Қоғам
Қазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жолдады 18.04.2025
Қабыл, 17 сәуір – «Хайратон» темір жол станциясында (Балх провинциясы), Ауғанстан халқына қазақстандық гуманитарлық көмекті тапсыруға арналған, ресми іс-шара атқарылды.Жалпы көлемі 2,255 кг жүк құрамы, бидай ұны, өсімдік майы, күріш жармасы, көрпе, шатырларды қамтиды.Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Елшілігінің басшысы Ғазиз Ақбасов, Ауғанстанның төтенше жағдайларға қарсы күрес ұлттық агенттігінің халықаралық байланыстар басқармасының бастығы Бурхануддин Хан, сондай-ақ Балх провинциясының әкімшілігі қатысты.Ғ.Ақбасов Қазақстан үкіметінің бауырлас ауған халқына тұрақты көмек көрсетуден тұратын гуманитарлық саясатына адалдығын атап өтті.Ауғанстан тарапы Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына гуманитарлық қолдау және көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, алғыс сөзін сөйлеу барысында Балх провинциясы Төтенше жағдайлар басқармасының өкілі Қазақстан Республикасының ресми билігі тарапынан көрсетілген гуманитарлық көмек көлемі Ауғанстанға осындай қолдау көрсетіп отырған басқа елдерден айтарлықтай асып түсетінін атап өтті.Салтанатты шара барысында қазақстандық тарап Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.Жұманғариннің ағымдағы жылдың 21-23 сәуірі аралығында Кабул қаласына өтетін сапары туралы анонс-ұсыныс жасады.Осы С.Жұманғариннің сапары барысында, гуманитарлық көмектің екінші бөлігі, дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдары беру көзделіп,жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kabul/press/news/details/978205?lang=kk
KazAID төрағасымен халықаралық баспасөз туры аясындағы сұхбат 18.04.2025
KazAID төрағасымен халықаралық баспасөз туры аясындағы сұхбатАстана, 2025 жылғы 14 сәуір - Халықаралық баспасөз туры аясында KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов Әзірбайжан, Бельгия, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның жетекші БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.Әңгімелесу барысында Аркен Арыстанов KazAID қызметінің басым бағыттары, ағымдағы жобалар, сондай-ақ KazAID өз жұмысының тиімділігін қалай бағалайтыны туралы айтты. Тұрақты даму, экология және білім беру саласындағы KazAID бастамаларына ерекше назар аударылды.Сұхбат ашық және сындарлы форматта өтті, KazAID қызметінің халықаралық ынтымақтастығы мен ашықтығын ілгерілету жөніндегі диалогтың маңызды бөлігіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/978128?lang=kk
2025 жылдың 16 сәуірінде Қарабалық кентінде аудандық мәслихат депутаты Ж.С. Карбаева азаматтарды жеке қабылдады. 18.04.2025
2025 жылдың 16 сәуірінде Қарабалық кентінде аудандық мәслихат депутаты Ж.С. Карбаева азаматтарды жеке қабылдады.Тұрғындар Қарабалық кентін абаттандыру мәселелері бойынша жүгінді.Жеке қабылдау барысында барлық сұрақтар бойынша қажетті түсініктемелер берілді.Азаматтарды қабылдау туралы кент тұрғындары алдын ала хабардар етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/978125?lang=kk
Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеу өтті 18.04.2025
2025 жылғы 17 сәуірде Әділет министрлігі Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Министрліктің қызметкерлері арасында «Қазтест» жүйесі арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу өткізді. Тестілеуге Министрліктің 55 қызметкері қатысты. Тест тыңдалым және оқылым бойынша тапсырмаларды қамтыды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/978090?lang=kk
Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы 18.04.2025
Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақаловтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.Отырыс Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен шақырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXXIV сессиясына дайындық шеңберінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам белсенділері мен жастарды біріктірді.Кеңес барысында ҚХА-ның 30 жылдығына байланысты мәселелер, бірлік пен келісімді нығайтудағы, этносаралық қатынастарды дамытудағы Қостанай облысының жетістіктері мен нәтижелері талқылды.Кеңесте «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальдары табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/978062?lang=kk
Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы 18.04.2025
Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақаловтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтеді.Отырыс Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен шақырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXXIV сессиясына дайындық шеңберінде өткізіледі және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын мерекелеуге орайластырылған.Отырыс барысында ҚХА-ның 30 жылдығына байланысты мәселелер, бірлік пен келісімді нығайтудағы, этносаралық қатынастарды дамытудағы Қостанай облысының жетістіктері мен нәтижелері талқыланады.Кеңес барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальдары табысталатын болады.Өтетін күні: 16 сәуір 2025 жыл, сағат 11.00.Өтетін орны: Облыстық әкімдік, Б корпус, Тәуелсіздік көш. 85, 4 қабат. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/978060?lang=kk
Құрметті СЭҚ қатысушылар! 18.04.2025
Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы Құрметті СЭҚ қатысушылар!Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті танысу үшін «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 02.06.2025ж. № 192 бұйрығын орналастырады.Көрсетілген бұйрықпен Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен, ағаш материалдарының жекелеген түрлерімен (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404. 4406, 4407) шыққан еліне қарамастан, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын 4406910000 "темір жол немесе трамвай жолдары үшін қылқан жапырақты ағаштардан жасалған ағаш шпалдар, өзгелері" және шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ЕАЭО СЭҚ ТН 4401310000 "ағаш түйіршіктері" кодын қоспағанда әкетуге алты айға тыйым салынды.Осы бұйрық 2025 жылғы 12 маусымнан бастап қолданысқа енеді.Қосымша: 4 парақта. Кедендік бақылау басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1018797?lang=kk
Алматыда контрафактілік 186 мың қорап кальян темекісі тәркіленді 18.04.2025
2025 жылғы 10 сәуірде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп тексеру іс-шараларын жүргізді, оның барысында мемлекеттік кірістер органдарында тіркеусіз темекі өнімдерін көтерме саудада өткізу фактілері анықталды. Нәтижесінде 500 миллион теңгеден астам сомаға 186 мыңнан аса қорап кальян темекісі тәркіленді.Мұндай құқықбұзушылықтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды шығу тегі күмәнді темекі өнімдерін сатып алу кезінде сақ болуға шақырады, себебі контрафактілік өнімдер тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне елеулі қауіп төндіреді. Көлеңкелі нарықты азайту және азаматтардың денсаулығын қорғау тек бірлескен жұмыс арқасында мүмкін болады.Темекі өнімдерін таңбалаудың (идентификациялау құралдарының) түпнұсқалығын «NAQTY ONIM» мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Қала тұрғындары акцизделетін өнімді заңсыз өткізу фактілері туралы Мемлекеттік кірістер департаментіне Бөгенбай батыр көшесі, 132 мекенжайы немесе 8 708 765 38 22 телефоны бойынша хабарлай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/978045?lang=kk
Литва ғылым академиясының кітапханасында кездесу туралы 18.04.2025
Вильнюс, 2025 жылғы 16 сәуір – Елші Т. Оразаев және ҚР Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) төрағасының орынбасары М. Ерман Литва ғылым академиясының президенті Ю. Банис, вице-президент З. Дабкявичус және Врублевский атындағы Литва Ғылым Академиясы кітапханасы директорының орынбасары Р. Цицененемен кездесу өткізді.Кездесу барысында Т. Оразаев Үкіметтің Қазақстандағы ғылыми әлеуетті күшейту мақсаты туралы айтты. Өз кезегінде Ю. Банис Литвадағы ғылым саласындағы жағдай туралы ақпаратпен бөлісті. Екі ел арасындағы ғылым, білім, мұрағат және кітапхана істер, сондай-ақ IT-саладағы өзара іс-қимылды нығайту жөнінде жан-жақты пікір алмасу өтті.М. Ерман Литва тарапын ҚР ОСК қызметімен таныстырды, оның ішінде сайлау жүйесіндегі және елдің конституциялық ережелеріндегі жаңартылған ережелерді түсіндірді, сондай-ақ Литва ғылым академиясының кітапханасына Қазақстанға арналған кітаптарды сыйға тартты. Кездесуге қатысушылар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанда жеті мың адамнан тұратын литвалық диаспораның бар екенін атап өтті. Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы бірегей тәжірибесіне, сондай-ақ биылғы 30 жылдық мерейтойын атап өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне ерекше назар аударылды.Елші еліміздің туристік әлеуетіне жеке тоқталып, іс-шараға қатысушыларға литва тілінде Қазақстан туралы туристік журнал-гид табыс етті.Іс-шара барысында Р.Циценене қонақтарды көне қолжазбалармен және әлем картасымен, сондай-ақ кітапханада сақталатын сирек кездесетін кітаптармен таныстырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/978044?lang=kk
IITU-ДЕ ЕКІ ЗЕРТХАНАНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУЫ ӨТТІ 18.04.2025
IITU-ДЕ ЕКІ ЗЕРТХАНАНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУЫ ӨТТІҒылым қызметкерлері күніне орай IITU-де сандық схемотехника және жасанды интеллект салаларында екі жаңа зертхананың салтанатты ашылуы өтті.Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (IITU) екі жаңа зертхананың салтанатты ашылуы өтті:– Advanced cognitive and Artificial Intelligence Research lab (ACAI Lab) – алдыңғы қатарлы когнитивтік технологиялар мен жасанды интеллектке арналған ғылыми-зерттеу зертханасы;– «Компьютерлік инженерия» кафедрасы жанындағы сандық схемотехника зертханасы.Бұл оқиға университеттің ғылыми экожүйесін дамыту, пәнаралық зерттеулерді кеңейту және озық технологияларды білім беру процесіне енгізу жөніндегі стратегиясын іске асырудағы маңызды қадам болды. ACAI Lab – болашақтың интеллектуалдық технологиялары«ACAI Lab» зертханасы «Когнитивтік технологиялар және жасанды интеллект» ғылыми бағытын дамыту аясында құрылды және когнитивтік ғылымдар, машиналық оқыту мен зияткерлік жүйелер тоғысында инновациялық шешімдер әзірлеуге бағытталған.Мұнда нейрожелі архитектуралары, терең машиналық оқыту, когнитивтік модельдеу, адам мен машина арасындағы өзара әрекеттесу және зияткерлік интерфейстер салаларында зерттеулер жүргізіледі. Сандық схемотехника зертханасы – теория мен тәжірибе арасындағы дәнекерСандық схемотехника зертханасы – студенттердің теориялық дайындығы мен инженерлік шешімдерді практикалық жүзеге асыруы арасындағы маңызды байланыстырушы буын болып табылады. Оқу-ғылыми зертхана заманауи жұмыс орындарымен жабдықталған: жеке компьютерлер, осциллографтар, сигнал генераторлары, микроконтроллерлер және бағдарламаланатын логикалық интегралдық схемалар бар. Зертхана аясында студенттер тек іргелі білім алып қана қоймай, сонымен қатар Verilog сияқты аппараттық сипаттау тілдері мен модельдеу құралдарын қолдану арқылы сандық жүйелерді жобалау бойынша практикалық дағдыларды меңгереді.Зертхананың ғылыми-зерттеу тақырыптары кең ауқымды қамтиды: логикалық схемалар мен деректер беру интерфейстерінен бастап, аналогты-сандық және сандық-аналогты түрлендіру, сандық құрылғыларды синтездеу және жобалауға дейін. Оқу процесінен тыс зертханада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ғылыми жобалар жүзеге асырылады, бұл отандық әзірлемелердің халықаралық ғылыми-техникалық аренада ілгерілеуіне ықпал етеді. Инновациялар мен серіктестік – басты назардаЗертханалардың ашылу рәсіміне Алматы қаласының академиялық қауымдастығы мен бизнес өкілдері қатысты: Halyk Bank Алматы филиалы директорының орынбасары Ерген Марат, Ядролық физика институтының ғылым жөніндегі бас директордың орынбасары Нұржан Садуев, сондай-ақ «QazPostDigital» басқармасының бас жобалық менеджері Гүлзат Бекназарова. IITU ректоры Асылбек Исахов бұл зертханалардың ашылуы университеттің халықаралық білім беру және ғылыми стандарттарға сай болуға деген ұмтылысын көрсететінін, әрі келешектің білікті мамандарын даярлауға берік негіз қаланғанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/978008?lang=kk
Заң мен тәртіп: Үлкен Нарын ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар талқыланды 18.04.2025
