Қоғам
2025 жылғы 3 мамырда Ақтауда «Жылы жағажай» курорттық аймағында эко-курорт салу жобасы бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды 05.08.2026
2025 жылы 3 мамыр Маңғыстау облысының туризм басқармасының қолдауымен «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Pine Hills Group» туристік деволопер және «Жәрдем Ақтау» мекемесі арасында «Жылы жағажай» курорттық аймағының аумағында «Ақтау қаласында эко-курорт құрылысы» жобасы бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.Маңғыстау облысының туризм басқармасының қолдауымен «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Pine Hills Group» туристік деволопер және «Жәрдем Ақтау» мекемесі арасында «Жылы жағажай» курорттық аймағының аумағында «Ақтау қаласында эко-курорт құрылысы» жобасы бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жоба рекреациялық қызметтердің толық спектрін ұсынатын озық үлгідегі заман талабына сай эко-курорттың құрылысын көздейді. Тұжырымдама аясында модульдік қонақ үйлерді глэмпинг форматында орналастыру, бассейндері бар заманға сай сауықтыру орталығы мен мейрамханаларды салу сондай-ақ жайлы демалыс үшін кешен аумағын абаттандыру жоспарланған.Жобаның ерекшелігі — объектілерді салу кезеңінде де, оларды одан әрі пайдалану кезінде де көміртегі ізін едәуір азайтуға көмектесетін тұрақты технологияларды қолдана отырып құрылыстың экологиялық қауіпсіздігін ескеру.Жоба әзірлеуші компания қазіргі таңда тұжырымдамасы ұқсас Nomads Eco Resort кешенін Алматы облысының Талғар ауданында салып жатыр. Қос жобаның жасақтау үрдісіне Zrobim Architects сәулет бюросының атынан шетелдік сәулетшілер тартылды.«Маңғыстау облысы бірегей табиғи ресурстар мен бай туристік әлеуетке ие. Біз жобаны іске асыру отандық қана емес, шетелдік туристерді де тартуға қосымша серпін береді деп санаймыз», —деп атап өтті «Каспий» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Абылай Молдағұлов.«Pine Hills Group» компаниясының негізін қалаушы және даму жөніндегі директоры Арман Әлжановтың айтуынша, қонақүйдің базалық қызметтері мен мейрамхана сервисін қоса алғанда, заманға сай Wellness орталығын іске қосу жоспарлануда.«Біз болашақ қонақтарымыз үшін жайлылық пен жоғары сапаны қалыптастыруды көздейміз. Қонақтарымыз қайтадан оралғысы келіп, сапалы қызмет пен жағымды эмоциялар алуы үшін жағдай жасауға тырысамыз», - деді жоба бастамашысы.«Жылы жағажай» аумағында жобаны іске асыру қосымша туристік ағымды тартуды көздейді және Маңғыстау облысының визиттік карточкаларының біріне айналуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1269165?lang=ru
«Таза Қазақстан»: Шымкентте экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акциялар жалғасуда 05.08.2026
Шымкентте Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қаланың көркін арттыруды және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтуді көздейтін бастамаға коммуналдық қызмет мамандары да, ерікті жастар да белсенді атсалысып келеді. Бұл жолғы акциялар жасыл желекті күтіп-баптау мен қоғамдық орындарды абаттандыру бағытында ұйымдастырылды.Қаланың Орманшы тұрғын алабында орналасқан «Тұқымбақ» аумағында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық шарасына Шымкенттің бес ауданынан келген коммуналдық мекемелердің 100-ден астам қызметкері қатысып, жасыл аймақты ретке келтіру жұмыстарына жұмылдырылды.Сенбілік барысында шөп шабылып, ағаштардың артық бұтақтары қырқылды, арамшөптер тазартылып, көшеттер өсетін аумақтар күтіп-бапталды. Бұл жұмыстар көшеттердің сапалы өсіп-жетілуіне жағдай жасап, алдағы күзгі ағаш отырғызу маусымына дайындықты күшейтуге мүмкіндік береді.«Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Ербол Есіркеповтің айтуынша, тұқымбақтағы жұмыс жыл он екі ай бойы үздіксіз жүргізіледі.Жалпы аумағы 12 гектарды құрайтын тұқымбақта қала көшелері мен саябақтарын, гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға арналған түрлі ағаш және бұта көшеттері өсіріледі. Мұнда күн сайын 35 қызметкер көшеттерді суару, күтіп-баптау, жерді қопсыту және арамшөптерден тазарту жұмыстарын атқарады. Өсірілген көшеттер кейін Шымкенттің жасыл қорын толықтыруға пайдаланылады.Экологиялық бастама тек коммуналдық сала қызметкерлерімен ғана шектелмейді. Осы бағдарлама аясында Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың қатысуымен де кең көлемді акция өтті.Іс-шараға 14 пен 35 жас аралығындағы 40 ерікті қатысты. Олардың қатарында мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, жас мамандар және қоғамдық ұйымдардың белсенділері болды. Әртүрлі ортадан жиналған жастарды туған қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу мақсаты біріктірді.Акция басталар алдында қатысушылармен арнайы кездесу ұйымдастырылып, жастарға экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы түсіндірілді. Қалалық Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Қуаныш Серікбай қоршаған ортаны қорғау әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаментінің, прокуратура органдарының және экологиялық қызметтердің өкілдері де қатысып, жастармен қоғамдық тәртіпті сақтау, табиғатты аялау және азаматтық жауапкершілік мәселелері жөнінде пікір алмасты. Олар «Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты тек тазалық жұмыстарын жүргізу ғана емес, қоғамда экологиялық сана мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру екенін жеткізді.Кездесуден кейін еріктілер Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының аумағы мен Абай атындағы саябақта тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Олар аумақтарды қоқыстан тазартып, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіріп, қоғамдық кеңістіктердің санитарлық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.Бүгінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы Шымкентте бір реттік сенбіліктермен шектелмейтін, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тұрақты қоғамдық қозғалысқа айналып келеді. Коммуналдық қызметкерлердің күнделікті еңбегі мен жастардың еріктілік бастамалары бір арнада тоғысып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, жасыл желек қорын көбейтуге және тұрғындар үшін жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға нақты үлес қосып отыр.
