Қоғам
Балалармен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін! 14.04.2025
Балалармен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін!Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген төтенше жағдайлар мен жедел ақпаратқа жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Алматы облысының аумағында 3 төтенше жағдай және балаларға байланысты төтенше жағдайлар орын алғаны анықталды, онда қаза болудың негізгі себептері ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың қауіпсіздік және сақтық талаптарын сақтамауы болып табылады.Текелі қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдерінің тапсырмасына сәйкес, Текелі қаласының тұрғындары мен қонақтарына БАҚ арқылы тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлап кетуіне байланысты қайғылы жағдайлардың өсуі және оған әкелген себептер туралы жеткізу.Осыған байланысты төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Текелі қаласының аумағында орналасқан балалар бақшаларымен нұсқаулық жүргізді.Нұсқаулық барысында балалардың терезеден құлап кетпеуін және сіріңке мен оттықтары бар балалардың ойнауын болдырмау ережелері түсіндірілді.Балалардың қаза болуының белгіленген себептерінің негізгі себептері ата-аналардың немқұрайлылығы мен жауапсыздығы, ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың абайсыздығы болып табылады. Терезеден құлауды болдырмау үшін ата-аналар тарапынан өздерінің жас балаларын бақылауды күшейту қажет. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қарапайым ережелерді орындау баланың терезеден түсуінің алдын алуға, оның денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі.Құрметті ата-аналар! Текелі қаласының ТЖБ балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін сақтау қажет тәртіп ережелерін еске салады: терезелерді ашық қалдырмаңыз; терезені тиісті қорғаусыз москит торларын пайдаланбаңыз, себебі бала алдында қандай да бір кедергіні көріп, оған сенімді түрде сүйеніп, нәтижесінде тіпті бір жастағы баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін.; баланың терезеге шықпауы үшін жиһазды терезенің жанына қоймаңыз; баланы қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнап жүргенде; балаларға төсекке немесе терезелерге жақын орналасқан басқа жиһазға секіруге жол бермеңіз. Осы ережелерді сақтай отырып қайғылы оқиғаға жол бермеуге көмектеседі.Сонымен қатар, балабақша тәрбиешілеріне балаларды телефон арқылы ТЖ қызметінің "101", "112"нөмірлеріне қоңырау шалуды үйрету туралы ұсыныстар берілді. Жоғарыда көрсетілген жұмыс жалғасуда. Текелі қаласының Төтенше жағдайлар бөліміАлматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35642?lang=kk
СҚО әкiмi: «Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, мол астық жиналды» 14.04.2025
Солтүстiкқазақстандықтар ауыл шаруашылығы қызметкерлерi күнiн тойлауда. Биыл диқандар қамбаға 5,1 млн. тонна астық құйды. СҚО — әртараптандыру саласында көшбасшы.«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бiз мол астық жинадық. Гектар басынан 18 центрнер алынды. Бұл диқандардың қажырлы еңбегiнiң жемiсi. Осылайша, елiмiздiң азық-түлiк қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуде», — дедi Құмар Ақсақалов.Өңiр басшысы 60 шақты агроөнеркәсiп саласының мамандарына марапат жасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/35641?lang=kk
Алматы облысы бойынша жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясы өтеді 14.04.2025
Алматы облысы бойынша жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясы өтедіАғымдағы жылдың 22 қарашасында сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін Текелі қаласы Тәуелсіздік көшесі № 11 Мәдениет үйінің ғимаратында "Халық заңгері" атты кең ауқымды республикалық акция өтеді. Кездесуге келген қаланың кез келген тұрғыны адвокаттардан, нотариустардан, прокурорлардан, тергеушілерден, сот орындаушыларынан, полицейлерден, Әділет қызметкерлерінен, көші-қон полициясы мен мемлекеттік органдардан жоғары білікті заң кеңесін ала-алады.Көптеген азаматтар заңгерлерге ақылы көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ және осы акцияның арқасында қала тұрғындары осындай мүмкіндікке ие. Бұдан басқа, облыстың әр ауданында және қалаларда бір мезгілде аталған акция өткізіледі.«Халық заңгерінің» ұйымдастырушылары Департамент және "Параграф" ақпараттық жүйе желілік басылымы Zakon.kz болып табылады.Бізді танымал адвокаттар мен заңгерлер қолдады. Басты Идея халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға нақты заң көмегін көрсетуге бағытталған.Барлық тілек білдірушілерді күтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35639?lang=kk
Партия филиалының активі өтті 14.04.2025
