Қоғам
«CPFED Uzdik IT Ustaz» информатика педагогтеріне арналған турнирдің 3-ші кезеңінің қорытындысы 12.04.2025
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Спорттық бағдарламалау Федерациясымен» бірлесіп «Информатика» пәні педагогтеріне арналған турнир өтті. Турнирдің мақсаты – педагогтердің информатика пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларға деген білімін тереңдету. Турнир облысымызда екінші рет өткізілуде.Турнирдің негізгі кезеңіне Қарағанды облысынан 28 педагог қатысты.Осакаров ауданынан біздің облыс республикалық деңгейде ұсынылады:- 1- орын: Осакаров ауданы, «Қ.Сәтпаев атындағы тірек мектебі (РО)» КММ информатика пәні мұғалімі Байгабулов Мерген.- 2 - орын: Осакаров ауданы, «№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (РО)» КММ информатика пәні мұғалімі Федоров Юрий.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/973523?lang=kk
«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар 11.04.2025
Құрметті салық төлеушілер! 💠ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 12 сәуірде сағат 00:00-ден 2025 жылғы 13 сәуірде 23:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «ЭШФ» АЖ қол жетімді болмайды.💠Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және ТІЖ ресімдеу қағидаларының 64, 65-тармақтарына (2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 Бұйрығы) сәйкес, қажет болған жағдайда салық төлеушілер қағаз ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы:- 2025 жылғы 14 сәуірден бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;- 2025 жылғы 14 сәуірінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.Бұл ретте, айыппұл санкциялары қолданылмайды.ҚР ҚМ МКК-і салық төлеушілерге түсіністік үшін алғыс білдіреді! Біз ақпараттық жүйелерімізді жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/973520?lang=kk
Теңіз жаяу әскерінің бригадасы салтанатты түрде Жауынгерлік тумен қоштасты 11.04.2025
Бір жыл бұрын әскери борышын өтеуге шақырылған алты жүз теңіз жаяу әскері «Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскері бригадасының саптық алаңында бөлімнің Жауынгерлік туымен қоштасты.Әскери бөлімнің командирі подполковник Азамат Сүлейменов сарбаздардың ер азаматтың және нағыз патриоттың қалыптасу жолындағы маңызды армия мектебінен абыроймен өткенін айтты.– Сендер өздеріңді барынша жақсы жағынан көрсеттіңдер, оқу-жаттығулар мен байқауларға белсене қатыстыңдар, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта тамаша нәтижелер көрсеттіңдер. Отан алдындағы қызметті абыроймен атқарғандарың үшін алғыс айтамын және ақ жол тілеймін, – деп қорытындылады подполковник Азамат Сүлейменов.Бұл әскери бөліммен қоштасу рәсімі ғана емес, сонымен бірге әскери қызметте көзге түскендерді мадақтау сәті болды. Қызметке адалдығы және оқу-жауынгерлік міндеттерін сапалы орындағаны үшін бірқатар әскери қызметшілер грамоталармен, алғыс хаттармен, сондай-ақ фотоальбомдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.– Теңіз жаяу әскеріндегі қызметімді мақтан тұтамын. Бір жағынан, қызметті аяқтағанымызға қуаныштымын, екінші жағынан бір отбасындай болып кеткен жауынгер достарымды сағынатын боламын, – деді Абай облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Нұртас Шәріпханов. Биыл көктемде Ақтау гарнизонынан бір жарым мыңға жуық мерзімді қызметтегі әскери қызметші запасқа шығарылатынын айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/973514?lang=kk
Алматы облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда 11.04.2025
