келешегі талқыланды. Польша тарапы форель өсірудің бірегей технологиясын беру және балық шаруашылығы саласындағы мамандарды оқыту бойынша қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастыққа мүдделілігін білдірді.«Мощиброди ет комбинаты» компаниясының президенті Кшиштоф Борковски Қазақстанда күркетауық өсіру және қайта өңдеу саласында қазақстандық компаниялармен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Кездесу барысында Польша құс шаруашылығы өнімдерінің Қазақстан нарығына шығуына кедергі келтіретін бірқатар мәселелер қаралды.Польша тамақ өнеркәсібі саласындағы ғылыми-техникалық қауымдастығының Бас кеңесінің төрағасы Марек Мажец Қазақстанның азық-түлік өнімдерін Еуропалық Одақ, соның ішінде Польша нарығына шығару үшін сертификаттау саласындағы ынтымақтастыққа дайын екенін, сондай-ақ жасанды интеллектке негізделген заманауи шешімдерді енгізуге мүдделі екенін атап өтті.«Trans Rach» компаниясының бас директоры Марта Лагодамен логистика саласындағы мәселелер, соның ішінде «Орта дәліз» инфрақұрылымын дамыту және жүктерді жеткізу уақытын қысқарту үшін электрондық кезек жүйесін құру мәселелері талқыланды.Польша-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Петр Гузовскиймен кездесу барысында Польша инвесторларының Қазақстандағы жобаларын іске асыру барысында туындайтын өзекті мәселелер, соның ішінде кадрларды даярлау мәселелері қаралды. Сондай-ақ алдағы инвестициялар үшін жағдайды жақсарту, бизнес-процестерді оңтайландыру және екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайту маңыздылығы айтылды.Кездесулер қорытындысы бойынша екі ел үшін басым салаларда бірлескен ғылыми және инвестициялық бастамаларды дамыту мақсатында диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1003974?lang=kk
Астанада Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебінің 25 жылдығы атап өтілді 29.05.2025
Атаулы күнге орай Ұлттық әскери-патриоттық орталықта салтанатты іс-шара өтті.Оған Қорғаныс министрлігінің басшылығы, әскери-техникалық мектептер, оқытушылар, Қарулы күштердің ардагерлері мен курсанттар қатысты.Жиналғандарды Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев маңызды күнмен құттықтады. Ол негізгі миссияся жұмылдыру ресурсын толықтыру үшін әскерге шақырылушылар мен әскери дайындалған резервті сапалы дайындау болып табылатын мекеменің тарихы бай екенін атап өтті.Генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бұдан басқа жұмысшы мамандықтар жылы әскери-техникалық мектептердің қорғаныс қабілеті мен мемлекеттің тиімді дамуына қажетті мамандарды сапалы даярлаудың рөлі мен жауапкершілігі едәуір артқанын алға тартты.Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептері Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Орал және Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Мекемелер атқыш, мерген, граната лақтырушы, барлаушы, ҰҰА операторы, "B, C, C1" санатындағы жүргізуші, МТЛБ механик-жүргізушісі, радиотелеграфист сияқты әскери-есептік мамандықтар бойынша азаматтарды даярлау бағдарламаларының кең спектрін іске асырады. Уақыт талаптарын ескере отырып, мамандықтар тізімі үнемі кеңейіп отырады.– Біздің мекеме қорғаныс және азаматтық бейіндегі мамандарды даярлау жүйесіндегі маңызды буыны, кәсібиліктің, патриотизмнің және Отанға адалдықтың тірегі болды. Біз жүріп өткен жол – беріктіктің, тұрақтылықтың және ынтымақтастықтың жоғары сапасының дәлелі. Ширек ғасыр – біз оқыған, оқытқан, жетілдірген және кәсіби мәдениетті қалыптастырған, лайықты азаматтардың жаңа буынын, мемлекетіміздің қорғаушыларын тәрбиелеп шығарған уақыт, – деді өз сөзінде ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебінің бас директоры генерал-майор Әділбек Алдабергенов.Әскери-техникалық мектептің 25 жылдығына орай бірқатар әскери қызметшілер, мамандар мен ардагерлер "Ел қорғаны" ведомстволық медалімен, Қорғаныс министрі мен Әскери-техникалық мектептің бас директорының атынан грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты шара Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1003995?lang=kk
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру: оқыту семинарлары және түсіндіру жұмыстары 29.05.2025
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облыстық филиалының қызметкерлеріне оқыту семинарларын өткізді.Семинарлардың басты тақырыбы – мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында бизнес-процестердегі регламенттік іс-қимылдарды сақтау болды.Негізгі назар келесі мәселелерге аударылды:Қостанай облысында тіркеуде тұрған қызмет алушылар үшін Қазақстан Республикасының резиденттігін растау;Салықтар мен бюджетке төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алу және қайтару;Салық есептілігін қабылдау.ХҚКО ақпараттық стендтерінде өтініштердің толтырылған үлгілері орналастырылып, құжаттарды дұрыс және ыңғайлы рәсімдеу үшін қадамдық нұсқаулықтар мен чек-парақтар әзірленді.Жүргізілген жұмыс азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113601?lang=kk
Алматы облысының әкімі Шанхай қаласындағы YTO Express штаб-пәтеріне барды 29.05.2025