29 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылып «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының актив жиналысы оздырылды. Оған саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, партия ардагерлері мен белсенділері, мекеме және бөлім басшылары, жастар қатысты.Актив отырысына төрағалық еткен «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Жанат Асантаев:– Қазақстанда 2012 жылдан бері – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесі аталып өтілуде. Аталған күн кездейсоқ таңдалып алынбаған. Дәл осы күні 1991 жылдың 1 жетоқсанында қазақстандықтар таңдау жасап, дауыс беруі кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы жеңіске жетті.Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі ерекше, - деп отырыста партияның «қайта жүктеу» бағытындағы жұмыстарды талқылап, алдағы міндеттерді нақтылау қажеттігін атап өтті.. Жиынның күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов:– Барлық деңгейде партиялық жауапкершілікті арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп, Партия органдарының қызметінің ықпалы артуы тиіс.Партиялық бақылау комисиясында, сыбайлас жекқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесте мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері, азаматтардың өтініштерімен жұмыс, сыбайлас жемқорлық мәселелері жүйелі түрде қаралып, тиісті шаралар алынып отыруы керек.Азаматтардың әл-ауқаты – партияның бар ұмтылыстары. Азаматтардың өтініштерін тиімді және жедел түрде шешу үшін қоғамдық қабылдаулардың жұмысын белсендіретін боламыз.Азаматтарды филиал төрағасы, мемлекеттік органдардың басшылары қабылдауда. Соның арқасында халықтың көптеген сұрақтары жылдам және тиімді шешілуде. Мәселен, 10 айдың ішінде қоғамдық қабылдау арқылы 136 адам қабылданды, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 23% артық.Айта кетерлігі, еліміз бойынша әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы бойынша құқықтарды қорғау мәселелерінде партияға деген сенім соттан кейін екінші орында тұрғанын қатерлегім келеді, - деді.Жетекші партия активінде сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев «Nur Otan» партиясының «қайта жүктеудегі» басым бағыттарының бірі – депутаттық фракция жұмысының қарқынды екендігін тілге тиек етті. Мәслихат фракциясында аумақтарды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру туралы атқарушы органдардың есептері көпшілік алдында тыңдалуы да зор ықпаға ие болуда.– Қазіргі таңда аудандық филиалдың негізін қалаушы 17 бастауыш партия ұйымдары болса, олардың бірі «Аққозы» бастауыш партия ұйымы. Біздің бастауыш партия ұйымы да қазіргі партия жұмысын жандандыру бойынша қойылып отырған талаптарды жүзеге асыруда барынша жұмыстанатын болады. Өйткені партия бағдарламасында белгіленген барлық әлеуметтік саясатты, қайырымдылық шараларды және партиялық жобаларды жүзеге асырушы осы бастауыш ұйымдары болмақ. Жергілікті жерде аудан тұрғындарының көмеке мұқтаж осал топтарына қолдау көрсетуде «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» сонымен қатар ауылдық елді мекендеріміздің көркейтуге бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» жобаларының маңызы зор. Бұл жобалардың табысты іске асуы тұрғындар мәселесін шешіп қана қоймай сонымен қатар партияға сенімді арттыратын болады, - деді Аққозы БПҰ төрағасы Қоныс Мұқанов өз кезегінде.Актив жұмысын қорытындылаған аудан басшысы Жанат Асылханұлы жергілікті жерлердегі партия органдарының жұмысын күшейту және партияның өңірдегі шоғырландырушы рөлін арттыру қажеттігін атап өтіп, аудандық партия филиалы, сайланбалы органдардың мүшелеріне және бастауыш партия ұйымдарына жұмыстарды одан әрі белсендіруді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/35638?lang=kk
Линц қаласында өткен үкіметаралық комиссиясының отырысында Қазақстан мен Аустрия арасындағы экономикалық ынтымақтастығының кең спектрі талқыланды 14.04.2025
ЛИНЦ, 2019 жылғы 11 қараша – Қазақстан мен Аустрия арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында Линц қаласында Экономикалық, ауыл шаруашылық, экологиялық, техникалық, өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) тоғызыншы отырысы өтті.Отырыста қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, аустриялық тараптан – Аустрияның Цифрландыру және экономика федералдық министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат және еуропалық интеграция жөніндегі бас директоры Флориан Фраушер сөз сөйледі. Сонымен қатар, отырысқа екі елдің салалық министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты.Қазақстан мен Аустрия арасындағы қатынастарда аймақтық мәнмәтіні екі елдің дербес өңірлері арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін маңыздылыққа ие болуда. Осыған байланысты ҮАК-тың кезекті отырысы Аустрияның астанасы Венада емес, Жоғарғы Аустрия федералдық мемлекетінің орталығы – Линцте өтті.