«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департаментінің Зайсан өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімінің басшысы Роман Хусаиновтың қатысуымен кездесу өтті.Іс-шара мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ аудан жұртшылығының белсенді қатысуымен өтті. Кездесудің басты тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың мәселелері және оны жергілікті жерлерде тиімді іске асыру жолдары болды.Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Роман Хусаинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданыстағы нормаларын егжей-тегжейлі түсіндірді, осы саладағы соңғы жаңалықтарға тоқталды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің өңірлік Картасына енгізілген өзекті мәселелерді белгіледі. Құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктеріне және әрбір азаматтың ашық және адал ортаны қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.Мұндай кездесулер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын нығайту ісіндегі маңызды құрамдас бөлік болып табылады.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/978017?lang=kk
Жеңіс күні қарсаңында Софияда «1941 жылдың жазы» қазақстандық фильмінің көрсетілімі өтті 18.04.2025
София, 2025 жылғы 16 сәуір - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Елшілігі Софиядағы Ресейлік мәдени-ақпараттық орталықта қазақстандық «1941 жылдың жазы» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының өкілдері және болгар киносүйер қауымы қатысты.Елші Виктор Темірбаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның дүниежүзіндегі жалпы жеңіске, әділдік пен бостандықтың салтанатына зор үлес қосқанын атап өтті. Қазақстандық дипломат өскелең ұрпақ үшін керемет батылдық пен шынайы патриотизмнің үлгісі болып табылатын екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы отандастарымыздың жауынгерлік және еңбек ерліктеріне назар аударды. Сондай-ақ В.Темірбаев Жеңіске керемет күш-жігер мен орасан зор құрбандықтардың бағасымен қол жеткізілгенін, атап айтқанда, ол майдангерлердің теңдесі жоқ батылдығы мен мызғымас рухының, тыл еңбеккерлерінің табандылығы мен жанқиярлығының арқасында жүзеге асқанын атап өтті.Режиссер Бекболат Шекеровтың «1941 жылдың жазы» фильмі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы партизандық отрядтармен болған шайқастар туралы баяндайды. Кинокартина Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батылдығымен ерекшеленген және диверсиялық топтарды басқарған көрнекті қазақ қайраткері, лейтенант Ади Шариповтың өмірбаяндық тарихын көрсетеді.Қазақстандық кинокартина болгар аудиториясы мен іс-шараның барлық қонақтарының қызығушылығын тудырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-sofia/press/news/details/977983?lang=kk
Парламентте аумақтық қорғаныс туралы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жүргізілуде 18.04.2025
Парламент Мәжілісі екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» заң жобасына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге ілеспе түзетулер енгізуді қабылдады. Заң жобасы елдің аумақтық тұтастығын қорғауға, жұмылдыру кезеңінде сондай-ақ, соғыс жағдайында және соғыс уақытында оның қорғаныс қабілетін арттыруға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Онда аумақтық қорғаныстың мақсаттары мен міндеттері, Үкіметтің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Президентке есеп беретін мемлекеттік органдардың құзыреттері нақтыланды.Заң жобасында аумақтық қорғаныс жоспарын, оның ішінде ведомстволық бағынысты нысандарды күзету және қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген құқық қорғау органдарының қатысуымен әзірлеудің және бекітудің іс-шаралары мен тәртібі айқындалған.Құжатқа «өзін-өзі қорғауды қалыптастыру», «ерікті» және «аумақтық қорғаныс нысаны» ұғымдары енгізіледі. Мұндай нысандардың тізбесін бекіту жөніндегі құзырет Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға бекітілді.Өзін-өзі қорғау құрылымдарын әскери жағдай кезеңінде және соғыс уақытында жергілікті әскери басқару органдары құрайды. Өз еркімен өзін-өзі қорғауды қалыптастыруға қабылданған Қазақстан азаматтары ерікті болып табылады. Олардың қатарына құрылымды құру кезінде Қарулы күштер қатарына шақырылмаған, жұмылдыруға жататын және жатпайтын адамдар кіреді.Еріктілер елді мекендерді, аумақтық қорғаныс нысандарын күзету және қорғау, қорғаныс құрылыстарын салу, эвакуациялық іс-шараларды жүргізу және басқа да міндеттерді орындауға тартылатын болады. Еріктілердің жеке өзін-өзі қорғау құрылымдары жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін Қарулы күштердің құрамына кіруі мүмкін.Ілеспе түзетулермен Кәсіпкерлік, Бюджеттік кодекстерге және 14 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Түзетулер аумақтық қорғаныс саласындағы тиісті мемлекеттік органдардың құзыреттерін бекітеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/977989?lang=kk
