Enbekshi QazaQ

Қоғам

«Береке» және «Қонай» шағын аудандарындағы тұрғын үй жобаларының іске асу барысы туралы 12.04.2025
Бүгін құрылысшылардың қатысуымен көшпелі кеңес өткізілді. Кеңес барысында «Береке» шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс қарқыны тексерілді. Қазіргі уақытта қалада жалпы 22 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 12-сі – «Береке» шағын ауданында, ал қалған 10-ы – «Қонай» шағын ауданында орналасқан. Бұл үйлердің барлығын 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.«Береке» ықшамауданының құрылысы 2027 жылға дейін толық аяқталады деп жоспарланған. Бұл жоспар аясында барлық қажетті инфрақұрылым нысандары да қарастырылған.Мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, бекітілген кестеден ауытқымау және келісімшарт міндеттемелерін мүлтіксіз орындау тапсырылды. Сонымен қатар, барлық құрылыс алаңдарында санитарлық талаптарды сақтау, құрылыс техникасының дөңгелектерін жууға арналған алаңдар орнату міндеттелді. Санитарлық тазарту шаралары шеңберінде құрылыс алаңдарында тәртіп орнатып, 23 сәуірге дейін қоқыс пен құрылыс қалдықтарын толықтай шығару жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/973791?lang=kk
Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді 12.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының бюджетіне ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін Үкімет резервінен нысаналы трансферттер түрінде шамамен 5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.Бүгінде Қызылорда қаласы – орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі жоқ республикадағы жалғыз облыс орталығы.Қаладағы көп қабатты үйлер электр жылыту немесе газ жылыту құрылғылары арқылы ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 10 қазанда өңірге жұмыс сапары барысында қаланы 2025 жылдың соңына дейін орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырған болатын.Жалпы құны 26,2 млрд теңгені құрайтын тиісті жобаны жүзеге асыру екі кезең бойынша жоспарланған. Бірінші кезең – 2024 жылы 187 тұрғын үйді су жүйесімен қамту жұмыстары басталды. Екінші кезеңде биыл 236 тұрғын үй су жүйесіне қосылады.2024 жылы бірінші кезеңге Үкімет резервінен 11 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды.Аталған қаулы негізінде Үкімет резервінен бөлінген 5 млрд теңге биыл екінші кезеңнің бірінші кезектегі жұмыстары үшін пайдаланылады.Осылайша, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қызылорда қаласының 423 көп қабатты тұрғын үйі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.@KZgovernment https://t.me/KZgovernment/16244 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/973696?lang=kk
Қытайдан келген делегация Жетісу облысының кеден органдарының қызметін жоғары бағалады 12.04.2025
Жетісу облысына Қытай Халық Республикасынан Сиань кеденінің басшысы Фань Кун мырза бастаған делегация келді.Сапар аясында Қытайдан келген қонақтар өңірдің маңызды кеден бекеттерін — «Алтынкөл жол» және «Нұр жолы» бекеттерін аралады. Бұл бекеттер екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Н.А. Баймулдинов басшылық еткен департамент және кеден бекеттері басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.Кездесу барысында делегация бекеттердің негізгі қызмет бағыттарымен, кедендік бақылауды ұйымдастырумен, қолданылатын цифрлық технологиялармен және өткізу қабілетін арттыруға бағытталған шаралармен танысты.ҚХР қонақтары қазақстандық кеден органдарының жұмысына жоғары баға беріп, ұйымдастырудың жоғары деңгейін, техникалық жабдықталуын және өткізу пункттерінің тиімді жұмыс істеуін атап өтті. Қытай делегациясының ерекше назары кеден бекеттерінің инфрақұрылымына енгізілген заманауи техникалық шешімдерге аударылды, бұл кедендік рәсімдеу процедураларының жеделдігі мен ашықтығын айтарлықтай арттырған.Бұл сапар Қазақстан мен Қытайдың кеден органдары арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызды кезеңі болды, ол өзара тауар айналымын дамытуға және шекарадағы өткізу пункттеріндегі өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/973688?lang=kk
Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс қарқынын бағамдады 12.04.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап шықты.Алдымен «Bi Global» серіктестігі қолға алған шығармашылық-инновациялық орталыққа барды. Бүгінде нысанның қасбеті әрленіп, абаттандыру, ішкі әрлеу және витраж орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа 260 адам, 10 техника жұмылдырылған. Орталық қолданысқа берілгеннен кейін балаларға спорттық-сауықтыру, көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, тарихи-өлкетану бағытта қызмет көрсетеді. Волейбол, баскетбол, футбол, воркаут алаңдарында, соңғы үлгідегі бассейнде жаттығу мүмкіндігі жасалады.Аймақ басшысы заманауи кірпіш зауытының құрылыс барысымен де танысты. Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен зауыт салу үшін Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағынан 7 гектар жер телімі табысталған. Құны 2,5 млрд теңге болатын зауытта жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады деген жоспар бар. Бүгінде іргетасы құйылып бітті, металл конструкциялар орнатылуда.Одан кейін облыс әкімі Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын қайта жаңғырту барысын көріп шықты. Өткен жылдан бері Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті нығайтылып, даңғылдың 6,7 шақырымы қайта жаңғыртылуда. «УАД» ЖШС қолға алған жоба құны 6 млрд 656 млн.теңге. Қазір 1,2 шақырым кеңейтілетін аумақта жол негізінің құрылысы жүргізіліп, асфальт төселді. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің жиегіндегі қорғаныс бөгеті тазаланып, 2,6 шақырымға жуық дамба нығайтылды, 1,4 шақырым тіреу қабырғасы, 820 метр жиек тұрғызылды.Сол жағалаудағы жаңа стадионның шығыс және батыс трибуналарының металл конструкцияларын монтаждау аяқталып, қабырғасы мен ішкі бөлімдері, сыртқы витраждары қалануда. Сыртқы инженерлік желілер жеткізілген. Жылу, су құбырлары, электр, желдеткіштің ішкі желілері орнатылуда. Ғимараттың сыртқы қабырғасы, ішкі инженерлік желілерін жүргізу аяқталып, футбол алаңын монтаждау және абаттандыру басталады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/973686?lang=kk
Туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды 12.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелер талқыланып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.«Бір апта мерзім ішінде туризм саласын цифрландыру және одан әрі дамыту бағытында нақты ұсыныстар енгізіңіздер. Арнайы бекітілген индикаторлардың толық орындалуы, өңірімізге келетін туристер санын арттыру бойынша жұмысты күшейтіңіздер. Кәсіпкерлердің туристік бағыттағы нысандары мен жол бойы сервистік кешендерінің құрылысына жұмсалған шығындарын субсидиялауға қатысты мемлекеттік қолдау шараларын ақпараттандыру керек", -деді аймақ басшысы. Мәжілісте жауапты тұлғаларға көктемгі залалсыздандыру жұмыстарынан бұрын елді мекен айналасы мен мал қораларды механикалық тазартуды ұйымдастыру тапсырылды. Оған қоса, залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігіне талдау жасалып, қорытындысы облыс әкімдігіне баяндалуы тиіс. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған науқастарды емдейтін дәрі-дәрмек қорын қамдап, науқастарға дер кезінде ем-шара жүргізуді үйлестіру де басты назардағы мәселелер қатарында. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/973673?lang=kk
Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды 12.04.2025
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысынан туындайтын міндеттің бірі – инвестиция тарту бағытындағы жұмысты күшейту. Осы мақсатта облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай және облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Летягинмен кездесу өткізді.Қазіргі таңда облыс әкімдігі Париж келісімі аясында парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауда жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Өңірде жалпы қуаты 89 МВт болатын 9 күн-электр станциясы жұмыс жасайды, оның үшеуі шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске қосылған. Қосымша жалпы қуаттылығы 201,5 МВт болатын 6 жоба жүзеге асырылуда.Бұл орайда аймақ экономикасына 62 млрд.теңге инвестиция тартылып, 54 жаңа жұмыс орны құрылады.Байқоңыр қаласының аумағында екі қосалқы станция бар. С.Летягинмен кездесуде Байқоңыр кешеніндегі электр инфрақұрылымының әлеуеті, жаңартылатын энергетиканы дамыту және пайдалану мәселелері талқыланды.Бұл энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, жаңа электр станцияларын салуға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/973664?lang=kk
Сәуірге арналған салық күнтізбесі 12.04.2025