«Қазақстан-Аустриялық ҮАК отырыстары, әдеттегідей, тарихи мәнге ие. Мәселен, 2016 жылғы қазанда Венадағы соңғы кездесу Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығы және Қазақстан мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толуы қарсаңында өтті. Бүгінгі кездесу де маңызды, себебі ол тұңғыш рет елордада емес, аймақта өткізіліп отыр. Бұл екіжақты ынтымақтастықтың аймақтық аспектісінің өсіп келе жатқан маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, біздің ҮАК шеңберіндегі кездесулеріміз биыл 10 жылға жетті», – деді өз сөзінде Р. Василенко.ҮАК күн тәртібіне сәйкес, тараптар Қазақстан мен Аустрияның қазіргі экономикалық жағдайы, екі елдің үкіметтері экономиканы дамыту бойынша асырып жатқан шаралар туралы пікірлер алмасты. Өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін растап, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, цифрландыру, коммуналдық шаруашылық және аймақтық ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.Қазақстанның тиісті ведомстволарының өкілдері аустриялық әріптестерін энергетика, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды жою, көлік және коммуникация саласындағы қазіргі жағдаймен таныстырды. Бірқатар салаларда ынтымақтастық құруға өзара мүдделілігін білдіре отырып, ҮАК қатысушылары бірлескен басым бизнес-жобалардың тізімін жаңартты және экономиканың нақты салаларында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға келісті.Қазақстанның «ашық аспан» режимін енгізуі аустриялық тарапты ерекше қызықтырды.Қазақстандық дипломат «2019 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еліміздің 11 әуежайында «ашық аспан» режимі енгізілді. Шетелдік компанияларға «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесі беріледі. Бұл режим 3 жылға дейін ұзартылу мүмкіндігімен іске асырылады», – деп атап өтіп, еліміздің Нұр-Сұлтан мен Вена арасында тікелей әуебағыт ашуға мүдделілігін растады.Өз кезегінде аустриялық тарап Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне тоқталды. Аустрияның бірқатар ірі компаниялары Қазақстан нарығында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жеңіл өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешені саласында табысты қызмет атқаруда. Алайда, екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті әлі толығынан асырылған жоқ, әрі тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қарқыны мен көлемін белсенді түрде арттыруды жалғастыруы қажет.«Қазақстан Аустрия үшін өте маңызды серіктес. Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына зор мән береміз. Қазақстан өкілдері бүгін Линцте өтіп жатқан Жоғарғы Аустрия Экспорттық күніне қатысқаны аса қуантады. Сондай-ақ, Қазақстанда 50-ге жуық аустриялық компания табысты жұмыс істеп жатқандығын ерекше қанағатпен атап өткім келеді. Мұның бәрі ҮАК-тың жұмысы оң қолданбалы әсерге ие екендігін білдіреді », – деді Аустрияның ҮАК тең төрағасы Ф. Фраушер.ҮАК отырысының соңында тараптар Қорытынды хаттамаға қол қойып, келесі 10-шы кездесуді Қазақстанда өткізуге келісті.Линцке сапары барысында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенко Жоғарғы Аустрия жер үкіметінің экономика және инфрақұрылым бойынша министрлері Маркус Ахляйтнер және Гюнтер Штайнкельнермен келіссөздер өткізді. Кездесулер барысында тараптар Қазақстан мен Аустрия облыстары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегін талқылады. Бұл тұрғыда сұхбаттасушылар Павлодар облысы мен Жоғарғы Аустрия арасындағы, сондай-ақ Вельс пен Орал қалалары арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумның мазмұнына егжей-тегжейлі тоқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35636?lang=kk
Қазақстан Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысады 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 11 қараша – ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа Стратегиясы шеңберінде Еуропалық даму бағдарламаларын іске асыруға Қазақстанның тиімді қатысуы біздің еліміздің және жалпы өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болуы мүмкін. Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Астана клубының 5-ші мерейтойлық отырысына қатысу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына сапармен келген ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Бурианмен өткен келіссөздерінің негізгі арқауы осындай.Сұхбат барысында экология, цифрлық даму, гуманитарлық алмасу және тұрақты өзара байланыс мәселелері секілді перспективалы бағыттар бойынша Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту мәселелерін қоса алғанда, халықаралық және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы 2019 жыл Орталық Азия бойынша жаңа Стратегияның қабылдануына және 2015 жылғы 21 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қол қойылған ҚР-ЕО кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау рәсімінің аяқталуы екіжақты қарым-қатынастар тарихында маңызды оқиға болғанын атап өтті. «Біз Қазақстан-Еуропа қатынастарын сапалы жаңа кезеңінің басталуын білдіретін осы стратегиялық құжаттарға үлкен үміт артамыз. Олардың табысты жүзеге асырылуы, бірінші кезекте, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға алып келетініне сенім білдіремін», - деді ол. Еуропалық дипломат Қазақстан Орталық Азия бойынша жаңа стратегияны іске асыру бойынша Еуропада маңызды серіктес ретінде қабылданатынын атап өтті. П.