Қоғам
Аймақ басшысы Мұхтар Шахановпен кездесті 18.04.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановпен кездесті. Аймақ басшысы Сыр өңіріне арнайы сапармен келген ақынға алғыс білдіріп, руханият пен мәдениетке қосқан еңбегін ерекше атап өтті.«Ең алдымен, Мұхтар аға, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Еңбек Ері атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл атақ егемен еліміздің рухани-мәдени дамуына қосқан өлшеусіз еңбегіңізге берілген лайықты баға деп білеміз. Сіздің қаламыңыздан туған «Жұбайлар жыры», «Туған күн кешінде», «Гүл дәурен», «Мен саған ғашық едім» секілді тағы да басқа көптеген туындыларыңыз қалың жұртшылыққа кеңінен тарап, жүректерден өшпестей орын алды. Шығармаларыңыз 50-ден астам тілге аударылып, республикамыздың, шет елдердің театрларында қойылып келеді. Ұлт руханиятына қосқан зор үлесіңіз үшін «Отан» ордені, Қазақстанның Халық жазушысы, Қырғыз Республикасының халық ақыны, тағы басқа атақ пен марапаттар иелендіңіз. Өзіңізге деген Сыр халқының құрметі, ілтипаты әрқашан да ерекше. Шығармашылық сапарыңызға құтты қадам, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Ғасыр жасаңыз!», – деді аймақ басшысы.Бүгін Сыр жұртшылығы ақынның «Танакөз» шығармасының желісімен қойылған спектакльді Әзербайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының сахналауында тамашалайды.Кездесу соңында аймақ басшысы Мұхтар Шаханов пен жұбайы Ханшайым Көкенқызына Сыр елі атынан ілтипат білдіріп, құрмет көрсетті.Сондай-ақ, бүгін Жастар ресурстық орталығында Мұхтар Шахановтың жастармен тағылымды кездесуі өтті. Оған қатысушылар ақынның рухты, өміршең жырларын, өздерінің арнау өлеңдерін оқыды. Еркін сұқбат құрып, сұрақ-жауап форматында әңгіме өрбітті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/978723?lang=kk
Интернет алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл туралы 18.04.2025
Алаяқтық қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, яғни интернет алаяқтық болып отыр.Яғни бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап, мүлкін жымқыру секілді әрекеттерге барады. Бүгінде интернет алаяқтықтың ауқымы кеңейіп, әртүрлі интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып алаяқтардың арбауына түскен алданушылар саны күн санап өсуде.Интернет алаяқтар қазір елдің ақшасын интернет-мессенджерлер арқылы пайдаланып кетуге тырысады. Қаржы жобаларын ұсынып, өзін брокермін деп таныстыратын алаяқтар да қаптап кеткен. Қазіргі кезде инвестициялық жобаларға қатысты алаяқтық жиілеген. Азаматтар жинаған ақшаларын қаржы жобаларына саламыз деп сан соғып жатады. Одан өзге әлі алмаған тауарына немесе қызметке ақша жіберіп, алданып жатады.Интернет алаяқтықтың бір түрі – фишинг. Бұл – интернет пайдаланушының жеке мәліметтерін (логин мен пароль) жасырын алу. Қаскүнемдер алдымен танымал брендтердің немесе банктердің атынан жаппай электронды хаттар таратады.Негізі, айта кететін нәрсе, электрондық адресіңізге өзіңізге қатысты емес, сіз білмейтін мекенжайлардан келген хаттарды ашпаған жөн, ашқан күннің өзінде ол жерде көрсетілген сілтемелерге кірудің қажеті жоқ. Ондайларды мүмкіндігінше сол келген бойында жойып отыру керек және міндетті түрде вирусқа қарсы бағдарламаларды қолданған жөн.Еліміздің банктері мен байланыс операторлары алаяқтықтың жаңа түрі туралы мәлімдеме жасап отырады.Төмендегідей қарапайым шараларды сақтау интернет-алаяқтардың құрбаны болмауға мүмкіндік береді:- расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз:- кез келген жағдайда сіздің банк карталарыңыздың және шоттарыңыздың мәліметтерін ешкімге бермеңіз, әсіресе интернет арқылы байланысқан кезде:- интернет жүйесі арқылы келген сілтеме бойынша өткен кезде мекенжай жолына, яғни акция жүргізетін ұйымның не компанияның ресми атауының дұрыстығына назар аударыңыз;- әлеуметтік желілердегі өз профильіңіздің дербестігін баптауларда байланыс деректерін (қызметтік және жеке телефон номерлерін) көпшілікке қол жетімді етпеген жөн. мобильдік нөмерді (бизнес-аккаунт) көрсету қажет болған жағдайда, жеке және жұмыс номерлерін бөлу қажет, яғни жеке номерді туыстармен және жақындармен байланысу үшін ғана пайдаланған дұрыс.- Есептік деректеріңізді үнемі тексеріп көп факторлы аутентификация пайдаланылатын сенімді парольдерді қолданыңыз;- браузерде, операциялық жүйеде және мобильдік құрылғыларды пайда болатын түрлі терезелермен хабарламаларға қатысты абай болыңыз;- банк карталарының деректерін сақтап, картаның сыртқы жағындағы 3 санды CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз, сондай-ақ банктен келіп түсетін СМС-кодты ешбір жағдайда бейтаныс адамға айтпаңыз;- интернетке қол жеткізудің ашық қоғамдық Wi-Fі-нүктелеріне сенбеңіз;- жеке деректерді, жеке куәлік деректерін, банк карталарының деректерін және тағы басқа мәліметтерді қамтитын құжаттарды, банк карталарының көшірмелері мен фотосуреттерін ешкімге жібермеңіз және таратпаңыз;- интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз:- интернет-порталдар арқылы мүлікті сатып алу кезінде ешқашан алдын ала келісім жасамаңыз:- төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз:- автомобильдерді, басқа қалаға арналған қосалқы бөлшектерді сатып алғанда, достарыңыз бен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алынған өнімді тексеруді өтініңіз.