Бостандық ауданының әкімі азаматтарды жеке қабылдады 05.08.2026
2026 жылғы 4 тамызда Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді. Кездесу барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша тікелей өтініш білдіріп, түсіндірмелер алып, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының бейінді бөлімдері басшыларының қатысуымен оларды шешу жолдарын талқылады.Қабылдау барысында аулаларды абаттандыру, коммуналдық инфрақұрылым нысандарын күтіп-ұстау, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнер алаңдарын ұйымдастыру, тұрғын үйлерді су басудың алдын алу, құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде талаптардың сақталуы, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуға арналған жобаларды іске асыру мәселелері бойынша өтініштер қаралды.Әрбір өтініш бойынша аудан әкімі тиісті бейінді бөлімдерге нақты тапсырмалар берді. Жекелеген мәселелер бойынша жағдайды жан-жақты зерделеп, қажетті шараларды қабылдау мақсатында құзыретті мемлекеттік органдардың қатысуымен көшпелі тексерулер жүргізу тапсырылды. Іске асырылуы бюджеттік қаржыландыруға тәуелді өтініштер бойынша азаматтарға нысандарды жұмыс жоспарларына енгізу тәртібі және оларды орындау кезектілігі түсіндірілді.Сонымен қатар азаматтарға шешімі басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, әрі қарай жүгіну тәртібі жөнінде ұсынымдар ұсынылды.Азаматтарды жеке қабылдау аудан тұрғындарымен ашық диалог орнатудың маңызды тетігі болып табылады. Келіп түскен барлық өтініштер қолданыстағы заңнама аясында толық қаралғанға дейін Бостандық ауданы әкімі аппаратының бақылауында болады.Еске саламыз, күрделі жөндеу жұмыстары кезеңінде Бостандық ауданының әкімдігі уақытша Абай даңғылы, 143 / Радостовец көшесі, 112 мекенжайында орналасқан. Қабылдау әр сейсенбі сайын өткізіледі. Қабылдауға жазылу телефоны: 394 38 90.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1269119?lang=ru
2026 жылғы 1 тамыздан бастап темекі өнімдерінің ең төмен бөлшек сауда бағасы өзгерді 05.08.2026
2026 жылғы 1 тамыздан бастап темекі өнімдерінің ең төмен бөлшек сауда бағасы өзгердіҚостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстанда темекі өнімдерінің жекелеген түрлеріне жаңа ең төмен бөлшек сауда бағалары белгіленгенін хабарлайды.Сүзгісі бар және сүзгісіз 20 дана сигареттің, папиростың, сигариллалардың, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы 1 060 теңгені құрайды. Аталған баға 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.Бұған дейін, 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін ең төмен бөлшек сауда бағасы 970 теңгені құраған болатын.Кезекті баға өсімі 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап көзделген. Осы күннен бастап аталған темекі өнімдерінің 20 данасының ең төмен бөлшек сауда бағасы 1 120 теңгені құрайды.Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті темекі өнімдерін өткізумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің назарын белгіленген ең төмен бөлшек сауда бағаларын сақтау қажеттігіне аударады.Ең төмен бағалардың өсуі темекі өнімдерінің айналымы саласындағы мемлекеттік салық және баға саясаты аясында жүзеге асырылуда. Бұл шара темекі өнімдерін тұтынуды азайтуға, бюджет түсімдерін арттыруға және көлеңкелі айналым үлесін төмендетуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1269123?lang=ru
Президент Тоқаев бірқатар автокөлік жолының құрылысын бастап берді 05.08.2026
Президент «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдары құрылысының басталуына арналған телекөпірде сөз сөйледі.Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы тоғыз жолдың торабында тұрған Қазақстанның өсіп-өркендеуіне серпін беретін маңызды бағыт екеніне тоқталып, бүгін еліміз үшін стратегиялық мәні айрықша ауқымды жобалардың құрылысы басталатынын мәлімдеді.– «Жол – тіршіліктің күретамыры». Мемлекет осы саланы дамытуға әрдайым баса назар аударады. Біздің мақсатымыз – Қазақстанды Еуразиядағы негізгі транзит хабы ретінде дамыту. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Баршаңызға белгілі, еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын негізгі көпір саналады. Батыс пен Шығыс арасында құрлықпен тасымалданатын жүктің басым бөлігі Қазақстан арқылы өтеді. Сондықтан озық және заманауи көлік жүйесін қалыптастыру – алдымызда тұрған стратегиялық міндет. Жалпы, елімізде бұл бағытта көптеген шаруа атқарылып жатыр. Былтыр «Достық – Мойынты» темір жолының екінші желісі іске қосылды. Соның арқасында жүк тасымалы көлемі 5 есе артты. Сондай-ақ Алматы бекетін айналып өтетін теміржол желісі жұмыс істей бастады, нәтижесінде жүк жеткізу мерзімі айтарлықтай қысқарды. Ең бастысы, осындай ауқымды жобаларды өз мамандарымыз жүзеге асырып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.Президенттің айтуынша, бұл жұмыстың бәрі Қазақстанның көлік-логистика саласындағы әлеуеті зор екенін көрсетеді.– Өткен жылы еліміздегі жалпы тасымал көлемі 6 пайызға артып, шамамен 37 миллион тонна болды. Биыл «Мойынты – Қызылжар» және «Дарбаза – Мақтаарал», ал келесі жылы «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысы аяқталады. Бұдан бөлек, біз автокөлік саласына ерекше назар аударып отырмыз. Соңғы жылдары Қазақстанда тас жолдарды түбегейлі жаңғырту жұмысы қолға алынды. Бірқатар ірі инфрақұрылымдық жоба табысты аяқталды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Қарағанды – Алматы», «Орталық – Оңтүстік», «Атырау – Астрахан», «Талдықорған – Өскемен», «Қалбатау – Майқапшағай» бағытындағы жолдар – соның айқын дәлелі. Кейінгі 5 жылда автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі екі есе артты. Былтыр осы қызмет түрінен түсетін табыс 1,5 триллион теңгеге жетті. Өздеріңіз білесіздер, еліміз арқылы 8 халықаралық дәліз өтеді. Бұл жолмен күн сайын 35 мыңға жуық автокөлік жүреді. Өткен жылы 13 мың шақырым автокөлік жолын салу және жөндеу жұмысы жүргізілді. Соның 6 мың шақырымы халық игілігіне берілді. Келесі жылы автокөліктерді өткізу бекеттері толық жаңартылады. Мұндай ауқымды жұмыс Тәуелсіздік тарихында алғаш рет жүзеге асырылып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы қазір Қазақстанның әр аймағында автожолдар жөнделіп жатқанын атап өтті.– Жақында Сарыағаш айналма жолының құрылысы мен «Жезқазған – Қарағанды» автожолын жөндеу жұмысы басталды. Сонымен қатар еліміз бойынша көптеген тұрғын үй, мектеп, аурухана, инженерлік желі салынып жатыр, басқа да әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Бір сөзбен, Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналатын болды. Бұл мемлекетіміздің өсіп-өркендеу жолына түсіп, жаңа даму кезеңіне қадам басқанын көрсетеді, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейнеу – Сексеуіл» бағытында 800 шақырымдық түбегейлі жаңа жолдың құрылысы басталғанына тоқталып, бұл бағдарды халықаралық ауқымдағы автожол деп атады.