Буриан еліміздің Орталық Азия мен Ауғанстандағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне ерекше тоқталып өтті. Осы орайда еуропалық тарап өңір үшін жалпы бюджеті 55,6 млн.еуроны құрайтын үш жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы хабардар етті. Бұл жобалар Орталық Азиядағы инвестицияларды, бәсекеге қабілеттілікті және сауданы қолдауға бағытталған.Кездесу аясында жоғары деңгейдегі кездесулерді, ынтымақтастық кеңеске, конференциялар мен «дөңгелек үстелдерге» қатысуды қамтитын ҚР-ЕО және ҚР-ОА ынтымақтастық форматы бойынша 2020 жылға арналған іс-шаралардың перспективті күнтізбесіне ерекше назар аударылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша, тараптар Еуропалық Одақтың Қазақстанмен және өңірмен сындарлы ынтымақтастық әлеуетін іске асыру мақсатында тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты.2019 ж. қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның ЕО елдерімен сыртқы сауда айналымы 23,8 млрд. АҚШ долл. (экспорт – 18,8 млрд. АҚШ долл., импорт – 5 млрд. АҚШ). 2018 жылы тауар айналымы 37,7 млрд. (экспорт – 31 млрд. АҚШ долл., импорт – 6,7 млрд. АҚШ долл.) құрады.2019 ж. І жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЕО елдерінен 5,4 млрд. АҚШ долл. тікелей инвестициялар тартылды. 2018 ж. Еуроодақтан жалпы ТШИ ағыны 11,6 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 ж. деңгейден 18,4% - ға жоғары (9,8 млрд. АҚШ доллары).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35635?lang=kk
Менің қалам, арнаймын 14.04.2025
Менің қалам, арнаймынҚалалық кітапханада Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Текелі ақын – композиторларының "Текелі-тұғырым" атты шығармашылық кеші өттімәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп.Текелі-еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі. Мұнда дарынды адамдар өмір сүреді және жасайды. Олар өздерінің туған қаласына деген таңданысын және сүйіспеншілігін шығармашылықта жүзеге асырады.Олардың қатарында композиторлар, ән авторлары мен орындаушылары Мырзахмет Мұқанов, Бекзат Мырзахметұлы, Константин Нестеров, Жандос Дәуренбеков және Эвелина Бершадская бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35634?lang=kk
Өңірлік мүмкіндіктерді ашуға күш салынады 14.04.2025
Өңірлік мүмкіндіктерді ашуға күш салынадыӨткен аптада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің бас сарапшысы К.Бозшағұлов, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің бас сарапшысы Р.Набиева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Төлегенқызы қаламызға іссапармен келіп, бірқатар кәсіпорындарды аралады.Қала әкімі Бахтияр Өнербаев қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігімен, әсіресе, тұрғындарды таза ауыз сумен қамту және бұрынғы қорғасын-мырыш комбинатынан қалған қалдықтарды зарарсыздандыру, таза әрі қауіпсіз қала құру жолында атқарылып жатқан жұмыстармен, жобалармен жан-жақты таныстырды. Жұмыс тобы алдымен «Достық» шағынауданында салынып жатқан 40 пәтерлі үйдің құрылысына назар аударды. Қазір мұнда жұмыстар қауырт, құрылыстың сапалы әрі уақытында бітуіне күш салынуда. Құрылысшылардың құлшынысты еңбегіне жылы күздің жауынсыз ашық күндері де көп септігін тигізуде. Бәрі сәтімен болса, жаңа үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жұмыс тобы құрылыс талаптарының мүлтіксіз орындалуына мән беріп, үйдің дәлізі, пәтер есіктерінің мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына ыңғайлы болуын да қадағалады. Содан соң «ТКҚӨК» ЖШС-да болып, шойын өндірісінің жай-күйімен танысты. Өңірлік индустрияландыру картасы және Текелі қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жобасы шеңберінде шағын-орта бизнесті дамыту үшін экономиканы әртараптандыру жолымен инновациялық технология бойынша темір кенін өңдеу және өндіру зәкірлік жобасы негізінде іске қосылған кенді қайта өңдеу кешенінде бүгінде 947 адам жұмыс істейді. Зауыт өткен жылы 17,1 мың тонна шойын өндірді. Нарықтағы шойынның, сондай-ақ, шойын өндіруге қажетті кокс бағасының тұрақсыздығы зауыттың бір- қалыпты жұмысына өз ықпалын тигізбей қоймады. Десе де, қазір шойын өндірісі қайта жанданды. Қ.