Enbekshi QazaQ

Қоғам

Ұлттық ұланда 2025 жылғы көктемгі шақырту науқаны басталды 28.05.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланында 2025 жылғы көктемгі жас сарбаздарды шақыруды ұйымдастыруға арналған ведомствоаралық кеңес өтті. Жиын барысында бөлімдерді жасақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жайы талқыланып, шақырту науқаны кезінде туындайтын мәселелер талданды.Бекітілген жоспарға сәйкес, 2025 жылғы 22 мамыр мен 30 маусым аралығында ҚР Ұлттық ұланының қатарына 7 мыңнан астам азамат шақырылмақ. Оның ішінде шамамен 5 000 сарбаз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін әскери бөлімдерге, атап айтқанда еліміздің ірі қалалары мен облыс орталықтарында орналасқан бөлімдерге жіберіледі.Ішкі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде Астана қаласындағы 5573, Алматы қаласындағы 5571, Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімдерінің мерзімді әскери қызметшілеріне ерекше рөл жүктеледі. Аталған бөлімдердің жеке құрамы күнделікті құқықтық тәртіпті сақтау, мемлекеттік, қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік іс-шараларды қадағалау және қаіпсіздікті қорғау бойынша міндеттерді орындайды. Жеке құрамның жеделдігі мен төзімділігіне қойылатын талаптардың артуына байланысты, әскерге шақырылушыларды іріктеу кезінде физикалық параметрлері ескеріледі, таңдау көбіне бойы 175 см және одан жоғары жастарға түседі.Кеңес барысында құқықтық тәртіп әскерінің өкілдері жергілікті атқарушы органдармен, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттермен және құқық қорғау құрылымдарымен тығыз әрі үйлесімді жұмыс жүргізудің маңызын атап өтті. Тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл – шақырту науқанын сәтті өткізу, бөлімдерді дер кезінде жасақтау және іріктеу мен жөнелту кезінде туындайтын қиындықтарды жоюдың негізгі факторы болып табылады.Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы шақырту науқанын жетілдіру, барлық рәсімдердің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Отан игілігі үшін қызмет ететін жеке құрамды сапалы жасақтау жұмысын одан әрі жалғастыра бермек. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1001090?lang=kk
Президенттік жастар кадрлық резерві 4.0 28.05.2025
Президенттік Жастар Кадрлық Резервін (бұдан әрі - ПЖКР) қалыптастыруға байланысты бүгін 2025 жылдың 21 мамырында Меңдіқара аудандық мәслихаты аппаратының өкілдерімен және Боровское ауылының әкімі Ж.Т. Тұрағұловпен бірлесіп, Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской мектеп -гимназиясының ұжымымен кездесу өткен болатын. ПЖКР негізгі бағыттары талантты, бастамашыл жаңа ойланатын жастарды тарту болып табылады. Осы жылы ПЖКР маусымнан бастап қазан айлары аралығында кезекті төртінші іріктеуді өткізу жоспарлануда, оның ерекшелігіі сәйкес салалық бағыттар бойынша пропорционалдық іріктеуді өткізу болып табылады. Іріктеу Президенттің Жарлығымен бекітілген) Ереже 2019 жылғы 27.08. № 141 Жарлығымен бекітілген) Ережелерге сәйкес 6 кезеңнен тұрады.Жағдайды пайдалана отырып, біз 35 жасқа дейінгі жастағы Меңдіқара ауданының жастарын ПЖКР іріктеуге қатысуға шақырамыз. Қатысуға өтінімді 2025 жылдың 1 маусымынан бастап 30 маусымы аралығында pkrezerv.gov.kz. сайтында беруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1001129?lang=kk
СӘИЖ АЖ-да салық есептілігінің жаңа нысандарына қол жеткізу 28.05.2025
