Қоғам
🌳«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ 15.04.2025
🌳«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА23.03.2025 жылы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, Қаражиде ауылындағы Абай Құнанбаевтың ескерткішіне қарағай ағаштарының көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/968618?lang=kk
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕДІ 15.04.2025
Шырайлы Шымкент көктемнің сәніне бөленді! Әл-Фараби ауданында түрлі түсті қызғалдақтар жайқалып, қалаға ерекше көрік беруде. Табиғаттың осындай сұлулығы Шымқаланың нағыз гүлдер мекені екенін тағы бір дәлелдеді.Көктемнің басты символына айналған қызғалдақтар көздің жауын алып, тұрғындар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлауда. Бұл – экологиялық мәдениеттің дамып, қала көркіне айрықша мән берілетінінің белгісі.Сіз де осы әсем көріністің куәсі болғыңыз келсе, қаланың гүлге оранған көшелерінде серуендеп, ерекше атмосфераны сезінуге асығыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/968604?lang=kk
ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ 15.04.2025
Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы және «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері бірлесе, кәмелетке толмаған азаматтардың арасындағы және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу, құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз халық көп шоғырланған ойын-сауық орталықтарында жүруін анықтау бойынша рейдтік іс-шарасын өткізді.Іс-шара барысында аудан аумағында орналасқан ойын-сауық орындарында кәмелетке толмаған 16 жасөспірім анықталып, заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды.Сонымен қатар, қадағалаусыз және панасыз ата анасының еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 4 жасөспірімдер «Шымкент қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» орналастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/968601?lang=kk
Қала бойынша жол кедергілері жаңартылуда 15.04.2025
Қала бойынша жол кедергілері жаңартылудаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/968597?lang=kk
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ТОЙЛАНДЫ 15.04.2025
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының атсалысуымен Ұлыстың ұлы күні - «Наурыз мерекесі» Шымкент қаласының «Әл-Фараби» алаңында аталып өтті. Аудан әкімі Р.Мыңбаев аудан тұрғындары мен қонақтарын мейрамдарымен құттықтап, ауданымыздың дамуына еңбегі сіңген азаматтарға «Алғыс хаттар» табыстады.Алаңдағы тігілген киіз үйлерде қонақтарға арнайы дастархан жайылып, бауырсақ, қымыз-қымыран, наурыз-көже, құрт, ірімшік секілді ұлттық тағамдар ұсынылды.Мерекелік іс шарада спорт ойындарынан оның ішінде арқан тартысы, қошқар және гір тасын көтеру, асық ату, қазақша және қол күрес жарыстары өтіп, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты насихаттау мақсатында ұршық иіру, тапаға нан жабу, күбі пісу, келі түйю секілді театрландырылған қойылымдар қойылды.Сонымен қатар, қазақтың ұлттық киімдерінің сән үлгісі мен ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекелік жиынының соңы белгілі әртістердің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/968596?lang=kk
Фастфуд-бұл семіздік пен қатар жүретін аурулардың дамуына әкелетін жоғары калориялы тағам. 15.04.2025
Фастфудтарға шамадан тыс құмарлық қазіргі заманғы тамақтанудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.Фастфудтың зияны неде:✔️ қанттың жоғары мөлшері;✔️калориялардың жоғарлығы;✔️аурулардың ерте дамуы;✔️дәм күшейткіштердің, хош иістендіргіштердің, бояғыштардың аса көптігі.Фастфудты жиі қолдану ас қорыту жүйесінің жұмысына, бауырға және асқазанның қышқылдығына әсер етеді.Фастфуд тәрізді тіскебасар шамадан тыс артық тамақтануға және тамақтану режимнің бұзылуына әкеледі, шөлдеу және тез аштық сезімін тудырады.Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/968582?lang=kk
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕГІ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР 15.04.2025
Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев қала әкімі Ғ.Сыздықбековтың көшпелі жиынында көтерілген маңызды мәселелерін шешу мақсатында тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.Нақтырақ айтқанда, жолдар мен аяқжолдарды жөндеу, ирригациялық жүйені жаңарту, санитарлық тазалық және тағы да мәселелері көтеріліп, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.Бұл жиындар тұрғындар мен басқарушы органдар арасында тығыз байланыс орнатып, бірлесіп жұмыс істеуге және ауданның жалпы ахуалын жақсартуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/968581?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2025 жылғы 7 сәуірде сағат 14-00 де Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2025 жылғы 7 сәуірде сағат 14-00 де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекен-жайында (мәжіліс залы, 108 каб.) Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды.Қаралатын мәселелер:1.Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау және ұсынымдар беру.2.Әртүрлі. Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: (8-7232) 713-195 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/968573?lang=kk
Құрметті қала және оған іргелес кенттердің тұрғындары! 15.04.2025
Құрметті қала және оған іргелес кенттердің тұрғындары! «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыру шеңберінде 3 сәуірден бастап санитарлық тазалауға кірісеміз, ол әр бейсенбі және сенбі күндері ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін жалғасады. Акцияның негізгі мақсаты-қоршаған ортаны таза және жайлы ету. Барлығын абаттандыруға белсенді қатысуға шақырамыз: өз үйлерінің жанында, кіреберістерде, жертөлелер мен аулаларда, меншіктің барлық нысандарындағы мекемелер мен ұйымдарда тәртіп орнату, жеке кәсіпкерлер өздерінің іргелес аумақтарын тазалауды, қоршауларды бояуды және аумақты көгалдандыруды қамтамасыз етуі керек. Жиналған қоқыстарды коммуналдық қызметтердің күшімен шығарылатын жолдар немесе ҚТҚ нүктелері бойымен жақсы байланған қаптарға салу керек.Таза қала-жарқын болашақ! Ортақ іске қосылыңыз және қаламыздың өркендеуіне өз үлесіңізді қосыңыз!Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/968571?lang=kk
Қайырымдылық акциясы. 15.04.2025
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АСЫЛ ҚАСИЕТ «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс. Жайылма ауылы әкімінің аппараты, клуб үйі, Камшат бөбекжай бала бақшасы қызметкерлері ат салысып «Жүрек жылуы» «Игі істер» қайырымдылық марафонын өткізді. Бұл игі істің мақсаты Пендеңнен аямасаң көмегіңді, Құдай сенің береді керегіңді- деп түсінсек болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan-zhaiylma/press/news/details/968569?lang=kk
Шалқар қаласының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жиын өтті 15.04.2025
Қала әкімдігінің мәжіліс залында Шалқар қаласының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жиын өтті. Жиында қала әкімінің орынбасары Қ.Қаржаубай және Аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы М.Симбетов жоспармен таныстырушыларға бірқатар өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс талаптарын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/968558?lang=kk
Таразда әлеуметтік осал топтарға беру үшін пәтерлер коммуналдық меншікке қайтарылуда 15.04.2025
Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады.2024-2025 жылдары прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде азаматтармен заңсыз сатып алынған 13 пәтер мен 2 жер учаскесі анықталды.Қала прокурорының апелляциялық өтінішінің негізінде 3 пәтер бойынша сот актілерінің күші жойылды, оның ішінде 2 пәтер әлеуметтік осал топтарға жататын меншік иелеріне қайтарылды.Құны 16 млн теңгені құрайтын орталықта орналасқан 4 бөлмелі пәтер мемлекетке қайтарылды.Азамат бұл пәтерді қала тұрғынының жазбаша келісімімен сатып алған, кейіннен меншік құқығын тану туралы талаппен сотқа жүгінген, бұл талап бірінші сатыдағы сотпен қанағаттандырылған.Апелляциялық инстанцияда талапкердің пәтерде 7 жыл бойы үздіксіз тұрып жатқанын растайтын құжаттар мен басқа меншік иелерінің сатуға келісімі ұсынылмағаны анықталды.Сонымен қатар, қадағалау актісі бойынша сот қала әкімдігінің жалпы құны 60 млн теңгеге 5 пәтерді иесіз деп тану және оларды коммуналдық меншікке беру туралы талаптарын қанағаттандырды.Аталған пәтерлер кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға берілетін болады.Сондай-ақ, прокурордың актісі мен талап арызы бойынша мемлекетке жалпы алаңы 18 сотық 2 жер учаскесі қайтарылды.Әлеуметтік осал топтардың құқықтары мен мемлекеттің мүддесін қорғау жұмыстары жалғасуда. Жамбыл облысының прокуратурасы#ЗаңменТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/968552?lang=kk
Терроризммен күрес басты міндет 15.04.2025
Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде терроррлық акциялар орын алып, бейбіт тұрғындар қаза болуда.Осыған байланысты, елімізде мемлекеттік органдардың терроризм көріністеріне қарсы тұруға бағытталған дайындығын күшейту өзекті болып отыр.Аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында, Қызылорда облысының аумағында терроризмге қарсы мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру көздейтін 8 командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.Іс-шараны ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығының бөлімі ұйымдастырып, оған Қызылорда облысының аймағындағы облыстық, қалалық және аудандық жедел штабының құрамындағы мемлекеттік органдың қызметкерлері қатыстырылды.Осы ретте, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – жедел штаб мүшелерінің теориялық дайындық деңгейін көтеру, террористік қауіп-қатерлерге қарсы тұру алгоритмдерін біріздендіру және оларды тәжірибеде тиімді қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.Оқу-жаттығу барысында, жедел штаб мүшелерінің терроризмге қарсы операция кезіндегі функционалдық міндеттерін білу деңгейі бағаланып, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен жедел штабтардың қызметін реттейтін бірлескен бұйрықтарды білу деңгейін анықтау мақсатында арнайы тестілеу жүргізілді.Жалпы, өткізілген шара барысында облыс аймағындағы жедел штаб мүшелерінің дайындық деңгейі жоғары екендігі байқалып, функционалдық міндеттерін жетік меңгергені анықталып, терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларын жетілдіру бағытында маңызды қадам болғаны анық. Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/968547?lang=kk
Мөлдір бұлақакциясы 15.04.2025
Өзендердің, көлдердің және жағалаулардың жағалау аймақтарын қоқыстан тазарту бойынша" Мөлдір бұлақ " акциясы аясында Жайылма ауылдық округінде жаппай ауылдық сенбіліктер ұйымдастырылды. Сенбілік барысында өзен және кентішілік су ағындары тазартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan-zhaiylma/press/news/details/968546?lang=kk
«Балалардың терезелер мен балконнан түсуінің алдын алу бойынша шаралар» 15.04.2025
Терезеден құлау - әсіресе қалалардағы балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Балалар ашық терезенің немесе балконның алдында өте осал. Баланың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғаны болдырмау үшін келесі ережелерді ұстану қажет:- желдету кезінде фрамугалар мен желкөздерді ашыңыз. Егер сіз терезені ашсаңыз, оны 10 см артық ашпаңыз.;- балконға ересектерсіз шығуға рұқсат бермеңіз;- бала терезеге шыға алмау үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатып қойңыз;- баланы терезеге қарау немесе балконнан далаға қарау үшін аяқ астына орындықты немесе өзге де құрылғыларды қоюға рұқсат етпеңіз. Кейіннен, осындай жолмен әрекет ете отырып, ол тым қатты сыртқа шығып, терезеден құлап кетуі мүмкін (балконнан);- москит торлары да үлкен қауіп төндіреді: бала қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді тіреледі, нәтижесінде ең кішкентай баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін;- терезелерге арнайы бекіткіштер мен торларды қойыңыз, бірақ егер сіз терезенің барлық өлшеміне торларды орнатсаңыз, онда өрт болған жағдайда оны тез ашу тәсілі болуы тиіс. Тор ілгіштерде ашылып, аспалы құлыппен жабылуы тиіс. Бұл жағдайда құлыпты кілттің өзі еденнен жоғары жерде, терезенің жанында, шегеде ілінуі тиіс. Торларды, бекіткіштерді тек - кәсіби мамандар орнату керек. Шемонаиха ауданының ТЖБАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-razin/press/news/details/969451?lang=kk
ОЙНАЙМЫН ДЕП ОРҒА ТҮСПЕ 15.04.2025
Қоғамда жалған ақпарат тарату – үлкен жауапкершілікті талап ететін мәселе. Қазақта "Ойнаймын деп от баспа" деген сөз бар, бұл әсіресе елді дүрліктіретін жалған шақыртуларға тікелей қатысты. Өйткені жалған қауіп дабылына елдің еті үйреніп кетсе, шынайы қауіп туындаған жағдайда ешкім сенбеуі мүмкін.Ата-бабамыз ертеде елді дүрліктірген адамға ауыр жаза қолданып, батырлар қылышын суырса, оны жауға сілтемей қайта салмайтын болған. Бүгінде де жалған ақпарат берген адам заң бойынша жауапқа тартылады.Жалған шақыртулар екі түрлі болады:Күдік пен қателіктен туындаған шақырту – адам қандай да бір қауіпті оқиғаны байқап, оны нақты растай алмаса да, сақтық мақсатында хабар береді. Мұндай жағдайда арнайы органдар істі егжей-тегжейлі тексереді. Егер күдік негізсіз болғанымен, хабар берген адамның ниеті дұрыс болса, ол заң алдында жауапқа тартылмайды.Қасақана жасалған жалған шақырту – адам саналы түрде қоғамды дүрліктіру үшін немесе өз пайдасын ойлап жалған ақпарат таратады. Мұндай әрекетке барғандар заң бойынша жауапқа тартылады.