Қоғам
🌱 Басқарма Төрағасының орынбасары белсенді оқушылармен жүздесті 15.04.2025
🌱 Басқарма Төрағасының орынбасары белсенді оқушылармен жүздестіАтыраудағы NIS-ке “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ басқармасы төрағасының орынбасары Сабыржан Сәдуақасов пен Басқарма төрағасының кеңесшісі Равиль Якупов арнайы ат басын бұрды.Іс-сапар аясында олар мектеп басшылығымен, ұжымымен, әдістемелік бірлестік өкілдерімен, педагог-ұйымдастырушылармен, ұстаздармен, мектеп бітіруші оқушылармен жүздесіп, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары туралы кең ақпарат алып, ашық кері байланыс білдіріп, өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.Белсенді оқушылар Басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Сәдуақасовпен кездесті. Анығында, мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері төраға орынбасарымен жүздесіп, өзекті мәселелер мен ауқымды да тың тақырыптарды терең талқылауға мүмкіндік алды.Келелі кездесу барысында түрлі тақырып қамтылды. Әсіресе, өзін-өзі басқару ұйымының өкілдері мектеп қабырғасында өз бастамаларымен атқарылып жатқан істер легін баяндап, ұсыныс-пікірлерін де жеткізді.Сабыржан Өміртайұлы оқушыларға қоғамға адал қызмет етудің маңыздылығын түсіндіріп, көкейдегі сан сауалдарына жауап беріп, өз кәсіби тәжірибесі тұрғысындағы кеңесін де берді.Сондай-ақ, тың бастамаларды көбейтіп, оның дәстүрге айналуын қадағалау керектігін де жеткізді.Аталған жүздесулер ең бастысы мектеп қызметінің одан әрі жақсарып, оң бағытта жалғасуына зор ықпал етері сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-isatai/press/news/details/966036?lang=kk
2025 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 15.04.2025
Ұйымдастыру комитеті 2025 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық турын өткізу туралы хабарлайды. Аудандық конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қажетті құжаттармен қоса нысан бойынша 2025 жылғы 15 мамырға дейін беріледі. Сондай – ақ, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларда отбасы, әулет тарихын (отбасы тарихы: визит карточкасы немесе тұсаукесер, отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер, балалар мен немерелердің жетістіктері, отбасы таланттары, отбасының өмір салты (салауатты өмір салты, бос уақыт), ата-аналардың жетістіктері үлгі ретінде) жариялау. Округ тұрғындарын қатысуға шақырамыз!Барлық сұрақтар бойынша «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ, Красноармейская көшесі, 53 үй (ауыл әкімдігінің ғимараты) мекенжайы бойынша, e-mail:politika.fd@gmail.com, whatsapp 87774066032 хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-korzhynkol/press/news/details/966013?lang=kk
«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ СПОРТ РЕЗЕРВІ МЕН ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ СПОРТШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ДАЯРЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС-ШАРАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ. 15.04.2025
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысына облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары және басқармаға қарасты мекеме басшылары мен есепшілері қатысты.Тексеру комиссиясының төрағасы М. Қалдарбеков отырыс барысында спорт саласының өңір халқының салауатты өмір салтын ұстану мәдениетіндегі маңыздылығын, аталған салаға бөлінген мемлекет қаражатын тиімді пайдалану қажеттілігін атап өтті.Өз кезегінде комиссия мүшесі Е. М. Абдрахманов баяндама барысында мемлекеттік аудит барысында бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау - 2 963 251,2 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 214 бірлік, тиімсіз пайдалану бұзушылықтары анықталғандығына, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша Қызылорда облысының тексеру комиссиясымен және уәкілетті органдармен 57 аудит материал бойынша бүгінгі күні мемлекеттік аудит объектілеріне және оның қызметкерлеріне 3420,9 мың теңге айыппұл салынған, 36 ескерту берілгендігіне және т. б. кемшіліктерге тоқтала отырып, аталған мәселелер бойынша тиісті шараларды қабылдау қажеттілігін ескертті.Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелердің қойылған бірқатар сұрақтарына Қызылорда облысының дене шынықыту, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары және басқармаға қарасты мекеме басшылары мен есепшілері жауап берді.Отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, алдағы уақытта тиісті іс-шараларды атқару үшін ұсынымдар жолданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/966012?lang=kk
