Қоғам
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау 18.04.2025
2025 жылғы 14 сәуір сағат 15:00-де «Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sp/press/news/details/975629?lang=kk
Егер басқа елге ТТЖ кетуге бел байласаңыз – зейнетақы жинағыңызды ұмытпаңыз! 18.04.2025
Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы төлемдерін алу құқығынҚазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да міндетті, міндетті кәсіптік (МЗЖ, МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.Төлем рәсімдеу үшін Қорға құжаттар тапсыру керек. Оның 3 түрлі тәсілі бар: БЖЗҚ-ның кеңсесіне өзіңіз барсаңыз болады;Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өкілі (сенім білдірілген адам) БЖЗҚ кеңсесіне құжаттар топтамасымен жеке өзі жүгіне алады.Қажетті құжаттарды БЖЗҚ облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошталық мекенжайына жіберуге болады.БЖЗҚ сайтында Қорға беру тәсіліне қарай төлемдерді алуға қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. Қордың "Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеруге болады.Құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстанның мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш берген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхатының не уәкілетті қазақстандық орган берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және олардың жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.Егер көрсетілген құжаттар өтініш білдірген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күшінің жойылуына, не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына байланысты жарамсыз болса, БЖЗҚ зейнетақы төлемін құжаттар Қорға қабылданған не түскен күннен бастап10 күн ішінде жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарының төлемі зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болса да, тек сол алушының банктік шотына аударылады. Зейнетақы жинақтары төлемін заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ, сенім білдірілген тұлғаның банк шотына аударуға жол берілмейді. Осылайша, басқа елде тұрақты тұруды рәсімдеуші адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына немесе басқа адамдарға бере алмайды.БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері өтініште көрсетілген алушының банктік шотына тек ұлттық валютада – Қазақстан аумағындағы екінші деңгейлі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттарға аударған кезде; сондай-ақ АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе Ресей рублімен – Қазақстаннан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарға аударған кезде жүзеге асырады. БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/979199?lang=kk
Кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын отандастарымыз «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша тиесілі қаржысын өз бетінше тексере алады 18.04.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын отандастарымыз «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша тиесілі қаржысын өз бетінше тексере алады Ұлттық қордың инвестициялық кірісіндегі валюталық бөлігінің 50%-ы жыл сайын еліміздің азаматы болып есептелетін, 2006 жылы және одан кейін туған балаларға теңдей бөлініп берілетін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы екінші жыл іске асырылуда. 2006-2007 жылдары туған, 2024-2025 жылдары 18 жасқа толған/толатын жас қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-да (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) ашылған нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді. Олар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін пайдалана алады.Қорға Бағдарламаға қатысушылардың заңды өкілдерінен электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында (EGOV Mobile сайты мен ұялы қосымшасында) 2006-2007 жылдары туған балаларына есептелген НЖ туралы ақпараттың болмауы мәселесіне қатысты өтініштердің жиі түсуіне орай, БЖЗҚ кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты Қордың немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурсындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс екенін ескертеді. Осылайша, БЖЗҚ қазақстандық заңнамаға сәйкес нысаналы жинақтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді қоса алғанда, НЖ алушыларға қатысты ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді. НЖ төлемі мен оларды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану тәртібі:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында;- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы №76 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларында;- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақтар төлемдерін пайдалану қағидаларында көзделген.