Қоғам
Қазақстан Елшісі Солтүстік Македония Футбол федерациясының президентімен кездесті 09.05.2025
Скопье, 2025 жылғы 2 мамыр – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Буршаков Солтүстік Македония Футбол федерациясының президенті Масар Омерагичпен кездесті.Тараптар 9 маусымда Астанада өтетін Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы футболдан әлем чемпионатының алдағы іріктеу матчын ұйымдастыру мен логистикалық жағынан дайындықты талқылады.М.Омерагич Қазақстандағы футболдың дамуына жоғары баға беріп, соңғы жылдары еліміздің ұйымдастырушылық және спорттық аспектілерде қол жеткізген елеулі жетістіктерін атап өтті. Қазақстан ойыншыларын даярлау деңгейінің, инфрақұрылымды дамыту және оқу процесіне заманауи әдістемелерді енгізудің сенімді өсуін көрсетіп отырғанын атап өтті.Қазақстандық клубтардың халықаралық аренадағы жетістіктеріне, сондай-ақ жастар арасында және өңірлерде футболды танымал ету жөніндегі күш-жігерге ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің футбол қауымдастықтары желісі бойынша екіжақты байланыстарды жандандыруға жәрдемдесуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/990405?lang=kk
Шығыс Қазақстан: Ұлы Отан соғысының ардагері атаулы күндер қарсаңында құттықталды 09.05.2025
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесіп тыл ардагері, отставкадағы подполковник Гагарин Иван Федоровичті құттықтады.Салтанатты шара ардагердің үйінде өтті. Ұлттық ұланның әскери оркестрі патриотизм мен құрмет атмосферасын құра отырып, соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Әр ұрпаққа таныс әуендердің үнімен Иван Федоровичке «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы» РММ атынан алғыс хаттар, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен естелік сыйлықтар табыс етілді.ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі атынан Департамент басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков ардагерді құттықтады.Иван Федорович Гагарин 91 жаста. Ол жас кезінен соғыс уақытындағы қиындықтарды көріп өсті. Жеті жасынан бастап кішкентай Ваня колхозға көмектесті: бұзауларды бағып, көшеттерді өсіріп, ересектермен бірге жұмыс істеді.1954 жылы қыркүйекте ол әскерге шақырылып, өмірінің 33 жылын қызметке арнады. 1992 жылдан 1996 жылға дейін Иван Федорович 6638 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесін басқарды. Қызмет еткен жылдары ол жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды: III дәрежелі «КСРО Қарулы Күштеріндегі Отанына қызмет еткені үшін» ордені, В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған «За воинскую доблесть» медалі, «КСРО Қарулы Күштерінің ардагері» медалі, сондай-ақ көптеген мерейтойлық және ведомстволық наградалар.Бүгінгі күні зейнеткерлік демалыста болса да Иван Федорович «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен ардагерлер ұйымының қоғамдық өмірінің белсенді қатысушысы болып табылады, өзінің баға жетпес тәжірибесі мен білімін жаңа ұрпаққа бере отырып, жастардың патриоттық тәрбиесіне үлес қосады.Иван Федоровичті құттықтау – ұрпақтар сабақтастығының және өз еңбегімен және қызметімен елімізде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің берік негізін қалаған аға буынның еңбегін мойындаудың символына айналды.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/990377?lang=kk
Қазақстан мен Ливан рухани байланыстарды нығайтуда 09.05.2025
6 мамырда Қазақстанның Бейруттағы Елшісі Расул Жұмалы Ливан Президентінің адам құқықтары және діндер диалогы бойынша кеңесшісі Хабиб Ефреммен кездесті. Сұхбат барында екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығының бүгінгі жай-күйі және келешек көкжиектері сөз етілді. Өзекті тақырыптар қатарында өркениеттер арасындағы татуластық пен түсіністікті нығайту бойынша бірлескен іс-қимыл жүргізу екендігі айтылды. Бұл тұрғыда Хабиб Ефрем өз елінің Қазақстанның тиісті бағыттағы бастамаларына ат салысуға мүдделілігін, соның ішінде атап айтқанда Астанада өтетін Әлемдік діндер ғұламаларының съезіне үлкен қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Оның ойынша Қазақстанның да, Ливанның да бұл саладағы тарихи тәжірибесі мол және оны екіжақты, сондай-ақ көпжақты ықпалдастықтың игілігіне пайдаланған абзал. Өз кезегінде Елші соңғы жылдардағы аймақтық шиеленістің ауыр салдарынан Ливанның мейлінше тез арада айығып кетуіне тілектестік танытып, өзара байланыстарды дамытуда маңызды ақпаратпен алмасуға және қолайлы алғышарттарды қамтамасыз етуге дайындығын растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/990359?lang=kk
