Қоғам
СҚО жарты триллион теңге инвестиция тартты 15.04.2025
СҚО әкімдігінің отырысында инвестициялар тарту мәселесі қаралды. Өткен жылы өңір экономикасына 556 миллиард теңге инвестиция тартылды, оның 420 миллиард теңгесі жеке инвесторлардың қаражаты.Биыл инвестиция тартуда басты назар өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жобаларды іске асыруға аударылады. 87 миллиард теңге көлемінде 11 жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда, бұл 1,1 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Олардың арасында кондитерлік өнімдер өндіретін зауыт, көтеру-тасымалдау жабдықтары мен көпір крандарын шығаратын зауыт, сондай-ақ ағаш өңдеу кәсіпорнын салу бар.Ауыл шаруашылығында 72 миллиард теңге көлемінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл – сүт фермалары, суару жобалары, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және басқа да маңызды бағыттар.Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов өңірдің инвестициялық әлеуетін толыққанды ашу үшін қажетті шараларды қабылдауды, негізгі салаларға бағытталған инвесторларды тарту бойынша кешенді стратегиялық жоспар әзірлеуді және қолдау шаралары бар перспективалы инвестициялық жобалар тізімін құруды тапсырды. Өңір басшысы аудан әкімдерін инвесторларды тарту бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізу керектігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/964057?lang=kk
Есепті жария талқылау 15.04.2025
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 01 сәуірден бастап 18 сәуір аралығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша Қызылжарма ауылдық округі әкімшілігінің 2024 жылғы қызметі туралы есебі жария талқыланады деп хабарлайды. Жария талқылау Есепті кері-байланыс жолымен өткізіледі. Есеп Қызылжарма ауылдық округі әкімшілігінің сайтында мына сілтеме бойынша орналастырылған: Жария талқылаудың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету саласын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылады. Ұсыныстарыңыз болған жағдайда Қызылжарма ауылдық округі akimat-kyzylzharma@korda.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-qyzylzharma-district/press/news/details/964039?lang=kk
Қарабұлақ ауылында Наурыз мейрамы тойланды 15.04.2025
Қарабұлақ ауылында Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті Қарабұлақ ауылында көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы жоғары деңгейде тойланды. Іс-шараға ауыл тұрғындары мен қонақтар жиналып, ұлттық дәстүрлерді ұлықтап, мейрамның сәнін келтірді.🔹 Мерекелік шара округ әкімінің құттықтау сөзімен басталды. Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, елге береке тіледі. Ақ жаулықты аналар қазақтың игі дәстүрі бойынша шашу шашып, қонақтарға ақжарма тілектерін жеткізді.🔹 Жиналған көпшілік ауыл өнерпаздарының арнайы концерттік бағдарламасын тамашалады. Сахнада ұлттық әндер шырқалып, мың бұралған билер биленді.🔹 Дастархан басында ауыл тұрғындары Наурыз көжеден дәм татты. Бұл мереке – молшылық пен ырыс-құттың символы болғандықтан, мерекелік дастархан түрлі ұлттық тағамдарға толы болды.🔹 Спорттық ойындар ұйымдастырылды. Қазақ күресі, арқан тартыс, гір көтеру және қол күрес сынды жарыстарға ауыл жастары белсене қатысты. Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.Наурыз – береке мен бірліктің, жаңару мен ырыстың мейрамы! Баршаңызды осы шуақты мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, ырыс-құт тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/964035?lang=kk
2024 жылы "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша талдамалық анықтама 15.04.2025
Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімімен Мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі:Спорттық дәрежелерді беру: 2 дәрежелі спортшы, 3 дәрежелі спортшы, 1 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы, 3 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі әдіскер екінші санатты, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі.Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану.2024 жылда 1219 қызмет көрсетілді, оның ішінде:Қызметтің атауыСаны2 дәрежелі спортшы1683 дәрежелі спортшы1691 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы2422 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы1133 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы411Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы7Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы25Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы1Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы1Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер12Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер1Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы14Спорттық төреші55Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны0Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану0Нәтижесінде1219 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/964003?lang=kk