Бозшағұлов өңірлік мүмкіндіктерді халық игілігіне айналдыруда экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан маңызды рөл атқаратын отандық өндірісті дамытуға мемлекет барынша қолдау көрсетіп отырғанын, сондықтан өндірістен пайда табу, көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға күш салынуы керектігін алға тартты. Жұмыс тобы қалалық ауруханада болып, денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасымен танысты. Жалпы, қалалық ауруханада емдеудің озық аспаптарын сатып алуға және тұрғындардың денсаулығын жақсартуға пайдалануға, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға мән беріледі. Аурухананың ас-су блогы, дезинфекциялық камера және кір жуу орны жаңадан салынды, бірқатар ғимараттар жер сілкінісіне қарсы беріктеліп, күрделі жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, Рудничный ауылындағы амбулатория ғимаратына да қалпына келтіру, сейсмикалық күшейту бойынша тұтастай қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл «Достық» шағынауданында көппәтерлі тұрғын үйдегі дәрігерлік амбулатория жаңа ғимаратқа көшірілді. Тұрғындардың денсаулығын күшейту, өмір сапасын арттыру бағытындағы атқарылып жатқан сан-салалы жұмыстарды зерделеген жұмыс тобы өңірлік мүмкіндіктерді дамытуға, оны ел игілігіне айналдыруға күш салынатындығын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35610?lang=kk
Әсерлі өткен әдеби кеш 14.04.2025
Әсерлі өткен әдеби кешАбайдың ақылын, ұлттық ұстанымын жас ұрпақ санасына ұялату мақсатында «Достық» шағынауданындағы алаңда ұйымдастырылған «Адамзаттың Абайы» тақырыбындағы әдеби-сазды кеште оқушылар ақын өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқып, әндерін шырқады. №4 орта мектебі ұйымдастырған әдеби шарада қала әкімі Бахтияр Өнербаев осыдан бір жарым ғасырдан астам уақыт бұрын ұлы ойшыл Абай айтып кеткен құндылықтар бүгінде өзектілігін жоғалтпағанын алға тартып, жас ұрпақты Абай өлеңдері мен қара сөздерін жаттап, ондағы адамгершілік қағидаларды бойға сіңіре білуге шақырды. Абайдың ұлттық болмысқа, береке-бірлікке, ғылым мен өнерге, мәдениетке бастаған дана жолы бізді ешқашан адастырмайтынын, Абай мінеген жаман әдеттер бүгінгі өркениетті өмірімізді де өрге бастырмайтынын ерекше атап, «Алма піс, аузыма түс» дейтін жатыпішер жалқаулықтан бойды аулақ ұстауды, кішіпейіл һәм еңбекқор болуды, кітап оқып, салауатты өмір салтын ұстануды әдетке айналдыруды айтты. Әсіресе, «Мектептің Абай мұраларын жас ұрпаққа насихаттаудағы құлшынысына дән ризамын. Абайдың 45 қара сөзін жатқа білетін оқушыларды келесі жылы Семейде өтетін дүбірлі тойда сөз бәйгесіне үкілеп қосамын!» деген сөзі оқушыларды жігерлендіре түсті. Әдеби кеш жан-жақты дайындығымен көпшілікті өзіне баурады. Ұлттық үлгіде киінген мектеп оқушыларының жарасымды шоғыры ұлы табиғатпен үндестік тапқан өрелі талғамды паш етіп, сәнді жайлау үстіндегі Абай ауылының салтанатын бейнеледі. «Поэзия» ауылында оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Қазақ жазба әдебиетіне жаңаша үлгілерді терең философиялық оймен өрнектеген Абай өлеңдерін байыбына бармаған, ой тереңіне үңілмеген адам нақышына келтіріп оқи да алмайды. Жаңылмай, өлеңдік ырғаққа түсіріп, жатқа мүдірмей оқыған оқушылар тыңдаған жанды сүйсінтті. Абай әндері «Ән ауылынан» әуеледі. «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Сегізаяқ» әндерін өнерлі оқушылар өзінше шырқап, жүректерге жеткізді.Көпшілікті «Қара сөз» ауылы баурап әкетті. Ұлы ойшылдың халқына қалдырған ақыл-кеңесі, өсиеті, ақыл тезіндей болған 45 қарасөзі – бізді естілікке жетелейтін ұлттық қағидаттар конституциясы іспетті. Кез келген қара сөзді тыңдаған адам өзін тез басында түзеуге түскен қисық ағаштай сезінеді.Оқушылар, сонымен бірге, атақты Біржан салдың Абай ауылында, тобықты елін аралап, бір жаз сауық-сайран құрған кезін де әдемі көрсете білді. Тарихта Әсет сол сауықта ерекше шабытқа, бапқа келген деседі. Өнерді, өнер иесін құрметтеп бағалайтын Абай да «Айтушы сен болсаң, тыңдаушы мен болайын» деп аса қызығушылық танытқан.Әдеби кеште көпшілік Абай өлеңдерін, қара сөздерін, әндерін тыңдап бір серпіліп қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35608?lang=kk
Көрікті орта – көпке ортақ 14.04.2025
Көрікті орта – көпке ортақКүзгі санитарлық тазалық айлығы аясындағы жалпықалалық тазалық жұмыстарына, әсіресе, аға буын өкілдері белсенді қатысып, үлгі-өнеге көрсетті. Өткен сенбіде бір топ белсенді азаматтар Д.Қонаев көшесінің «Достық» шағынауданындағы Керімбек би көшесінен қалаға кіреберіске дейінгі бөлігінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, жолдың екі қапталын түрлі қоқыстардан тазалап шықты. Олардың ішінде жасы егде тартқан ақсақалды аталар да, жасөспірім балалар да бар. Олар белсенді қимылдап, көше бойын, сондай-ақ, «Алатау» шағынауданындағы мешіт салынатын орынды тазалады. Көпшілікке ризашылығын жеткізген қала әкімі Бахтияр Өнербев қаламызға келген ресейлік «Шапито» циркінің билеттерін сыйға тартып, балаларды қуантты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35607?lang=kk
Ұлттық дәстүрлер мен мәдениет – ұлттың рухани негізі 14.04.2025