«Ақмола облысының аумағында карантин режимін жою және Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы №А-5/270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 09.05.2025
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы аталған әкімдік қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілер мен бөгде түрлерден қорғау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірледі. Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 28 наурыздағы №2799 ұсынысы негізінде дайындалды. Жобамен толығырақ «Ашық НҚА» порталында келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15518741 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/990364?lang=kk
Теміржолдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг 09.05.2025
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыру шеңберінде «Өскемен-Алматы» қатынасындағы №351 жолаушылар пойызының санитарлық және техникалық жағдайына қоғамдық мониторинг жүргізілді. Мониторингті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті Алиев Жанбыл жүзеге асырды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер жүргізген мониторинг вагондардың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық екенін көрсетті. Жолаушылар орындары, дәретхана бөлмелері және басқа да маңызды аймақтар таза болды. Вагон құрамдары, еріктінің ақпараты бойынша, тазалықты сақтау және гигиеналық нормаларды сақтау үшін қажетті құралдармен жабдықталған.Алиев Жанбыл жолаушылар пойыздары сияқты объектілерді тұрақты мониторингілеу азаматтар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына ұқсас бастамалар тасымалдаушылар тарапынан ашықтық пен жауапкершілікті арттыруға ықпал ететініне сенімді.Мониторинг нәтижесінде №351 пойыз қазіргі уақытта қауіпсіздік пен санитарияның негізгі стандарттарына сәйкес келеді деген қорытынды жасалды.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы азаматтардың мемлекеттік және жеке сервистерге деген сенімін арттыруға, олардың қызметіне бақылауды қамтамасыз етуге және ықтимал бұзушылықтарды анықтауға ықпал ете отырып, өз қызметін жалғастыруда.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/990366?lang=kk
Ұландық сарбаздар Астана қаласының ардагерлерін құттықтады 09.05.2025
Бүгін Астана қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің сарбаздары “Ұлы Жеңістің 80 жылдығына” орай соғыс және тыл ардагерлеріне арнайы барып, құрмет көрсетті. Ұландықтар қан майданнан өктен Анатолий Александрович пен Екатерина Сергеевнаның үйіне бас сұғып, Жеңіс күнімен құттықтады.Сарбаздар ардагерлердің алдында саптық жүріспен өтіп, патриоттық әндер орындады. Ардагерлерге айрықша құрмет көрсетіліп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан арнайы мерекелік медальдар табысталды.Кездесу барысында ардагерлер жүрекжарды лебізін білдіріп, Ұлттық ұлан сарбаздарына ақ батасын берді.— Бүгінгі бейбіт күніміз – кешегі жанқиярлықпен келген жеңістің жемісі. Біз көрген сұрапыл соғысты тілмен айтып жеткізу қиын. Бірақ ең бастысы – халықтың бірлігі мен қайсар рухы бізге жеңіс әкелді. Сол рух сендерде де бар екенін көріп қуанып отырмын, – деді тебірене сөйлеген соғыс ардагері Анатолий АлександровичТыл еңбеккері Екатерина Сергеевна да сарбаздардың сап түзеп, әнмен келіп құттықтағанына ризашылығын білдірді.— Соғыста оқ пен оттың ортасында жүрген ерлердің артында біз – тылдағы еңбек адамдары тұрдық. Бір үзім нанды бөлісіп жеген, жанын шүберекке түйген заман еді. Қазір бәрі басқа, бірақ тарих ұмытылмауы керек. Бүгінгі ұрпақ бізді ұмытпай, төрімізден орын бергеніне шексіз алғыс айтамын, – деді ол.Бұл шара – ардагерлерге деген тағзым ғана емес, жас буынға үлгі-өнеге. Ерлік пен елдік сабақтастығын жалғаған бұл кездесудің сарбаздар жадында ұзақ сақталары сөзсіз. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/990309?lang=kk
