Enbekshi QazaQ

Қоғам

Кения Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Кения ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды 19.03.2026
Найроби, 2026 жылғы 18 наурыз – ҚР Кения Республикасындағы Елшісі, ҚР Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кения Республикасының Сыртқы істер және диаспора министрлігінің басшылығы, соның ішінде Саяси мәселелер жөніндегі Бас директор Джосфат Майкара, Президент Кеңсесі және Сыртқы істер министрлігі Протоколының басшысы Северин Люяли, сондай-ақ Еуропа және Достастық елдер, Экономикалық істер және коммерциялық дипломатия, Құқықтық істер, Көпжақты ынтымақтастық департаменттерінің қызметкерлерімен кездесті.Кездесу барысында қазақстандық дипломат кениялық тарапты 2026 жылғы 15 наурызда орын алған жалпыұлттық референдум аясындағы конституциялық өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданғаны туралы хабардар етіп, жаңа конституция Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуды және мемлекеттік басқарудың тиімдірек және теңгерімді моделін қалыптастыруды көздейтіні, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайтуға және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге ықпал ететінін мәлімдеді.Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, жоғары және ең жоғары деңгейдегі алдағы сапарларды, екіжақты шарттық-құқықтық базаны қалыптастыру мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмаслыып, көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастыққа дайындығы расталды.Екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, соның ішінде сауда және инвестициялық даму, транзиттік және көлік бағыттары, оның ішінде Кения порттарын пайдалану мәселесі, ақпараттық және қаржылық технологиялар, ғарыш, тау-кен өндірісі, медицина, спорт, ауыл шаруашылығы, туризм, ғылыми және мәдени алмасулар салаларындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.Кения Сыртқы істер министрлігі және диаспора істері жөніндегі Бас директоры Д.Майкара Қазақстан мен Кения арасындағы жылы қарым-қатынасты атап, Қазақстанның елеулі дамуын жоғары бағалап, Найробидің Астанамен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуіне және оны одан әрі дамытуға деген терең қызығушылығына назар аударды.Сонымен қатар, Д.Майқара Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтап, ел Президенті Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар халықтың сеніміне ие екенін атады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызуғышылық танытатын мәселелер бойынша іс-қимылды жалғастыруға келісіп, ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бірлескен шараларды, соның ішінде сауда және инвестиция, көлік, ақпараттық технологиялар және туризм салалары бойынша Қазақстан мен Кения арасындағы сарапшылар тобының шеңберіндегі жұмысты жандандыруға келісті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1185119?lang=kk
Көктемгі шақыру: Астанада және өңірлерде мерзімді әскери қызметке алынғандардың алғашқы лектері жіберілді 19.03.2026
Республикалық маңызы бар қалалардың және елдің облыс орталықтарының жинау пункттерінен әскерге шақырылушылардың бірінші легі ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелеріне жөнелтілді.Астана қаласының қорғаныс істері жөнініндегі департаментінде өткен салтанатты шығарып салу рәсіміне жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскер қатарына алынғандардың туған-туыстары қатысты.Елордалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміров маусым айының соңына дейін елорда 1 400-ден астам астаналықты мерзімді әскери қызметке жіберуді жоспарлап отырғанын атап өтті.Алматыда Шекара қызметі бөлімшелеріне 46 азаматты салтанатты түрде шығарып салды. Аталмыш рәсімге тоғыз баланың анасы, «Алтын алқа» иегері Айжан Шанашова қатысты.– Әскерде ұлым шыңдалып, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен орындап келеріне күмәнім жоқ. Ол саналы түрде және еш ойланбастан әскерге баратынын айтты, – деді көп балалы ана.Шығыс Қазақстан облысында да әскерге шақыру науқаны қарқын алуда. Биыл өңір мерзімді әскери қызметке 650-ге жуық азаматты жібермек. Армияда олар әскери істің негіздерін үйреніп, әскери-есептік мамандық меңгереді. Тәртіп пен жауапкершілікке қалыптасады.Маңғыстау облысында бірінші болып 22 әскерге шақырылушы әскерге аттанды. Алдымен олар Алматы облысындағы шекара қызметінің оқу-жаттығу орталығында алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Көктемгі науқан аясында облыстан барлығы 800-ге жуық азаматты әскер сапына алу жоспарланып отыр.– Әскердегі қызмет – мен үшін шымыр, тәртіпті болуға және Отанды қорғауға өз үлесімді қосуға берілген мүмкіндік. Бұл қызметті мақтанышпен әрі абыроймен атқаруға тырысамын, – деп атап өтті Маңғыстау облысынан әскерге шақырылушы Бекзат Әбілханұлы.Ақтөбе облысында да Алматы облысына қарайтын Шекара қызметінің әскери бөлімшелеріне алғашқы 23 әскерге шақырылушыны жөнелту рәсімі өтті. Алдағы уақытта бұл өңір 1000-нан аса адамды әскерге шақырады.Мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде, сондай-ақ запасқа шығарылғаннан кейін екі ай ішінде әскери қызметшілер үшін кредиттік демалыс қолданылады. Бұдан өзге жауынгерлік даярлықтан үздік сарбаздар мемлекеттік грант бойынша ҰБТ тапсырусыз еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185057?lang=kk
«Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық» тақырыбында брифинг 19.03.2026
Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық»   тақырыбы бойынша брифинг өтті.Шара барысында Ақмола облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің  басқарма басшысы Назгүл  Аюпова көлік құралдары салығын төлеушілер салық салу объектілері бар жеке тұлғалар болып табылады хабарлады.  Салық кодексіне сәйкес мыналар көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды:Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған адамдар, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденiнің және "Отан" орденiнің иегерлері, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;  Меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектігі бар адамдар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.Жоғарыда аталған санаттардың меншігінде қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобиль болса, оларға қатысты уәкілетті мемлекеттік орган 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін көлік құралының иесін ауыстыруға байланысты тіркеу әрекеттерін жүргізген болса, салық жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеледі.2025 жылдың кезеңіне есептеу 01.01.2026 жылға дейін қолданыста болған Салық кодексінің нормаларына сәйкес жүргізіледі, өйткені осы кезеңде 171 мың жеке тұлға 4 миллиард теңгеден астам көлік құралдары салығын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындауы тиіс.2026 жылдың өткен кезеңінде көлік құралдары салығынан бюджетке 159,8 млн. түсті. Салық сомасын келесі тәсілдер арқылы есептеуге болады:- Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталындағы «Көлік салығын есептеу» электрондық сервисі арқылы;- «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «Калькуляторлар» бөлімінде.Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын өткізуде.      «Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Жыл басынан бері  600 астам  консультациялық көмек көрсетілді.Бұл кәсіпкерлердің акцияға қызығушылықпен жауап бергенін көрсетеді.Сонымен қатар  қабылдау уақытында аудандық және қалалық басқармалар арасында бейнебайланыс пен телефон арқылы кеңес беру мүмкіндігі көзделген«Халық бухгалтері» акциясы салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам болып табылады. Шара барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1185039?lang=kk
Еуразиялық экономикалық комиссияда қызметкерлер лауазымдарына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу өткізу кестесі жарияланды 19.03.2026
ҚР Сауда және интеграция министрлігі ағымдағы аптадан бастап бейнеконференцбайланыс режимінде Еуразиялық экономикалық комиссияда қызметкерлер лауазымдарына қатысуға ниет білдірген кандидаттармен әңгімелесу өткізілетінін хабарлайды.Әңгімелесуді өткізу уақыты мен күні кандидаттарға қосымша хабарланатын болады.Әңгімелесу барысында кандидаттардың кәсіби деңгейі және олардың Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі – Сауда және интеграция министрі 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығымен бекітілген «Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларының» 10-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланатын боладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185029?lang=kk
“Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері” семинары өтті 19.03.2026
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында ағымдағы жылғы 17 наурызда «Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.Аталған семинарға Министрлікке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер қатысты. Сонымен қатар аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері онлайн форматта қатысу мүмкіндігіне ие болды.Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ресми құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс және сауатты ресімдеу қағидаттары түсіндірілді. Сондай-ақ құжаттарды әзірлеу кезінде жиі кездесетін қателіктерге тоқталып, оларды болдырмау жолдары бойынша нақты мысалдар келтірілді.Іс-шара барысында қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетіліп, практикалық тапсырмалар берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.Аталған семинар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, оны іс жүргізуде кеңінен қолдануға және қызметкерлердің тілдік құзыреттілігін жетілдіруге бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185037?lang=kk
«Алатау аманаты» жобасы аясында жүйелі жұмыс жүргізілуде 19.03.2026