Елімізде жалған шақырту жасағандар Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Сонымен қатар, жалған терроризм фактілері бойынша материалдық жауапкершілік те қарастырылған.Кейбіреулер өздерін жасыру үшін бөтен телефонды немесе дауысты өзгерту құрылғыларын қолданады. Бірақ, қазіргі технологиялар кез келген адамның дауысын жеке дара анықтай алады. Яғни, қандай айла қолданылса да, құқық қорғау органдары жалған шақырту жасаған адамды тауып, жауапкершілікке тарта алады.Жалған шақыртулар құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда үрей туғызады. Әсіресе, мектептер мен қоғамдық орындарда жалған бомба қойылды деген хабарламалар – бұл жауапсыздықтың көрінісі.Сондықтан әр азамат қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, жалған ақпарат таратудан аулақ болуы керек. Жауапсыздықтың арты үлкен қиындықтарға алып келуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Сәкен Алдашбаев,«Сыр Дидары » газетінің бас редакторыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/968535?lang=kk
Қаламызда су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. 15.04.2025
Шалқар қаласында су тасқынының алдын-алу мақсатында көл жағалауына құм толтырылған қаптар орнатылды. Қаламызда су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/968531?lang=kk
Ұлытау ауданында жаңа учаскелік полиция пункті ашылды 15.04.2025
Ұлытау ауданында жаңа учаскелік полиция пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ішкі істер министрлігінің 2025 жылды "Профилактика жылы" деп жариялауы аясында, бұл жаңа полиция пункті аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Аудандағы қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын күшейту үшін ашылған бұл пункттің маңызы ерекше.Ашылу салтанатына Полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев, аудан әкімі Аманжол Мырзабеков және аудан тұрғындары қатысты. Шара барысында сөз алған Қайыркен Әлиев жергілікті полиция қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті қорғаудағы зор еңбектеріне алғысын жеткізді. Сонымен қатар, 2025 жыл "Профилактика жылы" деп жариялануы полиция қызметінің негізгі мақсаты – қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін атап өтті.Жаңа полиция пункті тек қылмыстың алдын алу үшін ғана емес, аудан тұрғындарымен тығыз байланыс орнатып, олардың пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарының сапасын арттыру үшін де маңызды рөл атқарады. Ғимарат заманауи техникамен жабдықталған және тұрғындарға ыңғайлы қызмет көрсетуге арналған. Мұнда қылмысқа қатысты жедел ақпарат жинау, құқық бұзушылықтармен күресу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар жүзеге асырылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/968528?lang=kk
Құрметті Есік қаласының тұрғындары мен қонақтары! 15.04.2025
Қала ішіндегі жолдарды жөндеу бойынша қазіргі уақытта жұмыстарды орындайтын мердігер ұйымды таңдау үшін конкурс өткізу рәсімдері жүргізілуде. Бұл үдеріс өтінімдерді қарау, ұсыныстарды бағалау және жеңімпазбен келісімшарт жасасуды қамтиды.Барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін және келісімшартқа қол қойылған соң, мердігер жөндеу жұмыстарына кіріседі. Күтудің белгілі бір қолайсыздықтар тудыруы мүмкін екенін түсінеміз және туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.Осы жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз және шыдамдылықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Жөндеу жұмыстарының барысы туралы қосымша ақпаратты кейінірек хабарлаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbekshikazah/press/news/details/968525?lang=kk
Бюджет қаражатын жымқыру фактісі 15.04.2025
Ұлытау облысы прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы қоныс аудару бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Сәтпаев қаласы әкімдігінің ТҚШ бұрынғы басшысы мен басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.Олар қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, іс жүзінде жоқ ғимаратты мемлекеттік мұқтаждық үшін жалған сатып алу арқылы 91 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды деп айыпталуда.Тергеу барысында күдіктілерге қатысты әр түрлі бұлтартпау шаралары қолданылып, олардың мүліктеріне тыйым салынды.07.03.2025 ж. қылмыстық іс сотқа жолданды.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі. #Заң_мен_тәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/968522?lang=kk
