Қоғам
Шығыс Қазақстан облысының делегациясы ҚХР-дың СУАР аймағындағы Қарамай қаласына ШЫҰ халықаралық семинарына қатысу үшін келді 24.04.2025
2025 жылдың 21–25 сәуірі аралығында Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қарамай қаласында цифрлық технологиялар саласында білім беру, туризм және IT бойынша кадрларды даярлау мен дамытуға бағытталған Шанхай ынтымақтастық ұйымы ұйымдастырған халықаралық семинар өтуде.Іс-шараны ұйымдастырушы — Қытай-ШЫҰ аясындағы Үлкен деректер саласындағы ынтымақтастық орталығының Синьцзяндық бөлімшесі. Бағдарлама «ШЫҰ ағашы» бастамасы аясында жүзеге асырылуда және бес күндік оқу курстарын, ШЫҰ елдері арасындағы тәжірибе алмасуды, сондай-ақ Қытайдың IT-хабтары мен Цифрлық даму индустриалдық паркімен танысуды қамтиды.Шығыс Қазақстан облысының делегация құрамына Білім басқармасының өкілдері, жоғары оқу орындары, Өскемен, Риддер және Марқакөл қалаларындағы колледждердің директор орынбасарлары, сондай-ақ креативтік сала мен бизнес қауымдастық өкілдері кірді.Семинарға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей елдерінің де өкілдері қатысуда, бұл ШЫҰ елдері арасындағы ынтымақтастықтың кең ауқымын көрсетеді.Іс-шараның салтанатты ашылуында Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының басшылығы сөз сөйледі.Қазақстандық делегацияның жетекшісі — «РСС групп» компаниясының директоры, Шығыс Қазақстан облысы туризм кеңесінің төрағасы Сымбат Рамазанов бұл шараның Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім мен тәжірибе алмасу және негізгі салаларға инновациялық шешімдерді енгізу жолындағы маңызын атап өтті.— Қытай — біздің елдеріміз үшін маңызды әрі сенімді серіктес. Бізді көпжылдық тығыз ынтымақтастық пен географиялық жақындық байланыстырады. Шығыс Қазақстан Қытаймен тікелей шекараласады, бұл өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше мүмкіндік береді — әсіресе білім беру, цифрландыру, технология алмасу және туризм салаларында, — деді ол ШЫҰ ұйымдастырған халықаралық оқу семинарының ашылуында сөйлеген сөзінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979829?lang=kk
Ғизат Нұрдәулетов Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының екінші кездесуіне қатысты 24.04.2025
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Самарқанд қаласында өткен Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының екінші кездесуіне қатысты.Жиынға қатысушылар өңірлік қауіпсіздіктің өзекті бағыттары, оның ішінде терроизмге, экстремизмге, радикалдану үрдісіне және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты.Тараптар Орталық Азияның экологиялық және су-энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында өзара ықпалдастықты жандандыру мәселесін талқылады.Сондай-ақ күн тәртібінде Орталық Азия өңіріндегі көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аймақтың транзит-көлік әлеуетін дамыту үшін ортақ күш-жігер жұмылдыру мәселесі қарастырылды.Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне аталған мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын жеткізді. Су-энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты бірқатар ұсыныс айтты. Халықаралық терроризмнің сын-қатерлеріне және экстремистік идеологияның таралуына тосқауыл қою тиімділігін арттыру мақсатында белсенді ақпарат алмасу қажет екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Құжатта тараптар өңірлік қауіпсіздікті нығайту жолындағы өзара ықпалдастықтың нақты бағыттарын белгіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/979834?lang=kk
Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті студенттерімен мемлекеттік қызметке кіру мәселелері бойынша кездесу өтті 24.04.2025
Бүгін әдеп жөніндегі уәкіл Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің мемлекеттік басқару, экономика және бухгалтерлік есеп бағыттарының студенттерімен кездесу өткізді.Кездесудің негізгі мақсаты-мемлекеттік қызметке кіру ережелерін және оның өту ерекшеліктерін түсіндіру.Іс-шараға жоо-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Тыңдаушыларға қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/979304?lang=kk
Профилактикалық бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы 24.04.2025