Құрметті салық төлеушілер!Естеріңізге сала кетейік, салық төлемдерін төлеу мерзімі келді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар.Төлемдер 21 сәуір2025 жылдың наурызы үшін Еуразиялық экономикалық одақта ҚҚС;2025 жылдың наурызы үшін Акциз, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша;2025 жыл үшін Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (2025 жылғы 21 наурызынан бастап 31 наурызына дейінгі кезеңде рұқсат құжатын алған жағдайда жиынтық жылдық көлемде 100 АЕК-ке дейінгі төлем көлемдерінде І және ІІ санаттағы объектілердің операторларымен нормативті сатып алу); 2025 жылдың 1 тоқсаны үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы; 2025 жылдың 1 тоқсаны үшін өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/977641?lang=kk
Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды 12.04.2025
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясы құрамында қызмет ету үшін Голан жоталарына екінші ұлттық бітімгерлік контингентті салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.Оған ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының қолбасшылығы, қызметтестер, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери жоғары оқу орнының курсанттары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты.Митингте сөз алған Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бітімгерлерге ақжол тіледі. Ол Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті қолдау ісіне қатысуының маңыздылығын атап өтті.– Бітімгерлік контингентті Голан жоталарына өз бетінше өрістету – Қазақстан Республикасының және оның Қарулы күштерінің әлемдік аренадағы беделінің дәлелі. Халықаралық стандарттар бойынша дайындалған және жарақтандырылған біздің контингент БҰҰ миссиясының мандаты шеңберінде жүктелген міндеттерді орындауға дайын, – деп атап өтті ол.Бұдан соң екінші бітімгерлік контингентінің командирі подполковник Жәнібек Нұрланов бастаған әскерилер плацта салтанатты саппен жүріп өтті. Осы сәттен Қарулы күштердің 139 әскери қызметшісі алғашқы контингентті ауыстыру үшін Дамаскіге жол тартып кетті.– Бітімгерлік контингенттің барлық әскери қызметшілері ерікті негізде қабылданды. Олардың арасында екі әйел бар. Іріктеу жан-жақты дайындық нәтижелері бойынша жүргізілді. Кандидаттардың кәсіби және моральдық қасиеттері ескерілді. Біздің контингент БҰҰ мандаты шеңберінде қойылған барлық міндеттерді орындауға дайын екеніне сенімдіміз, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы подполковник Уәлихан Бәйкенов.Қазақстандық бітімгерлер атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету, патрульдеу, блокпостарды күзету, жарылыс қаупі бар заттарды жою, сондай-ақ БҰҰ персоналдарын алып жүру мен эвакуациялау жөніндегі міндеттерді орындайтын болады. Голан жоталарында қызмет еткен кезде контингенттің алғашқы құрамы қойылған барлық міндеттерді ойдағыдай орындап, БҰҰ миссиясы мен Хатшылығының басшылығынан жоғары баға алғанын айта кету керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/973640?lang=kk
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды 12.04.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтті.Жиында аймақ басшысы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жаңа басшысы Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлын таныстырды.Ғалымжан Бақтығалиұлы 1981 жылы дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алған.Еңбек жолын 1997 жылы «Шаған» агрофирмасында бастаған. Әр жылдары Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдерінде жетекші маман, бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, «Мемлекеттік қала құрылыс кадастры» мекемесі филиалының директоры, Қазалы, Сырдария аудандары әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында абыройлы еңбек етті.2022 жылдың тамыз айынан осы күнге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.Облыс әкімі жаңа басшыға сәттілік тілеп, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы жұмыстарға тоқталды.«Әріптесіміз мемлекеттік қызметте, басшылық лауазымдарда мол тәжірибе жинаған. Жаңа қызметіне байланысты бірқатар міндет жүктеледі.Мемлекеттік орман қоры аумағында өрттің алдын алу және оған қарсы күрес жоспарын жүзеге асыру, орман және су қорын, жануарлар дүниесі мен балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту, тиімді пайдалану өте маңызды. Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл көшетін егу, тұқым себу жұмыстары да жүйелілікті талап етеді. Елді мекендердегі қоқыс полигондары мен сұрыптау кешендеріне қатысты жалпы жұмысты үйлестіріп, жаңадан жоспарланған полигондар құрылысының экологиялық талапқа сәйкестігін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді Н. Нәлібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/973621?lang=kk
Страсбургтегі Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрі 12.04.2025
