Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

ШҚО құтқарушылары Ақмола облысында су бұру жұмыстарын жалғастыруда 15.04.2025
ШҚО құтқарушылар тобы Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асырып, су басу қаупін жоюға көмектесуде.Жеке құрам Қоянды ауылында мотопомпалар мен өрт-сорғы станциясын пайдалана отырып, еріген қар суларын сору жұмыстарын жүргізуде. Құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп, инертті материалдарды тиеумен айналысуда.Құтқарушылардың өзара көмегі жеке сектордың су астында қалуына жол бермей, су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/966401?lang=kk
ШҚО ТЖД құтқарушылары гипермаркетті сөндіру бойынша жаттығу өткізді 15.04.2025
Өскеменде өрт-тактикалық жаттығулар өтті. Құтқарушылар өрт сөндіру аңызына сәйкес құрылыс материалдары гипермаркетінде өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізді. Электр сымдарының шартты қысқа тұйықталуының нәтижесінде өрттің жануы және қойма бөлмесінде орналасқан құрылыс материалдары бар сөрелерге таралуы болды. Гипермаркет қызметкерлері өртті анықтағаннан кейін "112" қызметіне хабарлап, адамдарды көшіруді бастады, кезекші электрик электр қуатын өшіріп, объектінің қүзет қызметі бастапқы құралдардың көмегімен өртті жеңуге тырысады, бірақ қатты түтіннің салдарынан олар сауда залынан кетуге мәжбүр болады. Келген өрт сөндіру есептері гипермаркет қызметкерлерін жанып жатқан үй-жайдан көшіріп, отпен күреске кірісті. Объектінің екі қызметкеріне ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерінің көмегі қажет болды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылымен өрт 100 ш. м. шартты алаңда тоқтатылды."Өрт қауіпті материалдарды сақтайтын объектіде өткізілетін оқу - жаттығулар ғимаратта өрт туындаған жағдайда және азаматтарды құтқару жөніндегі іс-қимылдар кезінде құтқарушылар мен персоналдың дағдылары мен өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталған", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/966397?lang=kk
Көше шамдарын ауыстыру жұмыстары 15.04.2025
Қараой ауылдық округінде көше шамдарын күтіп ұстауға "Тенгри" ЖК - мен келісім шарт жасалды. Қараой ауылының, Дауылбаева, Рахат, Бейбітшілік, Отарбаев, Пашкин, Тың дала көшелерінде істен шыққан шамдарға жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жұмыс жалғасуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-karaoi/press/news/details/966385?lang=kk
🔹️Мәртөк ауданының ТЖБ: Қоқысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау. 15.04.2025
❗️Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес қоқысты ашық аумақта желсіз ауа райында кез келген ғимараттардан, құрылыстардан және сақталған материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта алғашкы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіштер, су) болған кезде ғана жағуға жол беріледі.Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөптер менжапырақтардан тазартылуы тиіс. Қоқысты жағу тұрақты бақылаумен, тек күндізгі уақытта жүргізілуі тиіс. Қоқысты өртегеннен кейін отты мұқият сумен толтыру керек. Сөндірілмеген отты қараусыз қалдыруға тыйым салынады.Көптеген азаматтар үшін аулада жиналған қоқысты полигонға шығарғаннан гөрі өртеу оңайырақ.Алайда, қоқысты жағу кезінде абайсыздық пен немқұрайлылық өртке әкеліп, қалпына келтірілмейтін зақым келтіруі мүмкін.Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қоймаға жинау және жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасынын «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің336 бабына сәйкес қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау -жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу,шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.Айыппұлдар:Жеке тұлғалар үшін 20 АЕК немесе 78 640 теңге;Лауазымды тұлғалар үшін 50 АЕК немесе 196 600 теңге;Шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар үшін 200 АЕК немесе 786 400 теңге;Орта бизнес үшін 300 АЕК немесе 1 179 600 теңге;Мәртөк ауданының ТЖБ ауыл тұрғындары менқонақтарын өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/966365?lang=kk
ҮЕҰ есептерін қабылдау мерзімін ұзартутуралы 15.04.2025