СӘИЖ АЖ-да салық есептілігінің жаңа нысандарына қол жеткізуМемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.2025 жылғы 21 мамырдан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:1. “Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты” мәмілелер мониторингі бойынша есептілік;2. “Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты” мәмілелер мониторингі бойынша есептілік;3. Тауарлармен электрондық саудасын жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін осындай қызмет бойынша дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар беретін ақпараттар жалпы мәлімет;4. Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар беретін мәліметтер;5. Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініші;6. Декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебі (101.01 СЕН);7. Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі (101.02 СЕН);8. Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есебі (101.03 СЕН);9. Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша декларация (510.00 СЕН);10. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларация (560.00 СЕН);11. Экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00 СЕН);12. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация (590.00 СЕН);13. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салығы бойынша декларация ( 600.00 СЕН).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1003916?lang=kk
Жаркентте өткен «Бейбіт күн тілегі» концерті – өнер мен достықтың жарқын көрінісі 28.05.2025
Жаркент қаласындағы Панфилов ауданы әкімдігінің мәдениет үйінде Қазақ өнерінің қайраткері, Қырғыз мәдениетінің инсаны Эльмира Дәуренбекованың «Бейбіт күн тілегі» атты шығармашылық концерті жоғары деңгейде өтті.Концерт барысында Эльмира Дәуренбекова өз репертуарындағы таңдаулы әндерді орындап, көрермендерге рухани ләззат сыйлады. Кештің қонақтары ретінде танымал өнерпаздар өз өнерлерің паш етті:- Гүлнұр Нұрасыл- Есхат Нұрәлі- Гүлім Ахман- Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының бишілер ансамбліКештің әрбір өнерпазы өз өнерлерімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, концерттің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты. Концерттің ерекшелігі «Бейбіт күн тілегі» концерті – өнер мен мәдениеттің бейбітшілік пен татулықты насихаттаудағы рөлін айқындайтын шара болды. Кеш барысында дәстүрлі және заманауи музыкалық шығармалар орындалып, көрермендерге рухани әсер қалдырды.Кеш соңында көрермендер ыстық ықыластарын білдіріп, шапалақпен қошемет көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1000952?lang=kk
«ЦОН» мобильді қосымшасының жаңа сервисін 3 аптада 4 500-ге жуық адам пайдаланды 28.05.2025
«ЦОН» мобильді қосымшасының жаңа сервисін3 аптада 4 500-ге жуық адам пайдаланды 2025 жылғы 28 сәуірден бастап «ЦОН» мобильді қосымшасында зейнетақы мен жәрдемақы түрлерін есептейтін пайдалы сервис іске қосылды. Бұл азаматтарға үйден шықпай-ақ алдын ала әлеуметтік төлемдердің мөлшерін шамалауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 4 470 адам есептеулер жүргізіп үлгерді. Бүгінгі таңда калькулятор арқылы 8 әлеуметтік төлем/жәрдемақы мен зейнетақы түрлері бойынша 5 негізгі санатты есептеуге болады:зейнетке шығу: базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы;бала туу: жүктілікке, босануға немесе бала асырап алуға байланысты табыстан айырылу кезіндегі төлем, сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы;мүгедектік: еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлем;жұмыссыз қалу: жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;жақын адамынан айырылу: асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлем. Айта кету керек, есептеу пайдаланушы енгізген деректер негізінде жүргізілетіндіктен, төлем нәтижесі шамамен көрсетіледі және ақпараттық сипатта беріледі. Әлеуметтік төлемдердің нақты мөлшері уәкілетті мемлекеттік органға өтініш беруші ұсынған мәліметтер негізінде есептеліп, ресми түрде тағайындалады.Қызметті пайдалану үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын (Google Play және App Store-да қолжетімді) жүктегеннен кейін мемлекеттік биометриялық сәйкестендіру сервисі арқылы авторизациядан өту қажет. Одан кейін тиісті бөлімді таңдап, қажетті деректерді енгізу керек.