Қоғам
«Таза Қазақстан» акциясы 15.04.2025
Үш айлық және "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Бірлік ауылдық округінің аумағында 10.04.2025 жылы "Таза бейсенбі" өткізілді, оған ұйым мен округ тұрғындары қатысып, белсенділік танытты. Акцияға қатысушылар округ көшелерінде, аллеяда және саябақта белсенді жұмыс істеді, сондай-ақ "ES Global Agro" ЖШС өндірістік учаскелерінде, білім беру мекемелері мен қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Ауылдық округті абаттандыру жұмыстары жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/974188?lang=kk
Пойыздардағы санитариялық ережелер және инфекциялардың алдын алу 15.04.2025
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қызылорда көлік прокуратурасымен бірігіп, «Nomadas» ЖШС басшысы және жауапты қызметкерлері арасында жолаушылар пойыздарында санитариялық ережелерді бұзбау және жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру семинар жүргізілді.Семинар барысында вагондарды дезинсекциялық өңдеу айына бір реттен кем емес және эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша жүргізілуі, вагондарды дератизациялық өңдеу тоқсанына бір реттен кем емес және эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша жүзеге асырылуы, сондай-ақ вагондарды қосымша дезинфекциялық өңдеу эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша жүргізілуі түсіндірілді.Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/960429?lang=kk
Су ресурстары және ирригация министрі экономика қажеттілігі мен экожүйені сақтау үшін еліміздің су қоймаларына тасқын суды жинауды тапсырды 15.04.2025
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов барлық жауапты мекеме басшыларына еліміздің су қоймаларына тасқын суды жинау жұмысын ұйымдастыруды тапсырды. Бұл су алдағы уақытта экономика қажеттілігі мен жергілікті экожүйені сақтау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, еріген қар суы өзен-көлдерге, шабындық жерлер мен табиғи жайылымдарға жіберіледі. Қоймаларға жиналған тасқын суы суару маусымында егістікті суару үшін шаруаларға да беріледі.Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны кезінде гидротехникалық құрылыстардың жұмысын реттейтінін атап өткен жөн. Су қоймалары – ең маңызды стратегиялық нысандардың бірі.Еске сала кетейік, былтыр еліміздің су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 15 млрд-қа көп. Жиналған судың 12 млрд-тан астамы – тасқын су.Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді. Батыс Қазақстан облысындағы соңғы жылдары құрғауға айналған Қамыс-Самар көлдер жүйесіне 80 млн текше метр тасқын су жіберілді. Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 839 млн текше метр су жіберілді. 2000 жылдан бері алғаш рет Тобыл өзенінде үлкен көлемде су ағыны байқалды.Шабындық жерлер мен табиғи жайылымдарға су жіберу мал шаруашылығын қажетті жем-шөп базасымен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізді. Ал Астана су қоймасына тасқын суын жинау 2 млрд теңгеге жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді. Себебі, су қоймасына Қ.Сәтбаев атындағы каналдан қосымша су жіберу қажеттілігі туындамады.«Еліміздің су қоймаларында тасқын суын қабылдауға және қауіпсіз өткізуге қарқынды дайындық жүріп жатыр. Солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлердің су қоймаларында бос сыйымдылықтар дайындау үшін су жіберілуде. Ал, еліміздің оңтүстігіндегі су қоймалары алдағы суару маусымында жергілікті дихандарды суармалы сумен қамтамасыз ету үшін белсенді су жинап жатыр. Біз барлық су қоймаларына шаруалар үшін қажет суды барынша мол жинап, оны жазда пайдаланамыз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/960428?lang=kk
4 миллионға жуық қазақстандық оқушы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасымен қамтылды 15.04.2025
