Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Қазақстан Елшісі Скопье қаласының Мэрімен кездесті 24.04.2025
Скопье, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Скопье Мэрі Данела Арсовскамен кездесті.Кездесу барысында Елші қала басшысын Қазақстанның 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен және Президент Қ.Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ Қазақстан-Македония ынтымақтастығын кеңейту перспективаларымен таныстырды.Қазақстан Елшісі сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жолға қоюға, сондай-ақ Скопье мен Астана арасында бауырластық байланыстар орнатуға дайын екенін білдірді.С.Бұршақов жергілікті әкімшіліктің елорданың тұрақты дамуын ілгерілетуге қосқан үлесінің және шетелдік әріптестермен жан-жақты диалогтың маңыздылығын атап өтті.Д.Арсовска Қазақстан Елшілігінің Скопьедегі ашылуын құптап, бұл оқиға екіжақты ынтымақтастықты тереңдету, экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жолындағы маңызды қадам болатынын, сондай-ақ астаналық және өңірлік деңгейіндегі өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті.Мэрия басшысы муниципалитеттің қызметі, оның алдағы жоспарлары туралы айтып, Скопьеде Қазақстанның мәдени күндерін өткізу туралы бастама көтерді.Кездесу соңында халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған өзара бастамаларды қолдауға баса назар аудара отырып, практикалық ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/979493?lang=kk
Ел Президенті ұландықты марапаттады 24.04.2025
18 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті жұмыс сапарымен Ақтау қаласына келді. Іс-сапар аясында Мемлекет басшысы жергілікті билік өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты, сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде ерекше батылдық танытқан әскери қызметшілерді құрметтеуге арналған салтанатты іс-шараға қатысты.ҚР ІІМ Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 3502 әскери бөлімінің жедел қамтамасыз ету ротасының 1 взводының аға маманы ефрейтор Нұрғазы Тәшінбековке "Жауынгерлік ерлігі үшін" мемлекеттік наградасын — медалін тапсыру маңызды сәттердің бірі болды. Ол қызметтік жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде батылдық, табандылық және кәсібилік танытқаны үшін осы марапатқа ие болды.Марапатты өз қолынан тапсыра отырып, Президент мұндай әскери қызметшілердің Отанға деген адалдығы мен батылдығы жауынгерлік рухты нығайтатынын және үлгі болатынын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қазақстан армиясы ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі болып қала беретініне сенім білдірді.Мемлекеттік награданы алғаннан кейін ефрейтор Нұрғазы Тәшінбеков толқуын әрең тежеп, журналистермен өз ойларымен бөлісті:— Президенттің қолынан медаль алу - үлкен құрмет пен жауапкершілік. Мен бұл марапатты тек өзіме емес, сонымен қатар құқықтық тәртіп әскерлеріне берілген баға ретінде қабылдаймын. Біз бірге қызмет атқарамыз, тапсырмаларға бірге шығамыз және әрқайсымыз өз еліміздің қауіпсіздігі үшін соңына дейін тұруға дайынбыз.Осындай жоғары баға үшін өте ризамын. Бұл шабыттандырып, күш береді және абыроймен қызмет етуді жалғастыруға ынталандырады. Мен Ұлттық ұлан қатарында қызмет ететінімді мақтан тұтамын. Ел сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын! Қазақстан Республикасына қызмет етемін!Президент барлық әскери қызметшілерге қызметі үшін алғыс айтып, зор денсаулық, амандық және алға қойылған міндеттерді орындауда табыс тіледі.Айта кету керек, Ұлттық ұлан заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындайды, маңызды мемлекеттік объектілерді күзетуге және арнайы жүктерді алып жүруге жұмылдырылады, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға тартылады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/979503?lang=kk