ҮЕҰ есептілігін қабылдау а.ж. 1 қаңтарынанбастап infonpo.gov.kz адресінен жаңа«Еsep.govtec.kz» цифрлық платформасынаавтоматты түрде бағытталумен жүзеге асырылуда.«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағындақызмет атқаратын коммерциялық емес ұйымдаржыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралымәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсынады.Сонымен қатар, жаңа порталдағыэксплуатациялық жұмыстар себебінен орын алғантехникалық ақауларға байланысты а.ж. 13 қаңтарымен 18 ақпаны аралығында «ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді қабылдау уақытша тоқтатылды.Осыған орай техникалық ақаулар мен ақпараттық жүйедегі қателіктер актісі негізіндеесептілік мерзімі 2025 жылдың  21 сәуіріне дейінұзартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-temirtau/press/news/details/966350?lang=kk
Қазыбек би көшесі, 2 бұр., Дулати, №8 балабақшаға баратын жол, Рысбеков, Бұлқышев көшелеріне орташа жөндеу жүргізіледі 15.04.2025
Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі (облыстық әкімдік маңы), 2 бұр, Дулати, №8 балабақшаға баратын жол, Рысбеков, Бұлқышев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Ұзындығы – 2,0 шақырымАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/966332?lang=kk
Тұрғын үй кілттері табысталды 15.04.2025
Қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде ауданымыздағы бірқатар отбасы баспаналы болды. Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев үйлі болған қоныс той иелерін құттықтап, салтанатты түрде пәтер кілттерін табыстады.– Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – баспана мәселесін шешу. Осы қуанышты сәтте баршаңызды жаңа қоныстарыңызбен құттықтаймын. Жаңа үй – тек қана төрт қабырға емес, жаңа өмірлеріңіздің, қуанышты сәттердің бастамасы болсын. Жанұяларыңызда бір-бірлеріңізді қолдайтын, барлық қабілеттеріңізді пайдаланып, елімізді, ауданымызды гүлдендірер ұрпақтың құтты ұясына айналсын. — деген Рахымжан Ысқақұлы қоныс той иелеріне пәтер кілттерін табыстап, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тіледі.Мерекелік жиында ауылымыздың ақсақалы Яхия Аймағанбетов ақ батасын беріп, ақ жаулықты әжелер шашуын шашты.– Қуанышымызда шек жоқ. Мемлекет қолдауын сезініп, жаңа пәтерге ие болдық. Алғысымыз шексіз, — деді ауыл тұрғыны Серікбай Айтқазиев.Айта кетейік, қазіргі уақытта Бейнеу ауданы бойынша 894 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп 65-80 шаршы метр аралығын құрайтын 2 және 3 бөлмеден тұратын 22 үй сатып алынған болатын. Аталған тұрғын үйлер тұрғын үй комиссиясының шешіміне сәйкес көп балалы отбасы санатындағы 9 адамға, әлеуметтік әлсіз топ санатындағы 9 адамға және жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 4 адамға берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/966327?lang=kk
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу 15.04.2025
Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған жоспарының 2.10 және 6.2- тармақтарын орындау мақсатында мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсініктемелер берілді. Аппарат қызметкерлері заңнамалық актілердің баптарымен танысты, онда ешкімді шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды деп айтылады. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне кемсітушілік пен қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құруға бағытталған шаралар қабылдауы тиіс деп белгілейді. Сонымен қатар, қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін анықтау үшін аудандық мәслихат аппаратының ұжымында мемлекеттік қызметшілерге сауалнама жүргізілді. Нәтижелерді талдау қорытындысы бойынша ұжымдағы мәдениет деңгейі оң, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынас екенін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/967443?lang=kk
Валюталық бақылау 15.04.2025
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларының назарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кірістер органдарына құзыреті шегінде валюталық бақылау функциясы берілгенін жеткізеді. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР 2018 жылғы 02 шілдедегі №167-VI тиісті Заңына өзгерістер енгізілді.Егер шарттың сомасы баламасында 50 000 мың АҚШ долларынан асатын болса, экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт есептік тіркеуге жатады. Егер валюталық шартта жасалған күні шарттың сомасы көрсетілмесе, онда мұндай шарт есептік тіркеуге жататын шарт ретінде қаралады.Экспортаушы немесе импортаушы тараптардың кез келгенінің экспорты немесе импорты бойынша валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау басталғанға дейін оған қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банкке есептік нөмірді алуға өтініш жасайды.Егер тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін мән-жайлар туындаса, экспорттаушы немесе импорттаушы ақпаратты және растайтын құжаттарды (бар болса) есептік тіркеу банкіне ұсынады.Егер репатриациялау мерзімі өткен, ал бейрезидент валюталық шарт бойынша орындамаған міндеттемелердің сомасы баламасында 50 000 АҚШ долларынан асқан жағдайда, материалдар «ҚР ҚК валюталық құндылықтарын Қазақстан Республикасынан заңсыз әкету, жіберу және аудару» 235-1-бабы бойынша іс қозғау туралы мәселені қарау үшін жіберіледі.Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған кезде ҚР ӘҚБтК-нің "Ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау" 251-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/966313?lang=kk