Қазақстандық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында «Қамқор», «Шабыт», «Смарт бала», «Еңбегі адал – жас өрен», «Ұшқыр ой алаңы» және «Балалар кітапханасы» атты алты ірі жоба іске асырылып, 4 миллионға жуық оқушыны қамтыды. Бұл бастамалар құндылыққа бағдарланған тәрбие беруге бағытталған 77 қадамдық іс-шаралар кешені арқылы жүзеге асуда.«Қамқор» жобасы аясында еліміздің 3 миллионнан астам білім алушысы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, сенбіліктер ұйымдастырды, 2,1 миллионға жуық көшет отырғызды.«Шабыт» жобасы балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған. Ел көлемінде өткен жоба аясында 2 миллионнан астам бала домбыра тартуға қатысты. Бұл бастама ұлттық өнерді насихаттаудың ең ауқымды шараларының бірі болды. Сондай-ақ, «Әншуақ» балалар ән фестивалі жас орындаушылар арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Мектептерде оқушылардың мәдени-ағартушылық бастамаларға қатысу белсенділігі жоғары. «Даналық ұстаздан», «Мақтанышым – Республикам!», «Жетістігім – еліме!», «Алғыс айту күні», «Ананың аялы алақаны» секілді байқауларға 3 миллионға жуық оқушы қатысты.«Наурыз мейрамы қарсаңында жас ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, отансүйгіштік сезімін нығайту және ұлттық мұраны сақтау мақсатында еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде күй орындалады. 20 наурыз күні сағат 11:00-де республикалық домбырашылар челленджі өтеді. Оған 1 млн-ға дейін оқушы мен педагогтер қатысады деп күтілуде», – деп мәлімдеді Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов.Тәрбие бағдарламасында, сондай-ақ кітап оқу мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Балалар кітапханасы» жобасы іске қосылды, оның аясында 2580 кітаптың тізімі жасалды. Сонымен қатар, 2024 жылы мектеп оқушыларына цифрлық форматта әдеби шығармаларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін балалар кітапханасының онлайн-порталы іске қосылды.Отансүйгіштік пен ұлттық бірегейлікті нығайту мақсатында мектептерде оқу аптасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталады. Үзіліс кезінде оқушылар «асық ату», «тоғызқұмалақ», «бес тас» сынды ұлттық ойындарға белсене қатысады.Көктемгі каникул уақытында мектептерде үйірмелер мен секциялар жұмыс істеп, қосымша шаралар өткізіледі. Балалар әр айдың үшінші жексенбісінде және каникул уақытында музейлерге тегін бара алады. Оған қоса, театрларда балаларға арналған қойылымдар ұйымдастырылады. Сондай-ақ «Қазақфильмнің» алтын қорындағы фильмдер мен анимациялық фильмдерді мәдениет және білім беру ұйымдарында тегін ұжымдасып тамашалау мүмкіндігі жасалуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/960856?lang=kk
Қарабалық ауданы әкімдігінің «Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 91 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына баспасөз-релизі 15.04.2025
Қарабалық ауданы әкімдігінің «Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 91 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес әзірленді. Көрсетілген қаулы жобасының қабылдау мақсатымен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындауы болып табылады.Қаулы жобасының қабылдауы әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15497803 бөлімінде орналастырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/960413?lang=kk
Қарақия ауданында Рамазан айының игі шаралары жалғасуда 15.04.2025
⚜️Мейірім мен берекеге толы қасиетті Рамазан айы басталғалы Қарақия ауданындағы мешіттерде күн сайын сауапты істер ұйымдастырылуда. Осы игі дәстүрдің жалғасы ретінде 18 наурыз күні Жетібай ауылында ауызашар өтті.⚜️Ауызашар Қарақия ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жетібай ауылындағы Сүйінғара Үргенішбайұлы атындағы орталық мешітте өтті. Шараға ауыл ақсақалдары, имандылық жолын ұстанған жастар және жамағат қатысты.⚜️Рухани құндылықтарды дәріптеп, тұрғындардың ауызбіршілігін арттыруға атсалысқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз.⚜️Айта кетейік, бұл игі шара 19 наурыз күні Қарақия аудандық орталық мешітінде жалғасын табады.Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/960395?lang=kk
Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының қысқы спартакиадасы 15.04.2025
Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық дайындық орталығында Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне дейін еркін стильдегі спринт бойынша алғашқы жарыстар өтіп, жүлдегерлер анықталды. 25 наурызға дейін жалғасатын бәсекеде еліміздің ең мықты шаңғышылары Спартакиада чемпионы атағына таласады. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Спартакиада – елдегі ең ауқымды спорттық шаралардың бірі және Олимпиада ойындарына ұлттық құрамаға іріктеу кезеңі саналады. Ашылу рәсіміне: Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев,Дене шынықтыру және спорт істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев, Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов, Қазақстан Ұлттық шаңғы жарысы федерациясы вице-президенті Димаш Хасенов қатысты. Нұрлан Есембаев, Дене шынықтыру және спорт істері комитеті төрағасының орынбасары:«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спорттың маңыздылығын үнемі атап өтеді. Бұл – дені сау жас ұрпақты тәрбиелеудің және ұлттың әл-ауқатын нығайтудың басты факторы. Бүгінде Қазақстанда 13 қысқы олимпиадалық спорт түрі белсенді дамып келеді. Бұл бағытта 139 000-нан астам спортшы жаттығуда. Ұлттық құрама 1 265 спортшыдан жасақталған және олардың саны жыл сайын артып келеді. Спартакиада жаңа есімдерді танытып, қысқы спорттың дамуына тың серпін береді. Барша қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тілеймін!»АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІМПАЗДАР:Еркін стильдегі спринт қорытындысы бойынша, алғашқы финалистер анықталды: Ерлер:1.Святослав Матасов (Ақмола облысы)2.Константин Борцов (Ақмола облысы)3.Дастан Қалыбеков (ШҚО) Әйелдер:1.Надежда Степашкина (Ақмола облысы)2.Ксения Шалыгина (Ақмола облысы)3.Анна Мельник (Ақмола облысы)Жарыс қорытындысы бойынша, ірі халықаралық турнирлерде ел намысын қорғайтын мықты спортшылар анықталады. ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ18 наурыз (сейсенбі) - еркін спринт19 наурыз (сәрсенбі) - классикалық жарыс21 наурыз (жұма) - эстафета22 наурыз (сенбі) - классикалық командалық спринт24 наурыз (дүйсенбі) - аралас эстафета25 наурыз (сейсенбі) - еркін жүріспен масс-старт Жарыс кестесін @cop_zvs мен @skicenter_life Instagram парақшаларымыздан және stories-тен қадағалай аласыздар. Қазақстан Республикасының Спартакиадасы жарыстарынан бейнетрансляцияны Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының COP ZVS TV YouTube-арнасында тікелей эфирде көруге болады. Жарыс барысын стадионнан да бақылауға болады. Кіру тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/960392?lang=kk
Қорғалжын ауданында су тасқынына қарсы штаб құрылды 15.04.2025
🔹️Құрметті Қорғалжын ауданының тұрғындары!♦️Өңірдегі су тасқыны жағдайына жедел ден қою және мониторинг жүргізу мақсатында Қорғалжын ауданы әкімдігінің базасында су тасқынына қарсы штаб ашылды.♦️Штаб құрамына Төтенше жағдайлар бөлімінің және мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері кірді.☎️Тұрғын үйлерді су басу қаупі туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз.Қорғалжын ауданының жедел су тасқынына қарсы штабы:☎️8-71637-2-15-19Қорғалжын ауданының АҚ және ТЖ бас инспекторы☎️8-71637-2-23-79📱8 (777) 9516281 (WhatsApp)📱8 (747) 8581714 (WhatsApp)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-korgaljin/press/news/details/960374?lang=kk
Altynsarin University – өңіріміздегі жоғары білімнің жаңа кезеңі 15.04.2025
Қостанай облысындағы жоғары білім жаңа деңгейге көтерілуде! Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Арқалық педагогикалық институтына университет мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. Енді оқу орны Altynsarin University атауын иеленеді, бұл оның өңір мен елге білікті мамандар даярлаудағы маңызды рөлін айшықтайды.Студенттер үшін жаңа мүмкіндіктерЖаңа мәртебенің берілуі университетке үлкен перспективалар ашады. Енді болашақ мамандар тек педагогикалық бағыттарда ғана емес, сонымен қатар ақпараттық технологиялар, журналистика, экономика, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салалар бойынша білім ала алады. Сондай-ақ, университетте магистратура бағдарламалары жүзеге асырылып, болашақта докторантура ашу мүмкіндігі пайда болады.