Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

ҚР АШМ және Boehringer Ingelheim Animal Health France жануарлардың аса қауіпті ауруларымен күресте ынтымақтастықты нығайтуда 15.04.2025
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Тәшімов Boehringer Ingelheim Animal Health France өкілдерімен кездесу өткізді. Компания ветеринариялық фармацевтика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі.Қазбек Тәшімов Boehringer Ingelheim-пен ынтымақтастық жоғары сенім деңгейінде құрылғанын және практикалық нәтижелер беретінін атап өтті. 2024 жылы Boehringer Ingelheim мен QazBioPharm қазақстандық компаниясы арасындағы серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Бұл ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі аусылға қарсы вакциналарды өндіру бойынша технологиялар трансферті болады, бұл Қазақстанда да, Орталық Азия өңірінде де локализацияланған инновациялық өндірісті құруға және эпизоотиялық салауаттылықты нығайтуға мүмкіндік береді.Жануарлардың аса қауіпті ауруларымен күресте екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Комитет елдегі Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін күшейту мақсатында бірлескен бастамаларды, оның ішінде қолданыстағы заңнама шеңберінде іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Соңында тараптар ветеринарлық әл-ауқатты нығайтуға және өңірдегі мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, ұзақ мерзімді негізде стратегиялық әріптестікті дамыту ниеттерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/968507?lang=kk
Транко Balkhash ЖШС-мен кездесу 15.04.2025
Қала әкімі “Транко Balkhash” ЖШС ұжымымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді және биылғы жылға арналған жоспарлармен бөлісті. Кездесуге 270 қызметкер қатысты.Кездесудің екінші бөлімінде ашық сұхбат жүргізіліп, жұмыскерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Әр сұраққа жеке тоқталып, нақты жауап беруге тырысты.Осындай кездесулер біз үшін маңызды – халықтың пікірін тыңдап, мәселелерді бірге талқылау ортақ мақсатымызға жетуге көмектеседі. Алдағы уақытта да осындай ашық диалог жалғасады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balkhash/press/news/details/968506?lang=kk
Біздің жастар – терроризмге қарсы! 15.04.2025
Қазіргі таңда терроризм мен экстремизм бүкіл әлем бойынша өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе, жастардың радикалды идеологияның ықпалына түсуінің алдын алу маңызды.Осыған орай, Қызылорда облысында жастар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында кешенді іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылуда.Жыл басынан бері аймақта жастардың діни сауаттылығын арттыру және оларды радикалды идеологиядан қорғау мақсатында түрлі кездесулер, семинарлар мен түсіндіру жұмыстары өткізілді.Аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен мектептер мен колледждерде арнайы іс-шаралар қолға алынды. Бұл кездесулерде экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, оның қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат беріліп, жастардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал жасалуда.Сонымен қатар, шетелде діни білім алудың қаупі және отандық діни білім беру орындарының артықшылықтары туралы үнпарақтар әзірленіп, білім беру ұйымдарында таратылды. Бұл жастардың дұрыс ақпарат алуына және теріс ағымдардың ықпалына түспеуіне көмектеседі.Сондай-ақ, жұмыссыз жастармен және пробация есебінде тұрған жастармен арнайы кездесулер ұйымдастырылып, дін саласындағы мемлекеттік саясат түсіндірілуде. Бұл шаралар олардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға өз септігін тигізуде.Атқарылған іс-шаралар жастарды терроризмге қарсы күресте белсенділік танытуға шақырып, ұлттық құндылықтар мен бейбітшілік идеясын қолдауына ықпал етуде. Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/968500?lang=kk
Бала қауіпсіздігі басты назарда 15.04.2025
Қазіргі таңда мемлекетіміздің негізгі мақсаттарының бірі болашақ ұрпағымыз, балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.Бүгінде әлемде орын алып жатқан түрлі сипаттағы оқиғалар аталған міндетті өзектендіріп отқандығы анық.Осы ретте, ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталығы бөлімімен өңірдегі террористік тұрғыдан осал (бұдан әрі-ТТО) білім беру нысандарының қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.Өткізілген іс-шаралар барысында білім беру мекемелеріне қатысты бекітілген салалық нұсқаулықтардың талаптары түсіндіріліп, қауіпсіздік шараларын күшейту бағытында нұсқаулар берілуде.Сонымен қатар, ТТО нысандарының инженерлік-техникалық жабдықталуы мен күзет қызметінің жұмыстары қарастырылып, оның тиімділігін арттырудың қажеттілігі атап көрсетілген.Сондай-ақ, жиындар барысында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы штабы әзірлеген оқыту бейнематериалдары көрсетіліп, жарылғыш заттардың ықтимал түрлері және террорлық қауіп төнген кездегі алғашқы атқарылатын іс-әрекеттер бойынша жадынамалар ұсынылуда.Аталған бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасып, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстар күшейтілетін болады. Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінді дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/968494?lang=kk
