Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Қармақшыда темір жол вокзалдарына күрделі жөндеу жүргізіледі 15.04.2025
Қармақшы ауданында темір жол инфрақұрылымын жаңарту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Айдын Серікұлының төрағалығымен Жосалы және Төретам кенттеріндегі темір жол вокзалдарын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жиын өтті.Жиынға аудандық мекемелердің басшылары, темір жол саласының мамандары, вокзал басшылары және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, өткен жылы вокзалдарды жаңғырту бойынша жоба-сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілген болатын. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражат бөлініп, конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер мекемелер анықталды.Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің тапсырмасына сәйкес, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, 1 сәуірден бастап жөндеу жұмыстарын бастау туралы нақты міндет жүктеді.Бұл жұмыстар жолаушыларға сапалы қызмет көрсету деңгейін арттырып, ауданның көлік инфрақұрылымын жақсартуға айтарлықтай үлес қоспақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/964669?lang=kk
Сәтбаевта 54 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды 15.04.2025
Сәтбаев қаласының ПБ патрульдік полиция инспекторлары  "Қорғау" бағдарламасының көмегімен жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіні анықтады. 26 жастағы Жезқазған тұрғыны Mercedes-Benz көлігімен 54 рет жол ережесін бұзған. Полиция қызметкерлерінің қызметтік планшеттеріне жол ережесін бұзу туралы хабарлама келіп түскен. Тексеру барысында жүргізушінің жылдамдықты асырғаны, жол ережесін өрескел бұзғаны және салынған айыппұлдың жалпы сомасы екі миллион теңгеге жуық екендігі анықталды. Қазіргі уақытта көлік айып тұраққа қойылды. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері "Қорғау" бағдарламасының көмегімен жол ережесін бұзған 200-ге жуық автокөлік құралын анықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/964652?lang=kk
Алматы полициясы сигналдық және бос қаруды тапсыруға шақырады 15.04.2025
Қару айналымына бақылауды күшейту аясында заңнамаға өзгертулер енгізілді.«18 жасқа толған азаматтар соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы, психикалық сауықтыру орталықтарының мәліметтерін және азаматтық қарудың иелері мен пайдаланушыларын оқыту бағдарламасын аяқтағаны туралы анықтаманы көрсеткеннен кейін сигналдық және бос қаруды тек жеткізуші заңды тұлғалардан (бұдан әрі – қару дүкендерінен) рұқсатсыз сатып ала алады. ҚР ӘҚбК-нің 482 бабының талаптарына сәйкес сигналдық және бос қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және өткізу үшін жауапкершілік енгізілді. Осыған орай, азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қолдарында тіркелмеген барлық сигналдық және бос қаруларын ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыруы тиіс», - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/964643?lang=kk
Әдеп кодексі бойынша жиналыс 15.04.2025
📌2025 жылғы 27 наурызда аудандық мәслихат аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Мұстафин аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен жиналыс өткізді.🔹Жиналыста Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшідерінің Әдеп кодексінің талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары мен стандарттарын сақтау және қызметтік әдепті бұзуға жол бермеу мәселесі қаралды.🔸Мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі бойынша оларға қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтап, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану, қызметтік әдеп талаптарын бұзбай жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-alga/press/news/details/964639?lang=kk
Алматы полициясы дабыл қағады: мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті 15.04.2025