2025 жылғы 7 - 11 сәуір аралығында Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ПАСЕ) кезекті сессиясы өтуде. Бұл сессияға Алматы облысынан келген делегация қатысуда, оның құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясының алты өкілі енген.Сессия аясындағы маңызды оқиғалардың бірі – Алматы облысының әкімдігі мен Эльзас Еуропалық қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылған «Қазақ бұрышының» ашылуы болды. Аталған құжат 2024 жылы Қазақстан Президентінің Парижге жасаған мемлекеттік сапары қарсаңында қол қойылған еді.Алматы облысынан келген делегация Страсбургте ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраны таныстыратын ерекше мәдени алаң ұйымдастырды. «Қазақ бұрышында» қонақтар фото және бейнематериалдармен, кітаптар мен брошюралармен, ұлттық стильдегі кәдесыйлармен, қолданбалы өнер бұйымдарымен танысты. Сондай-ақ қазақтың ұлттық киімдері мен тағамдары көрмеге ерекше көрік беріп, еліміздің мәдениеті, дәстүрі мен туристік әлеуетін паш етті.Биыл 30 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше алғыс білдірілді. Бұл – еліміздегі этносаралық келісімді нығайтуда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын бірегей институт.Алматы облысы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің басшысы Елбосын Абай: — Қазір ПАСЕ сессиясы өтіп жатыр. Біз «Қазақ бұрышын» таныстырып отырмыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сессия қонақтарын қазақ халқының ұлттық тағамдарымен, мәдениетімен, фольклоры және қолданбалы өнерімен таныстырудамыз, – деді ол.Іс-шараның шарықтау шегі – отандасымыз Е. Дүкеннің домбырада қазақтың халық күйі «Көроғлыны» орындауы болды. Бұл өнер көрсетілім еуропалық көрермендер, қазақ диаспорасы және студенттер тарапынан үлкен қызығушылық пен жылы лебізге ие болды.Генералды консул А. Бақытбекқызы құттықтау сөзінде француз ұйымдастырушыларына және қазақстандық делегацияға ризашылығын білдіріп, еліміздің мәдениетін лайықты деңгейде таныстырғанын атап өтті. Ол бұл бастаманың Қазақстан мен Эльзас арасындағы туризм, инвестиция және мәдени алмасу сияқты салалардағы өзара тиімді өңіраралық серіктестікті дамытуға бағытталғанын айтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/973616?lang=kk
Тек қолма-қол төлем: сатушылардың мұндай талаптары заңды ма? 12.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке кәсіпкерлер өткізген тауарлары (көрсетілген қызметтері) үшін қолма-қол ақша төлеуді талап етіп, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту жағдайлары кездесіп жатқанын хабарлайды.Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады, себебі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларында әртүрлі төлем әдістері – банк картасы, QR төлемі немесе қолма-қол ақша қарастырылған (25-бап).Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту, ал қайталап заң бұзғаны үшін 157 280 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу көзделген (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 194-бабы).Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері анықталған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына хабарлауыңыз қажет (Сіз eOtinish арқылы міндетті растайтын құжаттар қосымшасы мен қолма-қол өтініш-шағым бере аласыз).Тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде кәсіпкерлер де сатып алушыға фискалдық түбіртек беруге міндетті. Фискалдық түбіртекті беруден бас тартқан жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделетінін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/973601?lang=kk
Ақмола облысы Ақкөл ауданы мен Степногорск қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы 12.04.2025
Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен қаулысының және Ақмола облыстық мәслихатының шешімінің жобасын «Ақмола облысы Ақкөл ауданы мен Степногорск қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы», Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Заңына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Ақкөл ауданы мен Степногорск қаласы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсыныстарына сәйкес, Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен әзірледі. Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Ақкөл ауданы Жалғызқарай ауылдық округінің жалпы аумағы 74060,7 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Степногорск қаласына беру болып табылады. Шешім жобасы «Ашық НҚА» порталында және Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының сайтында орналастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/973593?lang=kk
Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы 12.04.2025
Құрметті  СЭҚ  қатысушылар!Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті танысу үшін «Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 05.12.2025 ж. № 447 бұйрығын орналастырады. Көрсетілген бұйрықпен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауықжұмыртқаларын (ЕЭОСЭҚ ТН: 040721) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілді. Қосымша:  4  парақта.                                                                                                                                                                                                               Кедендік бақылау басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1131157?lang=kk
Грекияның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды 12.04.2025
Афинада Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин мен Грекия Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастыққа жауапты «А5» саяси департаментінің директоры Димитрис Михалопулос арасында кездесу өтті.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын жан-жақты талқылап, саяси диалогты жандандыру, түрлі деңгейдегі сапарларды жиілету, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды арттыру қажеттігін атап өтті.Қазақстан-Грекия қатынастарын одан әрі дамыту үшін екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.Келіссөздер барысында тараптар энергетика, көлік және логистика, туризм және ауыл шаруашылығын ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде белгіледі.Елші Т. Сұлтанғожин екі елдің іскерлік топтары арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның грек инвестицияларын тартуға және бірлескен жаңа экономикалық жобаларды іске асыруға мүдделі екенін жеткізді.Өз кезегінде Д. Михалопулос Грекия мен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін растады және грек тарапының ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді.Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/973562?lang=kk
«Үміт-Надежда» 12.04.2025
   2025 жылдың 10 сәуірінде «Заң және тәртіп» нарративін орындау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар азаматтарды қолдау жөніндегі «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.   Іс-шараға Қостанай облысы Әділет департаментінің өкілдері, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасылары қатысты.   Кездесудің басты мақсаты – азаматтарды құжаттарды нотариаттық рәсімдеу, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, сот шешімдерін орындау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттандыру болды.   Осындай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/973544?lang=kk
«Тастағы тарихи таңбалар» конференциясы өткізілді 12.04.2025
С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Жетісу облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығының  ұйымдастыруымен 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні қарсаңында, археолог, ғалым       К. Байпақовтың  85 жылдығына орай «Тастағы тарихи таңбалар» облыстық конференция өтті. Конференцияда Талдықорған қаласы маңында орналасқан  (Қызылтас, Ордақұл, Еңбек) және Ақсу ауданындағы археологиялық ескерткіштерге жүргізілген құжаттама жұмыстарының қортынды нәтижелері бойынша археолог мамандар баяндамалар оқылып, пікір алмасты.  Шара барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақсу ауданы бойынша жүргізген зерттеулері бойынша «Ақсу ауданы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы» атты кітабының  тұсау кесер рәсімі өтті.Конференцияға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихшы археолог ғалымдары, археологтар, тарихшылар мен жергілікті өлкетанушылар, тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/973525?lang=kk
«CPFED Uzdik IT Ustaz» информатика педагогтеріне арналған турнирдің 3-ші кезеңінің қорытындысы 12.04.2025
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Спорттық бағдарламалау Федерациясымен» бірлесіп «Информатика» пәні педагогтеріне арналған турнир өтті. Турнирдің мақсаты – педагогтердің  информатика пәні бойынша олимпиадалық  тапсырмаларға деген білімін тереңдету. Турнир облысымызда екінші рет өткізілуде.Турнирдің негізгі кезеңіне Қарағанды облысынан 28 педагог қатысты.Осакаров ауданынан біздің облыс республикалық деңгейде ұсынылады:- 1- орын: Осакаров ауданы, «Қ.Сәтпаев атындағы тірек мектебі (РО)» КММ информатика пәні мұғалімі Байгабулов Мерген.- 2 - орын: Осакаров ауданы, «№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (РО)» КММ информатика пәні мұғалімі Федоров Юрий.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/973523?lang=kk