Алматы облысында «Алатау аманаты» жобасы аясында өңірдің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Қастек шатқалынан бастап, Шарын ұлттық табиғи паркінің аумағына дейін жалпы ұзындығы 1 500 шақырымнан асатын туристік маршрут кешенді түрде зерттелді.Зерттеу барысында табиғи нысандар, тарихи-мәдени көрікті жерлер, инфрақұрылым мүмкіндіктері толық қамтылып, барлық қауіпсіздік талаптары сақталды. Зерттеу қорытындысы бойынша маршруттар жүйеленіп, 2GIS, Yandex Maps және Google Maps сияқты заманауи цифрлық платформаларға енгізілді.Аталған жобаның іске асырылуы маршруттарды оңай жоспарлауға, нақты бағыт-бағдарды айқындауға және қауіпсіз саяхат жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл бастама экологиялық туризмнің дамуына, табиғи мұраны сақтауға және жергілікті халықтың табысын арттыруға ықпал етеді.«Алатау аманаты» жобасы тұрақты даму қағидаттарына негізделген және халықаралық стандарттарға сәйкес өңірдегі туризмді дамытудың кешенді тәсілінің үлгісі болып есептеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1185010?lang=kk
Салық реформасы мен цифрлы қызметтер: Қаржы министрлігі бизнеспен және халықпен диалогты күшейтіп келеді 19.03.2026
Қазақстанның Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексін енгізу мен басқару ісін цифрлы экожүйенің аясында дамыту бағытындағы кешенді жұмысты жалғастырып жатыр. Айталық, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ақмола облысының халқымен кездесіп, негізгі өзгерістерді түсіндіре келе азаматтардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.Ведомство биыл күшіне енген ауқымды салық реформасын бірізді түрде іске асырып келеді. Оның негізгі міндеті — бизнеске әкімшілік жүктемені төмендететін әрі нарықтың адал қатысушыларына тең жағдай беретін ашық, болжамды және сервиске бағдарланған салық жүйесін қалыптастыру.Аталған реформаға сәйкес фискалды тәсілден салықты басқарудың сервистік моделіне көшу көзделіп отыр. Оның негізінде – процестерді цифрландыру, тәуекелге бағдарланған бақылауды жолға қойып, салық рәсімдерін жеңілдету межеленген.Қазақстан аймақтың инвестициялық орталығы мәртебесін сақтап отыр: Сарапшылардың бағалауына сүйенсек, Орталық Азиядағы шетелдік инвестициялардың 68,6% (151,3 млрд доллар) елімізде шоғырланған. Жаңа салық саясаты инвестициялық тартымдылықты одан әрі арттыруға бағытталған.Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған цифрландыру бағыты аясында Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа ақпараттық архитектураны құрып жатыр. Мәселен, салық процестерінің бүкіл циклін қамтитын СӘИЖ, KEDEN және Smart Data Finance сынды негізгі жүйелер енгізілді: олар 1000-нан астам әкімшілік операция мен бизнеске арналған 300-ден астам сервисті қамтуға қауқарлы.Кәсіпкерлерді қолдауға байланысты бейімдеу шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, негізгі борышты өтеу кезінде өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, сондай-ақ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін тарату рәсімдерін жеңілдетуді көздейтін «Таза парақтан» бағдарламасы іске асырылып келеді.Халықпен кері байланыс орнатуға ерекше мән беріліп отыр. Қаржы министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен, жұмыс топтары арасындағы өзара іс-қимыл мен Үкімет жанындағы жобалау кеңсесі арқылы іскер ортамен тұрақты диалог жүргізіп жатыр. Өңірлерде «Халық бухгалтері» акциясы, сондай-ақ call-орталық пен цифрлы арналардың көмегімен белсенді түсіндіру жұмыстары атқарылып келеді: жыл басынан бері 134 мыңнан астам өтініш өңделіп, жиі қойылатын сұрақтарға 150 жуық жауап берілді.Қаржы министрлігі реформалардың ашықтығы мен өзара байланысқа назар аудара отырып, тиісті рәсімдерді жедел реттеу арқылы халықпен және бизнеспен ашық кездесулер өткізуді нығайта түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1184920?lang=kk
Джакартада Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті 19.03.2026
Джакарта, 2026 жылғы 18 наурыз - Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігінде 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдумда дауыс беру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Индонезияның Сыртқы істер министрлігінің, мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдері қатысты.Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов өз сөзінде қонақтарға Конституцияның тарихы, жалпыұлттық талқылау процесі, референдумның оң нәтижелері және қабылданған жаңа Конституциядағы негізгі новеллалары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ елдің Ата заңы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталған прогрессивті қоғамдық келісімге және халық бірлігі мен ынтымақтастығының айқын символына айналғанын атап өтті.Қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, дипломат оларды Қазақстандағы «Наурыз мейрамы» дәстүрімен және оның «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында онкүндік мерекелену тәртібімен таныстырды. Қонақтарға арнайы бейнеролик көрсетіліп, домбырада танымал музыкалық шығармалар орындалды.Аталған іс-шараға қатысушылар Индонезия халқының атынан елшілікті және барлық қазақстандықтарды референдумның сәтті өтуімен және көктемгі күн мен түннің теңесу мерекесімен құттықтады.Іс-шара соңында қонақтар ұлттық қазақ тағамдарынан дәм татты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1184939?lang=kk