Мемлекеттік бақылау және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі» сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары – мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларымен «Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы әкімі аппараты» ММ; «Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ; «Еңбекшіқазақ ауданының Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ; «Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ; «Еңбекшіқазақ ауданының Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерінде 2025 жылдың 14 қазан – 16 қазан аралығында профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізді. Профилактикалық бакылау барысында ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224 - VII «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» басты талаптарын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптарын түсіндірді. Профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша кемшіліктерді түзеу туралы ұйғарым еңгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1090720?lang=kk
Өнімді таңбалау және қадағалау бойынша көпшілік таңдау 24.04.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер монополияға, арнайы құқыққа жатқызылған сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша «Қазақтелеком» АҚ тауарларын таңбалау мен қадағалаудың Бірыңғай операторының қызметтеріне бағаларға сараптама жүргізу үшін жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды. Көпшілік тыңдаулар Zoom платформасы арқылы онлайн форматта 8 мамыр 2025 жылы сағат 16.00 өткізілетін болады. Қатысу үшін қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері шақырылады. Қатысушылардың кандидатураларын (ТАӘ,лауазымы) және электрондық мекенжайларын электрондық zha.dzhumagulova@kgd.gov.kz 19.05.2025 ж. дейін мекенжайға жіберуді сұраймыз. Zoom конференциясына сілтеме талқылауға қатысушылардың электрондық мекенжайларына бағытталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/979340?lang=kk
"Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде 2024 жылы атқарылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жария талқылау өткізілді. 24.04.2025
Ағымдағы жылдың 18 - сәуір күні "Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2024 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-shyrganak/press/news/details/979341?lang=kk
Жалған хабарламалар 24.04.2025
Құрметті салық төлеушілер! Қазіргі уақытта интернет-алаяқтар фейк хабарламаларды жіберуді жалғастыруда. Осыған байланысты, күдік тудыратын сілтемелерге өтпеуге, жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражатын аудармауға, келген ақпараттың шынайылығын тексеруге және барынша сақ болуға кеңес береміз. Маңызды! Мемлекеттік кірістер Комитетінің ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілерге электрондық пошта, WhatsApp және Telegram жіберу жүзеге асырылмайды.Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1024276?lang=kk
Республикалық «Парыз» конкурсы туралы 24.04.2025
Құрметті Қарағанды қаласының шағын, орта және ірі кәсіпкерлері!ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауыныңбасталғанын хабарлайды.Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін коғам алдындағы өздерінің, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінкалыптастыруға және арттыруғабағытталған. Байқау 4 номинациядан тұрады:«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»,«Еңбекті корғау саласындагы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт»,«Экологияға қосқан үлесі үшін»Республикалық байқауда «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы табысталады. Байқауға қатысу тегін.Үміткерлер өз материалдарын кағаз түріндежәне электронды форматта аудандарға, облыстық маңызы бар қалалардыңжергілікті аткарушы органдарына жолдайды. Өткізілетін іс-шаралардыңмаңыздылығын ескере отырып, қаламыздың барлық кәсіпкерлерін«Парыз» байқауына белсенді қатысуына шақырамыз!"Парыз 2026" конкурсына өтінімдер 2026 жылғы 15 маусымға дейін қағаз және электрондық түрде қабылданады.Байқауға қатысты өзге ақпаратты білу үшін, Чкалов көшесі, 7 құрылым, 301 кабинет, 3 қабат (телефон нөмірі: 95-56-01) «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүгінуді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1200696?lang=kk
Қазақстан және Молдова құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 24.04.2025
