Қоғам
Қазақстан Елшісі Солтүстік Македония Премьер-Министрінің кеңесшісімен кездесті 05.05.2025
Скопье, 24 сәуір 2025 жылғы – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Премьер-Министрінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі, елші Сашо Марковскимен кездесті.Кездесу барысында Елші С.Марковскиді Қазақстан-Македония ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі туралы хабардар етті, сондай-ақ бастамашыл ұсыныстар ұсынды.Екі елдің сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Өзара сауда көлемін ұлғайту және бірлескен жобаларды іске асыру бойынша пікір алмасты.С.Бұршақов еліміздің инвестициялық әлеуеті туралы айтып, Қазақстан саяси тұрақтылықтың, ашық экономикалық бағыттың және әлемдік сауда жүйесіне белсенді интеграцияның арқасында Орталық Азиядағы жетекші инвестициялық бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Елші Қазақстан іскерлік ортаның ашықтығын арттыру және құқық үстемдігін нығайту үшін реформаларды дәйекті түрде іске асырып жатқанын, бұл шетелдік әріптестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін берік негіз құратынын атап өтті.Дипломаттар екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібін ілгерілетуге, оның ішінде ресми сапарларды ұйымдастыру және бизнес-құрылымдар арасында іскерлік байланыстар орнату арқылы жәрдемдесуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/985540?lang=kk
Солтүстік Македония сарапшылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады 05.05.2025
Скопье, 25 сәуір 2025 жылғы – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Буршаков Скопьедегі «Finance Think» экономика және саясатты зерттеу институтының және Еуропалық саясат институтының басшылығымен және сарапшыларымен кездесті.Кездесу барысында тараптар елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды, Қазақстанның инвестициялық әлеуетін, екі елдің экономикасын дамытудың басым бағыттарын, сондай-ақ бірлескен жобалар мен зерттеу бастамаларын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.Елші Солтүстік Македонияның академиялық және іскерлік қоғамдастығымен диалогты кеңейтуге қызығушылық білдіре отырып, Қазақстанның экономика, инновация және тұрақты даму саласындағы әріптестікті нығайтуға ұмтылысын атап өтті.Талқылаудың жеке тақырыбы Қазақстанның сындарлы ұлтаралық және дінаралық диалогты нығайтуға бейілділігі болды. Елші Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі және жыл сайынғы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізу туралы айтып берді, оның негізгі міндеті әлемнің түрлі конфессиялары арасындағы диалогты дамыту болып табылады.Институттар басшылығы Қазақстанды жан-жақты жаңғырту мен демократияландыру үдерісін жоғары бағалап, елімізде жүргізіліп жатқан реформалар бағытына қолдау білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/985542?lang=kk
Анкарада қазақ жастарының құрылтайы өтті 05.05.2025
Анкара, 2025 жылғы 28 сәуір – Анкарада Қазақстан Республикасы Елшілігі мен Анталия, Ыстанбұл, Измир қалаларындағы Бас консулдықтардың ұйымдастыруымен және ТҮРКСОЙ Халықаралық мәдениет ұйымы, Түркі әлемі Жастар Кеңесі және Анкара Университетінің қолдауымен Түркиядағы қазақ жастарының құрылтайы өтті. Іс-шара Ескишехир, Сакария, Болу, Карабүк, Анталия, Нийде, Ыспарта және басқа да қалалардан келген студенттерді бір арнаға тоғыстырды.Құрылтайдың басты мақсаты – Түркияда білім алып жүрген қазақстандық жастарды біріктіру, достықты нығайту, ұлттық болмыс пен мәдениетті насихаттау болды. Жастар оқу жылының аяқталуына орай жылды қорытындылап, еліміздің қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікір-алмасып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Түркияның түкпір-түкпірінен келген диаспора өкілдері жастарға өз ақыл-кеңестерін айтты.Жастарымыздың халықаралық достық пен байланыстарын нығайту мақсатында құрылтайға Түркі елдерінің студенттер бірлестіктері арнайы шақыртылды. Осылайша, құрылтай халықаралық деңгейге ие болды.