Мемлекеттік сатып алу 19.03.2026
Бюджет қаражаты қайда жұмсалады және оны әрбір азамат қалай тексере алады?Қазақстан Республикасының әрбір азаматы салық төлейді. Осы қаражат есебінен мемлекеттік бюджет қалыптасады. Бюджет мектептер мен ауруханалар салуға, жолдарды жөндеуге, дәрі-дәрмек сатып алуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және басқа да әлеуметтік маңызды міндеттерге бағытталады.Алайда көпшілік арасында жиі мынадай сұрақ туындайды: бюджет қаражаты нақты қалай жұмсалады және оны тексеруге бола ма?Жауап — иә, болады. Мұны кез келген азамат жасай алады.Мемлекеттік сатып алу дегеніміз не?Мемлекеттік сатып алу — бұл мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бюджет қаражаты есебінен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процесі.Қарапайым тілмен айтқанда:мектептерге жиһаз сатып алынады;ауруханаларға дәрі-дәрмек алынады;жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі;балабақшаларға тамақ өнімдері сатып алынады;мемлекеттік мекемелерге арналған жабдықтар алынады.Мұндай сатып алулардың барлығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы сәйкес жүргізіледі. Аталған заң ашықтық, жариялылық және бизнес үшін тең қолжетімділік қағидаттарын белгілейді.Сатып алулар туралы ақпаратты қайдан көруге болады?Мемлекеттік сатып алулар туралы барлық ақпарат ашық түрдеҚазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу порталы орналастырылады.Порталда мыналарды көруге болады:қай ұйым сатып алу жүргізіп жатқанын;сатып алу қандай сомаға жарияланғанын;кімдер өтінім бергенін;кім жеңімпаз болып танылғанын;шарт қандай бағада жасалғанын;шарттар мен хаттамалардың мәтіндерін.Бұл ақпаратқа қол жеткізу тегін және арнайы мәртебені талап етпейді.Неліктен бұл маңызды?Мемлекеттік сатып алудың ашықтығы — қоғамдық бақылаудың негізгі тетіктерінің бірі.Бюджет азаматтардың төлеген салықтары есебінен қалыптасатындықтан, әрбір азамат:қаражаттың қайда бағытталғанын білуге;оның тиімді пайдаланылуын бақылауға;ықтимал бұзушылықтар туралы хабарлауға құқылы.Ақпараттың ашықтығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттырады.Күмән туындаған жағдайда не істеу керек?Егер азамат сатып алу рәсімі кезінде заң бұзушылықтар болды деп есептесе, ол:Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі«Ашық үкімет» порталы арқылыжүгінуіне болады.Азаматтардың өтініштері заңда белгіленген тәртіппен міндетті түрде қаралады.Жиі кездесетін қате түсініктер1-миф: «Мемлекеттік сатып алу — жабық жүйе».Іс жүзінде барлық рәсімдер электрондық форматта өткізіліп, ашық қолжетімділікте орналастырылады.2-миф: «Жеңімпаз тек таныстар арасынан таңдалады».Жеңімпаз конкурс құжаттамасының талаптары мен заң нормаларына сәйкес анықталады.3-миф: «Қарапайым адам ештеңені тексере алмайды».Кез келген азамат портал арқылы ақпаратпен танысып, ресми арналар арқылы сұрақ қоя алады.ҚорытындыМемлекеттік сатып алу — бұл жай ғана рәсім емес, ол қоғамдық қаражатты жұмсау механизмі.Ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі әрбір азаматқа қоғамдық бақылауға қатысуға мүмкіндік береді.Хабардар болу — құқықтық мәдениетті қалыптастырудың және заңдылық қағидатын нығайтудың алғашқы қадамы.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sp/press/news/details/1184951?lang=kk
Мерзімді әскери қызметке шақыру: Қорғаныс министрлігінде көктемгі науқанды ұйымдастыру мен өткізуге арналған кеңес өтті 19.03.2026
Мемлекет басшысы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды.Президент Жарлығына сәйкес, 17 наурыздан бастап қалалық және аудандық шақыру комиссиялары әкімдердің орынбасарларының төрағалығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады.Осыған орай Қорғаныс министрлігінде 2026 жылғы көктемде азаматтарды Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді қызметке шақыруды ұйымдастыруға арналған кеңес өтті.Аталған жиынға Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров төрағалық етті.Кеңеске Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық ұланның және ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысты. Облыс және республикалық деңгейдегі қала әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ әскерге шақыру науқанына жауапты лауазымды тұлғалар видеоконференцбайланыс арқылы қосылды.Жиын барысында 2026 жылғы көктемгі шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу, шақыру пункттерінде бірыңғай тәсілдер мен талаптарды қалыптастыру, шақыру комиссияларының жұмысын жетілдіру мәселелері қаралды. Сонымен қатар әскерге шақыру науқаны кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру бағыттары, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жан-жақты талқыланды.Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау әскердің жауынгерлік даярлық деңгейіне, жасақталуы мен кадрлық әлеуетіне тікелей байланысты екенін атап өтті. – Мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтар әскери-оқытылған резервтің негізін қалайды және осы резерв ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда елімізді қорғауға шұғыл тартылады. Сол себепті азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып қала береді, – деді генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров.Кеңесте Бас штаб бастығының орынбасары – Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің  бастығы генерал-майор Алмас Исабеков баяндама жасады. Ол өз сөзінде 2025 жылғы әскерге шақыру нәтижелері мен биылғы көктемде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру шаралары туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.Биылғы көктемгі науқан аясында 30 маусымға дейін 18-27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азаматты Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына шақыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 11 мыңнан астам адам Қарулы күштерге, 7 мыңнан астам адам ІІМ Ұлттық ұланына, 2 мыңға жуық адам ҰҚК Шекара қызметіне, 400-ге жуық адам Төтенше жағдайлар министрлігіне, 300 адам Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады.Кеңес соңында генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров мерзімді әскери қызметті ұйымдастыру жұмыстарын оңтайландыру және сапалы жүзеге асыру аясында жауапты адамдарға бірқатар нақты тапсырмалар беріп, Президент Жарлығын орындау мақсатында барлық мемлекеттік органдарды өзара тығыз іс-қимыл мен бірлескен жауапкершілікке шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1184976?lang=kk
Берекелі Наурыз дастарханы 19.03.2026
Цифрландыру және архивтер басқармасы көктемгі жаңару мерекесіне орайластырылған«Берекелі Наурыз дастарханы» атты салтанатты іс-шараға қатысты. Мереке ұжымды халқымыздың ұлттық дәстүрлерін сақтау мен дәріптеу жолында бір арнаға тоғыстырды. Бұл шара қазіргі цифрлық ортада ұрпақтар сабақтастығы мен мәдени құндылықтарға деген құрметтің маңыздылығын көрсетіп, бірліктің жарқын символына айналды.Іс-шара аясында Қазақстанның бай мұрасын насихаттауға және корпоративтік рухты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Басқарма қызметкерлері мұндай кездесулер ұжымның ұйымшылдығын арттырып қана қоймай, тарихи жадыны сақтауға септігін тигізетінін атап өтті. Мерекелік атмосфера қатысушыларға игі тілектер алмасуға және ұлттық құндылықтардың өңірді дамытудағы маңыздылығын айқындауға мүмкіндік берді.Жиын соңында цифрлық трансформациялау мен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бойынша бірлескен жоспарлар талқыланды. «Берекелі Наурыз дастарханы» дәстүрге адалдық пен инновациялық тәсілдердің қатар жүретінін, бұл қоғамның өркендеуіне берік негіз болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1184988?lang=kk
Бурабайдағы BÖLEKTAU геймификацияланған экосоқпағының кейсі Еуропада урбанизацияланбаған аумақтарды креативті дамыту үлгісі ретінде ұсынылады 19.03.2026
Бурабайдағы BÖLEKTAU геймификацияланған экологиялық соқпағының кейсі IN SITU  халықаралық конференциясының ғылыми комитеті тарапынан іріктеліп, урбанизацияланбаған аумақтарды креативті дамыту үлгісі ретінде Еуропада ұсынылады.Жоба 2026 жылғы 11–13 мамыр күндері Вальмиерада өтетін “Culture Matters Here: Cultivating Creative Place-Based Innovation in Non-Urban Communities” халықаралық конференциясында таныстырылады.Зерттеуді Ирина Харитонова мен Александра Харитонова ұсынады.Баяндамада геймификацияланған экологиялық соқпақтар мен балалар инновациялары шағын қалалар мен табиғи аумақтарда мәдениетті, туризмді және креативті экономиканы дамыту құралына қалай айнала алатыны қарастырылады.BÖLEKTAU жобасы урбанизацияланбаған өңірлерде мәдени және креативті бастамаларды дамытуға арналған ауқымды түрде кеңейтуге болатын модель ретінде ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1184898?lang=kk
Әскери гарнизондарда Жаңару күніне орай ағаш егу акциясы өткізілді 19.03.2026
Наурызнама аясындағы Жаңару күні – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды күндердің бірі. Бұл күні өңірлерде жаппай ағаш отырғызу акциялары ұйымдастырылып, тазалық сенбіліктері өткізіледі. Табиғатты қорғау идеясын дәріптеп, қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті арттыруға ықпал ететін мұндай іс-шаралар Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде де жүзеге асырылды.Жаңару күніне орай Жетісу гарнизонында өткен көгалдандыру акциясына Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков қатысты.«Жұлдыз» ықшам ауданындағы әскери жатақхана маңында ұйымдастырылған аумақты абаттандыру және ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері бір кісідей жұмылдырылды.Министрдің орынбасары Наурыз мерекесінің тағылымы мол тәрбиелік маңызының бірі – табиғатты аялап, жасыл желекті сақтау екенін атап өтті.– Табиғатты қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Ұлыстың ұлы күні дәстүр бойынша арықтар тазаланып, жас ағаш көшеттері отырғызылады. «Жаңа күн», «жаңару» деген мағынасына сәйкес, барлық жақсылық осы күннен бастау алып, жан тазалығымен қатар қоршаған ортаның тазалығын сақтаудан көрініс табады. Әскери қызметшілермен бірге қала тұрғындары да осы игілікті іске бір кісідей атсалысты, – деді ол.