Қоғам
ХАБАРЛАНДЫРУ! 2025/2026 оқу жылына арналған Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң Ресейлік кеден академиясына күндізгі оқу нысанына түсу үшін қабылдау өткізетіні туралы. 08.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2025/2026 оқу жылына арналған Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң Ресейлік кеден академиясына күндізгі оқу нысанына түсу үшін қабылдау өткізетіні туралы хабарлайды. Қабылдау күндізгі оқу нысанына «Кеден ісі», «Экономика» және «Заңгер» мамандықтарына Мәскеу облысы, Люберцы қаласында өткізіледі. ТМД мемлекеттерінің қатысушы азаматтары Академияға түсетін кезде: - «Кеден ісі» (маман) мамандығы бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, шет тілінен, қоғамтанудан және информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және шетел тілі; - «Заңгер» (бакалавр) дайындау бағыттары бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, қоғамтанудан, тарих және және шетел тілі; - «Экономика» (бакалавр) дайындау бағыттары бойынша мынадай пәндерден: орыс тілі, математика, қоғамтану және шетел тілінен түсу сынақтарын тапсырады. Академияға оқуға түсу үшін толық көлемде оқу бағдарламасын табысты игеруі және жоғары үлгерім деңгейі болу үшін: орыс тілін жақсы білуі, математикадан жоғарғы деңгейінің болуы, шетел тілін білуі, сонымен қатар жақсы дене шынықтыру даярлығы қажетті шарттар болып табылады. Академияда оқу мерзімі күндізгі оқу түрінде «Кеден ісі» мамандығы бойынша – 5 жыл, «Экономика», «Заңгер» мамандықтары бойынша – 4 жыл. Қабылдау ережесі, сондай-ақ Академияға түсу сынақтары үшін бағдарламалар туралы егжей-тегжейлі ақпараттар: www.rta.customs.ru сайтына орналастырылған. Конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер 2025 жылдың 30 мамырына дейінгі мерзімде жазбаша нысандағы өтінішті, паспорт,жеке куәлік көшірмесін (орыс тіліне аударылып, нотариальды түрде рәсімдеу), мектепті бітіргені туралы аттестаттың көшірмелерін (оқу жылы аяқталғаннан кейін), zh.zhunisbekova@kgd.gov.kz электрондық мекенжайға жолдауы қажет. Кандидаттарды оқуға іріктеу кезінде басымдығы жағынан мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің балалары болып табылады. Барлық сұрақтар бойынша: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11-үй мекенжайына, мына телефонға 8-717-2-70-98-06 хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/988188?lang=kk
«Бірге контрафактіге қарсы» тақырыбындағы фотосуреттер байқауының қорытындысын шығара отырып, өңірлік деңгейде облысымыздан үздік фотосуретті іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. 08.05.2025
Комиссияға мүдделі аумақтық органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. «Кадр шебері» номинациясында Валерия Ткаченконың суреті таңдалды. Жұмыс республикалық конкурстың екінші кезеңіне қатысуға бағытталған.Қазылар алқасының барлық қатысушыларына қатысқаны үшін Департамент басшысының алғыс хаттары табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/988167?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы 2025 жылдың 1 сәуіріндегі есебін ұсынады 08.05.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы 2025 жылдың 1 сәуіріндегі есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 723,37 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 333,29 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 327,30 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,78 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 сәуірге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,59%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,88%, ҚРҰБ депозиттері – 3,86%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,16%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,51%, МҚҰ - 1,38%.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,94%, АҚШ долларымен – 40,05%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 433,21 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 2,89 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,37 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік - 11,99%, инфляция мөлшері - 10,00%. 2025 жылғы 1 сәуірдегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 80,02%, РЕПО операциялары – 16,39%, ҚРҰБ депозиттері – 3,10%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 7,37% көрсетті.2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,84% болды. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,78 млрд теңгеден асады.01.04.