Айта кетейік, «ЦОН» мобильді қосымшасы – электрондық қызметтерге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін жан-жақты цифрлық арна ретінде қарқынды дамып келеді.Сұранысқа ие қызметтердің бірі - ХҚКО-ға кезекке тұру мақсатында алдын ала брондау функциясы. Апта сайын қосымша арқылы шамамен 60 000 электрондық талон беріледі, бұл кезекте күту уақытын едәуір қысқартып, қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу үшін қажетті емтиханға жазылу қызметі кеңінен қолданылуда. Апта сайын теориялық емтиханға 8 000-нан астам, ал тәжірибелік емтиханға шамамен 7 000 адам жазылады. Сонымен қатар, сынамалық жүргізу тәжірибесіне тіркелу қызметін апта сайын орта есеппен 1 600 адам пайдаланады.Қазіргі уақытта «ЦОН» мобильді қосымшасын 670 000-ға жуық пайдаланушы жүктеп, белсенді түрде қолдануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1001461?lang=kk
Сіздің үй жануарыңызға арналған цифрлық паспорт – енді eGov Mobile қосымшасында 28.05.2025
Барлық мәліметтер TABAN – үй жануарларын есепке алу Бірыңғай деректер базасынан жүктеледі. Бұл жүйеде тіркелген барлық жануарлар және оларға қатысты маңызды оқиғалар жазылып отырады.  Цифрлық паспортта мына мәліметтер қамтылады: жануардың жеке нөмірі, құжат нөмірі, аты, түсі, тұқымы, туған күні, ерекше белгілері, жануардың түрі мен жынысы, тіркелген мекенжайы, нақты тұратын мекенжайы, иесінің толық аты-жөні мен ЖСН, сондай-ақ чиптеу, стерилизация және вакцинация туралы ақпарат – даталары мен мәртебелері көрсетілген.Қызметті пайдалану үшін:eGov Mobile қосымшасына авторизациядан өтіп;«Цифрлық құжаттар» сервисіне кіру қажет;«Басқа құжаттар» бөлімінде Жануар паспортымен танысу керек;егер құжат көрінбесе, «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басу қажет.  Цифрлық төлқұжат ветеринарлық клиникаға барғанда, саяхатқа шығарда, көрмелерге қатысқанда немесе жануар жоғалған жағдайда оның деректерін жедел ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл қызмет үй жануарларын жүйелі түрде есепке алуға, қаңғыбас жануарлар санын азайтуға және иелерінің жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.2025 жылғы наурыз айындағы жағдай бойынша жүйеде 224 мыңнан астам үй жануары тіркелген, оның ішінде 20 мыңнан астамы – үйсіз жануарлар.Жаңа сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Қоршаған экология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырысы бойынша «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ бірлесіп жүзеге асырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1000843?lang=kk
Білім беру басты басымдық: № 1 Қамысты мектебі – жаңару жолында 28.05.2025
Шамамен жарты ғасыр бұрын, 1978 жылы №1 Қамысты жалпы білім беретін мектебінің ғимараты пайдалануға берілді. 2009 жылы шатырға күрделі жөндеу жүргізілді, ал 2011 жылы ғимараттың қасбетіне күрделі жөндеу жүргізілді. Алайда ғимарат ішінде тек жыл сайынғы ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. 2023 жылы сараптаманың оң қорытындысын ала отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ал биыл облыстық бюджеттен күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлінді. Мердігер ретінде – «Гренада» ПКФ» ЖШС анықталды. 11 наурызда жұмысшылар бригадасы  жұмысқа кірісті. Жылыту  және желдету жүйелері жаңартылып, барлық үй-жайлардың ішкі безендірілуі жүргізілетін болады. Жаңа бейнебақылау камералары мектеп аумағындағы қимыл-әрекеттердің барлығын бақылауға мүмкіндік береді, бұл қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады.№ 1 Қамысты мектебінің директоры Намик Оруджовтың айтуынша, күрделі жөндеу – мектеп қауымдастығы үшін өте қуанышты және көптен күткен оқиға. Ол кабинеттердің заманға сай жағдайы мен техникалық мүмкіндіктері қызметкерлердің көңіл-күйіне әсер ететініне сенімді. Мұғалімдер өз әлеуетін толық пайдалана алады, ал оқушылар оқуға ыңғайлы болады, бұл жалпы жоғары  жетістіктерге серпін береді.Аудан басшылығы жөндеу мәселесін үнемі бақылауда ұстап, студенттердің жаңартылған ғимаратқа тезірек оралуы үшін барлық жұмыстарды уақытында орындауына бар назарын аударуда. Себебі күрделі жөндеудің басталуымен мектепті толығымен босатып, оқушыларды жақын маңдағы білім беру мекемелеріне ауыстыру туралы шешім қабылданған еді.  Оқу процесін үздіксіз ұйымдастыру мақсатында 1-4 сыныптар мен мектепалды сыныптардың білім алушылары Қамысты №2 жалпы білім беретін мектепіне екінші ауысымға ауыстырылды, онда олар үшін бекітілген кестеге сәйкес сабақтар ұйымдастырылып, тамақтандыру қолға алынған. Оқушылардың шығармашылық үйінің ғимаратында бірінші ауысымда 5,9,10,11 сынып  оқушылары, ал екінші ауысымда 6,7,8 сынып оқушылары оқиды. Екі ауысымды оқытуға көшуді ескере  отырып, оқу жоспарын толық іске асыру мақсатында бірінші ауысымдағы сабақтар 8.30-ға ауыстырылды.Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әлихан Арстымбаев білім алушыларды басқа ғимараттарға және екі ауысымды оқытуға ауыстыру туралы шешім жалпы мектептік ата-аналар жиналысы аясында ата-аналар жұртшылығымен талқыланғанын атап өтті. Оқу кестесі мен оқу орнына бейімделуде қиындықтар болған жоқ. Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, балалар да сабақта әдеттегідей белсенді. Оқушылар жаңартылған кабинеттерге оралу үшін жаңа оқу жылын асыға күтуде.Математика пәнінің мұғалімі Ермек Әзбергенов №1 Қамысты мектебі бір туғандай болып кеткенімен бөлісті, өйткені ол осы білім ордасында білім алып, мектепке педагог ретінде қайта оралған. Оның пікірінше, оқытудың заманауи жағдайларын жасау сабақтарда оқушылармен қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді. Мектепке күрделі жөндеу жүргізу – білім беру ортасын жаңартудағы маңызды қадам. Ғимарат барлық қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына сай болуы қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1001138?lang=kk
Израильдің беделді политехникалық университеті Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға дайын 28.05.2025
Тель-Авив, 2025 жылғы 21 мамыр – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израильдегі ең ірі және беделді политехникалық жоғары оқу орны – Технион – Израиль технологиялық институтына ресми сапармен барды.Университет президенті Ури Сиванмен кездесуде Технион мен Қазақстанның ғылыми-білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту келешегі талқыланды. Атап айтқанда, инженерия мен дәл ғылымдар, сондай-ақ зерттеу, инновация және технология салаларында ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.У.Сиван Қазақстан мен Израиль арасында бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, бұл үдеріске докторанттар мен магистранттарды тартудың мақсатқа сай екенін жеткізді.Өз кезегінде Елші Д.Ембердиев бұл саладағы ынтымақтастықты тереңдету екі ел арасындағы қарым-қатынастарды едәуір нығайтып, олардың жан-жақты дамуына үлес қосатынын атап өтті.Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты. Осы мақсатта Қазақстандық делегация Израильге жіберіліп, тәжірибе алмасу және халықаралық іс-шараларға қатысу жоспарланып отыр.Анықтама: Технион – бұл ғылыми зерттеулер, инновациялар және технологиялар саласындағы әлемдегі жетекші академиялық орталықтардың бірі. Университет Израильдің жоғары технологиялық салаларын дамытуда және жаһандық экономикада маңызды рөл атқарады.Технион жиі «Израильдің MIT-і» деп аталады және өзінің озық ғылыми-зерттеу қызметі мен академиялық жетістіктерімен танымал. Бұл университет Нобель сыйлығының лауреаттары болып табылатын оқытушылардың үлесі жоғары үздік он жоғары оқу орнының қатарына кіреді. Сонымен қатар, Технионның төрт түлегі де осы беделді марапатқа ие болған.Университет түлектері биотехнология, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, робототехника және қоршаған ортаны инженерлік тұрғыда қорғау сияқты озық салаларда көшбасшы атанып жүр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1000876?lang=kk