Алматы облысында оқушыларға қолайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.Қазіргі таңда облыстың бес ауданында 24 900 оқушыға арналған 26 жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл — өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы маңызды қадам.2024 жылы облыста 11 100 оқушыға арналған 9 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, облыстық білім басқармасының балансына өткізілді. Осы мектептердің ашылуының нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 53-тен 32-ге дейін азайды.Алматы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Ниязұлының айтуынша, жаңа білім ошақтары заман талабына сай жабдықталған. Барлық мектепте физика, химия, биология кабинеттері, компьютер сыныптары, STEM-зертханалар мен робототехника кабинеттері қарастырылған. Сонымен қатар, TOUCH/LED экрандар, заманауи компьютерлер мен интерактивті құрылғылар орнатылған. Оқу-тәрбие үдерісін тиімді жүргізу үшін акт залы, медиатека және электронды кітапханалар жұмыс істейді. Сондай-ақ, мектептердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа автобус бағыттары ұйымдастырылып, аялдамалар салынған.Қазіргі таңда бұл мектептерде 10 921 оқушы білім алып жатыр. Сонымен қатар, 812 мұғалім мен 394 техникалық қызметкер жұмысқа орналастырылған.«Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының мәліметінше, 2025 жылдың соңына дейін тағы 17 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.«Жайлы мектеп» жобасы – оқушылардың сапалы білім алуына және мұғалімдердің жайлы жағдайда еңбек етуіне бағытталған маңызды бастама. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/973503?lang=kk
«Менің жеңіс тарихым» онлайн флешмобы 11.04.2025
Достар! Тарихымыздағы маңызды күн – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы жақындап келеді! Бұл - халықтың өлшеусіз ерлігі мен бірлігін, батылдығы мен жаугештіліктерін ұлықтайтын сәт!Ұлы Жеңістің туын желбіреткен туыстарымыз, жақындарымыз, отбасы мүшелерін еске алайық!Бүгін Қостанай облысында «Менің жеңіс тарихым» онлайн флешмобы басталады. Аталған акцияға белсенді ат салысып, Батыр аталарыңыздың өмірі, жеңіс жолындағы шайқастары, тылдағы ерен еңбегі сияқты тарихи сәттер және ғибратты оқиғаларымен бөлісіңіз!Акцияға қатысу оңай – тек видео түсіріп, мәтін жазып, соғысқа қатысқан туыстарыңыздың фотосуреті мен соғыс жылдарындағы отбасылық мұрағат суреттерін #МояИсторияПобеды, #80летПобеды, #МеніңЖеңісТарихым, #Жеңіске80Жыл хэштегпен әлеуметтік желідегі парақшаңызға орналастырсаңыз болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/973489?lang=kk
Парламент Сенатының қарауына Жоғарғы Сот судьясы Нұрғазы Әбенұлы Әбдіқановты отставкаға шығуына байланысты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді 11.04.2025
На рассмотрение Сената Парламента внесено представление Главы государства об освобождении Абдиканова Нургазы Абеновича от должности судьи Верховного Суда в связи с уходом в отставку. Председатель Высшего Судебного Совета Дмитрий Малахов, выступая на заседании Сената Парламента, отметил, что Нургазы Абдиканов пользуется заслуженным авторитетом в судейском сообществе. Имеет большой опыт судейской работы (более 27 лет). В связи с достижением пенсионного возраста он обратился в Высший Судебный Совет с заявлением об освобождении от занимаемой должности в форме отставки.Депутаты Сената Парламента по представлению Главы государства освободили от занимаемой должности судью Верховного Суда Нургазы Абдиканова в связи с уходом в почетную отставку.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/973446?lang=kk
Жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу туралы 11.04.2025
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-озі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 39-3 бабына сәйкес,Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу туралы Тельман ауылдық округі тұрғындарының назарына жеткізеді бойынша: Алшан ауылы, 10 сәуір 2025 жылы сағат 17.00-де, мәдениет Үйінің ғимараты; Антоновка ауылы, 10 сәуір 2025 жылы сағат 18.30-де, Тельман ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында. Күн тәртібі:1.Тельман ауылдық округінің елді мекендерін санитариялық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру туралы.Жекесекторда мал жаюдыұйымдастыру3.Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін сақтау туралы.4.Тельман ауылдық округі бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу өңірлік бағдарламасын іске асыру туралы.5.Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тарту туралы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-telman/press/news/details/973416?lang=kk