Алматы облысының әкімі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы құрылыс нысандарымен танысты 24.04.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапары барысында Талғар және Іле аудандарына барып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асу барысымен танысты. Өңір басшысы үш білім беру нысанын аралап көрді. Жобалардың іске асуы 2 800-ден астам жаңа оқушы орнының құрылуына ықпал етіп, қолданыстағы мектептерге түсетін жүктемені едәуір азайтады.Сапардың алғашқы нысаны — Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы 900 орындық мектептің құрылысы. Жоба 2023–2025 жылдар аралығында жүзеге асырылуда. Бас мердігер — «AK Construction Company» ЖШС, жобалаушы — «Капремпроект» ЖШС, техникалық қадағалаушы — «Стройинтеграция» ЖШС.Қазіргі уақытта нысанның 90%-ы дайын, ал жабдықтардың 50%-ы орнатылған. Құрылыстың негізгі жұмыстары аяқталып, аумақты абаттандыру және технологиялық жабдықтарды жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Барлық жұмыстар алдағы екі аптада толық аяқталады деп жоспарлануда.Келесі нысан — Іле ауданы Тлендиев ауылындағы 900 орындық мектеп. Құрылыс белгіленген кестеге сай жүргізілуде: жер жұмыстары аяқталып, ғимараттың қаңқасы мен қабырғалары тұрғызылды, шатыр мен қасбеттік жұмыстар, сондай-ақ инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2023–2025 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуда. Тапсырыс беруші — «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, мердігер — «Exclusive Construction» ЖШС.Сапардың соңғы нысаны — Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы 600 орындық мектеп. Құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында: ғимараттың қаңқасы тұрғызылып, ішкі әрлеу, инженерлік жүйелерді орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер — «Диал строй» ЖШС.Сапар қорытындысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев нысандардың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, заманауи білім беру инфрақұрылымын қалыптастыруда кешенді тәсілдің маңызын ерекше атап өтті:— Мектеп — бұл жай ғана ғимарат емес. Бұл — балалар өздерін жайлы, қауіпсіз әрі сенімді сезінетін орта. Аудан әкімдеріне аумақты көгалдандыру, ағаш отырғызу секілді жұмыстарға ерекше көңіл бөліп, жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырамын. Біз бұл мектептерді балаларымыз үшін салып жатырмыз, ал олар ең үздік жағдайға лайық, — деді облыс әкімі.Аталған мектептердің пайдалануға берілуі 2 467 оқушыны заманауи оқу жағдайымен қамтамасыз етеді және аудандардың әлеуметтік дамуына серпін береді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Алматы облысында жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/979506?lang=kk
Академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 80 жылдық мерейтойына арналған «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 24.04.2025
ШҚО білім басқармасы 2025 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ. Б. Бейсембаев және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. А. Сақтағановтың қатысуымен академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 80 жылдық мерейтойына арналған  «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.Іс-шараға шетелдік, отандық жоғарғы оқу орындарының                                    профессорлық-оқытушылық құрамы,  республикамыздың әрбір өңірінен  білім беру орталықтарының қызметкерлері, облыстық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.Шара аясында конференция қонақтары Қ.Бітібаеваның атаулы зертхана филиалдарының көрме таныстырылымын, ұстаздың өмірі мен шығармашылығына арналған композициялық қойылымды тамашалады, ұстаз шәкірті Шүиіншәли Абай Серікұлы «Тау тұлғалы тау қызы» естеліктер жинағының тұсаукесер рәсімін өткізді.Конференция жұмысына шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері Түркия Республикасының Измир қаласы Эгей университетінің профессоры, Pһ докторы Е. Метин, Қазан федералды университетінің профессоры, филология фәннере докторы Ф. С. Сәйфуллина., Ә. Науаи атындағы өзбек тілі мен әдебиеті мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы У. Жоракулов онлайн форматында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.        Конференцияның пленарлық бөлімінде  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері Ф. Ш. Оразбаева, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Қапантайқызы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры А. М. Картаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Қ. К Жакенованың баяндамалары тыңдалды.Конференцияның практикалық бөлімдері «Қ.Бітібаева және қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері», «Қ. Бітібаеваның инновациялық технологиясы және мұғалімнің кәсіби шеберлігі», «Қ. Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және ұлттық құндылықтар», «Қ. Бітібаеваның озық тәжірибесі: жаратылыстану ғылымдары және қазіргі ғылыми-техникалық прогресс» тақырыптық алаңдарымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша КДИ базасында жалғасты.Шара аясында пленарлык бөлім спикерлері С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің профессоры, филология ғылымдарының докторы М. А. Картаева, Л.Гумелев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры Ш. Қапантайқызы, Абай облысы Семей қаласы «Ы. Алтынсарин атындағы №37 мектеп гимназия» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ. К. Жакеновалар «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.Абай, Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан облысынан 17 атаулы зертхана филиалдарының жетекшілері және ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері А. Ж. Билялова ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.Конференцияға барлығы 500 педагог қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979521?lang=kk
«СУДЫ ҮНЕМДЕ – БОЛАШАҚТЫ САҚТА» республикалық ашық сабақ 24.04.2025
Бүгін «Суды үнемде – болашақты сақта» атты республикалық ауқымды жоба аясында облыстың барлық мектептерінде суды ұтымды тұтыну мәдениетін қалыптастыру мақсатында 1-9 сыныптар арасында ашық сабақтар ұйымдастырылып өткізілді.ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаментінің директоры Бекетаев Серікжан Мұратбекұлы Өскемен қаласының №46 мектебінде 9-11 сыныптардың 348 оқушысы қатысуымен ашық эко-сабақ өткізіп, оқушыларға су ресурстарына ұқыпты қарау маңыздылығы туралы әңгімеледі. Іс-шара бағдарламасы суды үнемдеу жолдарын талқылаумен қатар, тәжірибелік көрсетілімдерді:* жоғары сынып оқушылары ластанған суды тазарту әдістерін көрсетті;* өсімдіктерді үнемді суаруға арналған тамшылатып суару жүйелерін таныстырды;* әлеуметтік желілер арқылы эко-үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді;* су ресурстарын тиімді пайдалану туралы тақырыптық плакаттар жасауды қамтыды.Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылуда.Осындай сабақтар барлық облыс мектептерінде өтіп, 86437 оқушыны қамтыды.#СудыҮнемде #БолашақтыСақта хэштегтерімен әлеуметтік желіде жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979525?lang=kk
«Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, аутизм орталығының үздік педагогі», «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» республикалық байқауларының облыстық кезеңі 24.04.2025
«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылдың 18 сәуірінде «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» атты республикалық байқауларының облыстық кезеңін өткізді.Байқауға облыстың аутизм орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің  3 педагогі және ПМПК-ның 2 маманы қатысты. Қатысушылардың жұмыстарын байқаудың ережесіне сәйкес құзыретті қазылар алқасы бағалады.Байқау қорытындысы бойынша:«Үздік сабақ» номинациясында (жеке немесе кіші топтық)І орын - Байдаханова Аяулым Қабылғазықызы, «Өскемен қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ дефектолог-мұғалімі;ІІ орын - Қабылғазина Еркеназ Қабылғазықызы «Асыл Мирас» аутизм спектрі бұзылған балаларды қолдау орталығының дефектолог-мұғалімі;«Үздік әдістемелік кейс» номинациясы бойынша арнайы педагог, педагог-психолог, ЕДШ нұсқаушысы;ІІ орын - Банникова Мария Анатольевна, «Риддер қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ педагог-психологі;«Баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін үздік бағалау» номинациясында;І орын - Буркашева Шынар Толыбаевна, «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ дефектолог-мұғалімі;ІІ орын - Идришева Майгуль Ергалиевна, «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ педагог-психологі иеленді.     Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары, республикалық байқау кезеңіне қатысуға жолдама алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979529?lang=kk
Катонқарағай ауданы аумағында құрғақ шөптің жануына қатысты екі жағдай тіркелді. 24.04.2025