Шағын және орта бизнесте 4 миллионнан астам адам жұмыс істейді 28.05.2025
Шағын және орта бизнесте 4 миллионнан астам адам жұмыс істейдіКәсіпкерлікті дамыту ұлттық экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы. Ресми статистика деректеріне сәйкес, былтыр ЖІӨ-дегі ШОБ үлесінің өскені байқалды. 2024 жылдың 4-тоқсанында экономикадағы ШОБ үлесі 39,7%-ы құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 3,2%-дық тармаққа артық. 2024 жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 2,2%-ға артып, 4,4 млн адамға жетті. ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 2024 жылғы 4-тоқсанда 19,2%-ға ұлғайып, 81 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1000988?lang=kk
ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасы әзірленуде 28.05.2025
ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасы әзірленудеҚазіргі таңда Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасына портфельдік субсидиялау тетігін, сондай-ақ «Даму» Қоры базасында кепілдік қорлары арқылы кепілдіктер беруді көздейтін түзетулер енгізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1000977?lang=kk
«Даму» қоры 226,3 мың жобаға қолдау көрсетті 28.05.2025
Қазіргі уақытта «Даму» қорының бағдарламалары негізгі 3 құрал арқылы жүзеге асырылады: субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдетілген несие беру. Қаржы бағдарламалары іске асырылған уақытта 14,2 трлн теңге несие сомасына 226,3 мың жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде субсидиялау бойынша 8,93 трлн теңге несие сомасына 119 мың жоба,  кепілдендіру бойынша 2,37 трлн теңге сомасына 73,2 мың жоба, жеңілдетілген несие бойынша мөлшерлеме 3,3 трлн теңге сомасына 32,1 мың жоба қолдау тапты. Бұл жайлы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов ОКҚ брифингінде хабарлады.«2024 жылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы 1 трлн 713 млрд теңге бойынша 29 513 жобаға қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, субсидиялау бойынша 17 623 жоба 1014 млрд теңге көлемінде, несиені кепілдендіру бойынша  9 173 жоба 449 млрд теңге сомасына, жеңілдетілген несие бойынша 2 717 жоба 554 млрд теңге көлемінде. Ал, салалар бойынша, ең басты мақсатымыз - ол өнеркәсіп саласын дамыту, сол салаға атап өткен көлемнің 36%-ы берілді. Бұл  622 млрд теңгені құрады. Одан кейін көлік және қоймалау саласы,246 млрд теңне жқмсалды.  Туризм саласына 109 млрд теңгеден астам және білім беру саласына 109 млрд теңге, өзге салаларға 627 млрд теңге жұмсалды», – деді спикер. Бұл жобаларды іске асыру есебінен мемлекеттік қолдау алған барлық өндіруші 2024 жылы 25,4 млрд теңгеге өнім шығарды. Олар 1,7 трлн теңгеге салық түсімдерін қамтамасыз етіп, 9,7 мың жаңа жұмыс орнын құрды. 2024 жылғы динамикаға сәйкес, 2023 жылмен салыстырғанда қолдау тапқан жобалар саны 24%-ға және несиелер сомасы 9%-ға өсті. Пандемия және пандемиядан кейінгі кезеңде кәсіпкерлерді қолдау көлемі ұлғайтты, нәтижесінде қамту орташа жылдық деңгейден 1,5-2 есе асып түсті.Қазіргі уақытта Қор бағдарламаларының шарттарына өзгерістер енгізіп жатыр.Мемлекет басшысының 2025 жылғы 21 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтылған тапсырмасы мен Үкіметтің 2025 жылғы 02 сәуірдегі қаулысына сәйкес Қор 2 Кепілдік қорын құрды. Біріншісі 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға, екіншісі 7 млрд теңгеден астам ірі инвестициялық жобаларға арналған.