«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар 11.04.2025
Құрметті салық төлеушілер! 💠ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 12 сәуірде сағат 00:00-ден 2025 жылғы 13 сәуірде 23:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «ЭШФ» АЖ қол жетімді болмайды.💠Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және ТІЖ ресімдеу қағидаларының 64, 65-тармақтарына (2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 Бұйрығы) сәйкес, қажет болған жағдайда салық төлеушілер қағаз ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы:- 2025 жылғы 14 сәуірден бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;- 2025 жылғы 14 сәуірінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.Бұл ретте, айыппұл санкциялары қолданылмайды.ҚР ҚМ МКК-і салық төлеушілерге түсіністік үшін алғыс білдіреді! Біз ақпараттық жүйелерімізді жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/973520?lang=kk
Теңіз жаяу әскерінің бригадасы салтанатты түрде Жауынгерлік тумен қоштасты 11.04.2025
Бір жыл бұрын әскери борышын өтеуге шақырылған алты жүз теңіз жаяу әскері «Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскері бригадасының саптық алаңында бөлімнің Жауынгерлік туымен қоштасты.Әскери бөлімнің командирі подполковник Азамат Сүлейменов сарбаздардың ер азаматтың және нағыз патриоттың қалыптасу жолындағы маңызды армия мектебінен абыроймен өткенін айтты.– Сендер өздеріңді барынша жақсы жағынан көрсеттіңдер, оқу-жаттығулар мен байқауларға белсене қатыстыңдар, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта тамаша нәтижелер көрсеттіңдер. Отан алдындағы қызметті абыроймен атқарғандарың үшін алғыс айтамын және ақ жол тілеймін, – деп қорытындылады подполковник Азамат Сүлейменов.Бұл әскери бөліммен қоштасу рәсімі ғана емес, сонымен бірге әскери қызметте көзге түскендерді мадақтау сәті болды. Қызметке адалдығы және оқу-жауынгерлік міндеттерін сапалы орындағаны үшін бірқатар әскери қызметшілер грамоталармен, алғыс хаттармен, сондай-ақ фотоальбомдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.– Теңіз жаяу әскеріндегі қызметімді мақтан тұтамын. Бір жағынан, қызметті аяқтағанымызға қуаныштымын, екінші жағынан бір отбасындай болып кеткен жауынгер достарымды сағынатын боламын, – деді Абай облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Нұртас Шәріпханов. Биыл көктемде Ақтау гарнизонынан бір жарым мыңға жуық мерзімді қызметтегі әскери қызметші запасқа шығарылатынын айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/973514?lang=kk
Алматы облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда 11.04.2025
Алматы облысында оқушыларға қолайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.Қазіргі таңда облыстың бес ауданында 24 900 оқушыға арналған 26 жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл — өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы маңызды қадам.2024 жылы облыста 11 100 оқушыға арналған 9 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, облыстық білім басқармасының балансына өткізілді. Осы мектептердің ашылуының нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 53-тен 32-ге дейін азайды.Алматы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Ниязұлының айтуынша, жаңа білім ошақтары заман талабына сай жабдықталған. Барлық мектепте физика, химия, биология кабинеттері, компьютер сыныптары, STEM-зертханалар мен робототехника кабинеттері қарастырылған. Сонымен қатар, TOUCH/LED экрандар, заманауи компьютерлер мен интерактивті құрылғылар орнатылған. Оқу-тәрбие үдерісін тиімді жүргізу үшін акт залы, медиатека және электронды кітапханалар жұмыс істейді. Сондай-ақ, мектептердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа автобус бағыттары ұйымдастырылып, аялдамалар салынған.Қазіргі таңда бұл мектептерде 10 921 оқушы білім алып жатыр. Сонымен қатар, 812 мұғалім мен 394 техникалық қызметкер жұмысқа орналастырылған.«Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының мәліметінше, 2025 жылдың соңына дейін тағы 17 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.«Жайлы мектеп» жобасы – оқушылардың сапалы білім алуына және мұғалімдердің жайлы жағдайда еңбек етуіне бағытталған маңызды бастама. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/973503?lang=kk