Катонқарағай ауданы аумағында құрғақ шөптің жануына қатысты екі жағдай тіркелді.Өндірістік-тұрмыстық қалдықтарды жинау және өртеу барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Катонқарағай ауданының ТЖБ қызметкерлері өндірістік, тұрмыстық қалдықтарды жинау және оларды өртеу кезінде ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ үшін ҚР ӘҚБтК 336- БАБЫНА сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді. ЖЫЛ САЙЫН ШҚО аумағында құрғақ шөпті БАҚЫЛАУСЫЗ ӨРТЕУДІҢ мыңдаған оқиғасы болып тұрады, оның жүздегені ірі өрттер, үлкен материалдық ШЫҒЫНҒА әкеп соғады. БҰЛ АДАМДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ, ЭКОЖҮЙЕНІ БҰЗАДЫ, ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУЕПКЕРШІЛІККЕ ӘКЕП СОҒАДЫ.ШӨП ДАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕ:1. Тұрғын үйлердің үй-жайлық телімдерінде ірі азық ғимараттар мен аула құрылыстарынан 15 метрден кем емес қашықтықта сақталады.2. Ірі азықты көрсетілген қашықтықта сақтау мүмкін болмағанда, қосымша 500 литрден кем емес суы бар ыдысты қамтамасыз еткен жағдайда, қашықтық 5 метрге қысқартылады.3. Ірі азықты қора, шаруашылық құрылыстарының төбесіне, электрөткізгіштер желілерінің астыңғы жағына сақтауға тиым салынады.ЕГЕР ДЕ СІЗ ШӨПТІ ӨРТЕУ ОҚИҒАСЫНА КУӘ БОЛСАҢЫЗ ДЕРЕУ 101 НӨМЕРІНЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.Если вы стали свидетелем поджога сухой травы — немедленно сообщите об этом по номеру 101.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/979531?lang=kk
"SHYGYS AIBYN-2025" аудандық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. 24.04.2025
Берел орта мектебінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "SHYGYS AIBYN-2025" аудандық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.Жарысқа Өрел шекара бөлімшесінің офицерлері төрелік етті.Нәтижелер:1 орын – Ластаев ат. ОМ2 орын – Аққайнар ОМ3 орын – Рыков ат. ОМЖеңімпаздар кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/979534?lang=kk
Катонқарағай ауданында концерт! 24.04.2025
Катонқарағай ауданында концерт!Аудан әкімімен кездесу аясында“Ауылым – алтын бесігім” бағдарламасы шеңберіндеКатонқарағай аудандық мәдениет үйініңкөркемөнерпаздар ұжымы концерттік бағдарлама ұсынады!Келіңіздер, көріңіздер, қолдаңыздар!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/979535?lang=kk
👩🏻‍🌾ҚҰРМЕТТІ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! 24.04.2025
📌 19 СӘУІР, САҒАТ 07:00«АЛТАЙ» САУДА ОРТАЛЫҒЫНДАКАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢАУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ!🌱Табиғи, экологиялық таза, сапалы өнімдерқолжетімді бағамен ұсынылады!КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР! САТЫП АЛЫҢЫЗДАР! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/979536?lang=kk
«Сөз құдіреті» – кітап пен шабыт мерекесі 24.04.2025
Жастар сарайында Ұлттық кітап күнін мерекелеу аясында жарқын әрі шынайы шабыттандыратын шара – «Сөз құдіреті» облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті.Іс-шараға қатысушыларды Ұлттық кітап күнімен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары С.Д. Жүсіпов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, белгілі авторлар Ақылбек Шаяхмет пен Александра Суслова құттықтады.Байқау Ыбырай Алтынсарин атындағы Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалар байқауының негізінде ұйымдастырылып, аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары – 21 жеңімпаз финалисті жинады.Қатысушылар «Таза бұлақ» жинағына енген заманауи қазақстандық авторлардың шығармаларынан үзінділер ұсынды. Әдебиет жақын, туған әлеміне айналған балалардың орындауындағы бұл үзінділер жаңаша естілді – шынайы, жүрекпен, әртістік өнерімен ерекшеленді.Жанды оқу атмосферасы барлығын біріктірді - кітап жазатындарды, оқытатындарды, кітап оқитындар мен кітап сүйетіндерді. Үздіктердің үздіктері лайықты сыйлықтармен марапатталды:1 орын – Даяна Ертанова, Қарабалық ауданы2 орын – Назым Баймурзина, Қостанай ауданы3 орын – Даниил Комаров, Қостанай қаласыАрнайы номинациялар:«Мұра» – Төлеген Сезім, Жангелдин ауданы«Әртістік» – Егинсаева Аружан, Қостанай қаласы«Жарқын сахналық бейнесі» - Ширенина Элина, Сарыкөл ауданы«Қазақ тіліндегі үздік шығармашылық эссе» - Нәзекеева Әнел, Меңдіқара ауданы«Орыс тіліндегі үздік шығармашылық эссе» - Құрмантаев Данияр, Лисаков қаласы.Іс-шарада «Жаңа кітап – жаңа әлем» және «Ұрпаққа мұра – ұлттың сөзі, кітаптың ізі» атты кітап көрмелері ерекше орын алды. Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қорларындағы ең үздік басылымдар ұсынылды. Мұндағы әрбір кітап қазіргі Қазақстанның мәдени байлығы мен рухани мұрасының көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/979539?lang=kk
