Қоғам
Әскери парадқа қатысқан жауынгерлер Мәскеуден оралды 12.05.2025
Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 37-ші бригадасының 80 әскери қызметшісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі ұшағымен Талдықорған қаласына оралды.Тоғызыншы мамыр күні қазақстандық десантшылар Қызыл алаңмен салтанатты шерумен өтіп, бүкіл адамзаттың бейбітшілігі мен азаттығы жолында күресіп, қаза тапқан жауынгерлер мен көзі тірі ардагерлерге тағзым етті.Жеңіс парадына қатысқан аға лейтенант Ерзат Қосын өз әсерімен бөлісті:– Мәскеудегі салтанатты шеруге қатысу – мен үшін зор мәртебе. Бұрынғы жылдары Қызыл алаңнан сарбаздар майданға аттанған. Ең ауыр соғыста олар рухының күші мен отансүйгіштігінің арқасында жеңіске жетті. Жеңіс үшін өмірін қиған жандардың рухына тағзым ету мүмкіндігі бұйырғанына мақтанамын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992845?lang=kk
Өмірін сақтады: ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды 12.05.2025
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекті рет кәсібиліктері мен кез келген сәтте көмекке келуге дайын екендіктерін дәлелдеді. Оқиға Салтанат сарайы маңында орын алды. Автобус аялдамасынан келе жатқан жас қыз кенеттен өзін жайсыз сезінген.Қыз жол бойына жақын маңда тұрған әскери қызметшілерден көмек сұрады. Жағдай шұғыл әрекетті талап етті. Ұландықтар бірден іске кірісті.Аға лейтенант Бағлан Тәтей, лейтенант Әділет Мұратов және қатардағы жауынгер Даниял Сәрсенғалиев зардап шеккен қызды қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.— Біз келген кезде қыздың жағдайы өте ауыр екені бірден байқалды. Ол теңселіп, әрең жүріп келе жатты. Біз оны жол жиегінен алып кетіп, жарақат алу қаупін болдырмауға тырыстық. Эпилепсия ұстамасына ұқсас жағдай болды: қолдары қалтырап, көзі бұлдырап тұрды. Біз оны бір қырынан жатқызып, басын ұстадық, есінен танып қалмауы үшін үнемі сөйлесіп отырдық. Ең бастысы – оның құлап, өзіне зақым келтіріп алуына жол бермеу еді, – дейді аға лейтенант Бағлан Тәтей.Куәгерлердің айтуынша, қызда эпилепсия ұстамасының белгілері байқалған. Әскери қызметшілер жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер қызды қалалық ауруханаға жеткізді.Бұл оқиға Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің тек қоғамдық тәртіпті сақтап қана қоймай, төтенше жағдайларда азаматтардың сенімді қорғаны екенін тағы бір мәрте көрсетті.Ұландықтар – қауіпсіздіктің кепілі. Олар күн сайынғы қызметімен ерлікке дайын екендерін дәлелдеп келеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/992808?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Минскідегі әскери парадқа қатысты 12.05.2025
Беларусь еліне Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен барған қазақстандық делегация Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты. Маңызды оқиға – "Минск – батыр қала" ескерткіш бағанасының маңында өткен әскери шеру болды.Сапар аясында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Беларусь Республикасының Әскери академиясында, Беларусь мемлекеттік авиация академиясында оқитын қазақстандық курсанттармен және әскери шеруге қатысатын ҚР Қарулы күштерінің ту ұстаушыларымен кездесті.Бұдан өзге, қазақстандық әскери қызметшілер "Дукорский Маентак", "Дудудки" этноауылдарына, Беларусь Қарулы күштері Офицерлерінің орталық үйіне, Ұлы Отан соғысы тарихы мұражайына және "Хатынь" мемориалдық кешеніне барды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992795?lang=kk
Әскери парадқа қатысушылар тұрақты қызмет орнына оралып жатыр 12.05.2025
Жеңіс парадына қатысушыларды Ақтау қаласында салтанатты жағдайда қарсы алды.Маңғыстау теміржол вокзалында Астанада өткен әскери парадқа Ақтау гарнизонының атынан қатысқан әскери қызметшілерді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.Таңның ертесіне қарамастан, бұл кездесу мерекелік көңіл-күйде өтті. Жүздеген әскери қызметші, олардың отбасы мүшелері мен әскери оркестр музыканттары парадқа қатысушыларды қарсы алуға жиналды.Теңіз жаяу әскерлері бригадасының, Әскери-теңіз күштерінің, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бригадасының, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының және әскери полицияның жеке құрамы өз әріптестерін құрметпен қарсы алды.