“Күміс жас” іске асырылуына мониторинг 15.04.2025
🔸Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні мансап орталығының маманы Бекешева Гульнур “Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы” шеңберінде Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында “Күміс жас” жобасы бойынша жұмыс жасап жүрген қатысушыларына мониторинг жүргізді.Мониторинг барысында мансап орталығы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы кеңестер берілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-ushtobe/press/news/details/969240?lang=kk
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ІІМ шаралары 15.04.2025
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ІІМ шараларыІшкі істер министрлігі жүйелі түрде азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдап, сондай-ақ қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайту бойынша жұмыстарын жалғастырудаҚазіргі заманғы цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану, жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы кадрлық әлеуетті арттыру қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу ісінде маңызды рөл атқарды.2025 жылдың басынан бастап республика бойынша тәртіп сақшылары 3,7 млннан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның 3,2 млн жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілері. Жол ережесін бұзғаны үшін полиция қызметкерлері 5 417 "мас" жүргізушіні ұстады. Заң бұзған 116 004 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң қабылданды. 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипатта тиісу және өз-өзіне қол жұмсауға үгіттеу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылды. Сонымен қатар балаларды автобустардан түсіруге тыйым салынды. Буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік көзделді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіліп, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 710 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Ішкі істер министрлігінде әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған арнайы бөлімшелер жұмысын бастады.Сондай-ақ әрбір білім беру мекемесіне ювеналды полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен криминалдық полицияның жедел уәкілдері бекітілді. Олар балалар мен олардың ата-аналарына құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді.Мектеп оқушылары мен студенттер арасында заңсыз әрекеттерді анықтау және алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылады.Биыл барлық мектептер мен колледждерде "111" республикалық байланыс орталығына жедел түрде хабарласуға мүмкіндік беретін QR-кодтар енгізілді, мұнда құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсетіледі. Білім беру мекемелерінің кіреберістерінде полиция қызметкерлерінің байланыс деректерімен анонимді шағымдар үшін ақпараттар орналастырылған.Соңғы жылдары цифрлық технологиялардың жылдам дамуына байланысты интернет-кеңістігінде заңсыз контенттің таралуын тоқтату маңызды міндеттердің біріне айналды. Жыл басынан бері есірткілерді жарнамалайтын 7 мыңнан астам сайт, экстремистік мазмұнды 2 мыңнан астам контент және интернет-алаяқтық белгілері бар 28 мыңнан астам ресурс анықталды.Барлық аталған шаралар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және құқық тәртібін сақтауға бағытталған.Айта кету керек, 2025 жыл Ішкі істер министрлігі тарапынан "Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: полиция "Заң мен Тәртіп" күзетінде" деп жарияланды. Негізгі мақсат – қылмыстардың алдын алу, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-oblysy-ulytau/press/news/details/968846?lang=kk
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың цифрлық отбасы картасы бойынша орташа табысының 35%-ы немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы (ең үлкен сома) ретінде айқындалады. 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың цифрлық отбасы картасы бойынша орташа табысының 35%-ы немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы (ең үлкен сома) ретінде айқындалады.2025 жылдың 2-тоқсанында Астана қаласы бойынша кедейлік шегі орташа табысқа қарай белгіленді -  40 165 теңгені құрады.Отбасыларды зерттеуді жергілікті комиссиялар жүргізеді, олардың материалдық жағдайын зерттеу негізінде отбасылардың АӘК-ке қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.Тексеру туралы есеп FSM «Social» мобильді қосымшасы арқылы жасалады.АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.АӘК мыналарды көздейді:- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АӘК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру.- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және өзге де қолдау шаралары арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.АӘК мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма ретінде есептеледі.АӘК алдын ала есептеуді жүргізу үшін Астана қаласы әкімдігінің Мансап орталығына жүгіну қажет, мекенжайы: Бейбітшілік 9, 137 кабинет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzsp/press/news/details/968473?lang=kk