KazAID ЖОБА МЕНЕДЖЕРЛЕРІ 09.05.2025
KazAID ЖОБА МЕНЕДЖЕРЛЕРІ Бүгін сіздерді KazAID серіктестік және аймақтық жобалар департаментінің жоба менеджері Назгүл Шариповамен таныстырамыз! Назгүл – Назарбаев Университетінің түлегі. Ол мемлекеттік саясат бойынша магистратураны және саясаттану мен халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавриатты үздік бітірген. Магистрлік оқу аясында Сингапурдағы Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінде оқып, Сингапурдың түрлі салаларға деген көзқарасын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Оның кәсіби дамуының маңызды кезеңдерінің бірі — Оңтүстік Корея Республикасындағы KOICA кеңсесінде өткен тағылымдама. Мұнда Назгүл Оңтүстік Кореяның дамуға ресми көмегі (ДРК) бойынша тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар, ол EY Бизнес академиясында жобаларды басқару бойынша оқудан өтті. Жоба менеджері ретінде Назгүл келесі бағыттарды үйлестіреді:✅ Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка бағыттары✅ “Авиценна: Денсаулық сақтау” бағдарламасы✅ “Достық: Цифрландыру” бағдарламасы (2024)Назгүл қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, ал француз тілі деңгейі — А2. Оның аналитикалық және креативті қабілеттері стратегиялық ойлауды визуалды және коммуникативтік тәсілмен шебер үйлестіруге мүмкіндік береді. Назгүлдің өмірлік ұстанымы:«Жасамай, өкінгеннен гөрі – жасап, өкінген жақсы »KazAID осындай жан-жақты және жарқын мамандарымен мақтанады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/990257?lang=kk
«Ерлік даңқы – жеңіс таңы» әдеби музыкалық композиция 09.05.2025
5 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жамбыл Жабаев атындағы қалалық саябақта «Ерлік даңқы – жеңіс таңы» атты әдеби музыкалық композиция өткізді.Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің ерліктерін насихаттау, халықтың тарихи және қаһармандық мұрасын таныстыру мақсатында өткен шарада майдан даласының рухын сезіндіретін соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.Қала тұрғындарының назарына «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар Жеңіс, Отан, рух жайында жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқыды.Сондай-ақ, саябақ демалушылары, оқушылар ашық микрофонда ата-бабаларымыздың ерліктеріне, ұрпақтар үшін жанын қиған жандарға алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/990259?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеу жөніндегі семинар 09.05.2025
2026 жылғы 17 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеу тақырыбына арналған семинар өтті.Семинарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Койшинов Казыбек Кадесович ШҚО Дін істері басқармасы ММ «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ талдау және ақпараттық-түсіндіру бөлімінің маманы Жомартканов Жасұлан Мұратұлымен бірлесіп жүргізді.Өз сөзінде лектор Жомартканов Ж.М. бүгінгі күні әлемде және әсіресе Қазақстан Республикасында әрекет ететін деструктивті діни ағымдар туралы кеңінен баяндап, олардың діни көшбасшыларын атап өтті.Сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың пайда болу тарихы, олардың шығу себептері, жұмыс әдістері, ел тұрғындарының қай топтары мұндай заңсыз деструктивті діни ағымдарға оңай тартылуы мүмкін екендігі туралы айтылды.Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Казыбек Қадесович қызметтік әдеп нормаларын үнемі сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1184387?lang=kk
Қой және сиыр: Ерейментау ауданында агроөнеркәсіптік кластер құрылуда. 09.05.2025