- бопсалаушылардың телефон бойынша талаптарын орындамаңыз.Интернет-алаяқтық жаһандық мәселеге айналып отыр. Ақпараттық сауаттылықты дамыту және сақтық шараларын қолдану арқылы ғана біз өзімізді және жеке деректерімізді алаяқтардың ықпалынан қорғай аламыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/978720?lang=kk
109 ЖЕЛІСІ АРҚЫЛЫ 37 МЫҢҒА ЖУЫҚ ӨТІНІШ ОРЫНДАЛҒАН 18.04.2025
Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысының «Цифрлық даму орталығы» КММ-де 109 бірыңғай байланыс бөлімі тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдайды. Өтініштердің басым бөлігі коммуналдық сұрақтар бойынша түсіп, 1 күнмен 7 күннің аралығында орындалады. Тұрғындар тарапынан жыл басынан бері 37 298 өтінім түсіп, 36 913-ы дер кезінде жабылған. Ал 385 өтінім орындалу барысында тұр.Облыс әкімдігінің тапсырмасымен өтіштердің сапалы орындалуын қамтамасыз ететін арнайы «109» мониторинг тобы құрылған. Қазіргі таңда аудан-қалалардағы тұрғындармен кездесіп, арыздардың уақытылы орындалуы қадағалануда. Сондай-ақ халықты ақпараттандыру мақсатында баннерлер жасалып, өңірдегі бильбордтарға ілінді. Алдағы уақытта Астанадағы іКОМЕК109 мекемесімен тәжірибе алмасу жоспарланып отыр. Онда бөлімнің жұмысын жандандыру тұрғысында өзекті мәселелер талқыланады.Айта кетейік, өтініштерді 109 номерінен бөлек, facebook.com, instagram.com әлеуметтік желілеріндегі Байланыс Орталықturkistan_oblysy.109 мекенжайы, whatsapp желісіндегі +7 701 13 13 109 ұялы байланыс номері және «aikey-109» мобильді қосымшасы арқылы қабылдау мүмкіндіктері қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/978707?lang=kk
Кеден қоймасын ашуды жоспарлайтын заңды тұлғалардың назарына 18.04.2025
Қазақстан Республикасындағы кеден қоймаларының қызметін кедендік реттеу мыналарға сәйкес жүзеге асырылады:1) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, 25 және 60-тараулар (бұдан әрі-Кодекс) http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1700000123.;2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің М. А. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" әңгімесі (25-Қосымша) http://zan.gov.kz/client/#! / doc / 199620 / rus);3) " кедендік бақылаудың уақытша аймақтарының, уақытша сақтау орындарының және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір сауалдары туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығымен (2-қосымша) (НҚА-ға сілтеме http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800016549*;4) "кейбір кедендік құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 110 бұйрығымен (НҚА-ға сілтеме http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800016365 (Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру туралы нұсқама нысаны);6) Кеден одағы комиссияларының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен (НҚА-ға сілтеме http://adilet.zan.kz/rus/docs/H10T0000260 (Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру актісінің нысаны);7) "Мемлекеттік кірістер органының кейбір оқу-жаттығулары мен есептілігін ұсыну туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығымен (2-қосымша) (НҚА сілтемесі http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020380).Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары:1) кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:ашық типтегі қоймалар үшін – тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, қойма аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайдан шығуын бақылау жүйелерінің болуы;орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растау, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуы;техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген кезде:табиғи жолмен ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктер өскен аумақ учаскелерін қоспағанда, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон, асфальт не өзге де қатты төсемі болуға тиіс;аумақта қойма қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылысжайлар орналаспауға тиіс;жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға, бір пошта мекенжайы бойынша орналасуға және бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс;2) ашық типтегі кеден қоймаларының иелері ретінде кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалар үшін – басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;4) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 544, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;6) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.