Құрылтай барша халыққа есігі ашық мерекелік концертпен жалғасты. Ұлттық билер көрсетіліп, әндер шырқалды. Сонымен қатар, Абайдың 180-жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100-жылдығы аясында қазақтың ұлы тұлғаларының есімдері ұлықталды. Композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100-жылдығына орай күйлері жергілікті тұрғындарға паш етілді.Мерекелік концерттен кейін ұлттық тағамдар жәрмеңкесі мен қазақтың салт-дәстүріне негізделген ойындар ұйымдастырылды. Қонақтар бауырсақ, құрт, ірімшік секілді ұлттық тағамдардан дәм татып, ұлттық киімдермен суретке түсті. Қазақстаннан арнайы шақыртылған әншілер жастарға ерекше көңіл-күй сыйлап, еліне деген сағынышын басты. Осылайша, көрермендер қазақ мәдениетінің түрлі қырларымен танысты.Жалпы 2000 аса қатысушыны біріктірген құрылтай жоғары деңгейде өтті. Жастардың патриоттық сезімін оятып, еліне деген сүйіспеншілігін арттырды. Жиын соңында белсенді жастар мен іс-шараның қолдаушыларына арнайы алғыс хаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/985548?lang=kk
Бас консул Самарқанд облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығымен және жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесу өткізді 05.05.2025
2025 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығы мен Самарқанд облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары И.Ансаттың Самарқанд облысының ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және фермерлерімен кездесуі өтті.Тараптар Шығыс Қазақстан облысының нарықтарына жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін ұзақ мерзімді жеткізу мүмкіндіктерін талқылады.Өз кезегінде, И.Ансат «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның астық, ұн, күнбағыс майы, ет және т.б. қоса алғанда, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен тікелей байланыс орнатуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.Іскерлік ахуалда және өнімді өткен кездесуде Самарқанд облысының ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлері делегациясының өз өнімдерін тікелей жеткізу мүмкіндігін қарастыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/985554?lang=kk
ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасарының қатысуымен сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды 05.05.2025
Рио-де-Жанейро, 2025 ж. 28 сәуір – ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин өзінің Бразилияға жасаған жұмыс сапары барысында Бразилияның бірқатар компаниялары және экономикалық қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен «Бразилия-Қазақстан: инвестициялық және сауда мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстелге қатысты.Қазақстандық дипломат өз сөзінде кездесу қатысушыларын еліміздің қазіргі саяси-экономикалық дамуымен және ҚР Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың басшылығымен іске асырылып жатқан реформалармен таныстырды. Сондай-ақ, ол Қазақстан-Бразилия екіжақты қарым-қатынастарының негізгі аспектілеріне тоқтала келе, Қазақстан экономикасының бразилиялық инвестицияларға ашықтығына, сауда-саттықты кеңейтуге, бірлескен кәсіпорындар құруға, Бразилия тауарларының көршілес нарықтарға шығуы үшін ҚР көлік-логистикалық мүмкіндіктерін пайдалануға, сондай-ақ еліміздің барлық инвестициялық заңнамасына басты назар аударды.Осы тұрғыда А.Рахметуллин жергілікті іскер топтарды Бразилия Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының (CNI) және «QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ қолдауымен 2021 жылы құрылған Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің жұмысына белсенді қатысуға шақырды.Кездесуде Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, «Қазақстан – Бразилия» Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Касиано Виано және Қазақстанда жұмыс істейтін бразилиялық компаниялардың өкілдері баяндамалар жасады.Шара барысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Америкадағы ресми өкілі Марат Бірімжан Қазақстандағы инвестициялық ахуал мен шетелдік инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырып, Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың басымдықтарын атап өтті.Шара барысында «Бразилия-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасы мен «Athino Advisor» консалтингтік компаниясы арасында Қазақстан мен Рио-де-Жанейро штаты арасындағы экономика, сауда, туризм, мәдени және академиялық алмасу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейтін «RioKaz Connections» платформасын құру туралы меморандумға қол қойылды.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша А.Рахметуллин бірқатар бразилиялық компаниялардың басшылығымен келіссөздер жүргізіп, Рио-де-Жанейро штатының басшылығын Қазақстанға экономикалық миссиямен келуге шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/985558?lang=kk