Тамақтан уланудың алдын алу 15.04.2025
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен Қарағанды облысы кәсіпкерлер Палатасы филиалының «Атамекен» өкілінің қатысуымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, тамақтан уланудың алдын алу, халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру, оның ішінде мерзімді медициналық тексерулерден уақтылы өту, өндірістік бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша Қарағанды жолаушылар вокзалында тамақтану саласында қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлердің арасында «дөңгелек үстел» түрінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бекіту материалы түрінде ботулизмнің, сібір жарасының, қышыманың алдын алу туралы жадынамалар мен буклеттер таратылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/966064?lang=kk
2023 жылы "Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша талдамалық анықтама 15.04.2025
Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімімен Мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі:Спорттық дәрежелерді беру: 2 дәрежелі спортшы, 3 дәрежелі спортшы, 1 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы, 3 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі әдіскер екінші санатты, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі.Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану.2023 жылда 1212 қызмет көрсетілді, оның ішінде:Қызметтің атауыСаны2 дәрежелі спортшы1113 дәрежелі спортшы1691 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы1212 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы813 жасөспірімдік дәрежедегі спортшы198Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы23Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы0Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы2Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы0Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер3Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер0Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы0Спорттық төреші79Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны0Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану0Нәтижесінде1212Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/963996?lang=kk
Тұрғындар қауіпсіздігі – басты назарда 15.04.2025
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.Әуелі қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Данияр Әзімов күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – жол-көлік оқиғасының алдын алу және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.– Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан көше-жол желісіне қатысты 78 тексеру жүргізіліп, оған 805 шақырым жол қамтылды. Нәтижесінде 1050 ақау анықталған. Анықталған кемшіліктер бойынша 78 нұсқама жолданса, оның қазір 21-і ғана орындалуда. Ал жолданған нұсқамалардың уақытылы орындалмауы жол-көлік оқиғаларына және халық тарапынан үнемі наразылық туындауына әкеп соғады. Бұл бағыттағы жұмыс жыл бойы жүргізіледі. Егер берілген ұйғарымдар уақытылы орындалмаса, күн санап нұсқама саны да артып, бұл қаладағы жол қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді, – деді Данияр Желеубайұлы.Келесі кезекте қала әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жарқынбек Шогалов та осы мәселеге арнайы тоқталса, Тараз қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Дүрия Тоғатаева оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, мектептен тыс және демалыс кезінде бос уақытын қамтамасыз етуге жоспарланған шараларды тілге тиек етті.Басқосуды қорытындылаған шаһар басшысы қала қауіпсіздігі қашанда жіті назарда болуы керектігін қадап айтты.– Бүгінде қала аумағына жаңа елді мекендер қосылып, көкжиегі кеңейді. Бұл өз кезегінде көлік қозғалысын арттырып отыр. Сондықтан осы бойынша туындаған мәселелерді дер кезінде шешіп, қауіпсіздікті жіті қадағалап отыру қажет. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда болуға тиіс. Бұл тұрғыда аудан әкімдері, тиісті бөлім басшылары және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе тұрақты түрде рейд жүргізгені жөн. Осы арқылы келеңсіз жағдайлардың алдын ала аламыз. Сондай-ақ шаһардағы қорқор (кальян) сататын кафелерге де тиісті шара қолдану керек, – деген Бақытжан Әмірбекұлы күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. и сотрудникам правоохранительных органов следует проводить регулярные рейды. Этим мы можем предотвратить негативные ситуации. Также необходимо принять соответствующие меры к владельцам кафе, в которых посетителям предлагается кальян, - сказал Бакытжан Амирбекулы и возложил конкретные поручения на специалистов, курирующих данные вопросы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/963993?lang=kk
Тұрғын үй кезегіне тұруға өтінім берген азаматтарға kezekte.kz порталы арқылы қызмет көрсету үшін жеке деректерге қол жеткізуге сұраныс жіберіледі 15.04.2025
Тұрғын үй кезегіне тұруға өтінім берген азаматтарға kezekte.kz порталы арқылы қызмет көрсету үшін жеке деректерге қол жеткізуге сұраныс жіберіледі. Келісім беру немесе бас тарту келесі комбинациямен жүзеге асырылады:511- ИӘ;512- ЖОҚ.Сіз 511 (иә) жауабын таңдаған жағдайда, келісім беру арқылы тұрғын үй кезектілігіңізге қатысты барлық қажетті мәліметтер автоматты түрде жүктелетін болады.512 (жоқ) келісім берілмеген немесе мүлдем жауап берілмеген жағдайда өңделмеген құжаттар қаралудан бас тартыладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/963989?lang=kk
Қарағанды облысының жемқорлыққа қарсы мобильді тобы азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуде 15.04.2025
ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлескен жоспарды жүзеге асыру аясында, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Полиция департаментімен бірлесіп халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша құқықтық кеңес жүргізуде.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ тұрақты түрде елді мекендерді аралап, азаматтар арасында тегін құқықтық көмек көрсетеді. Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Осакаров ауданы тұрғындарына заң аясында кеңес беру мақсатында қабылдау өткізді.Азаматтарды қабылдауға Департамент, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ, Осакаров аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері Осакаров ауданының 4 ауылдық округі мен Оскаров ауылында азаматтарды қабылдады.Мобильді қызмет көрсету аясында 40-тан астам адам кеңес алды. Азаматтардың басым бөлігі жұмыспен қамту, тұрғын үй, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерімен жүгінді.Бұл іс-шара Осакаров ауданының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.Іспеттес мобильді топ қызметі аясында құқықтық көмек көрсету шарасы, ағымдағы жылдың қаңтар айында Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Полиция департаменті, қалалық ішкі істер басқармасы өкілдерінің қатысуымен қаламыздың ірі сауда орталықтарының бірінде өткен болатын.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП#ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/press/news/details/963985?lang=kk
Агенттік «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» заң жобасын ұсынды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Айдын Дәулетбақ және директордың орынбасары Адил Мамажанов «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» заң жобасы жайлы баяндады.Бүгінгі таңда Қазақстандағы рейтингтік қызметтер нарығын дамытуға кедергі келтіретін бірнеше негізгі факторлар бар: кредиттіктік рейтингтік агенттіктерінің қызметін реттейтін заңнаманың жоқтығы; жергілікті рейтингтік агенттіктер құру және олардың жұмыс істеуі үшін заңнамалық талаптардың болмауы; қазақстандық компаниялар, әсіресе орта бизнес үшін рейтингтік қызметтердің жоғары құны мен шектеулі қолжетімділігі.Осыған орай, Агенттік халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, кредиттік рейтинг агенттіктерінің қызметін реттейтін заң жобасын әзірледі. Заң жобасында IOSCO (Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық комиссиялардың ұйымы), Базельдік банктік қадағалау комитеті сияқты халықаралық ұйымдардың ұсынымдары, сондай-ақ, Еуропалық Одақтың директивалары ескерілді.