НЖ пайдаланудың қадамдық алгоритмі мынадай сипатқа ие:18 жасқа толған НЖ алушы БЖЗҚ немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында, сондай-ақ БЖЗҚ бөлімшесіне жүгіну арқылы өзінің НЖ сомасын дербес тексере алады.Қосымша мәлімет ретінде, 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды.НЖ алушы (не оның заңды өкілі) уәкілетті оператордың (УО) интернет-ресурсы арқылы УО-ға жүгінеді, НЖ алушының атына АҚШ долларымен банк шотын ашады, НЖ төлеміне онлайн-өтініш береді.УО төлемге өтініш қаралғаннан және мақұлданғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде төлемге өтініштің тіркелгені туралы БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді.БЖЗҚ УО-дан электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде УО-ға өтініште көрсетілген НЖ төлемінің сомасын НЖ алушының атына АҚШ долларында ашылған банк шотына одан әрі есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, аударудан бас тартатыны туралы хабарлайды.НЖ алушы немесе оның заңды өкілі НЖ сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде УО-ға НЖ төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады.УО НЖ алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексеріп, НЖ төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.НЖ алушы (немесе оның заңды өкілі) құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, УО-дағы НЖ төлемінің сомасы БЖЗҚ-ға қайтарылады.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында АҚШ долларымен 10 жыл бойына сақталуы мүмкін. Егер осы мерзім ішінде азамат өзіне тиесілі қаражатты пайдаланбаса, бұл сома БЖЗҚ-да алушының атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Қаражат ҚР Ұлттық банкінің аударым күніндегі ресми бағамы бойынша теңгемен есептеледі. Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген. Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін пайдалануға қатысты уәкілетті операторлар, өңірлер және қосалқы мақсаттар бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/975597?lang=kk
Гонконгтағы Халықаралық шахмат чемпионаты туралы 18.04.2025
2025 ж. 11-13 сәуір аралығында ҚХР Гонконг АӘА-да шахматтан II-ші «SJC Кубогы» халықаралық чемпионаты өтті.Іс-шараға 8 ойыншы қатысты, оның ішінде екі танымал қазақстандық чемпион - Әбілмансұр Әбділхайыр және Жұбан Бигабылов болды.Екі күндік шиеленісті күрестен кейін, «SJC кубогының» абсолютті чемпионы қазақстандық Ә.Әбділхайыр болды, ол жылдам және блиц-шахмат санаттарында 14-ші рет жеңіске жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/975590?lang=kk
Жұмыс кездесуі 17.04.2025
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 23 қазанында «Zoom» платформасы арқылы Әділет департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ж.Ж. Казбаева мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.Кездесу барысында жеке сот орындаушыларының 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелік көрсеткіштеріне қол жеткізу мәселелері қаралды, сондай-ақ сот шешімдерін орындау барысындағы проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.Сонымен қатар, қатысушылар жеке сот орындаушыларының қызмет тиімділігін арттыру, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және атқарушылық іс жүргізуге цифрлық құралдарды енгізу мәселелері бойынша пікір алмасты. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1092936?lang=kk
2025 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚҚА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ӘРБІР ҰЙЫМ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯ АЛУЫ КЕРЕК 17.04.2025
2025 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚҚА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ӘРБІР ҰЙЫМ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯ АЛУЫ КЕРЕКАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/975496?lang=kk
І Республикалық «СҰҢҚАР ЕДІМ ШӨЛДЕГІ, СҰЛТАН ЕДІМ ЕЛДЕГІ» атты Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына арналған дәстүрлі әншілер байқауының Гала-концерті өтеді 17.04.2025