Соңғы апталарда Алматы жолдарында мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті. Қайғылы жағдайлардың себептері – жүргізуші тәртібінің жоқтығы, жол қозғалысы ережелерін мүлде елемеу және екі доңғалақты көліктің жүргізушілері жасаған хаос.«Жағдай қиын болып барады! Қатты жылдамдықпен келе жатып, қарсы қозғалысқа шығып, бағдаршам мен қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемейтін тәртіп бұзушылар өздеріне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді. Мұндай тәртіп бұзушыларға қатаң шаралар қолданылады – айыппұлдар, кейбір жағдайларда көлік құралдары тәркіленеді. Тек биылғы жылдың басынан бері 5 мың 508 мопед пайдаланушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 465 мопед мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев. Сонымен қатар, спикер, Алматыда небәрі бес күннің ішінде мопедтердің қатысуымен 23 жол-көлік оқиғасы орын алып, 22 адам зардап шеккенін хабарлады. Өкінішке қарай, екі жағдайда адам қайтыс болды, олардың біреуі - кәмелетке толмаған.Алматы полициясы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын, жолдағы қателіктің бағасы тым қымбат - бұл біреудің өмірі! Сақ болыңыз, өзіңізді және басқаларды құрметтеңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/964625?lang=kk
ТАС ЖОЛДАҒЫ ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫСҚЫ ЧЕМПИОНАТЫ 2025!🏆 15.04.2025
Түркістан қаласында, 22-29 наурыз аралығында, Ерлер және әйелдер арасындағы тас жолдағы Велоспорттан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтілуде.250 үздік велошабандоздың қатысуымен өткен байрақты бәсекеде №2 ОРМБЖСМ велоспорт бөлімінің спортшысы КАЗАКОВА ВИОЛЕТТА әйелдер арасында25 км. жекелей жарыста КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР атанды!Жаттықтырушысы: Бедербеков Ж.К.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sport/press/news/details/964623?lang=kk
Алматы полициясы мәлімдеме жасады 15.04.2025
Қала тұрғындарының жайлы және қауіпсіз өмір сүруінің және қонақтардың оңтүстік астанада болуының маңызды факторы – жол қауіпсіздігі.Алматыда күніне 1 миллионнан астам көлік жүреді, оның ішінде қала сыртынан келетін көліктер де бар. Қаладағы жазатайым оқиғаларға тұрғындардың, әлемдегі көптеген шаһарлардағы сияқты, көліктердің баламалы түрлерін – мопедтер мен электрсамокаттарды пайдалануы әсер етті. «Сіз күн сайын қалада олардың санының күннен-күнге артып келе жатқанына куә болып отырғаныңызға сенімдімін. Мопед жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін жиі бұзады, бұл жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әкеледі. Мысалы, мопед жүргізушілері жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне қауіп төндіретін “кенеттен тежеу” ​​ сияқты қауіпті маневрлерді жиі жасайды. Көптеген мопед пен самокат иелерінің арасында тәртіп пен мәдениеттің жоқтығы мәселені одан әрі ушықтыра түседі, өйткені олар қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамайды, бұл жолдардағы апаттар мен жарақаттарға әкеледі», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Серік Шумаев. Өткен жылы Алматыда мопедтердің қатысуымен 1 мың 084 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 1 мың 098 адам зардап шекті, тағы 17 адам қаза тапты. Самокаттардың қатысуымен 140 ЖКО орын алып, нәтижесінде 3 адам қаза тауып, 146 адам жарақат алды.Сонымен қатар, 44 мыңнан астам мопед жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 мың 700-ден астам мопед мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Қоғамда «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайту және еліміздің ірі шаһарындағы жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында, біз, барлық жерде мопед иелеріне көлік құралдарын тіркеу және жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. «Өткен жылы «Жол қозғалысы туралы» заңға өзгертулер енгізілді. Негізгі мақсат – мопедтерді пайдалануды реттеу. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып табылады және оларға барлық заң талаптары қолданылады. Осыған орай, мопед жүргізушілеріне мопедтерін тіркеп, «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алу қажеттігін тағы бір рет еске салғым келеді. Ағымдағы жылдың 5 сәуірінен кейін көлік құралдарын уәкілетті органда тіркемеген және «А1» санатындағы жүргізуші куәлігінсіз мопед тізгіндеген мопед жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді, Серік Шумаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/964610?lang=kk