Бұл Қостанай облысы мен еліміздің басқа өңірлерінің жастарына сапалы білім алу үшін үлкен мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламаларының кеңеюі сұранысқа ие мамандарды даярлауға және өңірдің дамуына үлес қосуға септігін тигізеді.Ғылыми әлеуетті нығайтуУниверситет мәртебесінің берілуі Altynsarin University үшін ғылыми қызметтің жаңа көкжиектерін ашады. Оқу орнында өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған зерттеу жобалары дамытылатын болады. Инновациялық технологияларды енгізуге, заманауи оқыту әдістерін дамытуға және экономиканың басым бағыттарына кадрлар даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.Халықаралық ынтымақтастықТағы бір маңызды қадам – шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді серіктестік орнату. Бұл студенттер мен оқытушыларға халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуға, жетекші білім ордаларында тағылымдамадан өтуге және озық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық, жаңа білім беру әдістері және халықаралық байланыстар Altynsarin University-дің қуатты ғылыми-білім беру орталығына айналуына ықпал етеді.Өңір үшін маңызыАрқалықта толыққанды университеттің құрылуы – Қостанай облысы үшін маңызды оқиға. Жаңа мәртебе өңіріміздегі жоғары білім, ғылым және экономика салаларының дамуына тың серпін береді. Университеттің заманауи білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулері және халықаралық байланыстары әртүрлі салаларда қажетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.Оқытушыларды, студенттерді және бүкіл Қостанай облысының тұрғындарын жоғары білім саласындағы осы маңызды қадаммен құттықтаймыз! Altynsarin University білім, инновация және болашақ мамандарды даярлау орталығына айналып, өңір мен елдің өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенімдіміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/960369?lang=kk
Жетісуда Ұлттық киімдер күніне орай этнодефиле, көрмелер, отбасылық конкурстар, бейнечеллендж өткізілді 15.04.2025
Ұлттық киімдер күніне арналған Наурызнаманың бесінші күнінде облыс аумағында этнодефиле, көрмелер, отбасылық конкурстар, мекеме-ұйым ұжымдарының бейнероликтер челленджі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мәселен, Талдықорған қаласының орталық алаңында этнодефиле өткізіліп, онда қыз-жігіттер түрлі этностардың ұлттық киімдерін киіп шықты. Мереке бұдан әрі «Наурыз Аруы - 2025» байқауының финалымен жалғасты. Осыған дейін байқаудың іріктеу туры Өтенай ауылдық мәдениет үйінде өткен болатын. Іріктеуден өткен он ару көркіне ақылы сай екенін таныту үшін көрермендер алдында өзінің бар өнерін паш етіп, сахнада қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап берді. Байқау қорытындысында бас жүлдеге Талдықорғандағы Б.Сырттанов атындағы №25 орта мектептің 11 сынып оқушысы Еркежан Серікхан ие болды.- Бүгін немерем Еркежанның өнерін тамашалап, жанкүйер болуға Алакөл ауданы, Көлбай ауылынан арнайы келдім. Немеремнің жеңіске жеткеніне қуаныштымын. Қыздардың бәрі де лайықты өнер көрсетті. Байқау маған қатты ұнады. Бұл тек қана сұлулық байқауы емес, сонымен қатар ұлттық мұрамызға, ұлттық тәрбиеге үлкен мән беріп, жастардың рухани дамуына ықпал ететін шара болды. Барша жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтаймын, - деді Жаңылқан Сүлейменова.Атап өтсек, осы күні Талдықорғандағы Салтанат сарайында «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» көрмесі, сондай-ақ Көркемсурет галереясында көрме-фестиваль өткізілді. Көрме-фестивальда қалпақ, кимешек, тақия, түскиіз бен шымылдық, ер мен ат әбзелдері, қыз жасауы, басқа да тұрмыстық бұйымдар ұсынылды.Сол сияқты Қаратал ауданының Үштөбе қаласында «Ұлттық киімдегі отбасы» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 44 отбасы қатысты. Олар қазақ халқының күнделікті киімдерімен қатар, түрлі қуаныштарда киетін мерекелік киімдерін, қазақы оюлар мен әшекейледі де дәріптеді. Байқауда Жұмаділ, Ерғосаевтар, Захан, Сұрабалдиновтар, Долашовтар, Рысқазы, Ашықбаевтар және Апасхановтар отбасылары жеңімпаз атанып, диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болды.