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,40 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,90%, ҚР ҚМ МБҚ – 19,37%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 19,14%, РЕПО – 8,83%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,04%, МҚҰ - 6,23%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,12%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,81%. Атап кетейік, портфельдің 66,49% теңгемен, 32,15% - АҚШ долларымен, 1,36% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,21% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,30 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,96%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 16,25%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,46%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,66%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,13%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,20%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,79%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,94%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,11%, АҚШ долларымен 30,89% тең.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,55% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,94 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,52%, ҚР ЕДБ облигациялары – 23,49%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,79%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,35%, РЕПО – 8,75%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,32%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 77,89%, АҚШ долларымен 22,11%. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,64% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,19 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 23,50% инвестицияланды, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 21,15%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 16,63%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,65%, РЕПО – 9,08%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,81%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,53%.Ұлттық валютада портфельдің 76,45%, АҚШ долларында – 23,55% инвестицияланды.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,85% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 37,95 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 24,48%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 13,51%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,27%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,48%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,76%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,49%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 5,31%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 62,06%, АҚШ долларында – 37,94% инвестицияланды.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,88% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/998169?lang=kk
Облыс әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 08.05.2025
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысының әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, онда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелердің бірі қаралды. Жол-көлік оқиғаларын азайту, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар мен, өңірде 2024 жылдың қорытындысы бойынша айтарлықтай қаражат бөлінуіне қарамастан жол-көлік құқық бұзушылықтарының өсуі байқалады.Өңір басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін, мүдделі органдарды тыңдап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуді тапсырды.Сондай-ақ, қалалар мен аудандар әкімдерінің назарын көлік инфрақұрылымын құруға аударды.Қостанай облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментіне облыстан Полиция департаментімен, Қостанай қаласының әкімдігімен бірлесіп, Облыс орталығының жол инфрақұрылымын жаңғыртудың 2025-2030 жылдарға арналған жол картасын әзірлеу тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988152?lang=kk
Отандық өндірушіні қолдау – басым бағыт 08.05.2025
«Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында және бизнес құқықтарын қорғау бойынша облыс прокуроры Марат Әбішев диагностикалық медициналық аппараттар шығаратын «Актюбрентген» АҚ мен бағдаршам жабдықтарын өндіретін «Светоком» ЖШС кәсіпорындарының қызметімен танысты.Аталған кәсіпорындарда өндірістік қуаттың төмен деңгейде пайдаланылып отырғаны байқалды.«Актюбрентген» АҚ – Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз, сондай-ақ ТМД елдеріндегі санаулы жоғары технологиялы медициналық рентген-диагностикалық жабдықтарды шығаратын кәсіпорындардың бірі.Кәсіпорын директорының айтуынша, қазіргі уақытта зауыттың жүктемесі небәрі 28%-ды құрайды.Оның негізгі себептерінің бірі – өнімді өткізуге арналған ұзақмерзімді келісімшарттардың болмауы.«Светоком» ЖШС – бағдаршам жабдықтарын шығаратын бірегей кәсіпорын.