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Ерейментау ауданының бірқатар кәсіпорындарын аралады. Іссапар барысында ол Ерейментау ауданы мал шаруашылығы саласында өз орнын иеленуі тиіс екенін атап өтті. Өңірде мал шаруашылығы кластерін құру жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр.Торғай ауылдық округінде «Ерейментау-Астық» ЖШС қой шаруашылығы фермасын және 10 мың басқа арналған бордақылау алаңын құру бойынша инвестициялық жобаны бастаған. «Ерейментау-Астық» компаниялар тобы бас директорының орынбасары Қоныспек Нұрғазиннің айтуынша, жоба аясында бордақылау алаңына арналған базаны салу және қайта жаңғырту, серуендеу алаңдары мен қоршалған қоралар, астық қоймалары, жем дайындау цехы салынады. Сондай-ақ тракторлар, жем таратқыштар мен жем өндіруге арналған жабдықтар сатып алынатын болады.Биылғы жылдан бастап кәсіпорын Катар еліне өнім экспортын бастады.Облыс әкімі бұл жобаның тірек жобаға айналып, тек жақын маңдағы елді мекендердің ғана емес, бүкіл ауданның дамуына серпін беруі тиіс екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/990190?lang=kk
eGov Mobile жеке деректердің жария болуын тексеретін сервис пайда болды 09.05.2025
Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 53%-ы жеке деректерін интернетте тапқанда қайда бару керектігін білмейтінін мойындады. Мұндай деректер соңғы уақытта 50 мыңнан астам адам қатысқан eGov мобильді қосымшасындағы онлайн сауалнамадан анықталды. Тек 62% сенімді түрде жария болу жағдайында қалай әрекет етуді білетіндерін айтты.31%-дан астамы фишингтік сілтемелердің не екенін түсінбейді — онлайн алаяқтардың негізгі құралдарының бірі. Тек әрбір бесінші адам фишингті нақты веб-сайттардан ажырата алады.Осыған қарамастан, 92% «банк қызметкерлеріне» SMS кодтарын бермейтінін айтты, бірақ 8%-ы әлі де қате жіберуі мүмкін. Пайдаланушылар ешқашан өз парольдерін өзгертпейді және тек мәселе туындаған жағдайда ғана өзгертеді. Респонденттердің жартысынан астамы күдікті хабарламаларға тап болды.Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, көптеген адамдар қазірдің өзінде онлайн алаяқтық әрекеттеріне тап болса да, көпшілігі әлі де сандық сауаттылыққа ие емес және өз деректерін қалай қорғау керектігін білмейді. Бұл Nomad Guard сияқты қызметтердің іске қосылуының қажеттілігін көрсетеді.Nomad Guard сервисінде белгілі бір сілтемелерді және пайдаланушы жиі жұмыс істейтін сайттарды тексеруге болады. Бұл үшін тиісті жолаққа сілтеме немесе веб-сайт адресін енгізіп, «Тексеру» түймесін басыңыз. Тексеру нәтижелері біраз уақыт алуы мүмкін, және олардың күйін бақылау үшін, «Менің тексерулерім» қойындысына өтіп, соңғы нәтижені көруге болады.Сервистің басты бетінде деректердің бұзылуына себеп болған сайттар туралы ақпарат, сондай-ақ бұзылған деректердің көлемі көрсетіледі. Деректер санын басу деректердің толық тізімін көрсетеді.Сондай-ақ, пайдаланушылар арнайы форманы толтыру арқылы күдікті әрекеттер туралы хабарлай алатын «Алаяқтық» қойындысы қарастырылған.Сервисті пайдалану үшін пайдаланушы:- eGov Mobile қосымшасына кіруі тиіс және «Басқа сервистер» бөліміне өтуі тиіс;- «Тексер» батырмасын басуы тиіс;- тексеру сілтемесін енгізіп, «Жіберу» батырмасын басуы тиіс;- «Менің тексерулерім» бөлімінде өтінімнің күйін қарауы тиіс.Сонымен қатар, «Тағы» бөлімінде пайдаланушылар қосымша ақпаратты қарай алады, сондай-ақ «Жаңалықтар», «Оқыту», «Тесттер» бөлімдеріне қол жеткізе алады.Жаңа сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/press/news/details/990193?lang=kk
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына. "Keden" АЖ – ашық, тиімді және басқарылатын кеден 09.05.2025
"Keden" ақпараттық жүйесін құрудың негізгі мақсаты – бұл кедендік декларациялау және әкімшілендіру процестерін жаңғырту және цифрландыру."Кеден" АЖ енгізу кедендік рәсімдерді жеңілдетуге, ашықтықты арттыруға, жүктерді ресімдеуді жеделдетуге және тауарлардың қозғалысын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.Жүйеде сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылардың декларацияларды ыңғайлы және жылдам толтыруы және кедендік ресімдеудің барлық кезеңдерін қадағалаулары үшін құралдар пайдаланылады.Кеден органы мен СЭҚ қатысушыларының өзара іс-қимылы "Кеден" АЖ арқылы жүзеге асырылады, осылайша адами фактор алынып тасталады және тікелей өзара іс-қимыл қысқартылады.