Шығыс Қазақстан: Ұлы Отан соғысының ардагері атаулы күндер қарсаңында құттықталды
09.05.2025 09:12:13 66
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесіп тыл ардагері, отставкадағы подполковник Гагарин Иван Федоровичті құттықтады.
Салтанатты шара ардагердің үйінде өтті. Ұлттық ұланның әскери оркестрі патриотизм мен құрмет атмосферасын құра отырып, соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Әр ұрпаққа таныс әуендердің үнімен Иван Федоровичке «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы» РММ атынан алғыс хаттар, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен естелік сыйлықтар табыс етілді.
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі атынан Департамент басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков ардагерді құттықтады.
Иван Федорович Гагарин 91 жаста. Ол жас кезінен соғыс уақытындағы қиындықтарды көріп өсті. Жеті жасынан бастап кішкентай Ваня колхозға көмектесті: бұзауларды бағып, көшеттерді өсіріп, ересектермен бірге жұмыс істеді.
1954 жылы қыркүйекте ол әскерге шақырылып, өмірінің 33 жылын қызметке арнады. 1992 жылдан 1996 жылға дейін Иван Федорович 6638 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесін басқарды. Қызмет еткен жылдары ол жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды: III дәрежелі «КСРО Қарулы Күштеріндегі Отанына қызмет еткені үшін» ордені, В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған «За воинскую доблесть» медалі, «КСРО Қарулы Күштерінің ардагері» медалі, сондай-ақ көптеген мерейтойлық және ведомстволық наградалар.
Бүгінгі күні зейнеткерлік демалыста болса да Иван Федорович «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен ардагерлер ұйымының қоғамдық өмірінің белсенді қатысушысы болып табылады, өзінің баға жетпес тәжірибесі мен білімін жаңа ұрпаққа бере отырып, жастардың патриоттық тәрбиесіне үлес қосады.
Иван Федоровичті құттықтау – ұрпақтар сабақтастығының және өз еңбегімен және қызметімен елімізде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің берік негізін қалаған аға буынның еңбегін мойындаудың символына айналды.
#Заң_мен_тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/990377?lang=kk