Кишинёв, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Ішкі істер министрі Даниелла Мисаил-Никитинмен кездесті.Кездесу барысында тараптар құқық қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Екі елдің құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру мәселесіне ерекше назар аударылды.Атап айтқанда, қылмысқа қарсы күрес және көші-қон салаларындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту бойынша күш-жігерді жандандырудың маңыздылығы атап өтілді.Сонымен қатар, Қазақстан мен Молдова азаматтарының бір-бірінің аумағына кіруі барысында олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша пікір алмасылды. Олардың тұру жағдайларын жақсарту бойынша диалогты жалғастыруға дайындық білдірілді.Кездесу қорытындысы бойынша өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты дамытуға ортақ ұмтылыс расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/979393?lang=kk
«Keden» АЖ жолаушылар кедендік декларациясы 24.04.2025
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жеке айдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы әкелу кезінде, жеке тұлғалар тауарларды кесіп өту орынындағы мемлекеттік кірістер органдарына жолаушылар кедендік декларациясын ұсынады. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешімімен жолаушыларға арналған кедендік декларацияның нысаны, сонымен қатар, олаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру және жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің өзгеруіне (толықтырылуына) байланысты кедендік декларацияларды жасау тәртібі бекітілген.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығының 30-қосымшасына сәйкес, "Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы бекітілген.Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға уәкілетті мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына жолаушылар кедендік декларациясының қағаз жеткізгіштерін беру арқылы не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырады.Деректерді толтыру үшін кеден органдарының «Keden» АЖ ақпараттық жүйесі қолданылады.2025 жылғы 22 сәуірден жолушылар кедендік декларациясы тек қана «Keden» АҚ рәсімделеді (компьютерде онлайн немесе «E-Salyq Azamat» мобильді қосымша).Декларацияны толтыру кезінде:-жолаушының құжаттық деректері;-тауарларды тасымалдау бағыты;-тауарлардың сипаттамасы (түрі, сипаты, салмағы, құны);-қажет жағдайда-баждар мен салықтар төлемі;-ЭЦҚ көмегімен қолы (электрондық цифрлық қолтаңба).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1190628?lang=kk
Алматыда Кеңес Одағының Батырлары Әликбай Қосаев пен Ерденбек Ниетқалиевті еске алды 24.04.2025
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің әскери кафедрасы мен жалпы білім беру пәндері кафедрасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық әскери-тарихи конференция өтті.Оған қазақстандық жауынгерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жалпы жеңіске қосқан үлесі туралы баяндаған ғылыми қызметкерлер, ЖОО, колледж, мектеп оқытушылары, магистранттар мен студенттер қатысты.Сөз сөйлеушілер неміс басқыншыларына қарсы шайқаста ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батырлары Әлікбай Қосаев пен Ерденбек Ниетқалиевті еске алды. Олардың тағдыры бүгінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті болып табылатын Алматы зооветеринарлық институтымен байланысты. Іс-шараның маңызды сәті Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген Әлікбай Қосаевтың немерелері мен Ерденбек Ниетқалиевтің туыстарының қатысуы болды.Әлікбай Қосаев – тарихқа 28 панфиловшы батырдың ерлігі ретінде белгілі Дубосеково разъезінде болған аңызға айналған шайқасқа қатысқан. 1941 жылы 16 қарашада 316-шы атқыштар дивизиясының жауынгер жолдастарымен бірге жаудың талай шабуылына тойтарыс берді. Ауыр жараланғанына қарамастан Әлікбай Қосаев қолына гранат алып неміс танкіне қарай лақтырып, оны жарып жібереді де өзі да қаза табады. Батырлығы мен көрсеткен ерлігі үшін қаза тапқаннан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.Зооветеринарлық институттың түлегі Ерденбек Ниетқалиев қызыл әскердің көптеген жауынгерлік операцияларына қатысты. Гвардия капитаны Ниетқалиев басшылығымен 2-ші қылышты эскадрильясының жеке құрамы Ратцебур қаласының оңтүстігіндегі стратегиялық маңызды учаскені қорғауда табандылық пен батылдық танытты. Екі күн ішінде атты әскер бөлімшесі 10 қарсы шабуылға тойтарыс беріп, жаудың жүздеген сарбазын жойды. 1945 жылы 2 ақпанда Ерденбек Ниетқалиев ауыр жараланды, бірақ ұрыстан шықпады. Қансырап жатса да ол станок пулеметінің артында тұрып, соңғы демі қалғанша жаудың шабуылдарын тойтаруды жалғастырды. Сұрапыл шайқаста қаза тапқан Ерденбек Ниетқалиевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Конференцияны ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндағы баяндалған материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жеке жинақта жарияланатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979404?lang=kk