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден «Армысыңдар, адамдар!» атты облыстық әншілер байқауы өтті 11.04.2025
Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден облыстық «Армысыңдар, адамдар!» атты әншілер байқауының Гала-концерті өтті.Байқауды Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының қадір-қасиетін айта алған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың есімі мәңгілік ғұмырға айналды. Ақынның сан алуан тақырыптағы өлеңдеріне ән жазған композиторлар санында есеп жоқ. Сол әндер бүгінде ел игілігіне айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен жаңа орындаушыларды анықтап, жастар арасында өнерге деген құштарлықты арттыру. Мұқағали мұрасын кеңінен насихаттау.Осыған орай айтулы әншілер байқауына Жетісу облысының аудан, қала аймақтарынан 16-35 жас аралығындағы 19 әнші 2 номинация (дәстүрлі ән, эстрадалық ән) бойынша сайысқа түсті. Әр қатысушы (дуэт, трио, квартет, 7 адамнан аспайтын вокалдық топ) М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған 2 ән орындады. Үміткерлер белгілі бір аспаппен өздерін сүйемелдеу арқылы жанды дауыспен өнерін көрсетті.Байқаудың қазылар алқасының мүшелері құрамында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, қазылар алқасының төрағасы - Әрін Әміре Әрінұлы. Қазақстан Республикасының Халық әртісі – Кенжебекова Алмахан Нүрпейісқызы. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері – Асқарбеков Бақберген Нұршабекұлы. Қазастан Республикасының Мәдениет қайраткері, Жетісу облыстық «Jetisu» газетінің бас редакторы - Әміреев Жұматай Оспанұлы. Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы директорының орынбасары - Кенжебаев Бауыржан Қайратұлы.Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен мен алғыс хаттармен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/973407?lang=kk
Ұлттық «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасының жүзеге асырылуы 11.04.2025
Ауыл медицинасының триумфы: тәжірибе, технология және жанашырлық ғажайыптар жасайды!Бес жылға созылған ауырсыну, қозғалыстағы шектеулер мен үмітсіздік артта қалды. Бұл — бұрыннан келе жатқан, дұрыс бітпеген сирақ сүйегінің сынуынан зардап шеккен біздің науқастың шынайы оқиғасы. Жылдар бойы ол толыққанды өмір сүру мүмкіндігінен айырылған еді. Бүгін біз қуанышпен хабарлаймыз: Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының білікті дәрігерлер командасының үйлесімді еңбегінің арқасында, науқас қайтадан ауыртпалықсыз қозғалу мүмкіндігіне ие болды және болашаққа сеніммен қарай алады.Жасалған қалпына келтіру отасы — бұл жай ғана медициналық араласу емес. Бұл — Ұлттық «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасының әлеуетін іс жүзінде іске асырудың жарқын үлгісі. Ота екі жарым сағаттан аса уақытқа созылды. Ол остеоклазия бұрышын дәл анықтау, аяқ-қол осін қалпына келтіру және жүйке құрылымдарын сақтау бойынша жоғары дәлдікті талап етті. Ең әсерлісі — бұл күрделі процедура түгелімен өзіміздің команда күшімен атқарылды. Яғни, науқас облыстық не республикалық орталықтарға жіберілмей-ақ, қажетті көмекті өз ауданында алды. Бұл ЕҚОАА дәрігерлерінің жоғары біліктілігіне, үздіксіз кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және өз ісіне деген шексіз адалдығына тікелей байланысты.Мұндай жетістіктің тағы бір маңызды факторы — аурухананың техникалық жарақтандырылуы. Бүгінде біздің жабдықтар қалалық емдеу мекемелерінен кем түспейді. Заманауи цифрлық рентген аппараттары, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, эндоскопиялық құрылғылар, хирургиялық аспаптардың толық жиынтығы — мұның бәрі біздің мамандардың қолында. Ал "таза бөлмелер" стандартына сай салынған жаңа операциялық залдар — инфекциялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.