Қоғам
Заңның 68-бабының 1-1), 1-2), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген отбасының әрбір мүшесі үшін тұрғын 18.04.2025
Заңның 68-бабының 1-1), 1-2), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген отбасының әрбір мүшесі үшін тұрғын үй алуға өтініш бергенге дейін соңғы он екі айдағы жиынтық орташа айлық табысы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген коэффициенті мүгедектігі бар балаларға қолданылмайдымемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарғажалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар есепке қойылады.Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978466?lang=kk
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж. 18.04.2025
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және:1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;2) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;3) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978456?lang=kk
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" 18.04.2025
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымша "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағына сәйкес көрсетілген құжаттардың тізбесін жолдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978444?lang=kk
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының 18.04.2025
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978436?lang=kk
Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының 18.04.2025
Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2 бабының 9-2) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібін айқындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978434?lang=kk
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібі 18.04.2025
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сәйкестігі тұрғысынан "Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Ақпараттық жүйе) арқылы көрсетілген қызметті алушының тұрақты тіркелуде болуын, санатқа тиесілігін растау, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін кірісінің болуын, меншік құқығында оған тиесілі тұрғын үйдің Қазақстан Республикасы бойынша бар-жоғын, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғанын тексереді. Мәліметтерді жаңарту, өзгерту немесе толықтыру үшін өтініш беруші порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті, сондай-ақ Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттарды негіздер туындаған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама алған сәттен бастап ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978425?lang=kk
Светофор нысандарын жаңарту жұмыстары туралы 18.04.2025
2025 жылғы 17-21 сәуір аралығында Баймағамбетов-Назарбаев қиылысында екі бағдаршам объектісін жаңғырту жүргізілетін болады. Жол қозғалысына қатысушылардан осы жол учаскесінде өте мұқият және сақ болуын сұраймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/978422?lang=kk
Қазақстан Елшісі Солтүстік Македонияның бұрынғы президентімен кездесті 18.04.2025
Скопье, 2025 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македонияның бұрынғы президенті (2009-2019 жж.) Георге Ивановпен кездесті.Кездесу барысында Елші Г.Ивановты еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ Қазақстан-Македония ынтымақтастығын кеңейту перспективаларымен таныстырды.С.Бұршақов Қазақстанның жыл сайынғы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу жөніндегі бастамасына ерекше назар аударды. Съездің 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен қатысушылары туралы айтты.Президент Г.Иванов Астанада 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитіне қатысу үшін және 2012 жылы мемлекеттік сапармен болғанын жылы шыраймен еске алып, Қазақстанның Скопьедегі Елшілігінің ашылуын құптады және Солтүстік Македонияда Қазақстан Достары қоғамын құру идеясын қолдады.Саясаткер өзі басқаратын Өркениеттер Альянсы халықаралық орталықтың (ICAC) қызметі, оның маңыздылығы мен әлеуеті туралы айтты. Өз басқаратын қордың жұмыс бағытын ескере отырып, Г.Иванов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі жұмысының практикалық аспектілеріне қызығушылық білдірді.Кездесу соңында бұрынғы президент Г.Иванов Қазақстанға тұрақтылық, қоғамдық келісім және одан әрі өркендеу тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/978369?lang=kk