Жаңа жүйе мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау үшін "бір терезе" қағидатын қолдайды, бұл ресімдеу процестерін айтарлықтай жеңілдетеді және жеделдетеді. Пайдаланушылар декларация бағандары бойынша шарлаумен ыңғайлы интерфейске, форматты-логикалық бақылауға, өрістерді автоматты түрде толтыруға және кірістірілген кеңестерге қол жеткізе алады."Кеден" АЖ-да Кедендік бақылау процестері күшейтілді, жүйе барлық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейді.Анықтама:2024 жылғы сәуірде ЭЖЖКД және ЭЖТД арқылы экспресс-жүктерді электрондық кедендік декларациялау мүмкіндігі іске асырылды.2024 жылғы қыркүйекте "Қорғас ХШЫО" арқылы жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды есепке алу модулі іске қосылды.2024 жылғы қарашада алдын ала кедендік операциялар, транзиттік декларация, уақытша сақтау, тәуекелдерді басқару жүйесі, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификаттарын тіркеу, кедендік тексеру, бейрезиденттерді тіркеу бойынша модульдерді іске қосу жүзеге асырылды.2025 жылғы қаңтардан бастап сәуірге дейін көлік құралына арналған кедендік декларация бойынша модульдер, кедендік реттеу саласындағы 9 мемлекеттік қызмет (кедендік өкілдердің, кедендік тасымалдаушылардың, бажсыз сауда дүкендерінің, уақытша сақтау орындарының, уәкілетті экономикалық операторлардың, зияткерлік меншік объектілерінің тізілімдеріне енгізу) іске қосылды.Сондай-ақ, 2025 жылдың сәуір айында жолаушылар кедендік декларациясы бойынша модуль іске қосылды. Павлодар облысы бойынша МКДкедендік әкімшілендіру басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/990131?lang=kk
Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ форумында Орнықты даму мақсаттары бойынша үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынады 09.05.2025
2025 жылғы шілдеде Қазақстан 39 елдің қатарында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтетін орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі Саяси форумда үшінші Ерікті ұлттық шолуды таныстырады. Форум - түрлі ел БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асыру тәжірибесімен және жетістігімен бөлісетін басты халықаралық алаңның бірі.Шолу жұмысын Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен, бизнеспен және халықаралық әріптестермен бірлесіп жүргізуде. Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі процестің дайындық жоспарын бекітті.Шолудың жобасы БҰҰДБ мен Экономикалық зерттеулер институтының қолдауымен өткізілген өңірлік семинарларда талқыланды. Диалогқа барлық негізгі топтар, соның ішінде жастар өкілдері қатысты.Сонымен қатар, елімізде Орнықты даму мақсаттарын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграциялау жалғасуда. 2024 жылғы қазанда Ұлттық индикаторлардың жаңартылған тізбесі бекітіліп, 200 көрсеткіштің 69-ы басым бағыт ретінде белгіленді. Бүгінгі таңда олардың 93%-ы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында ескеріліп, ал өңірлерде облыстардың даму жоспарына толықтай енгізілген.Осылайша, Қазақстан тұрақты және инклюзивті өсуге қол жеткізуге, мемлекеттік басқару сапасын жақсартуға және халықаралық аренадағы өз ұстанымын нығайтуға дәйекті түрде көшуде.Бұл Қазақстанның БҰҰ шеңберінде ұсынатын үшінші шолуы. Осындай есептер 2019 және 2022 жылдары сәтті таныстырылып, халықаралық әріптестер тарапынан жоғары бағаланған еді. 2025 жылғы форумға қатысу еліміздің жаһандық күн тәртібіне ниеттестігін айқындап, халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастығын күшейтеді.Анықтама: Ерікті ұлттық шолу Күн тәртібі-2030 қабылданған сәттен бастап, еліміздің Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуін көрсетеді. Бұл тәжірибе алмасуға, мемлекеттік институтты нығайтуға, жаһандық міндеттерді жүзеге асыруға әріптестерді кеңінен тартуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/990136?lang=kk
«Оқ пен оттың арасы» атты патриоттық әндер фестивалі жас буын арасында өтті 09.05.2025
Қ.Байсейітов саз колеждінде Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «ОҚ ПЕН ОТТЫҢ АРАСЫ» атты патриоттық әндер фестивалі жас буын арасында өтті. Фестиваль сонында әр қатусушыны алғыс хатпен және ақшалай сертификаттарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/990149?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі семинар 09.05.2025