«Заң жобасы кредиттік рейтинг агенттіктерінің қызметінің келесі негізгі принциптерін қамтамасыз етуге бағытталған: объективтілік, тәуелсіздік, ашықтық, ресурстардың жеткіліктілігі, тұрақты қадағалау және есеп беру», — деп атап өтті А. Дәулетбақ.Құжатта рейтингтік агенттіктердің қызметіне қатысты Агенттіктің функциялары мен өкілеттіктері, белгіленген стандарттардың сақталуын бақылау, мүдделер қақтығысын басқару механизмдерін реттеу, сондай-ақ, рейтингтік агенттіктердің ақпаратты жариялау және корпоративтік басқару талаптары қарастырылған.Заң жобасы 2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамыту Концепциясын іске асыру аясында әзірленді. Оның қабылдануы кредиттік тәуекелдерді тәуелсіз рейтингтік бағалау институтының дамуына жағдай жасайды, бұл өз кезегінде қор нарығы құралдары арқылы бизнесті қаржыландыру механизмдерін кеңейтеді.«Бұл заң жобасын қабылдау Қазақстанның қаржы секторын дамытудағы маңызды қадам болады. Ол халықаралық стандарттар мен ұлттық экономиканың қажеттіліктеріне сай келетін ашық әрі тиімді кредиттік рейтинг қызметтері нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті А.Мамажанов. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/963971?lang=kk
Қарағандылық полицейлер Ақмола облысында күдіктіні ұстады 15.04.2025
Қарағандылық полицейлер Ақмола облысында күдіктіні ұстадыҚарағанды қаласында 2023 жылдың жазында болған тонау қылмысына күдікті Ақмола облысында ұсталды. Оқиға барысында белгісіз ер адам 84 жастағы зейнеткердің қолынан ішінде 250 мың теңге мен ұялы телефоны бар сөмкесін жұлып әкеткен. Жедел іздестіру шаралары бірден қолға алынғанымен, алғашқы кезеңде қылмыскердің ізіне түсу мүмкін болмады. Алайда, Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жалғастырып, нәтижесінде күдіктінің Ақмола облысының 31 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ол бір фермерден екіншісіне ауысып, қыстақтарда жасырынып жүрген. Наурыз айының ортасында, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қарағандылық тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Тергеу барысында ол қылмысын мойындап, ұрланған ақшаны жұмсап, телефонды сатып жібергенін айтты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/963955?lang=kk
Қарағанды облысының полицейлері мотоцикл ұрлығын ашты 15.04.2025
Қарағанды облысының полицейлері мотоцикл ұрлығын ашты.Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының тұрғынына тиесілі мотоциклді ұрлаған күдікті анықталды. Оқиға өткен жылдың күзінде орын алған. Белгісіз біреу 38 жастағы азаматтың мотоциклін далада тұрған жерінен айдап кеткен. Жәбірленуші төрт ай өткен соң ғана полицияға жүгініп, келтірілген шығын 700 мың теңгені құрады. Жедел іздестіру шаралары барысында Ғ.Мұстафин кентіндегі полиция бөлімінің қызметкерлері мотоциклді тауып, иесіне қайтарды.Аталған қылмысқа қатысы бар күдікті Теміртау қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/963946?lang=kk
Солтүстік Қазақстан облысының ТМРКД онлайн режимде кезекті қоғамдық қабылдау өтеді 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдерімен бірлесіп коммуналдық салаланың проблемалық мәселері бойынша қоғамдық қабылдау жүргізеді.Тұтынушыларды қабылдау 2025 жылғы 1 сәуір сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің парақшасында тікелей эфирде онлайн режимде келесі сілтеме бойынша өтеді: https://www.facebook.com/profile.php?id=100043427352343.Осыған байланысты, Департамент облыс және Петропавл қаласы тұрғындарын, басқа да мүдделі тұлғаларды коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша қабылдауға қатысуға шақырады.Сонымен қатар, әр адам өз сұрақтарын Facebook әлеуметтік желісіндегі осы хабарламаның астына қалдыруына болады, тікелей эфир барысында осы сұрақтарға жауап беріледі.Анықтама үшін телефоны: +7(7152)53-42-30.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl/press/news/details/963938?lang=kk
Әкімдік аумақтарын тазалау 15.04.2025
«Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында әкімдік маңындағы аумақ тазаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-bannov/press/news/details/963920?lang=kk
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі 15.04.2025