Жұмысшы мамандықтар жылына орай және “Алғыс айту күні” қарсаңында Шалқар аудандық орталық кітапханасы қызметкерлері игі шара өткізді. 15.04.2025
Қаламыздың тазалығы – ортақ міндет!Жұмысшы мамандықтар жылына орай және “Алғыс айту күні” қарсаңында Шалқар аудандық орталық кітапханасы қызметкерлері игі шара өткізді.Аудан орталығында жаяу жүргіншілер жолын қардан тазарту жұмыстарын жүргізуші “Шалқар қаласы әкімінің аппараты” ММ-нің қоғамдық жұмысшыларына ыстық шай ұсынылып, олардың еңбегіне алғыс айтылды.Қала тазалығы – баршамыздың игілігіміз!#Шалқар #АлғысАйтуКүні #Қалатазалығы #Еңбекқұрметтеу #ШалқарКітапханасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/965992?lang=kk
Атырау облысында еліміздегі ең ірі интеграцияланған газ-химия кешенінің алғашқы қазығы қазылды 15.04.2025
Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркінде орналасқан Silleno зауытында жылына 1,25 млн тонна полиэтилен шығарылмақ. Кешеннің алғашқы қадасын қағу рәсімін облыс әкімі Серік Шәпкенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, СИБУР-дың басқарма мүшесі – атқарушы директоры Павел Ляхович және Sinopec компаниясының аға вице-президенті Ван Тао жасады. Нысанды 2029 жылы іске қосу жоспарланған,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Салтанатты жиында сөз сөйлеген аймақ басшысы Серік Шәпкенов кешен құрылысының басталуы еліміздің мұнай-химия жылнамасындағы елеулі оқиға екенін атап өтті.- Бұл жоба тек Атырау емес, еліміз үшін де маңызды жоба. Бұрын тек мұнай-газ өндірген болсақ, енді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен оны терең өңдеуге көштік. Бүгінгі газхимиялық кешен құрылысының екінші кезеңі өңіріміздің мұнай-химия саласын дамытуға бағытталып, әлеуметтік-экономикалық өсімге серпін беретіні сөзсіз. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етіп, жаңа өндірістер ашуға да ықпал етпек. Жобаны іске асыруға отандық, сондай-ақ шетелдік инвестиция тартылып отыр. Болашақ зауыттың бәсекеге қабілетті өнім шығарып, ішкі және сыртқы нарықты шикізатпен қамтуға әлеуеті де, мүмкіндігі де зор. Бірлесіп істеген іс жемісті боларына сенімім мол. Бастама оңынан болсын!-деді С.Шәпкенов.Кешенде 20-дан астам полиэтилен маркасы өндіріледі, оның 40%-ы премиум санатында. Полиэтилен өндірісіне шикізат ретінде этан қолданылады. Ол «Теңізшевройл» компаниясының кен орындарынан алынған газдан ҚМГ жүзеге асыратын газосепарациялық кешенде өңделеді. Одан әрі этан магистралды құбыр арқылы Силленоға жеткізілетін болады. Құбыр құрылысын ҚМГ жүргізеді.Өнімдер ішкі нарықты қамтып қана қоймай, Еуропа, ТМД елдері, Украина, Грузия, Түрікменстан, Қытай, Оңтүстік-шығыс Азия және Түркияға экспортталады.Бұл - Қазақстандағы ең ірі экспортқа бағытталған мұнай-газ-химия жобасы. Мұнда заманауи шетелдік технологиялар трансферті қамтамасыз етіліп, отын-химия саласының дамуына негіз болатын базалық мұнай-химия өнімі де өндіріледі.Құрылыс алаңындағы алғашқы дайындық жұмыстары пиролиз қондырғысынан басталды, қондырғы құрылысын EPC-мердігер Tecnicas Reunidas (Испания) Sinopec Engineering Incorporation (Қытай) компаниясымен бірлесіп жүргізетін болады.Кешен іске қосылған соң еліміздің жалпы ішкі өніміне қосатын жыл сайынғы үлесі 0,86%-ды құрап, мемлекеттік бюджетке 5 млрд АҚШ доллар салық төленеді.Құрылысқа 8000-нан астам адам жұмысқа тартылып, іске қосылған соң 800-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады.«SILLENO» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (29,9%), «KMG PetroChem» ЖШС (10,1%), «СИБУР Холдинг» ЖАҚ (РФ) (30%) және SINOPEC компаниясының (ҚХР) (30%) акционерлік қолдауымен құрылып отыр. Жобаға 6 миллиард АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/965990?lang=kk
Декреттік демалысқа шыққан кезде, баланың туы мен күтімі бойынша қандай төлемдер тағайындалады 15.04.2025
Төлемдердің айырмашылықтары неде және оларды қалай алуға болатындығы жайлы бүгінгі айдарда айтамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/965986?lang=kk
