Қоғам
Арканың құрылысы аяқталып ашылу салтанаты өтті 14.04.2025
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты аясында Шанханай ауылдық округі Шоқан ауылында ауыл тұрғындарының демеушілігімен құны 3 млн теңгеге Арканың құрылысы аяқталып ашылу салтанаты өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35811?lang=kk
Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша 14.04.2025
Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болады. Яғни, еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1 қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды.Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электрондыүкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады.Сонымен бірге, азаматтардың мекенжай тіркеуі туралы ақпаратты сұратуы мүмкін басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бұл тек азамат бір реет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-кекелісім бергенде ғана жүзеге асатын операция.Мұндай SMS алу үшін азамат "Мобильді азаматтар" базасында тіркелуі тиіс. Тіркеуді әр азамат өзі жүргізе алады (egov.kz порталындағы "Жеке кабинетке" кіріп, "телефон" бағанында өз телефонының нөмірін көрсету немесе өзгерту қажет және оны өзінің ЭЦҚ-мен растауы керек) немесе ХҚКО-ның кез келген бөлімшесіне жүгінсе болады (қызмет тегін көрсетіледі және 5 минут уақытыңызды алады).Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы сараптама жүргізіп, қазақстандықтардың жыл сайын әр түрлі ұйымдарға ұсыну үшін 20 миллионнан астам анықтаманы басып шығаратынын анықтады, олардың жартысына жуығы – мекенжай анықтамалары. Мекенжай анықтамалары негізінен жұмысқа орналасу, балаларды мектеп пен балабақшаға тіркеу, банк қызметтерін алу кезінде, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін сұратылған. Осылайша, мекенжай анықтамаларының күші жойылған кезде азаматтардың ХҚО-на келу саны 10 миллион есе азаяды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35804?lang=kk
Қазақстан Елшісі Эфиопия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 14.04.2025
Аддис-Абеба, 2025 жылғы 14 қазан – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі Жалғас Әділбаев Эфиопия Президенті Тайе Атске-Селассиеге сенім грамоталарын тапсырды.Салтанатты рәсім барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен жылы лебіздерін жеткізіп, Қазақстанның Эфиопиямен жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті.Өз кезегінде, Эфиопия Президенті Қазақстан мен Эфиопия арасындағы достық байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, Елшінің дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1086771?lang=kk
Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті 17-отырысы өткізілді 14.04.2025
2019 жылғы 18 қарашада ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті 17-отырысы өткізілді.Комиссия отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың антиядролық және басқа да сыртқы саяси бастамаларын іске асыру, елдің ядролық және биологиялық қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ экспорттық бақылау желісі мен халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-қимыл мәселелерін күшейту тақырыптары болды.Сонымен қатар, Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Төмен байытылған уран банкін ашу және тиісті мамандарды дайындау мәселелері Комиссия қызметінің бақылауында.Комиссия отырысына қатысқан министрліктер мен ведомстволардың басшылары бұдан бұрын берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы хабарлады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35761?lang=kk
Тұңғыш Президент күні – тұрақтылық мерекесі 14.04.2025
Қаратөбе ауданында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған «Ел тірегім – қайратым» атты салтанатты шара өтті.Аудандық мәдени-демалыс орталығында өткен мерекелік шарада алдымен еліміздің әнұраны орындалды.Салтанатты шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтау үшін сахна төріне көтерілген аудан әкімі Жанат Асантаев:– Әлемдік дәрежедегі дамыған елдермен жүргізілген келіссөздер арқасында Қазақстан Республикасы өзгелермен терезесі теңесіп, халықаралық қатынасты нығайта түсті. Елбасы әр сөзінде берекелі бірлігімізді, дархан достығымызды берік сақтауға үндеп келеді. Бүгінгі қол жеткізген әр жетістігімізде Елбасының айшықты қолтаңбасы бар екендігі айқын көрініп тұр. Қалың қазақтан Елбасы сайланып, Тәуелсіз Қазақ Елі қалыптасты, тамыры тереңде жатқан бай тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз бен діліміз қайта оралды.Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі зор.Ызғарлы желтоқсанда ел тізгінін ұстаған Ұлт Көшбасшысы – халықтың қолдауы мен демеуі арқылы жаңа, тың бастамаларды жүзеге асырып, Елімізді бүкіләлемге танытып үлгерді. Бұл әрине, тұңғыш Елбасының еселі еңбегі мен көрегендігінің жемісі, - деп елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.Мерекелік басқосуда марапаттау рәсімін жүргізген аудан басшысы ауданның түрлі саласының қарқынды дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген қызметкерлерге сый-құрмет көрсетті.Атаулы мерекеде аудан әкімінің алғыс хатына ие болғандар қатарында Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының хатшысы Райса Төлегенова, «Жусандыой» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі төрағасы Тұрхан Оспанов, «Қаратөбе» спорт клубының әдіскері Нұрдәулет Сәленов, «Жаспроджект» жобасының жеңімпазы Мұхит Өтемісов, «Жаспроджект» жобасының жеңімпазы Айгерім Андирова, «АА» тігін ательесінің негізін қалаушы Ақбөбек Ғатауовалар марапатталды.Марапаттау салтанатынан соң аудандық мәдени-демалыс орталығы қызметкерлерінің мерекелік концертіне ұласты.Сазды бағдарламада «Туған жерім», «Ауылым-әнім», «Астанам», «Туған ел» әндерін Мира Байтемірова, Рүстем Ақташев, Сәнжан Байтеміров, Нұрғиса Орынғалиевтер шырқап берсе, «Інжу» би тобы «Сақ тайпасы» биін ұсынды.«Ауыл әуендері» фольклорлық ансамблі халық күйі «Жайма қоңыр» және Аман Малдыбаевтың «Көне Тараз» күйін орындады. Оркестрдың сүйемелдеуімен Нұршат Исламғалиев «Сәлем Қазақстан!» әнін орындаса, Аяжан Исмагулова «Қазақстаным» әнімен концертті қорытындылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/35731?lang=kk
Кезектен тыс сессия өтті 14.04.2025
29 қараша күні аудандық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс ХХХV сессиясы өтті.Сессия жұмысына аудан әкімі Жанат Асантаев қатысты.Сессияның күн тәртібіне сай аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 21 желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы » №24-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтың хабарламасы тыңдалды.Б.Базарұлы хабарламасында 2019 жылғы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер: Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға бөлінген қаржы 531 мың теңгеге азайтылатындығын, облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферт: Эпизотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 13552 теңге бөлінгенін, сонымен қатар 2019 жылғы облыстық бюджеттен азайтылатын нысаналы трансферттер туралы айтып, аудандық бюджеттің кіріс бөлігін20 млн. теңгеге өсіруді аудандық мәслихат депутаттарының назарына ұсынды.Аудандық мәслихат депутаты Қобыланды Жұмағалиев алдағы жылдың 1қаңтарынан аудандағы ауылдық округтердің жаппай дербес бюджетке көшетіндігіне байланысты мамандарды оқытуға қаражат қарастылғанына ризашылығын білдіріп, бюджетке енгізілетін өзгерістерді құптайтынын айтты.Сессияның күн тәртібіне қойылған мәселелерді халық қалаулылары бірауыздан қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/35728?lang=kk
Есептерді қабылдауға арналған электронды жүйесі әзірленді 14.04.2025
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қызылорда облысы табиғат пайдаланушыларының қоршаған ортаға шығарылатын нақты эмиссиялар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есептерін қабылдауға арналған электронды жүйесі (https://emission.orda.gov.kz) әзірленді. 2019 жылға дейін Басқармамен табиғат пайдаланушыларға берілген қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат негізінде тоқсан сайын нақты эмиссиялар есебі қағаз түрінде қабылданып келді. Қазіргі таңда, табиғат пайдаланушылар облыс орталығына келмей аталған есептерді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тапсыруға мүмкіндікке қол жеткізді. Сонымен бірге, бүгінгі күнге дейін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алған 1200 табиғат пайдаланушылардың 450-ін мемлекеттік мекемелер, коммуналдық мемлекеттік мекемелер және басқа да мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалар құрайды. Есептерді қабылдаудың электронды жүйесі аталған 450 мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғалардың іс-сапарға, үй жалдауға және т.б. шығындарына жұмсалатын мемлекеттік бюджет есебінен бөлінетін қаржыны үнемдейді. Басқарманың жорамал есептеріне сәйкес есептерді қабылдаудың электронды жүйесі арқылы орташа есеппен бюджет қаражатынан жылына 32-36 млн. теңге үнемдейді. Атап өтетін жәйт, Қызылорда облысы табиғат пайдаланушыларының есебін қабылдау электронды жүйесіне ұқсас жүйе басқа облыстарда және республикалық деңгейде енгізілмеген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat/press/news/details/35727?lang=kk
