Қоғам
ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің 221-ші сессиясында «Хандар шежіресі» қолжазбасы «Әлем жады» халықаралық тізіміне енгізілді 18.04.2025
Париж, 2025 жылғы 17 сәуір – Ү.ж. 2-17 сәуір аралығында Париждегі ЮНЕСКО бас пәтерінде Атқарушы кеңестің 221-ші сессиясы өтті. Аталған сессияға қазақ делегациясы белсенді қатысты.Сессияның жалпы отырысында Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінде еліміздің табиғи және мәдени, соның ішінде құжаттық мұраларын қорғау бойынша ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы ерекше аталып өткенін жеткізді. Осы орайда Елші ЮНЕСКО-ға 2024 жылғы қазан айында қазақстандық архив қызметкерлеріне арналған «Әлем жады» бағдарламасының қағидаларымен таныстыру семинарын өткізгені үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ЮНЕСКО жүйесінде ұлттық комиссиялардың орталық рөлін нығайту үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығына назар аударылды.Сессия аясында ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық комиссияларының жеке отырысы өтті. Оған Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Жанар Шайменова қатысып, баяндама жасады. Күн тәртібінде ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік үшін білім беру» бастамасы ұсынылып, 2025 жылғы өтетін «Mondiacult 2025» мәдениет саясаты және орнықты даму жөніндегі дүниежүзілік конференциясы бойынша дайындық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ЮНЕСКО клубтарының дүниежүзілік федерациясының президенті Болат Ақшолақов жиналғанды ү.ж. 19-20 ақпанда Алматыда өткен қозғалыстың алғашқы Жаһандық жастар форумының қорытындыларымен таныстырды (қашықтықтан бейнебайланыс арқылы).Қазақстан үшін осы сессиядағы айтулы оқиғалардың бірі – «Ғылым ордасы» кітапханасының қорындағы «Хандар шежіресі» қолжазбасының ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық тізіміне енгізілуі болды. XVIII ғасырда бұл құжат белгісіз автор түркі шағатай тілінде жазған. Қолжазбада Құранда аталған пайғамбарлардың және мемлекет билеушілерінің шежірелері, олардың өмірбаяндары, Қазақ даласының, Орталық Азия мен Таяу Шығыстың тарихи оқиғалары мен географиясы сипатталады. «Хандар шежіресі» – қазақтар және көршілес халықтардың тарихы мен тіліне зерттеу жүргізетін ғалымдар үшін құнды дерек көзі болып табылатын маңызды мәдени мұра.Сонымен қатар Қазақстан Атқарушы кеңес жұмысы аясында әлем мұғалімдерінің қатысуымен мазмұнды диалогқа арналған интерактивті платформалар, ЮНЕСКО-ның нәсілшілдік пен кемсітушілікке қарсы жаһандық альянсы, Ұйым мандаты аясында орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу, аралдардағы кіші дамушы мемлекеттердің жағдайы және басқа да тақырыптар бойынша қабылданған бірқатар шешімдердің тең авторы болды.Қазақстан – 1992 жылғы 22 мамырдан бастап Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) мүшесі. Еліміз ЮНЕСКО-ның 16 халықаралық конвенциясына қосылған. Қазақстаннан 6 нысан Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұралар тізіміне, 14 элемент Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне, 15 биосфералық резерват ЮНЕСКО желісіне, ал 25 мерейтой ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізілген. ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының үйлестіруімен елімізде 9 ұлттық комитет, 6 ЮНЕСКО кафедрасы және 1 UNITWIN желісі, 20 қауымдастырылған мектеп және 212 ЮНЕСКО клубы қызмет етуде.1992 жылғы құрылған ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы құнды құжаттық мұраны (қағаз, аудиовизуалды, цифрлық немесе басқа форматтағы) жойылуын болдырмау және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Тиісті мақсатта оның аясында халықаралық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде құжаттық мұра тізімдері жасалады. 2025 жылғы жағдай бойынша Қазақстаннан аталған халықаралық тізімге келесі мұралар енгізілді: Қожа Ахмет Ясауи қолжазбалар жинағы (2003 жылғы), «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының аудиовизуалды құжаттары (2005 жылғы), Арал теңізінің архивтік қорлары (2011 жылғы), «Хандар шежіресі» қолжазбасы (2025 жылғы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/979009?lang=kk