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын орындау: теңдік пен әлеуметтік интеграцияға жол 15.04.2025
Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге интеграциялануын қамтамасыз ету мақсатында түрлі заңнамалық шаралар қабылдауда. Абилитациялау мен оңалту — мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту және олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін маңызды механизмдер болып табылады. Бұл процестердің тиімділігі көп жағдайда әр адамның жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне негізделген жеке жоспарлардың сапасына байланысты.Абилитациялау — мүгедектігі бар адамның өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар кешені. Ол адамның бастапқы мүмкіндіктерін дамытуға, әлеуметтік бейімделуге және қоғамға интеграциялануға бағытталған.Оңалту — мүгедектігі бар адамның денсаулығын жақсарту, функциялық мүмкіндіктерін қалпына келтіру, әрі оның әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі қамтамасыз етуге қабілетін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.Екеуі де мүгедектігі бар адамның өзін-өзі бағалауын жақсартуға, қоғамдық өмірге белсене араласуға, жеке дамуына және әлеуметтік қорғау жүйесінде әділ жағдай жасалуға бағытталған.Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған абилитациялау мен оңалту бойынша жеке жоспарларды орындау үшін бірнеше негізгі бағыттар қарастырылған:Медициналық оңалту - бұл бөлім адамның денсаулығын жақсартуға, функциялық қабілеттерін қалпына келтіруге және оның мүмкіндігінше денсаулығын бақылауға мүмкіндік беретін шараларды қамтиды. Қазақстандағы оңалту орталықтары мен медициналық мекемелерде мүгедектігі бар азаматтарға арнайы медициналық көмек, физиотерапия, психологиялық қолдау көрсетіледі.Әлеуметтік оңалту - адамның қоғамдағы өз орнын табуға және әлеуметтік байланыстарын дамытуға бағытталған. Бұл мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуы, білім алуы, қоғамдық іс-шараларға қатысуы үшін мүмкіндіктер жасайды. Әлеуметтік қызметтер, арнайы білім беру бағдарламалары және жұмысқа орналастыру қызметтері — бұл бағыттың негізгі элементтері.Мүгедектігі бар адамдардың білім алуы мен кәсіби даярлығы олардың еңбек нарығына шығуына және қоғамда толыққанды өмір сүруіне көмектеседі. Қазіргі кезде Қазақстанда арнайы білім беру мекемелері мен кәсіби оқыту бағдарламалары мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болып келеді. Сонымен қатар, мүгедектік бойынша мемлекеттік гранттар мен бағдарламалар да ұсынылады.Мүгедектігі бар адамдардың өз-өзін бағалауы мен психологиялық жағдайы маңызды. Психологиялық кеңес беру мен эмоционалдық қолдау көрсету олардың әлеуметтенуіне және жеке дамуында үлкен рөл атқарады. Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға психологиялық қызмет көрсету бойынша арнайы орталықтар жұмыс істейді.Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру олардың заңды құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Қазақстандағы заңнамалық деңгейде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін түрлі нормативтік актілер қабылданған. Бұл бағыт бойынша жеке жоспарларда құқықтық кеңестер беру, құжаттарды рәсімдеу және құқықтық қызметтерді көрсету де қамтылады.Жеке жоспар әр мүгедектігі бар адамға ерекше қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес әзірленеді. Жоспардың құрылымы келесідей болады:Диагностика және бағалау: жеке жоспарды құру алдында адамның денсаулық жағдайы, психологиялық күйі, әлеуметтік қажеттіліктері мен қабілеттері бағаланады. Бұл кезеңде түрлі мамандардың (дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер) қатысуы маңызды.Мақсаттар мен міндеттер қою: жеке жоспардың негізгі мақсаттары анықталады. Олар адамның өмір сүру сапасын жақсартуға, оның денсаулығын қалпына келтіруге және қоғамға бейімделуге бағытталады. Мақсаттар нақты, өлшенетін және уақыт бойынша белгіленген болуы тиіс.Шаралар мен ресурстарды анықтау: жоспардың іске асуы үшін қажетті ресурстар мен шаралар анықталады. Бұл медициналық, әлеуметтік, білім беру және құқықтық көмек көрсету шараларын қамтиды. Қажет болса, арнайы құрал-жабдықтар немесе көмекші технологиялар да қарастырылады.