Каспий жағалауынан келген 500-ге жуық әскери қызметші бір айдан астам уақыт бойы Астанада саптық машықтарын жетілдіріп, парадта Маңғыстау облысының намысын лайықты қорғады.Платформада әскери оркестрдің көңілді марштары ойналып, ауада күлкі мен шаттық лебі есті.Жиналғандарды Ақтау гарнизонының бастығы подполковник Азамат Сүлейменов құттықтады:– Сіздермен қайта қауышқанымызға қуаныштымыз, – деді ол. – Сіздер тарихқа ендіңіздер. Екі айдан астам уақыт бойы сарбаздар үлкен дайындықтан өтіп, маңызды іс-шарада өзін лайықты көрсете білді. Біз сіздермен мақтанамыз. Әрқайсыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт пен ашық аспан тілеймін!Кейін салтанатты іс-шаралар әскери бөлімдерде жалғасты. Теңіз жаяу әскерлері бригадасының саптық алаңында келгендерді ұрандармен, әскери тәртіппен қарсы алды.Мерзімді қызметтегі теңіз жаяу әскері жауынгері қатардағы Алмас Дәулетбек парадқа қатысқанын мақтаныш етеді. Барлық әскери қызметші саптық дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетіп, жақсы баға алды. Ол министр атынан он күндік демалысқа жіберілді.Алда сарбаздарды жауынгерлік атыстар, полигондағы оқу-жаттығулар және басқа да әскери міндеттер күтіп тұр. Дегенмен бұл – жылдың басты саптық шеруіне қатысу олардың жадында мәңгі сақталмақ.Айта кетейік, Ақтау гарнизоны атынан әскери парадқа екі саптық есептоп – теңіз жаяу әскерлері бригадасы мен Әскери-теңіз күштері қатысып, өңірді абыроймен танытып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992806?lang=kk
Хорватияда кеңес жауынгерлері мен фашизм құрбандары еске алынды 12.05.2025
Батина, Загреб, 2025 жылғы 9 мамыр – Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Елшілігінің қызметкерлері гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, Батина шайқасында қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне және Загреб қалалық зиратындағы халық қаһармандары мен партизандар мемориалында фашизм құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.Батина ауылындағы мемориалдық кешен Югославия аумағындағы Екінші дүниежүзілік соғыстың ең ірі шайқастарының бірінде қаза тапқан екі мыңнан астам кеңес жауынгерлері мен офицерлері жерленген бауырластар зиратының орнында салынған. Бұл шайқастарға қатысқан отыздан астам жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Олардың қатарында Батина шайқасы кезінде 315-атқыштар дивизиясының 22-атқыштар ротасын басқарған Қарағанды облысының тумасы Хамит Сәдуов бар. 1944 жылғы 19 қарашада оның рота фашистердің шабуылдарын қиян-кескі ұрыста ерлікпен тойтарыс беріп, 230 жау солдаты мен офицерін жойды. Ерлігі мен батылдығы үшін қазақстандық жауынгерге қайтыс болғаннан кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді.Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Д.Батрашев Хорватия антифашистер одағының мүшелеріне және «Еске алу» қауымдастығының басшылығына фашизмге қарсы күресте жанын қиғандарға құрмет көрсету және олардың ерлігін мәңгі есте сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-zagreb/press/news/details/992770?lang=kk
Канада Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан таныстырылымы өтті 12.05.2025
Оттава, 2025 жылғы 9 мамыр – Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі Канада Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған Азия мұрасы айы аясында «Night Market» мәдени іс-шарасына қатысты.Қазақстандық тарап Ұлы Даланың бай көшпелі мұрасын таныстырып, ұлттық мәдени экспонаттарды ұсынды. Іс-шара қонақтары мен ұйымдастырушылары тарапынан зор қызығушылық туғызған дәстүрлі жабдықталған қазақтың киіз үйі, ұлттық киімдер, тағамдар мен музыкалық аспаптар көрсетілді.Келушілердің ерекше назарын «Kazakhstan: Born Bold» ақпараттық кампаниясы шеңберінде еліміздің туристік әлеуеті туралы таныстырылым аударды. Сонымен қатар Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі, цифрландыру және жасыл экономика салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, шетелдік инвесторлар үшін енгізілген арнайы виза туралы бастама да қызығушылық тудырды.«Қазақстан Елшілігі мен басқа да шетелдік дипломатиялық миссияларға осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Олардың үлесі Night Market-ті шын мәнінде мәдени алуан түрліліктің мерекесіне айналдырды және елдеріміз арасындағы өзара түсіністік пен достық атмосферасын нығайтты», – деді Канада Сыртқы істер министрлігінің өкілі.Осылайша, Қазақстанның Оттава қаласындағы Night Market шарасына қатысуы Канададағы Азия мұрасы айын мерекелеуге елеулі үлес қосып, екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге тың серпін берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/992771?lang=kk