Алайда, кәсіпорын өндірістік қуатының небәрі 30%-ына ғана жүктелген (жылына 2 мың данаға дейін бағдаршам өндіру мүмкіндігі бар).Кәсіпорын директорының айтуынша, бұл жағдайдың басты себебі – мемлекеттік сатып алуда жеңіске жеткен мердігер ұйымдардың ұқсас өнімді көрші елдерден сатып алуы.Сонымен қатар, бағдаршам өнімдері мемлекеттік сатып алу кезінде жеке тауар ретінде сатып алынбайды, өйткені ол құрылыс, жөндеу немесе орнату жұмыстары аясында мердігерлермен қолданылып жатыр.Марат Әбішев 16 сәуірде өңірдің кәсіпкерлерімен өткен кездесуде облыс әкімі Асхат Шахаров прокуратураның ұсынысын қолдап, толық жүктемемен жұмыс істемейтін отандық өндірушілердің өнімдерімен импортты алмастыруды талдау үшін арнайы жұмыс тобын құру бастамасын қолдағанын атап өтті.Аталған жұмыс тобы құрылып, кәсіпорындардың қызметін сауықтыру шаралары басталды.Отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі облыс әкімдігі мен прокуратурасының бақылауында.#Закон_и_Порядок#ЗАКОНиПОРЯДОК #ОтветственностьАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/988155?lang=kk
«Ерлікке тағзым» 08.05.2025
2025 жылдың 2 мамырында Әділет департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық «Ерлікке тағзым» акциясына қатысты. Акция аясында қатысушылар соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен сол кезеңдегі әскери іс-қимылдарға қатысқан өзге де тұлғалардың ескеркіштері мен қараусыз қалған зираттарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған еріктілік бастама - тарихи жадымызды сақтау, ерлер ерлігіне құрмет көрсету және жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты тәрбиелеуді мақсат етеді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/988161?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы2025 жылдың 1 сәуіріндегі есебін ұсынады 08.05.2025
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы2025 жылдың 1 сәуіріндегі есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 723,37млрдтеңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 333,29 млрдтеңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 327,30 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,78 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 сәуірге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,59%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,88%, ҚРҰБ депозиттері – 3,86%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,16%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,51%, МҚҰ - 1,38%.2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,94%, АҚШ долларымен – 40,05%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 433,21 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 2,89 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,37 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік - 11,99%, инфляция мөлшері - 10,00%. 2025 жылғы 1 сәуірдегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 80,02%, РЕПО операциялары – 16,39%, ҚРҰБ депозиттері – 3,10%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 7,37% көрсетті.2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі14,84% болды. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,78 млрд теңгеден асады.01.04.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,40 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,90%, ҚР ҚМ МБҚ – 19,37%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 19,14%, РЕПО – 8,83%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,04%, МҚҰ - 6,23%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,12%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,81%. Атап кетейік, портфельдің 66,49% теңгемен, 32,15% - АҚШ долларымен, 1,36% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі14,21% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,30 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,96%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 16,25%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,46%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,66%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,13%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,20%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,79%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,94%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,11%, АҚШ долларымен 30,89% тең.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі15,55% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,94 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,52%, ҚР ЕДБ облигациялары – 23,49%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,79%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,35%, РЕПО – 8,75%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,32%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 77,89%, АҚШ долларымен 22,11%. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі16,64% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.04.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,19 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 23,50% инвестицияланды, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 21,15%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 16,63%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,65%, РЕПО – 9,08%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,81%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,53%.Ұлттық валютада портфельдің 76,45%, АҚШ долларында – 23,55% инвестицияланды.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі13,85% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 37,95 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 24,48%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 13,51%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,27%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,48%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,76%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,49%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 5,31%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 62,06%, АҚШ долларында – 37,94% инвестицияланды.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі14,88% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1]зейнетақыжарналары мен төлемдершоттарындағыақшаныесепкеалмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/988083?lang=kk
Зейнетақы активтерінің 12 айдағы кірістілігі инфляциядан асып түсті 08.05.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы активтерінің 12 айдағы кірістілігі инфляциядан асып түсті 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ басқаратын және міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген соңғы 12 айдағы кірістілігі 11,99% құрады, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен – 7,37%, ал инфляция мөлшері - 10,00%.Соңғы 3 жылдық динамикадағы инвестициялық кіріс тұрақты өсім көрсетіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.Инвестициялық кіріс мөлшері қаржы және валюта нарығындағы жағдайларға байланысты құбылып отырады. Инвестициялық кіріс мөлшеріне бірнеше факторлардың әсер етуі мүмкін: Қаржы нарығындағы жағдай: акциялардың, облигациялардың және басқа құралдардың бағасы құбылуы мүмкін, бұл инвестициялық кірістің мөлшеріне әсер етеді. Жекелеген құралдарды нарықтық қайта бағалау нәтижесінде біз бағалы қағаздар құнының бір жыл ішінде өзгеруін байқай аламыз. Тиісінше, нарықтық қайта бағалаудан түскен кіріс жеке кезеңде оң да, теріс те болуы мүмкін. Бағалы қағаздардың құнына көптеген сыртқы факторлар әсер етеді, мысалы, геосаяси тәуекелдердің өсуі, халықаралық саудадағы өзгерістер және қаржы ағындарының қайта бөлінуі, капитал нарықтарындағы жағдай мен белсенділіктің өзгеруі, макроэкономикалық көрсеткіштер.Валюта бағамдары: егер инвестициялар шетел валютасымен байланысты болса, онда валюта бағамындағы өзгерістер инвестициялық кіріс мөлшеріне әсер етеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, зейнетақы жинақтары қаржы құралдарына түрлі валютада инвестицияланған. Инвестициялық кірістің ауытқуы нарықтардағы, соның ішінде валюта нарығындағы құбылмалылықтың жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Осының салдарынан апта сайын зейнетақы активтерін оң немесе теріс валюталық қайта бағалау қалыптасады, осыған байланысты салымшылар өздерінің жеке зейнетақы шоттарында инвестициялық табыстың өзгеруін байқайды. Атап өткен жөн, зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестиция. Олар, ең алдымен, еңбек ету мерзімі аяқталғаннан кейін алатын зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге бағытталған. Қордың зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекке ие және инвестициялаудың негізгі мақсаты - ұзақ мерзімді кезеңде нақты табыс алу. Сондықтан оларды басқару нәтижелерін объективті бағалау үшін кем дегенде 1 жыл кезеңіндегі деректерді талдау қажет. Мұндай мерзім инвестициялардың тиімділігін ұзақ мерзімді перспективада бағалауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола аламайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде орын алып тұратын өзгеруіне байланысты. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабуға мүмкіндік беретін инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді перспективада сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Осылайша, орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 сәуірге дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 958,64% болды, бүкіл кезеңдегі инфляция 863,96% көрсетті.2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша таза инвестициялық кіріс 11,38 трлн теңгеге жетті. Жүзеге асырылған төлемдерді ескере отырып, 01.04.2025ж. жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 39,6% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің азаматтардың жинақтау құрылымында алатын рөлінің маңызды екенін көрсетеді. Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) ««Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/1013992?lang=kk