Егер кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалуға тиіс.Кеден заңнамасы бойынша консультацияны қызмет аймағында кеден қоймасын ашу немесе кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік операцияларды жасау жоспарланып отырған Мемлекеттік кірістер департаментінен алуға болатындығын қосымша хабарлаймыз.ШҚО бойынша МКД жауапты қызметкерлерінің байланыс деректері: Байгалиев М. Ш., эл.почта: m.baigaliev@kgd.gov.kz, тел: +7 777 368 55 11, Ақтанов Е. С., тел: +7 777 994 23 34.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/978679?lang=kk
ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН ҮКІМЕТ – ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ НАҚТЫ ІСКЕ АСУДА 18.04.2025
Түркістан облысында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының №2 отырысы өтті. Кездесуде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының “Халық үніне құлақ асатын үкімет” қағидасы негізге алынды. 2024 жылы облыста жергілікті атқарушы органдар тарапынан 26 миллионнан астам қызмет көрсетіліп, оның 96%-ы электронды түрде ұсынылды. Цифрлық қызметтер – халыққа ыңғайлы, қолжетімді және ашық мемлекеттік басқарудың кепілі. Қызмет сапасын арттыру мақсатында қоғамдық мониторинг нәтижелері таныстырылды. Мониторинг: * 15 жергілікті атқарушы орган көрсететін қызметтерді қамтыды. * 3 негізгі салаға — білім, әлеуметтік қорғау және жер қатынастарына бағытталды. Бұл бастама – халықтың мемлекеттік қызметтерге деген сенімін арттырып, кері байланысты нақты шешімдерге айналдырудың айқын мысалы. Басты мақсат – халықпен кері байланыс орнату арқылы сапалы, ашық әрі тиімді мемлекеттік қызметті қалыптастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/978673?lang=kk
Астанада ҚР Қорғаныс министрінің Қытай елшісімен кездесуі өтті 18.04.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хан Чуньлинмен хаттамалық кездесу өткізді. Тараптар әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады.Кездесу барысында бітімгерлік қызмет, кадрлар дайындау, жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Қорғаныс министрі Қазақстан мен Қытай арасындағы әскери саладағы өзара іс-қимыл деңгейін атап өтіп, қарым-қатынастарды әрі қарай нығайтуға дайын екенін білдірді.Кездесу нәтижесінде тараптар әскери қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың оң серпін алғанын тілге тиек етіп, конструктивизм мен өзара тиімділік қағидаттарына негізделген диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/978669?lang=kk
Елдегі басты аграрлық өңір көктемгі егіс науқанына дайын 18.04.2025
Ақмола облысының диқандары көктемгі егіс жұмыстарына белсенді түрде дайындалуда. Қоймаларда – егістікке арналған бидай тұқымы мен өсімдіктерді қорғау құралдары мен жаңа техника сатып алынды, сондай-ақ өткен жылғы қарыздық міндеттемелер орындалды.Басты мақсат – мол өнім алып, түрлі тәуекелдерге жан-жақты дайын болу. Бұл Көкшетауда өткен агрокеңесте көтерілген негізгі мәселе болды. Аталған іс-шараға өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының 600-ден астам өкілі, ғылыми-зерттеу институттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Жиынды ашқан Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті зор екенін, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және аграрлық секторды дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында қабылданып жатқан мемлекеттік шаралар жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады. Ол аграршыларға өнімділік пен тиімділікті арттыру үшін барлық қолжетімді тетіктерді пайдалануға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/978663?lang=kk
Көкшетауда ауыл шаруашылығы көрмесі өтті 18.04.2025
Көкшетауда отандық ауыл шаруашылығы техникасын, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын заманауи құралдарды өндіретін жетекші компанияларды біріктірген ірі ауыл шаруашылығы көрмесі өтті.Іс-шара агроөнеркәсіп кешенінің кең ауқымды өнімдерін қамтыды: инновациялық дрондар мен жоғары өнімді егіс кешендерінен бастап, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мен төзімділігін арттыруға бағытталған заманауи агрохимикаттар мен тыңайтқыштарға дейін таныстырылды. Көрмеге барлығы 30-ға жуық компания қатысты.Көрмені Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов тамашалады. Іс-шара барысында олар ұсынылған жаңалықтармен танысып, агроөндірісті дамытуда озық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/978643?lang=kk
