Қоғам
“Алкоголь туралы” дөңгелек үстел 15.04.2025
Қайранкөл ауылында мәдени сауықтыру орталығында мәдениұйымдастырушы “алкоголь туралы” дөңгелек үстел өткіздіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-kairankol/press/news/details/966246?lang=kk
Еңбекмині субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тетігін жетілдіреді 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ведомство басшысы бұйрығының жобасын (бұдан – Жоба) әзірледі. Құжат 2025 жылғы 15 сәуірге дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.Жоба келесідей өзгерістерді көздейді:- процестерді оңтайландыру және жұмыс берушілерден субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдерді қабылдаудың нақты мерзімдерін белгілеу. Осылайша, 2025 жылы өтінімдерді қабылдау 1 ақпаннан 30 қыркүйекке дейін, ал 2026 жылға – осы жылдың 15-31 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады;- жұмыс берушілердің мансап орталықтарының қатысуынсыз Электрондық еңбек биржасы арқылы субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысу талаптарына сәйкестігіне автоматты тексеруді енгізу, сондай-ақ жұмыссыздарды субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру процесін автоматтандыру;- субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім беретін жұмыс берушілердің жауапкершілігін бекіту;- масылдықты болдырмау мақсатында субсидияланатын жұмыс орындарына жұмыссыздардың қайта қатысу критерийлерін айқындау. Осылайша, жұмыссыздарды субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру екі жыл ішінде бір рет жүзеге асырылатын болады;- жұмыс берушілер арасында субсидияланатын жұмыс орындарын әділ бөлу үшін жұмыс беруші берген өтінімге сәйкес жұмыскерлердің тізімдік санына қарай жұмыс орындарының санын автоматты түрде есептеуді енгізу;- еңбек мобильділігі орталықтары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның субсидияланатын жұмыс орындарына қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу бойынша өзара іс-қимыл тәртібін нақтылау. Енгізілген түзетулер өтінімдерді қалыптастыру, қаражат аудару және есептілік мерзімдері мен тетіктерін нақтылайды.Бұл жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.Құжатпен толығырақ https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15503195 сілтемесі бойынша «Ашық НҚА» порталына өтіп, танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/966239?lang=kk
Этникалық көші-қон 15.04.2025
Тәуелсіздік жылдарында Маңғыстау облысына тұрақты тұру үшін 143,1 мыңнан аса қандас көшіп келді, бұл облыс халқының 17,8 пайызын құрайды.Олардың көпшілігі Өзбекстаннан (51,6%), Түрікменстаннан (43,4%), Ираннан (1,7%), сондай-ақ басқа елдерден (3,3%) келгендер.Ағымдағы жылғы 1 сәуірге облыста 33 отбасы немесе 156 адам қандас мәртебесін алды.Қандас мәртебесін алған азаматтардың ішінде 97 адам – еңбекке жарамды жасындағы азаматтар.18 жасқа толмаған азаматтардың саны - 35 адам, 24 адам -зейнеткерлік жастағы азаматтар.Білім деңгейі бойынша: жоғары білім – 5 адам (5,1%), орта арнаулы – 9 адам (9,3%), 81 (83,5%) азаматтарда жалпы орташа білімі бар.Сонымен қатар, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/966230?lang=kk
Жол ашу және қар шығару жұмыстары қарқынды режимде жүргізілуде 15.04.2025
Шалқар қаласында ауа-райының күрт жылынуына байланысты қар тазарту, жол ашу және қар шығару жұмыстары қарқынды режимде жүргізілуде. Жауапты мердігер Сағыныш Мұратұлы қала бойынша бұл жұмыстардың түнгі уақытқа қарамастан үздіксіз жүріп жатқанын және қаламыздың барлық аймақтарын қамтитынын айтты. Сонымен қатар, қала тұрғындарының қауіпсіздігі басты назарда екенін ерекше атап өтіп, жолдарды тазарту және қозғалысқа қолайлы жағдай жасау үшін барлық қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қардан тазартылған жолдарда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін "Шалқар қаласы әкімінің аппараты" ММ-сі тарапынан тиісті бақылау тұрақты жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/966224?lang=kk
Қостанайда 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан индустриялық аймақ өңір дамуының негізгі драйверіне айналды. 15.04.2025