Бірінші Кепілдік қоры шеңберінде кепілдіктер берудің негізгі шарттары: кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберінде қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеден аспайды; кепілдіктің ең жоғары мөлшері-қаржыландыру сомасының 85%-на дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайды; ұсынылатын кепілдік мерзімі-қаржыландыру мерзімінің 5 айынан асатын мерзім; кепілдіктер жеделдетілген рәсім бойынша — екі жұмыс күні ішінде, «Даму» Қоры тарапынан қайта сараптама жасалмайды. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша кепілдіктер  екінші деңгейдегі банктермен жасалған портфельдік кепілдік беру туралы келісімдер шеңберінде беріледі. Екінші Кепілдік қоры шеңберінде кепілдіктер берудің негізгі шарттары: кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберінде қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеден асады; кепілдіктің ең жоғары мөлшері – жоба құнының 30% дейін; берілетін мерзімі – 15 жылға дейін. Әр өтінім «Даму» қоры тарапынан жеке қаралады.https://ortcom.kz/kk/novosti/1747814931 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1000902?lang=kk
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде 28.05.2025
30 мамырда Қазақстанның барлық ірі қалаларында "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясы өтеді.Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.Акцияны ұйымдастырушылар - ҚР Әділет министрлігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.Беймбет Майлин ауданы аталған іс-шара 23 мамыр сағат 14:00-де, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі 60 (Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимараты), 1 қабат.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1000776?lang=kk
Korea Electronic Arrival Card 28.05.2025
Оңтүстік Корея үкіметі хабарлағандай, енді шетелден келетін қонақтар елге кірер алдында, үш күн бұрын, компьютер немесе смартфон арқылы өздерінің келу карталарын толтыра алады.Бұрын иммиграциялық рәсімде шетелдік келушілер әуежайда қағаз келу карталарын қолмен толтырып, иммиграциялық қызметкерлер әрбір форманы жеке-жеке сканерлеуі қажет болатын. Бұл процесс көп уақыт алатындықтан, Әділет министрлігі иммиграциялық тексеру пункттерінде өңдеуді жеделдетіп, саяхатшыларға ыңғайлы болу үшін электронды келу карталарын енгізуге шешім қабылдады.https://www.e-arrivalcard.go.kr/portal/main/index.do?locale=RUАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1000780?lang=kk
Қостанайда «Студенттік көктем – 2025» фестивалі басталды 28.05.2025
2025 жылғы 20 мамырда Қостанайда облыстың барлық студент жастар қауымын біріктірген «Студенттік көктем – 2025» фестивалі салтанатты түрде ашылды.Іс-шараға өңірдің жетекші жоғары оқу орындары қатысуда: Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ, ЧелГУ Қостанай филиалы, З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті және Рудный индустриалдық институты.Фестивальді ұйымдастырушы – Қостанай облыстық Жастар ресурстық орталығы. Бағдарлама аясында зияткерлік, шығармашылық және спорттық жарыстар өтуде. Ашылу күнінде триатлон саябағында волейбол, баскетбол және мини-футболдан жарыстар, зияткерлік квест, қазақ және орыс тілдерінде АПФ форматындағы пікірсайыстар ұйымдастырылды. Кешкісін ТРЦ «МАРТ» алдында Open Air дискотекасы өтті.Бүгін волейбол, баскетбол және мини-футболдан финалдық ойындар өтуде. Барлық жоғары оқу орындарының қатысуымен өтетін гала-концерт КИнЭУ-дің Студенттер сарайында ұйымдастырылады, сол жерде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі де болады. Жүлдегерлерге дипломдар, кубоктар, медальдар мен 25 000-нан 150 000 теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттар табысталады. Фестивальге белсене қатысқан жоғары оқу орындарына алғыс хат пен 400 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат табыс етіледі.«Студенттік көктем – 2025» фестивалі – өңірдің мәдени өміріндегі жарқын оқиға. Ол жастарға өз таланттарын көрсетіп, достық байланысты нығайтып, студенттік шығармашылықтың дамуына үлес қосуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1000783?lang=kk