Ұлттық дәстүрлер мен мәдениет – ұлттың рухани негізі№2 орта мектебінде «Ұлттық дәстүрлер мен мәдениет –ұлттың рухани негізі» тақырыбында кездесу өтіп, ақ сақалдыаталарымыз бен ақ самайлы апаларымыз жас буынға ұлттықсалт-дәстүрлеріміздің маңызды рөлін түсіндірді. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы біздің ұлттық болмысымызға қайта оралуымызға, мемлекетіміздің, ұлтымыздың мүддесін қорғауда маңызды рөл атқаруда. Себебі, жаһандану үдерісінде экономикасы мен ұлттық негізі әлсіз елдердің жұтылып кету қаупі арта түсуде. Демек, мемлекет құраушы ұлт ретінде біз білімді һәм рухани бай болуымыз керек. Әрине, ол руханияттың салалы бір тамыры салт-дәстүрлерімізде жатыр. Сондықтан, бүгінде мектептерде білім берумен бірге ұлттық тәрбиеге де баса назар аударылып отыр. Осы мақсатта өткен кездесуге «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлбаршын Бектұрова, ансамбльдің белсенді мүшелері Оралтай Әлиева, Жанат Нұрғожаева, «Горняцкий» шағынауданында тұратын бүркітші қария Әбікен Халелұлы, қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Бақыт Қапезқызы қатысып, оқушыларды қа-зақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінде жатқан тәрбие өзегіне жетеледі. Шындығында, ата-анаға, отбасына, туған елге, өскен жерге, Отанға деген перзенттік сүйіспеншілік, табиғатқа жанашырлық, еңбекқорлық пен адал-дық, білімге, өнерге қызы-ғушылық, өзара құрмет пен сенімділік, міне осылай жалғаса беретін жақсы қасиеттердің бәрі біздің салт-дәстүрлеріміздің өн бойынан табылады. Ана тіліміздің шұрайлы һәм құнарлы қоры да ізгілік, батырлық, сұлулық, асқақтықпен бітеқайнасып жатыр. Яғни, ұлттық болмысымыз баланы шешен сөйлеп, бойын әсем ұстауға баулиды.Тоқтаусыз жылжыған уақыт керуені өз келбетімен ерекшеленеді десек те, жалғасын тапқан жақсы үрдіс қана ғұмырлы болмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35606?lang=kk
Үлкен әлеуеті бар қала 14.04.2025
Үлкен әлеуеті бар қалаҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің бас сарапшысы Қ.Бозшағұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бас сарапшысы Р. Нәбиева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Алматы облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті басшысының м. а. ә. Төлегенқызы қаламызда жұмыс сапарымен болды.Қала әкімі Бақтияр Өнербаев жоғары қонақтарды кәсіпорындардың жұмысымен және іске асырылып жатқан таза ауыз сумен және қорғасын-мырыш комбинатының қалдықтарын зарарсыздандырумен байланысты жобалармен таныстырды. Жұмыс тобы 40 пәтерлі үйдің құрылысы орнында "Достық" шағын ауданында болды. Қазіргі уақытта онда жұмыстар жүргізілуде және құрылыстың сапасын қамтамасыз ету және уақтылы аяқтау үшін барлық күш-жігер жұмсалып жатыр. Қонақтар құрылыс талаптарын қатаң сақтауға және тұрғын үй адамдар үшін ыңғайлы болуына назар аудардымүмкіндігі шектеулі жандар.Текелі тау-кен өңдеу кешенінде жұмыс тобының мүшелері шойын өндіру процесімен танысты. Қазіргі уақытта кәсіпорында мыңға жуық адам еңбек етеді. Өндіріс негізінде 2015-2017 жылдарға арналған Текелі қаласын кешенді дамыту және өңірлік Индустрияландыру картасы аясында шағын бизнесті дамыту үшін экономиканы әртараптандыру есебінен темір кенін өндіру және қайта өңдеудің инновациялық технологиясы жатыр. Өткен жылы зауыт 17,1 мың тонна шойын шығарды. Екінші домна пеші іске қосуға дайын.Қалалық ауруханада қонақтар материалдық-техникалық базасы денсаулық сақтау.Қалалық ауруханада халықтың денсаулығын жақсарту, дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында қазіргі заманғы медициналық жабдықтарды сатып алу құқығы берілетін болады. Биылғы жылы "Достық"шағын ауданында амбулаторияға жаңа кең ғимарат сатып алынды.Жұмыс тобының мүшелері қаламыздың дамуына жақсы баға беріп, оның әрі қарай әл-ауқатының жақсаруына көмектесуге уәде берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35602?lang=kk
Сыйлық аурухана 14.04.2025
Сыйлық ауруханаБіздің қаламыздың төрт мектебіне: бірінші, төртінші, бесінші және сегізінші мектебіне дефибрилляция, кардиостимуляция, мониторинг және кардиоверсия үшін өмірлік маңызды аппарат сатып алынды.Мұндай сыйлықты қалалық аурухана жасады. Медицина мекемесінің директоры Елена Целищева мектеп басшыларына аппараттарды жеке табыс етті, сондай-ақ оларды пайдалану бойынша ұсыныстар берді.Оның айтуынша, дефибрилляторды қолдану оңай. Шұғыл жағдайда оны арнайы білімі жоқ адам пайдалана алады, ең бастысы аспап әрқашан қол астында, қолжетімді жерде болуы керек. Сондай-ақ, Елена Николаевна, егер бұл құрылғы біреудің өмірін құтқарса, ол өз мақсатын орындайды деген сөз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35601?lang=kk
Қонаққа лягушкозубу 14.04.2025