АҚШ-тағы қазақстандық азаматтардың назарына! 12.05.2025
АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі елде заңсыз жүрген азаматтар үшін өз еркімен қайтуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама қабылдағанына назар аударамыз (толығырақ – https://www.dhs.gov/news/2025/05/05/dhs-announces-historic-travel-assistance-and-stipend-voluntary-self-deportation сілтемесінде).Аталған бағдарлама аясында өз еркімен қайтам деушілерге қайту билеті толық төленіп, елге жеткен соң 1000 АҚШ долл. көлемінде қаржы бөлу қарастырылған.Ол үшін CBP Home мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру қажет.АҚШ Ішкі қауіпсіздік Министрі Кристи Ноэм бұл бағдарламаға қатысты: «Қамауға алынудан және басқа да қаржылық салдарлардан аулақ болудың ең қауіпсіз, реттелген әрі үнемді жолы» деген пікір білдірді.Елшілік АҚШ-та әр-түрлі себептермен мәртебесіз, заңсыз қалып қойған ҚР азаматтарына осы мүмкіндікті мұқият қарастыруға шақырады. Сол арқылы заңсыз мигранттарға қолданылатын шаралардың алдын-алуға, мәселені заңды түрде шешуге және болашақта елге оралу құқығын сақтау үшін маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-newyork/press/news/details/992777?lang=kk
Ұлы Дала Жорығы 12.05.2025
2025 жылғы 10 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Дала Жорығы» халықаралық марафон бәйгесі Алматы облысында тұңғыш рет бастау алды. Марафон бәйгесіне Қазақстан республикасының әр облыстарынан 13 команда, шет елден 6 команда: Мажарстан, Иран, Ресей федерациясынан (Татарстан командасы), Африка командысы және Қырғыз елінен 2 команда қатысып отыр. Бәйге марафонының ұзақтығы 500 шақырым Алматы облысы Қонаев қаласының жанынан басталып Балхаш және Іле аудандары арқыла 5 күн бойы жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-karzhy/press/news/details/992782?lang=kk
Елшінің Зарасай қаласының Әкімі және кәсіпкерлермен кездесуі туралы 12.05.2025
Зарасай, 2025 жылғы 9 мамыр – Зарасай қаласына (Утена округі) жұмыс сапары аясында Қазақстанның Литвадағы Елшісі Тимур Оразаев қала әкімі Нийоле Гуобиене және аймақтың іскер топ өкілдерімен кездесті.Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері, оның ішінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның тапсырмалары аясында талқыланды.Елші Қазақстан Үкіметінің шетелдік инвесторларды қолдау және іскерлік ахуалды жақсарту бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді, сондай-ақ литвалық кәсіпкерлерді нақты инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.Кәсіпкерлер бірлескен жобаларды әзірлеуге және серіктестіктің жаңа бағыттарын табуға қызығушылық танытты.Туризм саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Т.Оразаев Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі әлеуеті туралы айтып, елімізде бұл саланың белсенді дамып келе жатқанын, сондай-ақ ынталандыру тетіктері – Neo Nomad санатындағы жаңа визаларды атап өтті. Литва тарапына Қазақстан бойынша литва тіліндегі ақпараттық журнал-гид табыс етілді.Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін де талқылады. Литва оқырмандарын Қазақстан тарихымен таныстырудың маңыздылығы атап өтілді, оның ішінде литва тіліндегі қазақ әдебиеті арқылы, әсіресе М.Әуезовтің «Абай жолы», Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы», Е.Тұрсыновтың «Мәмлүк», т.б.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/992748?lang=kk