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы 18.04.2025
2025 жылғы 15 сәуірде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұртуған Маратұлы, экономика және қаржы бөлімінің басшысы, аудан әкімінің төтенше жағдайлар бойынша көмекшісі, ауылдық округ әкімдері қатысты.Біріккен отырыста Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, ауылдық округ әкімдері 2024 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп берді. «Жергілікті мемлекеттік органдардың көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы» мәселе сессияның қарауына жіберілді.2025 жылға арналған Үлкен Нарын ауданы бюджетіне енгізілген өзгерістермен экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э. Акимбетова таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/979004?lang=kk
Қазақстанның Тұрақты өкілі ДСҰ Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды 18.04.2025
Женева, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеалаға сенім грамоталарын тапсырды.Кездесу барысында тараптар ДСҰ аясындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады. Қ. Төребаев Қазақстанның Сауда саясатын шолу процесіне ДСҰ Бас директорының тікелей қатысуы мен тұрақты қолдауына алғысын білдіріп, жаһандық сауда саласындағы тұрақсыздық жағдайында сындарлы диалогты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.ДСҰ-ға мүше бірқатар елдер, соның ішінде Америка Құрама Штаттары қабылдаған соңғы сауда шаралары аясында Қ. Төребаев мұндай дауларды шешудің басты халықаралық алаңы ретінде ДСҰ-ның рөлін сақтау қажеттігін ерекше атап өтті. Ол Бас директор мен ДСҰ Бас кеңесінің төрағасы жүргізіп отырған тиісті консультациялар ұйымдастыру жөніндегі күш-жігерін қолдайтынын білдіріп, мүше елдер арасындағы ашық диалог пен көпжақты үдерістерге барынша тартылудың өзектілігін атап өтті.Кездесу барысында ДСҰ реформасына ерекше назар аударылды. Қазақстанның Тұрақты өкілі Ұйым ережелерін жаңғырту мен оның институттарының тиімділігін арттыру көпжақты сауда жүйесіне деген сенімді қалпына келтірудің шешуші тетігі екенін айтты. Ол Қазақстанның реформалар процесіне белсенді әрі сындарлы үлес қосуға, сондай-ақ күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша прагматикалық әрі инклюзивті шешімдерді қолдауға дайын екенін жеткізді.Тараптар сондай-ақ Ұйым алдында тұрған негізгі институционалдық және функционалдық сын-қатерлерді, соның ішінде бюджет тапшылығы, дауларды шешу механизмі дағдарысы және шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын арттыру қажеттілігін талқылады. Сонымен қатар Хатшылықты реформалау жөніндегі бастамалар мен келесі ДСҰ Министрлік конференциясына дайындық мәселелері қарастырылды.ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала Қазақстанға көпжақты сауда жүйесіне тұрақты қолдау көрсетіп, Ұйым жұмысына белсенді қатысып отырғаны үшін алғысын білдірді. Ол Қазақстанның реформалар процесінде жауапты әрі белсенді қатысушы ретінде өзін көрсеткенін және түрлі елдер тобының мүдделерін ескере алатын теңгерімді ұстанымын ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/979589?lang=kk
Биыл 1 қаңтардан бастап “Мемлекеттік сатып алу туралы” заң қолданысқа енгізілді. 18.04.2025
