Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Өзекті мәселе 15.04.2025
Өзекті мәселе2025 жылғы 27 наурызда Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары А.С. Бакеевтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек  қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.    Қызылжар ауданы ұйымдарындағы әлеуметтік аударымдар бойынша берешек мәселесі қаралды. Барлық тараптардың пікірлері тыңдалды. Бұл мәселені бақылауға алу бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-ozsp/press/news/details/964252?lang=kk
Халықты жұмыспен қамту жөніндегі кезекті комиссия 15.04.2025
Халықты жұмыспен қамту жөніндегі кезекті комиссия........ 2025 жылғы 27 наурызда Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары А.С. Бакеевтің төрағалығымен халықты жұмыспен қамту бойынша комиссия отырысы өтті. Отырыста «Кәсіптік оқыту ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесін бекіту туралы» мәселе қаралды........ Өтініш өз өндірісінде “Тігінші” мамандығы бойынша (12 адамға арналған өтінім) оқытуға дайын «Черняева» жеке кәсіпкерінен түсті. Оқу ұзақтығы – 3 айды құрайды. Әлеуметтік келісімшарт негізінде оқуды аяқтаған соң жұмыс беруші жұмыссызды 12 ай мерзімге тұрақты жұмысқа ауыстырады....... Отырыс соңында комиссия мүшелері бірауыздан осы мәселе бойынша оң шешім  қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-ozsp/press/news/details/964247?lang=kk
ШҚО ТЖ департаменті дрондардың көмегімен өзендерде сең жүруініне тексеру жүргізеді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, өзендердің жай-күйіне мониторинг жүргізеді. Дрондарды пайдалану сең қозғалысын жедел бақылауға, ықтимал кептелістерді анықтауға және су тасқынының алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.Дрондардан аэрофототүсірілім тіпті жету қиын жерлерде де мұзды жағдай туралы нақты түсінік береді, бұл алдын алу шараларының тиімділігін айтарлықтай арттырады. Зерттеу нәтижелері бойынша мамандар тәуекелдерді бағалайды және қажет болған жағдайда арналарды тазарту және су басу қаупін болдырмау үшін қосымша күштер тартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/964239?lang=kk
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша жоспарланған конференция өткізу туралы хабарландыру 15.04.2025
Құрметті көрсетілетін қызметті алушылар Сіздердің назарларыңызға 28.03.2025 жылы сағат 17:00-де Пресновка ауылдық округі әкімінің аппаратымен Facebook платформасында өтетін "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында конференция жоспарланғанын жеткіземіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-presnov/press/news/details/964233?lang=kk
Көлікті су тасқыны мен су басудан қорғауға бола ма? 15.04.2025
Табиғи апаттардан қорғану қиын, алайда олардың салдарын сақтандыру арқылы азайтуға болады. Көлікті қорғау тәсілдерінің бірі – КАСКО ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (бұдан әрі – КАСКО).КАСКО дегеніміз не? Көп адам ойлайтындай, «КАСКО» – аббревиатура емес. «КАСКО» сөзі испан тілінен шыққан (casco – исп.), «дулыға» дегенді білдіреді немесе голланд тілінен аударған кезде «корпус» деген мағынаны білдіреді. КАСКО –  бұл сіздің көлігіңіздің зақымдануын жабатын ерікті сақтандыру, ал КҚИ АЖМС (жүргізушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру) үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті жабады және сақтандырудың міндетті түрі болып табылады.Су тасқыны мен су басу кезінде КАСКО нені өтейді?КАСКО сақтандыру полистерін сатып ала отырып, автокөлік иесі өзін ЖКО-дан ғана емес, сонымен қатар автомобильге зиян келтіруі мүмкін түрлі күтпеген жағдайлардан да сақтандырады. Мысалы, табиғи апат, су тасқыны немесе қатты жаңбыр болсын.Автокөлікті ерікті сақтандырудың бұл түрі апаттар, ұрлау, өрт және табиғи апаттар сияқты әр түрлі күтпеген жағдайларда түрлі шығындардан немесе автокөліктің ұрлануынан қорғауды қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниясы жасалған шартқа сәйкес залалды өтеуге немесе автокөлікті жөндеуге міндеттенеді.Қазақстандағы КАСКО стандартты бағдарламалары табиғи апаттардың барлық түрлерінен қорғауды қамтымауы мүмкін. Қорғауға сенімді болу үшін су тасқынына байланысты тәуекелдерді қамтитын кеңейтілген қамту шартын таңдау керек.Маңызды: КАСКО шартын сатып алмас бұрын, тәуекелдер тізбесімен танысып, су тасқыны немесе су басу осы тізімге енгеніне көз жеткізу керек.Егер Сізді онлайн-режимде сақтандыру шартын ресімдеу мүмкіндігі қызықтырса, Сіз шартты сақтандыру компанияларының ресми сайтында ресімдей аласыз, оларға сілтемелер https://www.mkb.kz/insurance/online орналастырылған.Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/964209?lang=kk