- Отбасымызбен қазақи киім киіп, мерекеге арнайы дайындалып келдік. Мақсатымыз - қазақтың салт-дәстүрін жаңғырту. Наурыз аясында ұлттық киімдерге ерекше көңіл бөліне бастағаны қуантады. Осы арқылы біз ұлттың мұрамызды ұлықтап қана қоймай, жастарға үлгі көрсетеміз. Өйткені ұлттық киім – халықтың айнасы, - Қаратал ауданының тұрғыны Нағашыбай Біләлұлы.Сол сияқты Көксу ауданында іскер әйелдердің қоғамдағы рөлін, олардың кәсіпкерлік және еңбек саласындағы жетістіктерін атап өту мақсатында «Жұмысшы мамандықтары жылына» арналған «Әйел және еңбек мерейі» атты іскерлік әйелдер форумы өтті. Іс-шара «Адал Азамат - Адал еңбек - Адал табыс» атты көрмемен басталып, онда іскер әйелдер өз қолымен тіккен ұлттық киімдері мен өз қолымен дайындаған ұлттық тағамдарын, ағаштан, былғарыдан жасалған қолөнер бұйымдарын, ұлттық киімдер бейнеленген картиналарды көрермендер назарына ұсынды.Осы күні ұлттық киімдерді дәріптеуге арналған іс-шаралар облыстың барлық аудан-қалаларында кеңінен ұйымдастырылды. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жұмабай Мұсабеков, Олжас Құрмашев және аудан әкімдіктері ұсынған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/960366?lang=kk
Еңбекмині мен ХКҰ 2025 жылы өзара іс қимыл мәселелерін талқылады 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Еуропа және Орталық Азия бойынша Халықаралық көші-қон ұйымының (бұдан әрі – ХКҰ) өңірлік директоры Артур Эркенмен кездесті. Кездесу барысында тараптар көші-қон және шетелдегі қазақстандық жұмыскерлерді қорғау саласындағы стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылады.Асқарбек Ертаев Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) қазақстандық мигранттардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.«Атап айтқанда, қазақстандық азаматтардың едәуір санын тартатын межелі елдермен екіжақты келісімдер, қазақстандық азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін, оның ішінде еңбек мигранттарының еңбек құқықтарын қамтамасыз ету туралы меморандумдар жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы келісімдерге қол жеткізілген немесе тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқан елдердің қатарында Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Корея Республикасы, Германия, Қатар бар», – деді вице-министр.Ол ХКҰ осындай келісімдерге қол қоюға жәрдемдесуде, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеуде шешуші рөл атқара алатынын атап өтті.Өз кезегінде Артур Эркен Қазақстан мен ХКҰ арасындағы ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастықтығына тоқтала отырып, ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті тұрақты үйлестірушісі болып табылатын «Алматы процесінің» Еуропалық және Орталық Азия өңірлері үшін маңызды да шешуші рөлін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қолданыстағы уағдаластықтар шеңберінде көпжылдық ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/960352?lang=kk
«Қош келдің, Әз Наурыз!» мерекелік іс-шара 15.04.2025
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!Сіздерді 21 наурыз күні сағат 11.00-де орталық алаңда ұйымдастырылатын «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шараны тамашалауға шақырамыз!Бағдарламада:•театрландырылған қойылым;•киіз үйлер қалашығында қолөнер, тұрмыстық, ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінен фотоаймақ;•ұлттық спорт ойындары, алтыбақан, ұлттық тағамдардан сауда-саттық қамтылады.Концерттік бағдарламада эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Атап айтсақ: “Қоңыр” тобы, “Жігіттер” квартеті, Қырғыз Республикасының халық әртісі Саламат Садыкова және жергілікті өнер жұлдыздары.Кештің жүргізушілері: Ғалымжан Кеншілік пен Гүлнұр Оразымбетова.Келіңіздер, көріңіздер, жыр мен думанға толы Наурыз мерекесін бірге тойлайық!Тараз қаласының әкімдігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/961374?lang=kk
Баланың туу туралы куәлігі – адамның өміріндегі ең алғашқы құжаты 15.04.2025
👶Баланың туу туралы куәлігі – адамның өміріндегі ең алғашқы құжаты. Оны қалай және қайдан алуға болады? Толығырақ карусельден оқыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu/press/news/details/960328?lang=kk