Құжатта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сапасын көтеру көзделген. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил жаңа заңда қарастырылған жаңашылдықтар туралы баяндады.Оның айтуынша, заңда конкурсты өткізу, шағымдарды қарау мерзімдері қысқартылды. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдауға басымдық берілген. <30%мөлшеріндегі аванс, айыппұл санкцияларын азайту, сондай-ақ басқа да тауар өндірушілерді қолдау бойынша шаралар қарастырылған>,- деді қаржы вице министрі.Бұдан бөлек, сатып алулар рейтингтік-балдық жүйеге көшіріліп, әлеуетті жеткізушілердің жауапкершілігі күшейтілді. Енді жемқорлық үшін сотталған, жалақы бойынша қарыздары бар әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатыса алмайды. 2025 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша 5 трлн теңгеге сатып алу рәсімдері өткізіліп, 4 трлн теңгеге шарт жасалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/978900?lang=kk
Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдардың интраскопиялық тексеру техникасын қолдану кезінде іс-қимыл тәртібі 18.04.2025
Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тексеріп қараудың интраскопиялық техникасын колдыну кезінде колдануының тиімділігін арттыру, жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, қарап тексеруді жүргізу және ақпаратты талдау кезінде бірыңғай талаптарды қалыптастыру, сондай-ақ оның ақаулығы туындаған кезде шараларды қабылдау мақсатында ҚР ҚМ МКК 2021 жылдың 12 қарашасында №722 бұйрығы әзірленді.Тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы кедендік тексеріп қарау кезінде қолданылмайды:- тірі жануарлар, оның ішінде көшпелі цирктерде және көшпелі айуанханады тасымалдайтындар;-тірі балық;-үй құстарын және басқа түрлерін инкубацициялау үшін жұмыртқалар;-тауарлардың және көлік құралдардың габариттері ИТК техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес келмесе.ИТК кедендік тексеріп қарау кезінде келесі жағдайларда қолданылады:1)Тауарлармен көлік құралдары Еуразиалық экономикалық одақтың аумағына келген жағдайда;2) Тасымалдаушының жазбаша өтініш негізінде тауарлармен көлік құралдары Еуразиалық экономикалық одақтың аумағынан шыққан жағдайда;ИТК-ні тікелей қолдануды ЖБО(жүйені басқару операторы) мен ТСО –ға(сүреттерді талдау және салыстыру операторы) бөлінетін лауазымды тулғаның-ИТК оператолары жүзеге асырадыТСО тыйым салынған заттар мен бұйымдарды ықтималды әкелу/әкету тәуекелдерінің салаларын айқындау мақсатында ИТК-ні пайдаланумен алынған рентген-суретті талдайды. ТСО ақпаратын талдау және салыстыру нәтижелері бойынша келесі іс-қимылдарын жүзеге асырады. Тауарларды сканерлеу нәтижелерінің ілеспе құжаттарда мәлімделген мәліметтермен айырмашылықтары болмаған кезде ИТК жүйесіне «ИТК бақылау, күдіксіз» деген түсіндірме енгізеді және басып шығарылған рентген-суреттің беткі жағына «ИТК бақылау, күдіксіз» деген мөртаңба қояды, ЖНМ қолтаңбамен куәландырады.Егер сканерлеу нәтижелерінің ілеспе құжаттарда мәлімделген мәліметтермен айырмашылықтары болған кезде ИТК жүйесіне «ИТК бақылау, күдікпен» деген түсіндірме енгізеді және басып шығарылған рентген-суреттің беткі жағына «ИТК бақылау, күдікпен» деген мөртаңба қояды, ЖНМ қолтаңбамен куәландырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/978897?lang=kk
Жұмысшы Мамандықтар жылы аясында өткен аудандық дебат турнирінің нәтижелері! 18.04.2025
Жұмысшы Мамандықтар жылы аясында өткен аудандық дебат турнирінің нәтижелері! Аудан мектептері арасында өткен қызықты да тартысты дебат турнирі өз мәресіне жетті. Оқушылар өздерінің шешендік қабілеттерін, сыни ойлау мен көшбасшылық қасиеттерін көрсетті! ЖЕҢІМПАЗДАР:І орын – «Жарық жұлдыздар» командасы, БЖО «Жастар» ІІ орын – «Элита» командасы, Қ.Сәтпаев атындағы тірек мектебі ІІІ орын – «Алаш рухы» командасы, Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектебі ІІІ орын – «MindSet» командасы, Жамбыл атындағы орта білім беретін мектеп “Үздік спикер” номинациясының иегерлері Оналхан Мадина ТөлеуханқызыТалғат НазеркеӘлібек АйшаБарша қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!Ұйымдастырушылар: Жастар ресурстық орталығы мен Осакаров ауданының Білім БөліміАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/978895?lang=kk