Өтетін орны: Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясыӨтетін уақыты: 2025 жыл, 15 сәуір, сағат 17:00Байланыс телефондары:8 (7282) 32-45-28; 24-34-07КІРУ ТЕГІНАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/975446?lang=kk
«Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері» 17.04.2025
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында алғаш рет «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында қылмыстық істерді қарауға маманданған судьялар үшін дараланған онлайн-курс өтті.Семинар Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың өкімімен бекітілген Сот төрелігі академиясын дамыту Тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылды.Бастама қылмыстық процесті реформалау және алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау тәжірибесін кеңейту жағдайында судьялардың кәсіби құзыреттерін тереңдетуге бағытталған.Оқытуға еліміздің барлық өңірлерінен судьялар қатысты.Бағдарламаның мазмұнды бөлігін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Қосмұратов Ерлан Смадиярұлы және Астана қаласы сотының судьясы Есімова Алма Есімқызы ұсынды.Спикерлер алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізудің негізгі аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, практикалық сын-қатерлер мен құқық қолдану практикасына ерекше назар аударды.Шара кәсіби пікірталас пен тәжірибе алмасудың негізі бола отырып, қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырды. Семинар судьялар корпусының қазіргі заманғы сот төрелігінің сын-тегеуріндеріне сәйкес келетін мамандандырылған оқыту форматтарына жоғары сұранысын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/975433?lang=kk
КОРОЛЬ ХАЛИД УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫМЕН АЛҒАШ РЕТ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ 17.04.2025
КОРОЛЬ ХАЛИД УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫМЕН АЛҒАШ РЕТ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫСауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Global Education Exhibition халықаралық көрмесі аясында Қазақстан мен Таяу Шығыс арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі ашылды. Халықаралық ғылыми және академиялық байланыстарды нығайту мақсатында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ мен King Khalid University арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Салтанатты рәсімге Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков, Король Халид университетінің Президенті Фаллех Р.М. Әл-Солами және Жәнібеков университетінің Басқарма төрағасы – Ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева қатысты.Бұл келісім бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуге, профессор-оқытушылар мен білім алушылардың алмасуын жүзеге асыруға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, халықаралық жобаларды іске асыруға жол ашады. Нәтижелі кездесуде жоғары оқу орындары арасында тарих-дінтану бағытында бакалавриат және магистратура деңгейлері бойынша қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, профессор-оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, сондай-ақ дін тарихы бағытында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері төңірегінде ауқымды келіссөздер жүргізілді. Бұл серіктестік аталған бағыттармен шектеліп қана қоймай, Таяу Шығыс пен Орта Азия арасындағы мәдениетаралық алмасуды жандандырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын стратегиялық әріптестікке айналмақ.Король Халид университеті – Сауд Арабиясындағы ғана емес, бүкіл Таяу Шығыстағы жоғары білім мен ғылымның ірі орталықтарының бірі саналатын жоғары оқу орны. 70 мыңға жуық білім алушысы бар университет қарқынды дамыған инфрақұрылым мен өзекті зерттеулерді жүргізетін ғылыми орталықтарға иелік етеді. Сауд Арабиясының отандық ұлттық рейтингісінде үздік бестікке енеді, ал QS WUR халықаралық рейтингінде 601-орынға тұрақтаған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/975417?lang=kk
Сыр өңірінде тазалық және абаттандыру шаралары жалғасуда 17.04.2025