Қостанайда 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан индустриялық аймақ өңір дамуының негізгі драйверіне айналды. Бұл учаске барлық қажетті дайын инфрақұрылыммен, соның ішінде магистральдық газ құбыры, су құбыры, кәріз, байланыс және электр жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген.Қазіргі уақытта Қостанай қаласының Индустриялық аймағында жалпы құны 97,4 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылды, 1 000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Ақтөбе облысында да индустриялық аймақтар қарқынды дамуда. Мәселен, биыл Ақтөбе қаласындағы «Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайы» базасын мультимодальды хабқа айналдыру мақсатында Үкіметтің қаулысымен жалпы аумағы 858 гектар болатын арнайы экономикалық аймағы құрылған-ды. Негізгі бағыттары — логистика және өңдеу өнеркәсібі. Сондай-ақ Хромтау қаласында жалпы аумағы 150 гектар болатын индустриялық аймақ құрылды. Облыстағы 2016 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан индустриялық аймақта 17 жоба іске асырылып, 546 жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта 8 жаңа жоба іске қосылып, 312 жұмыс орны ашыладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-energy/press/news/details/966207?lang=kk
Еңбекмині жастар практикасына қатысушылар санаттарының санын арттыруды жоспарлауда 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 476 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасын (бұдан – Жоба) әзірледі. Құжат жария талқылау үшін 2025 жылғы 15 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталына орналастырылды.Өзгерістер «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларын іске асыруды тоқтатуды және жастар практикасына қатысушылар санатын арттыруды көздейді.Сонымен бірге Жобада жастар практикасына қатысушылардың жалақысы кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті құрайтыны белгіленуі ұсынылады.Бұл ретте жасалған келісімшарттарға сәйкес «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға олардың еңбек қызметінің көзделген мерзімі аяқталғанға дейін осы жобаларға қатысуды жалғастыру құқығы беріледі.Осы Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.Құжатпен «Ашық НҚА» порталына өтіп, https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15503170 сілтемесі бойынша толығырақ танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/966201?lang=kk
ШҚО құтқарушылары балаларды мультфильмдер арқылы оқытады 15.04.2025
ШҚО ТЖД мен «Қазцинк» ЖШС мамандары бірлесіп кезекті анимациялық фильм түсірді. Бұған дейін «Айя мен Тентек» кейіпкерлері қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері, жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер және жазғы су айдындарындағы сақтық шаралары туралы айтып берген еді.Мультфильмнің сценарийі балалардың қауіпсіздік сабақтарын оңай меңгеруі үшін арнайы әзірленген. Бас кейіпкерлердің мысалында балалар өртке әкелуі мүмкін қателіктерден аулақ болуды үйренеді.Мультфильмнің жаңа сериясы облыс орталығындағы кинотеатрлардың бірінде көрсетілді. Алғашқы көрермендер «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері болды.Көрсетілімнен кейін балалар өз әсерлерімен бөлісіп, құтқарушылар өткізген өрттің алдын алу бойынша дәрісті тыңдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/966176?lang=kk
Зейнет жасындағы тұрғындарға тегін қызмет көрсетті 15.04.2025
Шалқар қаласы әкімдігінің үйлестіруімен 1-наурыз "Алғыс айту күні" мерекесі қарсаңында қаламызда Жолаушылар тасымалымен айналысатын № 1,2 жолаушылар тасымалы көліктері зейнет жасындағы тұрғындарға тегін қызмет көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/966174?lang=kk
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына! 15.04.2025
Қазақстан Республикасының " өсімдіктерді қорғау туралы" N 331 Заңының13-бабына сәйкес қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылауобъектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органның ведомствосына фитосанитариялық есептілікті ұсынады. Әкімшілік деректерді жинауға арналған фитосанитариялық есепке алу нысандары ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптіккешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясына: Пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп (индкекс-Фу-1 ) кезеңділігі: жартыжылдық,әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жылына екірет, 10 шілдеге дейін және есепті кезеңнен кейінгі 10 қаңтарға дейін "Пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп" (индекс - Фу – 2), кезеңділігі жартыжылдық); әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жылына екі рет, нақтықозғалыс орны бойынша 10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейін; "Пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есеп" (индексі - Фу – 3), кезеңділігі жылдық әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, нақты сақтау орныбойынша 10 қаңтарға дейін; "Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп" (индекс - Фу - 4, Кезеңділігі айлық)әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әрбір айдың 10-күніне дейін; "Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардан жасалған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтерден жасалған ыдыстарды залалсыздандыру жөніндегі есеп" (индекс-фу – 5) кезеңділігі жылдық әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:жыл сайын, 10 қаңтарға дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-audany-akimat/press/news/details/966125?lang=kk
Таза Казақстан 15.04.2025
Мариногор ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жұмыстар жалғасуда. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін жастар ауылдық әкімдіктің аумағын шөптен тазартуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-marinogor/press/news/details/1046655?lang=kk
Бала туылғанда қандай жәрдемақы түрлері тағайындалады? 15.04.2025
✨Декреттік демалысқа шыққан кезде, баланың тууы мен күтімі бойынша қандай төлемдер тағайындалатыны жайлы сұрақтар бізге жиі түседі. Төлемдердің айырмашылықтары неде және оларды қалай алуға болатындығы жайлы бүгінгі айдарда айтамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/966973?lang=kk
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Атырау облысындағы бірқатар аквашаруашылық нысандарын аралады 15.04.2025
Қазақстанның батысына жұмыс сапары аясында ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов Атырау облысындағы бірқатар аквашаруашылық нысандарын аралады.Барған кәсіпорындардың бірі «Каспий Бекіресі Лимитед» ЖШС-і. Компания 600 миллион теңге көлемінде инвестиция тартып, 20 жұмыс орнын құрды. Кәсіпорын бекіре тұқымдас балықтардың түрлерін өсірумен және тағамдық қара уылдырық өндірумен айналысады. Жыл сайын 3 тоннаға дейін қара уылдырық және 30 тонна тауарлық балық шығарылады. Компания басшылығы бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге арналған торлардың санын көбейтуді және жобалық қуаттың максималды көрсеткіштеріне қол жеткізуді жоспарлап отыр.Сондай-ақ, Комитет басшысы 1 млрд 164 млн. теңге көлеміндегі инвестициялардың арқасында белсенді дамып келе жатқан және 25 жұмыс орнын қамтамасыз ететін «Caspian Royal Fish» ЖШС-де болды. Компания 1 тонна тағамдық қара уылдырық, 50 тонна коммерциялық балық және шамамен 1 миллион балық шабақтарын шығарады. Балық өсіру шаруашылығын кеңейту аясында кәсіпорын белуга жөндеу-аналық табын сатып алып, Атырау және Маңғыстау облыстарының жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылары үшін балық шабақтарын шығаруды жоспарлап отыр.Кәсіпорын басшылығымен кездесулер барысында мемлекеттік қолдау, заманауи технологияларды енгізу және балық өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды. Серік Сермағамбетов Қазақстанда аквашаруашылықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, балық саласын нығайту және өңірде жаңа жұмыс орындарын құру үшін өндірістік қуаттарды кеңейту қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/press/news/details/966116?lang=kk
Қазақстан Республикасына келетін/кететін басқа да адамдар үшін адам саудасына байланысты жағдайларға түсудің алдын алу мақсатында ақпараттық материал. 15.04.2025
Қазақстан Республикасына келетін/кететін басқа да адамдар үшін адам саудасына байланысты жағдайларға түсудің алдын алу мақсатында ақпараттық материал.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/966105?lang=kk
ҚР АШМ және ФАО шегірткелердің таралуына мониторинг жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізуде 15.04.2025