Акция барысында 20-ға жуық түрлі жеміс ағашы отырғызылды. Әскери қызметшілер мұндай бастамалардың табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоғам бірлігін нығайтуға ықпал ететінін дәлелдеді.Мұндай игі іс-шара Ақтау гарнизонында да жалғасын тапты. Әскери-теңіз күштері гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің жеке құрамы әскери бөлім аумағында және Түпқараған ауданындағы Қызылөзен маягы маңында жүзге жуық тал мен гүл отырғызып, аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізді.– Бүгінгі акция барысында өңірдің климатына сай келетін жас ағаштар мен гүлдер егілді. Көшеттерді дұрыс отырғызу олардың тез тамыр жайып, өсіп кетуіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Жаңару күніне орай ұйымдастырылған бұл іс-шарада жеке құрам өздерінің еңбекқорлығын, бірлігі мен достық қарым-қатынасын тағы бір мәрте көрсетті, – деді гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары 3-дәрежелі капитан Ерлан Сабиғат.Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімінде де ағаш егу акциясы ұйымдастырылды. Жеке құрам бөлім аумағына 100-ден астам ағаш отырғызды.Әскери қызметшілердің қатысуымен өткізілетін тазалық акциялары мен көгалдандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1184905?lang=kk
ШҚО-да «Бизнес және салықтар» жобасы жалғасуда: көлік салығына басымдық берілді 19.03.2026
ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Бизнес және салықтар» ақпараттық-түсіндіру жобасын жалғастыруда. Кезекті тікелей эфир Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерді ескере отырып, көлік құралдары салығына арналды.Сарапшылар 2026 жылы 2025 жыл үшін салықты қалай төлеу керектігін, сондай-ақ күшіне енген жаңашылдықтардың болашақ есептеулерге қалай әсер ететінін түсіндірді.Негізгі өзгерістердің бірі – жеңіл автокөліктер үшін пайдалану мерзіміне байланысты төмендету коэффициенттерінің енгізілуі. ШҚО бойынша МКД Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Альбина Кенжегалиеваның айтуынша, жасы 10 жылдан 20 жылға дейінгі автокөліктерге 0,7 коэффициенті, ал 20 жылдан асқан көліктерге 0,5 коэффициенті қолданылады. Бұл ретте салықтың жыл қорытындысы бойынша төленетінін ескеру маңызды. Тиісінше, аталған төмендету коэффициенттері 2026 жылға есептелетін салықта көрініс табады, ал ол 2027 жылы төленеді.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау шараларына да ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, шаруа және фермер қожалықтары бұрынғы жеңілдіктерге қосымша ретінде бір көлік құралына – жүк тасымалдауға арналған платформасы бар және жүк бөлігінен қатты стационарлық қалқамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автокөлікке (пикап) салық төлеуден босатылады.Спикерлер бірқатар жеңілдіктерге қарамастан, салықты уақтылы төлеу міндеті сақталатынын атап өтті. Белгіленген мерзімдерді сақтамау өсімпұлдың есептелуіне және белгілі бір шектеулерге әкелуі мүмкін.Тікелей эфир барысында кәсіпкерлер мен өңір тұрғындары салықты есептеу тәртібі, жеңілдіктерді қолдану және есептелген сомаларды тексеруге арналған онлайн-сервистерді пайдалану бойынша өзекті сұрақтарына жауап алды.«Бизнес және салықтар» жобасы – мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы ашық диалогқа арналған маңызды алаң. Біз салық салу мәселелері, әсіресе заңнамадағы өзгерістерге қатысты сұрақтар ең өзекті болып қала беретінін көріп отырмыз. Бүгін біз тек жаңа ережелер туралы ғана емес, сонымен қатар салық жүктемесін төмендетудің нақты мүмкіндіктері туралы да айтып отырғанымыз маңызды», – деп атап өтті ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айжан Жангирханова.Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты – кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыру және өңірде салық міндеттемелерін адал орындау мәдениетін қалыптастыру.Дереккөз: «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1184884?lang=kk
2026 жылғы 17 сәуірде Астанада «Жаңа Салық кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіру» тақырыбында конференция өтеді. 19.03.2026
2026 жылғы 17 сәуірде Астанада «Жаңа Салық кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіру» тақырыбында конференция өтеді.Шараны Жаңа Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы, ҚР Қаржы министрлігі және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.Күні: 17 сәуір 2026 жылУақыты: 08:00 - 16:00Орны: Астана қ., Radisson Astana қонақ үйіКонференцияға тек АНК МҮШЕЛЕРІ МЕН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР- ШАҚЫРУ БОЙЫНША қатысады!  +7 727 325 35 45, annk@annk.kz телефоны бойыншаТікелей трансляцияны www.annk.kz сайтында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің @kgd.gov.kz YouTube арнасында көруге болады.+7 7172 71 81 93 телефоны бойынша БАҚ-ты аккредиттеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1184831?lang=kk
Көшпелі кедендік тексеру 19.03.2026
Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 418-бабымен айқындалған.Көшпелі кедендік тексеруді кеден органы заңды тұлғаның тұрған жеріне (жерлеріне), дара кәсіпкердің қызметін жүзеге асыратын жерге (жерлерге) және (немесе) мұндай тұлғалардың қызметі іс жүзінде жүзеге асырылатын жерге (жерлерге) бару арқылы жүргізеді.Тексерілетін тұлғаның орналасқан жеріндегі кеден органы көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органы болып табылады. Бұл ретте уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге кеден органдарының көшпелі кедендік тексерулер жүргізу жағдайлары болуы мүмкін.Көшпелі кедендік тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:1) жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру;2) жоспардан тыс қарсы көшпелі кедендік тексеру;3) кешенді көшпелі кедендік тексеру.Көшпелі кедендік тексеру нұсқаманың негізінде жүргізіледі (Кодекстің 418-бабының 3-тармағы).Бір нұсқаманың негізінде тексерілетін тұлғаға бір ғана тексеру жүргізіледі. Нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тексеру басталғанға дейiн тексерiлетiн субъектiнiң тұрған жерi бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органына оны ұсыну, оның iшiнде электрондық нысанда ұсыну арқылы тіркеледі.Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі екі айдан аспауға тиіс.Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі мұндай тексеруді жүргізетін кеден органының шешімі бойынша бір айға ұзартылуы мүмкін.Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері көшпелі кедендік тексеру актісімен ресімделеді.Жүргізілуі кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасын бұзушылық анықталған көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылады.Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етіледі.Көшпелі кедендік тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасына Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1184800?lang=kk
ҚР Қаржы министрлігі орнықты дамудың халықаралық стандарттарын енгізуді қолға алды 19.03.2026
Қазақстанның Қаржы министрлігі орнықты даму саласындағы ақпарат ашықтығының халықаралық стандарттары – S1 және S2 ХҚЕС (IFRS) енгізу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Атап айтқанда, видеоконференция форматында өткен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында осы бағыттағы өзекті мәселелер пысықталды.S1 және S2 IFRS стандарттары халықаралық есеп берудің жаңа ережелері болып саналады. Жаңа талаптар арқылы кез келген компания өз қызметінің экология мен қоғамға қалай әсер ететіні жайлы, сондай-ақ ұйымның жұмысына қандай климаттық сын-қатер төнуі мүмкін екенін айтуға міндетті болады.Кеңестің күн тәртібінде Қазақстанда 2027-2028 жылдарға арналған S1 және S2 ХҚЕС стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселелері қаралды. Аталған құжат БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп дайындалған әрі онда 37 іс-шара қамтылып, бұл стандарттарды елімізде енгізу үшін нормативті, институционалды және әдіснамалық негізді қалыптастыруға байланысты бірізді қадамдар айқындалған.Жұмыс тобы аталған стандарттар қай уақыттан бастап міндетті түрде қолданылатынын анықтауды, осы бағыттағы тиісті ұйымдарды іріктеу үшін өлшемшарттар мен шектерді белгілеуді, S1 және S2 ХҚЕС сәйкес дайындалған есептілік аудитіне тәсілдерді қалыптастыруды, сондай-ақ бұл талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуді қоса алғанда, оның болашақтағы қолдану өлшемдерін пысықтап шықты.«S1 және S2 ҚЕХС енгізу Қазақстанның корпоративті есептілік жүйесін дамытудағы маңызды кезең. Бұл ақпарат ашықтығының сапасын арттыруға, орнықты даму мәселелеріне назар аударуды күшейтуге және еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Біз практикалық шешімдер ұсыну үшін бизнеспен тығыз ведомствоаралық байланыс жасауға дайынбыз», деді отырыс соңында ҚР Қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеил. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1184782?lang=kk
Алаяқтар алдаудың Жаңа схемасын ойлап тапты: олар ресейліктерге жеткізу қызметі атынан қоңырау шалып, қымбат жабдықтар дүкенінен ақылы тапсырыстың келгенін хабарлайды. 19.03.2026
Алаяқтар алдаудың Жаңа схемасын ойлап тапты: олар ресейліктерге жеткізу қызметі атынан қоңырау шалып, қымбат жабдықтар дүкенінен ақылы тапсырыстың келгенін хабарлайды.Зиянкестер алушының нақты деректері мен мекен-жайын атайды, содан кейін олар SMS-тен "растау кодын" сұрайды. Алаяқтар тапсырыс құны немесе мазмұны туралы барлық сұрақтарды елемейді. Кодты алғаннан кейін олар жәбірленушінің шоттарына немесе қаржысына қол жеткізе алады, деп хабарлайды РИА Новости.Жақында алаяқтар сотқа дейінгі шағымдары бар электрондық хаттарды жібере бастады. Мұндай хаттар әр түрлі ұйымдардың, заңды компаниялардың немесе іскери серіктестердің атынан жіберіледі.Алаяқтар өздеріне ұқсас ресейліктерді таңдай бастады және жұмыс берушілер алаяқтарға жіберетін құжаттарымен несие бере бастады.Бұған дейін ресейліктер Роскомнадзордан жалған хаттар ала бастады, онда 26 ақпаннан бастап жұмыста VPN қызметтерін пайдалануға тыйым салынған деп мәлімдейді. Бұл жағдайда хаттар ресми көрінеді, тіпті берілгенАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-druzhba/press/news/details/1184757?lang=kk