Хабарландыру "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді 18.04.2025
Хабарландыру"Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді"Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" ММ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.Талдауға қатысу мәселелері бойынша "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" ММ ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы Нұрбаева Арайлым Гайдарханқызына 8 (7132) 46-76-61 телефоны бойынша хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/977982?lang=kk
«Benvenuto» немесе «Қош келдіңіз» 18.04.2025
Астана, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Италияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Антонелло Де Риудан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Кездесу барысында тараптар қазақ-итальян стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері мен болашағын талқылады. Екі елдің іскер топтары үшін қолайлы жағдай жасау және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар қатынастардың серпінді әрі тұрақты дамуын атап өтіп, алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін талқылады.Дипломаттар биік деңгейдегі диалогты дамыту көп қырлы қазақ-итальян ынтымақтастығын кеңейтудің маңызды кезеңі болатынына сенім білдірді.Өз кезегінде Италия Елшісі жылы қабылдау үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті дамытуға ниетті екенін растады.Кездесу соңында Р. Василенко А. Де Риуға дипломатиялық миссиясында табыс тіледі.Анықтама: Италия – 2024 жылғы сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі үлесі 14,1% құрайтын Қазақстанның үшінші сауда әріптесі. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы 20 млрд АҚШ долларын құрады (2023 ж. салыстырғанда 24%-ға өсу). 2005 жылдан бері Италиядан Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 7,6 млрд доллар құрады. Қазақстанда энергетика, жаңартылатын энергия көздері, инжиниринг және ауыл шаруашылығы салаларында 270 итальян компаниялары жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/977950?lang=kk
Қонаев қаласында көктем көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарымен басталды 18.04.2025
Көктемнің келуімен Қонаев қаласында ауқымды абаттандыру және көгалдандыру шаралары бастау алды. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер өтіп, ағаштар отырғызылып, ондаған тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылуда.Наурыз айының басынан бастап облыс орталығында санитарлық тазалау мен көгалдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл шараларға коммуналдық қызметтер, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және қала тұрғындары белсенді қатысуда.Қала тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Дархан Батыршаның айтуынша, көктем басталғалы бері Қонаев қаласында жеті рет жаппай сенбілік өткізілген. Оларға үш мыңнан астам адам қатысқан.– Облыстық деңгейде ұйымдастырылған соңғы сенбілікте шамамен 20 тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналды. Іс-шараға 800-ге жуық адам мен 18 арнайы техника жұмылдырылды, – деді бөлімнің бас маманы.Сенбілік Іле өзенінің жағасында орналасқан тарихи ескерткіш – «Таңбалы тас» аумағында да өтті. Мұнда 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды.Тазалықпен қатар көгалдандыру жұмыстары да қарқын алуда. Жоспар бойынша 14 мыңға жуық ағаш, соның ішінде терек, қарағаш және қылқан жапырақты көшеттер отырғызылады. Қазіргі таңда олардың 4 мыңнан астамы қала көшелері мен аулаларына отырғызылды. Алдағы сенбіде 300-дей еріктінің қатысуымен тағы 500 түп ағаш отырғызу жоспарланған.