Стратегиялық әріптестік аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдері арасында кездесу өтті.Тараптар жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, шегіртке зиянкестерінің таралуын мониторингтеу және болжау үшін геоақпараттық жүйені құрудың маңызды мәселелерін талқылады. Бұл жүйені дамыту ауылшаруашылық жерлеріне айтарлықтай зиян келтіретін шегіртке қаупімен күресудің негізгі құралы болады деп күтілуде.Кездесуге қатысушылар шегіртке зиянкестерімен күресте заманауи технологияларды қолдану бойынша пікір алмасты, осы зиянкестердің таралуын бақылау және басқару әдістерін жетілдіру жолдарын қарастырды.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ФАО ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/966098?lang=kk
Абай облысында көктемгі егіс науқанына дайындық қарқынды жүріп жатыр 15.04.2025
Өңірде көктемгі дала жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 753,1 мың га жерге орналастыру жоспарланған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3,6 мың га артық.Егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Мәселен, бидай егілетін жер 4 мың га-ға қысқарып, 235,0 мың га құрайды.Басымдық жоғары рентабельді дақылдарға берілуде: майлы дақылдардың егістік көлемі 12,7 мың га-ға, арпа – 6,3 мың га-ға, қарақұмық – 2,3 мың га-ға ұлғаяды. Нәтижесінде майлы дақылдардың егіс алқабы 308,5 мың га-ға жетеді.Аудандық әкімдіктердің жедел мәліметтері бойынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 39,6 мың тонна тұқым дайындады. Күнбағыс, жүгері және басқа да дақылдардың 6,6 мың тонна элиталық тұқымы мен гибридтерін сатып алу бойынша келісімшарттар жасалды.Отандық тыңайтқыш өндірушілерін аванстық субсидиялау тетігін енгізу олардың фермерлер үшін қолжетімділігін айтарлықтай арттырды: өңірде тыңайтқыштарды қолдану деңгейі ғылыми негізделген қажеттіліктің 39%-на дейін өсті (бұрын бұл көрсеткіш 5,2%-дан аспаған). 2025 жылы 63,6 мың тонна тыңайтқыш пайдалану жоспарланған. Тыңайтқыш өндірушілермен және жеткізушілермен келісімшарт жасау жұмыстары жүргізілуде.Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 27,5 мың тонна дизель отыны бөлінді.Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 90%-ды құрайды, ал жаппай егіс жұмыстары басталғанға дейін 100% дайындық қамтамасыз етіледі. Аграршылардың иелігінде 7 800-ден астам трактор, 300 жоғары өнімді егіс кешені, 1 900 сепкіш және 2 800-ге жуық топырақ өңдеу агрегаты бар.Өткен жылы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында аграршылар 513 дана заманауи ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Бұл машиналар мен тракторлар паркін 5,9%-ға жаңартуға, сондай-ақ көктемгі егіс және орақ науқаны кезінде еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.«Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жылдық 5% жеңілдетілген несие беру қарастырылған. 2025 жылы ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемін арттыру мақсатында жергілікті аграршылар жалпы сомасы 8,1 млрд теңгеге 157 өтінім берді.Абай облысында көктемгі дала жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/966091?lang=kk
Қапшағай су қоймасынан 20 шақырым заңсыз орнатылған торлар алынды 15.04.2025
ҚР Балық шаруашылығы комитеті Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының үйлестіруімен Қапшағай су қоймасында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясын бастады.Аталған акцияның мақсаты – су айдынын заңсыз орнатылған және қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарынан тазарту арқылы балық ресурстарының табиғи уылдырық шашуына және уылдырық шашу орындарына еркін көшуіне қолайлы жағдай жасау.Акцияға табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері, ТЖД, Алматы облысы әкімдігінің мамандары, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлері мен «Алматы қайық шеберлері» тобының еріктілері – барлығы 115 адам қатысты. Іс-шараға 53 су көлігі мен 15 автокөлік тартылды.Нәтижесінде 20 шақырымнан астам заңсыз орнатылған балық аулау құралдары алынды.Балқаш-Алакөл бассейніндегі су айдындарында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы биылғы жылдың наурыз айынан маусым айына дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/966076?lang=kk
«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысы қыстан кейін ретке келтірілуде 15.04.2025