Буллинг және кибербуллингтің алдын алу 15.04.2025
Ә.Бердәулетов атындағы №34 орта мектебінде «Кибербуллинг» ,"Лудомания"тақырыбында психолог сынып сағатын жүргізді. Мақсаты: «Буллинг» және «Кибербуллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу;Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.#БалаЗаңҚауіпсіздік#құқықбұзушылықтыңалдыналу#біртұтас_тәрбие   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-shamenov/press/news/details/964600?lang=kk
Алматы полициясы қалта ұрлығының көбейгенін ескертті 15.04.2025
Соңғы уақытта Алматыда, әсіресе, қоғамдық көліктер мен аялдамаларда қалта ұрлығы жиілеп кетті. Осыған орай, қалалық полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Қылмыстың бұл түрімен күресу үшін полиция, қоғамдық көлік аялдамалары мен автобустардың іші сияқты адам көп жиналатын жерлерде постерлер мен жадынамаларды ілуде. Бұл материалдарда қалта ұрлығынан қорғаудың негізгі әдістері және алаяқтарды қалай тануға болатыны туралы кеңестер жазылған.Негізгі ұсыныстар:• Сақ болыңыз, әсіресе адам көп шоғырланған жерлерде.• Заттарды, әсіресе әмияндарды, ұялы телефондарды және сөмкелерді қауіпсіз жерлерде сақтаңыз (мысалы, сығымдалған қалталар немесе алдыңызда ұстауға болатын сөмкелер).• Қоғамдық көлікте болсаңыз да, бағалы заттарды қараусыз қалдырмаңыз.• Күдікті әрекет болған жағдайда дереу жүргізушіге немесе қауіпсіздік қызметкерлеріне оқиға туралы хабарлаңыз.Сіздің зейінділігіңіз бен сақтығыңыз - ұрлықтан сақтанудың ең жақсы жолы екенін есте сақтаңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/964596?lang=kk
Өскеменде 1500 жаңа мектеп орны ашылады 15.04.2025
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі барлық балаға қолжетімді және сапалы білім беру жағдайларын жасаудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен.«Мемлекеттің міндеті – әр баланың тұрғылықты жеріне қарамастан, білім алуына қолайлы жағдай жасау».Білім беру саласындағы реформалар шеңберінде Өскемен қаласында жаңа оқу орындарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл қолданыстағы мектептердің жүктемесін айтарлықтай төмендетуге және балаларды сапалы біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Соңғы үш жылда 11 балабақшада мемлекеттік тілде білім беретін 15 жаңа топ ашылып, 377 орын қосылды. 2024 жылы жекеменшік балабақшаларда тағы 607 орын құрылды, оның 460-ы – қазақ тілінде оқытуға арналған.2025-2026 оқу жылында мемлекеттік балабақшаларда жаңа топтарды жинақтау барысында мемлекеттік тілде білім беретін 18 топ ашу жоспарлануда. 2025 жылға арналған кезең-кезеңімен даму жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарда 556 жаңа орын құрылатын болады.Өскемен қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024 жылы қалада 600 орындық екі жаңа мектептің құрылысы басталды. Олар Увалиев көшесінде және Есенберлин даңғылында бой көтеруде.Сонымен қатар, Тимофеев көшесінде орналасқан №31 жалпы білім беретін жаңа мектептің 300 орынға ашылуы жоспарланған. Жоба 2025-2026 оқу жылында іске асырылады.Жалпы алғанда, жаңадан ашылатын орындар саны 1500-ге жетеді. Бұл мектептердегі орын тапшылығын айтарлықтай азайтып, өскелең ұрпаққа қолайлы оқу жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/964594?lang=kk
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ТАҢБАЛАУ ЖҮЙЕСІНЕ 8000-НАН АСТАМ ДӘРІХАНА МЕН 1900-ДЕН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ТАРТЫЛҒАН 15.04.2025