Қазақстанның Бразилиядағы Құрметті консулдарымен кездесу туралы 05.05.2025
Рио-де-Жанейро, 2025 жылғы 28 сәуір – Экономикалық дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің Қазақстанның Бразилиядағы Құрметті консулдары және оған үміткерлермен кездесуі өтті.А. Рахметуллин кездесу қатысушыларына Қазақстандағы қазіргі даму үдерістерін, елде жүргізіліп жатқан реформалар мен Астананың сыртқы саяси сахнадағы белсенділігі жөнінде айтып берді. Бразилиямен екіжақты ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарына назар аударып, ол Құрметті консулдар институтының елдер арасындағы диалогты нығайту және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі құқықтарын қорғау ісіндегі маңыздылығын ерекше атап өтті. Қазақстандық дипломат бразилиялық қатысушыларды Қазақстанның мүдделерін Бразилия өңірлерінде белсенді ілгерілетуге шақырды.Құрметті консулдар мен оған үміткерлер өз сөздерінде өкілдік ететін Бразилия аймақтарын таныстырып, бразилиялық штаттар мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты қалыптастыру жөнінде өз ойларымен бөлісті.Іс-шараға Сан-Паулу штатындағы ҚР Құрметті консулы Жозе Хорасио, Мату-Гросу-ду-Сул штатындағы ҚР Құрметті консулы Алипиу Оливейра, сондай-ақ ҚР Құрметті консулы лауазымына үміткерлер Алекс Гарсия (Баия штаты) мен Педро Энрике Гарсия Демори (Парана штаты) қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/985559?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің курсанттары Мәскеудегі әскери тарих олимпиадасында үшінші орын еншіледі 05.05.2025
Әскери тарихтан жоғары оқу орындары курсанттарының IX Халықаралық олимпиадасы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі князь Александр Невский атындағы Әскери университеттің базасында өтті.Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының намысын құрама команда сапындағы екінші курс курсанттары Мейіржан Есентаев, Илья Каутов, Нұрдәулет Шыңғысханұлы, Бақыт Асарбаев және Нұржан Әбішев қорғады.Алғашқы екі турдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар үшінші орынға табан тіреді. Зияткерлік сайысы барысында олар үй тапсырмасын орындап, әскери-тарихи шайқасқа және капитан конкурсына қатысты.Абсолютті командалық біріншілікте Ақтөбе қаласының Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары үшінші орын еншіледі. Болашақ офицерлер елге дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен оралды.– Байқаудың алдында мұқият дайындалдық. Курсанттар дайындық процесіне жауапкершілікпен қарап, жақсы нәтижеге ұмтылып, ұйымшылдықты және білім деңгейінің жоғары екенін көрсете алды. Халықаралық зияткерлік сайысқа қатыса отырып, олар институттың және елдің абыройын қорғады, – деп атап өтті команда жетекшісі авиация тактикасы кафедрасының аға оқытушысы запастағы подполковник Батыр Садақов.Халықаралық олимпиадада бірінші орынды Вольск қаласындағы армия генералы А. Хрулев атындағы әскери материалдық-техникалық қамтамасыз ету академиясының филиалы иеленді. Екінші орынды Беларусь Республикасы Әскери академиясының курсанттары олжалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/985563?lang=kk
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімі қызметкерлерімен «Мемлекеттік органға өтініштерді онлайн беру» тақырыбына брошюралар дайындалып, халық арасында таратылды. 05.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/985589?lang=kk
Аудан әкімі зиянды және аса зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеулер жүргізу және ауыл шаруашылығы санағы мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді 05.05.2025
Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде аудан әкімінің төрағалығымен зиянды және аса зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеулер жүргізу және ауыл шаруашылығы санағы мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.Кеңес барысында итальяндық прусқа қарсы қорғаныс іс-шараларын өткізу және шегіртке зиянкестерімен күресу іс-қимылдарының алгоритмі, сондай-ақ дайындық барысы, ауыл шаруашылығы санағын өткізу бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.Зиянды және аса зиянды организмдерге қарсы күрес туралы Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аслан Бекжанұлы Хасеновтың, аумақтық инспекция басшысы Ботагөз Молдаахметқызы Ермағамбетованың, сондай-ақ Жақсы фитосанитариялық диагностика филиалы директорының м.а. Жанель Жанарбекқызы Есімсейітованың баяндамалары тыңдалды.Жануарлардың ауыл шаруашылығы санағын сапалы өткізу міндеттері туралы аудандық статистика басқармасы басшысының м. а. Жанна Нұрғалиеваның баяндамасы тыңдалды.Аудан әкімі алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын уәкілетті мемлекеттік органдар алдында белгіледі. Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/985607?lang=kk
Алматыда 2011 жылғы Вена құжаты аясында халықаралық семинар өтті 05.05.2025
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесімен, Орталық Азия елдеріндегі ЕҚЫҰ орталықтары мен миссиялары және Венадағы ЕҚЫҰ Хатшылығымен серіктестікте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығы ұйымдастырды. ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында өткен семинарға қазақстандық әскери қызметшілерден басқа Әзербайжан, Германия, Дания, Италия, Қырғызстан, Моңғолия, БЕНИЛЮКС елдері, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан және Франция қарулы күштерінің өкілдері қатысты.Семинарда 2011 жылғы Вена құжатының негізгі ережелері, инспекциялық және хабарламалық қызмет пен оларды практикада қолдану талқыланды.– Мұндай семинарларды өткізу Орталық Азия өңірі елдері арасындағы сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту қағидаттарын іске асыру саласындағы ынтымақтастықтың негізгі нысандарының бірі, – деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының бастығы полковник Қанат Әубәкіров.Іс-шараға қатысушылар ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшеміне, Вена құжатының ережелерін орындауға, жыл сайын әскери ақпарат алмасуға, ЕҚЫҰ байланыс желісіне, ұйымға мүше елдердің өзара инспекциялық қызметін қамтамасыз етуге қатысты негізгі тақырыптармен танысты.Вена құжатының ережелеріне сәйкес семинардың практикалық бөлімінде Қонаев қаласындағы 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасын бағалау жөнінде оқу сапары ұйымдастырылды.Вена құжаты – ЕҚЫҰ қызметінің әдеттегі қару-жарақ түрлерін бақылау бойынша елдер арасындағы ынтымақтастық, айқындық және тексеру режимін сақтауға негізделген пәрменді құралдарының бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/985652?lang=kk
Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында жергілікті қоғамдастықтың мүшелерінің қатысуымен жиналыс өтті 05.05.2025
📌Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңының талаптарына сай, ағымдағы жылдың сәуір айының 25 күні сағ 10-00де Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында жергілікті қоғамдастықтың мүшелерінің қатысуымен жиналыс өтті.🔸Жиналыстың күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды.- Ағымдағы жылы жоспарланған композиция орнатуды шағын саябақ салуға ауыстыру.- Қызылтөбе-2, Қызылтөбе-3 елді мекенінің атауын беру- 2025 жылға арналған жылжымайтын мүлік салығы бойынша аймақтарға бөлу коэффициентін бекіту.- Ағымдағы жылдың басқа да өзекті мәселелер талқыландыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/985679?lang=kk
"Ардагерлерді ардақтайық"Акциясы 05.05.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ардагерлерді ардактайық» акциясы аясында Ново-Хайрузовка ауылдық округінің мекемелері жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсетті.Қиын кезеңдерді еңсерген, өмір жолы өнеге ардагерлерге қамқорлық пен алғыс білдіру — біздің борышымыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/985707?lang=kk