Ермек Маржықпаев СҚО-да жұмыс бабымен болды 08.05.2025
Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып, өңірдің негізгі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық нысандарымен танысты.«Петропавл электротехникалық зауыты» 4 жыл бұрын жұмысын бастап, осы уақыт ішінде 10 мың трансформатор өндірді. Биылғы жоспар — 8 мың дана. Қазіргі уақытта кәсіпорында 200 адам жақсы табыс алады. Кәсіпорын құрғақ трансформаторлар өндірісін игеруді жоспарлап отыр.Жаңа «Маслодел» май экстракциялау зауыты қарқын алып келеді. Ол жылына 400 мың тонна майлы дақылдарды өңдейді. Жобаға 34 миллиард теңге инвестиция салынды, 220 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын қазақстандық нарықты күнбағыс майымен қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті азайтады.«ЗИКСТО» зауыты жолаушылар вагондары мен платформаларын құрастыру үшін роботтандырылған технологияларды енгізуде. Бұл мақсатта жаңа өндірістік корпус салынып жатыр. Сондай-ақ, жартылай вагондар, мұнай өнімдеріне арналған цистерналар мен автокөлік тасымалдаушылар өндірісін игеру жоспарлануда.«Евразиан Милк» сүт зауыты өнім ассортиментін кеңейтіп, ірімшік, сары май және қышқыл сүт өнімдерін шығарады. Қазіргі уақытта қоюландырылған сүт өндіруге арналған жаңа желі орнатылуда. Кәсіпорынның дамуы нәтижесінде 200-ден астам жұмыс орны құрылды.«Қызылжар су» ЖШС су тазарту кешенінде Ермек Маржықпаевқа сумен жабдықтау саласындағы жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Бірінші көтергіш сорғы станциясының қайта жаңғыртылуы жүргізілуде. Еуропалық су астында жұмыс істей алатын жаңа агрегаттар орнатылды. Станция айналасындағы дамбаны нығайту үшін алғаш рет габиондық құрылымдар қолданылды, бұл бөгет тасқынға төтеп берді. Сондай-ақ, тұрақты электрмен жабдықтау үшін жер астымен кабель төселді. Бұл шаралар облыс орталығын үздіксіз сумен қамтамасыз етеді.Сапар барысында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, озық технологияларды енгізу және облыстың өнеркәсіптік әлеуетін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/988047?lang=kk
2025 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурс 08.05.2025
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы) сәйкес 2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының басталғаны туралы хабарлама жасалды.Конкурс екі кезеңде: өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі.Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.Лауреаттар атағы үш санатта:1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;2) ірі кәсіпкерлік субъектісі;.және төрт номнация бойынша беріледі:1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбек ақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.3) «Үздік ұжымдық шарт».Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.Конкурста "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы бекітіледі. Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.Гран-при-конкурстың ең жоғары наградасы, ол жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыру барысында барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.Үміткерлер конкусқа қатысуға үшін материалды бір данада тапсырады, олар:1) толтырылған өтінімді;2) үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпаратты;3) есепке қосымшаны (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар).4) сауалнаманы қамтиды.Аудандар және қала жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдайды. Үміткерлер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес материалдарды қағаз және электрондық жеткізгіштерде ресімдеп, жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.Конкурсқа катысуға:1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асырып жүрген;2) тарату сатысында емес, банкрот деп танылмаған;3) жойылмаған еңбек заңнамасының бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлердің жалақысы және басқа да төлемдері бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;4) қызметкерлермен ұжымдық-еңбек даулары жоқ;5) жарғылық капиталдардағы мемлекеттің қатысу үлесі кемінде 50 пайызды құрайтын акциялары бар;6) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;7) конкурсқа қатысуға берілген өтінімде дәйекті мәліметтер көрсетіп, сондай-ақ толық көлемде құжаттар ұсынған үміткерлер жіберіледі.Бизнес субъектілері әлеуметтік - еңбек қатынастарында өздерінің оң тәжірибесін көрсете отырып, қатысу үшін аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту органдарына жүгіне алады.Үміткерлер барлық қажетті материалдарды жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне ұсына алады.Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау мерзхімі 2025 жылғы 1 шілде күні аяқталады. Солтүстік Қазақстан облысыәкімдігінің жұмыспен қамтудыүйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/988033?lang=kk