Алмалы ауданы Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтті 12.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ғ.Мүсірепов атындағы ҚМАБжЖТ алдындағы алаңда мерекелік концерт өтті. Соғыс жылдарындағы әндерді алмалылықтар үшін ҚР Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінің әскери оркестрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанна Орынбасарова мен Мәдина Сәдуақасова, Абай атындағы ҚазҰОБТ солистері Төлеген Рахымбаев, Игорь Благодарный және басқа да өнерпаздар орындады.Іс-шараға тыл ардагерлері, әскери қызметкерлер, қоғам қайраткерлері мен аудан тұрғындары қатысты. Алаңда далалық асхана жұмыс істеді. Сонымен қатар, біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған балалар суреттерінің шағын көрмесін ұйымдастырдық.#Алматы #ДеньПобеды #ЖеңісКүні #9Мая #80летПобедыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/992756?lang=kk
Тұрақты даму – күн тәртібінде: Қазақстан Елшісі Shell-мен кездесу өткізді 12.05.2025
Гаага, 2025 жылғы 8 мамыр — Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов Shell International компаниясының Таяу Шығыс, Африка және Еуразия елдері бойынша корпоративтік байланыстар жөніндегі Вице-президенті Джоанна Кюнссбергпен кездесу өткізіп, еліміздің экономикасындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірімен табысты серіктестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Кездесу барысында энергетика саласындағы тиімділік пен тұрақтылықты арттыруға бағытталған озық технологияларды қолдана отырып іске асырылып жатқан жаңа бастамаларға ерекше назар аударылды. Тараптар тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін растап, қазақстандық мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың маңыздылығын меңзеді. Атап айтқанда, жергілікті қызметкерлер арасында ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) салаларындағы дағдыларды дамытуға бағытталған бағдарламаларды қолдау мәселесіне баса назар аударылды.Shell компаниясының өңірде отыз жыл бойы табысты жұмыс істеп, мұнай-газ саласындағы түрлі жобаларға 18 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция құйғаны және бұл арқылы саланың жаңғыруы мен ұзақ мерзімді дамуына елеулі үлес қосқаны қоса атап өтілді. Кездесу барысында инвесторлардың, ұлттық экономиканың және Қазақстанның өңірлік дамуының мүдделерін ескере отырып, одан әрі ынтымақтастықтың бағыттары айқындалды. Тараптар Нидерланд аумағындағы өндірістік нысандарға барып, бірлескен жобаларда қолдануға болатын үздік тәжірибелермен танысу туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/992734?lang=kk
Ортақ естелік парызы: Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыста Нидерланд жерінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алады 12.05.2025
Лёсден (Нидерланд), 2025 жылғы 9 мамыр – 9 мамыр – Жеңіс күні Лёсден қаласындағы «Кеңес Даңқ Аланы» зиратында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 80 жыл толуына арналған салтанатты мемориалдық рәсім өтті. Бұл айтулы іс-шара туған жерінен жырақта қаза тапқан Қызыл Армия жауынгерлерінің тарихи жадысын сақтау мақсатындағы халықаралық гуманитарлық бастамалар тізбегіндегі басты оқиғаға айналды.5 мамыр күні, яғни осы оқиғалардан бірнеше күн бұрын, Нидерланд аумағында 1945 жылы фашистік оккупацияның аяқталуын еске алатын Азаттық күні (Liberation Day) аталып өтті. Бұл күн елдің ұлттық күнтізбесінде маңызды дата болып саналады және ол еркіндік, бейбітшілік пен фашизмге қарсы күрескендерге алғыс білдіру құндылықтарын білдіреді. Аталған құндылықтар Нидерланд жерінде қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне арналған еске алу шараларында да өз көрінісін табуда.«Біз фашизмге қарсы жеңісті атап өтеміз және осы соғыстың сансыз құрбандарын еске аламыз. Сіздің еліңіз бұл жеңіске елеулі үлес қосып, соғыстан көп зардап шекті. Қазақстан үшін бұл еске алу рәсімінің маңыздылығын біз жақсы түсінеміз», – делінген Нидерландтағы Қазақстан дипломаттарына арналған шақыруда, оны Лёсден қаласының әкімі Геролф Бауместер мен «Кеңес Даңқ Аланы» қорының директоры Ремко Рейдинг жолдаған. ҚР-дың делегациясы Елші Қ.Абдрахмановтың басшылығымен қаза тапқан кеңес жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоғын қойып, бостандық жолында ерлікпен қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің батырлығы мен жанқиярлығына құрмет көрсетті.