Бұл оқиға — ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудағы кешенді тәсілдің, инфрақұрылым мен кадрларға салынған инвестициялардың, тиімді басқарудың нақты нәтижелер беретінінің айқын дәлелі. Бүгінде жоғары технологиялы медициналық көмек тек мегаполистерде ғана емес, еліміздің ең шалғай ауылдарында да қолжетімді бола бастады. Бұған дәлел — біздің Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасы.Біз тағы бір мәрте мақтанышпен айтамыз: біздің аурухана — Қазақстандағы Ұлттық аккредитацияның Жоғары санатын алған алғашқы және әзірге жалғыз аудандық ауылдық аурухана. 2025 жылы Денсаулық сақтауда сапаны қамтамасыз ету қауымдастығы жүргізген мониторинг біздің медициналық көмектің қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша ең қатаң талаптарға толық сай келетінімізді растады.Науқас он күн ішінде ауруханадан шығаруға дайын, нәтижелері керемет, ал көзіндегі алғысы — біздің ең үлкен марапатымыз. Бұл — жалғыз оқиға емес. Бұл — көпжылдық еңбектің, мемлекеттік қолдаудың және дәрігерлердің өз ісіне деген адалдығының заңды нәтижесі. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту — бұл жай ғана бағдарлама емес. Бұл — өмір сапасының жақсаруы, денсаулықтың қалпына келуі, тағдырлардың құтқарылуы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/973401?lang=kk
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарымен сұхбат 11.04.2025
Судьялық кәсіптің беделін арттыру және сот жүйесіне білікті кадрларды тартуға бағытталған жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Сот төрелігі академиясының магистранттарымен сұхбат жүргізді.Жас заңгерлер Академиядағы оқу тәжірибесі туралы айтып, судья мамандығын таңдаудағы ойларымен бөлісті және білім беру бағдарламасының мазмұны мен оқудан кейін ашылатын мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарға жауап берді.Сұхбат Сот төрелігі академиясында білім беру процесінің қалай құрылып жатқандығы, болашақ судьяларды не шабыттандыратыны және неге олар осы кәсіби жолды таңдайтыны туралы түсінік берді.Магистранттардың жауаптары жаңа буынның құқықтық жүйені дамытуға және сот билігі институтын нығайтуға деген қызығушылығын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/973398?lang=kk
Беу, қыздар-ай!: «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жаңа премьера 11.04.2025
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қала қонақтары, сіздерді 10-11 сәуір күндері Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітовтың «Беу, қыздар-ай!» музыкалық комедиясының Премьерасын көруге шақырамыз!Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған қойылым көптің көңілінен шығары сөзсіз!Қойылымның қоюшы режиссері – Ержан Қауланов, қоюшы-суретші – Дінназ Қыдырқожа, Костюм суретшісі – Аяжан Тоқай, Композитор – Арнай Азанбай.«Беу, қыздар-ай» – қазақ музыкалық комедиясының алтын қорынан орын алған жауһар туынды. Бұл шығарма шынайы сезім, әзіл-қалжың мен әсем әуендер арқылы көрерменді еңбек адамының әлеміне жетелейді.Жастардың арман-қиялы, махаббат хикаяларымен көркем өрілген қойылым, еңбек пен өнердің үйлесімін паш етеді. Өміршең туынды биыл қайта жаңғырып, көрерменге жаңа қырынан ұсынылмақ.Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/973364?lang=kk
Конституциялық Сот ақшалай өндіріп алу туралы норманы қайта тексеруден бас тартты 11.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 127-бабы төртінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш түсті. Норма әкімшілік іске қатысушылардың тәртібіне қойылатын талаптарды көздейді, оларды бұзғаны үшін сот 20 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алуға құқылы.Конституциялық Сот бұған дейін ӘРПК-нің 127-бабы тоғызыншы бөлігінің және 171-бабы төртінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексергенін және тексеру нәтижелері бойынша 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 40-НҚ нормативтік қаулысын қабылдағанын атап өтті.Сонымен қатар, Конституциялық Сот өтініш берушіге төменгі сатыдағы сот шығарған ақшалай өндіріп алу туралы ұйғарымға апелляциялық және кассациялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін екенін түсіндірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/973331?lang=kk