Аймақта "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы жаппай сенбілік одан әрі жалғасуда. Тазалық шараларына біркісідей қатысқан 110 мыңнан астам еріктілер, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері, қала, аудан және ауыл тұрғындары 3 800 тоннадан астам қоқыс қалдықтарын жинады. Елді мекендердегі 373 сквер мен парк, 152 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 520 әлеуметтік, 732 өнеркәсіп және бизнес,19 су нысанының маңайы мен 3 467 көше бойы тазартылды. Оған 900-ден астам техника жұмылдырылды.Жыл басынан бері облыс аумағына 49 765 түп өңірдің климатына сәйкес келетін, жерсінетін қарағаш, терек және Сыр талының көшеттері егілді.Өңірдің барлық елді мекеніндегі санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/975346?lang=kk
Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобалар сараланды 17.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобалар талқыланған мәжіліс өтті. Оған жауапты сала басшылары, жоба бастамашылары қатысты.Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі жалпыұлттық іс-шараларда ірі инвестициялық жобаларды Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесімен қаржыландыру көзделген.Бағдарламаның мақсаты – АӨК-де жаңа жобалар құру немесе қолданыстағыларды кеңейту. Негізгі бағыты – тауарлы сүт фермалары, ет бағытындағы құс фабрикалары, мал шаруашылығы кәсіпорындары, көкөніс, жеміс сақтау қоймалары, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығы. Жүн мен теріні терең өңдейтін, буып-түю материалдарын өндіретін кәсіпорындарды, тауарлы балық, басқа да су жануарларын өсіретін шаруашылықтарды, қой фермаларын өркендетуге басымдық берілген.Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде 5 жобаға, атап айтқанда, Қызылорда қаласында 2, Арал ауданында 3 жобаға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Биыл тағы 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Аудандардағы әлеуетті жобалардың, яғни 11 жобаның пулы қалыптастырылды.Аймақ басшысы биылға қарастырылған инвестициялық жобаларды 1 мамырға дейін ұсынуды тапсырды. Одан бөлек, 1 шілдеге дейін 2026, 2027, 2028 жылдарға ұсынылатын жобалар тізімін облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына жолдау, республикадан бөлінген қаражатты мерзімінде әрі толық игерілу міндеттелді.«Инвестиция тарту Қызылорда қаласы, аудан әкімдерінің әрқайсының жеке жауапкершілігінде», – деді Н. Нәлібаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/975315?lang=kk
Орман шаруашылығының үздік қызметкері 17.04.2025
2025 жылғы 11 сәуірде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Риддер колледжінің базасында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Орман шаруашылығының үздік қызметкері» облыстық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.Конкурсты ұйымдастырушылар: ШҚО кәсіптік білім беру орталығы, Риддер колледжі.Конкурстың мақсаты - ТжКБ педагогтерінің кәсіби біліктілігін және қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру.Конкурсқа «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.Конкурс 2 кезеңде өткізілді. 1 кезеңде қатысушылар «Еңбекті қорғау», «Қауіпсіздік техникасы», «Орман таксациясының теориялық негіздері» және «Орман шаруашылығының теориялық негіздері» пәндері бойынша теориялық білімдерін көрсетті. «Техникалық құжаттаманы ресімдей отырып, кеспеағаштарды бөлу және таксациялау» тәжірибелік бөлімі «Далалық геодезиялық өлшеулер жүргізу», «Далалық таксациялық өлшеулер жүргізу», «Алынған материалдарға камералдық өңдеу жүргізу» тапсырмаларын қамтыды.Конкурсқа қатысушылар оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық тәсілдерді қолданудағы кәсіби іскерліктері мен дағдыларды, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіптік-педагогикалық лексикаға ие екендігін көрсетті.CIS бағдарламасы бойынша жеңімпаз және жүлдегерлер анықталды:«Алтын медаль» - Янтер Ирина Аликовна, «Риддер колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушысы;«Күміс медаль» - Донковцова Катерина Андреевна, Мокина Марина Фаилевна, «Риддер колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушылары.Жеңімпаз бен жүлдегерлерді құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/975144?lang=kk
Орыс тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы 17.04.2025