Лёсден қаласындағы Кеңес әскери зираты — Батыс Еуропадағы кеңес жауынгерлері жерленген ең ірі жерлердің бірі. Мұнда Қазақстаннан, Өзбекстаннан және бұрынғы КСРО-ның басқа республикаларынан шыққан 865 қызыләскер сарбазы мен офицері мәңгілік тыныш тапқан. Олардың есімдері ұзақ жылдар бойы беймәлім болып келді, тек нидерландтық зерттеушілердің, мұрағатшылар мен еріктілердің табанды еңбегінің арқасында тарихи әділдік орнап, қаза тапқандарға лайықты құрмет қайта оралды.Биылғы рәсімге Лёсден мен Амерсфорт қалаларының мэрлері, дипломатиялық корпус өкілдері, қоғам қайраткерлері, студенттер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Қатысушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке өз елдері мен халықтарының атынан гүл дестелерін қойды. Рәсімнің маңызды сәттерінің бірі – нидерландтық жанашырлардың еңбегі арқасында алғаш рет жақындарының тағдырын білген қаза тапқан сарбаздардың ұрпақтарының естеліктерімен бөлісуі болды.Аталған шара биыл Лёсден қаласында өткен бірқатар еске алу іс-шараларының кульминациялық сәті болды. Мәселен, 9 сәуір күні осы қалада 1942 жылы дәл сол күні нацистер атып өлтірген 77 кеңестік әскери тұтқынның құрметіне арналған жеке рәсім өткізілген болатын. Куәгерлердің мәліметі бойынша, олардың көпшілігі Қазақстанды қоса алғанда, Орталық Азия республикаларынан шыққан.2025 жылғы наурыз айында Лёсден қаласында Sovjet Ereveld Experience атты музей ашылды — бұл заманауи мультимедиялық құралдарды қолдана отырып, қаза тапқан кеңестік сарбаздардың тағдырын баяндайтын қайталанбас музейлік кеңістік. Экспозицияда соңғы жылдары өмірбаяны қалпына келтірілген қазақстандық жауынгерлердің тарихына ерекше назар аударылған. Музей Жеңістің бағасын және халықтар арасындағы гуманитарлық диалогтың маңыздылығын еске салып тұратын тарихи жадыны жаңғыртатын маңызды мәдени нысанға айналды.Осы бастамаларды жүзеге асырып отырған «Кеңес Даңқ Аланы» қорының (Stichting Sovjet Ereveld) қызметі айрықша жоғары бағаға лайық. Мұндай жобалар тарихи әділеттілікті қалпына келтіріп, елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтады. Аты-жөні белгісіз сарбаздардың үнін жаңғыртып, оларға естелік, ризашылық пен бейбітшіліктің үнін қайтарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/992746?lang=kk
Хельсинкиде Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай кеңес жауынгерлеріне құрмет көрсетілді 12.05.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 9 мамыр – Қазақстан Республикасының Елшісі Азамат Әбдіраимов 1960 жылы Ханко қаласында орнатылған Кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.Қазақстандық дипломат өз сөзінде Екінші дүниежүзілік соғыста Жеңіске жетудегі қазақ халқының елеулі үлесін атап өтіп, майдан даласында шайқасқан жүздеген мың қазақстандықтардың ерлігі мен қаһармандығын, сондай-ақ жалпы жеңіске елеулі үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің өлшеусіз еңбегін ерекше көрсетті.Ханкодағы жаппай қабірде 1939-1940 жылдардағы кеңес-фин соғысы мен Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан 453 офицердің, сарбаздардың және әскери тұтқындардың сүйектері жатыр. 1969 жылы Ханкодағы қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткіш Кеңес Одағынан тыс жерде ең әдемі ретінде халықаралық сыйлыққа ие болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/992711?lang=kk
Әскери қызметшілер қарт майдангер Рзағұл Байкешевті құттықтады 12.05.2025
Астанада Тыл бастығы басқармасының әскери қызметшілері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері және Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық оркестрінің музыканттары Рзағұл Байкешевті Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.Тыл бастығы басқармасының өкілі ардагерге Қорғаныс министрінің құттықтауын жеткізіп, бағалы сыйлық табыс етті.Майдангер әскери қызметшілерге табысты қызмет, отбасылық амандық және ашық аспан тіледі.Ардагерге сыйлық ретінде әскери оркестрдің музыканттары соғыс жылдарындағы шығармаларды орындады.Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қазанда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Ол 1933 жылы мектепке барып, 1939 жылы бітірді. Соғысқа дейін совхозда жұмыс істеген.Майданға 1943 жылы шақырылды. Кеңес әскерлерінің құрамында Ржев қаласы маңындағы шайқастарға, Великте Луки шабуыл операциясына қатысты. Польша, Румыния және Венгрия нв жаудан азат етті. Отанына ефрейтор шенімен оралды.Ырзағұл Байкешев I және II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Жуков медалімен және басқа да наградалармен марапатталған.Рзағұл Байкешев екі ұл тәрбиелеп, олардан бірнеше немере-шөбере сүйді. Қазір немересі Талғатпен тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992713?lang=kk
