Эфиопия патриоттарының Жеңіс күнін мерекелеу туралы
09.05.2025 05:01:33 165
Аддис-Абеба, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі Эфиопия патриоттары Жеңісінің 84 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты рәсімге қатысты.
Іс-шара Аддис-Абебадағы Патриоттар Жеңісінің мемориалдық монументінде ел басшылығының, ардагерлер қауымдастығының, Қорғаныс министрлігінің, дипломатиялық корпустың және қала жұртшылығының қатысуымен өтті.
Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті Тайе Атске Сеселассие өз сөзінде: «Патриоттардың жеңісі фашизм мен отаршылдыққа қарсы тарихи қарсылық болды және бүкіл әлемде фашизмге қарсы күреске жарқын үлгі мен шабыт берді», - деп атап өтті. Ол өз елінің жарқын болашағы үшін жандарын пида еткен батыр қорғаушылар – Эфиопия патриоттарының рухын қастерлеуге шақырды.
Анықтама: 1935 жылы фашистік Италия Эфиопияға қарсы агрессиялық соғыс бастады. Оккупацияға қарамастан, Эфиопия халқы әскери қимылдар мен азаматтық қарсылықты қамтыған кең көлемді қарсылық қозғалысын ұйымдастырды. Партизан соғысы 1941 жылға дейін созылды, сол кезде эфиопиялық жасақтар Антигитлерлік коалицияның одақтас әскерлерімен бірге астана Аддис-Абебаны қайтадан басып алды. 1941 жылғы 5 мамырда император Хайле Селассие елге оралды және жыл сайын Эфиопияда 5 мамыр елдің азаттығы үшін жандарын қиғандарды еске алу күні – Патриоттар күні ретінде атап өтіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/989918?lang=kk