Сержанттардың курстық дайындығы: олар қарулы қақтығыстарды зерделеп, өз бетінше әрекет етуді үйренуде 18.04.2025
Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Қарулы күштер бригадаларының, базаларының және полктерінің 25 сержанты біліктілікті арттыру курсынан өтіп жатыр. Онда әскери қызметшілер қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың сипатын, Қарулы күштер түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың және арнайы әскерлердің құрылымы мен мақсатын зерделеуде.Сержанттар бөлімшелерді басқару жүйесін, жалпыәскери ұрыстың ережелерін, әскерлердің қозғалу негіздерін, қорғанысты, шабуылды, арнайы әскери іс-қимылдарды және оларды жан-жақты қамтамасыз етуді игеру үстінде. Сондай-ақ әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтаудың нысандары мен әдістеріне, әскери бөлімдегі сержанттар мен старшиналар құрамының тәрбиелік рөлін арттыруға назар аударылуда.Курстар сержанттарды жұмылдыру дайындығы, хабардар ету, әскери басқару органдары мен әскери бөлімдерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, сондай-ақ әскери басқару органдары мен әскери бөлімдерді жауынгерлік қолдану контекстінде өз қызметін дербес жоспарлау мен ұйымдастыруға үйретуге арналған.Курстық даярлықтың қорытындысы бойынша сержанттар курстың аяқталуы туралы сертификат алады. Бұл құжат олардың мансаптық сатысы бойынша ілгерілеуінде ескерілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/978892?lang=kk
Бизнес өкілдерімен ашық диалог 18.04.2025
«Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Ақтөбе облысында прокуратура органдары, әкімдік және «Атамекен» өңірлік палатасы өкілдерінің кәсіпкерлермен кезекті кездесуі өтті.Кездесу барысында отандық тауар өндірушілерді қолдау, электр энергиясы тарифінің көтерілуі, мемлекеттік сатып алуға қатысты және басқа да мәселелер көтерілді.Жиын барысында облыс прокуроры Марат Әбішев прокуратураның бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.Сондай-ақ, ол әкімдікпен, прокуратурамен, «Aтамекен» кәсіпкерлер палатасымен және уәкілетті органдармен тікелей іскерлік диалогты дамытудың оң үрдісін атап өтті.Өңір әкімі мен облыс прокуроры кәсіпкерлерді жеке қабылдады.Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелерді облыс прокуратурасы қарауға қабылдады.Бизнес құқығын қорғау жұмыстары жалғасуда. #Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП #ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/978890?lang=kk
Франция Елшісі ШҚО музей-қорығына барды 18.04.2025
12-13 сәуір аралығында өткен «UbiFrance» кинофестивалі аясында Өскемен қаласына Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге мырза келді. Қаланың мәдени көрікті жерлерімен танысу барысында Франция елшісі Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығында болып, «Біз – Қазақстан халқымыз» тұрақты экспозициясымен және Шығыс Қазақстан шеберлерінің шығармашылығын көрсететін екі көркемөнер көрмесімен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/978889?lang=kk
Депутаттар мен қала тұрғындарының назарына 18.04.2025
Депутаттарменқалатұрғындарыныңназарына.2026жылғы31маусымдасағат15.00-де Өскеменқалалықмәслихатыныңкезектен тыс сессиясы өтеді (Пермитин көшесі,17,конференц-зал).Ұсынылатын күн тәртібі:1) «Өскемен қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 40/3-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;2) Өскемен қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді бекіту туралы;3) «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 6/5-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;4) «Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 6/6-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Төменде сессияның онлайн трансляциясын көруге арналған сілтеме берілгенhttps://instagram.com/maslihat_oskemen?igshid=MzNlNGNkZWQ4Mg==Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1238929?lang=ru