Korea Export & Import Association-мен кездесуі 28.05.2025
Пусан, 2025 жылғы 11 наурыз – Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас Консулы Аслан Асқардың Koexima (Korea Export & Import Association) басшыларымен кездесуі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1000789?lang=kk
Пусанда «Аймақтық виза» бастамасын ілгерілетуге арналған G-Busan Round Table for Leaders халықаралық іс-шарасы өтті 28.05.2025
Пусанда «Аймақтық виза» бастамасын ілгерілетуге арналған G-Busan Round Table for Leaders халықаралық іс-шарасы өтті.Іс-шараға Корея Республикасының Әділет министрлігі, Көші-қон қызметі, Пусан қаласының әкімшілігі, дипломатиялық корпус пен академиялық орта өкілдері қатысты.Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы да аймақтық визалар, мигранттарды қоғамға интеграциялау, бейімдеу бағдарламалары және жергілікті билік органдарының рөлі бойынша негізгі мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.Бас консулдық бұл бастаманы қолдайтынын білдіріп, Кореядағы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1000799?lang=kk
Астанада Қазақстан-Герман Іскерлік кеңесінің отырысы өтті 28.05.2025
2025 ж. 20 мамырда Астанада Қазақстан-Герман Іскерлік кеңесінің 16-отырысы өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр, сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басшылығы, министрліктер мен жетекші отандық кәсіпкерлер қатысты. Кездесудің басты тақырыбы – екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары болды.«Біздің алаң шынымен де аса сұранысқа ие әрі пайдалы платформаға айналды. Мұндай кездесулер екі тарапқа да өзара «сағаттарын теңестіруге», өзекті мәселелерді анықтауға және бизнес қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің алдағы қадамдарын талқылауға мүмкіндік береді. Қатысушылар санының тұрақты өсуі мен күн тәртібінің барынша практикалық сипатқа ие болып келе жатқаны қуантарлық жайт», – деді Қазақстан тарапынан кеңестің теңтөрағасы Роман Скляр.«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшиннің айтуынша, Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастар Орталық Азия мен Еуропа арасындағы экономикалық және саяси өзара іс-қимылды кеңейтуде ерекше орынға ие.«Германия – әлемдегі жетекші экономикалардың бірі ретінде Қазақстанның Еуропалық Одақ елдері арасындағы ең ірі сауда серіктесі. Сонымен қатар, Қазақстан Германияның сыртқы сауда серіктестері арасында үздік 50 елдің қатарына еніп, 2024 жылғы қорытынды бойынша 43-орынды иеленді. Бұған қоса, Қазақстан – Германия үшін Орталық Азиядағы басты серіктес. Аймақ елдерімен Германияның жалпы сыртқы сауда айналымының 83%-ы біздің елімізге тиесілі», – деді Қазақстан тарапынан кеңестің теңтөрағасы Рустам Қарагойшин.Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық берік инвестициялық негізде дамуын жалғастыруда. Linde, Heidelberg Materials, CLAAS, Horsch, WIKA және Zollman сынды компаниялардың қатысуымен күн электр станциясы, цемент және машина жасау зауыттары, геологиялық зерттеу зертханасы және басқа да өнеркәсіптік нысандардың құрылысы сәтті жүзеге асырылды.Қазақстан Германияны стратегиялық басымдықтарды іске асырудағы негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастырады. Әсіресе, қосылған құны жоғары және технологиялық серіктестікке бейім салаларда – өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, логистика, металлургия, химия өнеркәсібі және агроөнеркәсіптік кешен.