Астанадағы әскери музейде Жеңіс күніне арналған көрме өтті 12.05.2025
9 мамырда ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайы елорда тұрғындары мен қала қонақтарына есігін айқара ашты.Мұражай қызметкерлері келушілер үшін "Қазақ даласы – Жеңістің алтын бесігі" бағдарламасын дайындады. Көрме залдарының экспозицияларында соғыс қаһармандарының жеке заттары, құжаттар, фотосуреттер, бейнематериалдар, көркем шығармалар және Ұлы Отан соғысы кезіндегі басқа да жәдігерлер ұсынылды. Әскери-тарихи мұражайдың гидтері келушілерге театрландырылған экскурсиялар, шебер-класстар, сондай-ақ заманауи әскери техника мен қару-жарақ көрмесін дайындады.- Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өту үшін біз әскери-патриоттық бағыттағы танымдық әртараптандырылған іс-шаралардың тұтас кешенін дайындадық. Мұражайға келушілерге жеңіс жолының қаншалықты ауыр болғанын және соғыс майдандарында қазақстандық жауынгерлердің қалай жанқиярлықпен күрескенін жеткізуге тырыстық,- деп атап өтті Әскери-тарихи мұражайдың бастығы майор Дәулет Қадыров.Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі құрмет қарауылы ротасы әскери қызметшілерінің үйлесімді қозғалыстары көпшілікті таң қалдырды.Жас қатысушылар үшін мұражай қызметкерлері "Бейбіт аспан астында" атты сурет сабағы мен зияткерлік викторинаны өткізді. Ал шытырман оқиғалы әуесқойлар танымдық квестке қатысты.Іс-шара Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония мен "Жастар"театрының концерттік бағдарламасымен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992717?lang=kk
9 мамыр күні Әйет ауылының тұрғындары жеңімпаздардың ерліктеріне құрмет білдірді. 12.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Ұлы Жеңіс ұмытылмайды" атты салтанатты іс-шарасы аудан орталығында өтті. Мерекелік рәсім театрландырылған қойылымнан басталды. Еске алу қабырғасының аясында прологқа қатысушылар соғыс жылдарында болған атмосфераны қалпына келтірді. Сахналар бірінен - бірі көрсетіле бастады:-1941 жылғы түлектердің вальсі және қазақстандық Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев және жерлесіміз Сейтхан Темірбаев сынды Қаһармандармыздың бейнелері ұсынылды. Театрландырылған прологтың әсерлі сәттерінің бірі қыздардың пенжек киген биі және сарбаздың кездесуі, бір минут үнсіздік және дүркін болды. Көптеген көрермендер, және де қатысушылардың өздері көз жасын тыймады. Аудан әкімінің құттықтауымен іс-шара жалғасты. Қайсар Мыржақыпов өз сөзінде 9 мамыр біздің жүрегімізді ең әсерлі сезімдер – қуаныш пен қайғыға, жанашырлық пен тектілікке толтыра білген қасиетті де, мәңгі күн. Сондықтан біз мұра боп қалған халықтың татулығын, келісімі мен бірлігін бағалаймыз және сақтаймыз деп атап өтті Қ.Мыржақыпов.Жиналғандарды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Раиса Овчарова құттықтады. Олар біздің республикамызға бейбітшілік, өркендеу, әр отбасына береке мен келісім тіледі. Еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойғаннан кейін іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/992722?lang=kk
Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне марапаттар табысталды 12.05.2025