Ғашықтар күніне арналған көрме-жәрмеңке 18.04.2025
12 сәуір күні ШҚО музей-қорығының Қ.Қайсенов атындағы этнобағында XIII-XIV ғасырлардағы қазақ эпосының кейіпкерлері «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Ұлттық ғашықтар күніне арналған Өскемен қаласының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке және мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, қызықты викторинаға қатысты, сондай-ақ, естелікке қолөнер кәдесыйларын сатып алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/978882?lang=kk
Афины қаласында Қазақстан Елшісінің грек жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесуі өтті 18.04.2025
Афины, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігінде Грекияның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен Қазақстанның Елшісі Тимур Сұлтанғожиннің дәстүрлі кездесуі өтті.Кездесу барысында дипломатиялық миссияның басшысы студенттерді Қазақстан мен Грекия арасындағы екіжақты қатынастар тарихымен, Қазақстан Елшілігінің Афина қаласындағы қалыптасу кезеңдерімен, сондай-ақ еліміздің өңірдегі және Грекиямен сыртқы саяси және экономикалық ынтымақтастығының өзекті басымдықтарымен таныстырды.Елші жастарды елдің стратегиялық ресурсы ретінде атап өтіп, Қазақстан Президенті мен Үкіметінің жас ұрпақтың әлеуетін дамытуға айрықша мән беріп отырғанын атап көрсетті. Осыған орай, ол студенттердің оқып жатқан мамандықтары, тұрмыс жағдайлары, бейімделу үдерісі мен болашақ кәсіби жоспарлары туралы сұрады.Сондай-ақ шетелде оқып жатқан қазақстандық студенттердің күнделікті кездесетін мәселелері талқыланды. Елші әрбір студенттің мемлекет тарапынан қолдауды сезініп, өзін біртұтас ұлттық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылдауының маңыздылығын атап өтті. Ол Елшіліктің әрдайым студенттердің өтініштерін қарауға дайын екенін және қажетті қолдау көрсетуге әзір екенін айтты. Бұдан әрі – Елшілік жастармен тұрақты кездесулер өткізу дәстүрін жалғастыратын болады.Кездесу соңында ең белсенді және үлгілі студенттерге Елшілік атынан Алғыс хаттар табысталды. Бұл марапат олардың студенттік қауымдастықты дамытуға, мәдени іс-шараларға белсенді қатысуына және шетелде қазақстандық мәдениетті ілгерілетуге қосқан үлесін мойындау мақсатында берілді.«Сіздер шетелде жүріп, мәдени дипломат, өз еліңіздің Елшісі болып табыласыздар. Сіздер грек азаматтарына еліміздің тарихы мен дәстүрлерін таныстыра отырып, Қазақстанның келешегі мен қазақстандық жастардың әлеуетін паш етесіздер», – деді Тимур Сұлтанғожин.Кездесу қатысушылары көрсетілген қолдау мен ықылас үшін ризашылықтарын білдіріп, Елшілік бастамалары мен алдағы іс-шараларына қатысуға қызығушылық танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/978881?lang=kk
Күш пен ар-намыс жолы: Азия чемпионы Аида Әбікеева ұландықтармен кездесті 18.04.2025
Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде ерекше іс-шара өтті. Ұландықтар Азия чемпионы, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аида Әбікеевамен кездесті.Іс-шараның басты мақсаты — жас сарбаздарды ынталандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және патриоттық рухты нығайту болды. Спорттағы елеулі жетістіктерінің арқасында елдің мақтанышына айналған Аида Әбікеева өзінің кәсіби спорттағы жарқын нәтижелерімен бөлісу және жетістіктері арқылы жауынгерлерді жігерлендіру үшін әскери бөлімге арнайы келді.