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында салтанатты шара өтті 18.04.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Панфилов ауданының құрметті азаматы Бұлдыбай Анарбай Сағиұлының қатысуымен «Кітапханаға кітап сыйла» атты игі бастама аясында кітапхана қорына кітаптарды сыйға тарту салтанатты шарасы өткізілді. Шараның мақсаты – қоғамда кітап оқуды насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және кітапхана қорын жаңа басылымдармен толықтыру болып табылады. Бұлдыбай Анарбай Сағиұлы кітапхана қорына өзінің ғылыми және көркем шығармаларын, сондай-ақ бірқатар құнды 200-ге жуық әдебиеттерді тарту етті. Салтанатты іс-шараға әдебиет және мәдениет саласының көрнекті өкілдері қатысты. Атап айтқанда, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әли Ысқабай, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, жазушы Нұрила Бектемірова, балалар жазушысы, Көксу ауданының құрметті азаматы Жұмабала Балақаранова, айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жангелді Немеребай қатысты. Кездесу барысында қатысушылар кітаптың қоғамдағы рөлі, жас буынның әдебиетке деген қызығушылығы, қазіргі қазақ әдебиетінің бағыт-бағдары төңірегінде пікір алмасып, шығармашылық және мәдени мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды. «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында өткізілген бұл шара – рухани мұраны насихаттауға, кітап оқуды қолдауға және ұлт мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде жоғары бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/978354?lang=kk
«Зияткерлік меншік: AI пен креативті индустриялар дәуіріндегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия туралы 18.04.2025
2025 жылғы 29 мамырда Астана қаласында өтетін Астана халықаралық форумы аясында «Зияткерлік меншік: AI пен креативті индустриялар дәуіріндегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өткізіледі.Панельдік сессия барысында зияткерлік меншікті құқықтық реттеудегі заманауи үрдістер, тиімді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларының авторлар мен жасаушылардың құқықтарына әсері талқыланатын болады.Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Тан Дарен, Еуразиялық патенттік ведомствоның президенті Григорий Петрович Ивлиев, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Қытай Халық Республикасы Ұлттық зияткерлік меншік басқармасының өкілі СЮ Цзянь мәлімделді.БАЙЛАНЫС:Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметіТелефон: +7 (7172) 74-06-21Электрондық пошта: a.lurova@adilet.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/978348?lang=kk
Балқаш қаласының білім беру ұйымдары басшыларына арналған семинар 18.04.2025
Қарағанды облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы, еңбек инспекторы Саягүл Еркебекова облыс білім басқармасымен бірлесе ұйымдастырған Қарағанды облысының білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы өткізген семинар-кеңеске қатысты.Өз сөзінде Саягүл Еркебекова ұжымдық келісім-шарттардың маңыздылығын ғана емес, сонымен қатар олардың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін, педагогтардың құқықтарын қорғаудан бастап, еңбек жағдайларын жақсартуға дейін нақты көрсетті. Ол ұжымдық келісім-шарттың тек формальдылық емес, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы баланс орнатуға көмектесетін тірі механизм екенін атап өтті.Семинар қатысушылары әрбір мысалға зор назар аударып, сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Көптеген адамдар ұжымдық келісім-шарттардың мүмкіндіктеріне жаңаша көзқараспен қарап, оларды еңбек ұжымдарын дамыту мен қолдаудың қуатты құралы ретінде бағалайтындарын айтты.Мұндай семинарлар тек тәжірибе алмасу орны ғана емес, сондай-ақ оң өзгерістерге әсер ететін катализаторға айналады — дәл осында жаңа идеялар қалыптасып, бастамалар туындап, білім беру саласындағы еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беретін серіктестік қатынастар құрылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/978346?lang=kk
Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары кейбір мәселелері туралы 18.04.2025