Ресми мәлімдеме 11.04.2025
Құрметті елордалықтар және қала қонақтары! 2025 жылғы 10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері түске дейін Астана қаласының "Индустриялық қалашық" аумағында әскери техниканың қатысуымен жаттығу өткізіледі. Бұл іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің дайындығына арналған.Осыған байланыстыАқжол,Қарашығанақ,Бұйрат көшелерінде көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілмек.Жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз. Сонымен бірге жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұраймыз.Жаттығу аяқталған соң қозғалыс қалпына келтіріледі.Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністіктеріңіз үшін алғыс айтамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/973303?lang=kk
Академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» конференцияның баспасөз хабарламасы 11.04.2025
2025 жылдың 18 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының туғанына 80 жыл толуына арналған «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.Конференцияның мақсаты - педагог мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау, ұстаз технологиясы бойынша жаңашыл ізденістегі шығармашыл педагогтердің іс-тәжірибесімен тарату, әдістемелік еңбектерін кеңінен таныту.Конференцияға қатысушылар: шетелдік, еліміздің отандық жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, білім беру орталықтарының қызметкерлері, облыстық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, облыстың білім беру ұйымдары тілдер пәндерінің мұғалімдері.Конференция 2 кезеңнен тұрады:Пленарлық бөлімТақырыптық алаңдарПленарлық бөлімде педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлары, филология ғылымдарының кандидаттары баяндама жасайды.Тақырыптық алаң бағыттары:І. «Қанипа Бітібаева және қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» ІІ. «Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы және мұғалімнің кәсіби шеберлігі»ІІІ. «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және ұлттық құндылықтар»ІҮ. «Қанипа Бітібаеваның озық тәжірибесі: жаратылыстану ғылымдары және қазіргі ғылыми-техникалық прогресс»Шара барысында конференция қонақтары Қанипа Бітібаева музейіне саяхат жасап, Қ.Бітібаеваның атаулы зертхана филиалдарының көрме таныстырылымын, ұстаздың өмірі мен шығармашылығына арналған композициялық қойылымды тамашалайды, Шүиіншәли Абай Серікұлының «Тау тұлғалы тау қызы» естеліктер жинағының тұсаукесеріне қатысады. Конференция тілдері: қазақ, орысӨтетін орны, күні: 2025 жыл, 18 сәуірПленарлық бөлім – Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы Протазанова көшесі, 43Тақырыптық алаңдар - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша КДИ, Киевская көшесі, 69 «Ұстаздар үйі»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/973302?lang=kk
Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің «Каспий самалы – 2025» оқу-жаттығуы өтеді 11.04.2025
Қазақстан мен Әзербайжанның бірлескен «Каспий самалы – 2025» әскери-теңіз оқу-жаттығуына дайындық аясында Қазақстанның теңізді қаласында Әзербайжан қорғаныс ведомствосының өкілдерімен штабтық келіссөздер өтті.Келіссөздерде бас штаб бастығы – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков пен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Теймур Муршудов алдағы оқу-жаттығуларды жан-жақты талқылап, келісті.Оқу-жаттығу Каспий теңізінің қазақстандық секторында өтеді. Корабльдер келген кезде оқу-жаттығу жоспары мен карталардағы эпизодтар егжей-тегжейлі нақтыланады. «Жауынгерлік іс-қимыл жүргізу» кезеңінің міндеттері кешенді түрде пысықтауды көздейді. Оқу-жаттығу өткізілетін ауданға корабльдерді орналастыру, теңіз өткелінде корабльдердің бірлесе жүзу элементтерін орындау қарастырылған. Әскери теңізшілер қарсы келген қатерлерді тойтару, апатқа ұшыраған ұшу аппараттарына, корабльдерге және кемелерге көмек көрсету мәселелерін пысықтайды. Одан бөлек теңіз және әуе нысандары бойынша жауынгерлік атыстар жүргізіледі.