Нәтижелер мен мониторинг: жеке жоспардың жүзеге асырылуы үнемі мониторингтен өтеді. Нәтижелерді бағалау мен қажетті түзетулер енгізу кезеңдері анықталады. Мүгедектігі бар адамдардың прогресі мен өзгерістерін бақылай отырып, жоспар реттеп отырады.Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар үшін абилитациялау мен оңалту бағдарламаларын жүзеге асырудағы негізгі мақсат — олардың әлеуметке толыққанды бейімделуіне, денсаулығы мен өмір сапасының жақсаруына ықпал ету. Жеке жоспарлардың дұрыс орындалуы адам өмірінің түрлі салаларында оң өзгерістерге әкеліп, қоғамда тең құқылы азаматтар ретінде қабылдануына септігін тигізеді. Осы бағыттағы жұмыстарды тиімді іске асыру үшін мемлекеттік органдар, әлеуметтік мекемелер және қоғам болып бірлесе жұмыс істеу өте маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/965978?lang=kk
2025 жылдың сәуіріне азаматтарды қабылдау кестесі 15.04.2025
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! Ағымдағы жылдың 14-сәуірінде, сағат 10.00 - 11.00 аралығында, департамент басшысы білім беру сұрақтары бойынша жеке қабылдау өткізеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/965916?lang=kk
Қалдықтарды рұқсатсыз жағу 15.04.2025
Қалдықтарды жағу - адамдар қалдықтарды кәдеге жарату үшін қолданатын ең таралған, бірақ өте зиянды тәжірибелердің бірі. Бұл рұқсат етілмеген жерлерде: бос жерлерде, ормандарда, саяжайларда және тіпті тұрғын үйлердің жанында болған кезде әсіресе қауіпті. Мұндай жағу тек заңды бұзып қана қоймайды, сонымен қатар ауыр экологиялық, әлеуметтік және экономикалық зардаптарға әкеледі.Қоршаған ортаға зиянТұрмыстық қалдықтарды жағу кезінде зиянды заттардың көп мөлшері бөлінеді, соның ішінде:Диоксидтер мен фурандар пластмасса және синтетикалық материалдарды жағу кезінде түзілетін ең қауіпті канцерогендердің қатарына жатады.Ауыр металдар – қорғасын, кадмий, сынап және батареяларда, электроникада және кейбір орауыш материалдарда кездесетін басқа да улы элементтер.Көміртек тотығы мен күйе – олар ауаны ластап қана қоймай, адамдар мен жануарлардың тыныс алу мүшелерінің ауруларын тудыруы мүмкін.Қоқыстарды жағудан шыққан түтін ұзақ қашықтыққа шығып, ауаның сапасын нашарлатып, топырақ пен судың ластануына ықпал етеді. Ауылдық жерлерде бұл, әсіресе құрғақ кезеңде, ауыр өрттерді тудыруы мүмкін.Адам денсаулығына қауіпҚалдықтарды рұқсатсыз жағу адам денсаулығы үшін ерекше қауіпті, өйткені ауаға түсетін улы заттар:тыныс алу органдарының аурулары (бронхит, астма, созылмалы қабыну процестері);аллергиялық реакциялар және тері аурулары;жүрек-тамыр жүйесімен проблемалар;улы түтінмен ұзақ ингаляцияға байланысты қатерлі ісіктің даму қаупі.Балалар, қарт адамдар және созылмалы аурулары бар адамдар бұл әсерлерге әсіресе осал.Құқықтық аспектілеріКөптеген елдерде қалдықтарды рұқсатсыз жағуға тыйым салатын заңдар бар. Қазақстанда, Ресейде және басқа елдерде мұндай әрекеттер үшін әкімшілік айыппұлдар қарастырылған. Алайда, басты мәселе – бақылаудың жеткіліксіздігі және оның салдары туралы халықтың нашар хабардар болуы.Баламалы шешімдерҚалдықтарды жағудан зиян келтірмеу үшін экологиялық таза әдістерді әзірлеу қажетқалдықтарды кәдеге жарату:Қалдықтарды кейін қайта өңдеумен (шыны, пластик, қағаз, металл) бөлек жинау.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы органикалық қалдықтарды компосттау.Ресми полигондар мен қалдықтарды өңдеу зауыттарын пайдалану.Халық арасында экологиялық таза өмір салтын енгізу және насихаттау.ҚорытындыҚалдықтарды рұқсатсыз жағу – жай ғана болмашы заң бұзушылық емес, кешенді шешуді қажет ететін күрделі экологиялық және әлеуметтік мәселе. Әр адам қоршаған ортаның жағдайына жауапты. Қоқысты жағудың орнына қайта өңдеудің заманауи әдістерін енгізіп, экологиялық мәдениет деңгейін көтеру маңызды. Бұл таза ауаны, салауатты табиғатты және болашақ ұрпақ қауіпсіздігін сақтаудың бірден-бір жолы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu/press/news/details/965911?lang=kk
Шет ауданында ерлі-зайыпты шеберлер қазақтың ұлттық аспабы домбыра жасайды 15.04.2025