Өз сөзінде Аида жеңіске жетудегі табандылықтың, тәртіптің және еңбекқорлықтың өзектілігін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, спорт пен өмірдегі сәттіліктің кілті — адалдық пен қажырлы еңбек.Еске сала кетейік, бұған дейін Аида Әбікеева Сербияда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын. Ол Қарағанды бокс мектебінің тарихында тұңғыш рет осы атаққа ие болды.Кездесу барысында ұландықтар үлкен қызығушылықпен чемпионға көптеген сұрақтар қойды. Әскерилер спортшының күн тәртібіне, жаттығу процесінің ерекшеліктеріне және жарыстарға дайындығына ерекше назар аударды. Чемпион сарбаздардың әскери қызметінің маңыздылығын айтып, оларға сәттілік тіледі.Іс-шара соңында әскери бөлім қолбасшылығы атынан Аида Әбікееваға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/978878?lang=kk
KazAID қолдауымен Қазақстаннан Ауғанстанға 36 гуманитарлық көмек вагоны келіп жетті 18.04.2025
KazAID қолдауымен Қазақстаннан Ауғанстанға 36 гуманитарлық көмек вагоны келіп жеттіМемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жолдап отыр. Ауғанстанның Балх провинциясындағы Хайратон станциясында гуманитарлық жүк ауған тарапына берілді. Темір жолмен жеткізілген жүктің жалпы көлемі 2,2 мың тонна. Бұлар өсімдік майы, бидай ұны, күріш жармасы, қысқы және жазғы шатырлар, көрпелер. Зәру дәрілік заттар бар гуманитарлық көмектің бір бөлігі әуе көлігімен жіберілмек. Гуманитарлық көмек «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің жәрдемімен көрсетілді.Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасов атап өткендей, Қазақстан ауған халқын қолдауды жалғастырып, екі ел арасындағы достық, сауда-экономикалық байланысты дамытуды дәйекті түрде қолдайды. Тек гуманитарлық қана емес, тау-кен өнеркәсібі, көлік, логистика мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын.21–23 сәуір аралығында вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Кабулға барады. Сапар шеңберінде Ауғанстанның ресми тұлғаларымен кездесулер, қазақстандық тауарлардың көрмесін өткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/978871?lang=kk
Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру ерекшеліктері 18.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 343 бабы бойынша он алты жасқа толмаған жеке тұлғалардың – он алты жасқа толмаған жеке тұлғаларды алып жүретін (ата-анасының, осы тұлғаларды асырап алушылардың, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының бірі, оны алып жүретін өзге де тұлға не алып жүретін тұлғалар болмаған кезде тасымалдаушының өкілі, ал ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары немесе қамқоршылары алып жүрмей, кәмелеттік жасқа толмаған адамдар тобының ұйымдасып шығуы (кіруі) кезінде – топ жетекшісі не тасымалдаушының өкілі) жеке пайдалануға арналған тауарлардың декларанттары бола алатынын хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/979410?lang=kk
Маңғыстауда бұл көктем бұрынғыдан өзгерек 18.04.2025
Маңғыстауда бұл көктем бұрынғыдан өзгерек Наурыз-сәуір айларындағы елеулі оқиғалар 22 наурыз күні Маңғыстауда әлемдік рекорд орнады. Ұлыстың ұлы күні қазақтың ұлттық киімін киген 5000 адам жиналып, «Қазақ ұлттық киіммен ең көп адам жиналысы» номинациясы бойынша Гиннесс рекордын орнатты. 23 наурыз күні 2018 жылдан бері жұмысы тұралап қалған Бейнеу астық терминалы қайта іске қосылды. 5 сәуір күні Маңғыстауда «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. 10 сәуір күні Құрық теңіз портындағы Саржа терминалының айлағында құрғақ жүк тасымалдауға арналған жаңа кеме суға жіберілді. 13 сәуір күні Маңғыстау облысындағы «Бозжыра» шатқалында визит-орталықтың алғашқы қазығы қағылды. 14 сәуірде Мұнайлы ауданындағы «Маңғыстау» теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары басталды. Сондай-ақ, «Шетпе» және «Бейнеу» вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/978805?lang=kk
Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың талдау бағыты бойынша жұмыстары жалғасуда 18.04.2025
2025 жылдың 17 сәуірінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі саласында мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың талдау бағытында құрылған жұмыс тобының жетекшісі, Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.Мендалиевтің төрағалығымен жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыс барысында Департамент басшысы талдау аясында атқарылатын жұмыс бағыттарын түсіндіріп, өткен кезеңде жүргізілген талдау қорытындысымен енгізілген бірқатар ұсыныстарды таныстырды.Жұмыс тобының мүшелеріне сәуір-мамыр айларында талдаудың екінші кезеңін жүргізу үшін өңірімізге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі саласының «Телекоммуникация, пошта байланысы және жасанды интеллект, инновация, электронды өнеркәсіп және сандық активтер» бағыттары бекітілгендігін атап, талдау жүргізудің алгоритмі түсіндірілді.Сонымен қатар, бюрократиялық проблемаларды (жоғарыда аталған салалардың министрліктерінде және үйлестіруші жергілікті атқарушы органдарда артық немесе реттелмеген функциялар, шешім қабылдау процестерінің күрделілігі, басқару құрылымының теңгерімсіздігі, жекеленген әкімшілік процедуралардың шамадан тыс рәсімделуі, ақпараттық жүйелер интеграциясының жеткіліксіздігі және басқалар) анықтау, оларды шешу жөнінде ұсыныстарды сапалы әзірлеу туралы толық ақпарат берілді.Департамент басшысы атқарылатын жұмыс бағыттарының маңыздылығын айтып, мекеме басшыларын талдау жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.Отырыс барысында қатысушылардың пікірлері тыңдалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.Алдағы уақытта талдау жұмыстарының нәтижесінде қалыптастырылған сапалы кейстер Агенттікке белгіленген мерзімде жолданатын болады.Сондай-ақ, егер жоғарыда аталған бағыттарда немесе қызмет барысында бюрократиялық кедергілерге тап болсаңыз, не Қазақстан Республикасының азаматы ретінде аталған салалар бойынша ұсыныс, пікірлеріңіз болса Департаментке ауызша немесе жазбаша түрде хабарлай аласыздар. Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1.Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70 56 36; 8 (7242) 70 00 40.Электрондық пошта: n.suleimenov@kyzmet.gov.kz Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері агенттігініңҚызылорда облысы бойынша департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/978801?lang=kk
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінде Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің өкілдерімен кездесу өтті 18.04.2025
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінде Кеңес Төрағасы Д. Малахов Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі басшысының міндетін атқарушы Ю. Фенопетовпен кездесті.Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ЕҚЫҰ жобасы аясында алдағы бірлескен іс-шараларды талқылау.Кездесу барысында сот жүйесіне кадр даярлау мәселелеріне, соның ішінде болашақ судьяларға арналған қарқынды құқықтық оқыту курстарын ұйымдастыру және өткізуге ерекше назар аударылды.Өз сөзінде Кеңес Төрағасы Д. Малахов Кеңестің ашықтық қағидаттарына бейілділігін, судьяларды іріктеу және оқыту рәсімдерін жетілдіру бағытындағы ұстанымын, сондай-ақ кадр саясатының сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттырудағы маңызды рөлін атап өтті.Ю. Фенопетов Жоғары Сот Кеңесімен бұрыннан қалыптасқан жемісті ынтымақтастықты атап өтіп, жобаны іске асыруға тартылған команда мүшелерін таныстырды.Кездесуге Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Е. Бегалиев пен А. Айтуарова, Кеңес Аппараты басшысының орынбасары Л. Кұрмантаева, Аппараттың сот білімін дамыту және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі А. Қайжақпарова, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының директоры М. Әбілова, сондай-ақ ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің ұлттық құқықтық үйлестірушісі Е. Оралова мен жобаның әкімшісі А. Тажанов қатысты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен нығайтуға өзара мүдделіліктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/978774?lang=kk