Өскеменде Конституция үстемдігі мен конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық конференция өтті 24.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Б. Нұрмұханов 2025 жылғы 18 сәуірде Өскемен қаласында «Конституциялық заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі ретінде» тақырыбында өткен халықаралық конференцияға қатысты.Шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған Үкіметтің «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» жоспары аясында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ұйымдастырылды.Конференцияға Мәжіліс депутаты Е. Сайыров, Бас Прокурордың кеңесшісі Т. Адамов, жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, адвокаттар алқасы мен нотариат палатасының өкілдері, сондай-ақ отандық және халықаралық ғылыми қауымдастықтың сарапшылары қатысты. Қатысушылар 2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижелерін және оны «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде практикалық іске асыру жолдарын талқылады.Б. Нұрмұханов өз сөзінде:«Бүгінде Қазақстан азаматтары қолданыстағы заңнаманың Конституцияға сәйкестігін тексеру құқығын белсенді түрде пайдаланып келеді. 2023 жылдан бері Конституциялық Сотқа азаматтардан 10 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарынан – 458 өтініш. Екі жыл ішінде Конституциялық Сот 70 нормативтік қаулы қабылдады және Парламентте еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы 2 Жолдау жариялады».Конференция аясында Конституциялық Сот Аппараты мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум аналитикалық материалдармен алмасуды, құқықтық мәдениет пен конституциялық заңдылықты нығайту мәселелері бойынша бірлескен ғылыми-практикалық шаралар өткізуді көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/979543?lang=kk
Ұландық Милад Карими Дохадағы Әлем кубогы кезеңінің "алтынын" жеңіп алды 24.04.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының спорт командасын даярлау орталығының аға маманы Милад Карими Катар астанасы — Дохада өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды.Рой еден жаттығуларының финалында Карими төрешілерден 14,466 ұпай жинап, керемет қойылым көрсетті. Бұл оған отандасы Алтынхан Темірбектен (13,633) және Ұлыбритания өкілі Сэм Мостофиден (13,600) озып, бірінші орынға ие болуға мүмкіндік берді. Қарсыластары сәйкесінше, екінші және үшінші орындарға жайғасты.Али Милад Карими Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында спорттың дамуына елеулі үлес қоса отырып, дене шынықтыру және спорт бойынша аға нұсқаушы міндеттерін орындайды.Сондай-ақ, Әлем Кубогының кезеңі аясында қазақстандық Нариман Құрбанов 14,566 балмен жақсы нәтиже көрсетіп, ат үстіндегі жаттығулар финалында қола жүлдеге ие болды.19 сәуір күні Карими зілтемірдегі жаттығулар финалында өнер көрсетеді, ол бұл санатта да жүлделі орынға үміткер қатарында.Ефрейтор Милад Каримиді жарқын жеңісімен құттықтаймыз және халықаралық аренада жаңа табыстар тілейміз! ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/979548?lang=kk
Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы әзербайжандық коммандостың дайындығымен танысты 24.04.2025
            ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев бастаған қазақстандық делегация Әзербайжанда командос пен арнайы мақсаттағы әскери бөлімдерге барды.              Сапар әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің әскери бөлім аумағында орнатылған бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.Генерал-майор Акиф Пирвердиев қазақстандық әскери қызметшілерге инфрақұрылым, тұрғын үй, спорт нысандары мен асхананы көрсетті. Ол бұдан басқа әскери бөлімнің білім беру тарихы туралы және оның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жайлы хабардар етті.Тараптар арнайы бөлімшелер мен екіжақты оқу-жаттығуларды дайындауға қатысты бірқатар мәселелер төңірегінде пікір алмасты.