Қызылордада тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері бойынша кеңес өтті 14.04.2025
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау және өңдеу туралы заң күшіне енгенін еске салды. «2018 жылғы 19 желтоқсанда менің төрағалығыммен тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын полигондарды экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру, қалдықтарды тасымалдауға байланысты бекітілген тарифтер бойынша және кәріз су жүйелерінен тасталатын лас сулардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына кері әсері туралы мәжіліс өткізілді. Мәжілісте қала, аудан әкімдері мен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бірқатар тапсырмалар берілді»,-деді аймақ басшысы. Осы тапсырмалардың орындалу барысы туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Абдуалиев баяндады. «Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауды, өңдеуді, пайдалануды және кәдеге асыруды ұйымдастыру, қалдықтарды бөлек жинауға арналған жүйенің инфрақұрылымын дамыту бойынша Астана қаласындағы «Өндірушілердің Кеңейтілген Міндеттемелерінің Операторы» (Оператор-РОП) Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері арнайы шақырылды. «КазАгроГарант» акционерлік қоғамының шарты бойынша 85% дейін кепілдікпен қамтамасыз етеді. Мұндай қолдаулар жеке кәсіпкерлерге кәсібін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, макулатура, пластика қалдықтарын қайта өңдеуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкер «Август» әрбір мекемеде құралатын қағаз, пластика қалдықтарын өз есебінен жинап, тасымалдауға дайын. Басқа мекемелерге үлгі болу мақсатында «Август» жеке кәсіпкерімен облыстық мекемелер үйінің ғимаратына қағаз, пластик қалдықтарын бөлек жинауға арналған 300 дана экобокстарды орнатуға келіссөздер жүргізілуде»,-деді А.Абдуалиев. Кеңес қорытындысы бойынша облыстық мекемелердің басшылары мен қала және аудан әкімдеріне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қалдықтарды жинау және кәдеге жарату үшін полигондар салу мәселелерін зерделеу бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat/press/news/details/35719?lang=kk
Алматыда Орталық Азия өңірі үшін Орнықты даму саласындағы гендерлік мақсаттарды (ТДМ) ұлттандыру және оқшаулау жөніндегі шараларды ілгерілету бойынша өңірлік сараптамалық кездесу өткізілді 14.04.2025
2019 жылғы 13-14 қарашада Алматы қаласында Орталық Азия өңірі үшін Орнықты даму саласындағы гендерлік мақсаттарды (ОДМ) ұлттандыру және оқшаулау жөніндегі шараларды ілгерлету бойынша өңірлік сараптамалық кездесу өткізілді.ҚР Сыртқы істер министрлігінің «БҰҰ-Әйелдер» құрылымымен бірлесе ұйымдастырылғын кездесу 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласындағы күн тәртібі шеңберінде қабылданған гендерлік теңдік саласындағы міндеттемелерді орындау үшін қолда бар барлық ресурстарды жұмылдыру мақсатында үкіметтердің, БҰҰ жүйесінің, азаматтық қоғамның, жеке сектордың және басқа да мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев өз баяндамасында 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған гендерлік мақсаттар мен күн тәртібінің көрсеткіштерін іске асыру жөніндегі ұлттық күш-жігерді қолдау мақсатында «Орталық Азия елдеріндегі орнықты дамудың гендерлік мақсаттарын ұлттандыруға жәрдемдесу» атты үш жылдық жобаны іске асырылғанын атап өтті.Жоба гендерлік теңдік пен әйелдер құқықтарын ілгерлетуге, өңірлік диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ ОДМ-ның гендерлік теңдікті ілгерлетудегі іске асырылуын мониторингілеу үшін Орталық Азия елдеріндегі азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аудара отырып, ОДМ ұлттандыруға және оқшаулауға тұтас көзқарасты қалыптастыру жөніндегі ұлттық әріптестердің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.Іс-шараға Орталық Азия елдерінің мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.Конференция шеңберінде Е.Ашықбаев БҰҰ-Әйелдер Құрылымының Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директорының орынбасары Блерта Челамен кездесу өткізіп, «БҰҰ-Әйелдер»-мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, гендерлік саясат саласындағы келешек жобаларды талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35693?lang=kk
Мәскеу қаласында Қазақстан-Ресей консулдық консультациялары өтті 14.04.2025