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша семинар өтті2025 жылғы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және лудоманияның алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті.Шараны ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Қойшынов Қазыбек Қадесұлы, сондай-ақ «Антарес А» қоғамдық қорының психологы Байбусунов Серік Абылқасынұлы жүргізді.Психолог Байбусунов С.А. өз сөзінде лудоманияның негізгі мәселелерін, оның туындау себептерін және құмар ойындарға бейім адамдар үшін туындайтын салдарын түсіндірді. Ол ойынға тәуелділіктің механизмі есірткі және алкоголь тәуелділігіне ұқсас екенін атап өтті.Семинар аясында сондай-ақ мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілікке және жыныстық қол сұғушылыққа жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді. Қатысушыларға тең қарым-қатынасты сақтау және сыйластыққа негізделген еңбек ортасын қалыптастыру қажеттілігі ескертілді.Семинар соңында барлық қойылған сұрақтарға толық және мазмұнды жауаптар берілді.Қорыта келе, Әдеп жөніндегі уәкіл Қазыбек Қадесұлы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін ұстанудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1112497?lang=kk
Ақмола облысында көктемгі егіс науқанына дайындық қызу жүріп жатыр. 09.05.2025
Биыл өңір диқандары 5,4 миллион гектар жерге жаздық дақылдар егуді жоспарлап отыр бұл өткен жылмен салыстырғанда 52 мың гектарға артық. Ауыл шаруашылығы алқаптарын әртараптандыруға басымдық берілуде: майлы дақылдар көлемі 430 мың гектарға дейін ұлғайса, көкөніс, картоп және мал азығы дақылдары да көбейеді.Күнтізбе бойынша мамыр басталды бұл егіннің болашағы шешілетін жауапты кезең. Қазіргі таңда негізгі міндеттердің бірі топырақта қыстан жиналған ылғалды сақтау. Қазірдің өзінде 128,9 мың гектар жерде ылғал жабу жұмыстары аяқталды, бұл жоспардың 4,4 пайызын құрайды. Ал 3,2 мың гектарда себу алдындағы өңдеу жұмыстары жүргізілді.Биыл өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға 200 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған: оның ішінде 63,3 миллиарды субсидияға, шамамен 140 миллиарды жеңілдетілген несие мен форвардтық сатып алуға бағытталған. «Кең Дала» және «Кең Дала 2» бағдарламалары желтоқсан айынан бастап жұмыс істеп тұр, бүгінде аграрийлер 71,5 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/990154?lang=kk
Мұраға қалдырылған жинақтарды БЖЗҚ-дан қалай алуға болады? 09.05.2025
Зейнетақы және нысаналы жинақтар (ҚР кәмелетке толмаған азаматтарына "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде есептелетін) – БЖЗҚ-да шоты ашылған жеке тұлғаның меншігі. Тиісінше, бұл жинақтар мұраға беріледі. Бұл ретте мұраға беру құқықтары күшіне енгенге дейін міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен БЖЗҚ-да жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылуы мүмкін. Оның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде, бірақ қайтыс болған адамның шотындағы қаражаттан аспауы керек. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем іске асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның шотындағы жинақтардың қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған төлеммен бірге беріледі.Жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған жинақ сомасы заңнамада белгіленген тәртіппен мұраға беріледі.Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) заңнамасында нысаналы жинақтар есебінен жерлеуге арналған төлем көзделмегенін ескерткіміз келеді.ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес мұраға қалдырылған зейнетақы және (немесе) нысаналы жинақтарды алу үшін мұра ашылған жер бойынша нотариусқа немесе заңмен уәкілеттік берілген лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы өтініш беруге тиіс. Мұны мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде жасау керек екенін ескерген жөн. Сонымен қатар, жинақтарды мұраға қалдыру рәсімін оңайлату, сондай-ақ ҚР Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата және БЖЗҚ арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру үшін "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі" (БНАЖ) мемлекеттік ақпараттық жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы шарт жасалды. Шартқа сай, 2019 жылғы ақпаннан бастап нотариустар БНАЖ-да тіркелген мұрагерлік іс бойынша жазбаша сұраныс жібермей-ақ, қайтыс болған адамның шотындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді алу үшін БЖЗҚ-ға онлайн сұрау сала алады. Бұл мұраға құқық туралы куәлік ресімдеуді оңтайландырды. Мұрагер мұрагерлік құқығы туралы куәлікті алғаннан кейін БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне қажетті құжаттар пакетін ұсынуға құқылы. Жеке өтініштен басқа, мұрагерлік төлемдерді алуға арналған құжаттарды сенім білдірілген тұлға арқылы немесе пошта арқылы беруге болады. Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттар, оның ішінде БЖЗҚ-да жинағы бар және ҚР тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болғандығы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген, сондай-ақ құжаттың көшірмесінің түпнұсқасымен сәйкесетінін, өтініштегі төлем алушының қойған қолының шынайы екендігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер, сенімхат куәліктері шет мемлекетте жасалса, онда бұл құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылып, заңдастырылуы тиіс. Бұған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайлар жатпайды. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемді алушы немесе БЖЗҚ-да жинақтары бар қайтыс болған адамның мұрагері шетелдік, оның ішінде мұрагердің сенім білдірілген адамы/алушының заңды өкілі болатын болса, онда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, БЖЗҚ-ға алушының/сенім білдірілген адамның/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ретінде мемлекеттік не орыс тіліне аударылған, қажет болған жағдайда нотариат куәландырған және заңдастырған шетелдік паспорт ұсынылады. Қажетті құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін БЖЗҚ заңнамада белгіленген мерзімде зейнетақы жинағы төлемдерін жүзеге асырады. Қайтыс болуына байланысты (жерлеуге немесе мұрагерлерге) төлем тағайындау туралы өтініштерді ресімдеуге қажетті құжаттар тізбесімен Қордың веб-сайтында танысуға болады. Сондай-ақ, мұрагерлердің жинақ алу үшін құжаттарды тапсыру рәсімі БЖЗҚ youtube арнасында да жарияланған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/1002864?lang=kk
Тәжікстан Республикасы делегациясының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ сапары 09.05.2025
2025 жылғы 24-25 сәуірде Тәжікстан Республикасы делегациясының (бұдан әрі – ТР) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) танысу сапары өтті. Іс-шара Дүниежүзілік банктің қолдауымен өтті.Делегация құрамында ТР Үкіметі жанындағы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы агенттігі (ӘСЗА), ТР Президенті жанындағы инновация және цифрлық технологиялар агенттігі (ИЦТА), ТР Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы "Әлеуметтік қорғау мен экономикалық интеграцияны жаңғырту жобасын" жүзеге асыру тобының өкілдері болды. Кездесуге ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты. Құттықтау сөзінде "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов кездесуге қатысушыларға Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтып, оның негізгі компоненттері туралы баяндады және екі ел мамандарының нәтижелі ынтымақтастығына сенім білдірді.Өз кезегінде тәжік делегациясының басшысы – ТР ӘСЗА директоры Абдурахмон Халимзод қазақстандық әріптестеріне зейнетақы жүйесін құрудың озық тәжірибесімен және оны цифрландыру деңгейімен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты. Ол цифрлық технологияларды өмірдің барлық салаларына, әсіресе зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласына енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл қазіргі уақытта Тәжікстандағы басым стратегиялық міндеттердің бірі екенін атап өтті.