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне 15.04.2025
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 17 наурызы мен 15 сәуірі аралығында Екібастұз қаласында «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы басталады.         Қаланың барлық тұрғындарын, меншіктің барлық нысандарындағы  кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларын, жеке кәсіпкерлерді, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарды, меценаттарды, оқу орындарын, жастар бірлестіктерін, волонтерлер және өзге қоғамдық құрылымдарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз және мұқтаж азаматтарға - мүгедектігі бар адамдарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, ең төменгі зейнетақы алушы зейнеткерлерге, жалғызбасты және жалғыз тұратын мүгедектігі бар адамдарға және зейнеткерлерге, еңбекке жарамсыз азаматтарға, жетім балалар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және т.б., әлеуметтік қолдау көрсетуді сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-enbek/press/news/details/964195?lang=kk
Қарақыстақ ауылдық округі әкімі С. Б. Далибаев Тасшолақ ауылының тұрғындарымен кездесті 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы  орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халықпен есеп беру кездесулерін өткізу туралы № 826 Жарлығына сәйкес Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі С.Б.  Далибаев Тасшолақ ауылының тұрғындарымен 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша есеп беру кеңесін өткізді. Тасшолақ ауылының тұрғындары мектеп құрылысы, жол айрығын сумен жабдықтау, елдімекенді абаттандыру және көгалдандыру бойынша көптеген сұрақтар қойды. Ақсақалдар әкімге жақсы атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-karakystak/press/news/details/964192?lang=kk
КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 15.04.2025
Қазіргі таңда ауа - райының құбылмалы түрі байқалып, ауа температурасы жылуына байланысты, қардың күрт еруі орын алуда. Осыған орай, аудан әкімі М.Мұхтаровтың тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы барлық елді мекендердегі көше қарларын сыртқа шығару жұмыстары арнайы техникалардың көмегімен тәулік бойы тұрақты түрде атқарылуда. Барлық іс-шаралар аудан әкімінің тұрақты бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/964160?lang=kk
Жаңа кәсіптік бағыт: ШҚО түлектеріне бос жұмыс орындары ұсынылды 15.04.2025
Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (ШҚТУ) Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жыл сайын өтетін «Мансап марафоны» түлектер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен 60-тан астам жұмыс беруші қатысып, студенттер мен түлектерге бос жұмыс орындары, тағылымдамалар және мансаптық өсу мүмкіндіктерін таныстырды.Бұл жәрмеңке бизнес пен жас мамандар арасындағы тиімді байланыс алаңына айналды. Жұмыс берушілер өз қызметі, жұмысқа орналасу шарттары мен кәсіби даму жолдары туралы жан-жақты мәлімет берді. Қатысушылар түйіндемелерін қалдырып, алдын ала сұхбаттардан өтуге және компаниялардың кадрлық резервіне енуге мүмкіндік алды. Бұл олардың табысты жұмысқа орналасу ықтималдығын арттырады.– Мұндай жәрмеңкелер студенттерге жаңа бос орындар мен жұмыс берушілер талаптары туралы білуге, ал түлектерге болашағы зор мансаптық мүмкіндіктер табуға көмектеседі. Сондай-ақ, осындай іс-шаралар жұмыспен қамту көрсеткіштерінің өсуіне ықпал етеді, – деді ШҚТУ Мансап орталығының директоры Светлана Трофименко.