2019 жылғы 14-15 қарашада Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі арасында екі мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуымен консулдық консультациялардың кезекті раунды өтті.Кездесу барысында тараптар қос мемлекет азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өзара әрекеттесудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ консулдық-құқықтық саладағы екіжатқы және көпжақты келісім-шарттар мен конвенциялардың орындалу мәселелерін талқылады.Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар консулдық мәселелер бойынша екіжақты қарым-қатынастарды тұрақты негізде жалғастыруға ниеттерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35690?lang=kk
Қазақстан мен Италия стратегиялық әріптестік рухында жемісті ынтымақтастықты нығайтуда 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 14 қараша – Қазақстан мен Италия 2009 жылғы 5 қарашада Римде қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы екіжақты шарттың 10 жылдығын атап өтуде. Қазақстандық-итальяндық қатынастар үшін осы іргелі құжатты сәтті іске асыру мәселесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Нұр-Сұлтанға жұмыс сапарымен келген Италия Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Манлио Ди Стефано талқылады.Тараптар екіжақты саяси ынтымақтастықтың жағдайы мен нығайту перспективаларын талқылап, халықаралық аренада өзара ықпалдастық бойынша ортақ ұстанымдарын растады.Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылып, Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуеті, Қытайдың «Белдеу және Жол» бастамасын іске асыру тұрғысында Қазақстан, Қытай және Италия арасында өзара іс-қимылдың маңыздылығы аталып өтілді.Италия Сенатының Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестігі мен ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялауы жағымды қабылданды.Сапар барысында итальян дипломаты «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовпен, Қаржы, Ауыл шаруашылығы және Экология министрліктерінің басшылығымен кездесулер өткізді.Сонымен қатар, М.Ди Стефано «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен бірге ұйымдастырылған Қазақстан-Италия бизнес-форумында сөз сөйледі.Анықтама: Италия Қазақстанның бүкіл әлемнің сауда серіктестері арасында екінші және ЕО елдері арасында бірінші орын алады. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 6,9 млрд АҚШ долларын құрады (оның ішінде экспорт - 5,9 млрд АҚШ доллар, импорт - 1 млрд. АҚШ доллар). Сонымен бірге, 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының экономикасына итальяндық тікелей инвестициялардың көлемі 5,8 млрд. АҚШ долларға жетті. Қазақстан Республикасында итальяндық қатысуымен 164 кәсіпорындары тіркелген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35687?lang=kk
KAZAKH INVEST: Қазақстан экономикасына салынған итальяндық инвестиция көлемі 6,6 млрд. АҚШ долларын құрады 14.04.2025
2019 жылы 13 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Қазақстанға жұмыс сапары аясында алғашқы Қазақстан-итальян бизнес-форумы өтті.Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Қазақстанға жұмыс сапары аясында ұйымдастырылған іс-шараға екі елдің іскер топтары, ұлттық компаниялары мен мемлекеттік органдарының 200-ден астам өкілдері қатысты.Форум барысында энергетика, ЖЭК, мұнай-химия, өңдеу өнеркәсібі және АӨК саласындағы жобаларды дамыту перспективалары талқыланды. Қазақстанда қызметін жүзеге асыратын итальяндық бизнесмендер біздің еліміздегі қызметтен алған әсерлерімен бөлісіп, инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдайларды ескере отырып, Италияның іскерлік қауымдастығының өкілдеріне Қазақстан Республикасындағы іскерлік мүмкіндіктерді зерделеуді ұсынды.Өз сөзінде Италияның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Манлио Ди Стефано Тәуелсіздік және нарықтық экономикаға өту жылдары Қазақстан экономиканың тұрақты дамуы мен қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ете отырып, айтарлықтай табыстарға қол жеткізгенін, Қазақстан мен Италия арасындағы табысты және тиімді қарым-қатынастардың жоғары деңгейіне қол жеткізгенін атап өтті. «Бүгінгі бизнес-форум екі ел арасындағы экономикалар мен іскерлік байланыстарды дамытуға серпін беретініне сенімдімін. Бізде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен мүмкіндіктер бар», - деді М. Ди Стефано мырза.