Қала әкімдігінде кезекті аппараттық кеңес өтті 05.05.2025
Қала әкімдігінде кезекті аппараттық кеңес өтті28.04.2025 жылы Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік орган және өндірістік мекеме басшылары қатысты.Аппараттық кеңестің күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:1. Маңғыстау облысы әкімінің 2023–2024 жылдары Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендердің тұрғындарымен кездесуінде берілген тапсырмалардың орындалысы туралы,2. 2024 жылы Маңғыстау облысы әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиналыстардың және әртүрлі жиналыстардың хаттамалық тапсырмаларының орындалысы туралы,3. 2024 жылы және ағымдағы жылы қала әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиналыстарда берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалысы туралы.Аталған мәселелер бойынша Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы Ешбаева Гаухар Жұмабайқызы баяндама жасады.Кеңес барысында әрбір бағыт бойынша нақты жұмыстар мен тапсырмалардың орындалу барысы қаралып, туындаған мәселелерді шешу бойынша жауапты басшыларға бірқатар нақты міндеттер жүктелді.Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/985709?lang=kk
Репустың дернәсілін емдеді. 05.05.2025
Новостройка ауылының № 10 және № 9 учаскесінде "Кузьмич" ЖШС Зеленді ауданы Ақмола облысынан әкелінген репустың 2 950 000 дернәсілін емдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/987718?lang=kk
Еңбек нарығының болашағы: Қарағанды облысында жұмысшы кадрлар тапшылығы қалай шешілмек 05.05.2025
Егер білім беру жүйесі біршама артта қалып отырса, болашақ технологияларымен жұмыс істей алатын мамандарды қалай даярлауға болады? Осы және басқа да сұрақтарға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен Қарағандыда өткен «Еңбек нарығының болашағы» форумына қатысушылар жауап іздеді. Билік, бизнес және білім беру өкілдері – алдағы жылдары өңір экономикасына кім және қалай жұмыс істейтініне тікелей байланысы бар барлық тұлғалар бас қосты.– Экономика өсуде, технологиялар өзгеруде, ал түлектер өндіріс талаптарына дайын емес, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Жаңа кәсіпорындарды іске қосу арқылы биыл 17 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Олар бос қалмау үшін біз қазірдің өзінде тиісті кадрларды даярлауымыз керек. Біздің міндетіміз – білім беру жүйесін нарықтың нақты сұраныстарымен үйлестіру.Жұмыспен қамту басқармасының мәліметінше, тек 2025 жылы өңірге кемінде 2017 білікті жұмысшы қажет болады. Ал 17 инвестициялық жоба аясында жаңа кәсіпорындарда қазірдің өзінде 2700-ден астам бос жұмыс орны ұсынылған. Бұл міндетті жастар практикасынан бастап белсенді зейнеткерлерді қолдауға дейінгі жұмысқа орналастыру бағдарламалары шешуге бағытталған.Табысты кейстердің бірі – QazTehna зауыты. Іске қосылғаннан кейін кәсіпорын кадрлардың жетіспеушілігіне тап болды, бірақ екі жылдан кейін проблеманы толық шеше алды.– Бізге қажет мамандарды біреу даярлап береді деп күтуден еш пайда жоқ екенін түсіндік. Өзіміз қатысуымыз керек болды, – дейді корпоративтік университеттің басшысы Айдос Айтбаев. – Бізде 2030 жылға дейінгі стратегиялық меморандумға қол қойылды. Көлікті жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі мамандарды, сондай-ақ дәнекерлеушілерді оқытуға негізгі назар аударылады. Биыл Қарағанды көліктік-технологиялық колледжінің базасында сырлаушылар даярлайтын мақсатты топты іске қосамыз. Оқу бағдарламасын бірге әзірледік және ол бекітілді.Зауыт 160-тан астам мақсатты грантты іске асырып, облыстың төрт жетекші колледжімен – қарағандылық жоғары политехникалық, тау-кен индустриялық, көлік-технологиялық және Саран техникалық колледждерімен ынтымақтасады.Жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын құруға тікелей қатысуда - индустриялық кеңестер арқылы олар өндіріс сұраныстарына сүйене отырып модульдер мен құзыреттерді қалыптастырады. Оған жауап ретінде колледждер жаңа, сұранысқа ие мамандықтарға лицензия дайындайды. Әлеуетті бағыттардың ішінде – автомобиль жасау, аддитивті технологиялар, гидротехникалық құрылыс, ақпараттық қауіпсіздік, полимерлер мен құбырлар өндірісі, графикалық және мультимедиялық дизайн.