Ұйымдастырушылар өткен жылдардағы түлектерге де ерекше назар аударып, оларға өңірдегі сұранысқа ие кәсіптер туралы өзекті ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, жәрмеңке аясында жас мамандарды бейімдеуге бағытталған «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының IZBASAR бағдарламасының таныстырылымы және ҚР Қорғаныс министрлігінің күш құрылымдарындағы мансаптық мүмкіндіктер жөнінде брифингі өтті.– Өте пайдалы болды. Өз болашақ мансабым үшін бірнеше нұсқаларды қарастырдым, – деді «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Нұрасыл Әнуарбеков.Жәрмеңкеге 300-ге жуық студент пен түлек қатысты. Көпшілігі өзіне лайық бос орындар тауып қана қоймай, елдегі түрлі компаниялардан тағылымдамадан өтуге шақырту алды.– Біз түлектермен тығыз байланыста жұмыс істейміз: көбісі бізде өндірістік тәжірибеден өтеді, ал үздіктері жұмысқа орналасады. Бүгін студенттердің жоғары қызығушылығын байқадық, көпшілігі түйіндемелерін ала келді, алдағы соңғы сұхбаттарда олармен қайта кездесеміз деп үміттенеміз, – деді «1С-Рейтинг» компаниялар тобының персонал жөніндегі менеджері Ирина Савушкина.Жәрмеңке ең алдымен кәсіби бағдар берудің құралы саналады. Ол жастарға жұмыс табуға көмектесіп қана қоймай, олардың іскерлік байланыстарын дамытып, болашақ мансабына берік негіз қалауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/964152?lang=kk
Қазақстан энергетикасы: Министр 2035 жылға дейінгі даму жоспарын ұсынды 15.04.2025
Қазақстан энергетикасының даму мәселелері республикалық кеңесте Екібастұз қаласында Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен талқыланды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қатысушыларға елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту және электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру мақсатында кешенді жоспарды ұсынды.Министрдің айтуынша, Бірыңғай энергетикалық жүйе тұрақты жұмыс істегенімен, жұмыс істеп тұрған 227 станцияның орташа тозуы қазіргі уақытта 56%-ды құрайды, бұл тұтыну мен жаңа өндірістік жобаларды іске қосу аясында шұғыл шараларды талап етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, электр энергиясын өндіру көлемі 4%-ға артты, алайда болашақ сұранысты жабу үшін ауқымды инвестициялар қажет.«Біздің алдымызда тек өсіп келе жатқан сұранысты ғана емес, сонымен қатар экономикамыздың болашақ дамуына және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік беретін қор құру міндеті тұр. Жоспарымыз бойынша 2035 жылға дейін шамамен 26 ГВт жаңа электр станцияларының қуаты енгізіледі. Бұл жаңғырту, түрлі типтегі жаңа станцияларды салу және желілерді дамыту сияқты кешенді көзқарасты қамтиды», – деді Ерлан Ақкенженов.Жұмыс қарқынының дәлелі ретінде министр 2024 жылы 771 МВт жаңа қуаттар енгізілгенін хабарлады. Белгілі жобалар қатарында – Екібастұз ГРЭС-1-де №1 энергоблокты (540 МВт қуаттылықта) қалпына келтіру, Атырау ЖЭО-дағы №6 турбинаны (65 МВт қуаттылықта) ауыстыру, Жезқазған ЖЭО-дағы №8 қазандықты ауыстыру (генерацияға +43 МВт қосу), сондай-ақ жаңартылған энергия көздерінен (ЖЭК) 163 МВт қуат енгізу жобалары бар. Сонымен қатар, 14 инвестициялық келісім-шарттар жасалған, олардың жалпы қуаты шамамен 2 ГВт құрайды.Ағымдағы жылы 621 МВт қуат енгізу жоспарланып отыр, ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 2,6 ГВт-қа жетеді. 2029 жылға дейін 68 жоба іске асырылып, 2035 жылға дейін қуаты 4,2 ГВт болатын  станциялардың модернизациялануы, қайта құрылуы және кеңейтілуі жоспарлануда.Модернизациямен қатар, газ станцияларының құрылысы және халықаралық инвесторлармен ірі ЖЭК бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Қатар мен Ресейден жаңа станциялар салу жөнінде халықаралық ынтымақтастық күшейтілуде.«Біз диверсификация мен экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын түсінеміз. 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жолында біз көміртегі төмен көздерді қарастырамыз. Алайда, біздің көмір қорымызды ескере отырып, одан толық бас тарту тиімсіз. Екібастұздағы  ГРЭС-3 сияқты жаңа көмір жобалары, сондай-ақ Семей, Өскемен және Көкшетаудағы заманауи көмір станциялары қоршаған ортаға әсерін азайтатын таза көмір технологияларына негізделетін болады», – деп атап өтті министр.