Өз кезегінде, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров екі елдің бизнесмендерін іскерлік байланыстарды белсенді жолға қоюға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақыра отырып, Қазақстан мен Италия инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті. «Біздің елдеріміз арасында экономикалық салада, әсіресе баламалы энергетика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру сияқты үш басым секторларда екіжақты әріптестікті кеңейту мен тереңдету үшін айтарлықтай әлеует бар. Біздің елімізде «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы жұмыс істейді, ол ағымдағы және әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді, инвестициялық жобаларды идеядан оны іске асыруға дейін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Жалпы, шетелдік және ұлттық инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімді білдіремін», - деді спикер.Форум барысында машина жасау және тамақ өнімдері жобаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қазақстандық тарап форум алаңында өздерінің мүмкіндіктерін таныстырумен қатар, B2B форматында итальяндық серіктестермен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.Мысалы, «Павлодар «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері «Naba Carni» компаниясының басшылығымен Павлодар өңірі аумағында жылқы етін қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ, Павлодар ӘКК делегациясы мен «Rota Guido» компаниясы арасында агро-өнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы инвестициялық жобаны қарау туралы келісімге қол жеткізілді.Бірінші қазақстандық-итальяндық бизнес форумды Қазақстан Республикасындағы Италия Республикасының Елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ және «ITA italian trade agency» компаниясы. ұйымдастырды.Естеріңізге сала кетейік, Италия Еуропа Одағы елдері арасында Қазақстанның ірі сауда әріптесі және еліміздің экономикасына жетекші инвесторлардың бірі болып табылады.Бүгінде Қазақстан экономикасына құйылған итальяндық инвестициялардың көлемі 6,6 млрд. АҚШ долларын құрады.Қазақстанның Италиямен сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың 8 айында 6,7 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы, Қазақстанда итальяндық капиталдың қатысуымен 270-ке жуық компания жұмыс істейді.Форум барысында тараптар қол жеткізілген келісімдер мен қабылданған шешімдер екіжақты экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін серпін бергенін, сондай-ақ екі мемлекеттің іскер топтарының әріптестігінің жаңа мүмкіндіктері мен перспективаларын белгілегенін атап өтті. «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. KAZAKH INVEST ел Үкіметінің атынан «бірыңғай келіссөз жүргізуші» рөлінде сөз сөйлей отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті іске асыру үшін қажетті түрлі рұқсаттар мен келісулерді, тіркеуді алуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді.Қазақстан экспорты отын-шикізат бағытын (шикі мұнай мен газ конденсаты, битуминозды минералдардан алынған мұнай өнімдері, мазут, сондай-ақ бидай. Маңыздылығы бойынша екінші топ металдар мен олардан жасалған бұйымдар (мырыш, алтын, мыс және ферроқорытпа) қамтиды.Италиядан импортталатын негізгі тауар топтары халық тұтынатын тауарлар болып табылады, сондай-ақ машиналар мен жабдықтар басым.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35684?lang=kk
Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық жаңа серпін алуда 14.04.2025
БРЮССЕЛЬ, 2019 жылғы 13 қараша – Қазақстанның басшылығы Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл ынтымақтастық Еуропалық комиссияның жаңа құрамы өкілеттік алып, сондай-ақ ҚР мен ЕО арасындағы кең ауқымды келісімінің толық күшіне енуімен жаңа елеулі серпін алады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Брюссельдегі Euractiv медиа агенттігінің алаңында 13 қарашада өткен «Қазақстанның жаңа басшылығы: ҚР мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарға қандай әсер болады?» атты дөңгелек үстел барысында баяндады. Қазақстандық дипломатпен бірге іс-шара барысында спикерлер ретінде Еуропа Парламентінің депутаты Андрис Америкс, Орталық Азия елдерімен қатынастар бойынша Еуропарламент делегациясы басшысының орынбасары, «Еуропалық көршілік саясаты жөніндегі кеңесі» ғылыми-зерттеу орталығының басқарушы директоры Самуэль Вестербай, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің Орталық Азия бойынша басқармасы басшысының орынбасары Филипп ван Амерсфорт, сондай-ақ Еуропалық сауда жөніндегі комиссияның бас директоратының Қазақстан бойынша үйлестірушісі Жоселин Гиттон сөз сойледі. «Дөңгелек үстелге» Еурокомиссия қызметкерлері, Брюссельдегі Еуроодаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, еуропалық сарапшылар қоғамдастығының және БАҚ өкілдері қатысты.