– Осы жол ел аймақтары арасындағы байланысты нығайта отырып, Қытай мен Еуропаны жалғайтын «алтын көпір» ретінде қызмет етеді. Бұл жоба Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерін Ақтау, Құрық порттарымен тікелей байланыстырады. Соның нәтижесінде Қытайдан Еуропаға дейін жүк тасымалдау ұзақтығы 1 мың шақырымға, ал жүк жеткізу мерзімі 3 тәулікке дейін қысқарады. Халқымыздың таным-түсінігінде құдық қазу, көпір салу сауапты іс саналады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, біз игілігі баршаға ортақ, яғни өзіміз де, өзгелер де пайдасын көретін аса жауапты жұмысты бастап отырмыз. «Бейнеу – Сексеуіл» бағыты республикалық, аймақтық, құрлықтық деңгейдегі маңызды жол болары анық. Сондықтан бұл жолды «Арал-Каспий магистралі» деп атаған дұрыс, – деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар Президент жалпы ұзақтығы 774 шақырымды құрайтын «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» жолдарын кеңейту, түбегейлі жаңғырту жұмыстары басталғанын мәлімдеді.– Бұл жолдардың құрылысымен отандық компаниялар айналысады. Құрылыс жұмыстарына 10 мыңнан астам жұмысшы тартылады. Жолдар толық салынып біткен соң жүк тасымалы 2,5 есе артып, жылына 13,2 миллион тоннаға жетеді. Бұл жобалар ел экономикасын өркендетуге, туризмді дамытуға тың серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Осындай жобалардың әрқайсысы тұтас Қазақстанның көлік жүйесімен үйлеседі. Бұған дейін негізінен солтүстіктен оңтүстікке тартылған көлік желілері енді шығыстан батысқа қарай бағытталған жаңа тармақтармен кеңейіп жатыр. Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желінің біріне айналдыру. Қазақстандағы автокөлік тасымалы саласы табысы жағынан теміржол көлігімен теңесті. Сондықтан жолдың құрылысын жүргізумен бірге заманауи цифрлық экожүйе құру маңызды міндет саналады. Жергілікті автоөндірісті тарта отырып, отандық тасымалдаушыларды қолдаудың ұлттық бағдарламасын қабылдау әлеуетті еселейді. Мұның бәрі Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Арал маңындағы иен даламен тартылып жатқан жолдар бұған дейін тұйық нүкте саналып келген бағыттарды Еуразияның негізгі көлік дәліздерінің тоғысына айналдырады. Бүгін бастау алып жатқан жұмысты уақтылы, яғни 2029 жылдан кешіктірмей аяқтау өте маңызды. Қажетті жағдайдың барлығы жасалып жатыр. Енді білек сыбана жұмысқа кірісу керек. Біз бір ел болып, бұл міндетті ойдағыдай жүзеге асырамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Баршаңызға амандық, сәттілік және табыс тілеймін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Телекөпір барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жобаны бастауға әзірлік жөнінде баяндады. Бұдан бөлек Қызылорда облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйлеп, Президентке өңір тұрғындарының ризашылығын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1269106?lang=ru
Қазақстанда алғаш рет Майдандық авиация күні аталып өтуде 05.08.2026
Бүгін Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде жаңа кәсіби мереке – Әуе қорғанысы күштерінің Майдандық авиация күні алғаш рет аталып өтіп жатыр.2025 жылы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілген бұл атаулы күн есімі отандық және әлемдік авиация тарихына алтын әріппен жазылған даңқты ұшқыштардың ерлігімен тығыз байланысты.Бұл күннің 5 тамызға белгіленуінің де өзіндік мәні бар. Дәл осы күні, 1922 жылдың 5 тамызында аты аңызға айналған әскери ұшқыш-шабуылдаушы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол белгілі Ил-2 шабуылдаушы ұшағымен 305 жауынгерлік ұшу орындап, теңдессіз ерлік, нағыз ұшқышқа тән шеберлік және Отанға адалдықтың үлгісін көрсетті.– Майдандық авиация күнінің 5 тамызға белгіленуі – даңқты жерлесіміз Талғат Бигелдиновке, оның майдандас серіктеріне көрсетілген құрмет әрі бүгінгі әскери ұшқыштардың, инженерлер мен техниктердің еңбегін мойындаудың белгісі. Шабуылдаушы ұшқыштардың шебері атанған қаһарманның ерлігі әлі күнге дейін әскери қызметшілерді оқу-жауынгерлік міндеттерді мінсіз орындауда, кәсіби шеберлігін шыңдауда және күрделі ұшу тәсілдерін жетілдіруде жігерлендіріп келеді, – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов.Қазақстанның қазіргі майдандық авиациясы аңызға айналған майдангер ұшқыштар қалыптастырған жауынгерлік дәстүрдің заңды жалғасы және олардың ісін абыроймен жалғастырып, елдің әуе шекарасын сенімді қорғап жүр.Заманауи көпфункциялы Су-30СМ жойғыш ұшақтарымен және жаңғыртылған Су-25 шабуылдаушы ұшақтарымен жарақтандырылған майдандық авиация – Әуе қорғанысы күштерінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі. Ол қойылған міндеттерді барынша ұтқырлықпен, дәлдікпен және тиімділікпен орындайды.Атаулы датаға орай еліміздің барлық негізгі авиациялық базаларында әскери қызметшілер мен Қарулы күштердің ардагерлерін құрметтеу рәсімдері, батыр қырандардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою, сондай-ақ әскери авиацияның даңқты дәстүрлерін жас ұрпаққа насихаттауға арналған кездесулер өткізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1269070?lang=ru
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық кезеңинде ақпараттық кеңістікке мониторинга жүргізуді жалғастыруда. 05.08.2026
Дауыс беру күні жақындахан сайын әлеуметтик желалерде сайлауды әділ ұйымдастыруға күмән келтиретін жарияланымдар санының арта тюсетіні белгілі. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай ақпараттың көпшілігі әрбір сайлау науқаны кезінде қайталанып отырады. Мақсат – азаматтарды ақпараттандыру емес, сайлау жүйесінің жұмысына қатысты теріс пікір қалыптастыру.Ең жиі таралатын жалған мәлімдемелерді талдап көрейік.1-миф. «Басқа қалада оқитын студенттер жазғы демалысқа байланысты дауыс бере алмайды».Факт : Заңнамада уақытша жүрген жері бойынша дауыс беру тігі қарастырылған. Жары оқу орындарымен бірлесіп студенттердің нақты тұрып жатқан жері анықталады, содан кейин олар осы мекенжай бойынша сайлаушылар тізиміне англизіледі. Бұл жұмыс бүкіл сайлау науқаны барысында жүргізіледі.2-миф. «Үздіксіз жұмыс істейтін өндірис орындарының қызметкерлері мен вахталық кенттердің тұрғындары дауыс бере алмайды».Факт : Мұндай жағдайлар үшін заңнамада үздіксіз өндіріс орындарында және вахталық кенттерде сайлау учаскелерін құру көзделген. Шешимдерді қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, аумақтық сайлау комиссиилары қабылдайды.3-миф. «Бір есептен шығару куәлигі арқылы бірнеше рет дауыс беруге болады».