Қонаққа лягушкозубу"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Текелі қаласының тарих және география әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері Жоңғар Алатауының ең көрікті жерлерінің бірі – Черкасай шатқалында болып қайтты.Жергілікті тұрғындар бұл жерді 80 сарқырама шатқалымен атайды, себебі олар мұнда көп мөлшерде болуы мүмкін. Шын мәнінде қанша екенін айту қиын. Жергілікті өлкетанушы Лариса Саржевская 15-ке ие болғанын айтады.Сондай – ақ шатқалдың сирек кездесетін бауырымен жорғалаушылардың танымал түрі-Жетісу бақашық, жоңғар тритоны. Барлық жерде шыққан жартастар, таза бұлақтар, шырша және қайың тоғайлары, керемет тау ауасы таң қалдырады.Мұғалімдер сарқырамалардың бірінде болып, радон көзінен суды сынап көрді. Туристік базада демалыс кезінде волейбол ойнады.Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Гүлжахан Көштаеваның айтуынша, оның идеясын барлық әріптестер өз туған өлкесімен танысу мақсатында өздері ұйымдастырып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35600?lang=kk
"Қара сөз" прозалық поэмасы Абайдың атақты туындысы болды. 14.04.2025
Атақты сөздердің авторы"Қара сөз" прозалық поэмасы Абайдың атақты туындысы болды."Қара сөздер", 45 қысқаша притч немесе философиялық трактаттардан тұрады.Абай Құнанбаевтың еңбектері әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. "Қара сөз" – бұл оқырманға үндеу, диалог сияқты," суық бақылау ақылының және қайғы-қасіретті заматтардың жүрегінің " өзіндік жемісі және халық тағдыры аясында жеке адамның өмір философиясы."Мен жақсы өмір сүрдім немесе жаман өмір сүрдім, ал көп өтдім: күрес, ұрыс-керіс, сот және дау-дамайларда, азап пен үрейде қартайған жылдарға дейін жетіп, күш-жігерден шығып, барлығының жолын кесе отырып, өз іс-әрекеттерінің бренді мен бедеулігін байқап, өз болмысымның ізіне көз жеткіздім. Енді қалған өмір қалай өмір сүру керек? Озадачивает деп табамын бар.Халықты өңдеу? Жоқ, халық басқарылмайды. Бұл жүк ауыр сырқатқа ие болғысы келетін адам немесе жүректі шаңды бозбала өзіне құйсын. Ал, Алла Тағаладан сақтаймын. Мал бағу? Жоқ, онымен айналысудың қажеті жоқ. Балалар мал өсірсін, оларға қажет болсын. Мен өз күндердің қалдықтарын, малға қуаныш, ұрылар мен қайыр-садақтарға қамқорлық жасатпаймын. Ғылым бағу? Кім сөзбен ақылмен араласпаған кезде ғылымды қалай түсінуге болады? Жинақталған білімді кімге беруге, кімнен не білесің? Адамсыз далада отыратыныңның пайдасы қандай? Білім жақын адам болмаған кезде, қуаныш пен қайғымен бөлісуге болатын ерте қарттық әкелетін ащы жағдайға айналады. Және Құдайға арнау мүмкін бе? Қорқамын, жоқ. Бұл сабақ толық тыныштық пен тыныштықты талап етеді. Жанымда да, өмірде де тыныштық жасамаймын, осы адамдардың арасында, осы жерде қандай тақуалық бар!Балаларды тәрбиелеу? Және бұл маған мүмкін емес. Мен қалай үйретемін, не үйретемін. Қандай іс, қандай мақсатпен оқыту, қандай халық үшін оларды тәрбиелеу? Балалар өз білімдерін қайда қоса алатынын көрмеген кезде қайда бағыттауды қалай үйретуге болады? Және бұл жерде мен өзіме қолданамын. Ақырында шешті: қағаз және сия енді менің жұбанышым болады, Мен өз ойларымды жазамын. Егер кім өздеріне қажетті сөзді тапса, қайта жазсын немесе есте қалсын. Адамдарға менің сөздерім қажет емес болады-маған қалады. Енді менде басқа қамқорлық жоқ".Бұл ілімде тарих, педагогика және мораль мәселелері ашылды. Ақын балаларға ғылымға деген сүйіспеншілікті өлтіретін ата-аналар мен муллалар тарапынан зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық білдірді. Абай оқыту процесі танымның қуанышын тудыруы керек деп санады. Ғылымды зерттеу материалдық әлемді дұрыс тануға ықпал етуі тиіс, ол адамды кемелдікке әкелуі тиіс.Ақын мен ойшыл жастарды ғылымға беймәлім қараудан сақтандырды. "Орыс тілін білу – әлемге көз ашу", – дейді Абай. "Бөтен тіл мен мәдениетті білу адамды осы халықпен тең құқылы етеді, ол өзін еркін сезінеді, және егер бұл халықтың қамқорлығы мен күресі оның жүрегі бойынша болса, онда ол ешқашан шетте қала алмайды".Қазір Қазақстанның алдында "Рухани Жаңғуды" жүзеге асыру аясында әлемнің үздік отыз елінің қатарына ену мақсаты тұр, Абай заманында қазақ халқы ұмтылдыкемелге. Абай жаңа деңгейге шығу туралы айтқан. Бүгін біз әлемдік аренаға шығғымыз келеді, Жаһандық әлемдегі елдің мәдениеті туралы айтып отырмыз. Бізге бәсекеге қабілетті болуға көмектесетін сананы жаңғырту туралы айтамыз. Сондықтан, бүгінгі күні ғасырлар бойы "қара сөздерге" саналу керек. Ақын бізге бүгінгі күні өзекті кеңестерді қалдырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35599?lang=kk
Бизнес неден басталады 14.04.2025
Бизнес неден басталадыОрталық Азия университетінде Текелі қалалық кәсіпкерлер палатасы мен Текелі қаласының іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқыту семинары өтті.Семинарға Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Александр Кузнецов, қалалық филиал директоры Тұрысбек Жұмаділов және салық саласының өкілі қатысты.Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: өз тұтынушысын қалай таңдау, табу және ұстау. Кәсіпкерлік қызметтің заңдық аспектілері: тіркеу және лицензиялау процесі, еңбек қатынастары, кәсіпкердің бақылаушы ұйымдармен өзара қарым-қатынасы, сыртқы-экономикалық қызметтің ерекшеліктері туралы толық айтылды. Сондай-ақ, бизнес жоспар құру, қызметкерлерді басқару, маркетингтік шешімдер бойынша практикалық кеңестер берілді.Жас кәсіпкерлер өздерінің бизнес идеяларымен бөлісіп, өз жоспарлары туралы айтып, мамандардың кеңестерін алдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35597?lang=kk