Елордалық студенттер ұлттық құрылтайдың қоғам мен мемлекет арасындағы диалог үшін маңызын талқылады 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» республикалық жастар кеңесінің төрағасы Аян Сәлімгереев Астана қалалық қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде студенттермен кездесті. Жиынға қатысушылар Ұлттық құрылтай отырыстарында көтерілген мәселелерді талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Кездесу барысында спикер Ұлттық Құрылтайдың қоғам мен мемлекет арасындағы негізгі диалог алаңы ретіндегі маңыздылығына тоқталды.«Ұлттық құрылтай – ел дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғам қайраткерлерінің, жастардың және сарапшылардың басын қосатын маңызды бастама, оның мақсаты – әділетті әлеуметтік саясатты қалыптастыру, азаматтық бастамаларды қолдау және халықтың өмір сүру сапасын арттыру», – деді Аян Сәлімгереев.Жұмысшы мамандықтар жылына және оның жастар үшін ашатын перспективаларына ерекше назар аударылды. Спикер жұмысшы мамандықтардың түлектеріне мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары ұсынылатынын атап өтті.«Бүгінде мемлекет жұмысшы мамандықтарын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Жастар үшін, әсіресе колледж түлектері үшін бизнес ашуға, жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларына, еліміздің жетекші кәсіпорындарында тағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналасуға гранттар қарастырылған. Бұл мүмкіндіктерді пайдаланып, алға жылжу маңызды», - деп қосты ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/966311?lang=kk
«Ашық есіктер күні» акциясы 15.04.2025
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң кеңес беру мақсатында жергілікті әділет органдары «Ашық есік күні» кең ауқамды акциясы аясында ағымдағы жылдың І-тоқсанында Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарында 90-нан астам іс-шаралар ұйымдастырды.Акцияға облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының өкілдерінен басқа адвокаттар, нотариустар және заң консультанттары да қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krs/press/news/details/966309?lang=kk
Аудандардың ахуалы жіті назарда 15.04.2025
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Басқосу барысында әуелі «Әулиеата» ауданы әкімінің міндетін атқарушы.Медет Нұрмаханов атқарылған жұмыстар туралы баяндады.– «Әулиеата» ауданының аумағымен танысу жұмыстары тұрақты жүргізілуде және ауданның жаңа төлқұжаты дайындалды. Жалпы ауданда 13 шағын аудан, 997 көпқабатты үй, 7 саяжай алқабы, 18 тұрғын үй алабы, 487 көше, 158 бұрылыс, 365 аялдама, 29 619 жеке үй бар. Сонымен қатар, ауданы әкімі аппаратының күнделікті халыққа ауданның тыныс-тіршілігін, хабарламаларын және басқа ақпараттарын жеткізіп отыру үшін ресми инстаграм және фейсбук әлеуметтік парақшалары ашылып, тұрақты жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар «Әулиеата» ауданы, Сыпатай батыр көшесінің тұрғындарымен кездесу өтіп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар бойынша тиісті жұмыстар қолға алынуда. Сондай-ақ биыл аудан аумағындағы 36 көше орташа, 19 көше мен 5 жаяу жүргіншілер жолы ағымды жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. Бұған қоса биыл 13 көше жарықтандырылады, – деген Медет Сәбитұлы бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасатынын жеткізді.Келесі кезекте «Жібек жолы» ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Данаев қолға алынған жұмыстарды тілге тиек етті.Сондай-ақ жиында мемлекеттік сатып алу конкурстарының өткізілуі, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен Тараз қаласы бюджетінің болжамды орындалуы, ҰОС Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу, қала аумағында жаңадан салынатын және салынған нысан автотұрақтарының заңнамаға сәйкес абаттандырылуы, қала аумағындағы жер учаскелерін есепке алу, көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту, Тараз қаласының этносаралық ахуалы, білім мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шаһарда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар және тағы да басқа мәселелер қаралды.Кеңесті қорытындылаған шаһар басшысы аудандардың ахуалы назардан тыс қалмайтынын жеткізіп, күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/966306?lang=kk