“Күміс жас” жобасының іске асырылуына мониторинг 15.04.2025
🔸Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні мансап орталығының маманы Бекешева Гульнур “Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы” шеңберінде Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында “Күміс жас” жобасы бойынша жұмыс жасап жүрген қатысушыларына мониторинг жүргізді.Мониторинг барысында мансап орталығы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы кеңестер берілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/968466?lang=kk
Шымкент қалалық жедел штабының командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу туралы 15.04.2025
Шымкент қалалық жедел штабының мүшелерімен «Шымкент-Антитеррор-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.Оқу-жаттығу кезінде жедел топтардың басшыларына қажетті практикалық дағдыларды түсіндіру мақсатында функционалдық міндеттерді орындау, жағдайды бағалау, негізделген шешімдер қабылдау, іс-әрекеттерді жоспарлау, міндеттерді қажетті бөлімшелерге жеткізу, өзара әрекеттесуді ұйымдастыру және операциялық жағдайдың кез келген жағдайында берілген күштер мен құралдарды үздіксіз басқаруды, теориялық дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру және арттыру іс-шараларын ШҚЖШ-ның арнайы жедел топтарына түсіндірмелі жұмыстары жүргізілді. ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/968460?lang=kk
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 15.04.2025
Түркістан облысы Терроризмге қарсы комиссиясының бастамасымен Қазығұрт ауданында «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу басты міндет» тақырыбында аудандық «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» жаттықтырушылары, қызметкерлері мен спортшыларына ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Кездесудің мақсаты – аудан жастары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы келешек буынның діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру, діни тұрақтылықты сақтау, кереғар діни ағымдардың алдын алу болып табылады.Кездесуге Қазығұрт аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, «Кемел-Ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Әлімбеков және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б. Мәлік қатысты.Жиын барысында экстремистік және террористік қауіптің өзектілігі, азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту мен ұлттық келісімнің сақталуының маңыздылығы түсіндірілді.Әлемде болып жатқан діни ахуалды көрсете отырып, зайырлы мемлекетіміздің артықшылықтары мен ұлттық құндылықтарымыз насихатталды.Жиынға барлығы 200-ден астам қызметкерлер, жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты.Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар беріліп, пікір алмасты. Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/968455?lang=kk
Кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралар атқарылуда 15.04.2025
Шымкент қаласының терроризмге қарсы комиссиясы жұмыс тобының 2025 жылғы қаңтар айындағы хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда Шымкент қаласының білім басқармасы «ITSTEP Academy Shymkent» академиясының мамандарымен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл іс-шараға қаладағы 15 мектептің 8-11 сынып оқушылары қатысып, оларға интернет қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар саласындағы қауіп-қатерлердің алдын алу жолдары түсіндірілді. Барлығы 300-ден астам мұғалім және 1 840 жуық оқушы қамтылды. Іс-шараның мән-мазмұны жөніндегі хабарлар қалалық білім басқармасының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланды.Бүгінгі таңда, интернет кеңістігінде радикалды идеялардың таралуы айтарлықтай қауіп төндіретіні мәлім. Сондықтан мектеп оқушылары арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары наурыз айының соңына дейін жалғасып, сәуір айында колледж студенттері арасында жалғасады. Материал Шымкент қаласы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/968454?lang=kk
Түркістан облыстық жедел штабымен командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде 15.04.2025