Дарындылар байқауы 14.04.2025
Дарындылар байқауы26 қазан күні №5 Орта мектебінде Республикалық конкурсы өттіөнер " Нұрталап-2019.Оған Ескелді, Қаратал, Көксу аудандары мен Талдықорған және Текелі қалаларының оқушылары қатысты.Текелі қаласындағы балалар шығармашылығы орталығының төрт тәрбиеленушісі Гран-приді жеңіп алып, Сочи қаласында өтетін халықаралық шығармашылық байқауға қатысу құқығына ие болды. Олар: Әйгерім Рахынбаева (оқытушы Светлана Бейсбекова, домбыра), Айзере Түзелбек (Альмира Түсіпбаева, фортепиано), Ақбота Ораш (Шолпан Қарабалина, вокал) және Алинар Нұржанатқызы (Арай Даму, хореография).Сондай-ақ біздің қаламыздың басқа да қатысушылары ерекше көзге түсті. Домбыра сыныбы бойынша С. Бейсекованың оқушылары: Дарын Жұмаш – 1-ші, Диана Жұмабекова – 2-ші, Елнұр Төлеубек – 3-ші орын.Скрипка сыныбы бойынша Татьяна Ольшанская: Давид Политиди-1-ші, Ерлан Серікқазы-3-ші орын.Фортепианода: Анна Сидоренко (Анжелика Ругина), 3 орын-Айасель Алмазова (Ксения Бажанова), Аяжан Ғалымбекқызы (Татьяна Чернова) және София Кенжебаева (Оксана Попова)."Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша 1 орынды Тамаши Қадырбек – Айназым Қосынғали иеленді. Вокалдан 1 – ші орынды Жамиля Оразбай – Изижан Базарали, Аруна Даулетжан және Қаусара Төлеубек, Баян Андабек-3-ші орынды иеленді."Хореография" номинациясында бірінші болып Айсұлу Таумурзинова – Ақерке Төлек және Даяна Диқанбай танылды. Екінші орынды "Тау самалы" би тобы иеленді (жет. А.Таумурзинова).Барлық балалар медальдармен және дипломдармен марапатталды.Балалар шығармашылығы орталығының директоры Светлана Ахметқалиқызы "Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін" медалін және Алғыс хат алды."Үздік музыка пәнінің мұғалімі" төсбелгілерімен және алғыс хаттармен балаларды байқауға дайындаған барлық педагогтарды атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35596?lang=kk
Жаңа жеңістер 14.04.2025
Жаңа жеңістерҮш алтын, күміс және Алтынды спортшылар жеңіп алдыағымдағы жылдың 26-27 қазан күндері Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өткен "Seiken Cup-2019" шинкиокушинкай бойынша жасөспірімдер мен қыздар, юниорлар мен юниорлар арасындағы халықаралық жарыста Текелі қаласының құрама командасы 2 – ші орынға ие болды.Жарысқа барлығы 8 елден 300 спортшы қатысты. Қазақстан атынан 13 спортшы қатысты, оның ішінде бес спортшы облыстық каратэ Шинкиокушинкай федерациясының және Текелі қаласының ОРМБЖМ жаттықтырушысы Рафаэль Раймановтың тәрбиеленушілері.Алтынды Әсемай Ақранбек (14-15 жас, 50 кг дейін), Данелия Ақатаева (14-15 жас, 55 кг дейін) және Елена Дубровина (16-17 жас, 50 кг дейін) жеңіп алды.Сонымен қатар, Әсемай 11 дүркін әлем чемпионы Анастасия Храпунованың "турнирдің үздік спортшысы" арнайы жүлдесі мен кубогын иеленді.Нұрлан Капс (12-13 жас, 35 келіге дейін) Күміс медальға ие болды. Дарья Дубровина (16-17 жас, 55 кг дейін) қола жүлдегер атанды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35595?lang=kk
Жетісу Чемпионы 14.04.2025
Жетісу ЧемпионыТекелі қаласының ОРМБЖМ жаттықтырушысы Нұрлан Таджибаевтың тәрбиеленушісі, кәсіби колледждің 2 курс студенті Темірлан Ахметов 21-26 қазан аралығында Талдықорған қаласында өткен жастар арасындағы бокстан "Жетісу Кубогы" XVII Халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.Сондай-ақ осы жарыстарда спортшы Қазақстан Республикасының спорт шеберінің нормативтерін орындады.Темірлан-Нұрлан Тәжібаевтың үздік оқушыларының бірі, биылғы жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері.Жас боксшыны тәрбиелеуге ОРМБЖМ жаттықтырушысы Сұлтан Тоғамбеков пен спорт ардагері Тұрарбек Омаров қатысады. Спортшыға директор Нұржан Әбейбеков бастаған спорт мектебінің басшылығы жақсы қолдау көрсетіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35594?lang=kk
Қызылорда облысы бойынша жер саласына қатысты тапсырылған міндеттер мен алдағы жоспарлар туралы брифинг 14.04.2025
Қызылорда облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы Қойшыбаев Шахмардан Сұлтанбекұлымен Қызылорда облысының Өңірлік коммуникация орталығында ағымдағы жылдың 8 қарашасында сағат 11:00-де ҚР Президентінің Қ.К.Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын Қызылорда облысы бойынша жер саласына қатысты тапсырылған міндеттер мен алдағы жоспарлар туралы брифинг өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zher1-udalen/press/news/details/35515?lang=kk