Тараздағы "Қолөнершілер үйі" мамыр айында креатив хаб ретінде ресми түрде ашылады 15.04.2025
Тараз қаласы 2022 жылы дүниежүзілік қолөнершілер қаласының тізіміне енді. Бүгінгі таңда бұл тізімге әлемнің 25 мемлекетінің 57 қаласы еніп отыр. 2022 жылдың 1 қазанында киелі Тараз қаласы осы тізімге 56 қала болып еніп, Қазақстан бойынша осы тізімге енген ең алғашқы қала болды. Бұл – тек өңіріміздің ғана емес, тұтас еліміздегі рухани-мәдени оқиға деп санауға болады.Өңірдің туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету мақсатында 2024 жылы 27-29 қыркүйек аралығында «Тараз – қолөнершілер қаласы» III Халықаралық қолөнершілер фестивалі ұйымдастырылды.Көрмеге алыс және жақын шет елдерінен (Өзбекстан, Қырғыз, Тәжікстан, Ресей (Татарстан), Индия, Түркменстан, Франция, Моңғолия, Қытай, Біріккен Араб Әмірлігі) қолөнершілермен қатар халықаралық қолөнершілер қауымдастықтары, сарапшылар, туризм саласына қатысты мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.Фестиваль аясында Тараз қаласы аккредиттеуден өтіп, «Тараз – қолөнершілер қаласы» атағын сақтап қалды.Сонымен қатар, креативті индустрияны дамыту бағытында, бүкіләлемдік ЮНЕСКО-ның шығармашылық (креативтік) қалалар тізіміне Тараз қаласын қосу үшін жұмыстар жүргізілуде. Жобаның шарттарына сәйкес, тиісті ақпараттар жинақталып, ҚР Мәдениет және ақпарат минстрлігінің Креативті индустриялар департаментіне құжаттар ұсынылды.Бүгінгі таңда Тараз қаласында қолөнермен айналысатын 4 ұйым («Өшпес Мұра», «Қолөнер-Тараз», «Қолөнершілер Одағы», «Шебер Шаңырақ» қоғамдық бірлестіктері) және 190-ға жуық қолөнершілер жұмыс жасайды.Осы бағытта жұмыс істеуге ниетті кәсіпкерлерге жобаларын жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетілуде. 2024 жылы Тараз қаласында «Қолөнершілер үйі» өз жұмысын бастады.Мұнда жастарға шеберлерден тәлім алуына мүмкіндіктері мол.Аталған ғимаратты креативті хаб ретінде ағымдағы жылдың мамыр айында ресми ашу жоспарлануда. Ерлан ЖүнісбайЖамбыл облысы әкімдігінің мәдениетжәне тілдерді дамыту басқармасының басшысыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/960327?lang=kk
📢 Шал ақын ауданында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілуде! 15.04.2025
Қардың көп мөлшерде жиналуына байланысты Сергеевка қаласының шеткі көшелерінен қарды шығару жұмыстары күн сайын жалғасуда.Барлық жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде.Бүгінгі күнге дейін 28 425 м³ қар шығарылды!Барлық шаралар табиғи апаттардың алдын алу мақсатында қатаң бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/960325?lang=kk
ШҚО-да "112"бағдарламасы басталды 15.04.2025
ШҚО ТЖД мамандары мен "Алтай ТВ" облыстық телеарнасы "112" бағдарламасын эфирге шығардыБұл телебағдарлама тоқсан сайын шығады және құтқарушылардың күнделікті өмірі туралы айтылып, қауіпсіздік шаралары мен ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға үйрететін болады."112" бағдарламасының бірінші шығарылымында журналистер жүргізіліп жатқан АҚЖ, іздестіру жұмыстары, өртті сөндіру, су тасқыны кезеңіне дайындық және ТЖ алдын алуға бағытталған алдын алу іс-шаралары туралы репортаж түсірді."112" бағдарламасы-қауіпсіздік мәселелеріндегі халықпен диалогы.Бағдарламаның толық шығарылымын ШҚО ТЖД YouTube арнасының @dchsvko парақшасынан - https://youtu.be/-ntnEMw8NW4?si=lPKCO-8Vy7-l91Kf және "Алтай" телеарнасының YouTube - https://youtu.be/Vu6599JFx5A парақшасынан көруге болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/960323?lang=kk
📢 АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 15.04.2025
Қазіргі уақытта барлық күш пен құралдар су тасқынының алдын алу және салдарын жоюға бағытталуда. Ауылдық округтерде тәулік бойы жұмыс жүргізілуде:✅ Су деңгейіне тұрақты мониторинг жасалуда✅ Су өткізу арналары тазартылып, нығайтылуда✅ Арнайы техника жұмылдырылды✅ Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілудеБарлық жауапты қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауда! Өңіріміздегі жағдай туралы сенімді ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге сүйеніңіз.📢 Бәріміз бірге әрекет етсек, кез келген қиындықты еңсереміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/960317?lang=kk