2025 жылғы 7 мен 11 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Қарағанды қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасына орыс тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндерінен қатысты.Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері - оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Өскемен қаласындағы №10 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті) Сидоренко Кира марапатталды.ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Дәулетқанов Сырым (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі) марапатталды.Олимпиадаға қатысушылар үшін Қарағанды қаласында спорттық іс-шаралар, психологиялық тренингтер, экскурсиялар ұйымдастырылды.Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/975141?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының 5-6 сынып оқушылары арасындағы волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы 17.04.2025
Оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Өскемен қаласының С. Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебінің базасында 5-6 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті. Жарысқа қалалар мен аудандардың 12 командасы қатысты.Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:Ұлдар арасында:І орын – «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ, Самар ауданы;ІІ орын – «Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы;ІІІ орын – «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Өскемен қаласы.Қыздар арасында:І орын – «Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, Самар ауданы;ІІ орын – «Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы;ІІІ орын – «№ 34 мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы.Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/975139?lang=kk
Экономикалық өсу жөніндегі штабта KEGOC, Қазақтелеком және Самұрық-Энергоның ірі инвестициялық жобалары қаралды 17.04.2025
Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабта Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен еліміздің ірі энергетикалық және телекоммуникациялық операторлары «KEGOC» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық жобалары Қазақстан экономикасының жалпы қосылған құнына (ЖҚҚ) қосқан үлесі тұрғысынан қаралды.KEGOC: ауқымды инфрақұрылымдық жобалар және отандық қамту«KEGOC» АҚ қазіргі уақытта Қазақстан БЭЖ оңтүстік аймағының электр желісін күшейту және Батыс аймақты БЭЖ-бен біріктіру секілді екі негізгі жобаны іске асыруда. Осы жобалар шеңберінде 2025 жылы 66,7 млрд теңгені игеру жоспарлануда. Қаражат құрылыс-монтаждау жұмысына, жабдық сатып алу мен жеткізуге, жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге, т.б. қызмет түріне жұмсаладыKEGOC басқарма төрағасы Нәби Айтжанов атап өткендей, материал мен жабдықтың 92%-ын отандық өндірушілер жеткізеді. Ал қосалқы станцияларды салу кезіндегі жергілікті қамту үлесі 64%-ға жетеді. Демек, бұл жобалар елдің ЖҚҚ-на елеулі үлес қосып отыр деген сөз.Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесін орнықты дамыту үшін «KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруда. Олардың ішінде жалпы ұзындығы 8568,4 шақырым болатын 220-500кВ 95 жоғары вольтты желіні кезең-кезеңімен қайта жаңарту, Қазақстанның оңтүстігіндегі электр энергиясына қажеттілікті жабу міндетін шешуге бағытталған Қазақстан БЭЖ транзиттік әлеуеті мен өткізу қабілетін арттыру жобасы бар. Астананы электрмен жабдықтауды күшейту, Қарағандыда қосалқы станция, Астанадан Қарағандыға дейін 500 кВ ЖК салу, Қарағанды – Жезқазған - Қызылорда – Шымкент 500 кВ ЖК, ұзындығы 800 шақырым Қарабатан ҚС – Бейнеу ҚС – Маңғыстау 500 кВ ҚС желілерін салу арқылы Батыс энергия торабын күшейту. Соңғы кезең 2035 жылға дейін есептелген Батыс аймақты Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру жөніндегі жоба болмақ. Ол Қазақстанның энергетикалық жүйесін тоқайластырып, келешекте Кавказ – Орталық Азия энергетикалық дәлізін іске асыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Жоба «Батыс-Оңтүстік» тұрақты ток желісін салуды көздейді. Барлық жоба жоспарлы іске асыру мерзімінен бұрын орындалуда.Қазақтелеком: 5G және өңірлердегі талшықты-оптикалық құрылыс«Қазақтелеком» АҚ төрт ірі инвестициялық жобаны іске асыруда:- Астанада жасанды интеллект, электрондық үкімет және цифрлық бизнес инфрақұрылымының негізгі элементі, құны 14,28 млрд теңге болатын дата-орталық салу.- 2028 жылға дейін 88 қала мен 128 ауылдық елді мекенді қамтитын FTTH (талшықты-оптикалық құрылыс) желісін орналастыру. Жалпы бюджет – 45,3 млрд теңге.- Құны 65 млрд теңге болатын 5G («Кселл» жобасы) желісін кеңейту. Жоба IoT, телемедицина және ақылды қала тұжырымдамасын енгізу үшін негіз.