Міндеттемелерді орындау қажет 24.04.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүргізу барысында шетелдік компаниялардың павлодар кәсіпорындары алдындағы 1 665 мың АҚШ долларынан астам сомаға орындалмаған міндеттемелерінің фактілерін анықтады.Павлодар кәсіпорындары ауыл шаруашылығы өнімдерін (астық, картоп, күнбағыс тұқымдары және т.б.) экспорттады және экспорттан ұлттық және (немесе) шетел валютасындағы түсімдерді банктік шоттарға есептемеді.Резидент "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Заңның 9-бабына сәйкес ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартта көзделген мерзімдерде репатриациялауды қамтамасыз етуге міндеттіПавлодар қалалық және облыстық соттарының қаулыларымен резидент-кәсіпорындар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 251-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 215 млн.теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Соттардың қаулылары заңды күшіне енді. Павлодар облысы бойынша МКД-ның тарифтік реттеу басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/979416?lang=kk
Алматыда Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру нәтижелері ұсынылды 24.04.2025
Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысының қорытындысы және Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының іске асырылуына арналған брифинг өтті.Департаменттің қызметі Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында жүзеге асырылады. Негізгі назар сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.Бұл бағыттағы негізгі құрал – Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы. Ол мемлекеттік органдар қызметіндегі осал тұстарды уақтылы анықтауға, қауіп-қатерлерге объективті баға беруге және оларды жоюға жүйелі шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.Бірқатар басым салаларда оң нәтижелерге қол жеткізілді.Экономика және қаржы саласында «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесіне жүргізілген мониторингтің нәтижесінде 110 млн теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуының алдын алуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу порталына жүргізілген талдау нәтижесінде ӘҚБтК-нің 207-бабы бойынша 17 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұзушылықтар біліктілік талаптарының негізсіз қойылуына, шарттық міндеттемелерді орындамауға және бюджетке сай келмейтін жылдық жоспарлардың бекітілуіне қатысты болды. Жалпы салынған айыппұл сомасы 1,67 млн теңгені құрады.Қала құрылысы саласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы негізінде алғаш рет Алматы қаласының Қала құрылысы регламенті мен Құрылыс ережелері бекітіліп, 2025 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енді. Бұл құжаттар қаланы оның сейсмикалық және климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, қауіпсіз, экологиялық және үйлесімді дамытуға бағытталған.Тау бөктеріндегі аймақта жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау аясында жыл басында заңсыз салынған 2 нысан ішінара бұзылды. Жалпы алғанда, кешенді шаралар басталғалы бері экологиялық тұрғыдан сезімтал және сейсмикалық қауіпті аумақтарда заңсыз орналасқан тұрғын үйлерден бастап қонақ үйлер мен жеке құрылыстарға дейін 12 нысан толық немесе ішінара бұзылды.Білім беру саласында ішкі мемлекеттік аудит органдарымен бірлесіп, жалақыны негізсіз есептеу фактілері анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 28,3 млн теңге қайтарылды.Жол салу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, 8 тәуекел айқындалып, 13 ұсыныс енгізілді. Қалалық мобильділік басқармасы жол жұмыстарын келісу бойынша жаңа алгоритм енгізіп, кепілдік мерзімдері ұлғайтылды:– жаңа жол құрылысы бойынша – 3 жылдан 7 жылға дейін;– орташа жөндеу бойынша – 3 жылдан 5 жылға дейін.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жыл басынан бері 5,5 мыңнан астам адамды қамтыған 66 іс-шара өткізілді.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Алматыда 262 волонтер тіркеліп, 34 кездесу өткізілді.Азаматтық белсенділікті ынталандыруға ерекше назар аударылуда. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін сыйақы төлеу тетігі тиімділігін көрсетіп отыр. Биыл 1,2 млн теңге көлемінде сыйақы алған 2 азамат көтермеленді.Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысын жалғастыра отырып, ашықтықты, жауапкершілікті және қоғаммен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін болады. #ЗаңменТәртіп Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/979427?lang=kk