– Біздің колледж базасында «Автоматтандыру және өндіріс технологиясы» бағдарламасы іске қосылуда, – дейді Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің директоры Жанар Рахымова. – Олар ІТ-біліктілігі бар техникалардың жаңа буынының мамандары.Өңірдегі 52 колледждің 38-і дуальді оқыту жүйесіне көшті, онда студенттер тікелей кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді. Мансаптық даму орталығы құрылды, жаңа бағдарламалар енгізілуде және Қытаймен, Германиямен, Түркиямен, Финляндиямен және басқа да елдермен халықаралық тәжірибе алмасу жолға қойылды. Бұл түлектердің жұмысқа орналасу көкжиегін кеңейтеді.Форумның жеке тақырыбы – кәсіптік бағдар. Мамандықты ерте таңдау түлектің колледжде жылдар өткізбей, мамандығы бойынша жұмыс істеу мүмкіндігін арттырады. 1 қыркүйектен бастап өңірде Edumark электронды күнделігі негізінде кәсіптік бағдарлаудың жаңа жүйесі іске қосылады. Profiway платформасы жеке ұсынымдарды қалыптастыру үшін оқушылардың үлгерімі, қызығушылықтары мен белсенділігі туралы деректерді жинайтын болады.– Жүйе баланың жеке портретін жасап, қай бағытта даму керектігін айтып береді, – деп түсіндірді «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығының Profiway жобасының жетекшісі Айдана Ақынова.Қорытындылай келе, Ермағанбет Бөлекпаев аралық қорытындыларды шығарып, нәтижелерді көру үшін талқыланған бастамаларға қайта оралу қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/987748?lang=kk
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! 05.05.2025
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/987774?lang=kk
Қазақстан жаңа инвесторлық визаны енгізеді 05.05.2025
Қазақстан Республикасы халықаралық бизнеске жақындай түсу жолында тағы бір маңызды қадам жасады. ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және ұзақ мерзімді іскерлік серіктестікті қолдауға бағытталған инвесторлық визаны алу қағидалары бекітілді.Жаңа талаптарға сәйкес Қазақстан компанияларының жарғылық капиталына немесе отандық бағалы қағаздарға кемінде 300 000 АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған шетел азаматтары инвесторлық визаны ресімдеу үшін электронды өтініш бере алады. Бұл «алтын виза» Қазақстанда 10 жылға дейін тұруға рұқсат алу мүмкіндігін көздейді.Мұндай визалық бағдарламалар халықаралық тәжірибеде (соның ішінде Еуропа елдері, АҚШ, БАӘ және Сингапурда) кеңінен қолданылып, капитал, технология мен іскерлік белсенділікті тартудың нәтижелі құралы ретінде өз тиімділігін дәлелдеді. Қазақстан осы тәжірибеге қосылып, инвестициялық резиденттіктің өзіндік моделін ұсынады.«Алтын визалар» шетелдік инвесторлар үшін қолайлы әрі болжамды орта қалыптастырып, заңды кепілдіктер беруге және елдің инвестициялық ахуалына сенімді нығайтуға бағытталған. Бұл жаңа бастама елдің ашықтыққа, капиталды қорғауға және тұрақты халықаралық экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарын көрсетеді.Құжат ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң өз күшіне енеді. Құжаттың толық мәтіні келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/209576/kazАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1002790?lang=kk
Шымкентте жүргізуші куәліктерін заңсыз беру схемасы әшкереленді 05.05.2025
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен жүргізуші куәліктерін жүйелі түрде заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.Тергеу барысында 2023–2024 жылдар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы Ж.Р. Мурашимов пен бірге бірқатар лауазымды тұлғалар жүргізуші куәліктерін алу рәсімін теориялық және практикалық емтихандардан өтпей заңсыз алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.Аталған «қызмет» үшін азаматтардан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша алынған.Нәтижесінде 500-ден астам адам заңсыз жолмен жүргізуші куәлігін алған. Қазіргі таңда тергеу аясында 200 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған күдіктілердің мүлкіне: 2 жеке үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 автокөлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.Соттың санкциясымен 12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.Айта кету керек, жүргізуші куәліктерін белгіленген тәртіпті айналып өтіп алу – қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.Бұл Шымкент қаласында соңғы жылдары жиілеген жол-көлік оқиғаларынан да байқалады. 2022 жылы мұндай оқиғалар саны 398 болса, 2024 жылы 878-ге дейін жеткен.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/987782?lang=kk