Қазақстанда дәрілік заттардың цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесіндегі дәрілік айналымның барлық қатысушыларының интеграциясы аяқталды. Бүгінгі таңда жүйеде 19 отандық тауар өндіруші, 276 көтерме сату субъектісі, 8000-нан астам дәріхана және 1900-ден астам медициналық ұйым жұмыс істейді.Ірі дистрибьюторлар таңбаланған препараттардың 60,9 млн қаптамасын әкелуді жүзеге асырды, оның 46 млн-ы айналымға енгізілді. Дәріхана ұйымдары 48,4 миллион қаптама қабылдады, ал айналымнан шығарылған дәрі-дәрмектердің саны 29,2 миллион қаптаманы құрады.Цифрлық таңбалау енгізілген сәттен бастап, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап отандық өндірістің 110,4 млн қаптамасы таңбаланды, 76,8 млн.айналымға енгізілді. Бұл ретте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде (МПТ АЖ) дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау мен айналымнан шығарудың тұрақты мониторингін жүзеге асырады.Мәселен, 2025 жылдың наурыз айының соңындағы жағдай бойынша медициналық ұйымдарда таңбаланған дәрілік препараттардың шығу деңгейі 53,2%-ды құрады, бұл қаңтар айының соңындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 17,1%-ға жоғары. Дәріхана ұйымдарында таңбаланған дәрілік заттардың айналымынан шығару ұқсас кезеңде 24,3%-ға өсіп, 60,3%-ды құрады.Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі таңбалау операторымен айналымға қатысушыларды оқыту және консультация беру бойынша жүйелі жұмысты, сондай-ақ дәрі-дәрмек айналымының барлық кезеңдерінде бақылау тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін ақпараттық жүйелердің талдамалық модулдерін жетілдіру процесін жалғастыруда.Қазақстанда барлық дәрі-дәрмектерді міндетті цифрлық таңбалау 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілгенін - бұл шара контрафактілік өнімдермен күресуге және дәрі-дәрмектер нарығының ашықтығын арттыруға бағытталғанын естеріңізге сала кетейік. 2024 жылғы қарашада таңбалау және қадағалау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді, онда жобаның техникалық және ұйымдастырушылық дамуының негізгі бағыттары айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk/press/news/details/969596?lang=kk
2025 жылғы сәуірде Шығыс Қазақстан облысының аумағында өткізілетін республикалық және халықаралық іс-шаралардың тізбесі 15.04.2025
№ п/пІс-шараның атауыСпорт түріӨткізу мерзіміӨткізу орныАшылуы/жабылуы/марапаттау12010 ж. т. жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатыШайбалы хоккей3-4 сәуәрӨскемен қ.,ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдердің шайбалы хоккей бойынша олимпиадалық резервтегі арнайы мектебі" КММ,мұз айдыны,Тимирязев к-сі, 177 а 26-шы қысқы СпартакиадаКонькимен мәнерлеп  сырғанау7-12 сәуірӨскемен қаласы, Б. Александров атындағы Спорт сарайы,Абай көшесі 2жабылуы (бүкіл спартакиада)12 сәуір3Еркін күрестен спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші У.А. Можербаевты еске алуға арналған 2008-2010 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирЕркін күрес16-19 сәуірҰлан ауданы, Саратов ауылы, Молодежная көшесі, 4ашылуы 17 сәуір4ҚР еңбек сіңірген дәрігері, КСРО Денсаулық сақтау үздігі Жмайлов Федор Михайловичті еске алуға арналған 2011 ж. т. және одан кіші ұлдар, 2010 ж. т. және одан кіші қыздар арасындағы Республикалық турнирЕркін күрес24-21 сәуірШемонаиха қ., дене шынықтыру-сауықтыру кешеніашылуы 25 сәуірАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/964583?lang=kk
ШҚО-дағы инфрақұрылым дамудың жаңа кезеңінде 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысында Зайсан ауданында жаңа әуежайдың құрылысы басталды. Жоба еліміздің курорттық аймақтарында авиациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.«Әуежай құрылысы аяқталып, нысан қолданысқа берілген соң Қытайдың Үрімші, Алтай және Қанас қалаларына халықаралық бағыттар ашу жоспарланған. Астана, Алматы және Өскеменге қатынайтын ішкі бағыттар тұрақты әуе байланысын қамтамасыз етіп, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, ел тұрғындарының жүріп-тұруын жақсарта түспек», — деді көлік ведомствосының басшысы Марат Қарабаев. Өскемен – ШҚО-ның көлік орталығыЖаңа әуежайдың құрылысына қоса, өңірде көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы бес теміржол вокзалына, соның ішінде Өскемен-1 вокзалына күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.Жаңа инфрақұрылымдық жобалар Шығыс Қазақстанды стратегиялық маңызды көлік торабы ретінде нығайтып, туризмнің, экономиканың және халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жаңа перспективалар ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/964555?lang=kk