Шет ауданының тұрғыны Дана Жалғабекова күйеуімен бірге үш жыл бойы домбыра жасаумен айналысып келеді. Осы уақыт ішінде олар 30 ұлттық музыкалық аспап жасады. Қарағанды облысы әкімінің жастар кәсіпкерлігін қолдауға арналған грантын алған қолөнершілер шағын отбасылық бизнесті жаңа деңгейге шығару үшін қажетті жабдықтар сатып алды.– Біз Ағадыр ауылында тұрамыз. Домбыра жасаумен айналысқанымызға үш жыл болды. Негізгі шебер – менің күйеуім. Ал мен бұйымдарды лакпен сырлап, әшекейлеп, басқа да жұмыстарды атқарамын. Бұл біздің шағын отбасылық бизнесіміз. Өткен жылы Қарағанды облысы әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына қатысып, грантқа ие болдым, ол қаржыға біз станоктар сатып алдық. Бұрын күйеуім бәрін қолмен істесе, енді біздің жұмысымыз әлдеқайда жеңілдеді. Сапаға үлкен мән береміз. Өз ісімізді одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз, – деді Дана.Музыкалық аспаптарды сатып алушылар – Шет ауданының ғана емес, Астана, Қарағанды қалаларының тұрғындары.Қолөнершілер бизнесті кеңейтіп, шеберлерді жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/965908?lang=kk
Өрт кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер 15.04.2025
Өрт – адамның өмірі мен мүлкіне, қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіретін төтенше жағдайлардың бірі. Ол күтпеген жерден басталып, бірнеше минут ішінде үлкен аумаққа таралуы мүмкін. Сондықтан өрт шыққан жағдайда жылдам әрі дұрыс әрекет ету – адам өмірін құтқарудың басты шарты.Өрт шыққанын анықтау және дабыл беруӨрттің алғашқы белгілері – түтін, оттың жалыны, күйік иісі немесе электр сымдарының ұшқындануы байқалғанда, бірден әрекет ету қажет. Ең алдымен: Өрт сөндіру қызметіне (101 немесе 112) хабарлау керек. Мекенжайды, өрттің қай жерде және қандай көлемде болып жатқанын нақты айту маңызды.Айналадағы адамдарды ескерту. Егер ғимарат ішінде болсаңыз, айқайлап немесе дабыл түймесін басып, басқа адамдарға хабар беріңіз.Көшу жолдарын анықтау. Түтін басқан бөлмеде қалмай, тез арада қауіпсіз жерге шығу керек.Өрт кезінде қауіпсіз эвакуацияӨрт болған кезде басты міндет – өз өміріңізді сақтап қалу. Ол үшін: Егер бөлме түтінге толса, еденге жақын жермен қозғалу керек, өйткені төменгі қабаттарда ауа көбірек болады.Киімге немесе матаға су сеуіп, тыныс алу жолдарын қорғау үшін мұрын мен ауызды жауып алу қажет.Лифтіні пайдаланбау керек, өйткені өрт кезінде ол тоқтап қалуы немесе түтінмен толуы мүмкін.Егер есіктер ыстық болса, оларды ашуға болмайды – от келесі бөлмеде болуы мүмкін.Өртті бастапқы кезеңде сөндіру. Өрттің таралуы әлі басталмаған жағдайда оны сөндіруге тырысуға болады:Электр құралдарының тұтануы кезінде алдымен электр қуатын ажырату қажет.Майлы және жанғыш сұйықтықтардың жануын су құю арқылы сөндіруге болмайды – оның орнына құм, жер немесе өрт сөндіргішті қолданған жөн.Егер киіміңіз тұтанса, жүгірмеу керек, керісінше, жерге жатып, отты тұншықтыру үшін домалап, жамылғы немесе қалың матаға оранған дұрыс.Өрттен кейінгі іс-әрекеттерТөтенше қызметтердің келуін күту және олардың нұсқауларын орындау қажет.Егер зардап шеккендер болса, алғашқы медициналық көмек көрсету керек.Ғимаратқа қайта кіруге болмайды, өйткені өрт қайта тұтануы немесе құрылымдық зақымдар болуы мүмкін.ҚорытындыӨрт кезіндегі алғашқы іс-әрекеттердің дұрыс орындалуы адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Ең бастысы – үрейге бой алдырмай, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау. Өрт қауіпсіздігі ережелерін алдын ала үйрену және төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін білу – әрбір адамның маңызды міндеті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu/press/news/details/965906?lang=kk
Өрт қауіпті кезеңіне дайындық 15.04.2025
Өрт – табиғатқа, адамдарға және экономикаға үлкен зиян келтіретін қауіпті апаттардың бірі. Әсіресе, жаз айларында орман-тоғайларда, дала алқаптарында және елді мекендерде өрттің шығу қаупі арта түседі. Сондықтан өрт қауіпті кезеңіне алдын ала дайындалу – әр адамның, әр мекеменің және қоғамның ортақ міндеті.Өрттің негізгі себептеріӨрттердің басым бөлігі адамның жауапсыздығынан туындайды. Мысалы:Орманда немесе далада абайсызда қалдырылған сөндірілмеген темекі тұқылы;Отты дұрыс пайдаланбау, әсіресе, демалыс орындарында алау жағу кезінде;Электр желілерінің ақаулығы немесе отқа қауіпті құралдарды дұрыс пайдаланбау;Найзағай соққысы немесе құрғақшылықтан туындаған табиғи факторлар.Дайындық шараларыӨрттің алдын алу үшін бірнеше маңызды шараларды орындау қажет:Ағарту және түсіндіру жұмыстары – халыққа, әсіресе, балалар мен жасөспірімдерге өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрету.Орман және дала алқаптарын қорғау – арнайы жолақтар жырту, құрғақ шөптер мен бұталарды уақытылы тазарту.Өртке қарсы техника мен құралдарды дайындау – су қоймалары, өрт сөндіру машиналары мен құралдарының дайындығын тексеру.Жауапты тұлғалар мен қызметтердің әзірлігі – төтенше жағдайларқызметінің дайындық деңгейін арттыру, ерікті өрт сөндірушілер тобын құру.Жеке сақтық шаралары – әр азамат отты қолдану кезінде сақ болуға, тұрмыстық электр құрылғыларын мұқият пайдалануға міндетті.Өрт қауіпті кезеңіне дайындық – бұл орман өрттерінің, дала өрттерінің және тұрмыстық өрттердің алдын алу мақсатында жүргізілетін кешенді шаралар. Ол бірнеше бағытты қамтиды: Алдын алу шараларыҚұрғақ шөп пен қоқысты тазалау – ауылдық жерлерде, орман алқаптарында және елді мекендер маңында құрғақ өсімдіктерді өртеуге тыйым салынады.Өртке қарсы жолақтар жасау – орман және дала алқаптарында арнайы өртке қарсы жыралар мен жолақтар қазылады.Электр желілерін тексеру – қысқа тұйықталу қаупін болдырмау үшін электр желілері мен бағаналары тексеріліп, қажет болса жөнделеді.Азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу – өрт қаупі жоғары кезеңде халыққа арнайы нұсқаулықтар мен ескерту хабарламалары таратылады. Техника мен жабдықтарды дайындауӨрт сөндіру көліктерін, су тасымалдау техникаларын дайындау – олар толықтай жұмысқа жарамды болуы тиіс.Арнайы құрал-жабдықтарды тексеру – өрт сөндіргіштер, су сорғылары, құм жәшіктері және басқа да қажетті құралдар дайын болуы керек. Күштер мен құралдарды жұмылдыруӨрт сөндіру бөлімшелерінің дайындығы – барлық қызметкерлер дайындық деңгейін арттырады.Ерікті өрт сөндіру жасақтарын құру – ауылдық жерлерде тұрғындар арасында өртке қарсы еріктілер тобын ұйымдастыру маңызды. Төтенше жағдайларға әрекет ету жоспарыӨрт шыққан жағдайда жедел әрекет ету алгоритмін құру.Жедел хабарлау жүйесін іске қосу – 101 нөміріне хабарлау, SMS арқылы ескерту. Халыққа қойылатын талаптарОрманға от жақпау.Сіріңке, темекі тұқылын қалай болса солай тастамау.Көгалдандырылған аумақтарда, далада көлікпен жүргенде құрғақ шөпке тоқтамау.Балаларды өрт қаупінен сақтау.Осындай кешенді шаралар арқылы өрттің алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады.ҚорытындыӨрт қауіпті кезеңіне дайындық – тек өрт сөндірушілердің ғана емес, әрбір адамның жауапкершілігі. Табиғатты қорғау, өз үйіміз бен ортамызды қауіпсіз ету – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан өрт қауіпсіздік ережелерін сақтап, сақтық шараларын уақытылы жүзеге асыруымыз қажет. Бұл табиғатымызды сақтауға, адамдардың өмірін қорғауға және материалдық шығындардың алдын алуға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu/press/news/details/965904?lang=kk
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы 15.04.2025
Қадірлі отандастар!Ораза айт мейрамы құтты болсын!Татулық пен бауырмалдық, жақсылық пен игілік салтанат құратын осы қастерлі мерекенің барша мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша.Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытады. Сол арқылы адамгершілік құндылықтар қоғамымызда терең орныға түседі.Ораза айт мерекесінің тағылымы ата салтымызбен терең сабақтасып жатыр. Біздің дініміз де, дәстүріміз де азаматтарды бірлік пен ынтымаққа үндейді, өзара сыйлас болуға шақырады. Осы қасиеттеріміз барда халқымыздың Әділетті, Қауіпсіз, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құру туралы арман-мұраты орындалатынына кәміл сенімдімін.Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!Айт қабыл болсын, ағайын!t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/965883?lang=kk
Шетелдік көздерден қаржыландырылатын тұлғалардың тізілімін жариялады 15.04.2025
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ресми www.kgd.gov.kz сайтында 2024 жылдың екінші жартыжылдығында шетелден қаржыландыру алған тұлғалардың кезекті тізілімін жариялады.Жалпы, 2023 – 2024 жылдары мәліметтерді ұсынған адамдар саны 295 құрады, оның ішінде тұрақты түрде – 118 тұлға, мерзімді – 96, бір реттік – 81 тұлға.2023 жылы шетелдік көздерден ақша және (немесе) мүлік алу туралы мәліметтерді 28,7 млрд.теңге сомасына 267 тұлға ұсынды (2023 жылғы 1 жартыжылдықта - 14,3 млрд. теңгеге 239 адам, 2023 жылғы 2 жартыжылдықта - 14,4 млрд. теңгеге 192 адам).2024 жылы шетелдік көздерден ақша және (немесе) мүлік алу туралы мәліметтерді 27,2 млрд.теңге сомасына 218 тұлға ұсынды (2024 жылғы 1 жартыжылдықта - 13,6 млрд. теңгеге 192 адам, 2024 жылғы 2 жартыжылдықта - 13,6 млрд. теңгеге 200 адам).Бұл шара азаматтардың мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да сенімінің деңгейін арттыруға бағытталған.Өз қызметі және шетелдік көздерден алынған ақша қаражаты туралы есептерді ұсыну туралы талаптар әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-aktobe/press/news/details/965874?lang=kk