Факт : Бұған заң жүзінде жол берілмейді. Әрбір куәліктің бірегей нөмірі болады. Ол жеке басты куәландыратын құжат пен жазбаша өтініш негізінде тек бір рет қана беріледі, только берілгені туралы мәлі сметайлаушылар тізімінде тіркеледі. Заңнамада куәлікти қайта беру немесе жоғалған нұсқасын қалпына келтіру көзделмеген.4-миф. «Сайлаушыларды тексеруге арналған онлайн-сервистерді деректерді өзгерту үшін пайдалануға болады».Факт : Сайлау науқаны кезеңінде мемлекеттик ақпараттық жүйелерді бақылау мен қорғау шаралары барыня күшейтиледі. Цифрлық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз эту және сыртқы киберқауіптерге қарсы іс-қимыл жасау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.5-миф. «Сайлау бюллетеньдерин қолдан огай жасауға болады».Факт : Сайлау бюллетень содержит белгіленген арнайы полиграфические материалы қорғаныс элементы болады. Әрбір бюллетеньге учаскелик комиссии мүшелері қол қояды. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін бюллетеньдер жарамсыз деп танылады.6-миф. «Сайлаушылар тізімдері жаңартылмайды және онда көптеген қателіктер кездеседі».Факт : Сайлаушылар тізимин жергілікти атқарушы органдар қалыптастырады және ол тұрақты түрде өңделіп отырады. Азаматтар өз деректерин алдын на портале «Электрондық үкімет» арқылы тексере алады немесе еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейтін колл-орталықтарға хабарласуйна болады. Әрбір өтініш белгіленген тәртіппен қаралады.7-миф. «Сайлау халықаралық байқаушылардың қатысуынсыз, бақылауынсыз өтеді».Факт : Сайлау науқанына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысады. Оларды аккредиттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық сайлау комиссии жүзеге асырады.————‼️Дауыс берет куні жақындахан сайын мұндай мәлимдемелер жаңа жарияланымдарда, бейнероликтерде немесе әлеуметтик желілердегі жазбаларда қайта пайда болуы мүмкін. Сондықтан ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеруді және жекелеген жарияланымдар мен анонимді аккаунттардың хабарламалары негізінде қоритынды жасамауды ұсынамыз.🔎Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпараттық кеңістікке Монитор жүргізуді жалғастырады және сайлау науқанына қатысты мәселелер бойынша тексерілген ақпаратты дер кезінде жариялап отырады.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК: САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТТЫҢ БАСТЫ ТАҚЫРЫПТАРЫ 05.08.2026
Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар қауымы мен тұрғындар қатысады. Іс-шара барысында әлеуметтік қорғау, экономиканы дамыту, отандық өндірісті қолдау, құқықтық мемлекетті нығайту және мемлекеттік саясаттың өзге де басым бағыттары талқыланып жүр.«Әділет» партиясы Ақтөбе облысында бірқатар іс-шара өткізді. Республикалық сайлауалды штаб өкілдері еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен және қоғам белсенділерімен кездесті. Кездесулерде отбасыны қолдау, ана мен бала денсаулығын қорғау, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, сондай-ақ әйелдердің қоғамдық және мемлекеттік істегі белсенділігі талқыланды. Сонымен қатар форумға қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау, құқықтық мемлекетті дамыту, сот жүйесінің тәуелсіздігі, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңға құрметпен қарау мәселесін көтерді. Кездесу барысында қатысушылар ұсыныс білдіріп, бастамаларын ортаға салды.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Өскемен қаласында кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, сарапшылардың, Құрылтай депутаттығына үміткерлердің қатысуымен республикалық кәсіподақтар конгресін өткізді. Іс-шарада ең төменгі жалақы мөлшері, тұтыну себеті, өндірісте жарақат алған қызметкерлерді әлеуметтік қолдау, зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің зейнетақы алуы және кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігі мәселесі талқыланды. Сонымен қатар инклюзия мен әлеуметтік қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.«Байтақ» жасылдар партиясы экология және халықпен өзара іс-қимыл мәселесіне арналған іс-шараларын жалғастырды. Алматы облысында мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен экологтардың қатысуымен Іле өзені мен Балқаш көлінің экожүйесін сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында су ресурстарының қазіргі жай-күйі және алдағы бірлескен жұмыстың ықтимал бағыттары талқыланды. Сонымен қатар партия кандидаттары Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелерімен және Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың ұжымымен кездесіп, экологиялық мәселелерді талқылады. Қызылорда облысында партия өкілдері Қызылорда – Арал бағыты бойында тұрғындармен кездесу өткізді.Қазақстанның Халық партиясы әлеуметтік қорғау, инклюзия және отбасыларды қолдау мәселелеріне арналған кездесулерін жалғастырды. Партия өкілдері «Чувствуя жизнь» зағип және нашар көретін балалар орталығында барып, қолжетімді орта қалыптастыру және мүмкіндігі шектеулі жандарды қажетті қолдаумен қамтамасыз ету мәселесін талқылады. Сондай-ақ «Қорғау» дағдарыс орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балаларды қорғау және алимент төлеу мәселесіне арналған кездесу өтті.«Ауыл» партиясы республикалық сайлауалды штаб өкілдерінің Құрылтай депутаттарын сайлауды бақылау үшін Қазақстанға келген ТМД-ға қарасты мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы делегациясымен кездесуін өткізді. Кездесу барысында сайлауалды науқанның барысы, штабтың жұмысы, сайлау науқаны аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар, партия бағдарламасының негізгі бағыттары, сондай-ақ сайлаушылармен өзара іс-қимыл және сайлауалды жұмысты қолданыстағы рәсімдерге сәйкес жүргізу мәселесі талқыланды.«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы сайлауалды науқан аясындағы іс-шараларын жалғастырды. Қостанай қаласындағы Kostanay Plaza сауда-ойын-сауық орталығында ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті. Сонымен қатар Меркі қант зауытының еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылып, онда өнеркәсіпті дамыту, өндірісті мемлекеттік қолдау және әлеуметтік саясат мәселелері сөз болды.Respublica партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырды. «Вега-Пром» ЖШС-де өткен кездесуде отандық өндірісті қолдау, өнеркәсіпті дамыту, «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ экономиканы цифрландыру және өндіріс секторын дамыту мәселелері талқыланды.