Р. Василенко аудиторияны Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымындағы қызметінің алғашқы қорытындыларымен, сондай-ақ оның Қазақстан халқына алғашқы Жолдауының негізгі ережелерімен және Президенттің ішкі және сыртқы саясатының басымдықтарымен таныстырды. Ол 2019 жыл Орталық Азия бойынша жаңа стратегияны қабылдау және 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қойылған ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімінің (КӘЫК) ратификациялау процедурасының аяқталуы аясында екіжақты қарым-қатынастар тарихында маңызды болғанын атап өтті. Қазақстан басшылығының Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ұмтыласын растай отырып, қазақстандық дипломат Еуропалық Комиссияның жаңа құрамы қызметіне кірісуі мен КӘЫК-тің толық күшіне енуі ЕО-ның Қазақстанмен қарым-қатынастарына айтарлықтай жаңа серпін беретініне сенім білдірді.А. Америкс Қазақстан ЕО-ның саяси және экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік тұрғысындағы Орталық Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.Өз кезегінде, Ф. ван Амерсфорт ҚР-дағы құқық үстемдігін нығайтуға бағытталған реформалары мен жақында құрылған сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға және әртараптандыруға бағытталған Қазақстанның Премьер-Министрі қатысатын Экономикалық және іскерлік мәселелер бойынша ҚР-ЕО диалогтық платформасының жұмысын қолдады.Ж. Гуиттон Қазақстан ЕО-ның Орталық Азия елдері арасындағы ең ірі сауда серіктесі болып табылатынына назар аударды: ЕО мен аймақ арасындағы сауданың 86%-ы біздің елге тиесілі. Оның айтуынша, Азия мен Еуропа арасында орналасқанына байланысты, Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуеті елдің экономикалық өсуінің қуатты драйвері болуы мүмкін.2019 жылғы маусымда Қазақстандағы президенттік сайлау өткізілуінің байқауына қатысқан С. Вестербай азаматтық қоғамының елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғырту процессіне кеңінен қатысудың маңыздылығын атап өтті.Іс-шараға қатысушылар КӘЫК-тің тиімді іске асырылуы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейтіп, сауда өсімінің, еуропалық технологиялар мен инвестицияларды тартудың және жаңа жұмыс орындарын құрудың кепілі болады деген бірыңғай пікір білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35683?lang=kk
Брюссельде Ауған әйелдеріне арналған білім беру бағдарламасы таныстырылды 14.04.2025
БРЮССЕЛЬ, 2019 жылғы 12 қараша – «Берлемонт» ғимаратында – Еуропалық комиссияның орталық штаб-пәтерінде Қазақстан мен Өзбекстанда ауған әйелдерін оқыту бойынша Еуропалық Одақтың бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосу салтанатты рәсімі өтті.Іс-шараға Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Ауғанстанның ЕО жанындағы Елшісі Назифулла Саларзай, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің басшылығы, Халықаралық даму және ынтымақтастық жөніндегі Еурокомиссияның Бас директоры, сондай-ақ БҰҰДБ мен БҰҰ-Әйелдер жоғары өкілдері қатысты. Р.Василенко өз сөзінде Ауғанстандағы тұрақтылыққа жәрдемдесу және Орталық Азиядағы аймақтық бейбітшілік аймағын қалыптастыру Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылатынын тағы да растады. ЕО, Қазақстан және Өзбекстанның үшжақты білім беру бағдарламасы ауған әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдау арқылы осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал етуі тиіс.Осы бастама аясында 2025 жылға дейін Қазақстанның жоғары оқу орындарында Ауғанстаннан келген 40 студентті оқыту жоспарлануда. Оқыту ауыл шаруашылығы, қолданбалы статистика және тау-кен ісі сияқты мамандықтар бойынша жүзеге асырылатын болады. Тағы 10 қыз Өзбекстанда ауыл шаруашылығын меңгеретін болады. Р.Василенко ЕО-ға осы бағдарламаны іске қосу жөніндегі қазақстандық ұсынысты қолдағаны үшін, атап айтқанда, оны қаржыландыруға 2 млн.еуро бөлгені үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ БҰҰДБ мен БҰҰ-Әйелдер ұйымына бағдарламаның практикалық имплементациясын өз мойнына алғаны үшін ризашылығын жеткізді.Оның айтуынша, «бағдарлама Орталық Азия елдері ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің жаңа көрінісі аясында өңірдің ортақ дамуы үшін тиімді шешімдерді бірлесіп ұсына алатын және жүзеге асыратын тамаша үлгі болып табылады». Сонымен қатар, бұл бастама Брюссель мен Орталық Азия астаналарының Орталық Азия бойынша Еуроодақтың жаңа Стратегиясын іс жүзінде іске асыру бойынша тиімді шешімдер ұсынуға дайындығын көрсетеді.