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 404-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік бақылаудың тұрақты аймақтарынан тыс жерлерде тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды, жүк және өзге де операциялар жасауды жүзеге асыру мақсатында аумақтық органның лауазымды тұлғасының қызметтік жазбасы, оның ішінде еркін түрде жасалған мүдделі тұлғаның өтініші негізінде мемлекеттік кірістер органдарының басшылары немесе оның орынбасарлары уақытша кедендік бақылау аймағын құру туралы шешім қабылдайды.Аумақтық орган өтінішті аумақтық органда тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.Уақытша кедендік бақылау аймағын құру мерзімін белгілеу 24 сағатты құрайды. Қызметтік жазбаның негізінде мерзім тағы 24 сағатқа дейін ұзартылуы мүмкін.Тауарларды теміржол көлігімен тасығанда жеткізетін бекетте кедендік бақылау аймағы болмаған жағдайда оны құру туралы шешім қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен аспайтын уақытша кедендік бақылау аймағы құрылады."Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 502-бабының 4-тармағына, 509-бабының 5-тармағына, 516-бабының 4-тармағына сәйкес, уақытша сақтау қоймасы, ашық және жабық типті кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайлар және ашық алаңдар:- тауарлардың сақталуын және тауарларға қатысты өкілеттіліктері жоқ Қойма қызметкерлері болып табылмайтын не осындай өкілеттіктері бар тұлғалардың өкілі болып табылмайтын оларға бөгде тұлғалардың рұқсатының болмауын;- осы тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге орналастырылады, жайластырылады және жабдықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/978329?lang=kk
Мамыр айында әлеуметтік нысандардың бірқатары пайдалануға беріледі 18.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралап, алдымен «Көрме залы» орталығының құрылыс алаңына барды. Одан кейін нан, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешендегі жұмыспен танысты. Бұл жобаға мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер беріліп, су және кәріз жүйелерін жеткізуге қаржы қарастырылған. Жобаның І кезеңі биыл іске қосылады. Қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы орындалған. Нысанда 30-дан астам жұмысшы еңбек етуде, 10-нан астам техника бар.Сол жағалаудағы жаңа стадионның шығыс және батыс трибуналарының металл конструкциялары орнатылып, қабырғалары мен ішкі бөліктері, сыртқы витраждары қалануда. Жылу, су, электр, желдету желілері тартылуда. Қазіргі кезде футбол алаңын жабдықтау және аумақты абаттандыру жұмыстары қолға алынған.Физика-математика мектеп-интернатында ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Нысанда техникалық жабдықтау мен аумақты абаттандыру қатар жүргізілуде. Құрылыс басында 150 жұмысшы мен 20 техника бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/978294?lang=kk
Қазақстан-жапон дөңгелек үстелі Токиода өтті 18.04.2025
Токио, 2025 жылғы 17 сәуір - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «РОТОБО» жапондық бизнес-ассоциациясы ҚР Жапониядағы Елшілігінің қолдауымен екіжақты экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге арналған дөңгелек үстел өткізді.Іс-шараны ашу барысында Елші Е.Баударбек-Қожатаев қатысушыларды сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективалары туралы хабардар етті.Қазақстан-Жапония экономикалық ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы, «Marubeni» корпорациясының Арнайы кеңесшісі Акира Теракава әлемдік нарықтағы турбуленттілік жағдайында екіжақты сауданың тұрақты деңгейін атап өтіп, жапондық компаниялардың экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүдделілігін растады.Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сыртқы экономикалық қызметті қолдаудағы рөлін атап өтіп, елдің инвестициялық ахуалы және жобалар үшін жағдайдың тұрақтылығына кепілдік беретін қолдау шаралары туралы айтып берді.«РОТОБО» жапондық бизнес-ассоциациясы Бас директорының орынбасары Мики Ваджима жапондық және қазақстандық компаниялардың жан-жақты іскерлік өзара іс-қимыл перспективалары туралы өз көзқарасымен бөлісті. Іс-шараға «MUFG» банкі мен «Sumitomo», «Mitsubishi», «Inpex», «Sojitz», «Toyota Tsucho», «Nissin», «Itochu», «Mitsui» корпорацияларының басшылары мен өкілдері қатысты.Жапонияға сапары барысында қазақстандық делегация Экономика, сауда және индустрия министрлігінде, Сауда-өнеркәсіп палатасында, Сыртқы сауданы дамыту ұйымында және Халықаралық ынтымақтастық агенттігінде тиісті кездесулер өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/978271?lang=kk
Қызметкерлерге семинар өткізілді 18.04.2025
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент және Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма қызметкерлері үшін Әдеп жөніндегі уәкіл МКД басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкеновтың төрағалығымен, «Сенімен Болашақ» АҚҰ Ақмола филиалының басшысы Айгүл Нұрмағанбетованың қатысуымен семинар өтті.Аталған іс-шарада «Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсіту мен жыныстық қудалауды алдын алу» мәселесі қаралды.Қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1221387?lang=kk
Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды 18.04.2025
Алматы облысы әкімінің өкімімен Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.Ғалым Қасымұлы 1967 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданында дүниеге келген, білімі жоғары, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын «Жиделі» ұжымшарының жұмысшысы болып бастаған.Әр жылдары «Қарой» ұжымшарының есепшісі, «Ақдала» күріш ұжымшары бригадирінің көмекшісі, еңбек жөніндегі экономисі, бөлім бастығы, Балқаш ауданы Ақдала ауылының әкімі, Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасының бастығы, Көксу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі, Көксу ауданының әкімі, Алматы облысы жер қатынастары басқармасының басшысы, Балқаш ауданының әкімі, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.2024 жылдың ақпан айынан бастап Алматы облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымында қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/978227?lang=kk
Қалай заңды такси тасымалдаушысы болуға болады 18.04.2025
Буклет по таксиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/978225?lang=kk
Қазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жолдады 18.04.2025
Қабыл, 17 сәуір – «Хайратон» темір жол станциясында (Балх провинциясы), Ауғанстан халқына қазақстандық гуманитарлық көмекті тапсыруға арналған, ресми іс-шара атқарылды.Жалпы көлемі 2,255 кг жүк құрамы, бидай ұны, өсімдік майы, күріш жармасы, көрпе, шатырларды қамтиды.Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Елшілігінің басшысы Ғазиз Ақбасов, Ауғанстанның төтенше жағдайларға қарсы күрес ұлттық агенттігінің халықаралық байланыстар басқармасының бастығы Бурхануддин Хан, сондай-ақ Балх провинциясының әкімшілігі қатысты.Ғ.Ақбасов Қазақстан үкіметінің бауырлас ауған халқына тұрақты көмек көрсетуден тұратын гуманитарлық саясатына адалдығын атап өтті.Ауғанстан тарапы Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына гуманитарлық қолдау және көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, алғыс сөзін сөйлеу барысында Балх провинциясы Төтенше жағдайлар басқармасының өкілі Қазақстан Республикасының ресми билігі тарапынан көрсетілген гуманитарлық көмек көлемі Ауғанстанға осындай қолдау көрсетіп отырған басқа елдерден айтарлықтай асып түсетінін атап өтті.Салтанатты шара барысында қазақстандық тарап Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.Жұманғариннің ағымдағы жылдың 21-23 сәуірі аралығында Кабул қаласына өтетін сапары туралы анонс-ұсыныс жасады.Осы С.Жұманғариннің сапары барысында, гуманитарлық көмектің екінші бөлігі, дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдары беру көзделіп,жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kabul/press/news/details/978205?lang=kk
KazAID төрағасымен халықаралық баспасөз туры аясындағы сұхбат 18.04.2025
KazAID төрағасымен халықаралық баспасөз туры аясындағы сұхбатАстана, 2025 жылғы 14 сәуір - Халықаралық баспасөз туры аясында KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов Әзірбайжан, Бельгия, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның жетекші БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.Әңгімелесу барысында Аркен Арыстанов KazAID қызметінің басым бағыттары, ағымдағы жобалар, сондай-ақ KazAID өз жұмысының тиімділігін қалай бағалайтыны туралы айтты. Тұрақты даму, экология және білім беру саласындағы KazAID бастамаларына ерекше назар аударылды.Сұхбат ашық және сындарлы форматта өтті, KazAID қызметінің халықаралық ынтымақтастығы мен ашықтығын ілгерілету жөніндегі диалогтың маңызды бөлігіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/978128?lang=kk
2025 жылдың 16 сәуірінде Қарабалық кентінде аудандық мәслихат депутаты Ж.С. Карбаева азаматтарды жеке қабылдады. 18.04.2025
2025 жылдың 16 сәуірінде Қарабалық кентінде аудандық мәслихат депутаты Ж.С. Карбаева азаматтарды жеке қабылдады.Тұрғындар Қарабалық кентін абаттандыру мәселелері бойынша жүгінді.Жеке қабылдау барысында барлық сұрақтар бойынша қажетті түсініктемелер берілді.Азаматтарды қабылдау туралы кент тұрғындары алдын ала хабардар етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/978125?lang=kk