Қорғаныс министрлігі әскери институтының командасы Military Drone Race турнирінің үздік үштігіне енді 24.04.2025
Қазақстан тарихында Military Drone Race күш құрылымдарының FPV-дрон операторлары арасындағы алғашқы турнир Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылған күніне орайластырылды.Ұшқышсыз басқарылатын әуе жүйелері мамандарының ауқымды форумына 11 команда қатысты. Бұл турнир шеберлікті көрсету, тәжірибе алмасу және тактикалық шешімдерді пысықтау үшін ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың ең үздік деген есептоптарының басын қосты.ҚР Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы жақсы дайындалғандарын көрсетіп, ҰҚК-нің «А» арнайы бөлімшесі мен Мемлекеттік күзет қызметінің құрамасынан жеңіліп, үшінші орынға табан тіреді.Әскери институттың атынан жарысқа бірінші курс курсанттары Ерасыл Қабылов, Алпамыс Құрбанбаев, Нұрәлі Нұркенов және Амантай Тілек қатысты.– Біздің курсанттар бұндай деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысып тұр. Небәрі екі аптаның ішінде олар FPV дрондарын басқаруды меңгеріп, керемет командалық қасиеттерді, табандылық пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Бұл жай ғана бәсекелестік емес, ұрысқа барынша келтірілген жағдайда заманауи сынақтарға дайындалудың нақты мүмкіндігі. Балаларымызды мақтан тұтамыз және бұл табысқа жету жолындағы алғашқы қадам екеніне сенімдіміз, – деп атап өтті арнайы пәндер кафедрасының аға оқытушысы подполковник Елнар Ыдырысұлы.Бүгінгі таңда FPV дрондары барлау, бақылау, бағыттау және нақты тапсырмаларды орындау үшін белсенді қолданылатынын айта кеткен жөн. Оларды қолдану жеке құрамға төнген қауіпті азайтып, ұрыс даласындағы іс-қимылдың тиімділігін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979431?lang=kk
Техникалық жұмыстар ! 24.04.2025
Құрметті пайдаланушылар! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 20 сәуірде сағат 21:00 бастап 00:00-ға дейін «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесінде (АЖ БСАЖ) техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген кезеңде АЖ «БСАЖ» ақпараттық жүйесінің сервистері қолжетімсіз болады. Тудырған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/979433?lang=kk
Қазақстан Елшісі Скопье қаласының Мэрімен кездесті 24.04.2025
Скопье, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Скопье Мэрі Данела Арсовскамен кездесті.Кездесу барысында Елші қала басшысын Қазақстанның 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен және Президент Қ.Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ Қазақстан-Македония ынтымақтастығын кеңейту перспективаларымен таныстырды.Қазақстан Елшісі сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жолға қоюға, сондай-ақ Скопье мен Астана арасында бауырластық байланыстар орнатуға дайын екенін білдірді.С.Бұршақов жергілікті әкімшіліктің елорданың тұрақты дамуын ілгерілетуге қосқан үлесінің және шетелдік әріптестермен жан-жақты диалогтың маңыздылығын атап өтті.Д.Арсовска Қазақстан Елшілігінің Скопьедегі ашылуын құптап, бұл оқиға екіжақты ынтымақтастықты тереңдету, экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жолындағы маңызды қадам болатынын, сондай-ақ астаналық және өңірлік деңгейіндегі өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті.Мэрия басшысы муниципалитеттің қызметі, оның алдағы жоспарлары туралы айтып, Скопьеде Қазақстанның мәдени күндерін өткізу туралы бастама көтерді.Кездесу соңында халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған өзара бастамаларды қолдауға баса назар аудара отырып, практикалық ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/979493?lang=kk
Ел Президенті ұландықты марапаттады 24.04.2025