Министр аталған жоспарларды жүзеге асыру тек экономиканың және халықтың электр энергиясына өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қанағаттандырып қана қоймай, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, елдің әрі қарай тұрақты дамуына және экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді деп мәлімдеді.Сенімді қамтамасыз етудің маңызды бөлігі – желілердің дамуы. Кеңесте АО «KEGOC» 220-500 кВ-ты құрайтын 2 мың шақырымнан астам электр желілерін қайта жаңартқандығы айтылды. Биыл KEGOC Батыс аймақтың электр желілерін БЭЖ-бен біріктіру үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауы қажет, жұмыс 2027 жылы аяқталуы тиіс.«Президент энергетиканы өзін-өзі қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті ел құрудың басты бағыттарының бірі ретінде атады. Бұл жаңа әлемдегі тұрақты прогрестің негізгі факторы, ол цифрландыру мен жасанды интеллектінің кеңінен енгізілуіне тікелей әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның үлкен мүмкіндіктері бар. Дегенмен, жоспарланған жобалардың уақытында іске аспауы экономиканың дамуын тежейді. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Біз белсенді түрде жұмыс істеуіміз керек.  Көптеген ірі жобаларға энергия қазірдің өзінде қажет», - деп атап өтті ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырмалар беріп, көмір-химия саласын дамытуға ерекше назар аударды. Ол көмірді өңдеудің инновациялық технологияларын белсенді түрде пайдаланып, жоғары деңгейлі өнім өндірісін арттыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/964140?lang=kk
Cу тасқынына қарсы жұмыстар 15.04.2025
Тасты ауылдық округінде су тасқынына қарсы штаб жоспары шеңберінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде: еріген қар суының өтуіне арналған каналдарды тазарту, жергілікті қар шығару және басқа да іс-шаралар. Техника жұмылдырылды: К-700 - 1 бірлік, тиегіш 3 текше метр. - 1 бірлік, тиегіш 1.5 текше, шөміші бар шынжыр табанды экскаватор 1.2 текше. - 1 бірлік, жүк көтергіштігі 25 т Хово жүк көлігі - 1 бірлік Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd-tasty/press/news/details/967941?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлық  - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық  қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің,әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы,кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың  дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.Әрине,сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес.Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың,дара кәсіпкерлердің,азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке ел болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние– байлық неге керек, денсаулығың болмаса,Төрелігің неге керек,халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шыныда да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.         Көксу ауданы Төтеншежағдайлар бөлімінің бас маманыазаматтық қорғау капитаны                                     Қуанышұлы Е.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu/press/news/details/964133?lang=kk
«Сіріңке ойыншық емес» 15.04.2025
Тұрғын үйлерді өрттен сақтандырудың маңызы өте зор. Өкінішке орай көпшілік жағдайда өрт тұрғындардың өрттен сақтандыру ережелерін сақтамауынан болады.         От тұтату үшін тез тұтанатын жанар-жағар майларды пайдаланудың да бірде болмаса бірде үлкен қайғыға ұшыратуы мүмкін екенің есте ұстау керек. Отынды, басқа да жанғыш заттарды пештің алдына тастауға және пештерді тағайындалмаған отынның түрлерімен жағуға болмайды. Пештерден шығарылған күл, шлактар сумен сөндіріліп, арнайы бөлінген қауіпсіз жерге төгілуі керек. Үлкен адамдар да кей кезде оттаң сақтандыру ережелерін сақтамауынан, немесе балаларға жанып жатқан пешті қаратуға қалдырғаннан  өрт шығады.         Балаларға отты тек қана үлкендердің қатысуымен және рұқсатымен ғана жағуға болады. Ешқашанда жанып жатқан пешті, газ ошағын немесе токқа қосылған электр плиткаларды қалдырып кетуге болмайды. Кетер алдында міндетті түрде отты, электр плиткаларды өшіріп, дұрыс болады.         Қорада, төбеге шыққанда, гаражда жарықтату үшін ашық отты пайдалануға тыйым салынады, ол үшін электр жарықтатқыштарды пайдалану керек.         Сондықтан да әркім өз ісіне ұқыптылықпен қарап, ертеңгі күнінің жағымсыз жағдайын алдын ала ойлап, болжап, уақытылы алдын алып, болдырмай отырса, барлығы да дұрыс болар еді.         Ол үшін өздеріңіз оттан сақ болып, балаларға сіріңке ойыншық емес екендігін және де ойыннан өрт шыққан жағдайда олардың салдарының қаншалықты ауыр болатындығын жеткізу қажет. Көксу ауданы  ТЖБ  бастығыазаматтық қорғау подполковнигі                                     М.Турумов      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu/press/news/details/964131?lang=kk
«Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз» 15.04.2025
Тасты ауылдық округінде «Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз» мерекелік концерті ұйымдастырылды.Ауылдық округтегі барлық әйелдерді «Целиноград ауданы Тасты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі Е.М.Сабыров құттықтап, әсіресе ауылдық округтің дамуына үлес қосқан және қоғамдық өмірге қатысқан белсенді әйелдерге алғыс хаттар табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd-tasty/press/news/details/964087?lang=kk
АТЫРАУСКИЙ НЕФТЕПЕРЕРАБАТЫВАЮЩИЙ ЗАВОД ЖШС 15.04.2025
 Жарияланған күні Жобаның атауы27.03.2025"Атырау мұнай өңдеу зауыты"ЖШС 2025-2034 жылдар кезеңіне экологиялық тиімділікті арттыру Бағдарламасының жобасы ХаттамаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/964082?lang=kk
БҚДА «MAGNUM» САУДА ЖЕЛІЛЕРІНДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ ҮШІН ЖАҒДАЙДЫ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі азық-түлік нарығындағы қатысушылар үшін ашық және әділ жағдайлар жасауға бағытталған «Magnum Cash&Carry» ЖШС-мен сыртқы монополияға қарсы комплаенс актісін жасасты. Комплаенс шеңберінде ұсынылған шаралар жеткізушілерге түсетін жүктемені азайтуға және азық-түлік бөлшек саудасында адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді.Маңызды қадамдардың бірі – азық-түлік жеткізушілеріне көрсетілетін сауда желісінің коммерциялық қызметтерін 34-тен 9 позицияға дейін қысқарту. Бұл шешім жеткізушілермен өзара әрекеттесуді айтарлықтай жеңілдетеді және болашақта бөлшек саудадағы бағалардың төмендеуіне әсер етеді.Сонымен қатар, «Magnum Cash&Carry» ЖШС барлық жеткізушілер үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету міндеттемесін өз мойнына алды. Әсіресе, тауық жұмыртқасы өндірушілеріне ерекше көңіл бөлінеді. Компания барлық санаттағы жұмыртқа жеткізушілерінен қызметтер үшін төлем алудан толықтай бас тартуды жоспарлап отыр. Бұл қадам бағаның тұрақсыздығы жағдайында аса маңызды. Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының бағалауы бойынша, жеткізушілерден алынатын сыйақыларды алып тастау жұмыртқаның өзіндік құнын төмендетіп, бөлшек бағаларды орта есеппен 10-12%-ға арзандатуға мүмкіндік береді.Антимонополиялық комплаенс аясында «Magnum Cash&Carry» ЖШС әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған үлгілік жеткізу шартын әзірлеуге міндеттенеді. Бұл шартта, сондай-ақ, жеткізушілерге жеткізу шарттары бойынша төлемдерді уақытылы төлемегені үшін компаниядан өсімпұл өндіру мүмкіндігі қарастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/964075?lang=kk
Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің төрағалығымен 2025 жылғы 27 наурыз күні өткізілді. 15.04.2025
Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің төрағалығымен 2025 жылғы 27 наурыз күні өткізілді.Комиссия отырысының күн тәртбінде аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Рабаева «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасының орындалуы туралы» хабарлама жасады, Сондай-ақ  Жусандой ауылдық округінің әкімі Б.Бақытжанов, Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Е.Тналиев, Қоскөл ауылдық округінің әкімі Ә.Мусағалиевтер округ аумағындағы терроризмнің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады.Жиын соңында комиссия төрағасы Қ.Сүйеуғалиев тиісті мекемелерге және округ әкімдеріне тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/964072?lang=kk
Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қарасай ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеуге байланысты әңгімелесу өтетіндігі жөнінде хабарлайды 15.04.2025
Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қарасай ауданының  Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеуге байланысты әңгімелесу өтетіндігі жөнінде хабарлайды Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережесінің 29 тармағына сәйкес, 2025 жылдың 01 сәуірінде сағат 15.00-де Қаскелең қаласы, Абылайхан  көшесі №213 ғимаратында Қарасай ауданының  Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы әрбір кандидатпен әңгімелесуді өткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karasay/press/news/details/964070?lang=kk
В Грузии состоялся фестиваль Наурыз 15.04.2025
Тбилиси, 2025 жылғы 23 наурыз – Грузия астанасының тарихы орталығы Абанотубанида көктем мерекесі Наурызға арналған салтанатты іс-шара өтті.Мерекені Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Түркия және Түрікменстан елшіліктері, сондай-ақ Тбилиси қаласының мэриясының қолдауымен осы елдердің диаспоралары мен мәдени орталықтары ұйымдастырды. Салтанатты іс-шараға қала тұрғындары, сонымен қатар осы күндері Грузияда қыдырып жүрген түрлі елдердің туристері де қатысты.Іс-шараға Тбилиси қаласының мэрі Каха Каладзе, Тбилиси қалалық кеңесінің төрағасы (Сакребуло) Георгий Ткемаладзе және Грузияның басқа да ресми өкілдері қатысты. Қазақ халқының дәстүрі бойынша бас қонаққа ұлттық шапан жабылды.Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин өзінің құттықтау сөзінде Наурыздың бірлік пен келісім мерекесі, сондай-ақ достық пен өзара сыйластықты нығайтуға ықпал ететін шын мәнінде жалпыхалықтық мереке екенін атап өтті. Көктемгі мерекені тойлаудың жаңа форматы, «Наурызнамның» онкүндігі туралы айтып берді.Тбилиси қаласының басшысы Каха Каладзе құттықтау сөз сөйлеп, халықтарымыз арасында тығыз достық қарым-қатынас орнатуда халықаралық Наурыз мерекесінің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Грузия астанасында жарқын мереке өткізгендеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін, Наурыз мейрамы (Новруз Байрам) 2010 жылдан бастап Грузияда жалпыға ортақ халық мерекесі болып тойлануда, деп атап көрсетті.Мәдени бағдарлама барысында Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Өрен» домбырашылар ансамблі, сондай-ақ дәстүрлі және эстрада әншілері Ақмарал Арғынқызы, Айнұр Омарова, Данияр Кенжеғали, Сәбит Шектібаев өз өнерлерін ұсынды. Қазақтың әйгілі күйлері мен танымал туындыларының шебер орындалуы көрермендердің ерекше қошеметіне ие болды.Фестивальде Грузия Федерациясының «Қазақ күресі» спортшылары өнер көрсетті, бұл көрініс күрестің көптеген дәстүрлі түрлерінің синтезінің нәтижесі болып табылатын қазақ ұлттық күресіне деген шетелдіктердің қызығушылығын тудырды.Мереке қонақтары, Тбилиси тұрғындары мен туристері экспонаттармен: ұлттық киімдермен және зергерлік бұйымдармен қуана танысты. Дәстүрлі қазақ тағамдары, көктем мейрамының басты тағамы – «Наурыз көже» қойылған бай дастархан жайылды.Ұлттар мен елдерді біріктіретін Наурыз фестивалі өз мақсатына жетті. Әрбір қатысушы, әрбір қонақ өз отанының тарихы мен мәдениетін көрсетіп қана қоймай, әртүрлі елдердің ұлттық шығармашылығының таңғажайып әлемімен танысты.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/964067?lang=kk
СҚО-да донаттар шығаратын зауыт салынуда 15.04.2025
СҚО әкімдігінің отырысында  «Бейкертон» компаниясының бас директоры Марина Баяндина Петропавлда донаттар өндіру зауытын салу барысы туралы баяндады.Зауыттың құрылысы «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жалғасуда, қазір темірбетонды негіздер орнату жұмыстары аяқталуға жақын, сондай-ақ металл құрылымдарын орнату басталды. Жобаға 37 миллиард теңге инвестиция салынады, 380 жаңа жұмыс орны ашылады.«Бұл зауытта  толық автоматтандырылған екі желі іске қосылмақ. Толық қуатына шыққанда  жылына 15 мың тонна өнім өндіретін болады. Мемлекеттік органдар тарапынан жобаға толық қолдау көрсетілуде», – деді Марина Баяндина.Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов осы жобаның перспективалы екенін атап өтіп, мемлекет «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының субаймақтарына инженерлік инфрақұрылымды жеткізетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/964060?lang=kk