Майлықожа көшесі, Больничный бұрылысы, 2 бұр., Бурыл, Ақбозов бұрылысына орташа жөндеу жүргізіледі 15.04.2025
Тараз қаласы, Майлықожа көшесі («Арай» алқабы), Больничный бұрылысы, 2 бұр, Бурыл, Ақбозов бұрылысына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Ұзындығы – 1,915 шақырымАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/966298?lang=kk
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші адамдарға жәрдемақы тағайындау туралы 15.04.2025
ҚР Әлеуметтік кодексінде  мүгедектігі бар  баланы тәрбиелеуші әкесіне немесе анасына, асыраушысына, қамқоршысына ай сайын мемлекеттік жәрдемақы тағайындау көзделген.Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге беріледі.Кодекстің 1-бабының 1-тармағының 110-тармақшасына сәйкес,  мүгедектігі бар бала - тыныс-тіршілігінің шектелуіне және әлеуметтік жағынан қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегіз жасқа дейінгі адам болып саналады.         Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тұрғылықты мекен-жайы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" бөлімшесіне өтініш берілген күннен бастап мүгедектік туралы анықтамада көрсетілген баланың барлық мүгедектік кезеңіне тағайындалады.          Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны "электрондық үкіметтің" веб-порталымен өтініш жасау арқылы тағайындауға болады.Балаға мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне жүгінеді.Балаға (балаларға) мүгедектік белгілеген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметі «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі.Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш ұсыну  проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау кезінде талап етілмейді.   Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеу туралы шешiм қабылданған күннен бастап тағайындалады. Отбасында екі және одан көп мүгедек бала тұрып жатқан жағдайда,  жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады.Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы баланың отбасы табысына қарамастан  төленеді. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі (бұдан әрі-ЕТКД)  1,61 мөлшерінде ай сайын  төленеді.        01.01.2025ж.  бастап жәрдемақының мөлшері  (2025ж.ЕТКД 46228т* 1,61)  74428 теңгені құрайды.        Жәрдемақыны  төленуін тоқтату үшін келесі жағдайлар негіз болып табылады:1)    мүгедектігі бар баланың қайтыс болған жағдайда; 2)    мүгедектігі бар баланы мемлекеттің толық қамсыздандыруы айқындалғаны жағдайда;3)    жәрдемақының заңсыз тағайындалуына алып келген дәйексіз мәліметтер ұсынылған жағдайда; 4) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету жағдайларда.Жәрдемақы тағайындау мерзімі Мемлекеттік корпорацияда барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/966291?lang=kk
Қаратай Тұрысов көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі 15.04.2025
Тараз қаласындағы Қаратай Тұрысов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Ұзындығы – 0,669 шақырымАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/966289?lang=kk
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ –нің Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне «Zoom» қосымшасы арқылы құқықтық оқыту сабағы өткізілді. 15.04.2025
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А Бухарбаева 28.03.2025ж. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның облыстық филиалының (бұдан әрі-Филиал) қызметкерлеріне «Zoom» қосымшасы арқылы құқықтық оқыту сабағын өткізді.Оқу барысында Филиал қызметкерлеріне зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін тағайындау барысында туындаған мәселелер бойынша заңнамаға сәйкес түсіндірме берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/966288?lang=kk
Қала әкімі Бөгенбай ауылының тұрғындарының өкілдерімен кездесті 15.04.2025
Қала әкімі Бөгенбай ауылының тұрғындарының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында ауылдың дамуы мен өзекті мәселелері талқыланып, сондай-ақ Бөгенбай ауылының 90 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған жоспарлар қаралды. Қала басшысы жауапты органдарға нақты тапсырмалар берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/966275?lang=kk
Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтілді 15.04.2025
Шалқар ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жедел шаралар жалғасуда. Аудандық жедел штабтың үйлестіруімен тәулік бойғы жұмыстар жүргізіліп, барлық жағдай аудан әкімінің тікелей бақылауында.Бүгінгі күні Шалқар қаласы бойынша 11 техника мен 55 маман су тасқынының алдын алу жұмыстарына жұмылдырылды. Осы уақытқа дейін 3100 м³ су айдалып, 6800 м³ қар шығарылды.Тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Қосымша күштер қажет болған жағдайда тартылатын болады. Аудан тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және барлық жағдайларға түсіністікпен қарауды сұраймызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/966272?lang=kk
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мониторингісінің нәтижелері туралы есеп 15.04.2025
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мониторингісінің нәтижелері туралы есепР/с №Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөміріЖер учаскесін жалдау шартының № және күніЖер учаскесінің кадастрлық нөміріЖер учаскесінің алаңы, гектарОның ішінде егістік, гектарОның ішінде жайылымдарАуыл шаруашылығы жануарларының саныЖайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының пайызыПайдаланылмай жатқан жайылымдар алаңы, гектарМониторинг нәтижелері туралы қорытындыҰсынымдарБарлығыауыл шаруашылығы дақылдары егілгенкөпжылдық шөптер егілгентаза сүрі жермақсаты бойынша пайдаланылмайтын ірі қара малжылқыларқойлар, ешкілертүйелер12345678910111213141516171819201 "Дулат" ш/қ Сеитов Б.С. ЖСН60100535031908.12.2020г.№9101-278-059-096200,0 га200200            2 "Шункырколь" ЖШСБСН98054000075308.12.2020г.№9201-278-046-107410,0 га      410 1581165 18972,80488   3"Тем-КАР" ш/қ Оспанова К.К. ЖСН62081945028221.01.2021 г. №601-278-012-208100,0 га     100897069 1731,38   4"Олжа" ЖК Муханбетжанов М.М. ЖСН93082835034921.01.2021 г. №301-278-051-144120,0 га      12052325 556,4166667   5 "Амир-2010" ЖШСЖСН18104000896421.01.2021 г. №501-278-051-143100,0 га     1005041  992   6 "Жанарыс" ЖК Токсеитов Ш.Ф. ЖСН86022035089321.01.2021 г. №201-278-051-145250,0 га     2504222156 685,248   7 "Ишим" ш/қ Кеженов Е.Т. ЖСН79111030106121.01.2021 г. №401-278-051-142250,0 га     250321220 464,16   8к/х «Бірлік» Исимбаев Б.К. ЖСН63072130068503.06.2021 г.№3901-278-018-060197,0 га     1976331  1002   9 "Дулат" ш/қ Сеитов Б.С. ЖСН60100535031903.06.2021 г. №4001-278-046-10946,0 га4242   4297151586 5075   10 "Серикбаев" ЖК Серикбаев М.Д. ЖСН91100435085303.06.2021 г. №4101-278-069-050172,0 га     17239   390   11 "Виктор" ш/қ Витт В.В.ЖСН81050635084903.06.2021 г. №4301-278-069-052500,00     500145   1450   12 "Исахмет" ш/қ Исахметов А.Ж. ЖСН72080335051703.06.2021 г. №4401-278-067-06950,0 га     50452662 764,48   13 "Талдыкара-Ерасыл" ЖШС БСН20074000561103.06.2021 г. №4501-278-067-07050,0 га     5015312396 3009,84   14 "Кожа" ш/қ Мажитов Е.К.  ЖСН75083135014903.06.2021 г. №4601-278-067-071300,0 га     300566085 1280,566667   15 "СЕЛЬХОЗПРОМ03" ЖШС БСН21044001841603.06.2021 г. №4801-278-020-09998,0 га 96,586,5   1,59   90   16 "СЕЛЬХОЗПРОМ03" ЖШС БСН21044001841614.02.2022 г . №801-278-018-063132,8 га      132,89   90   17 "СЕЛЬХОЗПРОМ03" ЖШС БСН21044001841614.02.2022 г .№701-278-018-062397,8 га385,5385,5   12,39   90   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/966269?lang=kk
2024 жыл қорытындысы бойынша кеңес 15.04.2025
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша кеңес өткізді.Кеңестің мақсаты - Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарының орындалуын бағалау, сондай-ақ 2025 жылы Басқарманың алдына қойылған міндеттер мен жоспарларды айқындау. Басқарма мамандарымен 2024 жыл 2023 жылмен салыстырғандағы темір жол және әуе көлігі қызметкерлерінің арасында сырқаттанушылық бойынша, сондай-ақ Басқарманың бақылауындағы сумен жабдықтау, тамақтану, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым, жолаушылар тасымалы және радиациялық объектілердің жай-күйін талдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, өтініштерді қарау, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру және әкімшілік іс жүргізу жөніндегі жұмыстар бойынша талдау материалдары ұсынылды.Кеңес қорытындысы бойынша Басқарманың 2024 жылғы жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланып, 2025 жылға арналған міндеттер айқындалды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/966248?lang=kk