ҚАЗАҚСТАН 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАДЫ 05.08.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі алғаш рет 2030 жылға дейінгі Ішкі мемлекеттік аудитті дамыту Тұжырымдамасын бекітті. Бұл – ішкі мемлекеттік аудит жүйесін дамытудың жаңа кезеңін айқындайтын стратегиялық құжат.Тұжырымдаманың қабылдануы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызды қадам болып табылады және тәуекелдердің алдын алуға, тәуекелге бағдарланған тәсілге, цифрлық технологиялар мен деректерді талдауға негізделген ішкі мемлекеттік аудиттің заманауи моделіне көшуді білдіреді.Алғаш рет ішкі мемлекеттік аудит жүйесін дамыту оны 2030 жылға дейін жетілдірудің басымдықтарын айқындайтын бірыңғай стратегиялық көзқарас аясында біріктірілді.Тұжырымдама мемлекеттік қаржының тиімді пайдаланылуын арттыруға, мемлекеттік басқару сапасын жақсартуға және бюджеттік процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, бүгінгі таңда ішкі мемлекеттік аудитті дамыту тек бақылауды күшейтумен шектелмей, тәуекелдерді уақтылы анықтауға және басқарушылық шешімдерді алдын ала қабылдауға мүмкіндік беретін тетіктерді қалыптастыруды талап етеді:«Мемлекеттік аудиттің болашағы – технологияларда, сапалы деректерде және құқық бұзушылықтардың алдын алуда. Біздің міндетіміз – мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етіп, қоғамның қаржыны басқару жүйесіне деген сенімін арттыру».Тұжырымдаманы іске асыру халықаралық озық тәжірибеге сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының орнықты даму міндеттеріне жауап беретін заманауи ішкі мемлекеттік аудит жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Қазақстан цифрландыруға басымдық бере отырып, ішкі мемлекеттік аудитті дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын қалыптастырған өңірдегі алғашқы мемлекеттердің біріне айналуда.Тұжырымдаманың толық мәтінімен Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады (https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/documents/details/1049460?lang=kk).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1269001?lang=ru
Қазақстанның Катар Мемлекетіндегі Елшісі Катар Әміріне сенім грамоталарын тапсырды 05.08.2026
Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекетінің Әмірі Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге сенім грамоталарын тапсырды.Қатар Әмірі Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан Елшісін дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екі ел арасындағы достық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.Өз кезегінде Елші Бақыт Батыршаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Әміріне ізгі тілектері мен сәлемін жеткізіп, Астана мен Доха арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін салатынын атап өтті.Тараптар қол жеткізілген стратегиялық әріптестік байланыстарын одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқтала келе, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1268973?lang=ru
Қостанай облысында ірі агрофестиваль өтті 05.08.2026
Аймағымызда үш күн бойы «Қостанай дала» агрофестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Енді бұл шара жыл сайын өткізіліп, еліміздің басты ауыл шаруашылығы көрмесіне айналатын болады. Айтулы шараға ҚР Ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаров арнайы келді.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов аймақ аграршыларының Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді табысты орындап келе жатқанын атап өтті. Биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 275 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33%-ға көп. Соңғы бес жылда саланы қаржыландыру көлемі 3,6 есеге артты.Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында өткен жылы шаруашылықтар 1034 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Биылдың өзінде 799 бірлік жаңа техника алынды. Сатып алынған техниканың 90%-ы – отандық өндірістің өнімі.Өткен жылы соңғы он жылдағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіліп, әр гектардан 16,7 центнерден өнім алынып, жалпы 6,7 млн тонна астық жиналды. Биыл егіс жұмыстарына жеңілдетілген несие ретінде 140,4 млрд теңге берілді.«Облысымыз азық-түлік өндірісі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша елімізде көш бастап тұр. Өткен жылы Қазақстан бойынша 8,1 млн тонна өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортталса, оның 27,2%-ы Қостанай облысының үлесіне тиесілі болды. Биыл облысымыз ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрі бойынша 525,3 млн АҚШ долларына экспорт жүзеге асырды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59%-ға жоғары көрсеткіш», – деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуда қайта өңдеу саласындағы инвестициялық жобаларға басымдық берілуде. Соңғы жылдары бұршақ дақылдарын өңдеу, құрғақ бие сүтін өндіру жобалары іске қосылды. Ұн тарту кешені мен ірімшік өндіретін зауыт пайдалануға берілді. Тамыз айында «Кондитерлік астана» жобасы іске қосылады. Сонымен қатар макарон өнімдерін шығару жобасы басталып, май экстракциялау зауыты мен дәнді және майлы дақылдарды өңдеу кешенінің құрылысы жүргізілуде.Сондай-ақ астықты терең өңдеу және тұрақты авиациялық отын өндіру жобаларының жүзеге асырылуы өңір экономикасы үшін ерекше маңызға ие болады.«Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары облыстағы мал басының көбеюіне оң ықпал етуде. Жалпы құны 20 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іріктеліп, олардың аясында 14,2 мың бас асыл тұқымды импорттық мал сатып алу жоспарланған.Сүтті мал шаруашылығында соңғы екі жылда 7 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Қазіргі уақытта тағы 6 ферма салынып жатыр. Биыл қосымша 3 жаңа жобаны жүзеге асыру басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1268938?lang=ru
ШҚО-ның Арнайы прокурорлары сотталғандар арасындағы бопсалау туралы қылмыстық істі тергеуді аяқтады 05.08.2026