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін марапаттау бойынша салтанатты іс-шаралар өтті. Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде және Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында ұйымдастырылды.Мемлекеттік маңызы бар жоғары наградаларды әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов табыс етті. Құттықтау сөзінде ол қазіргі ұрпақ ата-бабалар жолын абыроймен жалғастырып келе жатқанын атап өтті:– Ерлік пен батырлықтың символына айналған қос мереке – Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күндер – халқымыздың қаһармандығы мен бірлігінің, тарих алдындағы жауапкершілігінің айқын көрінісі. Мемлекет басшысы: «Тәуелсіз елдің қорғаны мықты болуға тиіс. Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы», – деген болатын. Бүгінде полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан жауынгерлері бұл міндетті абыроймен атқарып келеді, – деді ведомство басшысы.Марапатталғандардың қатарында күнделікті қызметте де, төтенше жағдайларда да ерекше көзге түскен әскери қызметшілер бар.Қызметтік борышын мінсіз атқарғаны, антқа адалдығы мен кәсіби шеберлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жауынгерлік дайындық Бас басқармасының бастығы полковник Нұрлан Мұхамедов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салихбаев және «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5546 әскери бөлімінің штаб бастығы – командирдің орынбасары подполковник Самед Кулахмедов марапатталды.Ерекше ерлік көрсеткендердің бірі – «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6697 әскери бөлімінің командирі полковник Талғат Абдиров. 2024 жылғы сәуір айында ол Қостанай облысындағы құтқару операциясына басшылық етіп, бір жарым сағат ішінде 500 шақырымнан астам марш ұйымдастырып, Тәуіш ауылын су басудан қорғау және тұрғындарды эвакуациялау іс-шараларын сәтті басқарды. Көрсеткен табандылығы мен жанқиярлығы үшін ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.Дәл осы медальмен Ұлттық ұлан Академиясының 1-оқу батальонының командирі, кәсіби шеберлік байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2024 жылы республикалық деңгейде үздік әдіскер-командир деп танылған полковник Рауан Усбанов та марапатталды.«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 7552 әскери бөлімінде құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы, аға сержант Өркен Мәжит азаматтық жауапкершілік пен шынайы батырлық танытты. 2024 жылғы 27 мамырда Алматы қаласында ол бейбіт тұрғынға жасалған қатыгез шабуылды дер кезінде тоқтатып, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, шұғыл қызметтерді шақырды. Оның батыл әрекетінің арқасында қылмыскерлер дереу ұсталып, сот үкімімен жазаланды. Көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ол «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.Сондай-ақ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің 2-бақылаушылар взводының маманы, сержант Жаннат Халилова да жоғары қырағылық танытып, ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттардың жеткізілу әрекетінің алдын алды. Ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.Айта кетейік, Ұлттық ұланның 50 әскери қызметшісі мен ішкі істер органдарының қызметкері мемлекеттік наградаларға ие болды. Шамамен 1200 әскери қызметші қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны, көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін министр бұйрығымен марапатталды. Сондай-ақ Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы бірқатар әскери қызметшіге кезекті әскери шендер мен грамоталар табыстады.Салтанатты рәсімдер– еліміздің қауіпсіздігі, құқықтық тәртіп пен азаматтардың тыныштығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің еңбегіне берілген жоғары баға болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/992703?lang=kk
Актерлер мен әскери қызметшілер қайтадан бірікті: «Әлия» спектаклі салтанатты түрде сахналанды 12.05.2025
8 мамыр күні М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Әлия» спектаклі қайта сахналанды. Бұл қойылым — мәдени бірлік пен азаматтық жадының символына айналған ерекше туынды. Алғаш рет 6 наурызда көрерменге ұсынылған бұл спектакль көрермен жүрегіне жол тауып келеді. Қойылымның ерекшелігі — театр әртістері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің шығармашылық тандемінде. Олар бірлесіп, адам жанын тебірентерлік көркем бейне жасады.Жоба 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Қойылым тек аңызға айналған батыр қыздың өмірін баяндап қана қоймай, қазақстандық әйелдердің ерлігіне, табандылығы мен жанқиярлығына арналған тірі ескерткішке айналды.Басты рөлді Айжұлдыз Бақланова сомдады. Оның шынайылығы мен драмалық шеберлігі залда отырған ешкімді бейжай қалдырмады. Айжұлдыз сомдаған нәзік, бірақ қайсар Әлия бейнесі көрерменге үлкен әсер сыйлады.