Қазақстандық дипломат қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ БА-ның 74-ші сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өз қызметімен Орталық Азияны да, сондай-ақ Ауғанстанды да қамтитын Тұрақты даму мақсаттары бойынша Өңірлік орталық құруды ұсынды. Бүгінгі күні іске қосылған бағдарлама он жеті мақсаттың алтауын – сапалы білім (№4 мақсат), гендерлік теңдік (№5 Мақсат), лайықты жұмыс және экономикалық өсу (№8 мақсат), теңсіздікті азайту (№10 мақсат), бейбітшілік, әділ сот және тиімді институттар (№16 мақсат) және тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік (№17 мақсат) қамтиды.«Біз алдағы уақытта бұл бағдарлама өзінің құндылығы мен табыстылығын дәлелдейді деп үміттенеміз, бұл, бұрын жоспарланғандай, оны кеңейтуге бағытталған жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. Ол Еуразиядағы, Орталық Азиядағы, Еуропалық Одақпен, әсіресе Ауғанстанмен ықпалдаса отырып оған қатысты ынтымақтастықтың жаңа тетіктердің прототипіне айналады деп сенеміз», - деп мәлімдеді министрдің орынбасары. А.Камилов та, Р.Василенко да өз баяндамаларында халықаралық қоғамдастықты Ауғанстанды проблема ретінде емес, жаңа мүмкіндіктер көзі ретінде қарастыруға шақырғанын атап өткен жөн.Іс-шара аясында Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметі, БҰҰДБ және басқа да құрылымдар атынан, сондай-ақ Ауғанстанның ЕО жанындағы Елшісі атынан сөйлеген сөздерінде осы бағдарламаның бастаушысы болып, іске асырғаны үшін Қазақстан мен Өзбекстан тарапына жоғары баға мен алғыс сөздер айтылды. Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болған кезінде, әсіресе 2018 жылғы қаңтарда ҚК-дегі төрағалығы шеңберінде Ауғанстанды тұрақтандыруға қосқан үлесі ерекше атап өтілді.Салтанатты шара аясында БҰҰ Даму Бағдарламасы ауған қыздарының тарихын баяндайтын, сондай-ақ олардың Қазақстанда алатын білімінің алдағы уақытта үлкен мүмкіндіктер ашатыны туралы сұхбаттарын көрсететін бейне-ролик ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35681?lang=kk
СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ СУ 14.04.2025
Ағымдағы жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша Шардара су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 270 текше метр су жіберіліп, оның секундына 200 текше метрін Көксарай су реттегіші алуда. Облыс аумағына секундына 120 текше метр су келіп түсуде. Қызылорда су торабынан төменге 95 м3/сек, Айтек су торабынан 30 м3/сек, Қараөзектен 60 м3/сек, Басықара су торабынан 110 м3/сек, Ақлақ су торабынан 190 м3/сек су босатылуда. Арал теңізіне жіберіліп жатқан су көлемі 62 м3/сек құрап отыр. Облыс аумағындағы Қазалы және Арал аудандарында Сырдария өзенінде ауа-райының жылынуына байланысты мұз еруде. Ал, оңтүстік аудандарда өзен беті мұздан таза. Жалпы бүгінгі күнге Сырдария өзені арнасындағы су шаруашылығы нысандарының жағдайы бірқалыптыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat/press/news/details/35679?lang=kk
Каспий теңізі айлағында балық ресурстарын заңсыз алудың жолын кесу туралы 14.04.2025
ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2019 жылғы қарашада «Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы» РМК лауазымды адамдарының құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесті, олар одан әрі оны өткізу мақсатында балықтардың бекіре тұқымдарын аулау және уылдырық алу бойынша браконьерлік әрекет ұйымдастырған жергілікті тұрғындарға қамқоршылық жасаған.Ұсталған адамдардың қылмыстық әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 320 миллионнан артық сомаға зиян келтірілді, заңсыз айналымнан 1 100 килограмм бекіре тұқымдас балық пен 17 килограмм қара уылдырық алынды.Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 1-б. («Лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану»), 335-бабы 3-б. 1, 3, 4, 5-т. («Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/35677?lang=kk
Вашингтонда Қазақстанның Достар тобы құрылды 14.04.2025