Қадағалау қызметі аясында Бас прокуратурамен ҚР ІІМ ҚАЖК №22 мекемесінде ақша бопсалау фактісін анықтады, бұл бойынша қылмыстық іс арнайы прокурорлардың өндірісіне алынды.Сотқа дейінгі тергеп-тексерумен сотталғандар Ж. мен К.-ның 2025 жылдың шілдесінен қарашасына дейінгі кезеңде физикалық күш қолданамыз деп қорқыту арқылы жаңадан келген сотталған М.-дан «қамқорлық» жасағаны үшін ақша қаражатын бопсалағаны анықталды.Арнайы прокурорлар кінәлі тұлғалардың қылмыс жасауға қатыстылығын растайтын жеткілікті дәлелдемелер жиынтығын жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады.Глубокое аудандық сотының 2026 жылғы 29 шілдедегі үкімімен сотталушылар Қылмыстық кодекстің 194-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қолданыстағы жаза мерзімдері арттырыла отырып, бас бостандығынан айыруға сотталды.Үкім заңды күшіне енген жоқ. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1268907?lang=ru
Агенттік әйел кәсіпкерлерді қаржыландыруды мониторингтеуге арналған ұлттық аналитикалық платформаны іске қосты 05.08.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әйел кәсіпкерлерді қаржыландыруды мониторингтеуге арналған ұлттық аналитикалық платформаның іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бұл – еліміздегі әйелдердің қаржы ресурстарына қолжетімділігіне жүйелі әрі ашық көзқарасты қамтамасыз ететін алғашқы цифрлық ресурс.Платформа Агенттік тарапынан Қазақстан Республикасындағы әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру бағдарламасы аясында Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп әзірленді. Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі әйел кәсіпкерлердің қаржылық қызметтерге қолжетімділігін кеңейтуге және қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін деректерді жинау, талдау және пайдалану жүйесін дамыту болып табылады.Агенттік кредиттер бойынша деректерді жинақтап, жүйеледі, сондай-ақ әйел кәсіпкерлерді сәйкестендіру әдіснамасын әзірледі. Аталған әдіснаманы әзірлеу жобаның маңызды нәтижелерінің бірі болды, өйткені ол алғаш рет кәсіпкерлікті кредиттеуге әйелдердің қатысуы туралы тұтас әрі сенімді көріністі қалыптастыруға мүмкіндік береді.Платформа банк және микроқаржы ұйымдары секторларында әйел кәсіпкерлерді қаржыландыруға кешенді мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді және шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінің кредиттік портфельдерін қамтиды. Аналитикалық функционал кредиттік портфельдің негізгі көрсеткіштерін, оның құрылымы мен сапасын, қаржыландырудың салалық және өңірлік ерекшеліктерін, сондай-ақ қарыз алушылардың демографиялық және ұйымдық сипаттамаларын ашып көрсетеді.Бірыңғай сүзгілеу жүйесі есепті күн, кәсіпкерлік субъектісінің түрі, бизнес көлемі және ел өңірлері бойынша түрлі аналитикалық кесінділерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл пайдаланушыларға жалпыұлттық көрсеткіштерден бастап жекелеген өңір немесе сала деңгейіндегі егжей-тегжейлі талдауға дейін қажетті аналитиканы өздігінен қалыптастыруға мүмкіндік береді.Платформа https://wefikazakhstan.com/ ресми интернет-ресурсында орналастырылған, тәулік бойы қолжетімді және үш тілде жұмыс істейді.Платформаның іске қосылуы әйел кәсіпкерлерді қаржыландыру туралы ақпараттың ашықтығын арттыруға, шешімдер қабылдау үшін аналитикалық базаны нығайтуға және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шараларының дәлелді негізін қалыптастыруға ықпал етеді.Агенттік кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған аналитикалық құралдарды одан әрі дамытып, деректер сапасын жетілдіру жұмысын жалғастырады. Агенттіктің сыртқы коммуникациялар басқармасы, press@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1268840?lang=ru
Инфляция 2026 жылғы шілдеде де бәсеңдеуде 05.08.2026
2026 жылғы шілдедегі қорытынды бойынша жылдық инфляция 10,2%-ға төмендеп, бір айдағы бағаның өсуі 0,6%-ды көрсетті. Бұл алдыңғы екі жылдағы шілдедегі көрсеткіштен төмен (2025 және 2024 жылғы шілдеде 0,7%).Инфляцияның бәсеңдеуіне Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, баға серпінін тежеуге, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған шаралар кешенін іске асыруы ықпал етті.Азық-түлік тауары бағасының өсу қарқынының төмендеуі де инфляцияны бәсеңдетуге басты үлес қосуда. Шілдеде жылдық азық-түлік инфляциясы 10,1%-ға баяуласа, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бағасының өсуі небәрі 2,4% болды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда, 7 пайыздық тармаққа төмен (9,4%).Мұндай нәтиже әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары тізбесін 19-дан 31 түрге дейін арттырып, шекті 15% сауда үстемесінің сақталуын тұрақты бақылауды, нәтижесіз делдалдарды анықтап, қысқартуды, ішкі нарықты отандық өніммен қанықтырып, азық-түлік тауарына қол жеткізуді қамтамасыз етуді қамтитын шаралар кешені арқылы жүзеге асырылды.Бұл ретте ЖЖМ нарығын дәйекті ырықтандыруға және реттелетін коммуналдық қызмет тарифінің өсуіне мораторийдің аяқталу факторының ықпалына қарамастан, жалпы инфляцияның бәсеңдеуі сақталып отыр. Осы факторлар, ең алдымен, бағаның шілдедегі жылдық өсуі 11,7% болған азық-түлік емес тауарлар құнына қысым жасауды жалғастыруда.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1268120?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1268817?lang=ru
Абаттандыру мен инфрақұрылымды дамыту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді 05.08.2026
Бүгін аудан басшысы Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.Жұмыс сапарын Орман шаруашылығының теңгеріміндегі тұқымбақта бастаған аудан әкімі көшеттердің жай-күйін тексеріп, суару жүйесін тиімді ұйымдастыру бойынша тапсырмаларын берді. Сондай-ақ күтім жұмыстарын күшейту мәселелері де қатар талқыланды.Мұнан соң «Дендро парк» саябағында жүргізілген жұмыстардың барысын көрді. Бүгінде аудан әкімінің қолдауымен 2012 жылы пайдалануға берілген саябақтың ішкі аумағын қайта жаңғырту, аяқ су жеткізу және көгалдандыру жұмыстары қолға алынған.Сапар барысында «Қазақ хандығы» аллеясының абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Мұнда аудан басшысы «Жасыл ел» еңбек жасағының жастарымен кездесіп, олардың еңбегіне ризашылығын білдірді. Биыл аудан бойынша «Жасыл ел» жобасы аясында 110 жас маусымдық жұмыспен қамтылып, көркейту, көгалдандыру жұмыстарына белсенді үлес қосуда.– «Туған жердің тазалығы мен көркеюіне атсалысып, қызмет етулерің – үлкен жауапкершілік әрі азаматтықтың көрінісі. Киелі мекеннің өркендеуіне қосқан еңбектеріңе сәттілік тілеймін», – деді Жандос Еркінбек.Сонымен қатар Тәуелсіздік ықшам ауданындағы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы тексерілді. Қазір ауданда 2 пәтерлі 100 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін нысан пайдалануға беріліп, 200 отбасы жаңа баспананың кілтін иеленеді деп жоспарлануда.Аудан басшысы барлық құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударып, жауапты мекемелерге әрбір жобаны белгіленген уақытында әрі талапқа сай аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1268818?lang=ru