Ағаш отырғызу жұмыстарына алдын ала дайындық мұқият жүргізілуде. «Жасыл қала Қонаев» мекемесінің қызметкерлері топырақты қопсытып, аумақты тазартуда. Бригадир Ержан Бектасовтың айтуынша, негізгі күштер отырғызу учаскелерін дайындауға және абаттандыруға бағытталған.Экологиялық шараға қалалық полиция да атсалысуда. Учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпті қадағалап, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, қажет жағдайда тиісті шаралар қабылдануда. Қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге тастағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.– Қала тұрғындары мен қонақтарын қоқысты бей-берекет жерлерге тастамауға шақырамыз. Қаламыздың тазалығы – баршамызға ортақ міндет, – деп атап өтті учаскелік инспектор Данияр Дәулетияр.Экология мен қоршаған ортаның тазалығы – әр азаматтың жауапкершілігі. Қонаев тұрғындары бұл жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін нақты ісімен дәлелдеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/977890?lang=kk
Маңғыстау облысында ғашықтар күнінде 26 жұп шаңырақ көтерді 18.04.2025
Қазақстанда жыл сайын 15 сәуірде Ғашықтар күні атап өтіледі. Аталған мерекеге орай «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облыстық филиалының АХАТ бөлімдеріне неке қиюға 26 өтініш түсті. Оның ішінде 18-і Ақтау қаласында тіркелген. Ал елімізде бұл күні 500-ден астам шаңырақ құрылды. Айта кетейік, 2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанда жалпы 23 835 неке тіркелген. Маңғыстау облысында жыл басынан 1103 жас жұптар некелерін заңдастырған.Естеріңізге сала кетейік, елімізде неке қиюға өтінішті АХАТ бөлімдері, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы беруге болады. Мемлекеттік органдар өтінішті 1 жұмыс күні ішінде қарайды, ал неке қию рәсімі 15 күннен кейін таңдалған АХАТ бөлімінде өткізіледі. Егер тіркеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, ол автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/978094?lang=kk
Астанада II Орталық Азия медиафорумы басталды 18.04.2025
16 сәуірде Қазақстанның бас қаласында II Орталық Азия медиафорумы басталды.Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдерден журналистер, медиа компания басшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен беделді сарапшылардан тұратын 700-ден астам қатысушы жиналды.Форумның мақсаты – Орталық Азия медиа өкілдері мен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, цифрлық трансформацияның өңірлік ақпараттық кеңістікке әсерін талқылау, сондай-ақ климаттың өзгеруі мен геосаяси тұрақсыздық сияқты жаһандық сын-қатерлерді қарастыру.Форум Орталық Азия елдерінің ақпарат министрлерінің жұмыс бабы бойынша кездесуінен басталды. Спикерлер қатарында – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан салалық ведомстволарының өкілдері және өңірдің негізгі медиа құрылымдарының жетекшілері бар.Іс-шараның ашылу рәсімінде Аида Балаева форумды ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң екенін атап өтіп, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бастамасы арқасында бірлескен медиажобалар жасау мен гуманитарлық байланыстарды нығайту жұмыстары жандана түскенін айтты.«Бүгінгі форум өзекті мәселелерді ашық талқылап қана қоймай, аймақтағы бірлескен ақпараттық жұмыстың ортақ тәсілдерін әзірлей алатын бірегей алаңға айналды. Орталық Азия көшбасшылары деңгейінде ақпараттық саладағы ынтымақтастықты жандандыру мәселесі бірнеше рет талқыланғаны мәлім. Былтыр Астанада өткен Консультативтік кездесуде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен медиаөнімдер жасау туралы бастама көтерді.Қазақстан Орталық Азияның ортақ телеарнасын құру және аймақтың әлеуеті, осы аумақта тұратын халықтардың достығы мен бірлігі туралы хабардар ететін тележобаларды, сондай-ақ біздің халықтарымыздың тарихы мен ерекшелігі туралы танымдық теле-радио бағдарламалар топтамасын дайындау идеясын қолдады.Осылайша, қазіргі уақытта Орталық Азия елдері өңірдегі ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен телеарна мен өңірлік медиаплатформаны іске қосу мүмкіндігін қарастыру үстінде»,– деді министр.Сонымен қатар Аида Балаева Орталық Азиядағы гуманитарлық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Бірлескен медиажобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, Астанада «Euronews»-тің Орталық Азия бойынша өкілдігі ашылды, мәдениет күндері өткізіліп, арналар трансляциясы кеңеюде, креативті индустрия дамып келеді және жалған ақпаратпен күрес жұмыстары күшейтілуде.