Қытайға жасаған ресми сапары аясында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайдың ең ірі логистикалық компанияларының бірі – YTO Express Co. штаб-пәтеріне барды. Сапар барысында компанияның негізін қалаушы әрі Директорлар кеңесінің төрағасы Ю Вэйцзяомен кездесу өтті.YTO Express – Қытайдың экспресс жеткізу нарығындағы «үлкен бестікке» кіретін көшбасшы компаниялардың бірі және халықаралық логистикалық желіні белсенді түрде дамытып келеді. Компания әуе, теңіз және құрлық арқылы тасымалдау қызметін көрсетіп, зияткерлік сұрыптау орталықтарын басқарады және логистика саласына арналған IT-шешімдер ұсынады. Бүгінде YTO әлем бойынша 5 100-ден астам филиалға, 133 логистикалық хабқа және 80 000 терминалға иелік етеді.Әкім осындай жаһандық операторлармен әріптестіктің стратегиялық маңыздылығын атап өтті, әсіресе Алматы облысын «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында көлік-логистикалық хаб ретінде дамыту тұрғысынан. Бүгінде Алматы облысы YTO компаниясының жаһандық логистикалық стратегиясындағы басым бағыттардың бірі болып отыр. Бұл қатарда Дубай, Сидней және Лос-Анджелес сияқты ірі қалалар да бар.Тараптар YTO компаниясының Алматы облысындағы қатысуын кеңейту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және инновациялық логистикалық шешімдерді дамыту мәселелерін талқылады.Сапар өңірге жоғары технологиялық инвестицияларды тарту мен экономикалық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1003823?lang=kk
Алматы облысынан барған делегация фотоэлектрлік компоненттерді өндіру бойынша жетекші компаниялардың бірі — Astronergy кәсіпорнына барды. 29.05.2025
Қытайға жасалған іскерлік сапар аясында Алматы облысынан барған делегация фотоэлектрлік компоненттерді әзірлеу және өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Astronergy компаниясының өндірістік қуаттарын аралады.Сапардың мақсаты — күн энергетикасы саласындағы озық технологиялармен танысу және жаңартылатын энергия көздері бағытындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылау болды. Қазақстандық делегация өндіріс үдерісінің жоғары деңгейде автоматтандырылуын, өнім сапасын бақылаудағы инновациялық тәсілдерді және кәсіпорын ауқымын жоғары бағалады.Astronergy компаниясы жоғары тиімділікке ие күн панельдерін өндіруге маманданған және «жасыл» технологиялар саласындағы жаңа шешімдерді белсенді түрде енгізіп келеді. Өндірістік желілер бойынша экскурсия барысында Алматы облысының өкілдеріне өндіріс технологиялары, өнімді сынақтан өткізу кезеңдері және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі туралы жан-жақты ақпарат берілді.Сапар қорытындысы бойынша тараптар болашақта ынтымақтастықты жалғастыруға, соның ішінде Қазақстан аумағында технологияларды жергіліктендіру және жаңартылатын энергетиканы дамыту саласындағы тәжірибе алмасу бағытында өзара қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1003824?lang=kk
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ханчжоу қаласында қытайлық инвесторлармен кездесу өткізді 29.05.2025
Алматы облысы делегациясының Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары аясында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайдың жетекші компанияларының өкілдерімен кездесті. Бұл кездесу халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды кезеңіне айналды.Кездесуге Zhuhai Shixi Technology Co., Ltd, Wanjia Hotel Group Co., Ltd, және AT Partner Company сияқты жоғары технологиялар мен туризм саласындағы бірлескен жобаларға қызығушылық танытқан ірі компаниялардың өкілдері қатысты.Келіссөздер барысында Алматы облысының табиғи жауһары саналатын Көлсай аймағында аспалы жолдар салу жобасына ерекше назар аударылды. Кездесу нәтижесінде инфрақұрылымды дамыту және экологиялық туризм салаларындағы ынтымақтастықты көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Мұнай-газ секторына инвестиция тарту мәселесі бойынша негізгі әріптес ретінде Jinxiang Investment Group компаниясы танылып, оны директорлар кеңесінің төрағасы Хуан Сян Мяо таныстырды. Сондай-ақ кездесуге қазақстандық «Слава Мұнай» ЖШС өкілдері де қатысты.Энергетика саласы да маңызды тақырыптардың бірі болды. Жасыл энергетиканы дамыту перспективалары Ronghao Energy (басшысы Эрик Гао) және Zhongtai Group компанияларының қатысуымен талқыланды.Кездесу аясында зияткерлік жүйелер, технологиялар және өнеркәсіптік автоматтандыру салаларында ұсыныстармен алмасу өтті. Іс-шараға Jiangsu Slenline Intelligent Systems, Leng Dengke, Gaosong және Helong Explosion компанияларының өкілдері қатысты. Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға ерекше қызығушылық білдірген компаниялардың бірі – Қытайда жаңғақ пен снек өнімдерінің ірі дистрибьюторы болып саналатын Three Squirrels Co., Ltd. Компания атынан Пан Даовэй (Pan Daowei) сөз сөйледі.Алматы облысы шетелдік инвестициялар үшін ашық екенін және шетелдік серіктестерге қолайлы жағдайлар, әрі тиімді рәсімдер және жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде кешенді қолдау көрсетуге дайын екенін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1003825?lang=kk