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ АУЫЗАШАР БЕРДІ 15.04.2025
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ АУЫЗАШАР БЕРДІРамазан айы - айлардың сұлтаны, ең қайырлысы және сабырлық айы. Сондықтан әлемнің барша мұсылмандары бұл айға ерекше құрметпен қарап, ауыз бекітіп, пітір-садақаларын таратып, игі амалдарды еселеуге асығады.Әркез халқымыз ата-баба салтына сай дархан көңілдерін, ризашылық ниеттерін дастарқан жаю арқылы жеткізетіні белгілі. Қасиетті Рамазан айында қалалық мәслихат депутаттары да осындай сауапты істерді қолдап, 2025 жылғы 27 наурыз күні ауызашар дастарханын жайды. Бұл дәстүрлі дастарханға ел ағалары, депутаттардың сайлау округтері бойынша қала тұрғындары, ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары, қалалық мәслихаттың бұрынғы сайланған депутаттары мен төрағалары, «Аманат» партиясы мүшелері және елдің дамуы үшін әр салада еңбек етіп жүрген жандар қатысты. Рамазан айындағы барша ағайынның ниеттері қабыл болып, елімізде тыныштық, әр отбасында бақ-береке орнасын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/964551?lang=kk
Целиноград ауданының прокуратурасында кезекті ведомствоаралық кеңес өткізілді 15.04.2025
Целиноград ауданының прокуратурасында әкімдік, полиция және білім бөлімдері басшыларының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті.Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алуды қоса алғанда, балалар қылмысының алдын алуға байланысты мәселелер қаралды.Қазіргі уақытта ауданда балаларға да, жасөспірімдерге де қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар санының өсуі байқалады.Қатысушылардың пікірлерін тыңдап, аудан прокуроры құқық қорғау және уәкілетті органдардың алдын алу жұмыстарын күшейтуге бағытталған бірқатар шешімдер қабылдады.#Заң_және_тәртіп Ақмола облысының прокуратурасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/964544?lang=kk
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдарының академиясына алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеу үшін үміткерлермен сұхбат жүргізу кестесі 15.04.2025
№Аты-жөніСұхбаттың өткізілу күні (орны мен уақыты) 1Темиров Арнұр Сәкенұлы         01.04.2025г.(Шымкент қаласы прокуратурасы, Тауке хан даңғылы, 97 үй, сағат 15:00-де) 2Даулетжанов Абылай Бербайұлы3Мәдіқұл Думан Нұрланұлы4Сихимбаева Аяжан Ермекқызы5Турлибеков Нұрғиса Әлібекұлы6Сұлтан Иманғали Мурадұлы7Елтай Елнұр Берікұлы8Абдукалык Дархан Ерланұлы9Досмаханбет Арайлым Бейбітқызы10Турдибоев Нуржан Кудратиллауғли11Әліайдарқызы Назерке12Күркебай Елдос Даулетбайұлы13Саркулов Нариман Бегінбайұлы14Сайн Динара Арыстанбекқызы15Өтегенқызы Ажар16Тұрғанбаева Бибігүл Дарханқызы17Серикбаева Айымжан Қанатқызы18Исламов Мақсат Қазболатұлы19Нұрғалиұлы Нұрсұлтан20Есмахан Арман Сакенұлы21Нұрғалиұлы Нұрдәулет 22Ғаниқызы Аяна 23Тлектес Нұрқасым Қазыбекұлы 24Жақыпбек Бақдәулет Асилбекұлы 25Жарас Дархан Жасұланұлы  №Аты-жөніСұхбаттың өткізілу күні (орны мен уақыты) 1Нармаханбет Дәуірбек Асылжанұлы 2Қуандық Нұрбол Сәкенұлы 3Тәжімет Бақдәулет Мұхтарұлы 4Турсынбек Данияр Сейтұлы 5Абдулла Мағжан Канатұлы 6Кундебай Нұржан Ерғалиұлы 7Рысбек Иманғали Уалиханұлы 8Мирахметов Элдар Улугбекович 9Нурланова Аружан Нурсеитқызы 10Бижанов Дулат Маратұлы02.04.2025г.(Шымкент қаласы прокуратурасы, Тауке хан даңғылы, 97 үй, сағат 15:00-де)11Зұлқар Мақсат Пәзілбекұлы 12Анар Бақберген Әбитиярұлы 13Әбдірахманұлы Нағашыбек 14Кадирсизов Жанғали Ғаниұлы 15Аманжол Жармахан Нурболулы 16Алжанова Мерей Уалиханқызы 17Сәлімбай Айсауле Маратқызы 18Ердалы Қасым Ғалымұлы 19Серікбай Еңлік Перналықызы 20Уркинбаева Айдана Мухиддинқызы 21Серік Ерсайын Дәулетұлы 22Насыров Ахмед Рустамович 23Ахметбек Ысқақ Нурланұлы 24Сабит Дарын Мұхтарұлы   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/964529?lang=kk