Жабық атыс кешенінде қонақтарға Әзербайжанның Арнайы операциялар күштері жарақталған қарулардан атыс көрсетілді. Сол сияқты тапаншалар, пневматикалық қарулар және шағын калибрлі мылтықтар атысы да өтті.Қазақстандық делегация таулы мұнара мен барлаушы соқпағындағы командостардың арнайы әрекеттеріне қызығушылық танытты.Әзербайжан Республикасы Арнайы мақсаттағы күштерінің қолбасшысы генерал-майор Алекпер Джахангировпен кездесуде өзара мүдделі кең ауқымды мәселелерге қатысты пікір алмасылды.Естеріңізге сала кетсек, былтыр тамыз айында Алматы облысында "Алтын қыран-2024" екіжақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтіп, оған Әзербайжанның Арнайы мақсаттағы күштерінің 50-ден аса әскери қызметшісі қатысты. Қазақстандық десантшылармен бірге олар таулы жерлерде барлау міндеттерін орындады. Екі тараптың келісімі бойынша бірлескен оқу-жаттығу тәжірибесі жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979552?lang=kk
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерін марапаттады 24.04.2025
Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеттерін орындап жүрген әскери қызметшілермен кездесті.Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылықты нығайту жолындағы қызметтің маңыздылығын баса атап өтіп, құқық қорғау құрылымдарының қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.Ел Президентінің Жарлығымен қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Қорғаныс министрлігінің бірқатар әскери қызметшілері «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.Мемлекеттік награданы ел Президентінің қолынан теңіз жаяу әскерлері бригадасы байланыс ротасының командирі гвардия капитаны Алмас Әбузәкіров, әртекті корабльдер дивизионы «Қайсар» диверсияға қарсы катерінің командирі аға лейтенант Мұрат Дәндібаев, Әскери-теңіз базасының сержанты 1-сыныпты старшина Болат Райымханов және Арнайы операциялар күштері жауынгерлік жүзушілер тобының сержанты аға сержант Асылхан Темірханов алды.Президент марапатталған әскери қызметшілерге шынайы қызметі мен Отанға адалдығы үшін алғысын білдіріп, ерлік пен борышқа адалдық үлгілері ерекше құрметке лайық екенін және жас ұрпаққа өнеге болатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979571?lang=kk
Қазақстан Республиқасы Бас Прокуроры Берік Ноғайұлы Асылов: Балаларды цифрлық кеңістікте қорғау – «SIM KIDS» жобасының алғашқы қадамы 24.04.2025
Балаларды қорғау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Мемлекет басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және үйлесімді дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты екенін атап өтті. Осыған байланысты менің тапсырмам бойынша 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспарға кәмелетке толмағандарды интернеттегі деструктивті контенттің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірленді. Қазіргі уақытта бұл ұсыныстар Үкіметтің қарауында. Біз өз тарапымыздан бұл шараларды жүзеге асыруға кірістік. Мәселен, Алматы қаласында прокуратура TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірігіп, «SIM KIDS» атты пилоттық жобаны іске қосты. Бұл – суицидті насихаттау, порнография, есірткі, онлайн-казино және өзге де интернет-қатерлерден қорғайтын арнайы балаларға арналған сим-карта. Осы сим-картаның көмегімен ата-аналар баласының қандай қосымшаларды пайдаланып жүргенін бақылап, зиянды сайттарға қолжетімділікті шектеп, құрылғы үнсіз режимде болса да, баласына қоңырау шала алады. Жоба ата-аналар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сынақ кезеңі аяқталғаннан кейін бұл сим-карта баршаға қолжетімді болады. Балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру жұмысы алдын ала жүргізілуі тиіс. Бала цифрлық кеңістікте суицидке итермелейтін қауіпті ойындардан, құмар ойындарға тәуелділіктен, сондай-ақ психикасына зиян келтіретін және отбасылық тәрбие мен құндылықтарға деген көзқарасын бұрмалауы мүмкін кез келген жағымсыз контенттен қорғалуы тиіс. Ең бастысы – баланың қауіпсіздігі отбасындағы көңіл бөлуден басталады. Ересектер балалардың көңіл күйіндегі, ортасындағы және қызығушылықтарындағы өзгерістерге сезімтал болғаны жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/979572?lang=kk