Студенттермен кездесу 18.04.2025
2025 жылдың 15 сәуірінде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің алаңында студенттер мен оқытушылармен кездесу өткізді, онда "Жеке тұлғалардың банкроттығы"тақырыбындағы сұрақтар жарияланды.Кездесу аясында Департаменттің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері, олардың артықшылықтары туралы айтып, осы тақырып бойынша жиі келіп түсетін сұрақтарға жауап берді.Сөз соңында С. Аманжолов атындағы ШКУ өкілдері спикерге өз алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/978638?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығына: Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі 80 шақырымдық марафонды ардагерлерге арнады 18.04.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 1Астана1 өңірлік қолбасшылығы 31775 әскери бөлімі 1-ші мотоатқыштар ротасының старшинасы 3-сыныпты сержант Тимур Ержанов 80 шақырымға жүгірді. Ол бұл жүгірісті майданда қаза тапқан батырлар мен бүгінде көзі тірі ардагерлерге арнап отыр. Спортшының сөресі Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Шешенқара кентінде басталып, өз әскери бөлімінде мәреге жетті.Тимурды бөлім қолбасшылығы, әріптестер мен жас жасарбаздықтар құрметпен қарсы алды.– Осы қашықтықты жүгіру арқылы жігерлі мінезіңізді, жауынгерлік рух пен төзімділігіңізді көрсеттіңіз. Біздің қатарымызда Сіз сияқты сарбаздарға үлгі болатын нағыз патриоттар бар екенін мақтан тұтамыз, – деп атап өтті 31775 әскери бөлімінің командирі подполковник Марат Бралинов.7 сағат 21 минут 11 секундқа созылған жүгіріс кезінде марафоншыға әр 10 шақырым сайын ауысып отырған әріптестері қолдау көрсетті. Әйтсе де Тимур Ержанов негізгі қашықтықты тек өз күшіне сүйене отырып еңсеріп шықты.– Мен жүгірумен көптен айналысамын. Марафондарға да жиі қатысып тұрамын. Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай символдық қашықтықты жүгіруге бел будым. Сол арқылы майданда қаза тапқандар мен ардагерлерге құрмет көрсеткім келді. Бөлім басшылығына қолдауы үшін командаға рахмет айтамын, – деді Т. Ержанов.Әскери қызметші мәре сызығында таңқаларлықтай сергек көрінді. Ол 80 шақырым өзіне аса күш түсірмегенін айтады. Жақын арада Ержан Жаңаарқа ауылынан Қарағандыға дейін 200 шақырым жүгіруді жоспарлап отыр.Марафоншыны қолдауға оның туыстары да келді. Тимур жұбайы Жанармен бірге Айару, Амина және Рассул есімді үш бала тәрбиелеп отыр.3-сынып сержанты Тимур Ержановтың бастамасы тек спорттық жетістік емес. Бұл еліміздің өткен тарихына деген ерекше құрмет, әрі нағыз батылдықтың үлгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/978623?lang=kk
Ардагерлерге қамқорлық 18.04.2025
Алмалы аудан әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкерлері Жеңіс күніне 100 күн қалуына орай ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы аясында үйде әлеуметтік қызмет алушы, тыл еңбеккері Донаева Советхан апаның үйіне барып, тазалық жұмыстарына көмектесті.Акцияның мақсаты – ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық танытып, қайырымдылықтың маңызын арттыруға үлес қосу. Осындай игі шаралар арқылы біз аға буын өкілдеріне деген құрметімізді білдіреміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/978619?lang=kk
Бас консул Самарқанд облысындағы "PROM PRO EXPO 2025" көрмесіне қатысты 18.04.2025
2025 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов Самарқанд өңірлік салааралық өнеркәсіптік «PROM PRO EXPO 2025» жәрмеңкесіне және аяқ киім, кілем бұйымдары, жиһаз, құрылыс және әрлеу материалдары, тамақ, тоқыма өнеркәсібі өнімдері, туристік қызметтер, автомобиль өндірісі, фармацевтика, электротехника және т.б. өндіруге маманданған кәсіпорындардың қатысуымен өткен Өнеркәсіпшілер форумына қатысты.Іс–шара аясында жетекші компаниялардың өкілдері-спикерлер отандық кәсіпорындардың жетістіктері мен тәжірибесін таныстырды, сондай-ақ панельдік пікірталастар болып өтті.Өнеркәсіпшілер форумы барысында Бас консул бірқатар кездесулер өткізіп, панельдік пікірталастарға қатысып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, үрдістер мен кеңейту мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ Қазақстанға инвестициялар тартуды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері негізінде мемлекеттік қолдау туралы хабардар етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/978618?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы түрік бизнес өкілдерімен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады 18.04.2025