Сарапшылардың айтуынша, қазіргі Салық кодексінде 729 жеңілдік белгісі бар. 15.04.2025
📍 Сарапшылардың айтуынша, қазіргі Салық кодексінде 729 жеңілдік белгісі бар. Бүкіл әлемде мемлекеттер экономиканың өсуін ынталандыру және белгілі бір бизнес санаттарын қолдау үшін преференциялар енгізеді. Идеалда бұл кәсіпорындар мен жұмыс орындарының өсуіне, өндіріс шығындарының төмендеуіне және салық салу базасының ұлғаюына әкелуі керек.Салықты кім төлеп жатыр?Қазақстанда 2,3 миллион салық төлеуші тіркелген, бірақ олардың тек 8%-ы (137 мың компания) ҚҚС төлеуші болып табылады. Бұл кәсіпкерлердің басым бөлігі арнайы салық режимдерінде қалып, салық салудың жоғары деңгейіне өтуден қашатынын көрсетеді. Соның салдарынан мемлекет бюджетке қомақты түсімдерді жоғалтады, ал бизнес-қоғамдастық жасанды түрде бөлшектенген күйде қалады.Үкіметтің ұсыныстарыҚазіргі уақытта жаңа Салық кодексі әзірленуде. Жоба бастамашылары 453 жеңілдік позициясының 128-ін алып тастауды ұсынып отыр, бұл 1,3 трлн теңгеден астам соманы құрайды.Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, негізгі өзгерістер мыналарды қамтиды:ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегін 20 мың АЕК-тен (78,6 млн теңге) 3 800 АЕК-ке (15 млн теңге) дейін төмендету;ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін көтеру, бірақ кейбір салалар үшін 10% төмендетілген мөлшерлемені белгілеу;Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін шектеу – ол тек B2C (тұтынушыларға бағытталған бизнес) сегментіне ғана қолжетімді болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-lisakovsk-oktyabr/press/news/details/965844?lang=kk
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесті 15.04.2025
Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Талғат Ластаев өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.Тұрғындармен кездесуде көлік вице-министрі азаматтардың автомобиль жолдарын салу, теміржол тасымалы, азаматтық авиация және көлік инфрақұрылымының басқа да бағыттары бойынша сұрақтарына жауап берді.Халықпен кездесу барысында Талғат Ластаев жол инфрақұрылымын дамыту аясында 2025 жылы Ұлытау облысында бірқатар ірі жобалар жоспарланып отырғанын атап өтті. Атап айтқанда, «Қызылорда – Жезқазған» автожолының 208 шақырымдық учаскесін қайта жаңарту жұмыстары. Оның ішінде жолды III техникалық санаттан II техникалық санатқа көшіру жұмыстары басталады. Бұл жол жүру уақытын 4 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқартады.Сонымен қатар, «Қарағанды-Жезқазған» автожолын қайта жаңарту жұмыстары басталып, «Жезқазған-Петропавл» жолын орташа жөндеу жұмыстары жалғасады. 2025 жылдың соңына дейін Ұлытау облысындағы жергілікті жолдарда 3 бірлік автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жоспарлануда.Сондай-ақ, қолданыстағы терминал ғимаратын қайта жаңарту және сағатына 300 адамды қабылдайтын жаңа терминал салу жобасы әзірленуде және Жезқазған, Жаңаарқа, Қаражал, Қызылжар станцияларының теміржол вокзалдарын жөндеу жоспарлануда.Бұл бастамалардың барлығы өңірдің көліктік-логистикалық жағдайын жақсартуға және көлік инфрақұрылымының сапасын арттыруға бағытталған.Кездесу барысында жергілікті тұрғындар «Жезқазған-Ақтау», «Жезқазған-Алматы» әуе рейстерінің ашылуы, «Жезқазған-Астана» әуе рейстері санын ұлғайту, «Жезқазған-Астана» вагондарын жаңарту, «Жезқазған-Алматы» жолаушылар поездының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ Сәтбаев қаласының айналма жолын салу, Шұбаркөл кенті арқылы өтетін «Ұлытау-Астана» автомобиль жолын салу, Ұлытау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметіне және жүк автомобильдеріне арналған автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату және Жезқазған қаласында сауда-логистикалық хаб құру бойынша мәселелерді көтерді.Барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар, түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/965835?lang=kk