Кеше қаламызда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар өтті 08.05.2025
Кеше қаламызда елімізде тұратын түрлі этнос өкілдері арасындағы татулық, келісім мен достықты бейнелейтін мереке – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар өтті.Күннің басты оқиғасы қала кәсіпорындары мен мекемелері қатысқан «Бір әлем – әртүрлі мәдениеттер» көрме экспозициясы болды.«Ынтымағы жарасқан Қазақстан!» ұранымен өткен шараның салтанатты бөлімі қала әкімі Б.Т. Әбдіралиев ,қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, баршаға бірлік, татулық пен жақсылық тіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Ерлан Батырбеков те құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдағы ұлтаралық келісім мен достықты сақтаудың маңыздылығына тоқталды.Мерекелік бағдарлама қаланың шығармашылық ұжымдарының концерттік нөмірлерімен жалғасты. Сахнада Қазақстанның мәдени әртүрлілігін көрсететін музыкалық-би қойылымдары қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/988011?lang=kk
Ұлттық ұлан Ұлы Жеңістің 80 жылдығын патриоттық акциямен атап өтті 08.05.2025
Мерейлі датаға орай ұландықтар Астанада өнер мен әскери рәсімдерді біріктіретін ауқымды акция өткізді. 80 әскери қызметші Ұлы Жеңіске қол жеткізген атаулы күннің құрметіне "80" санын тарту етті. Ұлттық ұланның Құрмет қарауыл ротасының жауынгерлері саптық өнерді жетік меңгергендігін көрсете отырып, ерекше шеберлік көрсетті: олар алдымен алаңда батылдық пен ерліктің символы — жұлдызды суреттеп, әскери марш ырғағымен жұлдыз пішінін "80" санына өзгертті.Бірегей қойылым Үлгілік-көрсетімді оркестрдің сүйемелдеуімен және Ерлер хорының “Жеңіс күні" әнін жанды дауыста орындауымен жүзеге асты. Құқықтық тәртіп әскерінің шығармашылық ұжымының өнері сымбатты да біркелкі сарбаздардың Жеңіс мерейтойына арнаған тартуына ерекше сән-салтанат берді. Мерекелік композиция астаналық бригаданың саптық алаңын асқақ рух пен отансүйгіштікке толы атмосфераға бөледі.- Біз батыр бабаларымыз бен ардагер аталарымызға бейбіт күн үшін құрмет көрсетеміз. Олардың ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталады. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері үшін елге қызмет ету — жәй ғана міндет емес, Отан қорғаушылардың ұлы дәстүрін жалғастыру, - дейді шараға қатысушылар.Патриоттық акция Ұлы Жеңіс пен ұрпақтар бірлігін, құндылықтар сабақтастығы мен әскери антқа адалдықты дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.ҚР ІІМ Ұлттық ұланы батырлар туралы естеліктерді сақтап, олардың ерлік пен жанқиярлық үлгілері арқылы жастарды тәрбиелеуді жалғастыра бермек. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/987960?lang=kk
«Ұлы Жеңіс. Батырлар. Жады. Мұра» 08.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында ШҚО музей-қорығында Қазақстанның Ұлы Отан соғысының батырларына арналған «Ұлы Жеңіс. Батырлар. Жады. Мұра» атты Орыс музейінің «Естелік» виртуалды турын пайдалана отырып, тарихи-көркем экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары ерлікпен шайқасып, Жеңіске үлес қосқан батырлар: Ә. Молдағұлова, Б. Момышұлы, Л. Беда, Т. Бегелдинов, М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров, Қ. Қайсенов және тағы да басқа батырлар туралы мағлұмат алды. Экскурсия соғыс жылдарындағы фотосуреттермен және кинохроникамен сүйемелденді. Сондай-ақ, музей-қорықтың қор топтамасынан алынған соғыс жылдарындағы жәдігерлер көрмесі ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/987962?lang=kk
Жеңіске құрмет: Самар ауданында жасөспірімдер арасында футбол турнирі өтті 08.05.2025