18 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті жұмыс сапарымен Ақтау қаласына келді. Іс-сапар аясында Мемлекет басшысы жергілікті билік өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты, сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде ерекше батылдық танытқан әскери қызметшілерді құрметтеуге арналған салтанатты іс-шараға қатысты.ҚР ІІМ Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 3502 әскери бөлімінің жедел қамтамасыз ету ротасының 1 взводының аға маманы ефрейтор Нұрғазы Тәшінбековке "Жауынгерлік ерлігі үшін" мемлекеттік наградасын — медалін тапсыру маңызды сәттердің бірі болды. Ол қызметтік жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде батылдық, табандылық және кәсібилік танытқаны үшін осы марапатқа ие болды.Марапатты өз қолынан тапсыра отырып, Президент мұндай әскери қызметшілердің Отанға деген адалдығы мен батылдығы жауынгерлік рухты нығайтатынын және үлгі болатынын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қазақстан армиясы ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі болып қала беретініне сенім білдірді.Мемлекеттік награданы алғаннан кейін ефрейтор Нұрғазы Тәшінбеков толқуын әрең тежеп, журналистермен өз ойларымен бөлісті:— Президенттің қолынан медаль алу - үлкен құрмет пен жауапкершілік. Мен бұл марапатты тек өзіме емес, сонымен қатар құқықтық тәртіп әскерлеріне берілген баға ретінде қабылдаймын. Біз бірге қызмет атқарамыз, тапсырмаларға бірге шығамыз және әрқайсымыз өз еліміздің қауіпсіздігі үшін соңына дейін тұруға дайынбыз.Осындай жоғары баға үшін өте ризамын. Бұл шабыттандырып, күш береді және абыроймен қызмет етуді жалғастыруға ынталандырады. Мен Ұлттық ұлан қатарында қызмет ететінімді мақтан тұтамын. Ел сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын! Қазақстан Республикасына қызмет етемін!Президент барлық әскери қызметшілерге қызметі үшін алғыс айтып, зор денсаулық, амандық және алға қойылған міндеттерді орындауда табыс тіледі.Айта кету керек, Ұлттық ұлан заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындайды, маңызды мемлекеттік объектілерді күзетуге және арнайы жүктерді алып жүруге жұмылдырылады, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға тартылады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/979503?lang=kk
Алматы облысының әкімі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы құрылыс нысандарымен танысты 24.04.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапары барысында Талғар және Іле аудандарына барып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асу барысымен танысты. Өңір басшысы үш білім беру нысанын аралап көрді. Жобалардың іске асуы 2 800-ден астам жаңа оқушы орнының құрылуына ықпал етіп, қолданыстағы мектептерге түсетін жүктемені едәуір азайтады.Сапардың алғашқы нысаны — Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы 900 орындық мектептің құрылысы. Жоба 2023–2025 жылдар аралығында жүзеге асырылуда. Бас мердігер — «AK Construction Company» ЖШС, жобалаушы — «Капремпроект» ЖШС, техникалық қадағалаушы — «Стройинтеграция» ЖШС.Қазіргі уақытта нысанның 90%-ы дайын, ал жабдықтардың 50%-ы орнатылған. Құрылыстың негізгі жұмыстары аяқталып, аумақты абаттандыру және технологиялық жабдықтарды жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Барлық жұмыстар алдағы екі аптада толық аяқталады деп жоспарлануда.Келесі нысан — Іле ауданы Тлендиев ауылындағы 900 орындық мектеп. Құрылыс белгіленген кестеге сай жүргізілуде: жер жұмыстары аяқталып, ғимараттың қаңқасы мен қабырғалары тұрғызылды, шатыр мен қасбеттік жұмыстар, сондай-ақ инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2023–2025 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуда. Тапсырыс беруші — «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, мердігер — «Exclusive Construction» ЖШС.Сапардың соңғы нысаны — Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы 600 орындық мектеп. Құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында: ғимараттың қаңқасы тұрғызылып, ішкі әрлеу, инженерлік жүйелерді орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер — «Диал строй» ЖШС.Сапар қорытындысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев нысандардың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, заманауи білім беру инфрақұрылымын қалыптастыруда кешенді тәсілдің маңызын ерекше атап өтті:— Мектеп — бұл жай ғана ғимарат емес. Бұл — балалар өздерін жайлы, қауіпсіз әрі сенімді сезінетін орта. Аудан әкімдеріне аумақты көгалдандыру, ағаш отырғызу секілді жұмыстарға ерекше көңіл бөліп, жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырамын. Біз бұл мектептерді балаларымыз үшін салып жатырмыз, ал олар ең үздік жағдайға лайық, — деді облыс әкімі.Аталған мектептердің пайдалануға берілуі 2 467 оқушыны заманауи оқу жағдайымен қамтамасыз етеді және аудандардың әлеуметтік дамуына серпін береді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Алматы облысында жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/979506?lang=kk
Академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 80 жылдық мерейтойына арналған «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 24.04.2025
ШҚО білім басқармасы 2025 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ. Б. Бейсембаев және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. А. Сақтағановтың қатысуымен академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 80 жылдық мерейтойына арналған «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.Іс-шараға шетелдік, отандық жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, республикамыздың әрбір өңірінен білім беру орталықтарының қызметкерлері, облыстық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.Шара аясында конференция қонақтары Қ.Бітібаеваның атаулы зертхана филиалдарының көрме таныстырылымын, ұстаздың өмірі мен шығармашылығына арналған композициялық қойылымды тамашалады, ұстаз шәкірті Шүиіншәли Абай Серікұлы «Тау тұлғалы тау қызы» естеліктер жинағының тұсаукесер рәсімін өткізді.Конференция жұмысына шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері Түркия Республикасының Измир қаласы Эгей университетінің профессоры, Pһ докторы Е. Метин, Қазан федералды университетінің профессоры, филология фәннере докторы Ф. С. Сәйфуллина., Ә. Науаи атындағы өзбек тілі мен әдебиеті мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы У. Жоракулов онлайн форматында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияның пленарлық бөлімінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері Ф. Ш. Оразбаева, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Қапантайқызы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры А. М. Картаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Қ. К Жакенованың баяндамалары тыңдалды.Конференцияның практикалық бөлімдері «Қ.Бітібаева және қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері», «Қ. Бітібаеваның инновациялық технологиясы және мұғалімнің кәсіби шеберлігі», «Қ. Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және ұлттық құндылықтар», «Қ. Бітібаеваның озық тәжірибесі: жаратылыстану ғылымдары және қазіргі ғылыми-техникалық прогресс» тақырыптық алаңдарымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша КДИ базасында жалғасты.Шара аясында пленарлык бөлім спикерлері С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің профессоры, филология ғылымдарының докторы М. А. Картаева, Л.Гумелев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры Ш. Қапантайқызы, Абай облысы Семей қаласы «Ы. Алтынсарин атындағы №37 мектеп гимназия» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ. К. Жакеновалар «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.Абай, Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан облысынан 17 атаулы зертхана филиалдарының жетекшілері және ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері А. Ж. Билялова ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.Конференцияға барлығы 500 педагог қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979521?lang=kk
«СУДЫ ҮНЕМДЕ – БОЛАШАҚТЫ САҚТА» республикалық ашық сабақ 24.04.2025
Бүгін «Суды үнемде – болашақты сақта» атты республикалық ауқымды жоба аясында облыстың барлық мектептерінде суды ұтымды тұтыну мәдениетін қалыптастыру мақсатында 1-9 сыныптар арасында ашық сабақтар ұйымдастырылып өткізілді.ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаментінің директоры Бекетаев Серікжан Мұратбекұлы Өскемен қаласының №46 мектебінде 9-11 сыныптардың 348 оқушысы қатысуымен ашық эко-сабақ өткізіп, оқушыларға су ресурстарына ұқыпты қарау маңыздылығы туралы әңгімеледі. Іс-шара бағдарламасы суды үнемдеу жолдарын талқылаумен қатар, тәжірибелік көрсетілімдерді:* жоғары сынып оқушылары ластанған суды тазарту әдістерін көрсетті;* өсімдіктерді үнемді суаруға арналған тамшылатып суару жүйелерін таныстырды;* әлеуметтік желілер арқылы эко-үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді;* су ресурстарын тиімді пайдалану туралы тақырыптық плакаттар жасауды қамтыды.Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылуда.Осындай сабақтар барлық облыс мектептерінде өтіп, 86437 оқушыны қамтыды.#СудыҮнемде #БолашақтыСақта хэштегтерімен әлеуметтік желіде жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979525?lang=kk