ВАШИНГТОН, 2019 жылғы 12 қараша - АҚШ Конгрессінде Қазақстанның достары тобының (кокус) құрылуына орай ресми қабылдау өтті. Қазақстанның достары тобы екіпартиялық ұйым болып, оның тең-төрағалары болып конгрессмендер Стив Шабот, Грегори Микс және Роберт Адерхольт бекітілді. Осы топтың құрылуы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту әрі 2018 жылғы қаңтарындағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапарының, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы қыркүйегіндегі Нью-Йоркқа сапарының қорытындылары бойынша екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Америка Құрама Штаттарында кокустардың дәстүрі 18 ғасырдан басталады, ол кезеңде кокус болып біріңғай саяси мақсатқа жету үшін құрылған ұйымдар саналған. Қазіргі уақытта достар тобы АҚШ-тың заң билігінде таралған. Демократиялық және республикандық топтар бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35676?lang=kk
СҚО әкiмi инвесторларды өңiрге шақырды 14.04.2025
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында баспасөз мәслихатын өткiздi. Өңiр басшысы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағына инвесторларды шақырып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға шақырды.«Қазiр Claas немiс концернi және YDA Holding түрiк компаниясымен келiсiм бар. Alageum Electric электротехникалық қондырғылар зауыты да салынады. Осы компаниялар 90 млрд. тг инвестиция әкелiп, 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады», — дедi Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/35653?lang=kk
Балалармен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін! 14.04.2025
Балалармен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін!Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген төтенше жағдайлар мен жедел ақпаратқа жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Алматы облысының аумағында 3 төтенше жағдай және балаларға байланысты төтенше жағдайлар орын алғаны анықталды, онда қаза болудың негізгі себептері ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың қауіпсіздік және сақтық талаптарын сақтамауы болып табылады.Текелі қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдерінің тапсырмасына сәйкес, Текелі қаласының тұрғындары мен қонақтарына БАҚ арқылы тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлап кетуіне байланысты қайғылы жағдайлардың өсуі және оған әкелген себептер туралы жеткізу.Осыған байланысты төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Текелі қаласының аумағында орналасқан балалар бақшаларымен нұсқаулық жүргізді.Нұсқаулық барысында балалардың терезеден құлап кетпеуін және сіріңке мен оттықтары бар балалардың ойнауын болдырмау ережелері түсіндірілді.Балалардың қаза болуының белгіленген себептерінің негізгі себептері ата-аналардың немқұрайлылығы мен жауапсыздығы, ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың абайсыздығы болып табылады. Терезеден құлауды болдырмау үшін ата-аналар тарапынан өздерінің жас балаларын бақылауды күшейту қажет. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қарапайым ережелерді орындау баланың терезеден түсуінің алдын алуға, оның денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі.Құрметті ата-аналар! Текелі қаласының ТЖБ балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін сақтау қажет тәртіп ережелерін еске салады: терезелерді ашық қалдырмаңыз; терезені тиісті қорғаусыз москит торларын пайдаланбаңыз, себебі бала алдында қандай да бір кедергіні көріп, оған сенімді түрде сүйеніп, нәтижесінде тіпті бір жастағы баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін.; баланың терезеге шықпауы үшін жиһазды терезенің жанына қоймаңыз; баланы қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнап жүргенде; балаларға төсекке немесе терезелерге жақын орналасқан басқа жиһазға секіруге жол бермеңіз. Осы ережелерді сақтай отырып қайғылы оқиғаға жол бермеуге көмектеседі.Сонымен қатар, балабақша тәрбиешілеріне балаларды телефон арқылы ТЖ қызметінің "101", "112"нөмірлеріне қоңырау шалуды үйрету туралы ұсыныстар берілді. Жоғарыда көрсетілген жұмыс жалғасуда. Текелі қаласының Төтенше жағдайлар бөліміАлматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35642?lang=kk
СҚО әкiмi: «Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, мол астық жиналды» 14.04.2025
Солтүстiкқазақстандықтар ауыл шаруашылығы қызметкерлерi күнiн тойлауда. Биыл диқандар қамбаға 5,1 млн. тонна астық құйды. СҚО — әртараптандыру саласында көшбасшы.«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бiз мол астық жинадық. Гектар басынан 18 центрнер алынды. Бұл диқандардың қажырлы еңбегiнiң жемiсi. Осылайша, елiмiздiң азық-түлiк қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуде», — дедi Құмар Ақсақалов.Өңiр басшысы 60 шақты агроөнеркәсiп саласының мамандарына марапат жасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/35641?lang=kk