– Оқу-жаттығулар екі елдің әскери-теңіз күштері арасындағы бірлескен іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған міндеттердің кең спектрін қамтиды, – деп атап өтті бас штаб бастығы – ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков.Оқу-жаттығуға жағалау бөлімшелерінің жеке құрамы және әскери-теңіз базасының корабльдері (кемелері) тартылатын болады. Әзербайжаннан жаттығуларға екі күзет кораблі, көмекші кеме және жағалау бөлімшелері келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/973255?lang=kk
Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының басшысы Әлихан Байменов Нью-Йоркке іссапармен барды 11.04.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 1–9 сәуір – Астана мемлекеттік қызмет хабы (ACSH) Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов БҰҰ-ның Мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі сарапшылар комитетінің (CEPA) 24-сессиясына қатысты. Аталған комитет – мемлекеттік басқару құрылымдары мен процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін БҰҰ-ның техникалық консультациялық органы болып табылады.Сондай-ақ, Ә. Байменов мемлекеттік секторды трансформациялау мәселесіне арналған БҰҰ Даму бағдарламасы (UNDP) мен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментімен (UN DESA) бірлесіп ұйымдастырған FutureGov сайд-ивентінде баяндама жасады.Оған қоса, іссапар аясында Ә.Байменов БҰҰ Халықаралық азаматтық қызмет комиссиясының (ICSC) төрағасы Ларби Джакта мырзамен, UNDP басқару бөлімінің басшысы Сара Листер ханыммен, UN DESA мемлекеттік мекемелер мен цифрлық басқару бөлімінің директоры Жуанг Жу мырзамен, сондай-ақ БҰҰ-ның «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастық басқармасының директоры Дима әл-Хатиб ханыммен екіжақты кездесулерді өткізді.Кездесулер барысында Астана хабы мен БҰҰ құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары және мемлекеттік басқару мен қызмет көрсету саласында жаңа бастамаларды енгізу мәселелері талқыланды.Сапар аясында Мемлекеттік басқару ғылымдарының халықаралық институтымен (IIAS) және Латын Америкалық дамуды басқару орталығымен (CLAD) өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Тараптар өзара тәжірибе мен жұмыс нәтижелерімен алмасу және ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісімге келді.Сонымен қатар, осыдан бұрын Қазақстан тарапы Ә. Байменовтың кандидатурасын 2026-2029 жылдар аралығындағы БҰҰ Халықаралық азаматтық қызмет комиссиясының (ICSC) мүшелігіне ұсынды. Аталған комиссия БҰҰ Бас Ассамблеясының көмекші органы болып, БҰҰ жүйесі қызметкерлерінің еңбек жағдайларын реттеу мен үйлестіру мәселелеріне жауапты.Өзінің сайлауалды науқаны шеңберінде және Астана Хабының қызметін ілгерілету мақсатында, Ә.Байменов БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдерімен 40-тан астам екіжақты кездесу өткізіп, Хабтың жұмысы жайлы және мемлекеттік қызмет саласын жаһандық деңгейде дамыту жөніндегі көзқарасымен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/973253?lang=kk
Отбасын қолдау орталығының қызметтері 11.04.2025
Біздің орталықта сіздерге түрлі бағыттарда көмек көрсетіледі:🔹 Заңгерлік қызметтер – құқықтық мәселелер бойынша кеңес және көмек🔹 Психолог – эмоционалды және психологиялық қолдау🔹 Әлеуметтік қызметкер – әлеуметтік жағдайыңызды жақсарту үшін қолдау🔹 Балаларға арналған даму орталығы – шахмат, тоғызқұмалақ, ағылшын тілі сабақтары, жаңа дағдылар мен өнер – шығармашылық және дамытушы тренингтер🔹 Аналарға арналған курстар – әртүрлі білім беру бағдарламалары мен дағдыларды дамытуБіздің орталық сіздерге қолдау көрсетуге әрқашан дайын! ✨ https://www.instagram.com/p/DIN19X6MBSk/?hl=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/973250?lang=kk