Қойылымда музыкалық сүйемелдеудің де орны ерекше. Әннің жазылғанына 50 жыл толуына орай Ұлттық ұланның үлгілі оркестрі мен ерлер хоры орындаған «Әлия» әні залды ерекше көңіл-күйге бөлеп, мақтаныш, сағыныш және алғыс сезімдерін оятты.Көрермен толы зал, тік тұрып соғылған шапалақ, көрермендердің шынайы көз жасы — мұның бәрі «Әлия» спектаклінің маңызды миссиясын жалғастырып жатқанын білдіреді. Яғни, ол батырларды еске салу, шабыттандыру және біріктіруді мақсат еткен.Айта кетейік, бұл қойылым елорданың мәдени өмірінде ерекше орын алады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/992705?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығы: әскери қызметшілер жүздеген алматылыққа сарбаз ботқасынан дәм татқызды 12.05.2025
9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері Алматының Орталық саябақтарының бірінде патриоттық шара ұйымдастырды.Дәстүр бойынша, мереке қонақтарына нағыз сарбаз ботқасы дайындалды — бұл майдандағы бауырластық пен ерліктің символы. Ыстық тағам 80 жыл бұрын майдандағы сияқты далалық ас үйден тікелей таратылды. Ботқаның дәмін татып көргендердің бәрі бір сәтке соғыс жылдарын, майдан өмірінің рухын сезіне алды.— Бұл сарбаз ботқасы – батырларымыздың ерлігі мен төзімділігіне ықпал еткен дәм, – деді институт бастығының тыл жөніндегі орынбасары подполковник Ержан Жамбаев. – Біз мұндай акцияны жыл сайын жеңіске жеткендерге құрмет ретінде өткіземіз. Біздің мақсатымыз – Ұлы Жеңістің маңызын жастарға жеткізу, майдангерлерді есте сақтау және тарихқа деген құрметті нығайту.Бұдан бөлек, курсанттар әр қонақтың кеудесіне естелік белгісін — Жеңіс символын құрметпен тағып берді. Бұл кәдесыйдың мағыналы терең, көптеген адамдар үшін жай сыйлық емес, есте сақтаудың, патриотизмнің және ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын еске түсірді.Шара әр түрлі жастағы еңбек ардагерлерінен бастап балалары бар жас отбасыларына дейінгі жүздеген азаматтың басын қосты. Көбі естелік фотосуретке түсіріп, бостандық үшін күрескен ата-бабалары туралы әңгімелерін айтты. Балалар үшін мұндай кездесулер өткен тарих пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу сабағына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992681?lang=kk
Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері Ұлы Жеңістің 80 жылдығын салтанатты түрде атап өтті 12.05.2025
Ақтаудағы ауқымды іс-шаралар аясында гарнизонның әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, Ауған соғысына қатысушылар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Мәңгілік алау мемориалында қаза тапқан батырларды еске алды.Гүл шоқтарын қою рәсімі күннің басты оқиғасы болды.Мерейтойлық датаға орай Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ұлы Отан соғысының ардагерлері Василий Салазкин мен Ольга Зарявнякты құттықтады. Ол майдангерлерге ризашылығын білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қорғаныс министрінің құттықтауларын жеткізді.- Сізде Отан қорғауда жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Біз мұны әрқашан есте сақтаймыз. Маңғыстаудың барлық тұрғындары атынан еліміздің бейбітшілігі мен жарқын болашағы жолындағы ерліктеріңіз үшін алғыс айтқым келеді, — деп атап өтті ол.Сондай-ақ, әкім ардагерлерге "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" естелік медальдарын табыс етті.Ардагерлердің әңгімелері әсерлі. Василий Салазкин 14 жасында майданға кетіп, I Қиыр Шығыс майданында шайқасты. Ольга Зарявняк 13 жасынан бастап Белоруссиядағы партизандық қозғалысқа қатысып, Брест облысының Клещели қаласында байланысшы болды.Ардагерлерге құрмет белгісі ретінде олардың үйлерінің алдында әскери оркестр өнер көрсетіп, патриоттық әндерді орындады.Сол күні "Жеңіс саябағында" мерекелік концерт өтіп, облыс әкімінің ардагерлермен және әскери қызметшілермен кездесуі өтті. Сондай-ақ, аймақ басшысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментке барып, әскери мұражай экспонаттарымен танысып, сарбаз ботқасынан дәм татты.Ақтаудағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу ардагерлерге ризашылықтың символына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992684?lang=kk