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабымен Кентау қалалық және  Созақ, Сауран, Отырар, Бәйдібек аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының басшылығы мен мүшелері және жедел топ басшыларымен «Терроризм актісіне қауіп төнген және жасалған кезде уәкілетті органдардың бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.Өткізілген оқу-жаттығуда террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге уақытылы ден қою алгоритмдерін және терроризмге қарсы күрес  жөніндегі өңірлік жедел штабтардың күштері мен құралдарын бұру тетігін қолданудың біріңғай тәртібін енгізу және заманауи технологияларды пайдалануға ерекше назар аудару қажеттігі жеткізілді.Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық/аудандық жедел штабы басшылары мен мүшелерінің және жедел топ басшы құрамының дайындығының нақты жай күйі бағаланды. Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/968450?lang=kk
МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ 15.04.2025
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас  маманы Бақытгүл Рамазанова  Қарағанды қаласының "№3 Емхана" мекемесінде медициналық колледждің студенттерімен "Жіті ішек инфекциясының алдын алу ", "ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары", "Менингококк инфекциясының алдын алу шаралары" және адам папиллома вирусы туралы көшпелі семинар ұйымдастырып, өткізді.Семинар барысында жұқпалы аурулардың алғашқы белгілері, аурулардың алдын алу шаралары туралы түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/968445?lang=kk
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КЕҢ КӨЛЕМДІ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 15.04.2025
Түркістан облысы Терроризмге қарсы комиссиясының бастамасымен Кентау қаласы, Байылдыр ауылының және Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі тұрғындарына кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.&nbspКездесулерге ақын-қаламгер, «Қала жанашыры», «Қалаға сіңген еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері М.Махажанов, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х. Исаков пен теолог мамандар Ұ.Әлиасқарұлы және Қ. Қосмаханов қатысты.Шаралардың негізгі мақсаты – жастардың бойына отансүйгіштік пен Отан қорғау сезімін сіңіру, терроризм мен діни экстремизмнің алдын-алу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру болып табылады.Іс-шара барысында терроризм мен экстремизмнің қоғамға тигізетін зияны, оның ішінде экономикалық, әлеуметтік және психологиялық салдарлары кеңінен талқыланды.&nbspСонымен қатар, мемлекет тарапынан экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында қабылданып жатқан кешенді шаралар, құқық қорғау органдарының рөлі, білім беру және діни мекемелердің атқаратын қызметтері туралы толыққанды мәліметтер ұсынылды.Әсіресе, жастар арасында діни радикализмнің алдын алу, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, интернет желісіндегі зиянды контенттерден қорғану әдістері талқыланып, практикалық кеңестер берілді.Шара соңында қатысушыларға арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тақырыбында дайындалған бейнеролик көрсетілді және тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толық және нақты жауаптар берілді. Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/968440?lang=kk
Тараз қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебінің оқушыларына дәріс сабағы өткізілді 15.04.2025
Өскелең ұрпақты, жастарды құқықтық тәрбиелеу мақсатында, 2025 жылдың 2 сәуірінде зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы Ғ.Қуатбеков психолог маманымен бірлесе, Тараз қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебінің оқушыларына «Бала құқығы», «Буллинг» және «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» тақырыптары бойынша дәріс сабағын өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/968436?lang=kk
Көше жарығы 15.04.2025
Қаракөл көшесінде көше жарығын салу жұмыстары басталдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil-buzylyk/press/news/details/974666?lang=kk
Елімізде тағы да алты елді - мекен ваучерлік қаржыландыруға қосылды 15.04.2025
Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты дербестендіру бойынша жұмыстар жалғасуда.2024 жылдан бастап Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалаларында мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесі сәтті енгізілді. Ал 2025 жылдың наурыз айынан бастап пилоттық жобаға Семей, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды қалалары, сондай-ақ Байзақ және Сарыағаш аудандары қосылды."Бұл механизм мемлекеттік қызметтерді ашық және тиімді көрсетуге, және мектепке дейінгі ұйымдар арасында мемлекеттік тапсырысты бөлуге бағытталған. Жаңа жүйенің негізгі артықшылығы - балабақшалар арасындағы салауатты бәсекелестік және ата – аналарға арналған білім беру мекемесін таңдау еркіндігі есебінен қызмет көрсету сапасын арттыруда", - дейді Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манара Адамова.Айта кету керек, ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын іске асырудың арқасында Тараз қаласының балабақшаларына кезек 12 есеге – 24 мыңнан 2 мыңға дейін, ал Түркістанда – 5 есеге-850-ден 169-ға дейін қысқарды. Осындай жағдай басқа аймақтарда да байқалады.Айта кетейік, жобаны биылғы жылдың соңына дейін басқа өңірлерде де масштабтау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/968426?lang=kk
Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесінен шығып қалғанның орнына мүшесін сайлау туралы Ақтөбе қалалық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ 15.04.2025
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты 31 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған мүшесінің орнына мүшесін сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды.Учаскелік сайлау комиссиясының сандық құрамын учаскедегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 4 сәуір мен 18 сәуір аралығында  мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 19 сәуірге дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін. Даржанова Анар Нұрлыбекқызы - Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы.Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе қаласы,  Т. Ахтанов көшесі, 50 үй.Жауапты адам – Ногуманов Рамазан Саидұлы, №42 кабинет, телефон нөмірі 8(7132) 41-64-07Электрондық пошта мекенжайы maslihataktobe@mail.ru Ақтөбе қаласының сайлау комиссияларындағыбос орындар туралы мәліметтер № р/нСайлау комиссия-сының нөміріСайлау комиссиясының орналасқан жері Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны 1234  Учаскелік сайлау комиссиясы 1.                  №31Ақтөбе қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 8А «№40 орта мектебі» КММ ғимараты1           Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/968400?lang=kk
Алматыда кибер алаяқтардың қызметі тоқтатылды 15.04.2025
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті үш шетелдік азаматты ұстап, жалға алған пәтерде тінту жүргізу барысында алты SIM-бокс анықтап, тәркіледі.Бұл құрылғылар алаяқтық схемаларда кең көлемде қоңыраулар жасау, хабарламалар жіберу және абоненттік нөмірлерді өзгерту үшін қолданылады.Сондай-ақ, әртүрлі мобильді операторлардың 5 мыңнан астам SIM-картасы тәркіленді.Аталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстык кодексінің 213-бабы 2-бөлігі бойынша – «ұялы байланыс абоненттік құрылғысының идентификациялық кодын заңсыз қолдану, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту және идентификациялық кодты өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату» қылмыстық іс тіркелді.Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.Олардың интернет-алаяқтыққа қатыстылығы тексерілуде.ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі.  ҚР ҚМА Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/968398?lang=kk
Мереке қарсаңында геолог-барлаушылар «КМНГР» саябағына ағаш отырғызды 15.04.2025
⚜️2 сәуір күні Құрық ауылындағы жаңартылған «КМНГР» саябағында ерекше шара өтті. Қазақстанның минералды қазба байлықтарын зерттеуге, геологиялық барлау саласына өлшеусіз үлес қосқан ардагер геолог-барлаушылар 200 түп туя ағашын отырғызып, туған жерді көркейтуге өз үлестерін қосты.⚜️Іс-шараға 30-ға жуық ардагер геолог-барлаушылар, аудан әкімі Сымбат Төретаев, аудандық мәслихат төрағасы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҰҚК басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, Құрық ауылының әкімі, мекеме, бөлім басшылары және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері қатысты.- Құрметті ардагер геолог-барлаушылар, сіздерді ауылымызда көргенімізге қуаныштымыз. Өмірлеріңізді ел игілігіне арнап, туған жердің байлығын зерттеп, жас мамандарға үлгі болдыңыздар. Бүгінгі игі бастамаңыз – болашақ ұрпаққа экологиялық мұра. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 200 түп ағаш отырғызу – қоршаған ортаны қорғауға қосқан зор үлес. Алдағы 2025 жылы саябақты көгалдандыру ісі жалғасын табатынына сенеміз. Баршаңызға алғысымды білдіремін!,- деді аудан басшысы Сымбат Қуанышұлы.⚜️ Мерекелік кездесу мұражайда жалғасын тауып, геолог-барлаушыларға арнап қойылған жәдігерлермен танысып, жастық шақтың ыстық естеліктерін еске алды.⚜️Геолог-барлаушылардың атынан сөз алған ардагер Сайын Ерқасынұлы:«Біз бұл жерге маман болып қана емес, осы даланы жүрегімізбен сүйген азаматтар ретінде қайта оралдық. Еліміздің табиғатын зерттеу жолында талай қиындықты еңсердік. Бүгінгі саябақты көгалдандыру шарасы – біз үшін ерекше мәнге ие. Бұл ағаштар болашақ ұрпаққа аманат. Табиғатты аялау – әр азаматтың парызы. Осындай бастаманы қолдаған аудан әкімдігіне, жастарға алғысымыз шексіз. Біз үшін бұл – сағыныш пен құрметке толы күн.»⚜️Іс-шара соңы жылы лебіздер мен естелік суреттерге ұласып, ардагерлер мен студенттер жасыл желекке күтім жасаудың маңыздылығы жайында пікір алмасты. Бұл бастама болашақта да жалғасын тауып, табиғатты қорғауға бағытталған игі істердің үлгісі болмақ.Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/968395?lang=kk