Отбасы-демографиялық және гендерлік саясатты қолдау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу 11.04.2025
2025 жылғы 8 сәуірде "Ақ көгершін" қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Отбасы-демографиялық және гендерлік саясатты қолдау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу» жобасы аясында, Рудный индустриялық институтының студент-тренерлері үшін бір күндік ТОТ тренингін ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/973218?lang=kk
Әрине, міне мәтіннің қазақша, ресми және мазмұнды аудармасы: 11.04.2025
Қостанай әуесқой хоккей лигасында КЛХЛ Кубогының Плей-офф кезеңі басталадыҚұрметті қала тұрғындары мен қонақтары!Алдағы күндері Қостанай әуесқой хоккей лигасында жарыстың шешуші кезеңі — КЛХЛ Кубогының Плей-офф кезеңі басталады. Маусымның тұрақты бөлігінің қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсеткен командалар басты жүлде үшін күреске түседі.Плей-офф ойындары екі жеңіске дейін өтеді. Әрбір матч тартысты да шиеленісті өтетіні сөзсіз.Барша хоккей жанкүйерлерін матчтарға келіп, турнирге қатысушы командаларға қолдау көрсетуге шақырамыз.Өтетін орны:Мұз аренасы, Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы, 66Кіру тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/973190?lang=kk
Шекара талғамайтын жады: Нидерландта Орталық Азиядан шыққан кеңес жауынгерлеріне құрмет көрсетілді 11.04.2025
Лёсден (Нидерланд), 2025 жылғы 9 сәуір – 9 сәуір күні таңғы сағаттарда Лёсден қаласында 1942 жылы нацистер тарапынан атылған 77 кеңестік әскери тұтқынға арналған жыл сайынғы ресми іс-шара өтті. Сол қайғылы оқиғалардың куәгерлерінің айтуынша, 77 атылған адамның көпшілігі Орталық Азия республикаларынан, соның ішінде Қазақстан мен Өзбекстаннан болған. Олардың рухына тағзым ету үшін муниципалитет мэрлері, дипломатиялық корпус өкілдері, соның ішінде Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшілігі, қоғамдық ұйымдардың белсенділері, өлкетанушы ғалымдар, студенттер, мектеп оқушылары мен көршілес қалалардың өзге де тұрғындары жиналды. Салтанатты шара таң шапағында, «Кудрист» обелискісі жанында (сарбаздар жерленген орман алқабының атауы бойынша) ұйымдастырушылар – «Кеңестік Даңқ Өрісі» қорының (Stichting Sovjet Ereveld) жетекшілері Рогир Рейкерс пен Ремко Рейдингтің құттықтау сөздерімен басталды, олардың бірі Қазақстанға сапары мен Лёсденде әкелерінің жерленген орнын табуға көмектескен отбасылармен кездесулері туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Үлкен аза шырағы қайғылы оқиға орын алған жерде – бұрынғы «Амерсфорт» концлагерінің маңында жағылып, бір минут үнсіздік жарияланды.Бұл оқиға Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Нидерланд аумағында қаза тапқан кеңестік жауынгерлердің есімін мәңгі есте қалдыру жолында қордың атқарып келе жатқан жүйелі әрі асыл мұратты жұмысының маңызды жалғасына айналды. Аттас «Кеңестік Даңқ Өрісінде» барлығы 865 кеңес солдаты мен офицері жерленген, олардың есімдері ұзақ жылдар бойы белгісіз болып келген. Айта кетерлігі, осы жерде наурыз айында аталған жауынгерлердің тағдырына арналған жаңа Sovjet Ereveld Experience музейінің ашылуы өтті. Ізкесушілер мен мұрағатшылардың жан-жақты және ұқыпты жұмысының нәтижесінде бірнеше қазақстандық жауынгердің есімдері анықталып, шараға олардың туыстары арнайы шақырылды. Отбасылардың бірінің өкіліне символикалық лентаны салтанатты түрде қию құрметі бұйырды.Музей заманауи технологияларды, оның ішінде виртуалды шындық элементтерін пайдалана отырып жасалған және келушілерге тарихтың көлеңкесінде қалған адамдардың жеке тағдырларына үңілу арқылы қаза тапқандардың ерлігін терең сезінуге мүмкіндік береді. Бұл жоба мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық пен ынталы жанашырлардың жеке бастамасы нацизммен соғыс құрбандарына деген естелікті Жеңістің 80 жылдығы атап өтілетін мерейтойлы жылы қайтаруға қабілетті екенінің жарқын мысалына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/973181?lang=kk