Германиямен өзара іс-қимыл энергетика саласын жаңғыртуға, цифрлық трансформация мен өндірістегі инновацияларды енгізуге бағытталған жоғары технологиялық әрі тұрақты шешімдер тұрғысынан да өзекті болып отыр. Осыған байланысты «Бәйтерек» холдингі институционалдық көпір ретінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін түрлі қаржылық құралдарды – бірлескен инвестициялаудан бастап кепілдік механизмдерге дейін ұсынуға дайын. Қазақстанның экономикалық мүдделері мен стратегиялық мақсаттарының тоғысқан осы бағыттарында Германиямен ұзақ мерзімді серіктестік үшін нақты әрі кеңейтілетін мүмкіндіктер ашылуда.Кеңес аясында өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, технологиялық серіктестікке және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен KfW Development Bank, сондай-ақ «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС мен IMI zimmermann & jansen technologies gmbh арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдар, «Жезқазғанредмет» РМК мен DAR Metall AG арасындағы ынтымақтастық туралы келісім және Қазақстанның Даму Банкі мен KfW Development Bank арасындағы қаржыландырудың негізгі шарттары келісілді.Германия экономикасының Шығыс комитетінің Бас директоры, кеңестің Германия тарапынан теңтөрағасы Михаэль Хармс Қазақстандағы іскерлік ахуалдың тұрақтылығы мен болжамдылығы, құрылымдық реформалар мен технологиялық серіктестікке дайындығы бұл елді Германия үшін Орталық Азиядағы басты әріптестердің біріне айналдыратынын атап өтті.«Неміс компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастықта зор әлеует бар екенін көріп отыр және экономиканың басым секторларында – шикізатты қайта өңдеуден бастап жоғары технологиялық машина жасауға дейін – өз қатысуын кеңейтуге дайын», – деді ол.Іскерлік кеңес аясында панельдік сессиялар ұйымдастырылып, Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдету жолдары мен бірлескен жобаларды қаржыландыру тетіктері талқыланды. Германия тарапынан сарапшылар ретінде Германия Аграрлық альянсының бас директоры Пер Бродерсен және KfW Banken Group, KfW IPEX-Bank GmbH, ODDO BHF SE, AKA Bank және басқа да қаржы ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі.Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасу нәтижелері өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1000801?lang=kk
Будда күніне орай Хонбопса храмында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды 28.05.2025
Пусан, 2024 жылғы 5 мамыр - Будда күніне орай Хонбопса (홍법사) храмында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шара барысында Пусан қаласының мэрі Пак мырза және Пусанда орналасқан шетелдік консулдықтардың өкілдері құттықтау сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1000805?lang=kk
Golden Visa 28.05.2025
카자흐스탄 부산 총영사관✨카자흐스탄, “골든 비자(Golden Visa)” 프로그램 도입!✨유라시아의 중심부에서 최대 10년간의 거주 자격을 취득하고 투자 기회를 누리십시오!카자흐스탄 외교부의 주도로, 외국인 투자자 유치를 위한 새로운 비자 제도가 도입되었습니다. 이는 카자흐스탄의 투자 환경을 강화하고 장기적인 비즈니스 협력을 촉진하기 위한 조치입니다.카자흐스탄 기업의 자본금 또는 상장 증권에 미화 30만 달러 이상을 투자하는 외국인은 이제 온라인으로 투자자 비자를 신청할 수 있습니다.본 “골든 비자”는 최대 10년간의 거주 자격을 부여하며, 활발히 성장하는 시장에 접근할 수 있는 기회를 제공합니다.카자흐스탄은 글로벌 투자 거주 프로그램의 흐름에 동참하며, 자본, 혁신, 그리고 국제 비즈니스 협력을 위한 길을 넓혀가고 있습니다.총영사관은 한국 내 투자자 여러분이 안정적이고 투명하며 신뢰할 수 있는 환경에서 카자흐스탄과의 협력을 이어나갈 수 있도록 적극 지원할 것입니다.📌 자세한 정보: Invest.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1000809?lang=kk
Моңғолияның консулымен кездесуі 28.05.2025
Пусан, 2025 жылғы 14 мамыр – Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Асқар Моңғолияның консулы Ц. Жадамбаа мырзамен мазмұнды кездесу өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1000812?lang=kk