Семинар барысында Душанбе қаласындағы ӘСЗА басқармасының бастығы Усмонали Сироджов ТР әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі туралы айтып берді. Қазір Тәжікстанда ерлер 63, әйелдер 58 жасында зейнетке шығады. Зейнетақы төлемдері елдегі орташа өмір сүру ұзақтығына сәйкес 180 айға (15 жыл) есептелген. Сақтандыру және Мемлекеттік зейнетақы жасына, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалады. Сақтандыру зейнетақысы сақтанушылар сақтандырылған адамдар үшін төлеген зейнетақы жарналарынан тұрады (мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысының 25%, мемлекеттік емес мекемелер 20%). Сондай-ақ, зейнетақы әкесінен немесе анасынан айырылған 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады.Тәжікстандық топ Қазақстанның зейнетақы жүйесімен танысу, оның жинақтаушы компоненттеріне ерекше назар аудару, сондай-ақ еліміздің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін цифрландыру саласындағы озық тәжірибесімен танысу үшін келді.Тәжік делегациясына Қазақстандағы әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі, атап айтқанда жинақтаушы компонент туралы кешенді ақпарат ұсынылды. Зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту, жеке зейнетақы шоттарын әкімшілендіру, зейнетақы төлемдерінің түрлері сынды тақырыптар таныстырылды, Зейнетақы жинақтарын инвестициялау мәселелері ашылды. Бұл ретте осы бағыттарды іске асыруда цифрландырудың рөліне, кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, БЖЗҚ және Қазақстанның жинақтаушы жүйесінің басқа да қатысушылары (уәкілетті операторлар (ЕДБ), инвестициялық портфельді басқарушылар және өмірді сақтандыру компаниялары және т.б.) ұсынатын онлайн-сервистерді дамытуға ерекше назар аударылды. Заманауи технологияларды дамытудың және ақпараттық қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтай отырып, мемлекеттік құрылымдардың дерекқорларымен тығыз ықпалдасудың арқасында БЖЗҚ халыққа көрсететін барлық қызметтер цифрландырылды. Цифрландыру Қазақстанның зейнетақы және әлеуметтік жүйесін неғұрлым ашық, ыңғайлы және икемді, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары үшін пайдаланушы тәжірибесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұны Тәжікстанның әлеуметтік ұйымдарының мамандары, сондай-ақ Дүниежүзілік банк өкілдері атап өтті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/990417?lang=kk
Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» атты патриоттық сағат ұйымдастырылды 09.05.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» атты патриоттық сағат өтті.Шара барысында «Ерлік пен абыройдың символы – Отан қорғаушылар» атты қысқаша бейнеролик көрсетіліп, «Қарулы күш – ел тірегі» атты кітап көрмесімен кітапханшы Тұрсынханова Ажар библиографияық шолу жүргізді.7 мамыр – Отан қорғаушылар күні — Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелердің бірі. Бұл күн еліміздің Қарулы Күштерінің құрылған күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн – еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігін күзетіп жүрген сарбаздар мен әскери қызметкерлерге, сондай-ақ әрбір ер азаматқа арналған құрмет күні.Шарада Талдықорған қаласының №13 орта-мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Уалиева Назгүл Замзабекқызы баяндама оқыса, осы мектептің оқушылары патриоттық өлеңдерін оқыды және №17 орта-мектептің кітапханашысы Назгүл Советжанқызы өзінің ізгі тілегін арнады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/990179?lang=kk
Қазақстан мен Моңғолия СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы 09.05.2025
Астана, 2025 жылғы 6 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэгпен телефон арқылы сөйлесті.Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық байланыстарды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, қазақ-моңғол ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Биік деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету үшін күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы аталып өтті.Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстарды жоғары деңгейде сақтауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/990118?lang=kk