ШҚО Катонқарағай ауданында мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді 15.04.2025
Өңірде профилактикалық жарылыс жұмыстары жалғасуда. Бүгін, Катонқарағай ауданы, Коробиха ауылы ауданындағы кептеліс учаскесінде қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету мақсатында Бұқтырма өзенінде 12000 шаршы метр алаңда мұз ұсақталды.Аталған ауданда өзендегі мұздың қалыңдығы 60 сантиметрді құрайды.Ағымдағы уақыт ішінде ШҚО-да жалпы ауданы 136960 ш. м. болатын 11 мұз кептелісі қауіпті учаске пысықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/960315?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру аясында Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданының білім бөлімінің «№ 8 ЖББМ» КММ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында, 10-11 сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қатысты видео көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka-marzhankol/press/news/details/960305?lang=kk
Будет создана рабочая группа по организации заседания Национального курултая 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын орындау мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелерге орай бағыт-бағдар белгіленіп, Қызылорда қаласы, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.«Құрылтайда еліміздегі салық саясаты, нақты секторды дамыту, инвестиция тартумен қатар, қазіргі қоғамдағы уақыт белдеуі, ұрпақ тәрбиесі, ономастика саласы, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау секілді өзекті мәселелер көтерілді.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде «Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына және халқымызға «қазақ» атауының қайтарылғанына бір ғасыр толды. Мұндай маңызды оқиғалар ел жадында сақталуы тиіс» деп ерекше атап өтті. Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды.Бұл бастама барша Сыр жұртшылығына артылған сенім және абыройлы міндет екенін түсінуіміз қажет. Құрылтайдың кезекті отырысын Алаштың анасы атанған қасиетті Сыр өңірінде өткізудің тарихи тұрғыдан маңызы зор. Дайындыққа осы бастан кірісіп, құрылтайды жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз керек.Облыстық қоғамдық даму басқармасына Ұлттық құрылтай отырысын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобын құруды тапсырамын. Жұмыс тобының құрамына облыс әкімінің орынбасарларын, басқарма, департамент басшыларымен қатар зиялы қауым, азаматтық қоғам өкілдерін, тарихшы ғалымдарды қосу қажет. Топ жұмысын үйлестіру облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановқа жүктеледі», – деді Н.Нәлібаев.Жиында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды мерзімінде және сапалы орындау міндеттелді. Экономиканың нақты секторына жұмсалатын қаржы көлемін ұлғайтуға, салық реформасына, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың баспанаға қолжетімділігін арттыруға қатысты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар салынатын аумақтың инфрақұрылыммен қамтылуы бірінші кезекте ескерілуі тиіс.Құрылтайда қаралған тағы бір маңызды мәселе – инвестиция тарту, инвестициялық жобаларды іске асыру. Мемлекет басшысы алдағы төрт жыл ішінде жыл сайын 200-ге жуық инвестициялық жоба іске қосылатынын атап өтті. Бүгінде өңірге инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімі бастаған делегацияның Италия, Испания, Қытайға барған жұмыс сапарларының алғашқы нәтижесі көріне бастады. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмысты тоқтатпай, әрі қарай күшейту қажет.Құрылтайда көтерілген өзекті мәселенің бірі – ономастика. Осы ретте тұрғындарға ономастика талаптарын кеңінен түсіндіру, тарихи жер-су атауларын және халық ішінде кең таралған дәстүрлі атауларды қою тәртібін берік ұстану керек. Аймақ басшысы көшелер мен елді мекендерге атау беру немесе атауларды өзгертуде құрылтайда айтылған ұстанымдарды қатаң басшылыққа алуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/960294?lang=kk