Шілікті ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесіне орай “Ана аты ұлылық ” атты мерекелік концерт өткізілді. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттерімізбен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі,жақсылықтың нышаны болса керек. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады. Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз – ана. Мерекелік концертте округ әкімі Табынбеков Жалғас Сағитжанұлы әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап,өзінің ізгі лебізін білдірді. Түрлі салада еңбектерімен көзге түсіп жүрген қыз-келіншектерге округ әкімі өзінің алғыс хатымен марапаттады. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аққайыр ағайымыздың сүйемелдеуімен әжелер хоры Ғафу Қайырбековтың әні «Ана туралы жыр» және Шәмші Қалдаяқовтың әні «Қайдасың» әндерін шырқап көрермен қошеметіне бөленді. Әрі қарай концертімізде аналарымызға арнап ауыл жастары әннен шашу шашты. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке - бірлігін ойлайтын жан ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйелдер қауымының әлеуметтік жақтан қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріледі.Көктемнің басы өміріңіздегі қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін және отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-kishikum/press/news/details/963912?lang=kk
кім аппараты Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты Онлайн қабылдау Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Сыбайлас жемқорлық туралы қалай хабарлауға болады? 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлық-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында заңсыз пайдалануы өзі үшін не үшінші тұлғалар үшін, сол сияқты осы тұлғаларға игіліктер мен артықшылықтар беру арқылы пара беру.МҰНЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ!Қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша өтініштер құқық қорғау органдарында қылмыстың жасалған орны мен уақытына қарамастан тәулік бойы қабылданады.Кезекші бөлімде сіз хабарламаны ауызша немесе жазбаша түрде тыңдауға және қабылдауға міндеттісіз. Бұл жағдайда сіз хабарламаны қабылдаған қызметкердің тегі, лауазымы және жұмыс телефоны туралы сұрауыңыз керек.Сіз өзіңіздің өтінішіңіздің көшірмесін оны құқық қорғау органында тіркеу туралы белгімен немесе хабарламаны қабылдаған қызметкер туралы мәліметтерді және оның қолын, тіркеу нөмірін, құқық қорғау органының атауын, мекенжайы мен телефонын, хабарламаның қабылданған күнін көрсететін талон-хабарламаны алуға құқығыңыз бар.Құқық қорғау органында Сізден алынған хабарлама (өтініш) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процестік әрекеттерді жүзеге асыру үшін дереу тіркеліп, жоғары тұрған басшыға баяндалуы тиіс.Сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізге қатысты мәселелер бойынша неғұрлым толық ақпарат алу үшін сізді тиісті бөлімше басшысының қабылдауын талап ету үшін қабылданатын шаралардың сипаты туралы өтінішіңізді орындаумен айналысу тапсырылған құқық қорғау органынан білуге құқығыңыз бар.Сізден пара беру туралы хабарламаны (өтінішті) қабылдаудан бас тартқан жағдайда, сіз осы заңсыз әрекеттерге жоғары тұрған сатыларда шағымдануға, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының қызметіне прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын жоғары тұрған органға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағым беруге құқығыңыз бар.Тегін кеңес 1424Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-zabelov/press/news/details/963906?lang=kk
Тегін заң көмегі күні 15.04.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/983414?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР 15.04.2025
Қазақстандағы цифрландыру саласындағы жетістіктердің бірі — мемлекеттік қызметтерді онлайн алу мүмкіндігі. Бұл жүйе азаматтар үшін көптеген уақытты үнемдеуге және қағазбастылықты болдырмауға көмектеседі.Қазіргі таңда, «Көкбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсететіледі. Олар: 1."Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"2."Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру""Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу"4."Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату"5."Жер учаскесін алу үшін кезекке қою"Мемлекеттік қызметтерді алу үшін бірнеше әдіс бар. Ең алдымен, мемлекеттік қызметті көрсететін мекемеге тікелей жүгіну арқылы. Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетуші мекеме көрсетілетін қызмет бойынша толыққанды ақпарат беріп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидасына сәйкес құжаттар топтамасын қабылдайды. Егер мемлекеттік қызмет көрсету электрондық негізде жүргізілетін болса, сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, онлайн негізде өтініш беруге көмек көрсетіледі.Келесі, электронды портал арқылы қызметтерді онлайн алу өте ыңғайлы және тиімді әдіс болып табылады. Азаматтар eGov.kz порталы арқылы қажетті қызметтерге өтініш бере алады. Сондай-ақ, мобильді қосымшалар да қызметтерді алу үшін ыңғайлы арналарға айналды.Одан бөлек, Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) азаматтарға дәстүрлі түрде қызмет көрсетуге арналады.Қазақстанда мемлекеттік қызметтер туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары үлкен мәнге ие. Бұл бағытта мемлекеттік органдар түрлі кездесулер, вебинарлар, түсіндіру жұмыстарын өткізуде. Көкбастау ауылдық округінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша 2024 жылы 4 кездесу жиындары өткізіліп, 93 адам қамтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2024 жылдың тоқсандық және жылдық есебі округтің ресми сайтында жарияланған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерге қатысты жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар да әзірленіп, ресми сайттарда жариялануда.Байланыс мәліметтері: Көкбастау ауылдық округі әкімінің аппараты, Теріс ауылы, Тәліп көшесі №4а, телефон нөмірі: 8 (726 35) 2-90-14Қабылдау жұмыс күндері, сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін жүргізіледі, түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy-kokbastau/press/news/details/963871?lang=kk
Бас прокуратура Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған бұзушылықтарды анықтады 15.04.2025
Қазақстанның футбол федерациясы (бұдан әрі – Федерация) мен бірнеше футбол клубтарына жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде басқарудағы тиімсіздік пен 3 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды.Негізгі бұзушылықтар қатарында негізсіз сыйақылар төлеу, инфрақұрылым объектілерін салу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану, спортшылармен жасалған күмәнді келісімдер және спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру фактілері бар.Атап айтқанда, Федерацияның бұрынғы басшылығы жекелеген қызметкерлер мен спортшыларға 300 млн теңгеден астам сомада негізсіз сыйақы төлеген.Федерацияның әкімшілік ғимараты мен Талғар қаласындағы жаттығу базасын салу барысында іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға 350 млн теңгеден аса төлемдер жасалған.2021 жылы басталған Алматы облысындағы база құрылысы тоқтап тұр, ал мердігердің шоттары бұғатталған.Сонымен қатар 135 млн теңге стратегиялық құжаттар мен стандарттарды әзірлеуге бөлінген қаражаттың орынды жұмсалуы күмән тудырады.Бұл құжаттарда нақты іске асыру тетіктері, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту жолдары көрсетілмеген, ал клубтарды басқару стандарты іс жүзінде енгізілмеген. «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Жетісу» футбол клубтарындағы тексерулер де келісімшарт сомаларын асырып көрсету, ойыншыларды төмен бағамен сату, жоғары бағамен сатып алу және қаражат жымқыру сияқты бірқатар елеулі бұзушылықтар анықталды.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Футбол федерациясының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс тергеп-тексеру жүргізу үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді.Бас прокуратура спорт саласында заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады. Бас прокуратураның баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/963854?lang=kk
«Наурыз –құтты мерекем!» атты концерттік бағдарлама 15.04.2025
Ұлыстың ұлы күні «Наурыз мерекесіне орай» 2025 жылғы 23 наурыз күні аудандық Мәдениет үйінде Алматы және Қарағанды өңірлерінен келген Төтенше жағдай бойынша арнайы жасақ тобының әскери қызметкерлеріне «Наурыз –құтты мерекем!» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әуенді әндер шырқаса, «Мерей» өнер мектебінің Республикалық байқаулардың бірнеше рет жеңімпазы болған «Желдірме» домбырашылар ансамблі күмбірлете күй төкті. Сарбаздар өздеріне мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған Мәдениет үйі мен Мерей өнер мектебінің ұжымына алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-culture/press/news/details/963852?lang=kk