Отандық тауарларды қолдау және ілгерілету шаралары талқыланды 05.08.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалағымен өткен мәжілісте отандық тауарларды қолдау және ілгерілету, «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылуы, халықты жұмыспен қамту көрсеткіштері мәселелері қаралды.Аудан басшысы:«Аймақ басшысы тауар өндірушілерге мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау көрсетуді атап өтті. Осыған сәйкес, аудандағы сауда орындарында отандық өнімдерді, тауарларды ілгерілетуге жағдайлар жасалу қажет», – деп атап өтті.Осыған байланысты аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне аудан орталығындағы ірі сауда орындарында «Қазақстанда жасалған» таңбасымен арнайы сауда сөрелерін ұйымдастыруды тапсырды.Мәжілісте «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысы да сараланды. 2026 жылы бағдарлама шеңберінде 42 жоба қаржыландырылған. Осыған байланысты нақты нәтиже беретін жобаларға басымдық берілуі керек екені айтылып, кемшіліктер болмас үшін жобалардың іске асуына тұрақты бақылау жүргізу тапсырылды.Күн тәртібіндегі келесі мәселе – халықты жұмыспен қамту көрсеткіштері. Мәжілісте 2026 жылға жоспарланған тұрақты және субсидияланатын жұмыстарының орындалу барысы қаралып, жауапты мекемелердің есептері тыңдалды.-Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшыларына әрбір 10 мың тұрғынға кемінде 100 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашуды міндеттеді. Бұл талап – жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бағалайтын негізгі көрсеткіштердің бірі,- екенін атап өткен аудан басшысы жауапты бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімдеріне жиында берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1268813?lang=ru
«Формула-1 H2O»: Алматы облысында спорт катерін шығаратын зауыт пен пилоттарды дайындайтын академия ашылады 05.08.2026
Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында алдағы 5 жыл бойы халықаралық «Формула-1 H2O» жарысы өткізіледі. Бұл жоба судағы сайысты ұйымдастырумен ғана шектелмейді. Алдағы уақытта өңірде катерлер шығаратын зауыт салынады деп жоспарлануда. Сондай-ақ су көліктерін басқаратын пилоттарды оқытатын академия ашылмақ. Тіпті су үстіндегі Формула-1 жарысында ел намысын қорғайтын ұлттық команда жасақталады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев «F1H2O» жарысын ұйымдастырушылармен тағы бір мәрте кездесіп, халықаралық шараны жоғары деңгейде өткізу мәселесін талқылады.– «Формула-1 H2O» секілді халықаралық жарыстарды өткізу еліміздің әлемдік деңгейдегі беделін одан әрі арттыра түседі. Облыс әкімдігі тарапынан бұл бастамаға толық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ ҚР Спорт және туризм министрлігімен бірлесіп, сайысты еліміз үшін маңызды ұлттық жоба ретінде іске асыруға күш саламыз, – деді аймақ басшысы.Ал, H2O Racing компаниясының өкілі Раймондо ди Сан Джермано Қазақстан бұл сайысты өткізуге ең қолайлы ел екенін атап өтті.– Халықаралық доданың Орталық Азияда кеңінен дамығанын қалаймыз. Әлем бойынша су үстіндегі ең ауқымды жарысты Қонаевта ұйымдастыруды ұйғардық. Себебі бұл шаһар су туризмімен кең танымал. Ыстықкөлде өткен жарыста 2027 жылғы әлем чемпионатының Қазақстанда өтетінін ресми түрде жарияладық. Алдағы уақытта біз пилоттарды даярлайтын академия ашып, су көліктерін басқаратын мамандарды оқытамыз. Сондай-ақ Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда осы спорт түрінің федерациясын дамыту бағытында жұмыс істейміз. Бұл жобалардың барлығы Қонаев қаласында жүзеге асады. Бұдан бөлек, Қазақстанда спорт катерлерін шығаратын зауыт ашуды да жоспарлап отырмыз. Ыстықкөлде болғанымызда Қырғызстанның өз командасы жоқ екенін көрдік. Алдағы 12 ай ішінде Қазақстанның толыққанды ұлттық құрамасын жасақтауға мүмкіндік бар, – деді Раймондо ди Сан Джермано.Айта кетейік, «Formula-1 H2O» биыл Қырғызстандағы Ыстықкөл жағалауында өтті. Желмен жарысқан жүйріктердің өнерән тамашалауға 6 елдің президенті арнайы барып қатысты. Ал, келер жылы Қапшағай көлінде болатын жарысты әлем бойынша бір миллиардқа жуық адам тікелей трансляция арқылы тамашалайды деп күтілуде. Бұл еліміздің туристік әлеуетін арттырып, шетелдіктердің қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1268799?lang=ru
Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы туралы ақпараттық хабарлама 04.08.2026
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!2026 жылғы 23 тамызда Лондон уақыты бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігінің ғимаратында орналасқан №408 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.Егер Сіз дауыс беру күніне 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматы болып, белсенді сайлау құқығына ие болсаңыз, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға заңды құқығыңыз бар.Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді сайлаушылардың тізіміне енгізу болып табылады.Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №408 сайлау учаскесіндегі дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, сондай-ақ Ирландия мен Исландия аумақтарындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) consuluk@mfa.kz электрондық поштасына «Құрылтай сайлауы» белгісімен алдын ала жіберу қажет.Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда №408 учаскесінің келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: + 44 207 925-75-32Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1268795?lang=ru
Президент Тоқаев телекөпір арқылы бірқатар автокөлік жолының құрылысын бастап берді 04.08.2026