Бүгін Самар ауданының Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен алаңда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 2012-2013 жылы туған ұлдар арасында футболдан аудандық ашық турнир өтті.Жарыстың салтанатты ашылуына Самар ауданы спорт бөлімінің басшысы Асқар Төлеубайұлы құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, білім бөлімінің басшысы Руслана Қуатқызы мен Ербол Лазарович те ізгі тілектерін білдіріп, қатысушыларға рух берді.Бұл турнир – тек спорттық бәсеке ғана емес, ел үшін ерлікпен жан қиған батырларға деген құрметтің белгісі болды. Жасөспірімдер алаңда жеңіс үшін бар күштерін салып, ұйымшылдық пен шеберлікті паш етті.Тартысты өткен жарыстың қорытындысында үздік командалар марапатталып, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Жарыс спортшышарға патриоттық тәрбие беріп, спортқа деген қызығушылықты арттыра түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/987944?lang=kk
Қарақия ауданында «1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» кең ауқымда аталып өтті 08.05.2025
⚜️1 мамыр күні Қарақия ауданы, Құрық ауылындағы орталық Ынтымақ алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігі жарасқан берекелі ел» атты мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кең көлемде тойланды.⚜️Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Сымбат Қуанышұлы бастаған мекеме басшылары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушылары, сондай-ақ, тұрғындар мен қонақтар қатысты.⚜️Іс-шара барысында аудан мектептері мен бөбекжайларынан әр ұлттың мәдениетін, ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлерін таныстыратын көрмелер ұйымдастырылып, түрлі этностардың өнері паш етілді. Қазақ, орыс, татар, беларус, өзбек, украин, қырғыз, тәжік, корей, грузин ұлттарының өнері мен мәдениеті көрермен назарына ұсынылды.⚜️Аудан әкімі Сымбат Қуанышұлы салтанатты шараны ашып, жиналған қауымды еліміздегі бірлік пен ынтымақтың символына айналған айтулы мерекемен құттықтады.⚜️Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концертімен жалғасты. Әндер шырқалып, билер биленіп, ұлттық әуендер мен заманауи қойылымдар көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.⚜️Қазақстан халқының бірлігі – ел тұрақтылығының негізі. Бұл шара – аудан жұртшылығының ынтымағы мен татулығын тағы бір мәрте айқындап берді.Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/987913?lang=kk
АУДАН, ҚАЛА ӘКІМДІКТЕРІНІҢ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 08.05.2025
Бүгін Түркістанда «Облыс аумағындағы елді мекендердің мобильді және үй жағдайындағы интернеті, бейнебақылау камераларын орнату және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін талқылау» бойынша оффлайн форматта мәжіліс болды. Ісшара Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Фаритұлының төрағалығымен өтті. Жиынға 17 аудан, қала әкімдіктерінен цифрландыру саласына жауапты қызметкерлер қатысты. Басқосуда облыс аумағындағы мобильді интернет желісінің қазіргі таңдағы жағдайы мен даму жолдары және тұрғын үйлерді интернет желісімен қамту туралы «Телекоммуникация және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау» бөлімінің басшысы Шәкәрім Еркебек кеңінен талқылады. Сондай-ақ бейнебақылау камераларын орнату бойынша мәселелерді ортаға салды. Одан бөлек қоғамдық мониторинг жөнінде «Телекоммуникация және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау» бөлімінің бас маманы Ақерке Байдуллаева баяндады. Айтуынша 2024 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша 26 032 264 қызмет көрсетіліп, оның 96,8 пайызы электронды түрде көрсетілсе, 3 пайызы баламалы негізде, ал 0,9 пайызы қағаз түрінде көрсетілген. Аудан,қала әкімдіктерінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілгеннен кейін шараға “Транстелеком”, “Freedom Telecom”, “Jusan Mobile”, “Kcell”, “Tele2”, “Activ”, “Beeline” ұялы байланыс операторлары арнайы шақыртылды. Олар келушілерге радиожоспарлау жұмыстары қалай жүргізілетіндігі және техникалық мүмкіндігі жоқ елді мекендерге интернет жеткізу мәселелерін тарқата түсіндіріп, тұрғын үйлерді интернет желісімен қамту жұмыстарын талқылады. Шара барысында жиналған көпшілік байланыс операторларына көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өзара пікір алмастыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/987866?lang=kk
"Sensitive" бишілер театры қытайлық көрермендерді тәнті қылды 08.05.2025
Солтүстікқазақстандық "Sensitive" құлағы естімейтін бишілер театры Қытайдағы халықаралық байқау-фестивальда триумф жасады! Ұжым өз тарихында алғаш рет бірден үш Гран-при жеңіп алып, үш номинацияда үздік атанды: халықтық стильдегі би, заманауи хореография және оригиналды жанр."Бұл — зор жетістік, әр адамды шабыттандырып, мақтаныш сезіміне бөлейтін жеңіс! Жетекшісі Ольга Ростовщикова мен ұжымға жаңа жеңістер, жарқын жетістіктер мен сарқылмас шабыт тілеймін!", - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов. Байқауға Қытай, Чехия, Моңғолия, Болгария және Ресейден 700-ден астам қатысушы қатысты. Ерекше мақтаныш — Sensitive Қазақстан атынан қатысқан жалғыз ұжым болып, еліміздің абыройын жоғары деңгейде қорғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/987868?lang=kk
Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды 08.05.2025
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Рудный қалалық мемлекеттік архивінің архившісі Н. Серікбаева ҰОС қатысушысы Екібаев Ілиястың үйінде болды. Алдағы Жеңіс күнімен құттықтап, Рудный қалалық мемлекеттік архивінің фоноқұжаттар жинағын толықтыру үшін оның соғыс туралы естеліктерін жазды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/987849?lang=kk
СҚО әкімі Тепличное ауылында жедел кеңес өткізді 08.05.2025
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тепличное ауылында өңіріміздегі су тасқыны жағдайына байланысты жедел кеңес өткізіп, басшылардың есебін тыңдады. Табиғаттың тосын мінезіне қарсы күресіміз жалғасуда. Тепличное ауылындағы бөгетті сақтау міндеті орындалды.Басты мақсат – азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау. Күні-түні бөгетті нығайту жұмыстарына облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұлан академиясы, 6637 әскери бөлімі, Азаматтық қорғау академиясы, басқа өңірлерден келген ТЖМ құтқарушылары, мемлекеттік қызметшілер, облысымыздың барлық аудандарынан өкілдер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Сүңгуірлер де тартылды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері белсенді көмек көрсетті. Қоғамдық тәртіп пен тұрғындарға көмекті полиция қызметкерлері қамтамасыз етуде. Тамақтану ұйымдастырылып, жедел жәрдем кезекшілік етті. Жалпы, 1,5 мыңнан астам адам мен қажетті техника жұмылдырылды. Елді мекенді су тасқынынан қорғауда көрсеткен баға жетпес көмектері үшін өңір басшысы әрқайсысына шын жүректен алғысын білдірді. "Су толықтай қайтқанға дейін күшейтілген режимдегі жұмыс жалғасады. Әрбір тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, инфрақұрылымды сақтау үшін әрі қарай да үйлесімді және жауапкершілікпен әрекет етуіміз қажет", - деп атап өтті облыс әкімі. Бүгін бүкіл ел Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде. Мемлекет басшысы бұл мерекенің ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы маңызын әрдайым ерекше атап өтеді."Мерекелік күнге қарамастан, көптеген азаматтарымыз елді мекендерді қорғап, бөгеттерді бекітіп, өз жұмыстарын жалғастыруда. Жерлестеріміздің бірлігі, батырлығы мен жанқиярлығының арқасында біз кез келген қиындықтарды еңсеріп, ортақ мақсаттарға жетіп келеміз. Сіздерді Бірлік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға сарқылмас күш-қуат, амандық пен бақ-береке тілеймін!", - деді СҚО әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/987862?lang=kk
Қазақстан мен Люксембург жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуда 05.05.2025
Люксембург қ., 2025 жылғы 28 сәуір — Қазақстанның Люксембургтегі Елшісі Марғұлан Баймұхан жұмыс сапарымен Люксембургке барып, цифрландыру жөніндегі министр, жоғары білім және ғылым министрі Стефани Обертин, Ұлы Герцогтік Парламентінің Сыртқы және еуропалық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Гасти Граас және Еуропалық инвестициялық банкінің EIB Global бөлімінің бас директоры Эндрю Макдауэллмен жеке кездесулер өткізді.Стефани Обертинмен әңгіме барысында цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктері, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын енгізу мен реттеу тәжірибесімен алмасу мәселелері талқыланды. Люксембургтік министр Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы жетістіктерін жоғары бағалады.Гасти Грааспен кездесуде Қазақстан мен Люксембург арасындағы саяси және экономикалық диалогты дамыту, парламентаралық ынтымақтастықты (ПАСЕ және Еуропарламент аясындағы өзара іс-қимылдарды қоса алғанда) жандандыру, сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелері сөз болды. Г. Граас Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы өзара тиімді өңіраралық әріптестіктің кеңеюін құптады. Елші Баймұхан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан қоғамдық-саяси реформалар туралы ақпарат берді.Эндрю Макдауэллмен кездесуде Еуропалық инвестициялық банкінің қолдауымен Қазақстанда жүзеге асырылуы жоспарланған келешегі зор инфрақұрылымдық жобалар талқыланды. Еуропалық әріптестер көлік, энергия тиімділігі және стратегиялық маңызды шикізат ресурстарын дамыту салаларындағы бірлескен жобаларды бірлесе қаржыландыруға қызығушылық білдірді.1958 жылы құрылған Еуропалық инвестициялық банкі (ЕИБ) — инфрақұрылым, инновациялар және климаттық жобаларды қаржыландыратын ЕО-ның қаржы институты. Жарғылық капиталы шамамен 248 миллиард еуроны құрайтын банк 2023 жылы 88 миллиард еуродан астам несие берген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/985526?lang=kk