Сондай-ақ ақпараттық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және медиа саласындағы өзара байланысты дамыту мақсатында бірқатар жобалар талқыланып, жоспарланды. Олардың қатарында – Орталық Азия журналистика академиясын құру, креативті индустрияны дамыту, өңірлік журналистика сыйлығын тағайындау, жаңа тележобаларды іске асыру және өңір елдерінің контентін халықаралық медиаплатформаларда кеңінен таныту мәселелері бар.Форумның түстен кейінгі бөлімінде болашақ ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, жасанды интеллект пен көп деректер дәуіріндегі медиа саласының цифрлық трансформациясы, елдің имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі және басқа да мәселелер қарастырылады.Форум 17 сәуір күні де жалғасады. Екінші күні республикалық және Орталық Азия медиа өкілдері мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған шеберлік сабақтары өтеді. Спикерлер қатарында – Ұлыбритания, АҚШ және Ресейден келген танымал сарапшылар бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/977876?lang=kk
Марқакөл ауданының активімен кездесу: заңдылық пен ашықтыққа баса назар аудару 18.04.2025
«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімінің басшысы Роман Хусаинов ШҚО Марқакөл ауданының активімен кездесу өткізді. Іс-шара мемлекеттік органдар басшыларының және ауданның квазимемлекеттік сектор субъектілері өкілдерінің қатысуымен өтті.Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпаратты қатысушылардың назарына жеткізу болды.Іс-шара барысында Роман Хусаинов мемлекеттік құрылымдардың жұмысында заңдылық, ашықтық және есеп беру қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық деңгейін арттыру азаматтардың сенімін нығайтуға және қоғамда тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға ықпал ететініне назар аударды.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ішкі бақылау жүйесін енгізу және мүдделер қақтығысын болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдері талқылауға қызығушылық танытып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/977875?lang=kk
Белорустық қала көшесі қазақстандық батырдың құрметіне аталған 18.04.2025
Қарағанды турниріне Беларусь делегациясы келді! 16 сәуір күні жеңіл атлетикадан Кеңес Одағының Батыры Қазыбек Нұржановты еске алуға арналған ашық республикалық турнир басталды. Қарағанды облысы Ақтоғай ауылының тумасы Беларусьтің Волковыск қаласын азат ету кезіндегі шайқаста қаза тапты. Біздің жерлесіміз Деречин селосындағы бауырластар зиратында жатыр. Волковычандықтар азат етуші қаһарман Қазыбек Нұржановты ардақтап есте сақтауда. Жыл сайын сол жердегі жергілікті спорт мектебінде қазақстандық жауынгердің құрметіне жеңіл атлетикадан турнир өткізіледі. 2019 жылы Қарағандыдағы жеңіл атлетика манежіне батырдың есімі беріліп, сол жылы оны еске алу құрметіне алғашқы біріншілік өтті.2025 жылы Волковыск қаласындағы сол мектептің спортшылары Қарағандыға турнирге қатысу үшін келді.- Бізді Қарағанды өте жылы қабылдады. Әуежайда бауырсақпен және плакатпен қарсы алды, біз үшін бұл кездесу жағымды тосын сый болды. Қазыбек Нұржановты еске алу турнирі біз үшін дәстүрге айналған. Волковыскте ол 47 рет өткізілді. Оған жауынгер жерленген қала мен кенттің жалпы білім беретін мектептерінің спортшылары қатысады. Біз Қазбек Нұржановты мәңгі жадымызда сақтаймыз: оның құрметіне көше аталған, спорт мектебінде мемориалдық тақта бар, мектептердің бірінің мұражайында қаламыздың қорғаушысының бұрышы безендірілген. Биыл Қарағандыда өткен жарысқа Волковыск пен Гроднодан 10 оқушы қатысуда. Бес жыл бұрын біз мұнда екі рекорд орнаттық және биыл да жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз, – дейді беларуссиялық жаттықтырушы Наталья Мозель.Жалпы, жарысқа ҚР қалалары мен облыстарынан 200-ден астам спортшы және Беларусь Республикасынан келген команда қатысады. Турнирдің рекордшыларына Қазыбек Нұржановтың отбасы ақшалай сыйлықтар табыстайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/977864?lang=kk