Президент «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдары құрылысының басталуына арналған телекөпірде сөз сөйледі.Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы тоғыз жолдың торабында тұрған Қазақстанның өсіп-өркендеуіне серпін беретін маңызды бағыт екеніне тоқталып, бүгін еліміз үшін стратегиялық мәні айрықша ауқымды жобалардың құрылысы басталатынын мәлімдеді.– «Жол – тіршіліктің күретамыры». Мемлекет осы саланы дамытуға әрдайым баса назар аударады. Біздің мақсатымыз – Қазақстанды Еуразиядағы негізгі транзит хабы ретінде дамыту. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Баршаңызға белгілі, еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын негізгі көпір саналады. Батыс пен Шығыс арасында құрлықпен тасымалданатын жүктің басым бөлігі Қазақстан арқылы өтеді. Сондықтан озық және заманауи көлік жүйесін қалыптастыру – алдымызда тұрған стратегиялық міндет. Жалпы, елімізде бұл бағытта көптеген шаруа атқарылып жатыр. Былтыр «Достық – Мойынты» темір жолының екінші желісі іске қосылды. Соның арқасында жүк тасымалы көлемі 5 есе артты. Сондай-ақ Алматы бекетін айналып өтетін теміржол желісі жұмыс істей бастады, нәтижесінде жүк жеткізу мерзімі айтарлықтай қысқарды. Ең бастысы, осындай ауқымды жобаларды өз мамандарымыз жүзеге асырып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.Президенттің айтуынша, бұл жұмыстың бәрі Қазақстанның көлік-логистика саласындағы әлеуеті зор екенін көрсетеді.– Өткен жылы еліміздегі жалпы тасымал көлемі 6 пайызға артып, шамамен 37 миллион тонна болды. Биыл «Мойынты – Қызылжар» және «Дарбаза – Мақтаарал», ал келесі жылы «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысы аяқталады. Бұдан бөлек, біз автокөлік саласына ерекше назар аударып отырмыз. Соңғы жылдары Қазақстанда тас жолдарды түбегейлі жаңғырту жұмысы қолға алынды. Бірқатар ірі инфрақұрылымдық жоба табысты аяқталды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Қарағанды – Алматы», «Орталық – Оңтүстік», «Атырау – Астрахан», «Талдықорған – Өскемен», «Қалбатау – Майқапшағай» бағытындағы жолдар – соның айқын дәлелі. Кейінгі 5 жылда автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі екі есе артты. Былтыр осы қызмет түрінен түсетін табыс 1,5 триллион теңгеге жетті. Өздеріңіз білесіздер, еліміз арқылы 8 халықаралық дәліз өтеді. Бұл жолмен күн сайын 35 мыңға жуық автокөлік жүреді. Өткен жылы 13 мың шақырым автокөлік жолын салу және жөндеу жұмысы жүргізілді. Соның 6 мың шақырымы халық игілігіне берілді. Келесі жылы автокөліктерді өткізу бекеттері толық жаңартылады. Мұндай ауқымды жұмыс Тәуелсіздік тарихында алғаш рет жүзеге асырылып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы қазір Қазақстанның әр аймағында автожолдар жөнделіп жатқанын атап өтті.– Жақында Сарыағаш айналма жолының құрылысы мен «Жезқазған – Қарағанды» автожолын жөндеу жұмысы басталды. Сонымен қатар еліміз бойынша көптеген тұрғын үй, мектеп, аурухана, инженерлік желі салынып жатыр, басқа да әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Бір сөзбен, Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналатын болды. Бұл мемлекетіміздің өсіп-өркендеу жолына түсіп, жаңа даму кезеңіне қадам басқанын көрсетеді, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейнеу – Сексеуіл» бағытында 800 шақырымдық түбегейлі жаңа жолдың құрылысы басталғанына тоқталып, бұл бағдарды халықаралық ауқымдағы автожол деп атады.– Осы жол ел аймақтары арасындағы байланысты нығайта отырып, Қытай мен Еуропаны жалғайтын «алтын көпір» ретінде қызмет етеді. Бұл жоба Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерін Ақтау, Құрық порттарымен тікелей байланыстырады. Соның нәтижесінде Қытайдан Еуропаға дейін жүк тасымалдау ұзақтығы 1 мың шақырымға, ал жүк жеткізу мерзімі 3 тәулікке дейін қысқарады. Халқымыздың таным-түсінігінде құдық қазу, көпір салу сауапты іс саналады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, біз игілігі баршаға ортақ, яғни өзіміз де, өзгелер де пайдасын көретін аса жауапты жұмысты бастап отырмыз. «Бейнеу – Сексеуіл» бағыты республикалық, аймақтық, құрлықтық деңгейдегі маңызды жол болары анық. Сондықтан бұл жолды «Арал-Каспий магистралі» деп атаған дұрыс, – деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар Президент жалпы ұзақтығы 774 шақырымды құрайтын «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» жолдарын кеңейту, түбегейлі жаңғырту жұмыстары басталғанын мәлімдеді.– Бұл жолдардың құрылысымен отандық компаниялар айналысады. Құрылыс жұмыстарына 10 мыңнан астам жұмысшы тартылады. Жолдар толық салынып біткен соң жүк тасымалы 2,5 есе артып, жылына 13,2 миллион тоннаға жетеді. Бұл жобалар ел экономикасын өркендетуге, туризмді дамытуға тың серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Осындай жобалардың әрқайсысы тұтас Қазақстанның көлік жүйесімен үйлеседі. Бұған дейін негізінен солтүстіктен оңтүстікке тартылған көлік желілері енді шығыстан батысқа қарай бағытталған жаңа тармақтармен кеңейіп жатыр. Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желінің біріне айналдыру. Қазақстандағы автокөлік тасымалы саласы табысы жағынан теміржол көлігімен теңесті. Сондықтан жолдың құрылысын жүргізумен бірге заманауи цифрлық экожүйе құру маңызды міндет саналады. Жергілікті автоөндірісті тарта отырып, отандық тасымалдаушыларды қолдаудың ұлттық бағдарламасын қабылдау әлеуетті еселейді. Мұның бәрі Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Арал маңындағы иен даламен тартылып жатқан жолдар бұған дейін тұйық нүкте саналып келген бағыттарды Еуразияның негізгі көлік дәліздерінің тоғысына айналдырады. Бүгін бастау алып жатқан жұмысты уақтылы, яғни 2029 жылдан кешіктірмей аяқтау өте маңызды. Қажетті жағдайдың барлығы жасалып жатыр. Енді білек сыбана жұмысқа кірісу керек. Біз бір ел болып, бұл міндетті ойдағыдай жүзеге асырамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Баршаңызға амандық, сәттілік және табыс тілеймін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Телекөпір барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жобаны бастауға әзірлік жөнінде баяндады. Бұдан бөлек Қызылорда облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйлеп, Президентке өңір тұрғындарының ризашылығын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1268785?lang=ru
Президент Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылу рәсіміне қатысты 04.08.2026
3 тамызда Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев III Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылу рәсіміне қатысты. 2–8 тамыз аралығында өтетін додаға 106 елден 500-ден астам дарынды оқушы қатысуда.Президент Қазақстанның цифрлық даму мен жасанды интеллектіні енгізуді стратегиялық басымдық ретінде таңдағанын атап өтті. Олимпиада аясында қатысушылар ЖИ модельдерін әзірлеу және автономды роботтарды бағдарламалау бойынша сынға түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1268786?lang=ru