Сайлау заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз ету аспектілері қазақстандық және еуропалық сарапшылардың қатысуымен талқыланды 24.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары М. Ерман және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Аппаратының талдау және конституциялық іс жүргізу бөлімінің басшысы Э. Калиева құрамына кірген Қазақстан делегациясы сайлауды басқару органдарының 20-шы Еуропалық конференциясына қатысты.«Сайлау заңнамасының тұрақтылығы – практикалық аспектілер» тақырыбындағы конференция 2025 жылғы 15–16 сәуірде Вильнюс қаласында Литва ғылым академиясының штаб-пәтерінде өтті. Конференцияны Литва Республикасының Орталық сайлау комиссиясы және Еуропа Кеңесінің Демократиялық сайлау жөніндегі кеңесі ұйымдастырды.Шараға Литва Республикасының Парламенті Төрағасының орынбасары Р. Сукис, Еуропа Кеңесінің Демократиялық сайлау жөніндегі кеңесінің президенті С. Диксон, Венециандық комиссияның вице-президенті және мүшесі М. Куйер, Еркін және адал сайлау жөніндегі Парламенттік альянстың төрағасы лорд Д. Бленкатор, сондай-ақ Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының һәм өзге де халықаралық делегациялардың өкілдері қатысты.Конференция барысында Эстония, Албания, Молдова, Литва, Босния және Герцеговина, Австрия мен Норвегияның заманауи тәжірибесі ұсынылды.Шара қорытындысы бойынша Эльмира Қалиева:«Қатысушылар мен сарапшылар сайлау заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, халықаралық стандарттардың сақталуы, сондай-ақ сайлаудың цифрлық форматқа көшуіне байланысты туындайтын сын-қатерлер мен болашағы жөнінде пікір алмасты. Сарапшылар дауыс беруге бір жыл қалғанда сайлау құқығын өзгертпеу қағидатының маңыздылығын және ақпараттық сайлау процесінің сапалы әрі толық сүйемелденуі қажеттігін бірауыздан атап өтті», - деп түйіндеді. https://www.coe.int/en/web/venice-commission/-/20th-european-conference-of-embs Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/979576?lang=kk
Оңтүстік Синай Қазақстан өңірлерімен жақындасуға мүдделі 24.04.2025
Каир, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс Шарм аш-Шейх қаласында Оңтүстік Синайдың губернаторы Халед Мүбәрак Хусейн Бакримен кездесті.Х. Бакри қазақ дипломатын Шарм аш-Шейхте қарсы алуына қуанышын білдіріп, Оңтүстік Синаймен Қазақстан өңірлері арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қызығушылығы мол екенін жеткізді. Сондай-ақ, губернатор Қазақстаннан келетін туристердің санының артып жатқаны Мысыр үшін қуантарлықтай жайт және ел экономикасы үшін өте маңызды екенін атап өтті. Ол әрі қарай да қазақстандық серіктестер үшін жоғары деңгейдегі туристік саладағы қызметтерді көрсетуге дайындығын сендіре отырып, Шарм аш-Шейхтегі және жалпы өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қазақстандық кәсіпкерлерді шақырды.А. Жеңіс губернатордың ұсыныстарымен келісе отырып, бүгінгі таңда елімізде туризм секторын дамытуға үлкен назар аударылуда екенін жеткізді. Сондай-ақ, аталған салада тәжірибе алмасу мүмкіндігін зерделеуге шақырды және ол үшін Қазақстанның туристік әлеуеті мол өңірі мен Оңтүстік Синай арасында бауырластық қатынастарды дамытуды ұсынды.Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан азаматтарының Шарм аш-Шейхте қауіпсіз әрі жайлы демалу мәселесі жан-жақты талқыланды.Елші Шарм аш-Шейх қаласына іс-сапары аясында Оңтүстік Синай өңірінің басқа да лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізіп, екі тараптың қызығушылығына ие мәселелер бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/979588?lang=kk
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинар өткізеді 24.04.2025
2025 жылғы 17 сәуірде Qyzyljar Creative Center ғимаратында «Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы хабардарлықты арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Ұйымдастырушы «АSTEL» АҚ компаниясының қолдауымен облыс әкімінің аппараты болды.Қатысушыларға СҚО әкімдігі цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Азамат Байтимиров құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша баяндама жасады.Бағдарламаның білім беру бөлігін «АSTEL» АҚ компаниясының Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының (ОӘБ) өкілдері өткізді. Сөз сөйлеу шеңберінде ақпараттық қауіпсіздіктің заманауи қатерлері, әлеуметтік инженерия әдістері, ақпаратты қорғаудың практикалық шаралары қаралды, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдар үшін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы компанияның өз өнімдері мен шешімдері ұсынылды.Семинарға мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің, сондай-ақ қала кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Іс-шара цифрлық сауаттылықты арттыруға және өңір ұйымдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/979190?lang=kk