Қарағанды облысында абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша екі айлық жарияланды. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев барлық тұрғындарды аулалары мен көшелерін тазарту үшін осы жұмысқа қатысуға шақырды. Қыстан кейін көшелерді тазалаумен айналысу керек. Аймақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша екі айлық жариялаймын. Қалалар мен аудандардың барлық әкімдері өз елді мекендерін тазалау және тазалау бойынша іс-шаралар ұйымдастыруы тиіс. Бұл жұмысқа тұрғындарды, еріктілер мен бизнес өкілдерін тартыңыздар - әркім өз аумақтарында тазалықты сақтауға үлес қосуы тиіс, деді Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте. Ол Таза Қазақстан экологиялық акциясы жалғасатынын және бұл жұмысты күшейту қажеттілігін атап өтті. Облыс әкімі қалалар мен аудандарды аралап, жергілікті жерлерде тәртіп қалай орнатылып жатканын жеке өзі тексеретін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balhash-sayak/press/news/details/968489?lang=kk
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау нәтижелері туралы 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, оның ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (МҚЖҰ) реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.Бақылау нәтижелері бойынша және заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда Агенттік қадағалаудағы субъектілерге қатысты тиісті шаралар мен санкцияларды қолданады.2024 жылдың қорытындысы бойынша Агенттік МҚЖҰ-ға 26 жоспарлы (тәуекел дәрежесін бағалау негізінде), 12 жоспардан тыс және 595 құжаттамалық тексеру жүргізді. Нәтижесінде жазбаша ұйғарым нысанында 97 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, 36 ескерту жасалды, жалпы сомасы 228 млн теңгеге 687 айыппұл салынды.71 субъектінің микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуы тоқтатылды, оның ішінде 49 субъект ерікті негізде, 22 субъект мәжбүрлеп лицензиядан айырылды. 32 субъектінің лицензиясы 4 айға дейін тоқтатылды.Сонымен қатар, бақылау және қадағалау барысында МҚЖҰ қызметінде заңнамада көзделмеген не олардың құқық қабілеттілігінен тыс операцияларды жүзеге асыру белгілері анықталған кезде Агенттік әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғай отырып, құзыреті шегінде бұзушыларға қатысты шаралар мен санкциялар қабылдайды. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде тиісті ақпарат қылмыстық қудалау органдарына мәселені одан әрі қарау үшін жіберіледі.2025 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша микроқаржыландыру нарығында 910 субъект жұмыс істейді, оның ішінде 481 ломбард, 213 микроқаржы ұйымы, 216 кредиттік серіктестік. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/966059?lang=kk
🌱 «Берік отбасы» бағдарламасы сәтті аяқталды 15.04.2025
🌱 «Берік отбасы» бағдарламасы сәтті аяқталды Алты апта бойы Атыраудағы NIS-те ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған «Берік отбасы» бағдарламасы өткізілген болатын. Қатысушылар тиімді қарым-қатынас тәсілдерін меңгеріп, бірін-бірі түсінуді, жанжалдарды шешуді және үйлесімді отбасылық орта қалыптастыруды үйренді. Бұл бағдарлама жасөспірімдердің бейімделмеген мінез-құлқының алдын алуда маңызды қадам болды. Ол балалар мен ата-аналарға бір-бірін жақсырақ тыңдауға, сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектесті. Бағдарламаның соңғы кезеңі отбасылық фестиваль болды. Онда отбасылар бірлескен ойындарға, шығармашылық тапсырмаларға қатысып, жылы сұхбаттар құрды. Іс-шара ерекше қуаныш, қолдау және өзара түсіністік атмосферасында өтті. Бағдарлама қорытындысы бойынша барлық қатысушылар белсенділік танытып, берік отбасылық құндылықтарды дамытуға ұмтылғаны үшін сертификаттармен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-isatai/press/news/details/966052?lang=kk
🌱 NIS OLYMPUS облыстық олимпиадасы өткізілді 15.04.2025
🌱 NIS OLYMPUS облыстық олимпиадасы өткізілді Атыраудағы NIS-те талантты, мақсаты айқын және білімге құштар оқушыларды бір арнада тоғыстырған NIS OLYMPUS облыстық олимпиадасы ұйымдастырылып, сәтті өтті. Екі бағыт бойынша 11 пәнді қамтыған олимпиадаға облыстың үздік мектептерінің 10-11-сынып оқушылары қатысқан болатын. Ал тапсырмаларды Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің әдістемелік кеңесі әзірледі. Тартысты додада бағы мен бабы қатар шапқан жүйріктер арнайы дипломдармен марапатталды. Аталған шараны Атыраудағы NIS енді дәстүрлі түрде өткізіп тұруға ниетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-isatai/press/news/details/966045?lang=kk