17-ші Халықаралық Пластмасса және Полимерлер Индустриясы CENTRAL ASIA PLAST WORLD 2025 көрмесі 15.04.2025
Сіздерді 2025 жылғы 17-ші Халықаралық Пластмасса және Полимерлер Индустриясы CENTRAL ASIA PLAST WORLD 2025 көрмесіне шақырамыз.Көрмеге ұсынылатын бөлімдер:− Пластмасса, орау, баспа және каучук өндірісі үшін жабдықтар;− Полимерлер;− Жылу және бақылау жабдықтары;− Қосымша заттар мен суперконцентраттар;− Шикізат және көмекші материалдар;− Пресс-формалар;− 3D басып шығару;− Аддитивті өндіріс;− Гидравликалық және пневматикалық жабдықтар;− Қалдықтарды қайта өңдеу;− Полиуретан;− Композиттер.Көрме 2025 жылдың 25-27 маусымында Алматы қаласында, МВЦ «Атакент», 11 павильон мекенжайында өтеді. Қатысушы елдер арасында Қазақстан, Австрия, Италия, Германия, Латвия, Ресей, Қытай, Түркия, Үндістан, Өзбекстан, Иран және басқа да елдер бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-selhoz-karagandy/press/news/details/965823?lang=kk
Көлік вице-министрі Ұлытау облысындағы бірқатар көлік инфрақұрылымы нысанына барды 15.04.2025
Әуежай инспекциясы барысында ұйым басшылығы вице-министр Талғат Ластаевқа Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде әуежайды жаңғырту және дамыту іс-шараларының іске асырылуы туралы баяндады.Әуе айлағын пайдаланушы «Жезқазған-эйр» авиакомпаниясы» акционерлік қоғамы. 1973 жылы салынған әуежай 2005-2009 жылдары жөндеуден өткен. Бүгінгі таңда кәсіпорынның алдында өткізу қабілетін арттыру және әуежай инфрақұрылымын жаңғырту сынды жаңа стратегиялық міндеттер тұр.Жоба аясында жолаушылар терминалын қайта жаңарту жоспарлануда, бұл оның өткізу қабілетін сағатына 120-дан 250 жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұшу-қону жолағының (2600 × 45 м) әуеайлақ жабындарын, перронды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау биылғы жылдың қазан айына жоспарланған.2024 жылдың қорытындысы бойынша әуежай 118 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетті. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларына 16 тұрақты рейс орындалады. Мемлекет тарапынан субсиядияланатын Жезқазған – Қарағанды және Жезқазған – Шымкент бағыттары бойынша қатынайтын құны 10 мың және 18 мың теңгені құрайтын әуе билеттері қарастырылған.Ел тұрғындарының шағымдары мен ұсыныстарын ескере отырып, Жезқазған – Қарағанды бағыты бойынша қатынайтын әуе кемесі АН-24-тен Bombardier Q-400-ге ауыстырылды. Бүгінгі күні субсидияланатын рейстерді «Qazaq Air» әуекомпаниясы орындайды.Вице-министр инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру әуежайдың пайдалану мүмкіндіктерін жақсартады, ұшу географиясын кеңейтеді, ұшу қауіпсіздігі деңгейін және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырады деп атап өтті. Осыған байланысты ол жұмысты жеделдетуді тапсырды.Сондай-ақ, вице-министр Жезқазған қаласының теміржол вокзалының жұмысымен танысты.1941 жылы салынған Жезқазған теміржол вокзалының ауданы 524 шаршы метрді құрайды және тәулігіне 1800 жолаушыға қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Ұлытау облысының аумағында Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда және Қарағандымен көлік қатынасын қамтамасыз ететін 7 жұп жолаушылар пойызы жүреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/965816?lang=kk
Қамысқала ауылдық округінде 100 түп қарағаш көшеттері отырғызылды 15.04.2025
Қамысқала ауылдық округі бойынша көктемгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру барысы аясында Қамысқала ауылына 100 түп қарағаш көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/965810?lang=kk
Вакансиялар жәрмеңке 15.04.2025
Түлектерді біздің облысымызға тарту мақсатында ағымдағы жылдың 28 наурызында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Ветеринария» мамандығы бойынша түлектерімен кездесу өтті.Аталған іс-шараға ветеринария басқармасының қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.Кездесу барысында түлектерге жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметінің қызметі мен міндеттері туралы айтылды, сондай-ақ барлық қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-veterinary/press/news/details/965805?lang=kk