- ҚР ауылдарында 1,5 мың ауылдық мектепті, 2,1 млн мемлекеттік мекеме мен 60 мыңнан астам абонентті қамтитын 2028 жылға дейін құны 175 млрд теңгені құрайтын АЕМ ТОБЖ 2.0 құрылысы.Самұрық-Энерго: энергетикалық инфрақұрылым салу«Самұрық-Энерго» АҚ 32 инвестициялық жобаны іске асыруда. Оның 14-і өте ірі. Компания сондай-ақ Қонаев, Алатау қалалары мен агломерацияны дамыту үшін Алматы облысында инфрақұрылымдық объектілер салу жобаларын қарастыруда. Іске асыру басталған ірі жобалардың қатарында Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту, Алматы облысында ЖЭО-3-ті қайта жаңарту, Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында ЖЭО, Қызылорда облысында электр станциясын салу, Абай облысында ГЭС, Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және қайта жаңарту және т.б. бар.Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер Ұлттық экономика министрлігіне іске асырылып жатқан бастамалардың ауқымын ескере отырып, оларды ұлғайту жөніндегі ұсыныстармен 2025 жылға арналған барлық үш компанияның жобаларынан ЖҚҚ және негізгі капиталға инвестиция бойынша есептерді дайындауды тапсырды. Сондай-ақ кез келген экономикалық сын-қатер жағдайында тұрақтылықтың негізі ретінде инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы іске асыру қажеттігін атап өтіп, жекелеген компанияларды қарау қорытындысы бойынша штабта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның ел экономикасына қосқан үлесі тұрғысынан экономикалық тиімділігі қаралатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/974997?lang=kk
Қарағанды облысында «Менің Жеңіс тарихым» патриоттық челленджі басталды 17.04.2025
Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Менің Жеңіс тарихым» патриоттық онлайн-акциясы басталып, облыс тұрғындары, оқушылары және жастары әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда. Олар соғысқа қатысқан туыстарының және тыл еңбеккерлерінің суреттерімен белсенді түрде бөлісіп, оларды қысқаша отбасылық әңгімелерімен, естеліктерімен және мұрағаттық суреттерімен жариялауда.Қарағанды қаласының тұрғыны Алия Искакова өзінің атасының өмір баяны туралы қысқаша ақпаратпен бөлісті: «Искаков Ахметжан Искакович Жезқазған облысы, Ақадыр ауданының Өспен кентінде 1920 жылы туған. 1940 жылы әскер қатарына шақырылды. Қоршаудағы Ленинградты босатуға қатысты. Қызы Армияның атқыштар взводында болған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. 1943 жылы соғыста алған контузияға байланысты босатылды. Босатылғаннан кейін кейін мұғалім болып жұмыс істеп, мектепте алгебра, геометрия және физика пәндерінен сабақ берді».Әлеуметтік желінің бір қолданушысы Мөлдір Ерболатқызы атасының ағасы туралы әңгімелеп берді: «Менің атам, Дюсембаев Ершора — ерліктің, намыстың және туған жерге деген адалдықтың үлгісі. 1941 жылдың шілдесінде майданға аттанып, Ұлы Отан соғысының ауыр күндерінде елі мен жерін ерлікпен қорғады. Курск түбіндегі және Харьков үшін шайқастарда асқан батырлық танытқандардың бірі. «Катюша» артиллериялық қондырғысының командирі ретінде жауға қарсы қаймықпай шайқасты. 1943 жылы қазан айында аяғынан ауыр жарақат алғанына қарамастан, рухы сынбады. Оның ерлігі «Даңқ» орденімен, «Отан соғысы» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды».Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарағанды облысынан майданға 45 мыңға жуық адам аттанды. Олардың 18 мыңға жуығы туған жеріне оралмады. Алайда олардың әрқайсысының ерлігі мен жанқиярлығы ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталады.Ерен ерлігі мен қайсарлығы үшін 18 қарағандылық жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ал 6587 сарбаз ордендер мен медальдармен марапатталып, ел тарихында өшпес із қалдырды.«Менің жеңіс тарихым»— бұл жай ғана акция емес, бұл ата-бабаларымыздың ерлігіне деген шынайы құрмет.Бұл бастама арқылы біз әр отбасының жеңіс жолын еске түсіріп, соғыс жылдарындағы батырлық пен табандылықты жаңғыртамыз. Әрбір естелік — бұл ұрпақтар арасындағы байланыс, мақтаныш пен рухтың көрінісі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/974538?lang=kk
Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Салима Салимжанова ойынға тәуелділіктің қоғамға теріс әсерін төмендету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде "Мемлекеттік қызметшілер арасында Лудомания" семинарын өткізді. 17.04.2025
Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Салима Салимжанова ойынға тәуелділіктің қоғамға теріс әсерін төмендету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде "Мемлекеттік қызметшілер арасында Лудомания" семинарын өткізді.Семинарда қатысушыларға лудомания ұғымы, оның жеке өмірі мен жұмысына әсері, сондай-ақ құмар ойындарға тәуелділік белгілері түсіндірілді. Симптомдарды ерте анықтау және қажет болған жағдайда кәсіби медициналық көмекке жүгіну бойынша ұсыныстар берілді.С. Салимжанова мемлекеттік құрылымдарда салауатты және өнімді жұмыс атмосферасын құруға мүмкіндік беретін тәуелділікпен күресте профилактика мен хабардарлықты арттыру негізгі шаралар болып табылатынын атап өтті.Осылайша, өткізілген іс-шара мемлекеттік қызметшілердің психологиялық денсаулығын жақсартудағы және мемлекеттік құрылымдар жұмысының тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/974167?lang=kk
Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады 17.04.2025
Президент Агенттіктің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмысымен танысты. Мемлекет басшысына биылғы бірінші тоқсандағы ведомство қызметінің нәтижелері мен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру жөнінде баяндалды.Асхат Жұмағалидың айтуынша, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 521 қылмыс тіркелген. Атап айтқанда, 257 лауазымды тұлға әшкереленді, олардың 141-і – әртүрлі деңгейдегі басшылар. Сотқа 366 қылмыстық іс жіберілді.Президентке биыл мемлекет пайдасына 15 миллиард теңге өтелгені туралы мәлімет берілді. 2022 жылдан бастап жалпы сомасы 1,13 триллион теңге болатын активтер қайтарылған. Мемлекеттік сатып алу мен қаржының мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу барысында 21,2 миллиард теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.Мемлекет басшысына туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілгені, оның нәтижесі бойынша уәкілетті органға ұсынымдар енгізілгені жайында айтылды.Агенттік төрағасы автокөлік жолдары құрылысында «ақшаны бояу» жобасын іске асыру жөнінде айтты.Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Заң және тәртіп», «Адал азамат» тұжырымдамаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы бастамалар таныстырылды. Әртүрлі форматтағы 3 мыңға жуық іс-шара өткізіліп, оған 450 мыңнан астам азамат қатысты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске асырылып жатыр. Агенттік еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының Академиялық адалдық лигасымен жұмысты қолға алды.Президентке халықаралық ынтымақтастық, соның ішінде ЭЫДҰ және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобымен серіктестік жайында ақпарат берілді. Агенттік Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар қауымдастығымен берік байланыс орнатқан және биылғы ақпан айында аталған ұйымның Атқару комитеті құрамына кірді.Былтыр Transparency international сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне сай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан 40 балға ие болып, 180 елдің арасында 88-орынға тұрақтады.Кездесу соңында Президент еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды одан әрі жалғастыру, тамыр жайған қылмыстық тізбектің жолын кесу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/973969?lang=kk
⚡️ Ауыл шаруашылығы министрлігі Департаменті директорының бұрынғы орынбасары жемқорлыққа күдікті 17.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі Департаменті директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартуға күдікті, ол арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырған.Тергеу жалғасуда.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/wAgqbfbG7_rYIA#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/972457?lang=kk
⚡️ Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды 17.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 31 наурызында Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д. Куконевке, оның орынбасары Ж. Маймановқа және кәсіпкер Б. Жұмашевке қатысты үкім шығарды.Куконев пен Майманов Жұмашевтен өзінің кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 млн теңгені бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар, Куконев «азаматтық қорғаныс полковнигі», Майманов «азаматтық қорғаныс майоры» арнайы атағынан айырылды.Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/u3ayPmmkF7vEZA#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/972451?lang=kk