Қазақстан мен Оман инвестициялық ынтымақтастықты нығайтады 05.05.2025
Маскат қаласында (Оман Сұлтандығы) қазақстандық делегацияның сапары өтті. Сапар аясында Оманның негізгі министрліктерімен және инвестициялық қорларымен кездесулер ұйымдастырылды. Келіссөздерде қазақстандық тараптан ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айбол Арғынғазинов, сондай-ақ Маңғыстау және Жетісу облыстарының өкілдері қатысты.Сапар аясында Қаржы министрлігімен, Көлік, коммуникациялар және ақпараттық технологиялар министрлігімен, Экономика министрлігімен, Oman Investment Authority Инвестициялық қорымен, Invest Oman агенттігімен, Сауда, өнеркәсіп және инвестициялар министрлігімен, Оман Сауда-өнеркәсіп палатасымен, сондай-ақ елдің бірқатар ірі компанияларымен келіссөздер өткізілді. Делегация сондай-ақ «Сохар» АЭА-ға барып, оның инфрақұрылымдық мүмкіндіктері мен логистикалық әлеуетімен танысты.Келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Оман арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім жобасын дайындау мәселесі болды. Ғабидолла Оспанқұлов бұл келісім инвесторлар үшін құқықтық кепілдіктерді нығайтып, капитал салымдарын қорғауды күшейтетінін және екіжақты экономикалық байланыстарды жандандырудың негізі болатынын атап өтті. Қазіргі таңда құжат мәтінінің шамамен 70%-ы келісілген, тараптар қалған тармақтарды жедел келісу ниеттерін растады. Құқықтық база мәселелерінен бөлек, ынтымақтастықтың нақты бағыттары да талқыланды.Кездесулердің қорытындысы бойынша Ғабидолла Оспанқұлов Қазақстан мен Оман арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтіп, бірлескен бастамаларды практикалық іске асыру кезеңіне көшу маңызды екенін жеткізді.«Қазақстан Оманды өңірдегі перспективалы серіктестердің бірі ретінде қарастырады. Инвестицияларды қорғау туралы келісімге қол қою және бірлескен өнеркәсіптік жобаларды іске қосу екіжақты қатынастарға жаңа серпін береді. Біз омандық инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге және омандық капиталды Қазақстан экономикасының негізгі салаларына белсенді тартуға дайынбыз», — деді ол.Қазақстан мен Оман арасындағы келіссөздер жақын арада профильді министрліктер деңгейінде қосымша консультациялар форматында жалғасатын болады.Дереккөз: https://invest.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/987840?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ 28.04.2025
Бүгін Түркістан қаласындағы Достық үйінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мерейтойы аясында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Қазақстанның оңтүстігінің тарихында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға Өзбекстан, Ресей елдері мен Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал, Түркістан қалаларынан тарих және педагогика ғылымы саласының өкілдері оффлайн және онлайн форматта қатысты. Конференцияда «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа мұра, тарихқа тағзым» атты Түркістан облыстық мемлекеттік архивінің құжаттар көрмесі ұсынылды. Одан бөлек, «Оңтүстік Қазақстан 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, кездесуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығын мерекелеудің маңыздылығы мен оңтүстік өңірінің Ұлы Жеңіске жасаған ауқымды үлестері баяндалды. Одан бөлек, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі, қаһармандығы мен қайсарлығы баяндалды. Сондай-ақ, конференцияда Ұлы Отан соғысы туралы танымды тереңдету, жергілікті тарихтың жаңа беттерін ашу, тарихи әділеттілік пен патриоттық тәрбие жөнінде мәліметтер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/985463?lang=kk