Ыстанбұл, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркияның жетекші «Orzax» және «Alarko Holding» компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.Келіссөздер барысында Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.М.Нұртілеу Қазақстан Түркиямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтіп, экономиканың басым секторларына тікелей инвестициялар тартуға мүдделі екенін жеткізді.«Orzax» компаниясының бас директоры Юнус Эмре Алимоглу Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар шығару жобасы туралы мәлімет берді. Ол мемлекет тарапынан көрсетілген уақтылы қолдаудың арқасында жоба бекітілген кестеге сәйкес іске асырылып жатқанын атап өтті.«Alarko Holding» басқарма төрағасы Иззет Гарих Шымкент қаласында заманауи жылыжай кешені құрылысының барысы туралы айтып, жобаның табысты іске асырылатынына және компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейтетініне сенім білдірді.Сұхбаттастар инвестициялық серіктестікті нығайтуға өзара бейілділігін растап, перспективалы жаңа бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/978610?lang=kk
Рудный қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы туралы хабарлама 18.04.2025
Отырыс тақырыбы:Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру туралыНормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау Өтетін күні мен орны: 2025 жылғы 16 cәуір, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95Анықтама телефоны: 8 (71431) 39318, 45637. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/978590?lang=kk
«Е-Архив» бағдарламасына құжаттарды енгізу туралы өндірістік оқу өткізілді 18.04.2025
«Жетісу облысының мемлекеттік архивінің» мамандары «Е-архив» бағдарламасына құжаттарды енгізу жөнінде өндірістік оқу өткізді. Оқуға мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарға және ведомствалық архивке жауапты мамандары қатысты. Оқу барысында «Е-Архив» бағдарламасына құжаттарды енгізу туралы слайд көрсетілді және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өндірістік оқу барысында қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/978553?lang=kk
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен Жер заңнамасының нормаларын қолдану, жерді ұтымды пайдалану және топырақтың тозуына жол бермеу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша Аграрлық кеңес өткізілді. 18.04.2025
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен Жер заңнамасының нормаларын қолдану, жерді ұтымды пайдалану және топырақтың тозуына жол бермеу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша Аграрлық кеңес өткізілді.Кеңесте Қостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, "Жерді зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізудің мемлекеттік институты" облыстық филиалының, " Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы"филиалының өкілдері сөз сөйледі.Кеңес барысында шаруалар баяндамашыларға оларды толғандыратын сұрақтарын қойып, жауап алды.Кеңес соңында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қасымханұлы қорытынды жасап, шаруаларға алдағы егіс науқанына сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/978519?lang=kk
Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарды есепке алу осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. 18.04.2025
Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарды есепке алу осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.Өтініш, жұмыс уақытынан тыс уақытта немесе мереке күндері келіп түскен жағдайда, қарау мерзімі бірінші жұмыс күнінен бастап есептеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978493?lang=kk
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының. 18.04.2025
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" қағидасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа тұрғылықты жері бойынша, оның отбасы мүшелерін қоса алғанда, меншік құқығында тұрғын үйі болмаған жағдайда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелерде жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978488?lang=kk
Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу мемлекеттік мекемедегі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады. 18.04.2025
Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу мемлекеттік мекемедегі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады. Есепке осы мекеменің қызметкерлері қойылады.Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған тұлғалардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978481?lang=kk
Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері жетім балалар 18.04.2025
Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру ұйымына, медициналық немесе басқа да ұйымға келіп түскен күннен бастап немесе осындай балаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен не патронат тәрбиешімен шарт жасалған күннен бастап үш ай ішінде баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қояды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978476?lang=kk