Берульцева Қытайдағы Karate 1-Premier League турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді 15.04.2025
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Karate 1-Premier League турнирі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған додада 67 елден келген 400-ге жуық спортшы бақ сынастыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sport/press/news/details/964518?lang=kk
Омбудсмен мен Ақмола облысының әкімі адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 15.04.2025
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен кездесті. Кездесу барысында тараптар азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылап, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Құжат омбудсмен институты мен өңірлік билік органдары арасындағы өзара әрекеттесуді нығайтуға бағытталған. Меморандум аясында тараптар бірнеше маңызды бағыт бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге келісті: азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, шағымдар бойынша жедел ақпарат алмасу, адамқұқықтары жөнінде дөңгелек үстелдер мен білім беру іс-шараларын өткізу.«Өңірлік билік органдары біздің өкілдігімізбен белсенді ынтымақтасып, ұсыныстарымызға құлақасып, азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне жылдам жауап береді. Бұл өте маңызды. Мұндай конструктивті көзқарас әрбір адамның құқықтары құрметтеліп, сақталатын әділ қоғам құруға ықпал етеді», – деді Артур Ластаев.Марат Ахметжанов азаматтардың құқықтарын бұзатын мәселелерді тиімді шешуде бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.«Адам құқығын қорғау жүйесін дамыту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Адам құқығын, бостандығы мен мүддесін қорғау және азаматтарға бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру саласында ынтымақтастық тиімді болатынына сенімдімін», - деді облыс әкімі.Сондай-ақ, тараптар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық ағарту іс-шараларын өткізу қажеттілігін талқылады. Омбудсмен өз кеңсесінің басты міндеттерінің бірі ретінде ағартушылық жұмыстарын жүргізуге айрықша назар аударатынын мәлімдеді.Меморандумға қол қою өңірде адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту мен азаматтар, мемлекеттік органдар және құқық қорғаушы құрылымдар арасындағы тиімді өзара әрекеттесу арналарын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/966202?lang=kk
eQyzmet - мемлекеттік қызметке іріктеудің онлайн жүйесі 15.04.2025
Қазіргі уақытта елімізде 68 мемлекеттік органда мемлекеттік қызметке іріктеу жаңа онлайн форматта өткізілуде. Іріктеу жүйесі барынша ашық, жеңілдетілген және қолжетімді. Ол үшін «eQyzmet» ақпараттық жүйесіне тіркелу қажет. Іріктеуді қашықтықтан өтуге болады.Іріктеуден өту туралы толығырақ ақпаратты бейнероликтен көруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/964506?lang=kk
Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінің бас аспазшысы есірткі тасымалдағаны үшін ұсталды 15.04.2025
Қалалық полицейлер есірткі сатты деген күдікпен жергілікті дәмхананың аспазшысын ұстады. Полицияның мәліметінше, ер адам жұмысын заңсыз заттарды сату үшін пайдаланған. «Ол гашиш есірткі затын жұмыс орнында сатқан, дәмхананы өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін пайдаланған. Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралардан кейін аспазшы ұсталды. Ұстау және тінту нәтижесінде есірткі және есірткінің заңсыз айналымына қатысты басқа да заттар тәркіленді. Ұсталған азамат қамауға алынды. Қазір қылмыстық іс-әрекеттің барлық деректерін және оған басқа адамдардың қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде», - деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. Алматы полициясы, азаматтарды қырағы болуға және есірткіге қатысты кез келген күдікті әрекет туралы хабарлауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/964504?lang=kk