Екібастұз экономиканы табысты әртараптандыруды көрсетіп, моноқала санатынан шықты 19.03.2026
ҚР Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі моноқалалар тізбесін жаңартты. Тиісті өзгеріс «Қазақстан Республикасы моноқалаларының тізбесін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы №248 бұйрығына енгізілді.ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 10 наурыздағы №75 бұйрығына сәйкес Екібастұз қаласы моноқалалар тізбесінен шығарылды.Тізбені жаңарту Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін жүргізілді. Құжатта елдің басқа моноқалаларын дамыту үшін Саран қаласының экономикасын әртараптандырудың табысты тәжірибесін тарату міндеті қойылған болатын.Осы жұмыс шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өнеркәсіп өндірісінің серпіні, инвестициялық белсенділік, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту құрылымы және экономиканың орнықтылығының басқа да параметрлері секілді 78 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді талдау жүргізді.Талдау нәтижесі бойынша, Екібастұз экономиканы әртараптандырудың тұрақты үрдісін, дамудың монопрофильді моделінен біртіндеп шығуды көрсетті. Қала экономикасы теңдестірілген салалық құрылыммен, өнеркәсіптің тұрақты өсуімен және жоғары инвестициялық белсенділікпен сипатталады.Бүгінгі таңда Екібастұз еліміздің энергетика және металлургия саласында шешуші рөл атқаратын маңызды өнеркәсіп орталығы болып отыр. 2025 жылғы қорытынды бойынша қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 629,4 млрд теңге. Бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 28,1%-ға артық. Негізгі капиталға салынған инвестиция 429,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,2 есе өскен.Халықты жұмыспен қамту экономиканың бірнеше секторы арасында бөлінген. Бұл бір қала құраушы кәсіпорынға тәуелділіктің төмендеуін және монофункционалдылық белгінің жоғалуын көрсетеді. Осыған байланысты, оң әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, Екібастұзды моноқалалар тізбесінен шығару туралы шешім қабылданды.Жаңартылған бұйрықпен 19 моноқаланың тізбесі бекітілді: Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Степногорск, Теміртау, Шахтинск және Хромтау. Осылайша, елдегі моноқала саны 20-дан 19-ға дейін қысқарды.Тізбені өзектендіру моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясаттың атаулылығын арттыруға және экономиканың қала құраушы кәсіпорындарға жоғары тәуелділігі сақталатын аумақтарда қолдау шараларын шоғырландыруға бағытталған.Екібастұзды тізбеден шығару қала экономикасының табысты трансформациясының көрсеткіші. Оны әртараптандырудың, кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тартудағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1184714?lang=kk
Алматы облысында агроөнеркәсіпке 44,6 млрд теңгенің 7 жобасы іске асады 19.03.2026
Алматы облысында биыл агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында жалпы құны 44,6 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.Жобалар ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтіп, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, аталған жобалар агроөнеркәсіп саласына инвестиция тарту арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі – «СҚО тәжірибесімен АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды несиелеу бағдарламасы». Бағдарлама аясында 4 млрд теңге қарастырылып, екі жоба қаржыландырылды. Атап айтқанда, су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған «Alfalfa» ЖШС жобасына 1,5 млрд теңге, ал жүгеріні қайта өңдеу зауытын кеңейту жобасына «Азия агро фуд» АҚ-на 2,5 млрд теңге бөлінді.Бұдан бөлек, 2026 жылы осы бағдарлама шеңберінде 5 млрд теңгеге тағы 4 жобаны іске асыру жоспарланған.Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Сыдықовтыңайтуынша, өңірде агроөнеркәсіп саласына инвестиция тарту – ауыл шаруашылығын жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі.«Биыл іске асатын жобалар өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік әлеуетін арттырып, заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өнім көлемін ұлғайтып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады», – деді Димаш Сыдықов.Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі бірлесіп қалыптастырған «Инвестицияға тапсырыс» аясында жалпы құны 708,7 млрд теңгені құрайтын 26 жобаны қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.Айта кетейік, 2025 жылы Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешеніне тартылған инвестиция көлемі (алкогольді сусындарды есепке алмағанда) 178,2 млрд теңгені құрап, жоспар 145,4%-ғаорындалды. Жоспар бойынша 122,6 млрд теңге көзделген еді.Сондай-ақ, бекітілген Жол картасы аясында өткен жылы жалпы құны 29 млрд теңгені құрайтын 14 жоба іске асырылды. Олардың қатарында 9 сүт фермасы, 1 жылыжай кешені, 1 балық шаруашылығы, 1 көкөніс қоймасы, 1 вафельді нан өнімдерін өндіретін зауыт және 1 құс фабрикасы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1184704?lang=kk