«БИART» заманауи би өнерінің облыстық байқауы өтті 18.04.2025
2025 жылғы 16 сәуірде Степногорск қаласында облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы «Горняк» орталық мәдениет сарайымен бірлесіп, «БИART» заманауи би өнерінің облыстық байқауын өткізді.Байқаудың басты мақсаты – облыстағы заманауи би өнері саласындағы жарқын, ерекше талантты ұжымдарды анықтау және орындаушылық шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу. Аршалы, Атбасар, Бурабай, Бұланды, Ерейментау, Зеренді, Қорғалжын аудандары мен Степногорск, Қосшы, Көкшетау қалаларынан келген 14 көркемөнерпаз хореографиялық ұжымның әрқайсысы қазылар алқасына джаз-модерн, модерн, неофолк, афро-джаз және т.б. стильде 2 заманауи би ұсынды. «БИАРТ» заманауи би өнерінің облыстық байқауына қатысқаны үшін ұйымдастыру алқасының дипломымен «Үркер» би ансамблі (Қосшы қаласы), «DANCEBAZE» би ұжымы (Зеренді ауданы), «Фламинго» халықтық би ансамблі (Қорғалжын ауданы), «Эксклюзив» хореографиялық ансамблі (Степногорск қаласы), ««Радуга» халықтық би ансамблі (Степногорск қаласы), «Кудесники» би театры (Степногорск қаласы), «ANGELS» үлгілі заманауи би студиосы (Қорғалжын ауданы), халықтық би ансамблі «Ритм» (Бұланды ауданы) марапатталды. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Бас жүлдеге Ерейментау ауданынан келген «STORIES» би студиясы ие болды. Бірінші орынды Аршалы ауданынан «Мираж» халықтық би ансамблі иеленді. Жүлделі екінші орынға екі ұжым ие болды – «Viva dance» үлгілі би ансамблі Бурабай ауданы және «Импульс» үлгілі заманауи би ансамблі Көкшетау қаласы. Атбасар ауданынан «Молодость» халықтық би ансамблі және Степногорск қаласынан ««Счастливое детство» үлгілі хореографиялық ұжымы ұжымдары үшінші орынды місе тұтты. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/978773?lang=kk
Қазақстандық оқушылар АҚШ-та робототехника бойынша әлем чемпионатында ел намысын қорғап жатыр 18.04.2025
Қазақстаннан жеті команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship атты мектеп оқушыларына арналған ең беделді инженерлік жарысқа аттанды. Олардың қатарында қарағандылықтар да бар.Байқауға қатысушының ең кішісі — небәрі 6 жаста, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Биыл чемпионат 110 елден келген 50 мыңнан астам жас инженер мен өнертапқыштарды біріктірді. 2025 жылғы маусымының тақырыбы — суасты әлемін зерттеу және қорғау.Биыл Қазақстан бұл байқауға бұрын-соңды болмаған ауқымда — бірден 7 командамен қатысып отыр. Жолдаманың көбеюі — еліміздің мектеп робототехникасының халықаралық беделі артып келе жатқанын көрсетеді.«Біздің командалар — маусымның басты фавориттері. Қазақстанның қоржынына тағы да жүлделер мен жеңістер қосылады деп үміттенеміз», — деді USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионаты — Almaty Tech Cup нәтижесінде іріктелді. Ел атынан қатысып жатқан командалар: Atlantis — «Сатурн» мектебі, Павлодар қаласы; PID — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Cristabol — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Skillset — «Skillset» мектебі, Астана қаласы; JelToqSun және Rasslexx — «Мұрагер» мектебі, Қарағанды қаласы.Айта кетейік, Қазақстан — FIRST GLOBAL робототехникасынан 190-нан астам ел қатысатын әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы (Женева (2022), Сингапур (2023), Афина (2024).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/978725?lang=kk