Қазақстан мен Бенин СІМ басшылары екіжақты қатынастарды жандандыруға уағдаласты 24.04.2025
Астана, 2025 жылғы 18 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Астанаға келген Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі Олушегун Аджади Бакаримен кездесу өткізді.Бенин сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға алғашқы сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезең болып, екі ел арасындағы өзара іс-қимылға жаңа серпін берді.Келіссөздер барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтитын өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылады.Министрлер сауда, логистика және цифрландыру сияқты стратегиялық маңызды салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды. Осы тұрғыда шарттық-құқықтық базаны жетілдіруге және әртүрлі деңгейлерде сапарлармен алмасуды жандандыруға дайындықтарын растады.«Жаңа геосаяси жағдайда Қазақстан Африка құрлығымен экономикалық саясатында тең құқықты және өзара тиімді серіктестікті басты орынға қояды. Біз ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, қаржы, цифрландыру және телекоммуникациялық технологиялар сияқты перспективалы бағыттарда Бенинмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз», – деп атап өтті М.Нұртілеу.Өз кезегінде Бенин СІМ басшысы Қазақстанның ел ішіндегі және халықаралық аренадағы жетістіктеріне таңданысын білдірді. «Қазақстанның табыстары – Үкіметтің тиімді жұмысы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке үлесінің нәтижесі. Елдеріміз ортақ құндылықтарды бөліседі, дәл осы негізде біз берік, серпінді және нәтижелі қарым-қатынастар орнатуға ұмтыламыз», – деді ол.2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Африка арасындағы тауар айналымы 700 млн АҚШ долларынан асты және байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында қазақ тарапы Бенинге сауда миссиясын жіберуге дайындығын жеткізді.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты аясында Бенинге астық, ұн, өсімдік майлары, тыңайтқыштар және органикалық өнімдерді жеткізу перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ тараптар Бениндегі ауыл шаруашылығы мен геологиялық барлау қажеттіліктері үшін пайдалы болуы мүмкін жер шарын қашықтықтан зондтау бойынша қазақстандық спутниктік қызметтерді пайдалану мүмкіндігін талқылады.Көлік байланысын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан Қытайдан Еуропаға жер үсті транзитінің 90%-ын қамтамасыз етеді, ал Бенин Котону порты арқылы Батыс және Орталық Африкаға қақпа ретінде маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты тараптар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және Орта дәліз аясында ынтымақтастықты дамыту, екі елдің көлік ведомстволары мен логистикалық компаниялары арасында келіссөздер жүргізу қажеттігін атап өтті.Ақпараттық технологиялар мен цифрландыру саласындағы жоғары әлеует аталып өтті. Бенинмен цифрлық ынтымақтастық бойынша Жол картасын қабылдауға дайындық расталды, сондай-ақ бениндік компаниялар Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартап технопаркі – «Astana Hub» жұмысына қосылуға шақырылды.Сонымен қатар тараптар азық-түлік қауіпсіздігі контексіндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы ынтымақтастықты талқылады. Қазақстан Бениннің Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіріп, оның Жарғысын жақын арада ратификациядан өткізетініне үмітін жеткізді.ҚР СІМ басшысы Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы қазақстандық бастаманы қолдағаны үшін Бенин тарапының ұстанымына ризашылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Қазақстан мен Бенин сыртқы саяси ведомстволары арасында Саяси және дипломатиялық консультациялар бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/979277?lang=kk